Инфоурок Математика КонспектыЖай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу

Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу

Скачать материал

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жай бөлшектер

Мектеп: №3 орта мектебі

 

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:  Исмагулова А.М.

 

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу

 

Сабақтың түрі

Жаңа ұғымды меңгерту сабағы

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.5.3.3

жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;

 

Сабақ мақсаттары

Оқушыларды:

Ø  координаталық сәуледе нүктені орналастыру арқылы, талдай отырып деректер беруге, көлемді, толық жауаптар беру арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық дағдысын қалыптастыру;

Ø    координаталық сәуле, нүктенің координаты, бірлік кесінді ұғымын меңгеруіне, координаталық сәулені бейнелей білуге, жай бөлшектер мен аралас сандардың координаталық сәуледе  орнын анықтай білуге үйрету

 

Бағалау

критерийлері

Білу

координаталық сәуле, нүктенің координаты, бірлік кесінді ұғымын  біледі

 

Қолдану

жай бөлшектер мен аралас сандардың координаталық сәуледегі орнын анықтай алады.

 

Тілдік  мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жай бөлшек, дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сан, координаталық сәуле, бірлік кесінді, нүктенің координатасы,...

 Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

қазақша

орысша

ағылшынша

Жай бөлшек

Обыкновенная дробь

Usual fraction

дұрыс бөлшек

Правильные обыкновенные дроби

Proper fractions

бұрыс бөлшек

Неправильные обыкновенные дроби

Improper fractions

аралас сан

Смешанные числа

Mixed numbers

координаталық сәуле

Координатный луч

Co-ordinate ray

бірлік кесінді

Единичный отрезок

Unit

нүктенің координатасы

координаты точки

Coordinates of a point

 

Құндылықтарды дарыту

 

Ынтымақтастық: Төзімділік, ынтымақтастық, өзара сыйластық, белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену жаңаны тез игеруге дайын болу.

Академиялық адалдық:  Топпен, жұппен жұмыстану барысында бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, жауапкершілік, мақсатқа ұмтылу, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау, идеялармен алмасуға,  талқылауға және жұптық, топтық жұмыстарды бағалауға дайын болу.

 

Пәнаралық байланыстар

Алған білімдерін физика, химия, информатика пәндерінде қолдану

 

Бастапқы білім

 

Сәуленің түсінеді және сыза біледі. Жай бөлшектерді, соның ішінде дұрыс және бұрыс бөлшектерді біледі. Бұрыс бөлшектерді аралас санға айналдыра біледі.

 

Сабақ барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

 

Сабақтың басы

2 минут

 

 

 

 

 

 

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Ой түрткі:

1.      Үлес дегеніміз не?
2. Жай бөлшектің алымы, бөлімі нені көрсетеді?
3. Жай бөлшектің негізгі қасиеті?
4. Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
5. Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
6.
Аралас сан дегеніміз не?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ:   Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу

Оқушыларды бүгінгі сабақтың мақсаты, жетістік критерийлерімен таныстыру.

Оқушыларға оқулықпен жұмыс жасауын ұсынамын.  Оқушыларды топқа біріктіремін, әрбір топқа тапсырмасы мен тапсырманы орындау алгоритмі бар үлестірме таратамын.  Оқушыларды топқа бөлу: яғни қағаз қиығына бұрыс, дұрыс және аралас сандарды жазып, үстел үстіне қойылады. Оқушылар келіп үстелден бір – бірден қағаз қиығын алып, ондағы санды оқып, өз тобын тауып алуы керек. Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. Топ аттары: «Дұрыс бөлшек», «Бұрыс бөлшек» және «Аралас сан».

Тапсырманы орындау алгоритмі:  

  1. Ох  сәулесін  сол жақтан оң жаққа қарай сызыңдар;
  2. Ох сәулесінің бас нүктесі – О нүктесіне 0 санын сәйкестендіріп, О нүктесін санақ басы етіп алыңдар.
  3. Ох сәулесінің бойынан  ұзындығы 5 см  кесіндіні  алып, кесіндінің  ұшына 1 санын  сәйкестендіріп, А нүктесімен белгілеңдер. (ОА бірлік кесінді) 
  4. Сәуленің санақ басынан (О – нүктесінен) бастап жалғастыра екі бірлік кесіндіні салып, 2 санын сәйкестендіріп, В нүктесін жазыңдар.
  5. Сәуленің бойында 3 санын кескіндеу үшін, сәуленің санақ басынан (О – нүктесінен) бастап жалғастыра үш бірлік кесіндіні салып, оның ұшын С нүктесімен белгілеңдер. (Осылайша жалғастырғанда координаталық сәуле сызылады.Координаталық сәуледегі берілген нүктеге сәйкес келетін сан, осы нүктенің координасы деп аталады.)
  6. Сонан соң осы кесіндінің  бойынан бөлшектерін  кескіндеп , оны  әріптермен  белгілеңдер.

 

Тапсырма барысында мынадай сұрақтарға жауап береді.

  1. Ох сәулесінің  бойындағы  бір нүктеге неше сан сәйкес келеді?
  2. Координаталық сәуле қалай сызылады?
  3. Бірлік кесінді деп нені түсінесің?
  4. Координаталық сәуленің санақ басы қайсы нүкте?
  5. Нүктенің координатасы дегеніміз не?
  6. Дұрыс және аралас бөлшектерді координаталық сәуледе қалай кескіндейді?

Жұмыстарын аяқтаған соң топтар тақтада постерлермен қорғап, қорытынды жасайды.

Қорытынды:

Ереже : Бірлік  кесіндісі  берілген  сәуле  координаталық  сәуле  деп аталады.

Бөлшекті  координаталық  сәуледе кескіндеу  үшін :

1.         бөлшектің  бөлімінде қандай сан  болса, бірлік кесінді сонша  тең  бөлікке  бөлінеді.

2.         бөлшектің  алымында қандай  сан  болса, бірлік  кесіндінің  сонша  бөлігін алу керек.

•          Дұрыс  бөлшек 1 – ден  кіші болғандықтан, ол  координаталық  сәуледе 0- ден 1- ге  дейінгі аралықтағы  нүктелермен  кескінделеді.

•          Бұрыс  бөлшек 1-ге  тең немесе 1- ден  үлкен  болғандықтан, координаталық  сәуледе 1-де немесе 1- дің оң  жағында кескінделеді.

•          Координаталық  сәуле бойында берілген нүкте  бір  ғана санға  сәйкес  келеді

Жай бөлшек пен аралас сандардың координаталық  сәуледегі орнын белгілеу  үшін,  бірлік кесіндінің ұзындығын дұрыс таңдау маңызды.

Жай бөлшектерді координаталық сәуледе белгілеудің ең  қолайлы нұсқасы  — бірлік кесіндіні бөлшектің бөліміндегі сандарға сәйкес тор көздермен алу керек.

   Мысалы, егер, сандарын координаталық сәуледе белгілеу берілсе, онда бірлік кесіндінің ұзындығын 5 тор көзден тұратындай етіп алған жөн.

Егер  бөлшек әр түрлі бөлімде берілсе, онда координаталық сәуленің бірлік кесіндісін  мүмкіндігінше барлық бөлшектердің ортақ бөлімдеріне сәйкес келетін тор көздермен алған жөн.

Мысалы, егер бөлшектердің бөлімдері  8, 4 және 2 болса, онда  бірлік кесінді ұзындығын сегіз тор көз етіп алған ыңғайлы.

санын  координаталық сәуледе белгілеу  қажет болса, бірлік кесіндіні 8 бөлікке бөліп, соның 7 бөлігін аламыз.

 

 

 

Математика 5 – сынып авторлары Т. А. Алдамұратова мен Е. С. Байшоланов, Алматы «Атамұра» 

2017 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

Жалпы сыныппен жұмыс:

Оқушылар тақтада берілген сұрақтарға  «Ақиқат» немесе «жалған»  деп жауап беру керек. (Ол үшін оқушылардың қолында жасыл және қызыл түсті қатты қағаздан жасалған белгішелер болады, интерактивті тақтадан тапсырмалар бірінен соң бірі шығарылады.) Ақиқат болса жасыл түсті, ал жалған болса қызыл түсті көтереді.

Тапсырмалар:

  1. Өзара тең бөліктер үлес деп аталады; (ақиқат)
  2. ;  бөлшектері қысқартылмайтын бөлшектер; (ақиқат)
  3. Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады;(жалған)
  4. 15 минут 1 сағаттың  бөлігі; (ақиқат)
  5. 1 саны  координаталық сәуледе бөлшегінің оң жағында орналасады.(ақиқат)
  6.  Дұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады? (жалған)

Математика 5 – сынып авторлары Т. А. Алдамұратова мен Е. С. Байшоланов, Алматы «Атамұра» 

2017 ж.

 

 

5 минут

Топтық жұмыс    Логикалық есеп:

1 топқа: 1 м 50 см матаны ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай, 45 см матаны қалай қиып алуға болады? Жауабы: матаны 5 бөлікке бөлу, әр қайсысы 30см, екіншісін тағы 2 ге бөлеміз.

2 топқа: 1м 20см матаны ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай, 45 см матаны қалай қиып алуға болады? Жауабы: матаны 4 бөлікке бөлу, әр қайсысы 30см, екіншісін тағы 2 ге бөлеміз.

3 топқа: 1м 40см матаны ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай, 35см матаны қалай қиып алуға болады? Жауабы: матаны 2 бөлікке бөлу, әр қайсысы 70см, екіншісін тағы 2 ге бөлеміз

Әр топтың тапсырмасын  дескриптор арқылы «карусель» әдісімен тексереді.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеуді пайдаланып

Тең бөліктерге бөледі

Әр қайсысының ұзындығы бірдей болады

Бір бөлігін тағы тең бөледі

 

 

5 минут

Жұппен жұмыс:

№1. Бірлік кесінді ретінде 10 см кесіндіні алып, координаталық сәуле сызыңдар. Оның бойынан: А(), В(), С(), D() нүктелерін белгілеңдер.

№2.  Бірлік кесінді ретінде 6 см кесіндіні алып, координаталық сәуле сызыңдар. Оның бойынан:, , , 2 бөлшектерін кескіндейтін нүктелерді белгілеңдер.

№3. Жұмысшылар жолдың берілген ұзындығына 12 күнде асфальт төсеп болды. Әрбір күндегі осындай жұмыс көлемін сақтай отырып, олар 5 күнде және 10 күнде жолдың қандай бөлігіне асфальт төседі? Координаталық сәуледе кескіндеп көрсетіңдер.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеуді пайдаланып

бірлік кесіндінің ұзындығын дұрыс таңдайды

Бөлшектің бөліміне қарап бірлік кесіндіні тең бөліктерге бөледі

Бөлшектің  алымында қандай  сан  болса, бірлік  кесіндінің  сонша  бөлігін алады.

Аралас сандарды дұрыс кескіндейді

Математика 5 – сынып авторлары Т. А. Алдамұратова мен Е. С. Байшоланов, Алматы «Атамұра» 

2017ж.

 

 

10 минут

Жеке жұмыс:

№1. Екі үйдің арасында ит мысықты көріп қуа жөнелді. Екі үйдің арасын бірлік кесінді ретінде алып: 1) иттің тұрған жеріне сәйкес нүктені әріппен белгілеп, оны координатасымен жазыңдар; 2) мысықтың  тұрған жеріне сәйкес нүктені әріппен белгілеп, оны координатасымен жазыңдар; 3) мысық иттен бірлік кесінді есебімен қандай қашықтықта? Бөлшекпен жазыңдар.

 

№2.

Домбыраны координаталық сәуле бойына орналастырғанда домбыраның тиегіне (А нүктесіне), мойнына (В нүктесіне) және құлағына (С нүктесіне) қандай бөлшектер сәйкес келеді? А, В және С нүктелерін координаталарымен жазыңдар. Домбыраның басы тиегінен  бірлік кесінді есебімен  қандай қашықтықта?

 

 

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеуді пайдаланып

Бірлік кесінді неше бөлікке бөлінгенін табады

Нүктелерге сәйкес координаталарды табады және  жай бөлшек түрінде жазады

Арақашықтықты табады

Математика 5 – сынып авторлары Т. А. Алдамұратова мен Е. С. Байшоланов, Алматы «Атамұра» 

2017 ж.

 

 

Сабақтың соңы

 

3 минут

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын тақырып критерийлері бойынша бағалайды.

Сабақ соңында оқушылар «ББҮ» стратегиясымен рефлексия жүргізеді.

Рефлексия

- Мен осы сабақта не білдім ......

- Осы сабақта алған білімдерімді қайда қолданамын.....

- Сабақтан кейінгі менің көңіл-күйім (смайликпен таңдау)

 

 

 

 

 

 

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 

Дифференциациялық тапсырманы ұсыну

Оқушылардың топтық және жеке жұмыстарға қатысуын бақылау, дұрыс бағыт беру үшін  кері байланыс жасау және қалыптастырушы бағалау жұмыстарын беру арқылы жеке оқудағы жетістіктеріне көздерін жеткізу

Оқушылардың денсаулығы мен өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Психологиялық жағымды ахуал туғызу, сергіту сәтін ұйымдастыру; Сабақ алдында бөлмені желдетіп алу

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:   Білімін актуалдандыру үшін теориялық түсінікті қайталауға берілген қысқа жауапты сұрақтар.

 

2:  Әр оқушының жеке жауапкершілігі, белсенділігі сабақтағы  алға қойылған мақсатқа кол жеткізуге зор ықпалын тигізді.

 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. Берілген тапсырмаларды оқушылардың  өздері толық орындалуы үшін негізгі түсініктерді, ұғымдарды толық білуі керек.

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 989 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.11.2017 5011
    • DOCX 1.2 мбайт
    • 39 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исмагулова Айнагул Маратқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Исмагулова Айнагул Маратқызы
    Исмагулова Айнагул Маратқызы
    • На сайте: 6 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18884
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Аспекты преподавания самостоятельного учебного курса «Вероятность и статистика» в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 278 человек из 65 регионов
  • Этот курс уже прошли 982 человека

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 177 человек

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика. Сложение и вычитание

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1360 человек из 85 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 214 человек

Мини-курс

Политическое проектирование и международные отношения"

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической коррекции детей с различными нарушениями психического развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 400 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 261 человек

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов