Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / «ҚҰЖАТСЫЗ ТАРИХ ЖОҚ, ӨТКЕНСІЗ БҮГІН ЖОҚ, БҮГІНСІЗ БОЛАШАҚ ЖОҚ

«ҚҰЖАТСЫЗ ТАРИХ ЖОҚ, ӨТКЕНСІЗ БҮГІН ЖОҚ, БҮГІНСІЗ БОЛАШАҚ ЖОҚ

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Өтетін күні: 30 қазан 2015жыл.

Өтетін уақыты: 10. 00-де

Өтетін орны: М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі. Мәжіліс залы.

Тақырыбы: Құжатсыз тарих жоқ, өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз болашақ жоқ

Қатысушы контингент:

  • Қызылорда облысының мәдениет мұрағаттар және құжаттама басқармасы

  • Қызылорда облыстық тарихи- өлкетану мұражайы.

  • Қызылорда облысының тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік коммуналдық мекеме.

  • «Қоғамдық ғылым пәндері» ПЦК оқытушылары

  • Колледж жас мамандары мен 3-4 курс студенттері

Мақсаты: Қазақ хандығының 550 жылдығын кеңінен атап өту арқылы студенттердің өткен тарихын зерделеп, бүгінін бағалап, келешегін бағамдай алатындай тарихи сана мен болмысын қалыптастыру. Бабалар аманатын ардақтап, өз тарихына құрметпен қарап, өз мүддесінен мемлекет мүддесін жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу, туған жерге, оның құндылықтарына деген сүйіспеншілігін арттыру, тұлғалық-адамгершілік, патриоттық болмысын арттыру.

Күтілетін нәтиже: қазақ хандығының тарихы, әсіресе оның Сыр өңірімен қатысты тұстары жайында зерттеулер жүргізу, деректер жинақтау.

Формасы: дөңгелек үстел

Модератор: Армысыздар оқытушылар, студенттер. Мемлекеттің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толатынын және ол тарихи датаны айрықша атап өтетінімізді мәлімдеді. Осы ерекше датаның бүгінде мәні мен маңызы қандай? Дүбірлі той өз деңгейінде аталып өтуі үшін біз қандай үлес қоса аламыз? Сыр өңірінің қазақ хандығы тұсындағы саяси жағдайы қалай дамыды, одан бізге жеткен жәдігерлері қандай? Міне осы сауалдар төңірегінде жауап алу мақсатында «Құжатсыз тарих жоқ, өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз болашақ жоқ» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!. (ведио слайд көрсетіліп отырылады). Тәуелсіздік ұйытқысы, тәуелсіздік себепкері – жалынды жастар. Еліміздің абыройын арттырып, нұрлы болашаққа бастайтын да – жастар. Бүгін біздің ортамызда дөңгелек үстелге келіп өз ойларын бөліскісі келіп отырған құрметті қонақтарымыз отыр. Дөңгелек үстеліміздің қонақтары:

  • Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағатының ІІ санатты археографы: Набиева Гүлзира Елшібайқызы,

  • Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы: Қапанова Аманкуль Жусуповна

  • Қызылорда облысының тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ғылыми қызметкері: Елеуов Еркебұлан Алдабергенұлы

  • Қызылорда облыстық тарихи- өлкетану мұражайының өлкетанушысы: Асылбекова Назгүл

  • Қызылорда облыстық тарихи- өлкетану мұражайының археология және этнография ғылыми –зерттеу бөлімінің меңгерушісі: Сайлау Асхат

1456 - шы жылы Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян.«Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымыз пен ар - ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрмет болса керекті..

Баяндаманың тақырыбы: Құжатсыз тарих жоқ, өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз болашақ жоқ

Азамат Алдамбергенұлы Берілетін уақыт 5 - 7 минут.

Модератор: Баяндамаңызға көп рахмет. Тыңдаушылар тарапынан қойылатын сұрақтар бар ма? (ортаға тасталар сұрақтар)

  • Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алды ма?

  • Хандықтың құрылуының бүгінде маңызы қандай?

Модератор: Бәлкім, ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Әрине, ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым - қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн.

Келесі кезекте осы тақырып төңірегінде мына бір шағын бейнежазбаны тамашаласақ. Бейнебаянды тамашалай отырып өз ойларыңызды да қорыта отырыңыздар. (№ 1бейнебаян көрсетіледі.)

Модератор: Біз өткенге құрметпен қарап, тарихи құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтауға міндеттіміз. Себебі, бұл ұлтымыздың кеше мен бүгінін, болашақ игі мұраттарын сабақтастыратын баға жетпес қазына осы. Ұрпақ рухани байлық пен ұлттық жәдігерлерді танып-білу арқылы өзіне сабақ алады, өмірлік бағыт-бағдар ұстанып, елінің жарқын игіліктерін таниды. Ал осындай ұлы қазыналарды жинап, ұқсатып, тарихқа тіл бітіріп, елдік мүддеге айналдыруды жүзеге асыратын мұражай қызметі қай кезде де өте маңызды

Сыр елі біле-білсеңіз тарихи жәдігерге бай, түбі бір түркі әлемінің өркениет жайған қасиетті мекені. Ал осы ұлы даланың сарыны мен қарымын, көне заманнан керуен тартқан халықтың тұрмыс-тіршілігін өзіндік мол мұрасымен, әйгілей алатын бірден-бір орын - Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайы.   Ендігі сөз кезегін Қызылорда облыстық тарихи- өлкетану мұражайының өлкетанушысы: Асылбекова Назгүл

Қызылорда облыстық тарихи- өлкетану мұражайының археология және этнография ғылыми –зерттеу бөлімінің меңгерушісі: Сайлау Асхатқа беріледі.



Модератор: Қоғамның тарихи тәжірибесін бейнелейтін мұрағат құжаттарының құндылығы мен маңыздылығы күннен-күнге арта түсуде. Осы орайда өлкемізге қатысты құнды құжаттарды сақтап отырған облыстық мемлекеттік мұрағаттың алатын орны ерекше. Сөз кезегі Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағатының ІІ санатты археографы: Набиева Гүлзира Елшібайқызы мен мұрағатшысы: Қапанова Аманкуль Жусуповнаға беріледі.

Модератор: Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралайды, сөйтіп, келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халық­аралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы «18 сәуір – тарихи ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғаудың Халықаралық күні» деп бекіткен болатын. Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Табиғи және Мәдени мұралар тізіміне енгізу бағытында Сыр елінде де үлкен жұмыстар басталды. Осыған орай Сығанақ, Жанкент қалашықтары мен Сауысқандық шатқалын­дағы жартастағы бейнелер кешені ескерткіштерін аталмыш тізімге енгізу мәселесі бірінші кезекте тұр. Қызылорда облысының тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ғылыми қызметкері: Елеуов Еркебұлан Алдабергенұлына сөз беріледі.

Модератор: Министрік торқалы тойды Қазақ хандығы жайлы тарихи сериал түсірумен бастамақ. Бұдан бөлек, 550 жыл толған мемлекеттігіміздің тарихын әлемге паш ету мақсатында Мажарстанмен бірлескен «Алтайдан Дунайға дейін» деп аталатын халықаралық экспедиция ұйымдастырылып, неміс ғалымдарымен бірлескен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілетіні де мәлім болды. Сондай - ақ, Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдық мерейтойы республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық шаралар арқылы да ұлықталатындығын да білеміз.

Модератор: Баяндамаңызға көп рахмет. Тыңдаушылар тарапынан қойылатын сұрақтар бар ма? (ортаға тасталар сұрақтар) Пікірталас Кездесу – сұхбаттың ұсынымдары Қорытындылау

Ендігі кезекте колледжіміздің жас ақыны осынау дүбірлі тойға деген жыр шашуын тыңдасақ деген ниетпен ортаға шақырамыз.

Модератор: Құрметті қонақтар, құрметті оқушы жастар! Еліміздің ертеңі, Тәуелсіздіктің тірегі – сіздерсіздер! Біздің біліміміз, мәдениетіміз, тәрбиеміз қандай деңгейде болса, мемлекетіміздің даму деңгейі сол деңгейде болады. Сондықтан кәсіби даярлықта барлық мүмкіншілікті пайдаланып, әрқайсысымыз елжанды, рух-жігері шыңдалған, Барыс текті намысты болуға тиістіміз! Ұлттық мереке құтты болсын! Дендеріңізге саулық, баршаңызға амандық-саулық тілейміз!































Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 23.02.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров109
Номер материала ДВ-477005
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх