Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / «Жастарға патриоттық тәрбие беру – жаңа қазақстандық азамат қалыптастырудың алғы шарттары»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

«Жастарға патриоттық тәрбие беру – жаңа қазақстандық азамат қалыптастырудың алғы шарттары»

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Жастарға патриоттық тәрбие беру – жаңа қазақстандық азамат қалыптастырудың алғы шарттары»



Жиналысымыздың тақырыбы - бүгінгі күн тәрбиесіндегі бірден - бір қажетті, кезек күттірмес мәселе деп ойлаймын.

Бүгінгі жаһандану ғасырында өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, болашағына жөн сілтеу - бәрімізді де ойландыратын мәселе. Себебі, Ұлтымыздың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.

Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз - келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу деген сөз. Ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін, баланы адамгершілік мұратқа ерте бастан баулу оның отбасынан басталып, мектеп қабырғасында жалғасын табады. Демек, бала тәрбиесіндегі ата -ананың ролі басым болып келеді.

Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. «Отан отбасынан басталады» демекші, өз халқын, Отанын сүйетін нағыз азамат тәрбиелеуде ата-ананың ролі ерекше. Ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын ізгілік, адамгершілік, үлкенді құрметтеу, ұяңдық, пәктік сияқты халқымыздың асыл қасиеттері ерте заманнан бері атаның қанымен, ананың сүтімен бойымызға сіңіп келеді.

Нағыз патриот болу үшін балаға не қажет?

Балаға айналасындағы өмір шындығы ауадай қажет. Ең алдымен өз ұлтымыздың әдебиеті мен мәдениеті, салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен, өнерімен тереңірек таныс болуы тиіс. Ол үшін ұлттық идеологияны күшейтіп, халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұрасын, дархан пейілін, ұлтжандығын, қайсарлығын насихаттап көрсете білуіміз керек.

Бала үшін өз отбасының шыққан тегін, жеті атасын білу маңызды әрі басты парызы деп есептеймін. Сондықтан да отбасы шежіресінің бала тәрбиесінде алатын орны туралы мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Шакиров Ғиният Арыстанұлы тоқталып өтсе.

Осындай үйлесімділік тапқан тәрбие негізінде өз Отанын сүйетін, абыройын асқақтата алатын, шын мәніндегі жанашыр, жалынды жастарды тәрбиелеуге мүмкіндік туады.

Жоғарыда аталған талап тұрғысында әке мен шешенің және баланың басқа да ересектерінің өзара жақсы қарым-қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, тіпті ата-ананың жүріс-тұрысы, еңбек сүйгіштігі, ізденістері бәрі балаға өнеге. Ата-ананың өзара тату-тәтті  сыйластығы, мейірбандық пен ыстық ықыласы, сөйлеген сөздері бәрі-бәрі балаға ерекше әсер етеді.

Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.

Жеке тұлғаның өзін, қоршаған ортадан тәрбиені бойына сіңіріп өсуін, өсімдіктің күн сәулесі арқылы өскені сияқты қарастыруымызға болады. Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса, тәрбие тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет. Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өсіреді. Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы, жақсы мен жаманды ажырата білуі, өзін қоршаған ортасына, мұғаліміне, ата-анасына, құрбы-құрдастарына, олардың іс-әрекеттеріне байланысты.

Кешегі күнсіз, келешек жоқ. Бүгінгі ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату - біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы бабаларымыздың өнеге -өсиетін ұтымды пайдалана білуімізге де байланысты деп ойлаймын.

Әке-шешесі жақсы болса, балалары да жақсы тәрбие алып өседі. Бұл сөздерді біз өте жиі естісек те, «жақсы әке-шеше» деген сөз қандай мағына беретінін түсіндіре алмаймыз. Әке-шеше болатын адамдар жақсы ата-ана болу үшін арнайы әдебиеттерді оқу немесе тәрбиенің ерекше тәсілдерін үйрену керек деп ойлайды. Әрине педагогикалық және психологиялық білім керек, бірақ бұл әдетте жеткіліксіз болып табылады.

Қандай да бір жұмыста шеберлікке үйренген тәрізді әке-шеше болуды да үйренеміз. Жақсы әке-шеше болуда қандай да бір әрекет түрінде қателіктер, сенімсіздіктер, сәтсіздіктер, жеңілістер сонымен қатар жеңістер де болуы мүмкін. Отбасындағы тәрбие сол өмірдің өзі болып табылады.

Бала әке-шешенің тәрбиелеу объектісі емес, ортақ отбасылық өмірдің одақтасы болу керек.

Мектебімізде ұстаздар, ата-ана, оқушы ұйымдары бірлесіп, іс-шаралар өткізу жоспарға қойылған. Спорттық ойындар мен танымдық, шығармашылық кештерге оқушылар жиі қатыстырылып, ата-аналарды да тарту мақсатында «Ашық есік» күндері жарияланып, ата-аналардың сабақтарға, тәрбие сағаттарына қатысуы қадағаланды. Әрбір ата-ана өз баласының мектеп өміріне жиі араласып, атаулы мерекелік шараларға қатысып, өткізілуіне ат салысып, қызығушылық танытса нұр үстіне нұр болар еді. Дегенмен бұндай белсенді ата-аналардың қатары сирек кездесетіні өкінішті жағдай. Сондықтан да, мектеп қабырғасында ұйымдастырылатын мемлекеттік атаулы күндердің тойлануына, сынып жетекшілермен бірлесіп ат салысса, балаларға берілетін тәрбиенің де оң әсері болатыны сөзсіз. Нәтижесінде, әр ата-ана өз балаларының өнерін тамашалап, кем-кетігін байқап, бала тәрбиесіне көңіл аз бөлінетінін мойындап, жауапкершілікті сезінеді деген ой туындайды.


Қорытындылай келе, тәрбиедегі ең басты ережелер - балаға керекті кезде назар аудара білу, оған деген махаббатты қай жаста да көрсете білу, оның көзқарастарын, ерекшеліктерін түсіне білу.

Ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру отбасының және барша жұртшылықтың міндеті болып отыр.

Құрметті ата-аналар, сіз өз отбасыңызда балаларыңызға патриоттық тәрбие беру үрдісін қалай жүзеге асырудасыз?



























«Сәулет» мектеп-лицейі















«Жастарға патриоттық тәрбие беру – жаңа қазақстандық азамат қалыптастырудың алғы шарттары»

(жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы)









Баяндамашы: Нургалиева З.К.















Тасқала 2015


















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 23.07.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров80
Номер материала ДБ-146254
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх