Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / «Жайықтың ақ шағаласы » атты ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш (5-9 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

«Жайықтың ақ шағаласы » атты ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш (5-9 сынып)

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ ?деби сазды кеш а??штап (2).doc

библиотека
материалов

«Жайықтың ақ шағаласы » атты ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш

Түрі: Поэзия кеші.

Көрнекілігі: ақын суреті, слайд, кітаптары.

1-жүргізуші: Қайырлы күн кұрметті көрермендер!

2-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!

1-жүргізуші: «Жайықтың ақ шағаласы » атты поэзия кешіне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Бүгінгі кешімізді өткізуге себепкер болып отырған халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушылар Одағының мүшесі, жерлес ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жылдық мерейтойы. Осыған байланысты ақынның өмір жолына қысқаша шолу жасайық:

1944 жылы 28 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Ақжайық ауылында туған. 1961 жылы Орал қаласындағы С. Сейфуллин атындағы №11 орта мектепті бітірген.

1-жүргізуші: 1961-1966 ж аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетінде оқып, жоғары білім алған.

1966-1971 ж Талдықорған облыстық «Октябрь туы», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер болып қызмет еткен.

1971-1972 жылдар аралығында  «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып еңбек еткен.

2-жүргізуші:

1972-1975 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер.

1975-1981 жылдар аралығында «Жазушы» баспасының аударма редакциясында редактор бол­ған.

А.Бақтыгереева 1969 жылдан бері Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

1-жүргізуші:

2007 жылы Қазақстан Жазушылар Одағы Батыс Қазақстан облысы филиалының төрайымы, «Қаламгер» әдеби бірлестігінің жетекшісі болып тағайындалды.

2005 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

2008 жылы «Астанаға – 10 жыл» медалімен марапатталды және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанды.

2 жүргізуші.

«Ақын да да ақын бар айталатын» демекші, Ақұштап жырларында туған жерге деген махаббаты поэзиямен қауыштырар ерлік пен өрліктің көрінісіндей.

Жайық десе ойда Нарын өлеңі,

Сағынғанда еске аларым көп еді.

Жайық – Анам, Жайық – елім, Отаным,

Құшақтағым, аймалағым келеді, - деп перзенттік махаббатын айдай әлемге жария қылған, Ақұштап жырларының бастауы – күміс тасқыны Ақ Жайық.


1- жүргізуші:

Ақылдың ақылы Абай, ақыннның ақыны Мағжан бастаған қазақ поэзиясының көші терең де арналы Ақ Жайықтай болса, сол дарияға қырдан шапқылап келіп қосылған ақ бұлақ – Ақұштап өлең дариясына өз ағысымен, өз иірімімен келіп қосылады. Қазақ поэзиясына жүректен шыққан нәзік лиризм мен сананы сілкіндірер шыншыл сезім әкеп ажарландырған, көктемгі ақ жауындай түрлендірген де осы – Ақұштап Бақтыгереева. Жалғыз Отан – мекенім, – деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл ғақлияны әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса да артық етпейді. Отанды сүюдің, оған құлай берілудің – асқақ үлгісі бұл.

2-жүргізуші: Ендеше ақынның Отанына, туған жері Ақжайыққа, қазақ еліне арнаған өлеңдеріне кезек берелік.

1-жүргізуші: Ән: ........................................................................................................................................

2-жүргізуші:

Ақұштап – азамат ақын. Ол өзі өмір сүріп жатқан қоғамның өткені мен бүгініне көз жібереді. Азаматтық лирикасында әлеуметтік өмірдің кем-кетігін, тұрмыс-тауқыметін, жалпы қазақтың мұң-шерін жырлап, жоғын жоқтайды. Мәселен:

Енді мен ерлеріңмен теңдеспін,

Тисе деп шырылдаймын елге себім,

Ортайған теңізің мен өзеніңді

Ұлыңдай жоқтасамын мен де сенің.

Тағы да жақын етем алысыңды,

Тағы да жырға қосам табысыңды.

Сен мені қызым деме, туған дала,

Қорғауға жарамасам намысыңды, - деген сияқты өлең жолдары - ақынның өмірлік кредосы.

1-жүргізуші: Ендігі кезекте поэзия әлеміне саяхат жасасақ.

1.

2.

3.

2-жүргізуші:

Өзінің балапан жырларын мектеп қабырғасында ұшырған Ақұштап ақын – бүкіл саналы өмірін поэзияға арнаған адам. Әдетте ақын творчествосы белгілі бір тақырыпқа бағышталады. Оның өлеңдерін бірнеше тақырыпқа бөлуге болады. Соның ішінде шоқтығы биік тұратыны – ана тақырыбы.

1-жүргізуші:

Ақынның 2001 жылы жарық көрген «Ақшағала» жыр кітабындағы «Аналар» топтамасының алғысөзі болып саналатын:

Үстелде жетімсіреп жатқан аз күн

Бетіне көз жасы тамған ақ қағаздың,

Тірілер құпаған соң сырымды, апа,

Бағыштап рухыңа хатқа жаздым, - деп басталатын жолдары анасын сағынған оқырманның мұңлы жүрегін жұбатар, сабырға салар, тәубеге келтірер сөздеріне балауға болады. Асылы, бұл тақырыпқа қалам тартпаған ақын кем де кем. Алайда Ақұштаптың ана тақырыбына жазған өлеңдері мүлде тың сипатта. Ақынның о дүниелік болған анасымен сырласу, сұхбаттасуы ерекше әсерлі.

1.

2.

3.

2-жүргізуші: Өлең дегенміз – адамдармен сырласудың құралы. Егер өлең адамды асқақ сезімге бөлемесе, жан дүниесін нұрландырып байытпаса, өмірді көріктендіріп ғашық қылмаса – өлең емес. Ақұштап өлеңдерімен әрбір оқырман өзіне қажетті сыр, тылсым ой түйіндеп жатады.

1-жүргізуші: Десек те біздер жастықтың сырын аз ұқтық.

Өмірдің жолы болмайды тегіс жазықтық.

Ісіңнен кейін есіңе сақта, жарқыным,

Жеңілмес мықты қаруың сенің – нәзіктік. – деп түйіндеп, нәзіктіктің әйел адамның бір асыл қасиеті екенін көрсете отырып, тәлім-тәрбие береді. Ақын жүрегі нәзік, танымы терең, қиялы ұшқыр.

1.

2.

2-жүргізуші:

Махаббат, тағы саған қайта оралам,

Сен болшы тақырыбым қайталаған.

Өмір жоқ махаббатсыз, бақыт та жоқ,

Басқадай әңгімем жоқ айтар оған.

Ақ таңды сүю керек, нұрын күннің,

Ұната білу керек түрін гүлдің.

Қыздары ғашықтықтан өліп кеткен,

Аңызын оқу керек бұрынғының.

Жазғанмен махаббатты бұдан бұрын,

Қорғауға соны тағы шығам бүгін.

Жарын сүйе білмейтін жасықтардың

Елін сүйетіндігіне күмәндімін.

"Қыздары ғашықтықтан өліп кеткен!"

1-жүргізуші:

Екінің бірінің аузына түсе бермес, қаламына орала бермес бейнелі жол. Мұнда қасірет те бар шығар, бірақ ол қалтарыста қалған. Қазақ қызына, оның махаббатына деген құрмет осындай-ақ болар. Айтқан серттен айнымас арда сезімге, ұлттың кешегі ұлы махаббатына жыр жолымен қойылған ескерткіш секілді. Қазақы әдет-ғұрып пен өнегенің аясында тәрбие алған қыздың өзі сүйген жігіттің алтын басын ардақтап, бағалай білуі бүгінгі феминистік заманда тосын естіледі. Махаббат лирикасына арналған жырларын тыңдасақ.

1.

2.

2-жүргізуші:

Қазынам бар.

Қисапсыз шектеледі.

Қызғанады біреулер, жек көреді.

Бермеймін де, сатпаймын, көрсетпеймін!

Алам десең,

Алдымен зертте мені.

Ендеше кезекті ақынның жанына жақын болған, үлгі тұтқан, аға - апаларына арнаған өлеңдеріне кезек берсек.

1.

2.

3.

1-жүргізуші:

Ақұштап Бақтыгереева жайлы ақ жарылып ақ тілек айтқан, көптеген ақын-жазушыларымыз бар. Олар ағыл-тегіл ақтарылып, ақ шаңқан шабытқа мініп, толқып –шалқып алады. Олардың Ақұштапқа арнаған өлеңдерінен айдын шалқар көлдің жанға жайлы салқын самалы, көл құшағында қалқыған аққу қанатының жылы –жұмсақ сусылы, асыл жағалауда жарасым тапқан тал –қайыңдардың жапырақ сыбдыры сыршыл жүректің әсем әуенімен үн қатады.

2-жүргізуші: Рас, ақынның таңдамалылары да, ол туралы естеліктер де жарияланып жатыр. Келесі кезекте Ақұштап шығармашылығын зерттеп, пікір білдірген зиялы өкілдер тобына берсек.

Қазақтың ғажап ақыны Төлеген Айбергенов Ақұштапқа қалай тәнті болған?! Аққудың көгілдіріндей көркем қызды көрген ақын өз деміне өзі булығып, шабытына мініп, шалқып –тасып шыға келеді. Ақындық сезімін ақтарып салып, ақ тілегін қосады. «Деміме мынау алқынған, сен енді тоқтарсың ба, оралып ұшқан алдымнан, Оралдан шыққан көк қаршыға!» -деп тұлпар ақын бір орнында тыпыршып тұра алмай ауыздығын қарш-қарш шайнайды.

1-жүргізуші:

А.Бақтыгереева туралы өз ойын жерлесіміз Ғайса-Ғали Сейтақ та білдіреді. Ол өзінің «Оқырмандар ортасында» деген мақаласында былай дейді: «Ақұштап Бақтыгерееваның есімі жыр сүйер қауымға көптен таныс. Ол қазіргі қазақ поэзиясында қалам тартқан қыздар арасында лирикалық өлеңдер көшін бастаушылардың бірі десек артық айтқандық емес. Ақынның алғашқы тырнақалдысы «Өрімталдан», «Жайық қызы» атты жинағына дейін өзінің туған жері –Ақ Жайық өңірін оның аяулы адамдарын жырламай қалған емес» - деп ақынның қандай қаламгер екендігін осылай жеткізеді.

2-жүргізуші:

Зейнолла Қабдолов бір сөзінде: «Мен Оралды үш қыз арқылы таниды екенмін. Бірі –аңыз болған Қыз Жібек, екіншісі –батыр туған –Мәншүк, үшіншісі –ақындық өзіндік мінезі бар мен білетін Ақұштап».

1-жүргізуші:

Ал, Әбіш Кекілбаев ағамыз: «Ақұштап Бақтыгереева әйелдерді емес, әділдікті жырлайды. Әйелдерді емес, әйелдікті қорғайды. Сол үшін де әйелді әйел етіп тұрған ең басты қасиет нәзіктікті дәріптейді. Оның Отан, туған жер, бауырлары мен балалары жайындағы жүрек тебірентерлік жырлары да сол нәзіктіктің түлектері. Тек нәзік үректер ғана ел мен ердің, заман мен адамдардың қадірқасиетін терең түсіне алады». дейді

2-жүргізуші:

Ақын мінезі әлі толассыз буырқануда. Дүние сырын кім түгел игерген. Сондықтан бір қолымен дүниені, екінші қолымен немерелерді тербетіп, Ақұштап ақын әлі мазасыз мінездерді, мазасыз қанатты өлеңдерді тудыра береріне оқырмандары нық сенді» - дейді ақынға деген інкәр сезіммен: қазақ тілі мен әдебиет факультеті деканы Серікқали Шарабасов.

1-жүргізуші: Ендігі кезекті көрермендерге беріп көрелік. Олар ақын туралы не біледі, және осы кештен не түйді екен?!

2-жүргізуші: Дұрыс айтасың. Ендеше сіздерге ақын өмірі туралы сұрақтар қоямыз. Жауабын тапқандарға әдемі карточкаларымыз бар.

1.

2.

3.

4.

5.

1-жүргізуші: Осымен ақын Ақұштап апамыздың 70 жылдығына арналған поэзия кешіміз аяқталды. Жыр әлемінде кездескенше аман - сау болыңыздар!

Ән: ..............................................................................................................................................

Выбранный для просмотра документ акуштап слайд .pptx

библиотека
материалов
М “Жайықтың ақ шағаласы”
Өмір өткелдері 1944 жыл 23 тамыз Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданында д...
1980 жылы “Советская женщина”, “Огонек” журналының жүлдесін алған. 1981 жылд...
1967 жылы “Өрімтал” 1969 жылы “Наз” 1971 жылы “Қуанышым, іңкәрім” 1972 жылы...
1980 жылы “Жайық қызы” 1981 жылы “Белокрылая” 1985 жылы “Ақжелең” 1990 жылы...
Шығармашылық бағыты Туған жер туралы толғаныс Замана тынысы Бойжеткендермен...
Апалық ақыл: Ісіңнен кейін есіңе сақта, жарқыным, Жеңілмес мықты қаруың сені...
 Аяулы ана, ардақты әже Ақұштап
 Оқырмандармен жүздесу
Анамын бөбегін сағынған, Ақынмын жыр болып ағылған. Көңілмен екіге бөлінген,...
 Ақынның туған жері – Ақ Жайық ару мекені.
 Ақылшы да абзал жандар
 Елбасымен кездесу
Мейлің, түрлі түспенен қасты боя, Алуан тілде айтылар жастық Ода. Білетінім:...
Десек те біздер жастықтың сырын аз ұқтық. Өмірдің жолы болмайды тегіс жазықт...
Қазақтың ғажап ақыны Төлеген Айбергенов Ақұштапқа қалай тәнті болған?! Аққуд...
А.Бақтыгереева туралы өз ойын жерлесіміз Ғайса-Ғали Сейтақ та білдіреді. Ол...
Зейнолла Қабдолов бір сөзінде: «Мен Оралды үш қыз арқылы таниды екенмін. Бі...
Әбіш Кекілбаев ағамыз: «Ақұштап Бақтыгереева әйелдерді емес, әділдікті жы...
Ақын мінезі әлі толассыз буырқануда. Дүние сырын кім түгел игерген. Сондықта...
 Назарларыңызға рахмет!
23 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 М “Жайықтың ақ шағаласы”
Описание слайда:

М “Жайықтың ақ шағаласы”

№ слайда 2 Өмір өткелдері 1944 жыл 23 тамыз Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданында д
Описание слайда:

Өмір өткелдері 1944 жыл 23 тамыз Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданында дүниеге келген; 1961 - 1966 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетінде оқып, жоғары білім алған; 1966 - 1971 жылдары Талдықорған облыстық «Октябрь туы», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер болып қызмет еткен; 1969 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі; 1971 - 1972 жылдары “Қазақфильм” киностудиясында редактор; 1972 - 1975 жылдары “Жұлдыз” журналында әдеби қызметкер; 1975 - 1981 жылдары “Жазушы” баспасының аударма редакциясында редактор;

№ слайда 3 1980 жылы “Советская женщина”, “Огонек” журналының жүлдесін алған. 1981 жылд
Описание слайда:

1980 жылы “Советская женщина”, “Огонек” журналының жүлдесін алған. 1981 жылдан шығармашылық жұмыста; 1996 жылдан бастап Жазушылар Одағының төралқа мүшесі; 1996 жылдан Халықаралық “Алаш” сыйлығының қазылар алқасының мүшесі; 2002 жылдан Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжде ұстаз; 2005 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. 2007 жылы Қазақстан Жазушылар Одағы Батыс Қазақстан облысы филиалының төрайымы, «Қаламгер» әдеби бірлестігінің жетекшісі болып тағайындалды. 2008 жылы «Астанаға – 10 жыл» медалімен марапатталды және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанды.

№ слайда 4 1967 жылы “Өрімтал” 1969 жылы “Наз” 1971 жылы “Қуанышым, іңкәрім” 1972 жылы
Описание слайда:

1967 жылы “Өрімтал” 1969 жылы “Наз” 1971 жылы “Қуанышым, іңкәрім” 1972 жылы “Песня, мечта и любовь” 1973 жылы “Сені ойлаймын” 1975 жылы “Ақ қанат” 1978 жылы “Бақыт әні” Өнер өрістері:

№ слайда 5 1980 жылы “Жайық қызы” 1981 жылы “Белокрылая” 1985 жылы “Ақжелең” 1990 жылы
Описание слайда:

1980 жылы “Жайық қызы” 1981 жылы “Белокрылая” 1985 жылы “Ақжелең” 1990 жылы “Сүмбіле” 2001 жылы “Ақ шағала” 2004 жылы “Лебединая верность ” 2007жылы “Мадонны Турана” (поэтическая антология) 2007 жылы “Қазақ поэзиясының антологиясы”

№ слайда 6 Шығармашылық бағыты Туған жер туралы толғаныс Замана тынысы Бойжеткендермен
Описание слайда:

Шығармашылық бағыты Туған жер туралы толғаныс Замана тынысы Бойжеткендермен сырласу Анаға арнау Тарихи тұлғаларға тағзым Өнерге табыну

№ слайда 7 Апалық ақыл: Ісіңнен кейін есіңе сақта, жарқыным, Жеңілмес мықты қаруың сені
Описание слайда:

Апалық ақыл: Ісіңнен кейін есіңе сақта, жарқыным, Жеңілмес мықты қаруың сенің - нәзіктік. Ана махаббаты: “Өлшеусіз мейірім мен махаббатың Өзгеден бөлексің - ау, ана жүрек!”. Ұлылықты ұлықтау: “Есімін кімнің сақтауды Біледі өзі халықтың”. Өнер құдіреті: “Өлең деген- құдірет қой шынында, Талант керек кейде оны ұғуға”.

№ слайда 8
Описание слайда:

№ слайда 9  Аяулы ана, ардақты әже Ақұштап
Описание слайда:

Аяулы ана, ардақты әже Ақұштап

№ слайда 10  Оқырмандармен жүздесу
Описание слайда:

Оқырмандармен жүздесу

№ слайда 11 Анамын бөбегін сағынған, Ақынмын жыр болып ағылған. Көңілмен екіге бөлінген,
Описание слайда:

Анамын бөбегін сағынған, Ақынмын жыр болып ағылған. Көңілмен екіге бөлінген, Жүрекпін екіге жарылған. Ақұштап Бақтыгереева

№ слайда 12  Ақынның туған жері – Ақ Жайық ару мекені.
Описание слайда:

Ақынның туған жері – Ақ Жайық ару мекені.

№ слайда 13  Ақылшы да абзал жандар
Описание слайда:

Ақылшы да абзал жандар

№ слайда 14  Елбасымен кездесу
Описание слайда:

Елбасымен кездесу

№ слайда 15
Описание слайда:

№ слайда 16 Мейлің, түрлі түспенен қасты боя, Алуан тілде айтылар жастық Ода. Білетінім:
Описание слайда:

Мейлің, түрлі түспенен қасты боя, Алуан тілде айтылар жастық Ода. Білетінім: Отанын, Халқын сүю, Болу қажет қашан да басты мода!

№ слайда 17 Десек те біздер жастықтың сырын аз ұқтық. Өмірдің жолы болмайды тегіс жазықт
Описание слайда:

Десек те біздер жастықтың сырын аз ұқтық. Өмірдің жолы болмайды тегіс жазықтық. Ісіңнен кейін есіңе сақта, жарқыным, Жеңілмес мықты қаруың сенің – нәзіктік.

№ слайда 18 Қазақтың ғажап ақыны Төлеген Айбергенов Ақұштапқа қалай тәнті болған?! Аққуд
Описание слайда:

Қазақтың ғажап ақыны Төлеген Айбергенов Ақұштапқа қалай тәнті болған?! Аққудың көгілдіріндей көркем қызды көрген ақын өз деміне өзі булығып, шабытына мініп, шалқып – тасып шыға келеді. Ақындық сезімін ақтарып салып, ақ тілегін қосады. «Деміме мынау алқынған, сен енді тоқтарсың ба, оралып ұшқан алдымнан, Оралдан шыққан көк қаршыға!» - деп тұлпар ақын бір орнында тыпыршып тұра алмай ауыздығын қарш-қарш шайнайды.

№ слайда 19 А.Бақтыгереева туралы өз ойын жерлесіміз Ғайса-Ғали Сейтақ та білдіреді. Ол
Описание слайда:

А.Бақтыгереева туралы өз ойын жерлесіміз Ғайса-Ғали Сейтақ та білдіреді. Ол өзінің «Оқырмандар ортасында» деген мақаласында былай дейді: «Ақұштап Бақтыгерееваның есімі жыр сүйер қауымға көптен таныс. Ол қазіргі қазақ поэзиясында қалам тартқан қыздар арасында лирикалық өлеңдер көшін бастаушылардың бірі десек артық айтқандық емес. Ақынның алғашқы тырнақалдысы «Өрімталдан», «Жайық қызы» атты жинағына дейін өзінің туған жері –Ақ Жайық өңірін оның аяулы адамдарын жырламай қалған емес» - деп ақынның қандай қаламгер екендігін осылай жеткізеді.

№ слайда 20 Зейнолла Қабдолов бір сөзінде: «Мен Оралды үш қыз арқылы таниды екенмін. Бі
Описание слайда:

Зейнолла Қабдолов бір сөзінде: «Мен Оралды үш қыз арқылы таниды екенмін. Бірі –аңыз болған Қыз Жібек, екіншісі –батыр туған – Мәншүк, үшіншісі –ақындық өзіндік мінезі бар мен білетін Ақұштап».

№ слайда 21 Әбіш Кекілбаев ағамыз: «Ақұштап Бақтыгереева әйелдерді емес, әділдікті жы
Описание слайда:

Әбіш Кекілбаев ағамыз: «Ақұштап Бақтыгереева әйелдерді емес, әділдікті жырлайды. Әйелдерді емес, әйелдікті қорғайды. Сол үшін де әйелді әйел етіп тұрған ең басты қасиет нәзіктікті дәріптейді. Оның Отан, туған жер, бауырлары мен балалары жайындағы жүрек тебірентерлік жырлары да сол нәзіктіктің түлектері. Тек нәзік үректер ғана ел мен ердің, заман мен адамдардың қадірқасиетін терең түсіне алады». дейді

№ слайда 22 Ақын мінезі әлі толассыз буырқануда. Дүние сырын кім түгел игерген. Сондықта
Описание слайда:

Ақын мінезі әлі толассыз буырқануда. Дүние сырын кім түгел игерген. Сондықтан бір қолымен дүниені, екінші қолымен немерелерді тербетіп, Ақұштап ақын әлі мазасыз мінездерді, мазасыз қанатты өлеңдерді тудыра береріне оқырмандары нық сенді» - дейді ақынға деген інкәр сезіммен: қазақ тілі мен әдебиет факультеті деканы Серікқали Шарабасов.

№ слайда 23  Назарларыңызға рахмет!
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет!

Автор
Дата добавления 15.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров567
Номер материала ДВ-528651
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх