Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Жасөспірім желіккен бе? Тәрбие таязба?
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Жасөспірім желіккен бе? Тәрбие таязба?

библиотека
материалов

hello_html_6b46ae2f.gifhello_html_3af6a7d5.png5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі










Дөңгелек үстел




Тақырыбы:

«Жасөспірім желіккен бе? Тәрбие таяз ба?»








Дайындаған: Педагог ұйымдастырушы Т.Қартқожаев










Нұрлыкент ауылы

5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінде өткізілген

«Жасөспірім желіккен бе? Тәрбие таяз ба?» атты

дөңгелек үстелдің бағдарламасы:


Дөңгелек үстел мақсаты: жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу;

Өтілетін орны:акт залы

Өтілетін мерзімі:

Қатысатындар:9-11сынып оқушылары

Қатысатын қонақтар:


Қатысатын қонақтар:

1.___________________________________________________________________

2.___________________________________________________________________

3.___________________________________________________________________

4.___________________________________________________________________

5.___________________________________________________________________

Жүргізуші:

Қайырлы күн, достар және бүгінгі кешіміздің қонақтары!

Қазіргі таңда еліміздегі, тіпті әлемдегі күрт өсіп бара жатқан проблемалардың бірі, бұл – жасөспірім арасындағы қылмыс санының күн санап артуы.Бұл жайттар ешкімді де ешқашан бей жай қалдырмасы анық.

Бүгінгі тақырыбымызға арқау болатын мәселе де осы: жалпы алғанда, “Жасөспірім желіккен бе?Тәрбие таяз ба?” осы сұрақтардың жауабын табу.Ендеше жағдайы жан ауыртып,қоғамға қозғау салған осы мәселеге кім қалай қарайды?Шешудің жолы қандай?Көп болып сыр алмасып көрелік.

Олай болса әңгімемізді бастамас бұрын арнайы әзірленген бейне сюжетке назар аударайық. (бейнесюжет)

Тамырын тереңнен тартқан қайсар қазақтың қазықты қасиетімен қатар тәлімді тәрбиесі де тереңнен тамыр тартқан. Ұлын ұлықты, қызын қылықты етіп тәрбиеге баулыған ата-баба ұрпақ ұлағатына терең мән бере қараған. Осыдан болар қайсар ақылды ұлы, ұяң мінезді қызы қазақтың қаймақты киесін қалыптастыра білді. Елім деп еміренер, ұятым, арым деп тебіренер ой-сана, түп тамырын тереңге жіберген жүгенді тәрбие елдіктің өсер бағытын, теңдіктің шыңдай биік тұғырына қонақтады. Қазақ деген есім сайын дала көгінде ұлағатты тәрбие, асыл, текті , таза қанды ұрпақ деген есіммен астасып жатты. Таза ой –санадан асыл тірлік, жүйелі өмірге көзқарастар бүгінгі ардақты азат таңымыздың арайлап атуына жол ашты. Өмір есігін ашқан бесік жырынан бастап, етек жинап, жаға қымтаған ардақты шаққа жеткенше ата-ана тәрбиесі тал бүршігін егуден тайынбады. Бала ұяты әкеден, қыз ұяты анадан екендігін әбден санаға сіңірген текті ата-баба, дер кезінде осы жайттарды талап ете де білді. Қызға қырық үйден тыйым беріп, өз төрінен кісі есігіне ұзатылғанша үкілеп, адал жолға баулып текті қасиеттерді бойына сіңірсе, ұлға сыны мен шыны басым түбірлі намыс, салмақты ақыл-ой, қырық істен бір ақыл ұттырған мейірбандық тұнған қажыр-қайратқа бағыттаған.

Егемен ел болдық,есті жиыдық деп дәл қазір көңілімізді көкке бұрамыз. Атаның алтын аманаты, ананың тәрбие салтанаты бүгінгі жалынды жастардың желіккен жағдайымен ақтала ала ма? Жасыратыны жоқ жайы жаһанды жаңғыртқан есірткі, арақ, етке таласқан қу итше топ-тобымен ырылдасқан төбелес дәл бүгін не ұттыруда. Бір –біріне достық қолын созып, адамзат баласы мейірім алақанын ұсынудың орнына, пышағын алып, тапаншаны абырой санап, адам деген бауырына баукеспе пейілін танытады. Мұндай атаққа талас өз ішінде биік, қоғам мен адамдық алдында шірік пиғыл екендігін қалай аңғармақ? Ал мұндай жүгенсіздікке кім кінәлі? Баланы жастан тиып, тәрбиені тұсаулай алмаған ата-ана ма жоқ әлде, желөкпе түсініктің таяздығы ма? Бүгінгі тұлымы желбіреген асыл қыз. Ертеңгі аяулы ана, одан арғы ақ жаулықты әже деген атақты еске ала алмай қыз деген аттың киесіне көлеңке түсіріп алғаны тағы бар. Қыздар арасындағы шиеленіс те өз алдына бір бөлек әңгіме. Бүгінгі қоғамдағы тастанды бала, желөкпе ана жайындағы мәселе де өзекті өртейді.

Олай болса,ортамызға ең алғашқы қонағымызды шақырып алайық.Қарсы алыңыздар, ___________________________________________ мырза, қош келіпсіз!

1) Қоғамымызда жасөспірім арасында келеңсіз жағдайлардың орын алуына сіздіңше, не себеп?

2) Жасөспірім арасында жиі кездесетін қылмыс түрлерін атап өтсеңіз...

3) Жүгенсіздік әрекеттер өршімесе тоқтаған жоқ. Алдағы уақытта қандай дәрежеге жететініміз де белгісіз.Сіздің ойыңызша,қалай тосқауыл қоюға болады?

4) 2013 жыл аудан жасөспірімдері үшін қандай жыл болды? Олардың қылмыспен, бұзақылықпен байланысы қай деңгейде? Берер бағаңыз?

Әңгімеңізге рахмет! Осы мәселенің бет-пердесін ашу үшін дін саласының өкілін де ортаға шақыруды жөн санадық.Қарсы алыңыздар, ________________________________ - Нұрлыкент ауылдық мешітінің имамы


1) Сіздің қазіргі таңдағы жасөспірім тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?

2) ҚҚБ қызметкерінің сөзіне қарасақ, өткен жылы ауданымызда осынша қылмыс тіркелген екен. Сіздердің тараптарыңыздан бұған қарсы қандай шаралар ұйымдастырылуда?

3) Бұзақылық әрекет, жүгенсіздік тәрбие қазіргі таңда қозықұйрықша қаптаған ағымдар әсерінен болуы мүмкін бе? Өйткені, мамандардың пікірлеріне сүйенсек, елімізде ислам діні атын жамылған 22-ден астам ағымдар бой көрсетіп отыр. Бұл нақты белгілісі ғана,ал белгісізі қаншама...Келешек бұлардан кемелді тәрбие күте ала ма?

Әңгімеңізге рахмет!

  • Ата-ана баласын таңертең мектепке жібереді де, баласы мектептен қайтқанша алаңсыз өз шаруаларымен айналыса береді. Ия, алаңдауға да негіз жоқ. Себебі баланың мектеп уақтысындағы жеке басы қауіпсіздігіне мектеп жауап береді. Дегенмен оқушылар арасындағы жаппай төбелес сабақ уақытында емес, сабақтан тыс уақыттарда орын алып жататындығы белгілі. Алайда айналып келгенде таяқтың бір ұшы мектепке келіп тиеді, мектеп атына нұқсан келеді, сонымен қатар мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшісі қатаң сөгіс алып жұмыстан шығарылып жататын жайты да бар. Осыған өз пікірін білдіру үшін ортаға мектеп директоры _________________________________ шақырамыз.

Олай болса,ортаға мектеп психологы ____________________ әпкейімізді шақырамыз:

1) Психологиялық тұрғыдан бұл жағдайларды қалай түсіндіре аласыз? Баланың қылмысқа баруына мектептегі үлгерімі, құрбы-құрдастарының әсері қаншалықты маңызды?

2) Ата-аналармен де арнайы психологиялық кездесулер ұйымдастырып тұрғанды дұрыс деп санайсыз ба?

3) Қоғамдық тәрбиені қалай қалпына келтіруге болады?

Кешіріңіздер, сөздеріңізді бөле кетейін, осы орайда көрермендерден сіздерге сауал жолдауға ұсыныстар түсіп жатыр.

(Көрермендер сұрағы)

Әңгімемізді ары қарай өрбітпес бұрын ортамызға тағы да бір қонағымызды шақырып алайық. Қарсы алайық, ата-ана _________________________________________ әпкей!

1) Жасөспірім арасында қылмыстың өршуінің бірден бір себебі ата-аналар тәрбиесінің жеткіліксіз болуы,тәрбиенің дұрыс берілмеуі. Осы пікірге қалай қарайсыз? Өз көзқарасыңыз?

2) Мамандардың пікіріне сүйенсек, батыстың боевик немесе өзге де зиянды фильмдеріндегі әрекеттерге еліктеушілік қылмыстың қазіргі деңгейіне алып келіп отыр. Мысалы, ресейлік “Бригада” көп сериялы фильмі шыққаннан кейін қылмыс саны артқаны байқалды. Осы тектес фильмдердегі кісі өлтіру, біреуді бопсалау және т.б тыйым салынған әрекеттер бізге үлгі болып отыр. Бұл өте орынды себеп, дегенмен біз бүкіл фильмдерді көрсетпей тастай алмаймыз. Бірақ сөзсіз шет елден келетін фильмдерге фильтр жасау дұрыс идея.

Ал сіз балаңыздың бойына батыстық үлгінің бір бөлігі сіңбес үшін қандай тосқауыл қоюдасыз?

3)Ата-ана ретінде жалпы дін, құқық қорғау саласы, мектеп әкімшілігі тарапынан жүргізіліп отырған тәрбие жұмыстарына өз көзқарасыңыз?

Сөздеріңізді бөле кетейін,осы орайда кітапхана ісі маманына да сауал жолдап өтейін.

________________________________________________:

1) Жалпы оқушылардың кітапқа қызығушылық деңгейі қандай? Мектептің берген тапсырмасына амалсыздан материалдық қажеттілікке бола бас сұға ма,әлде кітапқа деген қызығушылық басым ба?

2) Егер де оқушы қыздар мен оқушы ұлдар деп бөліп қарастыратын болсақ қайсысыларының кітапханамен жұмыс деңгейі жоғарырақ?

Ал осы орайда оқушылар не айтар екен? Пікірлерін тыңдап өтейік.(Оқушылар пікірі)

Жасөспірім қылмысының күн санап артуының бірден бір себебі—жастардың бос уақыттарын тиімсіз пайдалануы.Бұл мәселе біздің ауданда қаншалықты жүзеге асуда?

Аудандық жастар ұйымы жастармен қаншалықты тығыз байланыста?Осы және өзгеде сұрақтардың жауабын алу үшін ортаға Нұрлыкент ауылының спорт нұсқаушысы ______________________ мырзаны ортаға шақырамыз.

  1. Ауданымызда, ауылымызда жастармен жұмыс жүргізу барысымен таныстырып өтсеңіз, жалпы қандай іс-шаралар өтілуде?

  2. Алдағы уақытқа қандай жоспарларыңыз бар?

Олай болса, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Бүгінгі өткен кездесуімізді қорытындылау мақсатында, әрқайсыңыз осы жастар тәрбиесі жөніндегі қорытынды ой-пікірлеріңізді айтып өтсеңіздер.

Ғаламтор, жазба беттеріне үңілсек жүгенсіз жастар тәрбиесінің қалыптасу ошағын бірнеше топқа бөліп қарастырады. Расында да реңі ашылып, жайы жаңғырған бұл жайттарға сіз бен біз тосқауыл бола аламыз. Саналы ой, түбі нық тәрбие бар жерде бөгде көз алартып, бөтен қылық қамал бұза алмас.

Тал бесікті тәрбие тұғырынан таймаса,

Текті жастар тек ақыл ауылына бойласа,

Жаман әдет, жат қылық қамалыңнан өте алмас,

Бес саусақтай бір болсақ, қалғандары далбаса – деп алтын уақыттарыңызды бөліп,бүгінгі дөңгелек үстелімізге қатысып өз ой пікірлеріңізбен бөліскендеріңіз үшін рахмет. Еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға амандық тілеймін.










Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Дөңгелек үстел мақсаты: жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу;

Өтілетін орны:акт залы

Өтілетін мерзімі:

Қатысатындар:9-11сынып оқушылары

Қатысатын қонақтар:

Автор
Дата добавления 05.02.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров473
Номер материала 366012
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх