Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / "Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу" (5 сынып)

"Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу" (5 сынып)


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: "Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу"


Сабақтың мақсаты:

1)Білімділік: Оқушыларға жай бөлшек, үлес, алым, бөлім туралы түсініктер беру. Екі натурал санның бөліндісін жай бөлшек түрінде жаза білуге үйрету. Натурал санды жай бөлшек түрінде жаза білуге үйрету.

2)Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту. Оқушының ауызша сұрақтарға тез жауап беру қабілеттерін дамыту;

3)Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, сабырлыққа, әдептілікке және еңбекқорлыққа, өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелесе отырып түсіндіру, есептер шығару , сұрақ –жауап.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: интерктивті тақта, таблицалар, дидактикалық материалдар, тест,

бағалау парағы, флипчарт, презентация


Сабақтың барысы:


Уақыт

І. Сабақты ұйымдастыру.

2

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

3

ІІІ. « Қайталау оқу- анасы »

5

ІV. Жаңа материалмен таныстыру

10

V. Пысықтау есептері (оқулықпен жұмыс)

15

VI. Бекіту сұрақтары

3

VIIІ. Қорытындылау

5

VIIІ. Үй тапсырмасын беру. Түсіндіру бағалау.

2




Сабақтың барысы:

І кезең. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, журналға белгілеу,

ә) Оқушылардың сабаққа қатысуын, даярлығын тексеру,

б) Психологиялық ахуал тудыр, оқушылардың көңіл күйін тексеру.

hello_html_m7f16c95e.gifhello_html_m32c9566b.gifhello_html_25b9a9df.gif





Орташа жақсы өте жақсы

ІІ кезең. Үй тапсырмасын тексеру. (№ 337,338,341 деңгейлеп, 345 жекелей )

Үй тапсырмасын әр топтан араторлар тексеріп шығады, бағалау парағына жазып қояды.


-Балалар, біз «Натурал сандардың бөлінгіштігі» тарауын тәмамдадық, тақырыптар бойынша көптеген есептер шығардық, иә.


ІІІ кезең. « Қайталау оқу- анасы ». Ауызша сұрақ- жауап алу.

1. Натурал санның бөлгіші дегеніміз не?

2. Натурал санның еселігі дегеніміз не?

3. Натурал санның қандай бөлінгіштік белгілері бар?

4. Жай сан және құрама сан дегеніміз не?

5. Құрама санды жай көбейткішке жіктеу дегеніміз не?

6. ЕҮОБ және ЕКОЕ дегеніміз не?

ІV кезең. Жаңа материалмен таныстыру.

  1. Тең бөліктер үлестер деп аталады.

hello_html_2176fb19.gif

hello_html_b7fce47.gif


hello_html_m53d4ecad.gif2. Жай бөлшек

Әркімнің дәптер бетінен

Көреміз бөлшек сызығын

Үстіндегі алымы, білсеңіз

Астыдағы бөлімі

Бөлшекті біз әрқащан

Жай бөлшек деп атаймыз


3. Екі натурал санның бөліндісін бөлшек түрінде жазғанда, бөлшектің алымына бөлінгіш жазылып, бөліміне бөлгіш жазылады.

hello_html_472658c4.gif hello_html_60d2f2c2.gif- алымы, hello_html_m46087894.gif- бөлімі, ортасындағы бөлшек сызығы.


Айым бөлшектің тарихы туралы мәлімет береді.


Қысқаша тарихи мәлімет беру :

  • Ерте кезде адамдар сауда-саттық кезінде үлестермен есептеу қажет болған. Алғашқыда бөлшек сандарды сынық сандар деп атады.

  • Алымы бірге тең жай бөлшектер аликвоттық бөлшектер деп аталады.( бірлік бөлшектер деп те аталады). Кез келген аликводтық бөлшек 1 – ден кіші болады.

  • Жүйеленгшен бөлшектер деп – алымы кез келген бүтін сан , бөлімі тек 10 саны немесе 60 саны ғана болатын сан.

  • Жалпы түрдегі бөлшек – алымы да бөлімі де кез келген сан болады.

  • Бөлшек сызығын – уал – Хассара және италияндық Леонардо Пизанский енгізді.


V. Пысықтау есептері: (Оқулықпен жұмыс)

А деңгейінің тапсырмалары № № 392, 393, 396, 399 есептерінің нұсқамен

В деңгейінің тапсырмалары. № 402,404, нұсқамен

С деңгейінен № 413

392 бөлшектің әрқайсысын оқып шығып, олардың әрқайсысының бөлімі мен алымын атаңдар, олар нені білдіретінін түсіндіріңдер.

hello_html_7b09f4ae.gifТөрттен үш; 3 саны алым, 4 саны бөлімі, мұндағы 3 саны бөлінгіш, ал 4 саны бөлгіш сан.

hello_html_m5bf89e76.gif; hello_html_fd5decf.gif; hello_html_737ad34f.gif; hello_html_38c82e2b.gif;hello_html_mdc434d5.gif;


393 Суреттегі фигуралардың:

1) Қандай бөлігі боялған.

2) Қандай бөлігі боялмаган

hello_html_m32ce2a18.png

Шешуі: hello_html_m198732b7.gif; hello_html_m4ff09222.gif; hello_html_6029d.gif; hello_html_fd5decf.gif боялмаған бөліктері

hello_html_7b09f4ae.gif; hello_html_m29358ec1.gif; hello_html_7cc95947.gif; hello_html_2359391e.gif - боялған бөліктері

396 hello_html_472658c4.gif жай бөлшегі түрінде жаз:

    1. жетіден екіні

    2. бестен үшті

    3. алтыдан бірді

    4. сегізден бесті

    5. онна тоғызды

    6. жүзден үшті Шешуі : hello_html_459c25ff.gifhello_html_4d956825.gifhello_html_70867820.gifhello_html_7cc95947.gifhello_html_1c90bdb.gifhello_html_3646be40.gif

399

  1. Бақтағы 120 ағаштың hello_html_4d5d0658.gif-і шырша ағаштары. Бақта неше шырша ағашы бар?

  2. Көрмедегі 57 суреттің hello_html_m5b5da255.gif-і бояулы суреттер. Көрмеде неше бояулы сурет бар?

Шешуі: 1) 120*1=120

120/5=24

  1. 57*1=57

  2. 57/3=19

Жауабы: 24 шырша ағашы мен 19 бояулы сурет бар


VI. Бекіту сұрақтары:

  1. Үлестердің анықтамасын тұжырымдаңыз.

  2. Бөліндіде, бөлшек алымы мен бөлімі нені білдіреді?

  3. Бөлшекті бөлінді түрінде жазуға болама?

  4. Керісінше, бөліндіні бөлшек түрінде жаза аламыз ба?


Оқушылардың көңіл күйін тексеру.


hello_html_4f1993fc.gifhello_html_m287cd269.gifhello_html_m58f160d1.gif




Орташа жақсы өте жақсы


VII. Қорытындылау

Сабақ мақсатына жеттік пе? Сабақты қорытындылыңыз.


VIIІ. Үй тапсырмасын беру. Түсіндіру.

Ережелерді жаттау, № 399(3), 400, 402


Оқушыларды бағалау. Бағалауды түсіндіру.

  1. Топтар бойынша 1-1 аудитор дайындау. Бағалау парағына баға қояды.

Математика туралы ұлы адамдар артына өшпес сөз қалдырғаны белгілі.

Бүгінгі сабағымызды мына сөзбен аяқтасақ:

Математика - адам үшін, адам - математика үшін жаралған!

Математиканы білмейсің, дұрыс өмір сүрмейсің!




Қысқаша тарихи мәлімет беру :

  • Ерте кезде адамдар сауда-саттық кезінде үлестермен есептеу қажет болған. Алғашқыда бөлшек сандарды сынық сандар деп атады.

  • Алымы бірге тең жай бөлшектер аликвоттық бөлшектер деп аталады.( бірлік бөлшектер деп те аталады).Кез келген аликводтық бөлшек 1 – ден кіші болады.

  • Жүйеленгшен бөлшектер деп – алымы кез келген бүтін сан , бөлімі тек 10 саны немесе 60 саны ғана болатын сан.

  • Жалпы түрдегі бөлшек – алымы да бөлімі де кез келген сан болады.

  • ½- жарты , ¼ - ширек , 1.1/2-жарым деп атады.

  • Бөлшек сызығын – уал – Хассара және италияндық Леонардо Пизанский енгізді.




  1. 1-1 аудитор.

















«№1 орта мектеп» КММ






Тақырыбы:


hello_html_168ea1c1.gif

5 сыныбындағы пән апталығына өткізілген

ашық сабақ жоспары

hello_html_3b588e62.png






Математика пәнінің мұғалімі

Чакеева Ақбота Болатқызы





Өскемен, 2016


Автор
Дата добавления 04.10.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров347
Номер материала ДБ-235177
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх