Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Статьи / "Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың әсері "мақала
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

"Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың әсері "мақала

библиотека
материалов

 Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың әсері



Тамыры терең  қара емен

Қасқая күтер дауылды.

Бірлігі мықты ел болса,

Барлығы түгел бауыр-ды.

Ұрпағына үлгі етер.

Төле би

Мемлекетіміздің бүгіні мен  ертеңін өрге  бастырар жас  жеткіншектер екені  баршамызға мәлім. Болашақтың тізгінін ұстайтын олардың  алдағы  атқарар іс-әрекеттерінің түп тамыры  бүгінгі күнмен тығыз байланысты десек, артық айтқандық емес. Қазақстан Республикасы  өз тәуелсіздігін, егемендігін алғаннан бері жастар саясатына аз көңіл бөлмегендігін  байқауымызға болады . Көптеген жастар ісі  бойынша қоғамдық ұйымдар  құрылғандығы тағы да белгілі. Ел өмірінің қай кезеніне  жіберсек те, балалар  тағдыры  кімді болса да бейтарап қалдырмай, олар жөніндегі  ой қозғар өзекті мәселелерді, аталы қауым еш  уақытта аттап өтпеген.

Кейінгі уақытта  жастар арасында  құқық бұзушылық әрекеттердің көбеюі  ешкімді таңқалдырмаса керек. Соның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы  істелінетін қоғамдық жат қылықтары кең  етек жаюда.

Жалпы  адам жақсы-жаманды отбасынан біліп, оның қыр-сырын бойына сіңіреді. Өйткені, балалардың алғашқы өсіп-өнуі, қалыптасуы, әлеуметтік қарым-қатынасы, байланыстары, іс-қимылдар мен мінез-құлық нормаларын меңгеруі  отбасынан басталады. Отбасы баланың адамгершілік, тұлғалық қасиеттерін, жеке қабілеттерін дамытып, белсенділікке, шығармашылыққа жігерлі, қайратты, адал болуға тәрбиелейді.

Сондықтан да жасөспірімдердің адамға, қоғамға, жалпы мемлекет пен ұлтқа  көзқарасы  ата-ананың  көрсеткен тәлім-тәрбиесіне байланысты  қалыптасады. Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына от басында әке- шешесінің тату тұруы, отбасында әке-шешесінің біреуі болмауы немесе екеуініңде болмауы әсер етеді.  Сондықтан да жақсы тәрбие  мен от басындағы жағдайдың жасөспірімдер өмірінде алатын орыны ерекше. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әр отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ.

Бұл келеңсіз жағдайдың негізгі себептері бір жағынан отбасында ата-ана мен баланың арасындағы тығыз қарым-қатынастың болмауы, ата-ананың бала тәрбиесіне жете мән бермей, немқұрайлы қарап, баланың «қарны тоқ, киімі көк» болса болдының кейпін келтіруі болса, екінші жағынан әр үйдің ерке баласы болған жастың жұдырыққа жүгініп, бірін-бірі мойындамай, «өз дегенімді істетемін» деудің салдарынан орын алуда. Құқық бұзушылықтың ұшығуының тағы бір себебі: жастардың шетел кинофильмдеріндегі дөрекі, ұрып соғар, басқаны кемітудің арқасында «батыр» болатын кейіпкерлерге елік-теуі .

Әрбір құқық бұзушылық пен қылмыс - бір отбасы үшін орны толмас қайғылы оқиға. Қылмыстың нәтижесі біреуді өлімге, енді бірін мүгедектікке апарса, біреу өз өмірінің болашағына балта шауып, темір тордың ар жағында қалады. Қалай десек те, құқық бұзушылық жақсылыққа апармайтынын естен шығармайық.

Жас балалардың  құқықбұзушылығына бос  уақыттың  көптігі, пайдалы іспен  айналыспаушылық, ата-ана тарапынан бақылаудың өз  дәрежесінде болмауы, құқықтық білімінің аздығы, сан саласы жақсы істермен қызықтырып, өзіне тартатын  аулалық клубтардың жабылуы басты себепкер болып, мектептен бос уақытында не істерін білмей, еріккен баланың қандай болса да  еліктеушілік  танытуына әкеліп соғуда.

Жас жеткіншектің құқық бұзушылық жолына тез  икемделіп, ересектер ықпалына еруі ата- ананың кінәсі. Егер әрбір ата-ана баласының сабақтан тыс уақытта қандай іспен шұғылданып жүргенін күнделікті бақылап отырған болса ,  өкінішті жайлардың аз болары сөзсіз. Баланың достарының кім екенін, мектепте қалай оқитынын қадағалау ата-ана тарапынан күнделікті  дағдыға айналса, бақылаудың барын сезінген бала құқық бұзушылыққа сирек барар еді.

Қазақстан Республикасының заңы (ҚҚР ҚК-нің 15 бабы) қылмыстық жауапкершілік жасын жалпы қылмыстар үшін 16 жастан, ал саналы түрде істелген ауыр қылмыстар үшін 14 жастан белгіленген.

Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөз бар. Құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.    

Біз болашағы еркін де жарқын қоғамда өмір сүргіміз келсе, бесігімізді түзеп, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне ерекше мән бергеніміз жөн болар.

«Өкпеті» орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

Иманова Ләйлә Тлебалдықызы




























































ушылардың ой-пікірлері бойынша қалайша бағаланатынын анықтау ниетімен ұнамды және ұнамсыз жақтары деп екі жікке бөлінді. Осы сапалар мен ерекшеліктерден мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі даралық қасиеттері мен мамандық біліктілігіне қойылатын талаптар айқындала түсер деген жорамал жасалды. Соның нәтижесінде шәкірттер тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар мен тілектердің мән-жайын қарастырып мынадай төрт топқа бөліп іздестірілді де, олардан тиісті қорытындылар жасалды.

Бірінші топқа ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынастағы мұғалімнің адамгершілік сапалары жатады. Олар: игі тілек, шәкірттерге мүмкіндігінше ықыласты көмек көрсету, олардың жан дүниесін түсінуі. Мұндай қасиеттерді шәкірттер өз ұстаздарының бойынан көргісі келеді. Ал, ұстаздардың бұларға немқұрайлы, селқос, ықылассыз қарауын оқушылар ұстаздың ұнамсыз қасиеттері деп санайды.
Екінші топқа мұғалімнің ұстаздық шеберлігіне байланысты қойылатын талап-тілектер. Мұғалімнің өз пәнін жетік білетіндігі балаларға оқу материалдарын жете түсіндіріп ұғындыра алатындығы, әр алуан амал-тәсілдер қолданып, сабақты тартымды және қызықты етіп өткізетіндігі.
Үшінші топқа ұстаздық жасөспірімдердің бірімен-бірінің өзара қарым-қатынасына, олардың өміріндегі күйініш-сүйініштеріне, табыстары мен сәтсіздіктеріне, әр түрлі қоғамдық-көпшілік жұмыстарға қатысуына байланысты көңіл бөліп, мән беруі, ұстаздың класс жетекшілік жұмысындағы іс-әрекеттері жатады.
Төртінші топтағы шәкірттер, мұғалімнің жеке басына тән мінез-құлықтарының ерекшеліктерін атап көрсетеді.
Шәкірттердің ұстаз бойындағы сапалары мен ерекшеліктері туралы көзқарастары мен өзіндік пайым-түсініктерін мынадай төрт топқа бөліп анықтап көрсетейік:

1. Мұғалімнің адамгершілік сапалары мен өзіндік қасиеттері; оқушыларға деген қатынасы; 
2. Мұғалімнің өз пәнін жетік меңгеруі мен ұстаздық шеберлігі; 
3. Мұғалімнің класс ұжымын басқарып,оған жетекшілік ете алуы; 4. Мұғалімнің мінез-құлқындағы даралық сапалары, бойындағы қасиет ерекшеліктері.
Арнайы зерттеу нәтижелерін талдай отырып, мұғалім жайындағы шәкірттердің пікірлерін топтастыра отырып қарастырылғанда ұстазға тән 27 ұнамды сапалармен бірге 27 ұнамсыз ерекшеліктердің бар екендігін атап көрсетуге болады. Сол шәкірттердің мұғалімнің мінез-құлқы жайындағы ұнататын сапалары мен қарым-қатынас жасауда талап етілетін жағымды сипаттар мынадай:
Бірінші топқа жататын сапалық ерекшеліктер:

а) шәкірттердің адами қасиеттерін ескеріп онымен үнемі санасып отыруы;
ә) жасөспірімдер мен ересек адамдарға бірдей деңгейде қарым-қатынас жасап, олардың пікірлерімен санасу; 
б) оқушыларға сенім білдіру; 
в) шәкірттердің бойындағы кемшіліктерді көпшілік талқысына салмай,жеке өзіне оңаша айтуы;
г) шәкірттермен сөйлескенде үнемі сыпайылық пен әдептілік үлгісін көрсету;
ғ) кімге де болса игі тілекпен ықыласты көмек көрсету;
д) шәкірттердің жан дүниесін (психикасын) айтпай-ақ түсініп,үнемі сезімталдық көрсетуі;
е) әрбір істе үнемі әділетті болуы; 
ж) шәкірттердің табысы мен ықылас-ынтасын тез аңғарғыштығы;
з) әркімге лайықты орынды талап қоюы.
Екінші топтағы сапаларға:
а) өз пәнін жетік біліп, бағдарламалардан тыс материалдарды қамти алатындығы; 
ә) өзінің мамандығын өзге ғылымдармен ұштастыра білуі мен білімінің әр тараптығы; б)сабақты түсінікті әрі нақты жүргізуі; 
в) өз ынтасымен қосымша әдебиет оқыған шәкірттерді тез аңғарып, оларды көтермелеп отыруы;
г) өз пәніне деген оқушылардың ықылас-ынтасын арттыра білуі; ғ) сабақты шебер ұйымдастырып, әрбір оқушының дербес жұмыс істеуін, сабаққа кластың түгел қатысып отыруын қамтамасыз еру.

Үшінші топтағы сапалар: а)қоғамдық ұйымдар мен кластан тыс жүргізілетін жұмыстарды қызықты әрі тартымды етіп өткізуі; 
ә) оқушылардың белсенділігі мен дербестігін бағалап,балалардың бастамасын үнемі қолдауы; 
б) балалардың пікірлерімен санасып, оған мән беруі және олардың талап-тілектерін ылғи ескеріп отыратындығы; 
в) оқушыларға берген уәдесін қалайда орындайтындығы;
г) балалардың өзара қарым-қатынасына мән бере зер салуы, тату болуға бағыттай білетіндігі;
ғ) ұлдар ммен қыздар арасындағы достық қатынастарды дұрыс қалыптастырып, қамқорлық жасауы; 
д) әрбір нәрсені істей білетін шебер ұстаз шәкірттеріне де көп нәрсе алатындығы.
Төртінші топтағы сапалар: 
а) әрбір істі көңілді орындап сөзді тапқыр сөйлейтіндігі; 
ә) мінез-құлқының қарапайымдылығы;
б) өзін-өзі меңгеріп, ұстамдық үлгісін көрсететіндігі.
Осындай топтастырып көрсетілген сапалар шәкірттердің ұстаздары жайындағы шынайы ой-пікірлерін білдіреді. Мұндай ұнамды сапалармен қатар, оқушылар өз ұстаздарының іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы және шәкірттермен қарым-қатынасындағы ұнамсыз ерекшеліктері мен жағымсыз сипаттарын атап көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда ұстаздың ұнамсыз ерекшеліктерін де мынадай төрт топқа бөліп жіктеп көрсетуге болады.
Бірінші топтағы ерекшеліктер:

а)шәкірттерге немқұрайлы қарап, дара ерекшеліктермен санаспай, оларды балаға санайды; 
ә)ақыл-есі жетілмеген деп санап,оқушыларға көбінесе ақыл айтады; 
б)оқушыларға сенімсіздікпен қарап, олардан тек өз айтқандарын ғана бұлжытпай орындауды талап етеді; 
в)оқушылардың ағат сөздері мен кемшіліктеріне мысқыл күлкімен ескертулер жасайды; 
г)шәкірттерге дауыс көтере зекіп сөйлеп, олардың айтайын деген сөзі мен жауабын толық тыңдамай, бөліп тастайды; ғ)оқушылардың қиыншылықтары мен мұңын жете түсінгісі келмей, атүсті жауап береді; 
д)шәкірттерінің көпшілік арасында ұялатын құпия сырларын ішінде сақтамайды;
е)кейбір оқушыларды ғана бөлектей көрсетіп, алалап, әділетсіздік білдіреді;
ж)оқушылар бойындағы ұнамды қасиеттерді аңғармай, олардың қабілеті мен күш-жігерін жете бағаламайды; 
з)оқушылардың мінез-құлқынан үнемі мін іздеп, оның әрбір жаза басқандығын жазалап отыруды қолдайды.

Екінші топқа жататын кемшіліктер: 
а)оқу материалдарын оқулық шеңберінде ғана түсіндірумен шектеледі: ә)оқушылардың бағдарламадан тыс қойған сұрақтарына көмескі және шала жауап береді;
б)сабақты нақты түсіндіре алмайды; 
в)сабақты қызықсыз әрі жалаң өткізеді;
г)оқу материалының түйінді мәселелеріне көңіл аудармай, оны түрлендіре отырып түсіндіруге жете мән бермейді; 
ғ)оқушыларға бір талабын орындатпай жатып екіншісін қойып, сабақтың берекесін алады.
Үшінші топқа жататын кемшіліктер: 
а)мектептегі және кластағы қоғамдық жұмыстардың жүргізілуіне жеткілікті көңіл аудармайды, олармен қоян-қолтық араласып кетпейді;
ә)балалардың әлі жетерлік қоғамдық жұмыстарды өзі істеп,оқушыларға сенімсіздік білдіреді; 
б)оқушылардан тек өзінің ғана айтқанын орындауды талап етеді; в)класс ұжымына берген уәдесін дер кезінде орындамайды; г)балалардың көкейтесті мәселелеріне мән бермейді, олардың жеке басының істеріне араласпайды, өйткені мұндай істер оқушылардың өз жұмыстары деп санайды; 
ғ)ұлдар мен қыздар арасындағы жолдастық, достық қарым-қатынастың дұрыс қалыптасу мерзімі ерте деген пікірде болады; д)қоғамдық жұмыстарды орындаудың жолын жете түсіне берме
Төртінші топқа жатын кемшіліктер:
а)ашуланшақ, күйгелек; 
ә)тұйық, оқушылармен қарым-қатынасы салқын;

б)жүріс-тұрысының бәрі асығыс, үнемі өз жұмыстарымен ғана шұғылданады.
Оқушылардың мұғалімдерге қойылатын мұндай талаптарын ұстаздар үнемі ескеретін болуға тиіс.
Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынасты күнделікті тәлім-тәрбиенің нақтылы фактілерінен алынып, оларды салыстыра отырып, өзара топтастырып көрсетілді. Осындай аталған ұнамды, ұнамсыз деген сапалар менг ерекшеліктер шәкірттер тарапынан көрсетілген өз пікірлері. Солай дегенмен де бұл қасиеттердің бәрі оқу-тәрбие ісінде жиі кездесіп отырады. Мұндай жәйттердің бәрі шәкірттердің жүрегін жарып шыққан пікірлері мен жанашырлық ниетімен айтылған олардың жан дүниесін тебіренткен мәселелер екенін әрбір ұстаз, тәлім-тәрбиеші ақыл-ойға салып, өз қабырғасымен кеңесіп, таразылап көруі қажет.

Мұғалім мен оқушы арасындағы тартыс пен өзара реніштің туындау себептері
Осы заманғы психологиялық зерттеулерде әлеуметтік өмірдің әр түрлі өрісінде болып отыратын талас-тартыстар мен дау-дамайдың өрбуі ерекше назар аударып, олардың себеп-салдарын анықтап отыруға ерекше мән беріп отыруды қажет ететін өмір тіршілігінің шындығы. Біз бұл еңбектің алғы тарауларында өнеркәсіп орындарымен мекеме ұжымдары арсындағы әр алуан ситуациялар мен шиеленісті жағдайлардың болып отыратындығына баса көңіл аударып, сондай жәйттерді жеңудің жөн-жосығын, әдіс-тәсілдерін нақты жағдайлар негізінде психологиялық тұрғыдан іздестіріп көрдік.
Талас-тартысты мәселелердің туындап отыруына әлеуметтік- психологиялық заңдылықтардың болатындығына көз жеткіздік. Ал бұл мәселенің теориялық және методикалық негіздері мен сипаттарын ғылыми тұрғыдан тереңірек ашып көрсету өз алдына зерттеліп, тиісті шешімін келешектен күтеді.

Шәкірттер мен мұғалімдер арасындағы, әсіресе мұғалім мен жасөспірімдер арасындағы, қарым-қатынаста кездесіп қалатын тартыстар осы кезге дейін жете зерттелмеген мәселе. Міне,осы мәселені зерттеуді негізгі объект етіп алып қарастыру мынадай себептерге байланысты. 
1.Орта жастағы мектеп оқушылары өздеріне ерекше зейін қойып қарауды қажетсінеді. Олардың өмірдегі өтпелі кезең, жоғарғы талаптар, сана сезімі мен ақыл-ойының өсуі мұғалімді жасөспірімдерге жаңа қырынан келуге мәжбүр етеді.

2.Өтпелі кезең жасындағы балаларға дұрыс қалып көрсетпеуден туындайтын тартыстарды жиі кездестіруге болады. Балалардың жас ерекшелігін және тәлім-тәрбие жұмысында соған сай әдіс амалдарды қолдана білмеуден кейбір мұғалімдер өз жұмысында көптеген қиындықтарға кездесіп жүр. Олар бірер рет көзге түсіп қалғандарды ”тәрбиеленуі қиын” балалар қатарына ой салмақтамай қосып, өз жұмыстарында қиындатады. Енді-енді қалыптаса бастаған жеткіншек мінез-құлқына кері әсерін тигізеді.

Мұғалім мен оқушы арасындағы тартысты туғызатын себептерге оқушылар тобы, олардың жас және өзіндік ерекшеліктері, мұғалім мен оның оқушылар ұжымына басшылық ету стилі де әсер етуі жатады.Тәлім-тәрбие саласында жүргізілген зерттеу нәтижелерін жинақтап қарастырғанда мұғалім мен оқушылар арасындағы тартыстардың туындап, олардың етек алуының бірнеше түрлері болатындығы байқалады.
Оқу ісін жүзеге асырып, оны бірізділікпен жүргізуде кедергі болатын жәйттер мұғалімнің білім деңгейі мен оны шәкірттерге тиімді әдіс-тәсілдермен жеткізе алмай, тәжірибесіздік көрсетіп, оқушыларға серпінді ықпал ете алмайды. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға қоятын талабын үнемі өзгертіп қалыпты жағдайдан жиі ауытқып отырады. Соның салдарынан шәкірттердің тәртібі де нашарлайды. Мұндай кемшіліктер, ең алдымен, ұстаздың ұйымдастырушылық қабілеті мен сабақ жүргізудегі методикалық олқылығынан пайда болып, шәкірттер сабаққа көпшілік уақытын босқа жіберетін болады. Алайда мұндай жағдайдан туындайтын тартыстар оқу-тәрбие ісіндегі өзге сипаттағы дау-дамайлардан кемдеу.

Жеке бастың өзі ұстанған адамгершілік қасиеттерге байланысты кездесетін кедергілер мен талас-тартыстар. Баланың өз басына талап қоюы, айналасына зер салып, әрбір нәрсеге мән беруі баланың өсіп жетіле бастағанын көрсетеді. Мұндай ерекшеліктерге баланың ересек адамдармен қарым-қатынас жасап, өзінің есейгендігін байқатуы оның адами-этикалық жағынан да талап-тілегінің өскендігі деп санау керек. Ересек адамдармен салыстырғанды мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас едәуір күрделі. Өйткені, мұндағы бірінші жақ-мұғалім толық қалыптасқан, мораль, этикалық жағынан жетілген, мінез-құлқы орныққан адам. Екінші жақ- оқушылар. Бұлар небары өз ұстазының сезімі мен ақыл-ойына ынтыққандар ғана. Мұғалім мен оқушының ойлану, түсіну сипаттары да түрлі деңгейде. Ұстаздарға айдай анық құбылыс шәкіртіне нанымды бола бермейді. Кейде мұғалім мен оқушы бір құбылысқа, сөзге немесе қылыққа беретін бағалары да түрліше. Тіпті қарама-қарсы мәнде де болуы мүмкін. Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынаста тартыстың туындауына ұстаздық методикалық тұрғыда қате жіберіп жаңылысуы, не оқу материалын тиянақты түсіндіре алмауы да себеп болады.

Оқушылардың жас ерекшеліктерін елемей, олардың құрдастарымен қарым-қатынастарының қыры мен сырына жете мән беріп, оларды жете бағаламау салдарынан болатын табыстар. Ал, оқушылар тобы тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар, олардың рухани тілектерін қанағаттандырмауға байланысты. Әдетте, мұндай жағдайда мұғалім оқушылар ұжымынан өз бойын аулақ ұстап көпшілік-қоғам жұмыстарына сирек қатысады. Оқушылар ұжымының сан алуан жұмыстарына, ұжымдық пікірлерге жете мән бермейді. Мұндай жағдайда оқушылар тарапынан ұстазға деген наразылық, қанағаттанбау сезіміне орай тартыстың туындауына себеп болады.

Оқушылардың даралық ерекшеліктеріне тән жағымсыз қасиеттері мен мінез-құлқына орай туатын тартыстар. Оқушылар арсындағы ұшқалақ мінезді, қызу қанды, айтқанынан қайтпайтын өжет, жан дүниесіеің шеңбері тар өзін қатар құрбыларынан жоғары санайтын балалар да бар.Олардың сөйлеген сөзі, істеген қылығы өзгелердің зығырданын қайнатып тұрады. Ондай балалармен қарым-қатынас жасау мұғалімдерге оңай тие қоймайды. Негізгі мақсат мінезі ерекше оқушылармен қалыпты қатынас орнатудың тиімді әдісі – оларды ұжымдық өмірдің ыңғайына қарай бейімдеп, олардың іс-әрекеттерімен үйлестіру. Дегенмен, мұндай жағдайда ұстаз бен шәкірт арасындағы айырым шығатын жәйттер жиі болып тұрады. Мұндайда ұстамды ұстаздар шыдамдылық пен тапқырлық көрсетіп,қалайда шәкірттермен тиімді қарым-қатынас орнатудың әдіс-тәсілдерін ізденеді. Жастардың мінез-құлқындағы жағымсыз қылықтарын жөндеуге күш жұмсап, әрбір оқушының даралық ерекшеліктеріне баса көңіл аударады. 

Мұғалім мен оқушылар арасында кейде бірін-бірі жете түсінбей өзара келіспеушілік сияқты қолайсыз жәйттер кездеседі. Мұндайда баланың даралық ерекшеліктері мен жан дүниесінің сырына терең бойлап, олардың мінез-құлық ерекшеліктерімен санасқан тиімді. Бала психикасының қарқынды дамып отыруына орай түрлі тілек талаптары мен қажеттіліктері, әрбір нәрсенің сырын білуге құштарлығы арта түседі. Тәлім-тәрбие ісінде баланың санасы мен ақыл-ойының дамуындағы саналы өзгерістерді ескеріп, оларды дұрыс жолға пәрменді бағыттап отыратын болса, онда шәкірт мінезінің ұнамды қасиеттерін бірізділікпен қалыптастыруға болады.

Ұстаздар мен шәкірттер арасында дұрыс қалыптаспаған қарым-қатынастар тәлім-тәрбие істерінің жемісті жүргізілуіне елеулі нұқсан келтіреді. Мұндай жәйттер арнайы іздестірілген тәжірибелер арқылы анықталды. Біріншіден, бір кластағы оқушылардың жеке пән мұғалімдеріне қатынасы; екіншіден, сабақ жүргізген пән мұғалімдерінің ерекшеліктері; үшіншіден, оқушылардың жеке пәндерге деген ықылас-ынтасы;төртіншіден,мұғалімдердің класс ұжымымен қарым-қатынасының сипат Мұғалім мен оқушылар арасындағы кездесіп отыратын наразылық пен дау-дамайдың туындау себептерін психологиялық тұрғыдан ашып көрсетудің маңызды екендігіне жете түсініп, мектеп тәжірибесінен жинақталған материалдарды топтастыра отырып іздестірілді. Осы мақсатқа орай мектепте жүргізілген бақылау нәтижелері 4-кластан бастап, олар 6-класқа көшкенге дейінгі мерзім арасында іздестірілді. Мұндай бақылаудан тиісті қорытындылар жасау үшін 4-клас оқушылары таңдап алынды. Осы клас ұжымымен жүргізілген бақылау бойынша оқушылардың бәрін қамтып, олардың мұғалімдеріне де түрліше көзқараста екенін байқатты. Мысалы, кейбір пән мұғалімдері өз сабақтарын қызықты етіп ұйымдастырып өткізетін болса, онда сабақтарға оқушылар да белсене қатысып, өтілген материалдарды тиянақты меңгеруге ұмтылады. Ал, кейбір сабақтарда оқушылардың бірсыпырасы оларға енжарлықпен қатысып, кейбір реттерде оғаш қылық көрсетті. Әдетте мұндай сабақтарда мұғалім мен оқушылар арасында наразылық тудыруға себеп болады. Мәселен, осы мектептің 5-класында өтілген орыс тілі сабағында кластағы оқушылардың басым көпшілігі бөгде нәрселермен шұғылданып, өзара дабырлап сөйлеп отырды. Мұғалімнің тәртіпке шақырған ескертуіне де миығынан қарап немқұрайлы күйін байқатты.

Сабақты талдап, оқушылардың оғаш мінездерін көрсетудің басты себептері неде екеніне келсек, біріншіден, мұғалім класқа басшылық ету ролін көрсете алмады. Бұл оның даярлығындағы методикалық елеулі олқылылығын аңғартты. Екіншіден, мұғалімнің өз қызметіне немқұрайлы қарайтынын көрсетті. Үшіншіден, оқушылардың бағдарламалық материалдарды тиянақты меңгеруінің тиімді жолдарын іздестірмейтінін сездірді. Керісінше, бұл сабақта оқушылардың ықылас-зейіні сабақтың бітуіне де бағытталды. Төртіншіден, оқушылардың мінез-құлқына байланысты көтермелеу мен кінәләу талаптары да орындалмады. Сөзі мен ісі бір жерден шықпады. Содан келіп мұғалім мен оқушылар арасында дау-дамай етек алады. Өйткені, бұл сабақта мұғалімнің білім дәрежесінің төмендігі мен әдісінің шалалығы оқушылардың мұқтаж-тілектерін қанағаттандыра алмады.

Мұғалімдер мен оқушылар арасында кездесетін наразылықтар мен керіс-жанжалдар мұғалімнің жеке басындағы мінез-құлық мен қызметіндегі кәсіби олқылықтарына байланысты екенін аңғартты.
Мұғалімнің мінез-құлқы өз мамандығының талаптарына сай болса, онда мұндай қолайсыз жағдай болмас еді. Қолдан келгенше өзара қақтығыстар мен реніштерді тудырмаған жақсы. Ондай жәйттер кімге де болса абырой әпермейді. Болашақ ұстаздар мұндай жағдайлардың мән-жайын терең барлап түсінгені дұрыс.

Кері қайту

Материал рейтингісі:



Қазақстан тарихынан 2014-2015 оқу жылының 1-ші жарты жылдықтағы тест жұмысына талдау.

     11    сынып   оқушысы 

 

Мерзімі

Мерзімі

Мерзімі

Мерзімі

Мерзімі

Мерзімі

Мерзімі

Мерзімі

Мерзімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10

11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11

12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12

13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13

14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14

15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15

16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16

17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17

18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18

19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19

20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20

21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

21

22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22

23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23

24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

24

25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25

Ұ/с

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Баға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау  тест    жұмысы

 

25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мерзімі

 

13.09

22.09

 

30.09

 

11.10

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Жасөспірімдердің тәрбиесі мен дамуындағы мінез- құлық

ауытқушылықтар және оларды жою және алдын алу жолдары

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

п.ғ.к. Шағырбаева М.Д.

Балалардың мінез-құлық ауытқуларын сипаттауда қазіргі заманғы педагогикалық-психологиялық әдебиетте «девианттық мінез-құлық» термині қолданылады (латын тілінен аударғанда «deviatio» -ауытқушылық). Девианттық мінез-құлық –қалыптан ауытқушылық және ол адамның қоғам мен әлеуметтік топта қабылданған өзін-өзі ұстау нормалары мен ережелеріне сай келмейтін іс-әрекеттері мен қылықтары. Девианттық мінез құлықтың мәнін түсінуде негізгі екі ұғымды қарастырамыз-«қалып (норма)» және «қылық». Әлеуметтік қалып-бұл нақтылы қоғамда тарихи түрде қалыптасқан жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе ұйымның мінез-құлық ережелерінің мөлшері, этикет, мораль, заңдық нормалар. Басқа да құндылықтар тәрізді, әлеуметтік нормалар тұлғаның бағалау және бағыт ұстау функцияларын орындайды, мінез-құлықты реттейді және бақылап отырады. Норма-идея, идеалдар сияқты бағыттапқана қоймай, белгілі бір ереже-міндеттерді жүктейді.

Нормалардың реттеуші ықпалы-олардың мінез-құлықтың түрлерін, шарттарын, шекарасын ғана анықтап қана қоймай, сонымен бірге, қарым-қатынас шарттарын, мақсаттары мен құралдарын жасайтындығында.

Әдетте, қабылданған нормаларды бұзу-қоғамның әлеуметтік топтары мен институционалдық формалары тұрғысынан осы ауытқуларды жою бағытындағы нақты және айқын жағымсыз реакциясын іске қосады. Сондықтан да нормалар қоғамның тұрақтылығы мен тәртібін қамтамасыз ететін, девиацияға қарсы күрестің бірден-бір әлеуетті құралы болып табылады.

Психологияда «қылық»- адамның рухани-адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы және сол тұрғыда оның өзге адамдарға, өзіне, қоғамға және қоршаған табиғатқа деген қарым-қатынасын айқындауы деп қарастырылады. Қылықтың адамгершілік көзқарас тұрғысынан бағаланатын жағымды және этикалық, моральдық нормаларды бұзумен сипатталатын жағымсыз (аморальды) жақтары бар. Заң тұрғысынан алып қарағанда, норма ережелерін бұзушылық –бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпті бұзу, азаматтардың құқығы мен жеке меншігіне қол сұғушылық болып есептеледі.

Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім –тәрбиелік идеялар қазақтың халық педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашғари, Ахмет Иассауи еңбектерінде, қазақ ақын-жыраулары Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы  т.б. мұраларынан да елеулі орын алған.

Мінез –құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Ұғым бастапқыда ғылымда емес, күнделікті өмірде қолданып жүрді. Біраз уақытқа ұмытылып, XX ғасырдың 50-60 жылдарында қайтадан қолданысқа енді. Алғашқылардың бірі болып бұл салада зерттеу жүргізгендердің бірі - П.П. Бельский. Проблеманы алғаш болып көтерген белгілі Ресей педагогы П.П. Блонский. Ғалым қиын балалардың жеке басылық ерекшеліктерінің  өмір жағдайларымен, тәрбиемен өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді түрде зерттеулер жүргізіп, оны тәжірибеде қолдану жолдарын анықтады.

Ал, А.С. Макаренконың бұл мәселеге арналған еңбектері педагогика ғылымының алтын қорына енді.

Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикалық әсерін Т.В. Лодкина, А.В. Захаров, В.С. Мухина, З. Матвейчик, Е.О. Смирновалар атап көрсеткен.

Белгілі психолог ғалым Б.Г. Ананьев тұлғаның мінез-құлқының деңгейіне және күрделілігіне қарамастан, оларда:

Адамдар туралы ақпарат пен тұлғаралық қарым-қатынас арасында;

Адамның қарым-қатынас процесіндегі қылықтарын өздігінен реттеуі мен коммуникация арасындағы;

Тұлғаның өзіндік ішкі әлемін өзгертуі сияқты қарым-қатынастар түрлері болатындығын дәлелдейді.

Бұларда балалар мінез құлқындағы ауытқушылықтарды бағалау мен сипаттауда және олардың себептері мен жою шарттарын анықтауда есте -ұстау қажет.

Девиантты мінез-құлықты кең және тар мағыналарында қарастырады. Кең мағынадағы девианттық мінез-құлық деп–қоғамдағы  қабылданған нормалар мен әлеуметтік стереотиптерге сай келмейтін кез-келген іс қимылды айтамыз. Бұл жағдайдағы девиацияны жағымды және жағымсыз деп екі түрге бөлуге болады.

Жағымды девиантты мінез-құлық – бұл көпшілік әдеттен тыс, таңғаларлық деп қабылдаса, кейбіреулер теріс деп қарамайтын құбылыстар болуы мүмкін. Бұлар-ерлік, өзін-өзі құрбандыққа шалу, біреуге шектен тыс берілу, біреуді шамадан тыс аяу т.б. көріністер болуы мүмкін.

Жағымсыз (негатив) девиация, керісінше, көп адамдарды мақұлдамау, жек көру сезімдерін туғызатын мінез-құлық ауытқушылықтары. Мысалы, терроризм, вандализм, ұрлық, сатқындық, жануарға қатыгездік жасау т.б.

Тар мағынасындағы девианттық мінез-құлық дегеніміз жалпы қабылданған нормалардан тыс, жағымсыз, еш адам жақтамайтын ауытқулар.

Сонымен, девианттық мінез-құлық –кез келген қоғамдағы қабылданған әлеуметтік мінез-құлық нормаларына қарама-қайшы келетін қылықтар жүйесі. Бүгінгі таңда девиантты мінез-құлқы бар балалардың және нашақорлық пен ішімдікке тәуелді балалар санының өсуі өзекті проблемаға айналып отыр. Девианттық мінез-құлық – бұл балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қоғамдық қылмыс белгілері мен қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы. Олардың түрлеріне қылмыскерлік, ішкілікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және т.б. жағымсыз қылықтарды жатқызуға болады.

 

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында девиацияның биологиялық және психологиялық табиғаты туралы түрлі концепциялар пайда бола бастады.

Девиациялық концепциялар.

 

 

Түсіндіру тұрғысындағы девиация

Теория

Автор

Жетекші идея

1

2

3

4

Биологиялық

Қылмыстық бағыныштылықпен

Байланысқан физикалық белгілер

 

Девианттар арасында жиі кездесетін дене бітімінің ерекшеліктері

Ч. Ломброзо

 

 

 

 

 

У.Х. Шелдон

Дене бітімінің

Физикалы0 ерекшеліктері девиациясының себебіне айналады

Психологиялық

Психоаналитикалық теория

З. Фрейд

Тұлғаға тән қақтығыстық жағдайлар девиацияны тудырады

Әлеуметтік

Аномия

 

 

 

 

Әлеуметтік дезорганизация

 

 

 

 

 

Мәдениеттанушылық

теориялар

 

 

 

 

 

Стигмеотизация

теориясы

 

Радикалды криминология

 

 

Э. Дюркгейм

 

 

 

 

Шоу Маккей

 

 

 

 

 

 

Селлин,

Миллер,

Сутерленд,

Клауорди,

Оулин Беккер

 

 

Турк, Квинни,

Тэйлор,

Уолтон Янг

Девиация әлеуметтік нормалардан ауытқу салдарынан туындайды. Көп жағдайда

девиация мәдениет құндылықтарының, нормалардың және әлеуметтік байланыстардың бұзылуынан, әлсізденуінен қарама-қайшы жағдайға түскендігінен пайда болады. Девиацияның пайда болу себебі, субкультура мен мемлекеттік нормалар арасындағы конфликтілер

Девиация билігі бар топтардың барынша аз қорғалған топтардың мінез құлықтарына қоятын таңба тәрізді.

Девиация капиталистік қоғамның нормаларына қарсы әрекеттің нәтижесі болып табылады.

 

Девиантты мінез- құлық  үлкен екі категорияға бөлінеді. Біріншіден, ашық немес жабық психопатологиясы бар, психикалық саулық нормасынан ауытқитын іс-әрекет. Екіншіден, құқықтық әлеуметтік және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік емес іс-әрекет. Егер бұл әрекет еленбейтін болса, оларды құқық бұзушылық деп, ал егер назар аударатындай және оларды жазаланатын болса-қылмыс деп атайды. Жастар арасында соңғы жылдары тәртіп бұзушылық, нашақорлық, ұрлық жасаушылық, ішімдікке салынушылық, жезөкшелік кең орын алуда. Жасөспірімдердің жан дүниесі нәзік, сезімтал. Үлкендердің айтқанын, іс-әрекеттерін, ақпарат құралдарын (теледидар, түрлі түсті бейресми журналдар, т.б.) көргендерін тез қабылдайды. Міне, сондықтанда алған ақпарат пен телехабарла беріліп тұратынқылмыс хроникасы жағымсыз мәліметтер жастарды қатыгездік пен жүгенсіздікке ұрындыруда. 

Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық мінез-құлық жасөспірімдерде көбірек байқалады. Оның обьективті себебі, жасөспірімдерде құқықтық әлеуметтену процесі және деликвенттік мінез-құлық бір мезгілде жүреді. Девианттық мінез-құлыққа психологиялық, құқық, мәдениет немесе мораль нормалары сияқты жалпы қабылданған немесе оған негізделген нормалардан ауытқыған қылықтар жүйесін жатқызамыз.

Неліктен жасөспірім шақ қауіп тудыратын шақтар?

Біріншіден, психогармоналды процестерден басталып, Мен концепциясының бетбұрысымен аяқталатын өтпелі кезеңдегі ішкі қиыншылықтар әсер етеді. Екіншіден, жасөспірімнің әлеуметтік жағдайының тұрақсыз болуы. Үшіншіден, әлеуметтік бақылаудың механизмдерінің қайта құрылуына байланысты туындаған қарама-қайшылықтар: бақылаудың балалық формалары, сыртқы нормалар мен үлкендерге бағынушылықты ұстану ықпал ете алмайды, ал ересектік әдістері қалыптасып үлгермеген.

Жүргізілген зерттеулер бойынша жасөсіпірдерде девиантты мінез- құлықпен (әділетсіздік, қылмысты топтарға тәуелділік, заңсыз істерді жасау, есірткіні қолдану, ішімдік, басқыншылық мінез-құлқы, суицидті мінез-құлық) және басқа психикалық күйзелістермен байланысты. Бұл байланыс немен түсіндіріледі.

Ғылыми әдебиеттерде осыған байланысты 4 басты гипотеза бар:

1.     Девиантты мінез-құлық өзін-өзі сыйлаудың төмендеуіне септігін тигізеді. Себебі, соған қатысты индивид еріксіз өзінің әрекеттеріне қарсы қоғамның ойларын бөледі, сонымен қоса өзін де.

2.     Өзін құрметтеудің төмен болуы қалыпты емес мінез-құлықтардың өсуіне әсер етеді: әлеуметтік ұйымдарды шетке ысырып, әлеуметтік емес ұйымдардың әрекеттеріне қатысу арқылы жасөспірім өзінің психологиялық деңгейін құрдастары арасында жоғарлатқысы, мектепте немесе үйде болмаған өзіндік қабылдау әдістерін тапқысы келеді.

3.     Кейбір топтар бойынша, әсіресе, төменгі бастамалы өзін құрметтеу девиантты мінез-құлықтың жоғарлануына, өзін сыйлау деңгейінің өсуіне әсе етеді.

4.     Деликвенттіліктен басқа да мінез-құлықтар, жас келген сайын өзгеретін әсерін береді.

Статистикалық зерттеулерге қарағанда жасы толмаған құқық бұзушылардың 44 пайызы сәтсіз отбасында тәрбиеленгендер. Ғалым
А.Е. Личко отбасының сәтті дәрежесін талдай келіп, жиі кездесетін төрт жағдайды бөліп көрсетеді:

1.Отбасындағы қамқорлықты күшейту (гиперопека)  баланың ішкі өмірінің көріністерінен (оның ойлануына, сезіміне, мінез-құлқына) отбасындағы қаталдыққа дейін әр түрлі дәрежеде қатысу тілегінің болуы;

2. Немқұрайлық (гипоопека), балалардың жиі, шамадан тыс бақылаусыз қалуы.  

Ресейлік ғалым Я. Гилинский девиацияның шығу көзі деп-қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті атайды. Девиация сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, мәдени және т.б. факторларға байланысты келеді.

Бұл проблема, әсіресе, өтпелі кезеңдерде күшейе түседі, себебі, бұл кезде қоғам өмірінің барлық салалары түбегейлі өзгерістерге түсіп, бұрынғы мінез-құлық ережелері қайта қаралады.  

Жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептерін анықтаған кезде олардың сана-сезімінің қалыптасуына әсер ететін екі бағыттағы факторларды байқаймыз, яғни, объективтік және субъективтік факторлар. Объективті себептерге тұрмыстық жағдайлардағы қайшылықтар және қылмыстық мінез-құлық жатады. Объективті немесе сыртқы себептер жас адамның девианттық мінез-құлықының қалыптасуына әсер етеді. Төмендегі сандар жиынтығынан девианттық іс-әрекеттердің бір қырынан динамикасын көруге болады:

3. Бейнесіне жасалуы, барлық уақытта баланың ниетіне ықылас білдіру және оның қарапайым жетістігін шамадан тыс марапаттау;    

4. Отбасында «күл қызының» пайда болуы-бұл ата-ананың өзіне көп көңіл бөліп, ал балаларына аз көңіл бөлуі.

Деликвенттік жасөспірімнің  психологиялық құқықтық нысанасында қызуқандылық міндетті түрде болады.

     Зерттеулерге сүйенсек, қызуқанды мінез-құлық отбасы қатынастарында қалыптасады. Осы жағдайлармен қатар қызуқандылықтың дамуына алып келетін мына жағдайларды көрсетуге болады:

-жиі болатын ата-аналар арасындағы ұрыс-жан-жалдар;

-ата-аналардың бірін-бірі және балаларын сыйламауы;

-балаларға қарау мен бақылаудың болмауы;

-жасөспірімдердің пікірін елемеу;

-ата-аналардың тиісті жылаулықты бере алмауы;

-балалардың ар- намысына тию;

-тәрбие жүйесінің сапасыздығы.

Қорыта келгенде, болашағыңды болжау үшін ұрпағыңның денсаулығы мен тәрбиесіне көңіл бөлу керек екендігін естен шырмай, әрбір отбасы бала дүниеге келгеннен кейін емес, баланы дүниеге әкеле алдында тәрбиеге мән берсе дұрыс болар еді.



Қазақ еліне 550 жыл»
Мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру. Отаншылдыққ, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.
Мұғалім тарихи кештің мақсатымен қысқаша таныстырып өтеді.
1 - жүргізуші: Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.
/Қ. Р. Гимні орындалады./

2 - жүргізуші: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары - Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді.
Оқушы:
Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен,
Тағдыры шыншыл аталар.

1 - жүргізуші:
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.
Көрініс. «Сұлтандар кеңесі»
/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/
- Ассалаумағалейкум, ағалар.
- Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.

Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан - екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?

Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.

Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.

Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?

Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар: - Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.

Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.

Керей:
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат - көлігің арымай,
Отбасыңмен аман - есен табысқын.
Әумин.

1 - жүргізуші: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.
2 жүргізуші:- Ол туралы тарихшыларымыздың айтқандарына құлақ түрсек.
Оқушы: Мұхаммед бен Уәли былай дейді: «Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде Жошы ханның ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып, отанынан кетіп қалғанды жөн көрді. Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен олар Моғолстанға апаратын жолды таңдап алды.»
Оқушы:
М. Х. Дулати: «Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керей одан Моғолстанға қашып кетті. Есен Бұға оларды шын ықыласпен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу мен Қозыбасы округін берді. Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы бұзылып сала берді. Онда үлкен шатақтар басталды. Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбек - қазақтар деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталады. Бәрін де Алла біледі.»
870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465 - 1466 жылдары.

1 - жүргізуші:
1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта - үмітін жүзеге асырды.

2 - жүргізуші:
Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.
Оқушы:
Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.
Оқушы:
Ғасырдың құрдасы,
Ақындар жырлаған,
Көненің сырласы
Тарихты тыңдаған.
Шежіре шертеді,
Көшесі, әр тасы,
Ғажайып ертеңі,
Жетісу алқасы.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.03.2016
Раздел История
Подраздел Статьи
Просмотров1349
Номер материала ДВ-543135
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх