Білім беру саласы:
Ұйымдастырылған іс - әрекеті:
Тақырыбы: Жазға қонаққа барамыз!
Мақсаты:
А) Балаларға жаз мезгілінің кереметтерін түсіндіру;
Ә) Жаз мезгілі туралы ақпартты игере отырып, үш тілді сөйлуге бағыттау, сөздік қорын байыту;
Б) Жаз мезгілінде табиғатқа қамқор болуға болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: тақырыпты біледі, сөйлеу тілінде қолдана алады;
Игереді: оқу іс – әрекетінде игергендерін айта алады;
Меңгереді: жаз айларының аттарын айтып, табиғаттағы өзгерістерді ажырата алуды меңгереді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тақырып мазмұнына сәйкес суреттер, ойыншықтар.
Оқу іс – әрекетінің
кезеңдері
Тәрбиешінің іс – әрекеті
Балалардың іс – әрекеті
Балалар шеңбер бойына тұрып, мұғалім көрсеткен би қимылдарын бірге әуенмен қайталайды.
«Көңілді күн» әнін қимылмен орындайды.
Бәрекелді, қандай тамаша! Мен сендер сияқты ақылды, сүйкімді, тәртіпті балалардың болғанына өте қуаныштымын.
Енді бәріміз орнымызға отырайық.
Балалар шеңбер бойынша орындарынан тұрып, биді әуенмен бирге қайталап орындайды.
Орындарына отырады.
Ұйымдастырушылық - ізденушілік
Кіріспе әңгіме:
Өрік алма,
Жидек жүзім піседі.
Қауын қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады. (жаз)
Жаз дегенде көз алдыларыңа бірден не елестейді?
Ал, балалар сендер «Жаз мезгілі» туралы не білесіңдер?
Жарайсыңдар!
Бір жылда қанша мезгіл бар?
Жаз айларын білеміз бе? Атап көрейікші!
Балалар сендер топ болып отырсыңдар. Өз топтарыңның аттарымен таныс болыңыздар!
1 – топ: Маусым
2 – топ: Шілде
3 - топ: Тамыз
Бақшаға біз барамыз,
Қарбыз үзіп аламыз.
Жаз қызығы керемет!
Түзде асыр саламыз.
Топтық тапсырмалар беру:
1 – топ: Маусым
Жазғы ауа райын өз беттерінше әңгімелеп, өз сөздерімен дұрыс суреттей білуге жетелеу. Жазғы керемет суреті беріледі. Балалар суреттен көргендерін пайдалана отырып баяндайды.
2 – топ: Шілде
Жаздағы бау – бақша. Балаларға боялмаған суреттер үлестіріледі. Олар керекті түсті қолдана отырп, бояп, таныстырып шығады.
3 - топ: Тамыз
Жаз мезгіліндегі адамдардың тіршілігі мен еңбегі. Сурет бойынша әңгіме.
Дыбыстық жаттағулар орындайық: менен кейін қайтала.
шиқ, шиқ, шиқ шиқылайды торғай,
тоқ,тоқ,тоқ тоқылдайды торғай.
Ян, ян, ян жүгіріп жүр қоян,
Ю, ю, ю қорбаңдайды аю.
Жаңылтпашты жаттап ал
Келді жаз,
Жазға бала мәз.
Көлде қаз,
Көл жағасы саз.

Рахмет балалар, сендер тура аюдың қимылдарын тура салдыңдар, неткен ақылды балалар!
Ия
Мен, мен
Балалар жұмбақтың жауабын табады.
Өз жауаптарын айтады.
Төрт
Маусым, шілде, тамыз.
Бір топ басшысын сайлайды.
Өлең жолдарын бірге қайталайды.
Өздерін үлкен балалар ретінде сезінеі.
Балалар берілген тапсырмаларға ойланады, орындайды.
Дыбыстарды дұрыс айта отырып, қайталайды.
Жаңылтпашты жаттайды
Барлығы мұғалімнің қимылын қайталайды.
Рефлексиялық – түзетушілік
- Балалар, біз бүгін жаз мезгілі тақырыбымен таныстық.
Балаларды мадақтау.
Бүгінгі сабағымызға қатысқандарыңызға рахмет.
Орнымыздан тұрайық,
Түзу сызық құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау – саламат болайық.
Жаз мезгілі
Өз көңіл күйлерін жеткізеді
Оқушылар орындарынан тұрып, қимылмен орындайды
11
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.