Инфоурок Обществознание Другие методич. материалыЖасөспірімдерге көмек керек па?

Жасөспірімдерге көмек керек па?

Скачать материал

Жасөспірімдерге көмек керек па?

тақырыбындағы құқықтық оқудың

б а ғ д а р л а м а с ы

     Мақсаты: Студенттердің құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. Конституцияны т. б. құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.

    

     Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.

     Бүгінгі құқықтық оқуымызда біз жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін қылмыс түрлері мен жазалар туралы сөз қозғаймыз.

     Баяндама:

Жасөспірімге көмек керек пе?

     Жасөспірімдердің зорлығы мен мазақтауына тек қана балалар ғана емес әлемде 1997 жыл мен 2005 жыл аралығында 1.5 миллион мұғалім де жасөспірімдер кылмысының құрбаны болған.
     Осындай көзқарастар барлық жерде жастар арасына кең таралып келеді. ЮНЕСКО-ның хабарлауы бойынша Азияда жастар Вич ауруларын гетерожыныстық қатынас арқылы жұқтыруы мүмкін, себебі олардың көбі жыныстық қатынасты өте ерте жастан бастайды деген.  Көптеген жастар “Азиялық тәлімі-тәрбиені” аттап өтіп, отбасын құрғанға дейін-ақ кем дегенде 10-шақты адаммен жыныстық қатынасқа түседі екен. Бұл рухани тоқыраудың бір ғана түрі.
     Сонымен қоса, 16 мен 19 жас аралығындағы қыздардың 25%-ы терең жан күйзеліс /депрессия/ дертіне ұшырайды екен. Тағы да зерттеулерге жүгінсек, әлемде жылына 5000-ға жуық қыз бен жігіт өз өмірлерімен қоштасатын көрінеді. Белгісіз бір жәйттарға сай қыздарға қарағанда, әсіресе, ер балалар өз өміріне көп қол салады екен.
     Бүгінгі жастардың терең жан күйзеліс дертіне шалдыққанына талас жоқ. Бұны қалай түсіндіруге болады? Себебі неде? Өтпелі жасөспірім кезеңі - қиын кезеңнің бірі. Организмдерде болатын өзгерістерге байланысты өтпелі кезеңде жасөспрімдер өміріне жаңа сезімдер мен мазасыздықтар нөсердей жауады. Күнде олардан құрдастары мен мұғалімі одан қалса үйде ата-анасы, алғашқы махаббаты бір нәрсені талап етеді. Теледидар, фильмдер музыка мен интернет оларға өз стеореотиптерін байлайды. Нақтылап айтсақ жасөспрімдердің бұл кезеңін стресс пен мазасыздық ілескен өтпелі кезең десек те болады. Сонымен қоса жас адамдар, көбінесе, тәжрибесі жоқ, және өмірдің алғашкы соққыларына қарсы тұра алмайды.
     Жақсы адамның қолдауынсыз олар жаман жолға түсулері мүмкін. Бұл жайлы БҰҰ-ның есеп баяндамасында «...зерттеулердің көрсетуінше, жастар нашақорлықпен айналысуды жасөсіпрім кезінде немесе есею алдында қолдана бастайды. Зорлық, жыныстық қарым-қатынас және басқа да жат қылықтар туралы осыны айтуға болады»- деп жазылған.
     Егер әр ата-ана бұл дерт әлеуметтік қоғамның тек төменгі деңгейіндегі адамдарды қамтиды деп ойласа, олардың өте қатты кателескендіктері. Жас ұрпақтың тоқырауына ешқандай әлеуметтік, экономикалық, ұлттық шекара жоқ. Қиын бала анасы өкіметтен жәрдемақы алатын, жатақхана мен жаппа тамдарда тұратын отбасынан ғана емес орташа немесе жақсы дәулетті отбасынан да шығуы мумкін. Неге қазіргі жастар соншама қайғы қасіретке ұрынады. Алдыңғы ұрпақ жастары бұндай кезеңдерден өтпеп пе еді? Әрине, бәрі де есею жолында өтпелі кезеңнен өткен.
     Бірақ, қазір біз қиыншылығы көп басқа заманда өмір сүріп жатқандығымызды ұмытпағанымыз жөн сияқты. Жастарға бүгінгі өмірдің ауыр тұрмысы иықтарын басқан, ауыр жүк болып көрінуі мүмкін. Енді неліктен бұлай болатындығына ой жүгіртейік.
     Отбасындағы өзгеріс. Жасөспірімге отбасында қандай өзгеріс әсер етуі мүмкін? Тағы да зерттеулерге көз жіберетін болсақ, әрбір 18-ге толмаған баланың 3-шісі өз отбасындағы ата-анасының ажырасу процесінің күәгері болған. Отбасының бұзылуы әр баланы ауыр жан күйзелсіне түсіреді. Психологтардың айтуынша, қарым қатынасы бұзылмаған отбасы баласына қарағанда әке-шешесі жақында ғана ажырасқан отбасы балаларының мінез құлқы өзгеріп, сабаққа үлгеру төмендеп кетеді екен.

     Бұл асырап алаған немесе ата-анасының 1-і ғана тәрбиелеген балаларға да қатысты.
     Сонымен қоса ажырасу процесі баланың өзін-өзі құрметтеп - сыйлау эмоциясына да кері әсерін тигізеді. Балада өзіне, бар әлемге деген жек көрініш сезімі пайда болады. Отбасы өміріндегі келеңсіздіктің пайда болуына кейінгі кезде әйел адамдардың жұмыс істеуі де әсер етуде. Жапонияда өткізілген жасөспрімдер арасындағы қылмыстық зертеулердің бірінің нәтижесі бойынша: ата-анасының бірі үйде отырған отбасына қарағанда ата-анасының екеуі де жұмыс істейтін отбасында жасөспірімді тәрбиелеу қиындау. Әрине, қазіргі ата-ананың көбі тек күн көріс үшін жұмыс істеулеріне тура келуде.  Бірақ, кейде, ата-ананың көпшілігі өз балаларына өте ыңғайлы жақсы тұрмыстық жағдай жасағылары келеді. Әке-шешесі жұмыс істейтін балалар, көбінесе өздерімен өздері жеке қалады. Миллиондаған бала мектептен кейін бос пәтерге қайтып оралады. Ал, жұмыстан өте шаршап келген әке-шешенің ойы баласында емес әлі де жұмыста болады. Көптеген жасөспрімдер әке-шеше көңілінің жылулығын толығымен сезінбей өседі. Бұл неге алып келуі мүмкін?
Мамандардың пікірі бойынша, бұл оқиға балаларға еш жақсылық алып келмейді. Медицина ғылымының докторы Мария Андреевна : “ата-ана тәрбиесінің кейінгі он жылдықта байқалған тенденциясының нәтижесі балалардың ата-анасынан алыстауына, араласуға жоқ, оқуға зауықсыз, тәрбиеге көнгісіздіке алып келуінде. Ал ата-ананың көбісі қоғамның оларға байлаған материалдық және карьера қуу кұлдығының тұзағына түскен. Нәтижесінде олардың көп уақыты ақша табуға, одан қалса оны жұмсауға кетеді. Яғни олардың өз балаларын қарауға уақыттары да қалмайды”-дейді. Әке-шешенің балаға көңіл бөлмеуі - жасөспірімді проблемаға апаратын тура жолға айналады. Жасөспрімдердің өркендеп өсуіне кері әсерін тигізетін тағы бір себеп бар, ол - тәрбиеге деген көзқарастың өзгеруі.
     Тәрбиеге деген көзқарастың өзгеруінің өзі де казіргі кез жастарына өз әсерін тигізуде. Көптеген әке-шеше өздерінің мойындарынан ата-ана міндетін алып тастауға тырысады. Қадағалаусыз жас бала өз мінез-құлқын қалыптастыруда, ішкі әлемін тәрбиелеуде ешқандай ережесіз, рухани бос өмірден үлгі - өнеге алып өседі. Кейде ата-ана өздерінің балалық шақтарындағы кейбір сәтсіз кездерін ұмытпағандықтан, өз балаларын басқаша тәрбиелеуге тырысады. Олар өз балаларының қатал тәрбиешісі емес, жақын досы болғылары келеді. Бірақ мұндай тәрбиенің арты да ылғи жақсылықпен аяқтала бермейді. Мысалы Әмина деген ана «Мен өз балаларыммен өте жұмсақ болдым, оның себебі ата-анам маған өте қатал қарады, мен өз балаларымды бұлай тәрбиелегім келмеді. Бірақ, қатты қателескенімді кеш түсіндім» - деп, ағынан жарылды. Бұндай көзқарастар кейде шектен шығуға әкелуде. Нашақорлықтан емделіп жатқан 300 жасөспірімнің 20%-і нашаны әке-шешелерімен бірге қабылдаған, қалғаны спирттік ішімдікті әке-шешесімен бірге ішкен, ал 5%-і нашаны алғаш рет анасынан немесе әкесінен алған. Әке-шешені бұндай жауапсыз іске не итеруі мүмкін?»  “Мен өз қызыма нашаны менің көзімше, үйде шек дедім» - деп бір ана шындығын айтты. Бұған себеп: кейбір ата-ана, өз балаларымен бірге наша қабылдаса, олардың жанын түсініп өз балаларына жақындау болатын болып көрінеміз - дейді.   

     Жасөспрімдер қылығына таң қалудың қажеті жоқ. Ең бастысы жаңа заман жастарына  немен көмектесуге болады, мәселе сонда. Жастар қазір қорқыныш сепкен әлемде өсіп жатыр. Отбасы қарым-қатынасы бұзылып, әке-шешелерінің ажырасу көз алдында болып жатқанда көмек бере алмай лажсыз мойып, үнсіз ішкі уайымға батады. Кейде мектептес кұрбы-құрдастарының нашақорлық пен қылмыс жолына түскендігінің күәгері болуларына тура келеді, көбісі өз қатарларының жыныстық қатынасқа итермелеуінің құрбаны болады. Жас өсіп келе жатқан баланың өмірінде өзі түсінбейтін, өзін жалғыз сезінетін, жабырқау өмір кезеңдері болады. Балалардың көбісі моральдық жақтан мықты көмекке зәру. Олар өздеріне мығым, мықты тірек болатын дос, өміріндегі өзекті мәселені шешуге үйрететін, оларға дұрыс жол көрсететін мықты рухани тірек іздейді. Өмір сабағының нәтижесіне сүйнсек әркімнің айтар ақылы әрине пайдалы. Олар ата-ана үшін де, басқалар үшін де бағалы.   “Кейбір жасөспірім жасына қарамай ерте есейген болып көрінуі мүмкін.  Бұл жаста оларға өзіне деген сенімділік пен сезім толқыны, барлық нәрсені игеру мүмкіндігі, әлемнің иесі болып көріну жан әсері тән болады. Бәрібір оларға өмірлік тәжрибе жетіспейді. Олардың есею жолында жаман жолға ұрынбауы үшін жас жеткіншектердің балалық жаңылыс ісі мен ақымақтығынан қорғауға тырысу керек. Ата-ана баланы әрқашанда ашық әнгімеге тартып, ой бөлісуі керек дейді психолог мамандар. Бұл әсіресе ішкі әлемін басқаларға тарс жапқан жасөсіпрімге өте керек. Себебі, көптеген жас бұл кезеңде өзін ешкімге керексіз сезінеді. Ал, кейде бұл сезім кейбір жас адам үшін хроникалық жалғыздық сезіміне жалғасады. Бұл балалар мектепте өздеріне дос табу қиын екендігін, сөйлесіп, ой бөлісетін ешкімнің жоқтығын, өзінің жалғыздығын, құрбы-құрдастарының алдында беделін арттыра алмағандығын осындай қиын кезеңде кімнен көмек сұрарын білмегендігін айтатындығын психологтар зерттеген. Ең бастысы өтпелі кезең соққысын жеңіп шығуының жалғыз жолы - жас жеткіншектің жүрегінде не жатқандығын білу. Ол үшін – тек оны одан сұрау керек. Әрине бала сізге сену үшін уақыт пен шыдамдылық керек.  Бірақ, тырысып көріңіз, өз нәтижесін әкелетініне сеніңіз. Сонымен қатар жасөспрімдер тек олармен сөйлесіп қана қоймай, ақылға қонымды ережелерді де білгілері келетінін ұмытпау керек. Қараусыз қалған бала - әке-шеше соры демекші, жеткіншектер арасында қылмыстың тамырының кең етек жаюының себебі : тосқауыл мен тежеулердің жоқтығығында жатыр.

     «Егер баланы еркелетіп, ешқашанда оған «жоқ» демей ойына келген ісін істеуге рұхсат етсе, ондай бала ешқашанда басқа адамдардың да сезімін, жеке өмірінің болатындығын түсінбейтін болады. Оған «түсіну» деген сөз жат болады және ондай бала шын журегімен жақсы көруді үйренбейді оның не екенін де түсінбейді. Кейбір ата-ана өз балаларының жүріп-тұруына еркіндік беру керек дейді. Олардың ойынша баладан бірнәрсе талап ету, бір ережелерге бағындыру оларды балалық шақтан ерте айрылуға итермелейтін көрінеді. Бірақ, бұндай тактиканың аяғы өкінішті жағдайдарға алып келуі мүмкін. Баланы жас кезінен ішкі әлемін тәртіпке үйрету керек, олай болмаған күнде ол есейген кезде өз өміріне деген тәртіптің жоқтығынан зардап шегетін болады. Ал көп ата-ана бұны түсінуге тырыспайды. Сонда не барлық ата-ана балаларына қатал қараулары керек па?
     Әрине, жоқ. Тиым салу бұл дұрыс тәрбиенің бір бөлігі ғана. Шамадан тыс қаталдық бала жанына қысым алып келуі мүмкін. Баланың мазасын ала берген де бала психологиясына кері әсер етеді. Сондықтан бала өсіп жетілген кезде бала тәрбиелеу әдісін кейде өзгертіп отырған дұрыс.  Кейбір тиымдар мен ережелерді қатты қолданудың керегі де жоқ Бұның бәрі баланың өз өміріне деген жауапкершілігінің қаншалықты дамығандығына байланысты. Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны өте зор екенін естен шығармайық. Қоғамдағы жаман ағымнан аулақ ұстаудың тағы бір жолы баланы әр түрлі тиімді, өмірге керек пайдалы нәрселер үйрететін, балаға ұнайтын қызықты үйірмелерге беру. Ең бастысы оның бос уақытының аз болғанын қадағалаған дұрыс.  

 

Сұрақ:

     Жастарды   қылмысқа  баулитын  не? Жасөспірімдердің  теріс  қылық  жасауының  себебі  неде? Жастар  арасындағы  қылмыстың  алдын  алуда  жеткіліксіздік  танытып   отырған  қандай   фактор?

1- оқушы: 

     Біздің   ойымызша  жасөспірімдерді  қылмысқа   итермелейтін  зиянды   әдеттер.   Отбасы-  адамзат  қоғамының  ең  шағын  бейнесі.  Қоғамда  отбасы  екі  түрлі  қызмет  атқарады.  Оның  бірі   дүниеге  ұрпақ  әкелу болса,  екіншісі  сол  сабиді  тәндік жағынан   дамытуды  қамтамасыз   етіп, зиянды  әдеттерге   ұрындырмай,  тұлға   ретінде   қалыптастыру.   Бала   отбасынан   жақсы  да   жаман  да  қылықты  бойына   сіңіреді.    Дана   халқымыз  «бала   ұяда  не  көрсе,  ұшқанда   соны  іледі» деп  текке  айтпаса керек.   Баланы  жақсы  тәрбиелеу,  зиянды   әдеттерден   аулақ   ұстау   ата-ана  парызы.   Егер  бала   зиянды  әдеттерге   құштар  болатын  болса,   оның   тәрбиесінде  кемшіліктер болғаны. Осындай  дұрыс   тәрбиеленбеу,   еліктеу   нәтежиесінде   көптеген жас  балалар  зиянды  әдеттерге   мойынсұнып,   бүкіл  өмірін  құртады.    

2- оқушы:

     Менің  ойымша жасөспірімдерді  қылмысқа итермелейтін   әлеуметтік   жағдай   немесе  қиын  тұрмыс.  «Ананың   көңілі  балада,   баланың   көңілі   далада» демекші,  бала   есейген  сайын  айналасына  көбірек көз тастайтыны   белгілі.   Яғни, «мен  неге   қатарымнан қалуым  керек»  деген   түсінік  пайда  болады.  Тұрмыстағы  мәселелер ең   біріншіден  ақшаға  келіп  тіреледі  десем, артық айтпайтын   шығармын.  Көп  жағдайда  әлеуметтік  жағдайдың  қиындығы бастарын  шырмап алған ата-ана бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайды. Тіпті кейде қылмысқа баруға  өздері  итермелейтін  жәйттердің  болғанын  баспасөз  беттерінен  оқып  та  жүрміз.  Қиындықтың   уақытша  екендігін   естен  шығармаңыздар,  балалар! 

3-оқушы:

     Менің  айтпағым  отбасындағы  ата-ана  тәрбиесінің  жеткіліксіздігі  бала  болашағына   балта   шабумен  бірдей.  Бала-жас  өскін,  әрбір  ата-ананың үміт артқан ұрпағы.  Ол шыр етіп дүниеге келгеннен бастап   ата-анасының қамқорлығында  болады.  Олай  болатын болса, не  себепті  бала  жаман жолға  түседі? Оны  жаман әдеттерге итермелейтін кім?  Оның  себептері көп –ақ.  Көп  жағдайда ата-анасының баласына уақыттын аз бөлуінен, үйдегі болатын  кикілжің немесе отбасындағы ақша  мәселелерінің туындауы. Бұл әрбір жанұяда болатын заңдылық деп есептеймін . Баланың әлсіздігі: еліктеушілік, біреудің айтқанына сену, көзбен көре тұра сол жаман қасиетке өзін  еріксіз итермелеуі және т.с.с.   Әрбір  ата-ана баласына жаман  әдеттердің әкелетін зардаптарын жастайынан ұғындырғаны дұрыс.  Өйткені бала  есейген кезде  тым кеш қалуы әбден мүмкін. Сондықтан ата-ана баласын жастайынан спортқа, өнерге, білімге құштар болуға мүмкіндік жасап, болашақта үлкен азамат болып өсуіне зор ықпал  жасауға тиіс.

4-оқушы:

     Оқушы жастардың ,  жасөспірімдердің теріс қылық жасаушылықтарын батырлыққа ерлікке бағалап,  олардың  сондай жағымсыз қылықтарды көптеп жасауына ықпалы көбірек болып отырғаны  Бұқаралық ақпарат көздері екені баршамызға мәлім.   Ақпарат  құралдары  болғанда да, жекеменшік ақпарат құралдары тобырлық санаға арналған басылымдар, лас бейнефильмдер мен қылмыстық хроникалар көрсетіп, тек жарнама жасау арқылы байып отырған жекеменшік телестудиялар болып отыр. Ал, жасөспірімдердің жан дүниесі нәзік, сезімтал, естігенін тез қабылдайды. Сондықтан телеарналардан  үнемі беріліп тұратын қылмыс хроникасы, жағымсыз мәліметтер жастардың   нәзік  көңілін   жаулап  алып, олардың  санасына   қатыгездік пен  жүгенсіздік  ұрығын себуде.  

Ситуациялық сұрақ.

     Ойыл аудандық полиция бөлімі азамат Д.Саусақбаевты прокурордың санкциясынсыз 72 сағаттан астам қамауда ұстаған. Мұндай қамауға алу заңды болып табыла ма?

Ситуациялық сұрақ.

     Он төрт жасар Сейіт теледидар көріп отырды. Онда микробиологтардың жұмысын көрсетіп жатқан. Сейіт қатты қызығып кетті. Ол әкесіне микробиолог болғысы келетінін айтты. Әкесі Сейітке ол туралы мүлде ойлама деді. Ол Сейіттің өзі сияқты экономист болуын қалайтын. Сейітке мамандықты кім таңдау керек?

1. Сұрақ:

Біреудің мүлкін ашықтан-ашық алып кету қалай аталады?Тонау

2. Сұрақ:

Басқа бір адамның ұжданы мен қадіріне тіл тигізу, масқаралау қалай аталады? Қорлау

3. Сұрақ:

Біреудің мүлкін алдап-арбап иеленіп алу қалай аталады? Алаяқтық

4.Сұрақ:

Бір істі тергеу кезінде  тінту  немесе бөлмелерді,  адамды тінту кезінде шақырылатын адам?Куәгер

5.Сұрақ:

Адамдардың  мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық өзара қатынасы?

Азаматтық

Мұғалім: Өмірің болсын десең сенің сәнді

Ойланып, айналаңа қара мәнді.

Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан

Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.

Салауатты мақсатың - өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Ішімдік, нашақорлық сенің жауың

Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.

- деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі құқықтық оқуымызды  аяқтаймыз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жасөспірімдерге көмек керек па?"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Студенттердің құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. Конституцияны т. б. құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 892 материала в базе

Материал подходит для УМК

  • «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.

    «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.

    Больше материалов по этому УМК
Скачать материал

Другие материалы

Тренировочные задания по экономике 10 класс
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • Тема: § 2. Экономика: наука и хозяйство
  • 24.01.2018
  • 1489
  • 1
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
Презентация по обществознанию "Социальная структура общества" (10 класс)
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • Тема: § 13. Социальная структура общества
Рейтинг: 3 из 5
  • 24.01.2018
  • 6531
  • 218
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
Презентация по обществознанию "Инфляция" (11 класс)
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • Тема: § 9. Финансы в экономике
  • 24.01.2018
  • 3684
  • 289
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
Презентация по обществознанию "Государство в экономике" часть 2 (11 класс)
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • Тема: § 8. Экономика и государство
  • 24.01.2018
  • 1498
  • 11
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
Презентация по обществознанию "Государство в экономике" часть 1 (11 класс)
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • Тема: § 8. Экономика и государство
  • 24.01.2018
  • 1237
  • 4
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
Презентация урока обществознания по теме "Институт брака и семьи" (11 класс)
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • Тема: § 16. Семья и быт
Рейтинг: 4 из 5
  • 24.01.2018
  • 3975
  • 49
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
Конспект урока обществознания по теме "Институт семьи и брака" (11 класс)
  • Учебник: «Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.
  • Тема: § 16. Семья и быт
Рейтинг: 1 из 5
  • 24.01.2018
  • 3761
  • 133
«Обществознание (базовый уровень)», Боголюбов Л.Н., Городецкая Н.И., Лазебникова А.Ю. и др. / Под ред. Боголюбова Л.Н., Лазебниковой А.Ю.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.01.2018 918
    • DOCX 64.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ауелбекова Гулжон Жаксыликовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28634
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к ЕГЭ по обществознанию в разделе «Право»

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 91 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по обществознанию в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 132 человека из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 864 человека

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов обществознания в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 261 человек

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе