Инфоурок Другое ПрезентацииЖат қылықтан аулақ бол

Жат қылықтан аулақ бол

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

жат қылық.аулақ бол.docx Социальная реклама. Уважение к старшим..mp4 VID-20160214-WA0003.mp4 ж.қ.аулақ бол.pptx жағымды ахуал (1).wmv

Выбранный для просмотра документ жат қылық.аулақ бол.docx

         ДТІЖО:                            Ізтілеуов Ғ.

29.02.2016 ж.

 

Сабақтың тақырыбы: Жат қылықтан аулақ бол.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішігеқамқор болуға үйрету.

Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

Әдептілікке, адамгершілікқасиеттергетәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Көрністергеқажеттіқұралдар, макеттер, интерактивтітақта.

Жағымды ахуал қалыптастыру.

 

Сабақтыңбарысы:  Шаттық шеңбері:

Армысың досым

Кел маған қосыл.

Алақанға салып алақан,

Шеңберге бірге тұрайық.

Жер шарындай айналып,

Әлемге жарық шашайық.

Қолымызды көтеріп,

Күннің нұрын алайық.

Ортамызда күн нұры,

Құшаққа оны алайық.

 

Топқа біріктіру:    (топқа ат қою, топ басшысын сайлау)

Сабақты әнұранымызбен бастайық.

І Кіріспе.

1. Видео  «Үлкенге құрмет»

Талдау жүргізіледі.

Ересек  балалардың  осындай болуына не әсер етті деп ойлайсыңдар?

Балаларға мінездеме беріңдер.(Үлкенді сыйлайтын, еңбекқор, адамгершілігі мол балалар)

 

Адам бойында жақсы-жаман  қасиеттер болады. Бізге адалдықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ата-бабаларымыз, ұстаздарымыз үйретеді. Алдымен  бұл қасиеттер  біздің бойымызға ананың  ақсүтімен  дариды.

Сондай-ақ  адам  бойында  жаман,  жат, теріс  қасиеттер де болады.

Ол  қандай қасиеттер, одан қалай сақтанамыз, оны бүгінгі «Жат қылықтан аулақ бол»  атты сабағымыздың барысында білетін боламыз.

ІІ Негізгі бөлім.

1.Атасына келді де,

Сұрады сәби немере.

Жақсы деген немене ?,

Жаман деген  немене ?.

( Адам бойында болатын қасиеттерді «жақсы», «жаман» деп бөледі) плакатқа жазады.

 

2. Абай атамыздың «Адам болам десеңіз» өлеңі жатқа  оқылып, бес асыл  іс пен бес дұшпанды ажыратады.

Үш артық: адалдық, еңбексүйгіштік, өнерпаздық.

Үшкемдік: надандық, еріншектік, зұлымдық. (Абай)

 

3.Жұмбақ шешу.

Дәптеріне әріпті

Қаздайтізіпжазатын,

Үйді таза сақтайтын,

Кітаптарды шашпайтын  баланы  кім  дейміз? (ұқыпты)

Түймесін де қадайтын,

Сабақтан да қалмайтын,

Еденді де жуатын

Еңбекті  қатты сүйетін  баланы кім  дейміз? (еңбекқор)

Қол ұшын беріп,

Көмегін де аямайтын.

Қызығына қуанып,

Ренжи қалса , жұбататын  адамды  кім   дейміз? (дос)

Ән де айтаалатын,

Би де билепберетін,

Домбыра да  күй ойнап,

Сурет сала білетін баланы кім  дейміз? (өнерлі)

Жаны үнемі  жадырап,

Күлімсіреп қарайтын,

Жылы сөздер  айтатын,

Жүрегі  жұмсақ  адамды кім  дейміз? (мейірімді)

Үлкеннің  жолын  кеспейтін,

Сәлем беріп жүретін,

Кішіге ізет білдіріп,

Қамқоршы бола білетін  баланы кім  дейміз? (әдепті)

 

Би «                             »  6г сынып

4. «Мен қандаймын?»

Балалар  күннің суреті салынған параққа өздерінің бойында қандай қасиеттер барын жазады.

 

5. «Ыстық орындық»

Ортадағыорындықтабіроқушыотырады. Басқаоқушыларсолбаланыңбойында барқасиеттердіайтады. Ол баланың өзі жазған пікірімен салыстырылады.

Оқушылардың ойы ортаға салынады. Бұдан шығатын қорытынды «Кемшіліксіз адам болмайды, өзіңнің кемшілігіңді мойындау ол да бір ерлік»

 

 

Ән «                        » 6г сынып

6. Көрініс «Жат қылық»  6ә сынып оқушылары

Талдау жүргізіледі.

 

Өлең шумақтары:   6е сынып оқушылары.

Аружан :Уа халқым, назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сауда.
“Денсаулық – терең бақыт” деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Нұржан :Денің сауда күштісің бұл әлемде
Денің сауда сұлусың жер бетінде. 
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де.

Нұртілеу :Денің сауда жетерсің арманыңа
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің 
Бар қызық, рахатын, жарығын да.

Эльнура: Денсаулық – шексіз бақыт халқым менің
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа.
Қолда барда біл оның қасиетін
Күтіп, баптап аяла әр уақытта

Мұғалім :   Ішімдік,  темекі, нашақорлық – адамның  жауы. Бұл жолдан  аулақ жүру керек. Басты байлық денсаулық екендігіне  сіздердің көздеріңізді  жеткізгіміз  келеді. Ата –анамыздың, ата-әжелеріміздің және ұстаздарымыздың айтқан ақыл кеңесін ойымызға тоқып, жаман әдеттерден аулақ болсақ, болашағы жарқын, адамгершілігі мол адам болып өсеміз.

Ән «                            »  6 г сынып

7. Көрініс «Дос» 6 е сынып

Бір топ оқушы өзара әңгімелесуде. Оқшау бір оқушы тұр. Топ оқушының арасынан біреуі жеке тұрған оқушыны көрстіп еді, топ оқушылар қолдарын сілтеп, жақтырмаған ыңғай білдірді. Жеке тұрған оқушының қасына біреуі барады. Екеуі мәз болып шығып кетеді.
ДАУЫС: Үш күннен соң…
Топтан шыққан оқушы топтың қасына келіп: «Білесіңдер ме, Ақзира маған өзінің бар қызықтарымен сырларын  айтты…» Жүріңдер қызықтарын айтып беремін.
Бәрі шығып кетеді.

Түйінді идея:   Жақсымен дос  болсаң жетерсің мұратқа,

                            Жаманмен дос болсаң қаларсың ұятқа.

8. «Жіп шешу» ойыны :  оқушылар жұпқа бөлінеді, әр жұпқа шиленген жіп беріледі. Жұптасқан  оқушылар сол қолдарын артқа ұстап, оң қолдарымен бірлесе жіпті шешу керек.

9. Кемпірқосақ ойыны: оқушылар бір сәт жаңбыр жауып  тұр деп елестетіп, одан қорғанайық,  біраздан кейін  жаңбыр тоқтап, оқушылар кемпірқосақты көреді. Сол кезде оқушылар өздерінің жаман қасиеттерін қағазға  жазып, шиыршықтап тастайды, аяқтарымен таптайды да, сілкінеді.

 

 

 

Қорытынды:

                                                      Адамға ең керегі

Адамға ең керегі-                                                                                                           Адамшылықпен кең құшақ.                                                                                                         Өмір сүргім келеді,                                                                                                                                  Өзге емес, ер құсап.                                                                                                                              Адамға ең керегі-                                                                                                                        Тоқсан тоғыз өнер де.                                                                                                                      Өмір сүргім келеді,                                                                                                                          Тамыр жайып тереңге.                                                                                                                          Өмір сүргім келеді,                                                                                                             Тілегімнің шегі жоқ,                                                                                                                       Өнер нұрын төгеді,                                                                                                                             Тұра білсек көгі боп.                                                                                                                    Өмір сүргім келеді,                                                                                                                      Бақытты боп, арлы боп.                                                                                                      Адамзатқа керегі-                                                                                                                                  Жүрмесе ешкім зарлы боп.

 

Оқушылар біздер қателік жасап , кінәлі болғандармен сөлескенде олардың жан айқайын, тілектерін тыңдап, жәрдем беруге, өтініштерін тыңдауға әзір болайық.  Олардың жақсы ниетке ауысуына жағдай туғызып, қайырымды, игі істер жасауына көмектесуіміз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

                           С. Адамбеков атындағы жалпы орта мектебі

 

Тәрбие сағаты
 

 

 

 

 

 


Тақырыбы :

 

  «Жат қылықтан аулақ бол»
 

 

 

 

 

 

 

 


Сыныбы :  6а,ә,г,е

 

Сынып жетекшілері:    Желдібаева Г. Кадырова А. Ақтаева Н. Төреханова А.

                                                   

 

 

 

                                                   2015-2016 оқу жылы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жат қылықтан аулақ бол"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ ж.қ.аулақ бол.pptx

Скачать материал "Жат қылықтан аулақ бол"

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Армысың досым
Кел маған қосыл.
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық....

    1 слайд

    Армысың досым
    Кел маған қосыл.
    Алақанға салып алақан,
    Шеңберге бірге тұрайық.
    Жер шарындай айналып,
    Әлемге жарық шашайық.
    Қолымызды көтеріп,
    Күннің нұрын алайық.
    Ортамызда күн нұры,
    Құшаққа оны алайық.

  • Кіріспе бөлім
Бейнебаян

    2 слайд

    Кіріспе бөлім

    Бейнебаян

  • Негізгі бөлімАтасына келді де, 
Сұрады сәби немере.
Жақсы деген немене ?,
Жам...

    3 слайд

    Негізгі бөлім
    Атасына келді де,
    Сұрады сәби немере.
    Жақсы деген немене ?,
    Жаман деген немене ?.

  • Дәптеріне әріпті
Қаздай тізіп жазатын, 
Үйді таза сақтайтын, 
Кітаптарды шашп...

    4 слайд

    Дәптеріне әріпті
    Қаздай тізіп жазатын,
    Үйді таза сақтайтын,
    Кітаптарды шашпайтын
    баланы кім дейміз?
    (ұқыпты)
    Түймесін де қадайтын,
    Сабақтан да қалмайтын,
    Еденді де жуатын
    Еңбекті қатты сүйетін баланы кім дейміз?
    (еңбекқор)
    Қол ұшын беріп,
    Көмегін де аямайтын.
    Қызығына қуанып,
    Ренжи қалса , жұбататын адамды кім дейміз?
    (дос)
    Жұмбақ шешу

  • Ән де айта алатын, 
Би де билеп беретін, 
Домбыра да  күй ойнап, 
Сурет сала...

    5 слайд

    Ән де айта алатын,
    Би де билеп беретін,
    Домбыра да күй ойнап,
    Сурет сала білетін баланы кім дейміз?
    (өнерлі)
    Жаны үнемі жадырап,
    Күлімсіреп қарайтын,
    Жылы сөздер айтатын,
    Жүрегі жұмсақ адамды кім дейміз?
    (мейірімді)
    Үлкеннің жолын кеспейтін,
    Сәлем беріп жүретін,
    Кішіге ізет білдіріп,
    Қамқоршы бола білетін баланы кім дейміз?

    (әдепті)

  • Мен қандаймын?

    6 слайд

    Мен қандаймын?

  • Ыстық орындық

    7 слайд

    Ыстық орындық

  • 8 слайд

  • Арақтың  адам   ағзасына  тигізетін  әсері  Алкогольдің ағзаға  
тигізетін...

    9 слайд


    Арақтың адам ағзасына тигізетін әсері
    Алкогольдің ағзаға
    тигізетін әсері
    Дененің жылуы төмендейді

    Жүйкеге әсер етеді
    Жүректің соғысы әлсірейді
    Тыныс алуы баяулайды

    Ағзаның іс-қимылы өзгереді

  • Темекінің  ағзаға  әсеріТемекінің 
 адам 
ағзасына тигізетін
  әсеріӨкпесі...

    10 слайд


    Темекінің ағзаға әсері
    Темекінің
    адам
    ағзасына тигізетін
    әсері
    Өкпесі ауырады
    Қан тамырларын тырыстырады
    Жазылмайтын жара пайда болады
    Адам өмірі қысқарады
    Тыныс алу мүшелеріне зиян

  • 11 слайд

  • «Ой өзгермей, адам өзгермейді»

    12 слайд

    «Ой өзгермей, адам өзгермейді»

  • «Кемпірқосақ» әдісі

    13 слайд

    «Кемпірқосақ» әдісі

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 852 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.04.2017 4333
    • RAR 37.1 мбайт
    • 40 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кадырова Айгуль Балабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кадырова Айгуль Балабековна
    Кадырова Айгуль Балабековна
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12373
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой