Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Видеоуроки / Жасөспірім және зиянды заттар

Жасөспірім және зиянды заттар

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Жасөспірім және зиянды әдеттер

Мақсаты: жасөспірімдердің санасына үлкен ой салып,жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд,мақал-мәтелдер,суреттер,нақыл сөздер,т.б.

Ұйымдастыру бөлімі:

-түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу(эмблема)

Шаттық шеңберіне жиналу.Тренинг: «Мен күнмін»

(Оқушылар бір-бірімізге бүгінгі күннің көңілді өтуі және денсаулық туралы тілектер айтады)

Мұғалім:Қазіргі кезде елімізде темекі шегу,нашақорлыққа әуестік,маскүнемдікке салыну бар.Оларға қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналып отыр.Темекіге әуесқойлық әсіресе мектеп оқушыларының арасында қатты етек алып отыр.

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған «Қазақстан-2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керектігін атап көрсетті.

1-бағыт: «Темекі шегуді тоқтату»

2-бағыт: «Нашақорлыққа,есірткі бизнеске қарсы күрес».

3-бағыт: «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес».

Бағдарламада былай делінген:

1.Нұргүл: «Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді».Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жүргізудің алкоголь мен темекіге салық салудан бастап,бірнеше сабағын ұсынған.Қазіргі уақытта кез келген жерге темекі тартуға,арақ-шарап ішуге тиым салынады.Ойын-сауық алаңында,мекемелерде,көшелерде темекі тартып,арақ ішіп немесе сыра ішіп тұрғанын көрсе айыппұл төлетеді.Көшеде мас күйінде жүрген адамды тәртіп сақшылары қамап қояды.

Сұрақ-жауап бөліміне тоқталайық:1.Денің сау болу үшін қандай зиянды әдеттерден аулақ болу керек?

2.Зиянды әдеттер қандай жағдайда туындайды?

1.«Мағынаны тану» бөлімі:

3.Темекі адам ағзасына қалай әсер етеді?

Темекі жайында тоқталып кетейік:

Ақан: Темекі жыл сайын сан мыңдаған адам өмірін мерзімінен бұрын қиып түсетін аса қауіпті дертке айналды .Темекінің бір талында кем дегенде 1мг никотин,1,5мг шайыр ,20мг көміртегі оксидтері,эфир майы ,саниль қышқылы ,азот болады.Темекі түтінінде күйенің миллиондаған бөлшектері болады .Күніне темекінің 20 талын тартқан адам 20 жыл ішінде өкпесіне түтінмен бірге 6кг күйе шөктереді екен.

Ерназ: Темекі түтінінде радиоактивті заттар да болады.Күніне бір қорап темекі тартқан адам мөлшерден артық 3,5 сәулеленуге ұшырайды.Әрбір темекіде 15-ке жуық әртүрлі канцерогендік заттар кездеседі.Күніне бір қорап темекі тартқан адам жылына өкпесіне 1 литр қара май жинайды.Үнемі темекі тартқан адамның ағзасы үнемі никотинді қажет етіп тұрады.

Таблицамен жұмыс.

«Жағдаят сұрақтары» оқушыларға

1.Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді.Ал сенің темекі шеккің келмейді,сол үшін олар сені шеттете бастайды.Сен олардан бөлініп кете алмайсың.Не істер едің,жоқ әлде қойдырудың жолын іздестірер ме едің?

2. Сенің әкең күндіз- түні темекі шегеді, тіпті дастархан басында да. Ал сенің оған жаның ашиды.Оның темекі тастауына қалай ықпал етер едің?

3.Шылымды әр тартқаның-

Табытына темір шеге қаққаның (осы ұғымды қалай түсінесіңдер)

Ата-аналарға сұрақтар.

1.Балаңызды дүкеннен темекі әкелуге жұмсайсыз ба?Жұмсасаңыз балаңызға кері әсері тимейді ме?

2.Жалпы үйде темекінің адам өміріне зиянды екенін айтасыздар ма ?

3. «Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде.»деген ұғымды қалай түсінесіздер?

Ақнұр: Күрк-күрк көк жөтел,

Күркілдеген не жөтел?

Жасыңнан шексең темекі,

Түбіңе сенің сол жетер.

Көрініс: «Екі қыз бен қария»

-Оқушылардың және ата-аналардың пікірлеріне тоқталайық.

Осы көріністегі екі қыздың іс-әрекеті туралы не айтасыңдар?

Өлең:Зульфия

Зиянды әдеттердің бірі- арақ.

Дамир: Адамзат бірнеше жүз мыңдаған жылдар бойы арақты білген жоқ.Араққа үйір болу адамның жас кезіндегі қателердің бірі.Адамдар жеміс-жидекті жабық ыдыста ұстағанда бір түрлі ішімдік пайда болатынын байқаған.Бірақ алғашқы кезде оны өте сирек және аз мөлшерде ішкен.

Көрініс: «Үш пәледен аулақ»

Жағдаят сұрақтар:

1.Бір спортсмен өзі әйгілі болады.Жақсы жұртқа танымал.Бірақ табыс көзі онша болмайды.Енді ол отбасын асырау үшін «арақ»заводына жұмысқа тұрады.Алғашқы кезде жақсы табыс тауып жүреді.Кейіннен ол аз-аздап ішіп,араққа бойы үйреніп кетеді.

Енді жұмысты тастайын десе ,ақша керек,тастамайын десе, ішіп қоя береді.Ситуациядан қалай шығуға болады?

2.Таныс баланың күнде ішімдікті қолданбай тұра алмайтынын білсең не істейсің?

3.Достарың «Арақ іш,ішпесең бізге жолама»десе,сенің қайтарар жауабың қандай?

Ата-аналарға сұрақтар

Есірткі жайында :Ақнұр:Есірткі –орталық жүйке жүйесіне әсер ететін қоздырғыш зат.Есірткіні бірнеше қолданған мөлшердің әсері 3-4 сағатқа дейін сақталады.Мөлшерден тыс пайдалану жүректің тоқтап қалуына ,өлімге әкеліп соқтырады.Есірткінің кейбір түрлері ауырғанда басу,тыныштандыру мақсатында тек мөлшерімен ғана медицинада қолданылады.Есірткінің түрлері де сан алуан:наша,каннабис,кокайн,героин,морфий,гашиш,ханка,химка,сюзьма,зкстаза және т.б.

Алтын:Жалпы есірткіге тәуелділердің жасы 7-49 жас шамасында,1 жыл ішінде әрбір адам кем дегенде 10 кісіні өзіне тартады.Қазақстан Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша «Есірткі тұтынушылар есірткі заттарын заңсыз әзірлегені,сатып алғаны,сақтағаны,тасымалдағаны,тартқаны үшін жауапкершілікке тартылады».Есіңде сақта:Есірткі жас өміріңді улайды!

Жағдаяттық сұрақ

1.Сен ақшадан қысылған сәтте «Есірткіні сатсаң көп ақша береміз» десе не істер едің?

2.Сенің досың есірткі қолданатынын білдің.Не істер едің?Достығың жалғаса ма,әлде көрмей кетер ме едің?

3. «Есірткі», «Наша» деген сөзді естігенде қандай ойда,қандай сезімде боласыңдар?

2.«Мағынаны тану»бөлімі

Зиянды әдеттердің қауіптілігі (тақтаға ілу)

«Жұмбақ кейіпкерлердің хаттары» (оқу)

3.«Мағынаны тану» бөлімі

Салауатты өмір салты (тақтаға ілу)

«Екі жұлдыз,бір ұсыныс» жазу (стикер беру)

-тәрбие сағатынан алған әсерлеріңді жазу

.











Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 29.11.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Видеоуроки
Просмотров23
Номер материала ДБ-399120
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх