Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Жазғы сауықтыру алаңында өткізілген іс-шара "Табиғат- менің өз үйім"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Жазғы сауықтыру алаңында өткізілген іс-шара "Табиғат- менің өз үйім"

библиотека
материалов

Табиғат –менің өз үйім

1-жүргізуші: Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат анасын қорғап, аялау – барша жұрт үшін тіршілік қамы, табиғат қажеттілігі.

2-жүргізуші: Мынау жарық дүниедегі әсерлі әсемдіктер мен қызықтар, рухани рахаттар, таңғажайып тамашалар Жер ананың жүзінде өтіп жатады. Қасиетті Жер ана – алып Күнді айналып жүретін жеті ғаламшардың ең құдіреттісі. Өйткені өрнекті жер жүзінде тыныстайтын ауа, сусындайтын су, сәулеттендіретін сәуле, қайнаған өмір бар. Жер ана – бүкіл адамзатқа ортақ мерекелі мекен.

1-жүргізуші: Қазақта «Ер туған жерінде, ит тойған жерінде» деген мақал бар. Әр адамның туған жері бәрінен де қымбат. Өйткені ол сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды, табиғатпен біте қайнасып, адам болып қалыптасады. Сондықтан да әрбір адам туған жерін қорғайды, аялайды, күтеді, қастерлейді.

2-жүргізуші: Аяулы туған жеріміздегі жайнаған гүлдер, жайқалған шалғындар, теңіздей телегей ормандар, сылдыраған бұлақтар, керіліп жатқан кең дала, аспанмен теңдескен ақ басты таулар, жарық ай, жарқыраған жұлдыздар, көк мөлдір аспан, күлімдеген Күн – өміріміздің тірегі, қызығы, рахаты. Туған жердің әрбір тасына дейін қасиетті., киелі, әулиелі. Сондықтан сол құдіретті мекенімізді сүйе білейік.

1-жүргізуші: Табиғат пен адам егіз. Табиғат адам қорғаушысы, саясы, емшісі деуге болады. Экология – бүкіл адамзат баласының шалыс басқан іс – әрекеттеріне келешекте шек қоятын, оның тыныс – тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы.

Сүйейік табиғатты, аялайық!

Экология – өмірдің соғып тұрған жүрегі!

Ей, табиғат, балаңмын, ертеңіңе алаңмын.

Денсаулығы ғаламның – амандығы адамның!

2-жүргізуші: Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп – өнер мекені.

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ол сәніміз.

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

1-жүргізуші: қазақтың шексіз Сарыарқасында тарихтың небір тылсым сырларын бүгіп жатқан орындар аз емес. Солардың бірі – әйгілі Шыңғыс өңірі. Ол Семейдің оңтүстік батысына қарай екі жүз шақырымдай жерде орналасқан.

1949 жылы бұрынғы Кеңестер одағының басшылары Шыңғыс тауының солтүстік – батысында Дегелең жотасының түбіне атом бомбасын сынау полигонын орналастыру туралы шешім қабылдады.

2-жүргізуші: әскери өнеркәсіптік кешеннің басшылары жергілікті халықтың мүдделерімен санаспай, сынақ өткізетін аумақты кеңейте берді. КСРО Қорғаныс министрлігі 1954 жылы Абыралы ауданы аумағының жарымына жуығын полигонға босатып беруді талап етті. Республика басшылары бұған қарсылық көрсетпеді.

Ондаған елді – мекендердің тұрғындарын басқа жаққа көшіруге бұйрық берілді. Тұрғындарға бұл жерге енді ешқашан қайтып оралмайтындығы ескерілді. Алғашында жұрт бұған наразылық білдіргенмен кейіннен лажсыздан көнді. Адамдар бір – бірімен қоштасты, туып өскен жермен, сумен қоштасты. Құрбандық шалып, ата – бабаларының молаларымен қоштасты.

1-жүргізуші: Қырық жылдан астам уақыт ішінде Семей атом полигонында 456 жарылыс болды. 1963 жылға дейін атом бомбалары жер бетінде ашық ауада сыналды. Атом бомбасы жарылған кезде одан көзге көрінбейтін радиациялық сәулелер таралады. Ол сәулелер өсімдіктердің, жануарлардың өміріне үлкен зиян келтіреді. Адамдардың қанын бұзады, оларды түрлі ауруларға шалдықтырады.

Бұл өңірде қатерлі ісік, қан ауруларымен сырқаттану жиіледі. Бұрын қазақ арасында болып көрмеген сұмдық сырқаттар көбейді. Іштен өлі туу, мүгедек болып туу, жүйке аурулары көбейді.

2-жүргізуші:1989 жылы алдына ізгі мақсат қойған «Невада - Семей» қоғамдық бірлестігі дүниеге келді. Олжас Омарұлы Сүлейменов осы қозғалыстың жетекшісі болды. Олар «Полигон жойылсын!», «Атом бомбасын сынау тоқтатылсын!» деген ұрандар тастады. Ақыры халық тілегі орындалды. 1991 жылы мемлдекеттік егемендік алған Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Семей атом сынақ полигоны жабылды.

Жер бетінде ала шұбар дақтар көп. Адамзат баласының көз алдында таусылып, құрып бара жатқан Арал теңізі. 60 – шы жылдары кемерінен аса шалқыған қайран теңіз жыл сайын тартыла – тартыла құрдымға айналды. Ауру – сырқау, өлім – жітім көбейді. Қазірде Арал теңізінің проблемасын шешуге үлкен жұмыстар, бағдарламалар қаралуда.

Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы барлық махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана.

Табиғат қызығам сенің суретіңе,

Бас ием сенің алып құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетіне.

Викториналық сұрақтар мен тапсырмалар:

1 тапсырма «Әріптерді орындарына қойып, дұрыс сөзді тап»

Рекүй (үйрек), Абтағит (табиғат), лже (жел), апржқаы (жапырақ), ғаша (ағаш), іклүт (түлкі), лүг (гүл), пөш (шөп), жабрың (жаңбыр), рақ (қар), уат (тау), тұлб (бұлт).

3 конкурс «Орманда кім тұрады?»

Қисық көз, желаяқ қорғанышы тікенек,

Аш, тісі ақсиған алапез, жыртқыш

Зұлым, алдаушы маймақ, бал татушы

(қоян, қасқыр, аю, түлкі, кірпі, жолбарыс,)

4 конкурс «Жануарлардың қылықтарын айт және көрсет»

(қоян мен аюдың қылықтарын көрсету).

5 конкурс «Керекті сөзді айтып жібер»

1.Бір туысы жолбарыс,,

Құйрық деген бір құлаш,

Бауыр жүні бір қары,

Мысық текті бұл (барыс)

2. талай канал жүргізген

Мықты дейсің кім бізден!

Танысалық дегенмен

Су маманы (құндызбен)

3. Үйдің алдына керек,

Ұзын бойлы көк (терек)

4.Екі өркешті бұл не?

Бұл кәдімгі (түйе)

5. Аш жүр бүгін ашушаң,

(қасқыр) дейтін тісті аң.

6. Болады күлкі

Бәріне (түлкі).

Жұмбақтар шешу «Табиғат құбылыстары»

Төңірегі тең көрініп,

Тегенежатыр төңкеріліп.

Жас та сыйған, кәрі сыйған,

Астына оның бәрі сыйған. (аспан)

Шешесі су да,

Әкесі суық.

Көктемде өлер,

Күз күні туып. (мұз)

Көк аспанды байытқан

Қара бұлтқа тәп – тәуір

Пайда болып ғайыптан,

Ғайып болды от – тамыр. (найзағай)

Ертеңгілік үлкен,

Кешкілік үлкен,

Талма түсте кішкентай. (күн көзі)

Көбелек секілді келгенде,

Кеткенде әбжылан сияқты. (қар)

Бояуларым қашып кетті,

Көк қағазды басып кетті.

Қатарларын тізіп алды,

Арттарында ізі қалды. (кемпірқосақ)

Қорытынды. Тренинг: «Ақ тілектер» (Балалардың бір – біріне табиғатқа байланысты сөздерді пайдалана отырып тілек айтуы).

Ақ тілек

Күн

Бұлт

Жұлдыз

Көл қар

Тау

Гүл

Бұлақ

Ай

«Әлемнің жанды сұлулығы» кітап көрмесіне шолу жасау

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Бірлестік орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі: Сеитова Б.Ж.

Краткое описание документа:

Автор
Дата добавления 14.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров424
Номер материала 299296
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх