Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / "Жат ағымнан жастарды қалай қорғаймыз".

"Жат ағымнан жастарды қалай қорғаймыз".



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәрбиеден қателік кетсе --өмірбойы өкіндірері сөзсіз.


Рабай Күнайым Түйешіқызы

Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық

колледжінің педагог- психологы


Қай кезде де  халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне  көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі – жастарды патриоттық , адамгершілік, имандылық үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс саналады. Егемендік алған жиырма жылда жеткенімізбен бірге жоғалтқанымыз да жоқ емес.

Қазіргі қоғам жастары:

- Сауатты, көзі ашық, көкірегі ояу;

- Шет елдерде білім алуда;

- Бірнеше тілді меңгерген - бұл жақсы жағымыз.

Ал кейбірі адамгершілік құндылықтан алыстауда . Неге олай?

Өйткені, қазіргі заман отбасына кері әсер етуші төмендегідей факторлардың барын да ұмытпайық:

- Адами ізгілік нормаларына жат шетелдік фильмдердің жастарды қатыгездікке тәрбиелеуі;

- Ата – аналардың рухани жадағайлығы :

- Кітапты рухани байлығы ретінде сезінбейтін ұрпақтардың өсуі;

- Теледидар алдында отыратын, бір текті ойлайтын, ішкі жан дүниесі тым ұқсас, нәрсіз, жадау ұрпақтардың көбейіп бара жатқандығы;

- Жастардың қажетті, қажетсіз ақпарат алуы;

- Ата аналарда халықтық тәрбие мен этнопедагогика мәліметінің аздығы; Сондай-ақ бала психологиясына әсер ететін аспектілер :

- Ата – аналардың бала жанын түсінбеуі ;

- Дифференция (қоғамның әлеуметтік бөлінуі) ;

- Өзін – өзі қорғау құқығының жетіспеуі ;

- Әлеуметтік – психологиялық білімнің аздығы;

- Әлеуметтік - психологиялық қиындықтардың болуы.

Егемендік алған кездегі  он жасар қыз қазір отызға келген ана болды. Ол өзінше жаңа заманның баласын дайындап жатыр. Дегенмен, бала тәрбиесінде әсіресе қыз бала тәрбиесінің кей тұстары ойландырары сөзсіз. Ауыл қызы қалаға келді. Ауылда өскен қыз қалада түн бар екенін, түнде қасірет бар екенін, сол түнде тонаушылар мен көргенсіздер бар екенін білмейтін еді. Бізде жастардың көңіл көтеретін орны ылғи мейрамхана, түнгі клуб. Ол жерден қыз бала тәрбие сөзін естімейді. Бөтен әуенге секіреді. Міне, содан келіп енді ғана мамандық таңдап студент атанып жаңа өмірге атай бастағанда албырттық сезіміне жол беріп, ес жиып, етек жинағанша келін атанып та үлгеріп жатады. Адасуға түсіп, күмәнді секталардың жетегінде кететіндер ше.. «Пәрәнже жамылып жүргені үшін ақша береді екен» дегенді де естиміз. Күнкөріс үшін сондай қадамдарға барады. Ақшаны қайдан алып жүрсің деп ата-ана сұрамайды. Анасы «Менің қызым дінге кіріп, етегін жауып жүр» деп ойлайды. Мәселе ұзын етекте емес, мәселе ол қыз  сауатты ма, білімді ме, мына ғасырға сай ма деген сұрақ төңірегінде. Егер мына ғасырдың жылдамдығына ілесе алмаса, ертең ана болғанда баласының қойған сұрағына жауап бере алмаса, шұбалған етегімен қай жерге дейін барады деп ойлайсыз?! Ендеше жат ағымнан жастарды қалай қорғаймыз?

Маған қатысты емес дейтін нәрсе жоқ қазір. Ертең бұл сауал сіздің де есігіңізді қағуы мүмкін. Сондықтан біздер тек қантөгіс пен зұлымдықты көздеген топтарға өз қателіктері мен адасушылығын түсінбей жүрген балаларымыз бен жастарымызды олардың құралы ретінде пайдалануға жол бермеуіміз қажет. Әр бір жас өз болашағын өзі жоспарлап, яғни «мен өскенде маман болғанда немесе ата-ана болғанда мынандай боламын» деп қиялдауымен қатар «Болашақ бүгіннен басталатынын» санасына сіңіре айтып, психологиялық түсінік жұмыстарын жүргізіп, казіргі заманауи тәрбиелік бағыттағы шараларды жүйелі жүргізуіміз қажет. Бұрынғы «көршілерден ұят болады», «ағайыннан ұят болады» деген менталитеттен арылып, өзіңнің арыңның алдында ұялмайтындай өмір сүр , ана алдында аласа, ар алдында биік бол деп ұрпақтың санасына жеткізуіміз, ата-ана балаларын балам деп қана қарамай, дос, серік, өзінің шаңырағының тірегі ғана емес, ертеңгі елдің тірегі деген түсінікпен тәрбиелеуіміз өмірге деген құштарлығын арттырары сөзсіз.

Бірде көшеде отырғызылған жас теректің бірін шамасы 2,3-сыныпта оқитын оқушылардың сындырып , жұлқылап тұрғанын көрдім . Өкініштісі балаларда табиғатқа , әсемдікке деген қызығушылық пен аяушылықтың жоқтығы, ал көріп тұрған үлкендерде тоқтатудың болмағаны қынжылтты. Жастарды спортқа, өнерге, ғылымға бағыттау керек екенін бәріңізде біліп отырсыз. Сондықтан да ата-ана, колледжі , мектеп , шығармашылық орталықтар бірігіп әрекеттенсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Ең бастысы бірлік пен көзқарасымыздың арасы алшақтамаса, жастарды жат ағым көшіне ілестірмеудің ең тиімді жолы осы болары сөзсіз.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 06.02.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров99
Номер материала ДВ-421780
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх