Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Жасушаның құрамындағы органикалық заттар, көмірсулар, липидтер, неуклейн қышқылдары

Жасушаның құрамындағы органикалық заттар, көмірсулар, липидтер, неуклейн қышқылдары

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі: Мұханова Г

Күні:

24.09.14ж

Пәні:биология

Класы: 10

Тақырыбы:

Жасушаның құрамындағы органикалық заттар, көмірсулар, липидтер, неуклейн қышқылдары

Мақсаты

Оқушыларды жасушаның құрамындағы органикалық заттармен таныстыру.

Күтілетін нәтиже

Жасуша құрамындағы органикалық заттарды есте сақтау,олардың жасуша үшін атқаратын қызметін білу.

Түйінді идеялар (кілтті сөздер)

Оқушыларды ұйымшылдыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ кезеңдері:

Сабақ барысы

Бағалау

Ресурстар

1.Кіріспе











1.ұйымдастыру

Амандасу «Алақан жылуы»арқылы.


Топқа бөлу Стикерлердің түстері арқылы жұптастыру

«Шыңға шығу» әдісі
1. Жасушаны ашқан ғалым:
А. Д. И. Ивановский
В. Р. Гук
С. Д. И. Менделеев
Д. И. И. Мечников
Е. Я. Беккори
2. Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының цитоплазмамен тікелей байланысқан ішкі қабаты:
А. Плазмалемма
В. Пластид
С. Вакуоль
Д. Мембрана
Е. Митохондрия
3. Жасушаның ядросын қоршап жатқан қоймалжың зат:
А. Вакуоль
В. Цитоплазма
С. Мембрана
Д. Гольджи жиынтығы
Е. Эндоплазмалық тор
4. Эндоплазмалық торды 1945 жылы К. Портер микроскоптың көмегімен тапты:
А. Раушан гүлінің ұлпасынан
В. Тауық балапанының ұлпасынан
С. Қан жасушасынан
Д. Қосмекенділерден
Е. Сүтқоректілерден
5. Жасушаның «ас қорыту мүшесі» дегеніміз:
А. Гольджи жиынтығы
В. Лизосома
С. Вакуоль
Д. Рибосома
Е. Ядро
6. Жасуша мембраналары арқылы ірілеу келген түйіршіктердің өтуі:
А. Пиноцитоз
В. Фагоцитоз
С. Көбею
Д. Фотосинтез
Е. Сүзілу
Дұрыс жауаптары:
1 - А.
2 - А
3 - В
4 - В
5 - В
6 - В
.




Түс арқылы бағалау












2.Тұсаукесер








1.Жаңа сабақ. Көміртек тізбектері мен сақиналары органикалық қосылыстардың қаңқасын құрайды.

Көмірсулардың молекуласының құрамына көміртек, оттек және сутек атомдары кіреді. (С, О, Н). Көмірсулар — органикалық заттардың ішіндегі аса маңызды қосылыстардың бірі, олардың жалпы формуласы — Сп2О)п. сутек атомдары, көміртек атомдарынан екі есе көп болатындықтан, оларды көмірсулар деп атаған. «Көмірсу» деген терминді ғылымға 1844 жылы орыс ғалымы К.Шмид енгізген болатын.

Кейбір өсімдіктердің жемістеріндегі құрғақ зат масс.80—90%-ы, ал жануарларда 1-2%. Олар биополимерлерге жатады. Қарапайым көмірсуларға: моносахаридтер, ал күрделісіне полисахаридтер.Моносахаридтердің атаулары — молекуласындағы көміртек атомы санының артуына байланысты. Мысалы, триоза (3 көміртек атомы), тетроза (4), пентоза (5), гексоза (6) ж/е т.б.

Триозаның өкілдеріне сүт кышкылы мен пирожүзім қышкылы жатады. Олар тірі организмде жүріп жаткан ашу жөне тотығу процестеріне катысады.

Тетрозаның өкілі — эритроза организмде жүріл жаткан зат алмасу процестеріне, яғни фотосинтез процестерінін аралык заты ретінде катысады жене көмірсу молекуласының сақиналы формасының түзілуінде де маңызы зор.

Пентозаның өсімдіктер мен жануарлар жасушасында кенінен таралған түрлері — рибоза және дезоксирибоза. Олар нуклеин кышкылдары — дезоксирибонуклеин кышкылы (ДНҚ) мен рибонуклеин кышкылы (РНҢ) молекулаларының ж/е аденозинтрифосфорқышкылының (АТФ) күрамына кіреді. Нуклеин кышкылдарының дезоксирибонуклеин жене рибонуклеин кышкылдары деп аталуыньщ әзі осы пентозаның түрлеріне байланысты.

Табиғатта гексоза кеңінен таралған. Оларға: глюкоза, фруктоза жене галактоза жатады. Гексозанын жалпы формуласы: С6Н12О6. Гексоза тобына жататын моносахаридтердің ішіндегі ең көп таралғаны — глюкоза. Жүзім қанты — глюкоза бос күйінде өсімдіктің жемісінде (әсіресе жүзім шырынында), гүлінде және т.б. мүшелерінде, қанда, ми ұлпасында ж/е т.б. болады. Ол организмдегі энергияның негізгі көзі болып есептеледі. Глюкоза — қан плазмасының тұрақты заты, оның мөлшерінің кеміп не артып кетуінен организм қауіпті ауруларға ұшырайды. Глюкоза жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездерінің жүмысын реттеуге де қатысады.






2 жұлдыз 1 тілек


Маркер,

Слайд ,стикер,плакат

Суретті қағаздар


3.Негізгі бөлім




Липидтердің қыз. құрылыс, энергия көзі, қоректік зат, қорғаныштық ж/е метаболизмдік ж/е т.б.

Құрылыс қызметі. Липидтердің суда ерімейтін касиеті оның жасушадағы кұрылыс кызметін атқаруына мүмкіндік береді. ұлпалардың, жасушалардың ж/е олардың органоидтерінің мембраналары фосфолипид молекуласынан түзіледі. липидтер көптеген биол-қ қосылыс-ң түзілуіне қатысады.

Липидтер — энергия көзі.. Май — организм тіршигігіндегі негізгі энергия козі. Организмге кажетті энергияның 25—30%-ьш липидтер береді. Майдың 1 грамы толық ыдыраганда, 38,9 кДж энергия болінеді, ол нәруыз бен көмірсудан бөлінетін энергиядан екі есе көп.

Май — қоректік қор заты. Организмдер денедегі майды коректік зат ретінде жинактайды. Мысалы, бунакденелілер, сүтқоректілер жөне адамның тері асты қабатында, шарбыда, көптеген өсімдіктердін тұқымдарында және т.б. мүшелерінде май қоры жинакталады. май корының кыскы үйқыға кететін организмдер үшін маңызы ерекше.

Майдың қорғаныштық қызметі. Май жылуды нашар өткізеді. Осыған байланысты жануарлар тері астындағы май қабатының есебінен дене темпер. тұрақты сақтайды. Мысалы, киттің тері астындағы май қабатының қалындығы 1 м-ге дейін жетеді, бұл оның солтүстік теңіздердегі суық суда үнемі тіршілік етуге бейімділігін арттыра түседі.

Өсімдік тұқымдарында майдың көп болуы — жаңа дамып келе жатқан өсімдікке, оның тамыр жүйесінің бекініп, өзіне тиісті қызмет атқара бастағанша энергиямен камтамасыз ету үшін кажет.

Май — су көзі. 1 кг май тотығып ыдырағанда, 1,1 кг су түзіледі. Мүндай суды «метаболит су» деп атайды. Қыста ұзақ ұйқыға кететін, сол сияқты сусыз шөлді жерлерде тіршілік ететін жануарлар (кейбір кемірушілер, бөкендер, түйелер жөне т.б.) организміндегі тотығыш, ыдыраған майдың суын пайдаланады.

Бағдаршам көздері арқылы бағалау








4.Қорытынды




Смайликтер арқылы көңіл күйлерін білу

1.Органикалық заттар дегеніміз не?

2.Көмірсулардың адам өміріндегі маңызы қандай?

3.Липидтердің маңызы қандай?



Житон арқылы бағалау


Қосымша оқу

Үйге тапсырма

Жасуша ерекшеліктеріне тоқталу



Рефлексия

Миға шабуыл





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 26.01.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1110
Номер материала ДВ-381064
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх