Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Жақсылықпен жаным дос" Урок самопзнание

"Жақсылықпен жаным дос" Урок самопзнание

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

5- сынып

Тақырып: Жақсылықпен жаным дос

Құндылық : сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірім, сыпайылық, сыйластық

Сабақтың мақсаты: жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Міндеттері:

-оқушыладың «жақсылық», жақсылық жасау» туралы білімдерін кеңейту;

-жақсылық жасауіскерліктерін дамыту;

-мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат.

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Жақсылық туралы мақал-мәтел тауып келдіңдерме?

  1. Кімде қан Әңгiмелеу (сұхбат).

С.Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңін оқып, талдайық.

  • Ақын өлеңде адамның қандай қасиеттерін мадақтаған?

  • Өлең жолдарынан адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді қалай байқауға болады?

  1. Дәйек сөз.

«Жақсылық істеуден жалықпа,

Істеген жақсылығыңа өкінбе!»

Кабуснама

Нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Жақсылық туралы мақал мәтел айтып топ болып жарысу.

  1. Топпен ән айту.

«Жақсы болу өзіңнен»

А.Асылбеков

  1. Үй тапсырмасы.

Р.Рождественскийдің «Махаббат шуағы» өлеңін оқып келу



  1. Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.

Автор
Дата добавления 12.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров94
Номер материала ДВ-447830
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх