Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Жайдарлы күз. Сыныптан тыс шара

Жайдарлы күз. Сыныптан тыс шара

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Алтын күз

1-жүргізуші: Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам,

Дариядай шалқар күз


2-жүргізуші: Қазан болды молшылық,

Дәулет қорын қалады.

Заңғар көкке жол сызып,

Құстар қайтып барады.


1-жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар, жалынды да жігерлі жас достарым. Берекелі де мерекелі Алтын күз мерекелерінің құтты болсын!


2-жүргізуші: Мінеки табиғаттың ерекше құбылысы, айналамыз сары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы да келді.



1-жүргізуші: Күз айы – мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Ендеше, келіп отырған Алтын күз мерекесі әрбір жанға құт пен береке, ырыс пен табыс әкелсін.


2-жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Күз – береке, молшылық!» атты бауқауымызға қатысатын үміткерлерді қошеметпен ортамызға шақырайық.


Фон


1-жүргізуші: Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда нешебір,

Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл ...

Бүгінгі сайысқа қазылық жасайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар




2-жүргізуші: Ендеше бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен танс болыңыздар. Бағдарламамыз 7 кезеңнен тұрады.

1-кезең. Таныстыру (Үміткерлер өздерін таныстырады)


1-жүргізуші: 2-кезең. «Өз өнері» деп аталады. (Өнерлерін көрсетеді)


2-жүргізуші: 3-кезең. Сұрақ-жауап. (Мұнда үміткерлердің білімдері сарапқа салынады)


1-жүргізуші: 4-кезең. Мерекелік дастархан әзірлеу


2-жүргізуші: 5-кезең. Үй тапсырмасы. Қол өнерлері


1-жүргізуші: 6-кезең. Жарнама (Күзге байланысты жарнама жасау)


2-жүргізуші: 7-кезең. Күзгі сән үлгісін көрсету


Ән


1-жүргізуші: Құрметті көпшілік көрерменім

Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.

Ақжол тілеп үкілі үміттерге

Таныстыру шартына кезек бердім.


2-жүргізуші: Ендеше бірінші шартымыз – үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы


Ән


1-жүргізуші: Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыста бәйге алуға

Үміткерлер аянбай жан салыпты.


2-жүргізуші: Баршаға өнер сүйер жар саламыз,

Үкілі үміттерді қарсы аламыз.

Күйге енейік баршамыз ерекше бір,

Сіздер үшінби билеп, ән саламыз.

Құрметті көрермендер, ендігі кезекті үміткерлеріміздің дайындап келген өнерлерінің куәсі болуға шақырамыз....

1-жүргізуші: Ал үміткер, сайысқа қалайсыңдар,

Сендер өтер әлі де талай сын бар.

Тапсырма ал қоржыннан қымсынбай кеп,

Жауап берсең сұраққа жарайсыңдар.





2-жүргізуші: Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын табар ма екен үміткерлер.

Сол себептен қоятын сұрақтар бар.


1-жүргізуші: Сайыскерлеріміздің білімдерін байқайық.

  1. Жеті қазынаны атаңыздар (ержігіт, сұлу әйел, берен мылтық, құмай тазы, қара қазан, жүйрік ат, қыран бүркіт)

  2. Күзгі жиын-терім біткенде тойланатын той қалай аталады? Сабантой

  3. Жеті атаны атаңыз. Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

  4. Бір топ аттылардың тартыспағын қазақта қалай атайды? Көкпар

  5. Бір рудан немесе бір атадан тараған туыс. Әулет

  6. Күзде келетін құстарды атаңыз. Ала қарға, үйрек, көкшымшық


2-жүргізуші: Келесі кезекті ас мәзіріне береміз.


1-жүргізуші: Жандары жақсылыққа тұнып дәйім,

Жол берсін қақ жарылып қырық қайың.

Құрметпенен ортаға шақырайық,

Бар сарай өздеріңді ұлықтайтын ...

Байқауымыздың шартына сәйкес келетін үй тапсырмасына келіп жеттік.


2-жүргізуші: Жаранама


1-жүргізуші: Сәнімен күздің көркін көрікті етіп,

Бір қыз өтіп барады желіп кетіп.

Иығына төгіліп қара шашы,

Жан біткенді өзіне еліктетіп.


2-жүргізуші: Бар сұлулық құйылған бір басына,

Жарасып-ақ тұр бәрі сұлбасына.

Бетін шымшып жауратып күз салқыны,

Еркелейді еріксіз сырласыңа

Бірінші болып ортаға шығатын сыныпты қошеметпен ортаға шақырайық.

1-жүргізуші: Келешекте әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдалсын, қалыспаңдар.

Өнерлілер көбейсін күннен-күнге.

Өмір күрес әлі талай жарыстырар.


2-жүргізуші: Қымбатты көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып кешімізді осымен аяқтаймыз.

Автор
Дата добавления 28.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров116
Номер материала ДВ-205230
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх