Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Жастар арасында салауатты өмір салтының қалыптастырудың маңыздылығы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Жастар арасында салауатты өмір салтының қалыптастырудың маңыздылығы

библиотека
материалов

Жастар арасында салауатты өмір салтының

қалыптастырудың маңыздылығы



Нурбалиева А.А.- гр.М-41 АрқМПИ

Ғылыми жетекші: Абдрахманова М.Т

(Арқалық қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты)



Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру- қазіргі уақыттағы ең көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселенің маңыздылығы- қоғамымыздың әлеуметтік жағдайына, экономиканың бүгінгі уақыттағы хал-ахуалына, экологияның нашарлауына, жастардың өз денсаулығына жауапкершіліксіз қарауы себептеріне байланысты да арта түсуде. Адамның  өз денсаулығына көзқарасын өзгертуі, ең алдымен, тәрбиелік мәселе болып табылады. Осы мәселе бойынша «Жастар арасында салауатты өмір салтының қалыптастырудың маңыздылығы» тақырыбын зерттеулерге талдау жасау барысында мынадай қағидаларды ескеру қажеттілігі жайлы тұжырымға келдік: денсаулықты «біртұтас феномен» ретінде қабылдау және оның жеке тұлғаның өмір сүру салтына байланыстылығын түсіну; салауатты өмір салтын биологиялық және әлеуметтік факторлар арқылы анықтап, жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру.

Қазіргі таңда әлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және экологиялық қолайсыздық бүкіл өркениетті әлем үшін көкейкесті мәселе болып отырғаны баршамызға аян.

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан-2030» жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен салауаты» тармағында  «... азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі көрсетілген.

Салауатты өмір салты - ол адекваттық тәртіп арқылы денсаулықты басқару. Яғни, өз кезегінде Индивидуалдық қажеттілікке негіздеп, керекті білімді таңдап алуға мүмкіндік береді. Имандылық негізіндегі салауатты өмір салты біртұтас, ғылыми тиімді жүйеде қалыптастырылуы қажет.

Ол үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың тәжірибелік- әдістемелік кезеңдерін үш бағытта қарастыруға болады:


1.                      тәрбиелік әрекет;

2.                      денсаулық деңгейінің диагностикасы;

3.                      денсаулық денгейін коррекциялау, түзету.


Тәрбие – қоғамдық, өндірістік, мәдени іс-әрекеттегі рухани және дене дамуына әсер ететін мақсатқа бағытталған жүйелі үрдіс. Ол оқу және ағарту саласымен тығыз байланысты. Тәрбиенің ұйымдастырылуы және мазмұны, мақсаты мемлекеттік және қоғамдық қарым-қатынаспен анықталады.

Тән саулығы- бұл дененің әзірленген бағдарламаны жүзеге асыру және болжанбаған тосын және төтенше жағдайлардан қаймықпай шыға білу қабілеті.

Жан саулығы- бұл біздің ақыл-ойдың, тәніміздің, денеміздің саулығы.

Жан саулығы мен тән саулығы бір-бірімен тұрақты жарасымды бірлігінде болуға тиіс, өйткені бұл адамның жеке тұлғалық денсаулығының ажырамас бөлігі.

Спорттың өзара көмек және ұжымдық сезімді қалыптастырып, жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейтіндігі жақсы мәлім.Адамның материалдық қажеттіліктерінің бірі- дене мүшесінің саулығы. Яғни, адамның денесінің саулығы, сақталуы, нығаюы, ширауы.

Жас ұрпақты рухани-интелектуалды тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Отбасында ата-ананың бала тәрбиесінде жіберген олқылықтары, қадағаламаушылық, жауапсыздық және тәлім-тәрбие деңгейінің төмендеуі салдарынан жастардың жан түршігерлік іс-әрекеттерді жасаған жастар, білім мен тәрбие деңгейінің төмендігі, денсаулық жағдайының нашарлығы, салауаттылық, имандылық, адамгершілік туралы құндылықтардың парқын түсінбейтіндігі жасырын емес. Салауатты өмір сүрудің мән-мағынасын түсінбегендіктен жағымсыз іс-әрекеттерге әуестілік, рухани құндылықтың төмендеуіне әкеліп соғуда.

Сол себепті, рухани құндылық пен салауатты өмір салтын қалыптастыру оқу-тәрбие үрдісінде басты мәселеле ретінде қарастырылып отыр. Бұл мәселе тегін көтеріліп отырған жоқ. Себебі, ерлердің 50-0/0 –ы, әйелдердің 20-0/0-ы, жастардың 30-0/0темекі тартып, жастардың 20,50/0-ы нашақорлыққа ауызданған. Осының негізінде қазіргі таңда ақпараттық құралдарда, теледидарда бейнефильмдер арқылы осы бір дертке тосқауыл қою барысында көптеген іс-шаралар өткізілуде.Теледидарлар арқылы спирттік ішімдіктердің, нашақорлық пен темекінің зияны мен әкелетін қасіреті жөнінде жарнамалар мен роликтер көптеп көрсетілуде. Бұның бәрі халықтың санасын, өз денсаулығына деген көзқарасын өзгертуге үлкен ықпал етуде. Мына өркениетті дамыған қоғамды тек - дені сау адам ғана құра алады. Жастарымыздың денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні таза, танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеті ерекше, адамгершілігі мен имандылық қасиеті үйлескен тұлғаларды тәрбиелеу...

«Тәні саудың - жаны сау", "Шынықсаң шымыр боласың, "Есірткіге елікпе, спортты ал серікке"-деген қанатты сөздермен студент жастарды салауатты өмір сүруге тәрбиелеуіміз шарт.

 




Әдебиеттер:


  1. Сәулебекова М. Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі. //Биология және салауаттылық негізі, №3-2005.

  2. Исимова А.Салауатты өмір салтын – қалыптастыру. //Биология және салауаттылық негізі. №5-2003.

  3. Сәуле Елеусізова «Қарым-қатынас психологиясы» Алматы 1995ж.

  4. Денсаулық сақтау жүйесі туралы 2003 жылғы 4 маусымдағы N 430-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы


Конференцияға қатысуға өтініш

  1. Нурбалиева

  2. Асем

  3. Асылбековна

  4. Математика мамандығы, 4-курс

  5. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

  6. телефон 87755083445

  7. asema__94@list.ru

  8. Секция "Здоровье как социальная ценность.Формирование здорового образа жизни в молодежной среде"

  9. Мақала тақырыбы " Жастар арасында салауатты өмір салтының

қалыптастырудың маңыздылығы"





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру- қазіргі уақыттағы ең көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселенің маңыздылығы- қоғамымыздың әлеуметтік жағдайына, экономиканың бүгінгі уақыттағы хал-ахуалына, экологияның нашарлауына, жастардың өз денсаулығына жауапкершіліксіз қарауы себептеріне байланысты да арта түсуде. Адамның өз денсаулығына көзқарасын өзгертуі, ең алдымен, тәрбиелік мәселе болып табылады. Осы мәселе бойынша «Жастар арасында салауатты өмір салтының қалыптастырудың маңыздылығы» тақырыбын зерттеулерге талдау жасау барысында мынадай қағидаларды ескеру қажеттілігі жайлы тұжырымға келдік: денсаулықты «біртұтас феномен» ретінде қабылдау және оның жеке тұлғаның өмір сүру салтына байланыстылығын түсіну; салауатты өмір салтын биологиялық және әлеуметтік факторлар арқылы анықтап, жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру.

Қазіргі таңда әлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және экологиялық қолайсыздық бүкіл өркениетті әлем үшін көкейкесті мәселе болып отырғаны баршамызға аян.

Автор
Дата добавления 05.07.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров380
Номер материала 315070
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх