Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Әже мен немере" сайысы. Тәрбие сағаты

"Әже мен немере" сайысы. Тәрбие сағаты


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Әже мен немере сайысы

Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар,

Босқа қарап тұрмаңыздар,

Әже мен немере сайысы болмақшы Қызықтан тыс қалмаңыздар!

Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылғын қазақ халқы ерте түсінген. Бала өмірдің жалғасы, Халықтың мұрагері.Кең даламызда көшпен күн көріп,аттың жалында,түйенің қамында жүрсе де,халқымыз жас ұрпаққа тәрбие берудің салт-дәстүрлерін,әдет-ғұрпын қалыптастырған әже тәрбиесінің бала өмірінде алатын орны ерекше.Әжелер мектебінің жұмысын көрсете отырып,«Әжем және мен» атты сайысын өткізгелі отырмыз.

Сайыстың шарттары:

1.Өзін таныстыру 2.Сыр сандық.Мұнда бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүр,той-томалақ рәсімдеріне байланысты, сұрақтар қойылады. 3.Өнер сайысы

Немере сайысы

1. Өзін таныстыру

2.Жағдаяттан шығу

3.Өнер сайысы

Сонымен: Сайыскерлерді шақырайық:

1.Жақсы бол,қыз болсаң ел көргендей

Досыңа қосылғанда дем бергендей

Таңдайды жақсы болсаң тигіз көпке

Тұйғынға қапастағы жем бергендей!- деп ортаға Мэлс Алтынайды Раушан әжесімен шақырамыз

2.Қыз бол,қыз болсаң бұлғақтамай Орынсыз сөз сөйлеме жұртқа қарай

Еліңе жақсы сөзді тарту еткен

Халыққа көңіл бөліп, тыңдатқандай!- деп Адельді Ұлмекен әжесімен шақырамыз

3.Қуаныш көп болуда сүйікті елде,

Ақылды адам бәріненде биік-пенде

Элмира болашағың жарқын болсын

Жұлдызың болсын әр кез биіктерде –деп Эльмираны Балғара әжесімен шақырамыз

4.Қыз емес қыздың аты қызыл алтын

Көрінер талған айдай жүзі жарқын

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес

Халқының сақтай білген ізгі салтын – Айдананы әжесі Мәнетпен ортаға шақырамыз



5.Ақылы ұқсайды көл дарияға

Сыйлы әр кез жастарға да қарияға

Әнекей келе жатыр жол беріңдер

Сұлу қызымыз Әсем әжесі Тамарамен

6.Көзің қандай көркем еді Көрген жандар тамсанады Сірә мұндай болмаған-ау! Мөлдіреген көлде тегі–деп Ақмаралды әжесі Оразгүлмен шақырамыз

Басталды сайысымыз бүгінгі күн

Айырар әділ қазы үздігі кім

Бақ сынап алдыңызда «немере мен әжелер»

Алысқан тұлпардайын тізгінімен- деп Әділ қазылар алқасымен танысайық:

1.Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары:Биманова Толғанай 2.Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары:Изтелеева Галя 3.Бастауыш сыныптар бойынша педагог үйлестіруші: Себепбаева Гүлнұр 4.Машанова Айнаш

Олай болса сайысымыздың беташарын 3 в сыныбының қыздарын «Шағала» биімен қарсы алыңыздар.

Беташарын сайысымның бастадық

Көрерменді бір серпілтіп тастадық

Ата-анаңмен жеті атаңды атап шық

Білгендерге ду қол соғып тастайық- деп I бөлім Таныстыру

1 Алтынай Раушан әжесімен 2. Айдана әжесі Мәнетпен 3. Адель Ұлмекен әжесімен

4.Әсем әжесімен Тамара

5. Эльмира Балғара әжесімен 6.Ақмарал әжесімен

II-бөлім Әжелер сайысады

«Сыр сандық» Сыр сандықтан сұрақтар алып жауап беру

1.Алтынайға сұрақ –Сені сыныптасың туған күніне шақырды.Сен міндетті түрде барамын деп туған күн иесіне де,сыныптас қыздарға да сөз беріп қойдың. Үйге келіп анаңа айтып едің, анаң рұқсат бермеді. Енді не істейсің?

2.Адельге сұрақ- Сабақ үстінде бір оқушы партаға жазу жазып отырды.Мұғалім оған ескерту жасады. Бірақ оқушы жазуын бұдан кейінде жалғастыра берді. Оқушының мәдениеті туралы не айтуға болады?

3.Эльмираға сұрақ-Сен өте асығыссың, себебі сен сабаққа үлгеруің керек. Көшеде бала жетектеп келе жатқан қарияны қағып кеттің.Ол кісі құлап түседі,немересі қорыққаннан жылап жіберді. Сен не істейсің?

4.Айданаға сұрақ- Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тапсырды.Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл істі ұмытып кеттің.Анаң жұмыстан келіп өзі сыпырып,жинастырып қойды.Сен келгенде анаң ренжулі! Сенің әрекетің?

5.Әсемге сұрақ-Үйде ешкім жоқ.Тек сен ғана.Есіктің қоңырауы соғылды.Сен барып қарасаң қаладан келген туысқаның. Сенің анаң есікті ешкімге ашпауды тапсырған. Сенің әрекетің?

6.Ақмаралға сұрақ-Бүгін анаң жақсы көретін тамағыңды жасап берді.Сен отыра қала інілеріңмен тамақ жедің де,далаға ойнап кеттің. Сен нені ұмыттың?

Сайысымыздың III-бөлімі.Өз өнері

Өнердің нәр береді шапағаты Әркімнің өнерге бар махаббаты

Сайыскер талаптанып шығыңдаршы

Халайық қошеметпен қол соғады

Әжелерден бастайық1. Алтынайдың әжесі Раушан 4. Айдананың әжесі Мәнетпен2. Адельдің әжесі Ұлмекен 5.Әсемнің әжесі Тамара

3. Эльмираның әжесі Балғара 6.Ақмаралдың әжесі

Немерелер өнерін тыңдайық1 Алтынай 3б4. Айдана 3ж 2. Адель 3в5.Әсем 3з3. Эльмира 3ғ6.Ақмарал 3дОсымен бұл қызықты тамамдасаң Бұл жайлы айтамызба жаман болсаң

Үйрендік білмегенді осы жолы

Тағы да үйренеміз аман болсақ

Сайысқа қатысушыларға ақ ниетімізбен алғыс айта отырып, деніңізге саулық,отбасыларыңызға бақыт тілейміз.














57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 15.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров612
Номер материала ДВ-343175
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх