Инфоурок ОБЖ Конспекты«Жасөспірім қыздар арасында кездесетін өзгерістер» тақырыбында қыздармен кездесу

«Жасөспірім қыздар арасында кездесетін өзгерістер» тақырыбында қыздармен кездесу

Скачать материал

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі

«Жасөспірім қыздар арасында кездесетін өзгерістер» тақырыбында қыздармен кездесу

Күн тәртібінде:

1.      Жасөспірім қыздар гигиенасы

2.      Жыныс жолымен жұғатын аурулар

3.      Ерте жүктіліктің алдын алу

4.      Сүт безі рагы

5.      Сұрақ-жауап.

Тыңдалды:

1)      Қыздар жеке гигиенасын сақтамау арқылы көптеген аурулар пайда болады. Ішкі киімдерін күнара ауыстыру керек, аптасына бір рет хлор ерітіндісімен (белизна немесе дометос) жуып үтіктеу керек. Моншада әр қыздың өз ұстарасы, жеке мочалкасы, сүлгісі, сабыны болуы керек. Бұл жолмен тері ауруларының алдын алады. Салонға барғанда пилка, тарақ және т.б өзінікі болуы қан арқылы жұғатын аурулардың алдын алады.  Үлкен дәретке барғанда қағазмен сүрту тазалықтың алдын алу болмайды. Жылы сумен 3-4 рет жуу жыныс жолымен жұғатын вирустардың алдын алады. Етеккір келген кезінде арнайы салмалар қолдану қажет. Менструация кезінде тағамға ащы тамақтар қолданбау керек, өйткені олар қан ағуын күшейтеді.   Етеккір кезінде жазды күндері – тығыз жататын ішкі киім, қысты күндері –жылы трико, рейтуз және жылы аяқ киім киген жөн. « Нәзіктік» түсінігін баяндаудың қажеті жоқ, алайда осы кезде де кейбір сәттерді ескеру қажет. Нәзіктік (әйелдік) ол тек сыртқы физикалық пішіні ғана емес, ол әдемі, дұрыс мүсін, мәнді жүріс. Мәселен тым алшаң адым, не теңселіп жүру нәзіктік түсінікке жат белгі. Грациялық – бұл алдымен қозғалуды қадағалау. Артық, сонымен қатар дөрекі қозғалыстар, не жұлқынып сөйлеу де әдемі емес.

2)      Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын инфекциялар (ЖЖЖИ) – бұл жұқпалы аурулар, оның себебі құрамында вирустар, бактериялар немесе қарапайым қоздырғыштар болуы мүмкін микробтар (қоздырғыштар) болып табылады. Бұл микробтар (қынаптық, көтен немесе ауыз арқылы) жыныстық қатынас жасау барысында ауру адамнан сау адамға жұғады. Оның үстіне кейбір инфекциялар (АИТВ, В,С,Д гепатиті) қан арқылы да жұғады.

Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын инфекцияларға жататындар:

·         соз,

·         хламидиоз,

·         мерез,

·         трихомониаз,

·         гениталдық ұшық,

·         ВИЧ/СПИД,

·         гарднереллез,

·         микоплазмоз,

·         гениталдық кандидоз,

·         гениталдық үшкір кандиломдар

·         В, С, Д гепатиттері

·         басқалары (барлығы 20-дан асатын ауру түрі).

Еске сақтағаның дұрыс!

  • Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын инфекциялар өздігінен жойылмайды!
  •  Көбінесе инфекциялар білдіртпей зақымдайды!
  • Тек қана дәрігерге барып емделу керек!

·         3)Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын

·         жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып,

·         гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте

·         жүктілік деп саналады.

·         Ерте жүктілік немен қауіпті?

·         Жүктілік

·         кезінде ағза  күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры,

·         эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы

·         жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас

·         аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз

·         балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес!

·         Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?

·         Ерте

·         жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз

·         болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа

·         әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен,

·         жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа

·         байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала

·         «әдейі» бәрін кері істейді.

·         Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы

·         бар?

·         Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі –

·         проблемадан сақтану.

·         Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың

·         тәсілдері туралы ата-анамен жиі әңгімелесу керек.

·         Жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу.

·         Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте

·         түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп,

·         өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың

·         жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек.

·         Ерте

·         жүктіліктің нәтижесі.

·         Бұл мәселеге әлеуметтік тұрғыдан

·         қарағанда, қыз бала білім алу, жұмысқа орналасу және карьера құру мүмкіндігінен

·         айырылады. Қатынасқа түсе білгенмен, жас жігіт әке атанып, жауапкершілікті

·         көтеруге асықпайды, көп жағдайда қыздар өздері жалғыз қалады да (егер ата-анасы

·         көмектесетін болса, жақсы) жас ана тығырыққа тіреледі: білімі жоқ, жұмысы жоқ,

·         баланы күтіп-бағуға ақшасы болмайды. Осының бәрі жалғыз бір жас анаға ауыр

·         болатындықтан, көп жағдайда аналар баласын балалар үйіне өткізіп жатады. Ал бұл

·         өкінішке орай, ерте жүктілік салдарынан болатын, жиі кездесетін оқиға.

3)      Маммология сөзі грек тілінен шыққан. Маммология - әйелдерде (сүт), еркектерде (кеуде) бездеріндегі түрлі дерттерді (тіпті ауру алдындағы өзгерістерді де) тексеретін, яғни олардан сақтану, анықтау, емдеу тә­сілдерін қарастыратын, ғылыми-тәжі­рибелік тұрғыдан зерттейтін және ауырған адамдарға реабилитациялық (қайтадан тез сау қалпына келтіру) шараларды да ойлас­тыратын клиникалық медицинаның бір бөлімі. Мүшенің табиғи немесе жасанды ауытқулығы, кемістігі, өспей қалуы да осы салаға жатады. Маммолог дәрігердің негізгі мақсаты - тек қана сүт немесе кеуде без­дерінің ісік ауруларын емдеумен ғана шек­телмейді, осымен қатар ана сүтінің биоло­гиялық қасиеті, оның балаға және анаға деген әсерін де тексеріп, зерттейді. Қазақстанда жыл сайын 29 мың әйел сүт безі қатерлі ісігімен ауырса, олардың 17 мыңы қайтыс болады. Ал дүниежүзiлiк Денсаулық сақтау ұйымының деректерi бойынша әлемде сүт безi қатерлi iсiгiнен болатын өлiм соңғы 20 жылда 22 пайызға көбейген. Жыл сайын әлемде орташа есеппен 500 мың әйел осы дертпен ауырса, оның 250 мыңы өмірмен қоштасады. Осы­ған орай әр жыл сайын 21 қазан - «Дүние­жүзi әйелдердің сүт безi қатерлi iсiгiнен қорғау күнi» деп жариялануы да тегін емес. Бұл проблема Қазақстан үшiн де өзектi болып табылады. Әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар құрылымында сүт безi қатерлi iсiгi бiрiншi орын алса, ол барлық қатерлi iсiктердің 21 пайызын (2009 жылдық көрсеткіш) құрайды. Республи­када 2008 жылы қатерлi iсiкке шалдыққан 3263 ауру анықталса, 2009 жылы ол 3272-ге өскен. Елімізде сүт безi қатерлi iсiгi әрi қарай өсуi әбден мүмкін көрінеді (Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерт­теу институтының деректерi бойын­ша). Сондай-ақ сүт безi қатерлi iсiгiмен ауыра­тындардың жасарғаны да анықталып, оны алдын ала емдеу жолдары қарастырылуда. Егер бұрын аурудың ең биiк шыңы 50-60 жастағы әйелдерде көбірек кездессе, қазiргi таңда 30-40 жастағы қыз-келіншектерде осы аурумен аурыратындар да жиі ұшыра­сады. Қатерлі ісік ауруының пайда болуына толып жатқан факторлардың әсері бар. Оларды 4 топқа бөлуге болады. Өмiр сүру салтына, кәсiптiк дағдыларға байланысты болып келетiн аурулар бiрiншi топқа жатады. Майлы, қуырылған және қақталған тағамдарды кеңiнен пайдалану, үнемi не­месе тiптi аз мөлшерде сыра iшу, алко­гольдi iшiмдiктi асыра пайдалану, сонымен қатар радиацияның, зиянды газ­дардың, улы хи­микаттардың, синте­тика­лық бояу­лардың ұзақ мезгiл әсер етуі. Екiншi топ: әйелдердiң сексуалдық, ре­продуктивтiк және лакта­ция­лық функ­цияларына байланысты: 25-50 жас ара­лығында әйелдердiң 10 жыл немесе одан да ұзақ уақыт бойы жыныстық қатынаста болмауы, 30 жастан асқанда соңғы босану немесе түсiк жасату, бiрiншi босанудың 28 жастан кейiн болуы, кли­макстың кешiгуi (53 жастан асқанда), лак­тация кезiнде сүттiң аз бөлiнуi, бiрiншi бала­ның 4 келiден артық салмақпен туылуы, етеккiрдiң ерте (12 жасқа дейiн) немесе кеш (16 жастан кейiн) басталуы, жыныс қатынасына ша­ма­дан тыс құштар­лық, баланы 5-6 айға жетпей емшектен шығару. Үшiншi топқа: ағзада қатар жүретiн бірнеше аурулар жатады, сүт безiнiң ауруы, гинекологиялық аурулар, бауыр ауруы, оның iшiнде бұрыңғы болған сары ауру, артық салмақ, қант диабетi, жатырдан қан кету, артериялық гипертензия, қалқанша без жұмысының бұзылуы, сүт безiнiң, жатырдың жарақат­тануы. Төртiншi топ: тұқым қуалаушылық, яғни қатерлі ісік ауруына бейiмдiлiк болуы мүмкін. Ал сүт безiнiң қатерлi iсiгi төрт сатыдан тұрады: I және II сатыларда сүт безi қатерлі ісігімен радикальды (толық) емделуi ық­тимал және аурулардың 80-92%-ы бес жылға дейін өмір сүреді, ал III және IV са­ты­лар кеш анықталған болып саналады және бұл кезең ең қауiптi жағдайға жатады. Өкінішке орай, iсiктiң ерте сатыларындағы науқастар саны бұл ауру бойынша қара­латын жалпы әйелдер санының 10-15 пайызын құрайды. Науқастардың 50-60 пайызы бiрiншi қаралған сәтте сүт безi қатерлi iсiгiнiң III және IV сатысында бо­лады екен. Сондықтан дер кезiнде қаралып, асқындырып алмай емделген дұрыс. Бү­гінде қатерлі ісік дертін емдеудің үш түрлі жобасы бар. Оның біріншісі - оталау, яғни операция жасау, екіншісі - түрлі әдістерді (химио+сәуле+гормон) қабат­тастырып қолдану, үшінші жоба - асқынған дертке сиптоматикалық емді ұсыну. Аурудың белгiлерi: емшектiң әр тұсында түйiн немесе томпайған жердiң пайда болуынан, емшек ұшынан сұйықтың көрінуінен басталады. Есте сақтайтын бір жайт - ол дерттің алғашқы өсу кезеңдерін­де, яғни бірінші өсу сатысында ауру адам ешнәрсені өзінен сезбейді, тек кездейсоқ жағдайда өзін-өзі сипағанда емшекте 1-2 сантиметр көлемдей түйінді табады. Дерт­тің екінші, әсіресе, үшінші, төртінші өсу дәрежелерінде денеде ауру сезімі ұялайды. Қолтық астында лимфа бездерінің шошы­нып ұлғаюы, қол бойында ісіктің көрінісі кейіннен пайда болады, дерттің алғашқы кездерінде олар мүлдем кез­деспейді. Қа­терлi iсiкпен ауырған науқастар дерті асқынған кездерде қатты шаршап, қажиды, әлсiрейдi. Әлсiздiк, жүдеу бiрнеше күнге, аптаға, айға созылады. Науқастың аяқтары ауырып, баспалдақпен көтерiлуi қиындап, кiшкене қашықтыққа жүруi, күнделiктi төсек жинау, жуыну, ас дайындау секiлдi қимылдардың өзi өте ауыр тиiп, ауру адам­ды мүлдем қалжыратады. Кiтап оқу, теле­дидар көру кезiнде ойлары шатысып, ше­шiм қабылдау, ойлау қабiлетi де төмен­дейдi. Осы айтылғандардың барлығы сыр­қат бү­кіл денеге таралғанда ғана байқалады. Бұл аурудан сақтануға бола ма деген сұрақ туын­дауы мүмкін. Әрине, болады. Ол үшін мына талапты әркім біліп жүргені абзал. Сүт безi iсiктерiнiң алдын алу шаралары: (Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының ұсыным­дары бойынша) - Бiрiншi жүктiлiктi мiндеттi түрде сақ­тау және сәбиге 24-36 айға дейiн емшек емiзу. - Қайта жүктi болу жиiлiгiн және жүк­тiлiк санын қазiргi кезде дамыған әрі зиянсыз - екіқабаттылықтан сақтану тәсiлдерiн пайдалану жолымен реттеу (бiрiншi босанудан 4-5 жылдан соң ғана қайта жүктi болу ұсынылады). - Емшектен баланы шығару біртіндеп-біртіндеп орындалуы керек және әр емі­зуден кейін сүт сорғышпен емшекті толық сауып, босату қажет, содан кейін барып, оны сыртынан қатты қысып байлаған жөн. - Тиiмдi тамақтану қағидаларын сақ­тау. - Салауатты өмiр салтын ұстау. - Некеге тұру және әйел толық пiсiп-жетiлген кезде (шамамен 20-25 жаста) үнемi жыныстық қатынаста болу әрі одан ләззат алу. - Емшекті ай сайын сипап отыру, егер одан кездейсоқ жағдайда түйін табылса, онда міндетті түрде уақытты созбай, тез арада дәрігер-маммологқа көріну. - Бұл жерде дәстүрсіз медицина өкіл­деріне барып, олардың кеңесін, ұсынысын қабылдау - өте зиян. Осы тұрғыда біз Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, еліміздің Денсаулық сақтау министрлiгiнiң бас маммологы, ме­дицина ғылымдарының докторы, акаде­мик, профессор Әскер Есенқұловқа жолы­ғып, сөзге тартқан едік: - Әйел адамның өмірінде атқаратын қалыпты төрт функциясы бар. Олар - етеккір, жыныстық қатынас, жүктілік, өмірге бала әкеліп, емізу. Дәл осы төртеудің біреуі бұзылса, ол - ауруға жолбастаушы болды. Егер қарапайым осы заңдылықтар сақталса, қауіптің беті әр уақытта аулақ болатыны хақ. Алайда өкініштісі сол, қоғамның ауыр дертіне айналып отырған індеттің соңы асқынған ісік ауруына шал­дыққан әйелдердің 40-60%-ның өліміне әкеліп отыр. Аурудың арты осындай қай­ғыға соқтырмау үшін алғашқы белгілері байқалысымен, яғни І сатысында дәрігерге жүгінсе, кеселдің алдын алу мүмкіндігіне және дене мүшесінің толықтай сақталып, ана болу мүмкіндігінің жоғалмауына то­лықтай кепілдік бар. Сондықтан қалыпты төрт функцияның бірі бұзылса, дереу дә­рігерге көріну керек, - дейді маман. - Жалпы, сүт безінің негізгі қызметі - сүт жи­нау және оны бала емізу арқылы сыртқа шығару. Осы функциялар бұзылса онда: біріншіден, емшекте неше түрлі ауруларға жол ашылады, солардың ішіндегі өте жиі кездесетіндері ісік аурулары және ісік алды өзгерістер; екіншіден сүт емшекте қалып қойса немесе сыртқа шықпай жиналып қалса, онда ол сарысуға айналады да кистозды фиброзды мастопатияны туды­рады. Сырқаттың пайда болу себептеріне, мүшеде сүттің жиналуы, ананың баланы емшектен дұрыс шығармауы жатады - емізуді табан астында үзу, емшекті сормау және оны сыртынан байламау. Аталмыш ауру қазір 40-тан асқандардың екеуінің біреуінде кездесіп жүр. Үшіншіден, мүше­нің қалыптан тыс кішірейіп кетуі, қисаюы, тартылып қалуы, т.б. өзгеруі жиі анықта­лынады, себебі оның табиғи қызметі - сүт өндіру, оны сыртқа шығару бұзылады, яғни ол дұрыс орындалмайды. Мұндайда қазір пластикалық операциялар жиі қолданы­луда. Қазіргі таңда емшек аурулары тым кө­бейіп кетті, әсіресе, асқынған ісік ауру­лары, осыдан барып, өлім де жиілеп жатыр. 40-тан асқан әйелдер, бала-шағалы болып, оларды өсіріп, енді солардың өмір­де қызы­ғын көрем дегенде өмірден озып жатыр, бұл қайғылы және ең негізгі өкі­нішті жағ­дай. Сонда «неге бұлай» деген сұрақ туады. Оның жауабы әйел ағзасының сүт өндіру, шығару функциясынан басқа да табиғи қызметтерінің өзгеруінде жатыр. Осыған орай, Қазақстан Республика­сындағы денсаулық сақтау ісін жаңарту мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2008 жылдан бастап сүт бездері қатерлі ісігін ертерек анықтау, сондай-ақ Еуропа ел­деріндегі сияқты қатерлі ісіктің өлім көрсеткішін азайту мақсатында үш жылдық маммографиялық скрининг өткізу қолға алынды. Бүгінде сол скринингтің көмегімен ауылдық жерлерде және Алматыда жұмыс істелуде. Соның нәтижесінде барлық об­лыс, қалада 35-60 жас аралығындағы әйелдер маммографиялық тексеруден өтті. Тексеру кезінде елімізде 2 миллионға жуық әйелдер тексеріліп, олардың арасынан 2000-ға жуық қыз-келіншектерде сүт без­дерінің қатерлі ісігі табылған. Бір қуанар­лығы, сол адамдардың мыңнан астамында (70 пайызында) қатерлі ісік алғашқы саты­лары (0-1) анықталған. Демек, науқастың ол аурудан айығып кетуіне толық негіз бар деген сөз. Сүт бездері қатерлі ісігінің алдын алу үшін, кез келген 35-40 жастан асқан әйел жылына бір рет маммографиядан және УЗИ-ден өтіп, маммолог дәрігерге көрінгені абзал. Және де әрбір әйел күнде айнаның алдында қолымен кеудесін сипа­лай отырып, омырауында қандай да бір өзгерістің бар-жоғын бақылауы қажет. Егер сүт бездерін саусақтың ұшымен сипағанда қандай да бір өзгерістерді, яғни түйін та­былып немесе емізік ішке қарай кіріңкі­реп тұрса, үрпіден сұйық көрінсе немесе бай­қаса онда ол адам міндетті түрде дәрігерге көрінуі тиіс. Қатты түйіншек пайда бол­ғанын сезсе, сүт бездерінің ұшы ішіне кіріңкіреп тұрса, үрпіден сұйық бөлінген жағдайда да дәрігерге жүгінген дұрыс. «Сақтаңсаң сақтаймын» демекші, дер кезінде емделсеңіз аурудан мүлдем құлан-таза жазылып кетесіз. Бұған еш күмән келтіруге болмайды, әсіресе, қатерлі сүт безі ісігінен. Сондықтан ана сүтінің тәр­биелік рөлі зор. Өз сүтін ұзақ уақытқа «иіп» берген ана ұрпақтың ширақ, денсаулығы мықты болуын толық қамтамасыз етеді әрі балаларымыз таза ұлт болып шығады, одан әр уақытта «ұлттық иіс», іс-әрекет, намыс сезіліп тұрады,- дейді ғалым маман. Ұлтымыздың келешегі осындай ұрпақтың қолында болса, біздің әрқайсысымыздың арманымыз орындалады деп санайық. Ендеше, мұның бәрі өз қолымызда екенін ұмытпайық

5)                        1. Эндометрия деген не?

2.      Минустируация уақытында келмей қалуц себебі неде?

3.      Менистуриация 3 күннен артық келу себебі?

4.      Выделения не себептен келеді?

5.      Еттеккір циклі келгенде ауру қалдыратын таблеткалар қабылдауға боладыма?

Дәрігер барлық сұрақтарға толығымен жауап қайтарды.

 Қаулы:

1.      Жасөспірім қыздар санитарлық-гигиеналық талаптарды қадағалау ісі жөніндегі тәрбие жұмысы үздіксіз жүргізілсін.

2.      Қыз  балаларды жат әдеттерден сақтандыру жұмысы сауатты орындалсын.

3.      Мамандардың айтқан  кеңестері мен ұсыныстары негізге алынсын.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Жасөспірім қыздар арасында кездесетін өзгерістер» тақырыбында қыздармен кездесу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 198 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.05.2017 5591
    • DOCX 25.7 кбайт
    • 43 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акрамова Ирода Дилшатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Акрамова Ирода Дилшатовна
    Акрамова Ирода Дилшатовна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18441
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Педагогика и методика преподавания основ безопасности жизнедеятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 80 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 1 037 человек

Курс профессиональной переподготовки

Экология и основы безопасности жизнедеятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель, преподаватель экологии и основ безопасности жизнедеятельности

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 109 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 346 человек

Курс профессиональной переподготовки

Экология и основы безопасности жизнедеятельности: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель экологии и основ безопасности жизнедеятельности

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Информационные технологии в науке и бизнесе: от концепции до реализации

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек