Инфоурок Другое СтатьиЖАСТА БЕРГЕН ТӘРБИЕ ЖАС ШЫБЫҚТЫ ИГЕНДЕЙ.

ЖАСТА БЕРГЕН ТӘРБИЕ ЖАС ШЫБЫҚТЫ ИГЕНДЕЙ.

Скачать материал

7-ші сынып оқушылары мен сынып жетекшісі

 

Купеева Жанар Балпанқызы   1968 жылы  12  желтоқсанда  Қарағанды  облысы Қарқаралы  ауданы Темірші  ауылында  дүниеге келдім.     Қарағанды Мемлекеттік Университетінің  математика  факультетін бітірдім. Еңбек жолын  №36 Айғыржал орталау мектебінің бастауыш, математика пәні мұғалімі болып 1993 жылдан  бастадым.  2004-2006  жылдарда    №36 Қ Сағындықов атындағы орта мектепте  математика пәні мұғалімі,   2006  жылдан бастап  Томар ауылында  №22 орта мектепте өз мамандығымды жалғастырып келемін. Қазіргі таңда кейбір  сабақ беріп, сынып жетекшілік еткен оқушыларым өзіммен қатар мұғалім болып жұмыс істеп жүр. 2010  жылдан бастап  сынып жетекшілік ететін оқушыларым биыл 13-14-ке келді. Оқушы саны 23. Оның 8-қыз, 15-ұл. Сыныбымыз өте үлгілі, тәртіпті, ұйымшыл мектебіміздің мақтанышы болатын балалар.      Осы балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарым да мектеп өмірінің қоғамдық жұмыстарына қосқан үлесі зор.

 

ЖАСТА БЕРГЕН ТӘРБИЕ ЖАС ШЫБЫҚТЫ ИГЕНДЕЙ.

Мақсаты:  Бала тәрбиесіндегі ата  -ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, баланың дамуына теріс ықпал ететін жолдардың алдын алу, бала тәрбиелеу сапасының жоғарылауына ықпал ету.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар («Бала ортаға қарап өседі», «Баланың-бас ұстазы ата -ана», «Адам ақылымен сымбатты, ұрпағымен қымбатты», «Үйінде ұл мен қызы бардың көгінде жұлдызы бар», «Дәулетіңнің қадірін  ұлың өскенде білерсің, абыройыңның қадірін қызың өскенде білерсің», «Әке-ер, ана-жігер, бір үйде екі кемеңгер»), гүлдер, ата-аналарымның жанұяларымен түскен фото көріністер, шарлар.

Кіріспе сөз. 

Мұғалім:  

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!  «Жаста берген тәрбие жас шыбықты игендей» тақырыбындағы тәрбие сағатында жас адамды саналы, есті, мәдениетті, сергек етіп тәрбиелеу-отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы.  Өйткені «Ес түзелмей ел түзелмейді», олай болса, егемен еліміздің болашағы отбасында тал бесіктен басталып, оқу-тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек.

         Баланы  жастан бақпасаң,

         Жамандықтан қақпасаң,

         Қадірден жұрдай қасқа боп,

         Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.  Әке –шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі.  Әйел –отбасының ұйытқысы.  Баланы өсіріп тәрбиелеу –әйел –ананың тікелей міндеті. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.  Бүгінгі қыз-ол ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші -ата-ана.

         Бүгінгі жұмысымызда сіздермен бала тірбиесі жайында пікірлесіп ой бөлісеміз. Ол үшін топқа бөлініп, столдарға жайғасып отырамыз.

(Белгілер бойынша ата-аналар төрт топқа бөлініп, балаларымен отырады. Сынақ барысын қадағалап, бағалап отыратын сынақшылар құрамы сайланады да оларда орындарына жайғастырылады).

Тәрбие сағатымыз  7   бөлімнен тұрады.   (ата-аналармен оқушыларға анкеталық сұрақтар таратылады және анкеталық сұрақтарға жауап жазылады. Ата–ана  мен баласының жауабы сәйкес келсе ұпай қосылады)

1.     Бөлім  «пікір алмасу»

2.     Бөлім  «мақал –сөз атасы»

3.     Бөлім  «тығырықтан шығу»  (жағдаяттар)

4.     Бөлім  «өнерлі өрге жүзеді»  (үй тапсырмасы)

5.     Бөлім  «кім жылдам?» а) Болашақ білімді жастар қолында

                                     б) Біз қандай ата-анамыз?

6.     Бөлім   «Ата-анаға жадынама»  туралы ой пікіріңіз

7.     Қорытынды (жеңімпаз топты анықтау)

 

 

(Балаларға арналған анкеталық сұрақтар)

1.     Аты –жөні....................................................................................................

2.     Қандай түсті жақсы көресің?.......................................................................

3.     Сүйікті тағамыңды ата..................................................................................

4.     Спорттың қандай түрін жақсы көресің...........................................................

5.     Анаң сені еркелеткенде қандай сөз айтады...................................................

6.     Анаң сені ренжіткенде қандай сөз айтады.......................................................

7.     Ес білгендегі сүйікті ойыншығыңды ата.........................................................

8.     Қандай іспен шұғылданғанды жақсы көресің..................................................

9.     Қандай бағдарламаны теледидардан көргенді ұнатасың   .........................

                ...................................................................................................

10.   Жан досың біреу ғана болады ол кім?................................................................

11.   Сүйікті пәнің мен ұстазыңды жаз........................................................................

12.   Анаң мен әкеңнің сен туралы көп айтатын қызықты оқиғасы ........................

..............................................................................................................................................................................................................................................................................

......................................................................................................................................

............................................................................................................................................................................................................................................................................                            

(Әкелер мен аналарға арналған анкеталық сұрақтар, тек балаңыз жайлы ғана)

1.     Ата–ананың аты –жөні...............................................................................

2.     Қандай түсті жақсы көреді?.......................................................................

3.     Сүйікті тағамын ата..................................................................................

4.     Спорттың қандай түрін жақсы көреді...........................................................

5.     Балаңызды еркелеткенде қандай сөз айтасыз...................................................

6.     Балаңызды ренжіткенде қандай сөз айтасыз.....................................................

7.     Балаңыздың ес білгендегі сүйікті ойыншығын ата............................................

8.     Қандай іспен шұғылданғанды жақсы көреді..................................................

9.     Қандай бағдарламаны теледидардан көргенді ұнатады   .........................

                ...................................................................................................

10.   Жан досы біреу ғана болады, ол кім?................................................................

11.   Сүйікті пәні мен ұстазы кім........................................................................

12.   Балаңыз туралы көп айтылатын отбасылық қызықты оқиғасы .....................

..............................................................................................................................................................................................................................................................................

......................................................................................................................................

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

 

Мұғалім:   Қош келіпсіз, әкелер мен аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңнан жауқазындай құлпырған

Біз бақытты балғын шақты балалар. –дей отырып келесі бөлімімізге өтеміз.

І.  Пікір алмасу. (әр топ екі тапсырма көлемінде ой бөлісіп, пікір алмасады)

1)    Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызар едіңдер?

2)    Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?

3)       Балаңыз туған күніне достарын шақырғысы келді. Бұл жағдайды қалай шешер едіңіз?

4)  Балаларға өзімшілдік мінездің қалыптасуы неліктен?

5)   Балаңыз игілікті іс әстесе қалай мадақтайсыз?

6)  Үй шаруасына байланысты баласын сабақтан жиі қалдыратын ата–аналар туралы пікіріңіз қандай?

7)    Баланың өмір жолындағы әке мен ананың орны қандай?

8)    Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?

9)  Балаңыз қымбат киім сатып алып бер дейді. Сіздің жағдайыңыз көтермейді. Сіз не істейсіз?

10)  Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде, атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар?

11)  Қазіргі кезде бала психологиясына әсер ететін жағдайлар қандай?

12)  Беймезгіл уақытта баласын көшеге жіберіп, өзі үйінде қаперсіз отыратын ата–аналар туралы пікіріңіз қандай?

13)  Қайтсек білімді ұрпақ тәрбиелейміз?

14)  Отбасында бос уақытты қалай пайдаланасыздар?

15)  Тәрбие адамның тағдырын шешеді дейді, сіз қалай ойлайсыз?

16)   «Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса болды. Тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ» дейтін ата–аналарға деген көзқарасыңыз қандай?

Мұғалім:   Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған,

Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған.

Тіршіліктің тынысы мен ажары–

Сіздерсіздер теңдесі жоқ жақсы адам.

Біз сіздерді шуағы мол күн дейміз,

Сіздерден зор құдіретті білмейміз.

Сіздер ылғи қамқор болып келесіз

Сондықтан да жылда түлеп, гүлдейміз. –деп келесі бөлімге келеміз.

ІІ.  «Мақал –сөз атасы» (аяқталмаған мақалмәтелдерді аяқтау)

Бала жас шыбық сияқты......(қалай исең солай иіледі)

Бала жақсы болса–қуаныш,.....(жаман болса–күйініш)

Балапан ұяда не көрсе,.....(ұшқанда соны іледі)

Әкеге қарап ұл.....(өсер, шешеге қарап қыз өсер)

Жирен жаман әдеттен,...(үйрен жақсы әдептен)

Атасыз үй–батасыз, (анасыз үй–панасыз)

Жақсы әкенің даналығы–(балаға мың жылдық азық)

Иманды ұл, инабатты қыз–(елдің көркі)

Мұғалім:   Баршаңызды бал тілімен баурайтын,

Бала деген бір бақыт қой самғайтын.

Ата–ананың арманы мен тілегін,

Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын. –дей келе келесі бөлімге өтеміз.

 ІІІ. «Тығырықтан шығу»  (жағдаяттар, балалардың пікірін тыңдағаннан кейін ата–аналардың  кеңесі тыңдалады)

1.     Сыныпқа кірсең, сенің сыныптасың мұғалімдердің жасаған кабинеттің қабырғасындағы ілініп тұрған көрнекілігін жыртып бүлдіріп жатқанын көрдің. Сен не істейсің?

2.     Сенің өзіңе жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата–анаң қарсы. Сен не істейсің?

3.     Көршіміздің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе–көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен не істеуім керек?

4.     Сен тәртіпсіздік жасадың. Балалармен үзіліс уақытында алысып жүріп партаны сындырып алдың. Көріп қалған мұғалім саған қатты ұрысты. Сен не істейсің?

 

Мұғалім:   Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?

Олай болса уысыңнан шығарма.

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде. –деп келесі бөлімге өтеміз

ІҮ.   «Өнерлі өрге жүзеді»  (үй тапсырмасы, әр топтардың таң қалдырар тапсырмалары мен өнерлері)

Мұғалім:   О, ата–анам,

Таянышым тірегім.

Бар бақытты бір басыңа тіледім.

Бізді жақсы болса екен деп қашанда,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

 Ү. «Кім жылдам?» а) Болашақ білімді жастар қолында(оқушыларға арналған сұрақтар)

       б) Біз қандай ата-анамыз? (атааналарға арналған сұрақтар)

а) Қара  шаңырақ иесі кім?    (кенже   ұл)

     Екі ағайынның балалалары бір–біріне кім болады? (немере)

     Балаға кім сыншы?          (ата)

Бес дұшпанды атаңдар  (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек ,бекермал шашпақ)

18 жасқа толмаған адам?  (бала)

Екі қыздың баласы бір–біріне кім болады? (бөле)

Екі адамның бір–біріне деген адалдығы  (достық)

Бес асылды атаңдар    (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

Әкеден балаға берілетін зат   (мұра)

Анаңның анасы саған кім болады?  (нағашы апа)

Бала дүниеге келген күні жасалатын қандай той?  (бесік той)

Үйдегі алтын қазық кім?  (ана)

 

б) Балдан тәтті не?    (бала)

Қазақстанда қандай білім алу міндетті?       (орта білім)

Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған.     

Әкесі ол әкеңнің,

Білер оны сұраған.  (ата)

Үш қуаныш деген не?  (алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі)

Мұсылманның бес парызын ата? (1)Алланыңбірлігіне және Мұхаммедтің (с.ғ.с.) оның Елшісі екендігін мойындау;  2)Дәрет алып, күніне бес уақыт намаз оқу; 3)Зекет беру; 4)Рамазан айында ораза ұстау; 5)Меккеге қажылыққа бару )

Жас өспірім неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады?   (14 жас)

Балаңыз бірінші сыныпқа қашан барды (2006ж. 1.09.)

Баланың бас ұстазы    (ата ана)

Тәрбие мен білімнің ордасы   (мектеп)

Үйде кім, елде кім қадірлі?  (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде хан, әкім, ұстаз қадірлі)

Үш арсызды атаңдар  (ұйқы, тамақ, күлкі)

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды?  (2002 жыл 8-тамыз)

Мұғалім:   Ата–анам, сенсің мәңгілік менің тірегім

Мен үшін пана нұрлы әлем сыйған жүрегің

Еңбегіңді ақтап, аялап өтсем тек сені,

Болмас–ты басқа перзенттік менің тілегім. –деп келесі бөлімге кезек береміз

 

ҮІ. «Ата-анаға жадынама»  туралы ой пікіріңіз

«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің»

1.     Кішкентайынан көп жапа шеккен бала өскенде кінәмшіл болады.

2.     Кішкентайынан мазаққа ілінген бала өскенде ұялшақ келеді

3.     Кішкентайынан жекіруді көп естіген бала бар кінәні өз мойнына алуға бейім тұрады.

4.      Кішкентайынан көптің бірі болып өскен бала кейін сабырлы, ұстамды келеді.

5.      Кішкентайынан жалғыз тәрбиеленген бала өзімшіл болады.

6.      Кішкентайынан қатыгездікті көп көрген бала өскенде дау –дамайдың қалың ортасында жүреді.

7.     Кішкентайынан көп баланың ішінде өскен бала өте бауырмал келеді.

8.     Баланың оқуына, тәрбиеленуіне, баланың белсенділігінің артуына тек мектеп тәрбиесі мен оқуының арқасында қол жеткізуге болатынын түсініңіз. Мұғалім–сіздің отбасыңыздың досы.

9.     Міндетті түрде ата–аналар жиналысынан қалмай, баланың сабағының үлгерімін қадағалаңыз.

10. Балаңыздың күнделікті оқуындағы табысымен ой бөлісіңіз: бүгін қандай жаңа ұғым алды, нені үйренді? Тек қандай баға алғанымен қанағаттанбаңыз.

11. Баланың күнделікті үй тапсырмасын орындауын қадағалаңыз, егер бала қиналатын болса көмектесіңіз, керісінше өзіңіз орындап беруге үйретпеңіз.

Мұғалім:   Бүгінгі сайыс талай шабыт шыңдады,

Кеш қызығын талай адам тыңдады.

Тәрбиелер тәлімі мол, әсерлі,

Болса егер, көңіл жақын таңдады.

Олар жайлы төреші,

Көрермендер өздерің

Ақ –қарасын айырып,

Куә болды көздерің.

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой саналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Сіздерге құрметпенен қол соғады.

ҮІІ. Қорытынды. (жеңімпаз топты анықтау)

Ата–ананың арманы.

Қипақтайды қит етсе анаң, әкең:

–Қайтсем ғана осыны адам етем?

Басқалардың осындай балалары,

Тап осындай жаңғалақ, шала ма екен?

Ойым емес, оллаһи, біздікінің

Енжарлығы елде жоқ ала бөтен....

Туа сала тұлпардың жалын тартқан,

Қырғиларға қызығып қарап өтем.

Жарық сыйлап маңына, жылу сыйлап,

Бұ да бір күн алаудай жанар ма екен?!

Ел қатарлы елеулі еңбек етсе–ау,

Болмаса да топ жарған дана бөтен,

Мүше тістеп, мықтылар той жасаса,

Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?..

...Үміт пенен күдіктің ортасында,

Ата –ананың жүрегі талады екен!

                                М. Әлімбаев.

Абайдың жетінші, сегізінші, оныншы қара сөздерінде бала туралы, ақыл үйрену мен насихат тыңдау мәселелері сөз болады.

         «Жас бала анадан туғанда, екі түрлі мінезбен туады; біреу–ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары.... Біреу білсем... көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі–жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген». Бұл қара сөзде қаралған бала тәрбиесіне негізгі көмекші бірден–бір ата–ана екендігі айдан анық. Бала болашағына негіз салушы–ата–ана деп құрметті қонақтар бүгінгі тәрбие сағатымды аяқтаймын. Баршамыздың  көз қуанышымыз балаларымыз тәрбиелі, өнегелі, білімді болып өсуіне тілектеспін. Сау болыңыздар.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ЖАСТА БЕРГЕН ТӘРБИЕ ЖАС ШЫБЫҚТЫ ИГЕНДЕЙ."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Корреспондент

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 251 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2017 1720
    • DOCX 155.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Купеева Жанар Балпановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Купеева Жанар Балпановна
    Купеева Жанар Балпановна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27862
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции