"Жақсы сөз жарым ырыс." Өзін-өзі тану пәні

Предпросмотр материала:

 

 Өзін өзі тану 

9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Жақсы сөз жарым ырыс.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жақсылық, адамгершілік, қасиеттері туралы түсініктерін дамыту.
Міндеттері: Оқушылардың ізгілік, жақсылық туралы ұғымдарын кеңейту. Оқушыларды жақсылықты бойына сіңіруге, жағымды қарым қатынас жасай білуге үйрету. Сүйіспеншілікке, ойлылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Дәптер
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы.
Шаттық шеңбері: оқушылар шаттық шеңберіне жиналып бір - бірінің бойынан қандай жақсы қасиет бар екенін айтады.
Сөз жұмбақ шешу:
Сұрақтары:
1. Адам өмірінің бір кезеңі, шағы?
2. Өмір негізі неде?
3. Адамның асыл қасиеттерінің бірі?
4. Кіші мемлекет деп нені атайды?
5. Бір – біріне шын берілген, кез келген қиын шақта көмектесуге дайын адамдар арасындағы қарым – қатынас?
6. Адамгершілік бастауы, немесе адамның өзін - өзі дұрыс ұстауы
7. Бірлік, ауызбіршілік сөздерінің синонимі?
8. Сіз өмір сүріп жатқан орта: сізді қоршаған орта?

Пікірлесу: Сұрақ жауап.
1. Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
2. Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?
3. Жақсы сөз айту жақсылыққа жата ма?
4. Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?
5. Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

Мәтінмен жұмыс.
Кітаптағы А. Қоныс «Сөз құдіреті» әңгімесін оқып талдау.
1. Жақсы сөз, шынайы тілек адамға қалай әсер етеді?
2. Жақсылық естігенде қандай сезімде боласыңдар?
3. Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөз айтқыларың келеді?

Назар аударыңыз
Жақсылық: Адал қасиет, Жылы лебіз, Ізгі ниет, Ізгілік әдеттер, Ізгілік, мейірімділік, Сыпайылық, Игі іс.

Дәйек сөз: Жақсы сөз адамға не береді?
Қуат береді, жанын жадыратады, көңіл көтереді.
Дәптермен жұмыс.

Ойын жаттығу.
Оқушылар 5 топқа бөлінеді. 5 топ шағын диалог – көрініс құрастырып, жақсы сөздерді пайдалана отырып көрсетеді.
Қорытындылау: Балалар біз бүгінгі сабақта жақсы сөз – жарым ырыс тақырыбымен таныстық. Жақсылық жасау адамның ғана қолынан келеді. Қайырымдылық пен қамқорлықтан, махаббаттан, ізгілік пен игіліктен тұрады. Осы барлық қасиеттер қай адам бойынан табылса сол адамды жақсы адам деп айта аламыз. Қолымыздан келгенше жақсылық жасау қажет. Жасаған жақсылығымыз алдымыздан шығады. Жақсылық жасасақ өзіміз де жақсылыққа, қамқорлыққа бөленеміз. Адамзат біткен бір - біріне барлық уақытты жақсылық жасайтын болса, қоғамның болашағы жарқын адамдары бақытты болады. Қиын жағдайда досыңа бір ауыз жақсы сөз айтып, көмектесе алсаң жақсылық жасағаның яғни «жарым ырыс» деген сол.

Жүректен – жүрекке.
Балалар сіздерді жүректен – жүрекке шеңберіне шақырамын. Балалар біз бүгінгі сабағымызда адамның бойындағы жақсы қасиеттер туралы айттық.

 

Краткое описание материала

"Жақсы сөз жарым ырыс." Өзін-өзі тану пәні

5

(1 оценка)

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Жусипбек Шотбай Курманбайұлы

учитель

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 11090
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 5
  • 11090
    просмотров
  • 5
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Жусипбек Шотбай Курманбайұлы.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~230

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: