Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Жазықтық. Нүкте. Түзу. Сәуле.

Жазықтық. Нүкте. Түзу. Сәуле.



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ жоспары


Пәні: Математика

Күні: 06.09.2016 ж.

Сыныбы: 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Жазықтық. Нүкте. Түзу. Сәуле.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жазықтық, нүкте, сәуле, түзу туралы түсініктер беру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Жазықтық, нүкте, түзу және сәулені кескіндеп есептер шығаруға дағдыландыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды берілген тапсырманы ұқыпты, шапшаң және тиянақты орындауға, ережелерді есте сақтап дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу, танысу, оқушы қатысын тексеру.

ІІ. Жаңа материалды игерту.

Жазықтықтың шеті болмайды. Жазықтық барлық бағытта шектеусіз.


1-суреттегі жазықтықта E және K нүктелері кескінделген.



1-сурет


Нүкте латын алфавитінің бас әрпімен белгіленеді. Оқылуы: «Е нүктесі», «K нүктесі».





ә)

-суретте түзуі кескінделген.

ә-суретте АВ немесе ВА түзуі кескінделген.

Түзудің бастапқы және соңғы нүктелері болмайды. Ол екі жаққа да шектеусіз созылады.

Кез келген еуі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізуге болады.

Қиылысатын екі түзудің бір ғана ортақ нүктесі болады (2-сурет).




2-сурет

Сәуленің басталу нүктесі бар, бірақ аяқталу нүктесі болмайды. 3-суреттің оқылуы: «EF сәулесі».






3-сурет

Сәуле – түзу бойында берілген нүктеден (басталу нүктесінен) және оның бір жағында жатқан нүктелерден тұратын түзудің бөлігі.

Нүктемен түзуді бөлгенде шығатын сәулелер толықтауыш сәулелер деп аталады.

ІІІ. Кітаппен жұмыс.

28. Дәптерге:

  • E және F нүктелерін белгілеңдер;

E және F нүктелері арқылы түзу жүргізіңдер.

  • Түзуді оқыңдар және белгіленуімен жазыңдар.

Осы екі E және F нүктелері арқылы неше түзу жүргізуге болады?

29. 4-суретте жазықтықтағы түзуі және А, В, С, Е және D нүктелері кескінделген. A, B,C,E және D нүктелері түзуіне қатысты қалай орналасқан?


hello_html_m55e0393b.jpg

4-сурет

31. 1) O нүктесінде қиылысатын KL және NP түзулерін жүргізіп, толықтауыш сәулелерді жазыңдар.

2) O нүктесінде қиылысатын KL және NP түзулері жазықтықты неше бөлікке бөледі?

33. 5-суретте түзуі және CD, OA сәулелері кескінделген. түзуі қай сәулемен қиылысады? Қай сәулемен қиылыспайды?




5-сурет

ІV. Қортындылау.

  1. Жазықтық ұғымын қалай түсінесін?

  2. Нүктені қандай әріппен белгілейді?

  3. Түзу дегеніміз не?

  4. Сәуле дегеніміз не?

V. Үйге тапсырма беру.

30 (ауызша), №32, №34, №35 (ауызша), №37.

VI. Бағалау.

Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.








57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 03.11.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров9
Номер материала ДБ-317150
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх