Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы«Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным!» атты іс шара

«Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным!» атты іс шара

Скачать материал

«Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным!»

 

1 – жүргізуші:           Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,

                                    Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.

Аңсаған сан ғасырлық арман болып,

Қол жеткізген шындық жырын жырлады.

Қуаныштан қалай кеуде кермесін

Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!

2 – жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар мен студенттер! Бүгінгі тәуелсіздіктің 23 жылдық мерейтойына арналған «Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным!» атты іс шараны ашық деп жариялаймыз!

1 – жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы, келе берер!

2 – жүргізуші: Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.

1 – жүргізуші: Біз ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз, ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз.

2 – жүргізуші: Біз алтын күн бедерленген көк байрағын әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматтарымыз.

1 – жүргізуші: Біз, қазақстандықтармыз, және мұны зор мақтанышпен айтамыз.

Музыкалық номер

М.Маңғытаев «Қазақстаным менің» әні

2 – жүргізуші: Тәуелсіздік – киелі де, қастерлі ұғым. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандар мен қайсар рухының жемісі. Бүгін Қазақстан – әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.

1 – жүргізуші: Қарыштай бер, Қазақстан шың басына

Айналып Орта Азия барысына

Таныпты ел атанып, табысты ел,

Асты даңқың мұхиттың ар жағына!

2 – жүргізуші: Тәуелсіздіктің 23 жылы тарихта өз ерекшелігімен қалды. Әрбір жыл мемлекетімізге өзіндік өзгеріс енгізгені баршаңызға айқын.

1 – жүргізуші: Біз өткен 23 жыл ішінде елімізде қыруар істер атқарылды.Жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді.

2 – жүргізуші:

Мемлекет рәміздеріміз, Ата Заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің келбетімен таңқалдырған жаңа астанамыз бой көтерді.

1 – жүргізуші:

Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты ел екендігін мойындаттық.

2 – жүргізуші: Төріне туған жердің туын тігіп

Ерекше ел еңсесі бүгін биік

Астана – ақ ордасы қазағымның

Алтын тәж ақ маңдайдағы қонған сүйіп

Астана – Отанымның тірегісің

Қазақтың соғып тұрған жүрегісің.

Музыкалық номер

Амантаев Жанат «Астана» әні

Біз әрқашан бірлікті, тұрақтылықты қорғаймыз. Біздің Отанымыз ортақ. Жүрегіміз де біртұтас. Ұмтылыстарымыз да бірдей.

1 – жүргізуші: Қазір елім достықтың гүлстаны,

Қуаныштың, бақыттың ырыс бағы.

Мейрамдарын барша халық бірге тойлап,

Мұнда бәрі қосылып ту ұстады

«Достық» биі

2 – жүргізуші: Тәуелсіздік - ұлттық идеялар, тың серпін, сарабдал саясаттың сара жолы. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Халықаралық          ЭКСПО – 2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз.                 

        1 – жүргізуші:

21 ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры – Мәңгілік ел, - елдің біріктіруші күші, таусылмас қуат көзі.

        1 – жүргізуші: Сан ғасырлар тарихынан кешегі

Туған жердің шежіресі өседі

Менің елім Қазақстан – Отаным

Болашағы алға тартқан көш елі

2 – жүргізуші:Елбасының «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» жолдауы жасампаздықтың басты бағыты, қазақ елінің асыл мұраты.

1 – жүргізуші: 2015 жыл – ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақ халық Ассамблеясы мен Ата Заңымыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.

2 – жүргізуші: Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айырықша ролге ие.

Слайд «Мен елімнің патриотымын»

1 – жүргізуші: «Жастар - біздің алтын қорымыз» деп Елбасы айтқандай біздің колледжде мақсат – мұраттары айқын, оқуда да, өнерде де алда, шығармашыл, талантты студенттер көп. Біз олармен мақтанамыз!

                                      Марапаттау

2 – жүргізуші: Тәуелсіз ел қараймын да тамсанам

Жылдарды ата бабам аңсаған

Көрген ұрпақ бірімін мен, сондықтан

«Бақыттымын» деп айғайлап жар салам.

1 – жүргізуші: Желбірген байрағың желді күні,

Биіктерің, мәртебең елдігіңде.

Таныта бер Қазақстан, бар әлемге,

Керегеңнің кеңдігін де, теңдігін де.

Музыкалық номер

«Асқарлы қарлы шың-Қазақстаным» хор

2 – жүргізуші:Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!

1 – жүргізуші: Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті,

Болашағымыз жарқын болсын!

2 – жүргізуші: Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

«Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным!»

 

 

1.«Қазақстаным менің» хор

 

2.Амантаев Жанат «Астана» әні

 

3.«Достық» биі

 

4.«Асқарлы қарлы шың-Қазақстаным» хор

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным!»

 мерекелік бағдарлама

 Мақсаты:

-        Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы айту арқылы студенттер бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру;

-        елімізге тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін,тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру;

-        тарих  тағылымынан өнеге алып, ұлттық сананы жаңғыртқан қазақ жастарының ізбасары болу,

-        өскелең ұрпақтың имандылық және елжандылық сезімдерін дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ӘЛИХАН  МУСИН АТЫНДАҒЫ

БАЛҚАШ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МҚККК

            

 

 

 

 

 

 

 

 

        Жайнай бер, жасай бер,

       менің Қазақстаным!

              (Мерекелік іс-шара)

 

 

 

 

 

                                               Дайындағандар: ШК-12-9А тобы

                                                                    Жахметова Б.К.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным!» атты іс шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 954 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.11.2015 2741
    • DOCX 20.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жахметова Маржанкуль . Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жахметова Маржанкуль
    Жахметова Маржанкуль
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 10611
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 760 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие коммуникации и речи у детей раннего возраста

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек