Инфоурок Другое Конспекты"Жақсылық жаса" өзін-өзі тану пәнінен сыныптан тыс жұмыс

"Жақсылық жаса" өзін-өзі тану пәнінен сыныптан тыс жұмыс

Скачать материал

«№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ

 

 

 

 

 

 

Өзін- өзін тану пәнінен сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: Жақсылық жаса

 

 

Сынып: 6 «ғ»

Өткізген: Мәутбекова Ә.С.

Өткізілу күні: 10.02.2016 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей 2016 жыл

Мақсаты: “Жақсылық” ұғымын ақиқат құндылығы ретінде мәнін ашу, түсіндіру.

Міндеті:

·        Жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

·        Жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту;

·        Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу;

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Адалдық, сүйіспеншілік, жақсылық жасау

Көрнекілігі: компьютер, проектор, презентация, үлестірме қағаздар, бейнеролик.

Өткізілу формасы: дөңгелек үстел

Жүргізілетін жұмыс түрі:

·       «Жақсылық, «Жақсылық жасау» ұғымдарын талқылау;

·       «Жақсылығын өзіңе», «Жақсылыққа жақсылық, жамандыққа жақсылық» бейнеролик көру, талқылау;

·        «Жақсылық гүлі», «жақсылық тамшысы», «жақсылық үйі» макетін құру;

·       Тренинг-ойын «Жүрек»

Барысы:

Құрметті оқушылар мен мұғалімдер бүгінгі біздің «Жақсылық жаса» атты сыныптан тыс сабағымызға қош келдіңіздер.

         Мұғалім оқушыларды түстер бойынша үш топқа бөледі. Қызыл түс- қамқорлық тобы, сары түс- мейірімділік тобы,  жасыл түс – кішіпейілділік тобы. Оқушылар өздері таңдаған түстері бойынша топтарға бөлініп отырады. 

Мұғалім сөзі:

Оқушылар біз сіздермен «Жақсылық», «жақсылық жасау» деген сөздердің мағынасын ашып алсақ.

- Жақсылық дегеніміз не, балалар?

- Жақсылық жасау дегеніміз ше?

(Жақсылық жасау дегеніміз өздерін айтқандай, адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір – біріне деген сыйластығы артады. Өйткені қиналған сәтте алынған көмек ешқашан ұмытылмайды).

Адамға жақсылық жасасаң, риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс. Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Жақсылық зая кетпейді.

Оқушылар қазір сендермен «Жақсылығын өзіне» тақырыбында бейнероликті тамашалайық.

Сұрақ: Бейнематериалдың негізгі идеясы не туралы?

“Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе”

                                  Ы.Алтынсарин

Оқушылар қазір біз сіздермен үш топ болып «Кім  көп сөз табады?» ойының ойнайтын боламыз. Тақтада дөңгелек фигуралардың ішінде жақсы және жаман адамның қасиеттеріне байланысты сөздер буындарға бөлініп жасырылған. Сіздер сол жасырылған сөздерді табуларыңыз қажет. Ойын шарты түсінікті болса онда бастайық, қане қайсы топ көп сөз табады екен.

Әр топ  тақтада буындарға бөлініп жасырылған сөздерді тауып оқиды.

Құрметті оқушылар сіздермен келесі «Жақсылыққа- жақсылық, жамандыққа- жақсылық» тақырыбындағы бейнероликті тамашалайық.

Сұрақ: Бейнероликтен қандай ой түйдіңіздер?

Яғни, «Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі» деген мақалды түсініп жадымызда ұстауымыз қажет.

Оқушылар қазір біз сіздермен топтық жұмысымызды жалғастырамыз. Қамқорлық тобы: «Жақсылық гүлінің», Мейірімділік тобы: «жақсылық тамшысын», Кішіпейілділік тобы: «жақсылық үйін» құратын болады.

Қамқорлық тобы: «Жақсылық гүліне», Кішіпейілділік тобы: «жақсылық үйіне» жақсылық жасайтын адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек соларды тізіп жазулары қажет. Ал Мейірімділік тобы: «Жақсылық  тамшысы» тамшы артына  өзгелерге, айналасына жасаған жақсылықтары туралы жазып оқып  жапсырады.

Оқушылардың санына сәйкес алдын ала дайындалған тамшы үлгісінде қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін жазып көрсетеді. Мұғалім тақтадағы ақ қағазға тамшыларды ілуді ұсынады.Әр бала өзгелерге өзі жасаған жақсылықтарын жария етеді. Мұғалім шығармашылық жұмыс нәтижесін қортындылайды.

Тренинг-ойын: «Жүрек»

(Жүрек бірнеше пішіндерге қиылып бөлінген)

Әрбір ойынға қатысушы бала сиқырлы сандықтан адамның қасиеттерін анықтайтын сөздер жазылған түрлі пішіндер алады. Қайырымды, мейірімді, сабырлы, кешірімді Соңынан осы пішіндерден үлкен бір бүтін жүрек құрастырылады.

Қорытынды. Мұғалім сөзі:

Жақсылық жүрген жерде, таршылық болмайды.

Жақсы сөз – жақсы тілек,

Болайық ізгі ниетті.

Жақсы ойлап кісіге,

Тілейік үлкен – кішіге – деп тамаша сөздермен «Жақсылық жасаған бақыт» - деп айналаңа жақсы істер жасап, қуантсаң, көңілін әрдайым қуанышқа толып, бақытты боласың деген тамаша сөздермен бүгінгі «Жақсылық жаса» тақырыбында ұйымдастырылған сыныптан тыс сабағымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға көп- көп рахмет.  Сау болыңыздар!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жақсылық жаса" өзін-өзі тану пәнінен сыныптан тыс жұмыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 379 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2016 9549
    • DOCX 423 кбайт
    • 54 скачивания
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Маутбекова Асем Сагындыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Маутбекова Асем Сагындыковна
    Маутбекова Асем Сагындыковна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13461
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1709 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 150 человек

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе