Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / «Жасыл желегің жайнаған Астана»«Тәуелсіздік күніне»орай ашық сабақ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

«Жасыл желегің жайнаған Астана»«Тәуелсіздік күніне»орай ашық сабақ

библиотека
материалов

«Жасыл желегің жайнаған Астана»

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы тәуелсіз,егеменді екені жайлы білімдерін бекіту;балалардың мемілекеттік рәміздер туралы түсінігін толықтырып,нақтылау.Қазақстанның астанасы, еліміздің бас қаласы Астана туралы мәлімет беру.Астананың сәулет өнері мен ғимараттарын таныстырып,түсінік қалыптастыру.

Қоршаған ортаны тани білуге үйрету. Сөйлеу қабілетін,

ойлау дағдысын, ауызекі сөйлеу мәдениетін дамыту. Отанға

туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің

патриоты болуға тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: ҚР туы, елтаңба, суреттер, ойыншықтар, интеративті

тақта.

Сабақтың әдісі:түсіндіру,баяндау,әңгімелесу.

Сабақтың түрі:Фестиваль түрінде..

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру және психалогиялық сәттен басталады.

Мереке күніне әдемі безендірілген залдың төргі қабырғасында Қазақстанның мемлектеттік жалауы мен Елтаңбасы бейнелеген. Төбе түрлі-түсті шарлармен безендірілген.

Тәрбиеші: Кұрметті балалар! Қадірлі қонақтар! Бүгін біздің шағын орталықта

яғни «Тәуелсіздік күніне»орай ашық сабақ өткізгелі отырмыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жасыл желегін жайнаған Астана».

Фестиваль түрінде.Фестивальдың ашылу салтанатын өлең жолдарын оқып берейін

Тәрбиеші: Отанның қасиетті тілін сүйем

Отанның құдіретті үнін сүйем

Отан, Отан,

Бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Қазақстан республикасының мемлекеттік әнұраны.

Сөзін жазғандар: Жүмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

Айнымайтын аспаннан

Біздің тудың бояауы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Көк байрақтың бетінде

Қыран бүркіт қанатты

Сол қырандай еркіндеп

Бала өседі талапты.

- Ел таңбасы елімнің,

Қандай жақсы,әдемі.

Көгілдір боп тұратын,

Ортада аспан әлемі.

Құт-береке шаңырақ

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

Тәуелсіздің жолында

Талай-талай тер тамған.

Билігіміз қолымда

Еркіндігім елтаңбам.

Отан деген-атамекен,

Отан деген туған жер.

Отан-ана,

Отан-үлкен,

Қазақстан туған ел!

Алтай-Жайық арасы

Жарты әлемдей даласы,

Ол-біздің Қазақстан.

Кенге толы қойнауы,

Төлге толы жайлауы.

Ол-біздің Қазақстан.

Жастан сүйіп аңсаған,

Тәтті күй мен кәусәр ән

Ол-біздің Қазақстан.

Анамыздай тілеуі ақ,

Отан бізде біреу-ақ.

Ол-біздің Қазақстан.

(Балалар хоры: ән «Ел қорғауға әзірміз»

«Ел қорғауға әзірміз»

Аяздарда тоңбаймыз,

Аптапқа да төземіз.

Түнде де жол барлаймыз,

Суда еркін жүземіз.

Бұл шақта,бұл шақта,

Кішкентаймыз қазір біз.

Кішкентай болсақта,

Ел қорғауға әзірміз.

Біз-Отанды сүйеміз,

Біз-Отанға адалмыз.

Көгілдір ту иеміз,

Қалай жасық боламыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, өте жақсы балалар, енді мен сендердің білімдеріңді тексерейін. Қазір мен сендерді екі топқа бөлемін. Қай топтың білімі күшті екен?

1-топ тобы «Қыран»

2-топ тобы «Сұңқар»

Тәрбиеші:Балалар,сендер білесіңдерме? Ерте кезде елімізді билер, хандар, сұлтандар басқарған. Ал қазір президент басқарады. Балалар Қазақстан Республикасының Президенті кім?

(Балалар: хормен) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: Өте жақсы ал енді менің сұрақтарыма жауап беруге дайын болыңдар.

Тәрбиеші:Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?

(иә білеміз)

Жүргізуші:-Олай болса Қыран тобынан бастаймыз.

1-топ: Ашық аспандай көгілдір туымыз бар.

2-топ: Мағыналы әнұранымыз бар.

1-топ: Елтаңбамыз бар.

2-топ: Елбасы, тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев.

Тәрбиеші:Қазақстан Республикасының туы мен елтаңбасын маған қай топ талдап береді екен? Қане Сұңқар тобынан бастайық.

2тобы-маған Қазақстан Республикасының туын талдап беріңдерші?

Бұл Республикамыздың туы (баланың қолында ту)

Тудың түсі көк – ашық аспанды білдіреді.

Қыран құс – еліміздің тыныштығы мен тәуелсіздігінің белгісі.

Ою-өрнек – қазақ халқының өнерінің шеберлігінің белгісі.

Тәрбиеші:1 тобы, Қазақстан Республикасының елтаңбасын маған талдап беріңдерші.

1топ: Бұл – Республикамыздың елтаңбасы.

Шаңырақ – Қазақстан атты үйіміздің жарық түсетін саңлағы.

Арғымақ – еркіндіктің белгісі

Масақ – тоқшылықтың белгісі

Жұлдыз – жол сілтеуші жарық белгі.

Тәрбиеші: Бәрекелді тамаша балалар,ал енді бір сәт мына айналамызға қараңдаршы, қандай тамаша көрініс. Қазақ жерінің қандай сұлу көріністері бейнеленген? Сендер соны атап бере аласыңдарма?

(Балалар хормен Орман-көлдер, Жайлау,Астана.)

Тәрбиеші:-Бәрекелді балалар мына топтар бірінен бірі озып тұр екенсіңдер.

-Тамаша балалар келесі 3-ші сұраққа Сұңқар Орман туралы не

айтады екен?

Орман-көлдер

Қазақстан елім менің

Қазақстан Отаным

Орман-көлі көз қуантқан

Құлпырған дала жайлауым.

Тәрбиеші:Ал енді бір керемет сұрақ «Астана» .Қазақстанның Астанасы туралы не білеміз. Слайдтан Астананың суреттерін көрсетеміз.Сұңқар тобы жауабтарың дайынба?

Астана

Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның-

Мақтанышым-Астанам.

Тәрбиеші:-Тамаша, мына екі топқа қошемет көрсетіп ду қол шапалақтайық.

Тәрбиеші: Балалар Қазақстан мемлекетінің елордасы Астана қаласы туралы білімізді арықарай толықтырайық.Біздің сабағымыздың тақырыбы «Жасыл желегін жайнаған Астана»

Балалар мен сендерге Астана туралы өлең оқып берейін.

Бабалардың көзіндей,

Даналардың сөзіндей.

Ұлы дала тұрғызды,

Ұлы қала өзіндей.


Отанымның төрінде,

Сарыарқаның өрінде.

Ту ұстаған Астанам –

Әсем қалам,басқалам!

Тәрбиеші: Қане балалар мына тақтаға назар аударайықшы. Балалар

мынау Қазақстанның бас ордасы – Астана. Ол жаңадан бой

көтеріп келе жатқан жас қала. Ал ,мынау ақорда үйі.Онда

біздің елімізді басқаратын президент – Н.Ә. Назарбаев

отырады.Мынау – Бәйтерек.Астана қаласында Есіл өзені бар.





Сергіту сәті:

Саусақтарым билеңдер,

Дәмді тоқаш илеңдер.

Неткен жақсы шеберлер

Неткен жылдам шеберлер,

Алма қосып илеңдер,

Саусақтарым билеңдер.

Балалар бір серпіліп алсақ. Астана туралы тақпақтарымызды еске түсірейік.

Астана арман қала

Бағы бір жанған қала

Тұрады ол жап жас болып

Біз үлкен болғанда да.

Ел жүрегі Астана,

Жаңа қала,жас қала

Зәулім,сәнді үйлері,

Үлгі болған басқаға.

Алтын орда – Астана.

Ғасыр үні – бастама.

Есіл бойын ен жайлап

Көз тартады бас қала.

Асқақтай бер – Астана.

Берекеге бастаған,

Болашақтың есігін,

Өз қолыңмен аш маған.

Астана - арман қала

Астана – сұлу қала

Біз оны анамыздай.

Сүйеміз шынында да.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар бәріміз Астана туралы тақпақтарды

жақсы айтыңдар.

Тәрбиеші: Балалар қане ойын ойнайық.

Ойынның шарты екі бала ортаға шығарып көзін байлаймыз.

Өз ойыншықтарын сипап сезу арқылы тауып,атын атайды.

Балалар ойын ойнап болсақ . Сабағымызды қортындылайық.


Қорытынды:

Тәрбиеші: - Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнадыма?

  • Ия ұнады

  • Балалар бүгін біз не жайлы әңгімелестік?

  • Астана қаласы жайлы.

  • Астана қаласы сендерге ұнады ма?

  • Ия

  • Біздің елбасымыз кім?

  • Н.Ә. Назарбаев.

  • Біз қай елде тұрамыз.

  • Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Балаларды мадақтау.

Балалар қонақтармен қоштасады.

Сау болыңыздар!



Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы

Барақ батыр негізгі орта мектебі

«Жасыл желегің жайнаған Астана»

hello_html_m6cbb698f.jpg









Тәрбиеші:Куренбаева Л.Е.





2015-2016 оқу жылы.



Автор
Дата добавления 24.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров122
Номер материала ДБ-050448
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх