Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / «Жеңгем және мен» сайысы

«Жеңгем және мен» сайысы

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Қостанай облысы, Науырзым ауданы

Дәмді а.

Дәмді орта мектебі

« Жеңгем және мен » сайысы

9-11 сыныптар аралыгында


Мақсаты: Адамгершілік қасиеттерін, жеңге мен қайын сіңлінің арасындағы өзара сыйластық, бір - біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту, Отанын, тілін, қазақы салт - дәстүрді құрметтей білуге үйрету.
Көрнекілігі: плакатқа жазылған нақыл сөздер, үлестірмелік материалдар, сиқырлы қоржын, эмблема, асық, мадақтамалар, сыйлықтар.
Барысы:
1. Таныстыру
2. Өз өнері
3. Ата дәстүр – асыл қазынам
4. Жеңешем әзірлеген дастархан
5. Үй тапсырмасы
6. Аталар айтқан асыл сөз


Мұғалім: Құрметті асыл аналар, құрметті ұстаздар, қыз - қызғалдақтар. Көгіміздегі бейбітшілік нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде адамзатты қуанышқа бөлеп, адам баласына өмір, жылылық, әсемдік сыйлайтын Аналар мерекесі келді. Ана! Осы бір қасиетті сөзде қаншама мол мейірім, асып төгілер мол қуаныш бар. Асыл аналар! Көктем бейбітшілігіндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер! Отбастарыңызға амандық, балаларыңызбен бақытқа бөленіп ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектеспіз.


1 - жүргізуші:
Армысыңдар, ардақты көрерменім,
Көрсетеді өнерін өрендерім.
Біз сайысқа кетеміз қадам басып
Алдыменен алайық амандасып.
Жұлдыз болып жарқыраймыз,
Шырақ болып маздаймыз.
Шалқытамыз достарды,
Балқытамыз тастарды,
Біз жүрегін тоқтатпаймыз өмірдің.
2 - жүргізуші:
Армысыздар, ақ жүректі ұстаздар,
Шәкіртіне білім нұрын шашқандар.
Армысыңдар, жеңгелері қыздардың,
Сахнаға сайысуға келіп жеткен.
1 - жүргізуші:
Армысыңдар, қадірменді асыл халқым,
Арта берсін абырой, атақ - даңқың.
Қарсы алайық қыздарды жеңгесімен
Ұстаған қазағымның ата - салтын.
2 - жүргізуші:
Құрметті аналар, ұстаздар, оқушылар, бүгінгі мерекелік «Жеңгем және мен» сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! Мереке қарсаңында өткелі отырған «Жеңгем және мен» атты жеңгелер мен қыздарымыздың сайысына қатысушы жұптарды ортаға шақырамыз.
(музыка ойналып тұрады. Ортаға жеңгелер мен қыздар шығады. Сайысқа қатысушы жұптарды ортага ду кол шапалакпен карсы алайык!

1)
2)
3)

1 - жүргізуші:
Құрметті сайысқа қатысушылар, сайысты бастамас бұрын сіздерді әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
2 - жүргізуші:
Нешінші болып өнер көрсететіндеріңізді анықтау үшін алдарыңызда тұрған қағаздардан таңдауларыңыз сұралады. Алған номерлеріңіз бойынша сайысқа түсесіздер.
1 - жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашан да нанымды.
2 - жүргізуші:
Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген әр жұп кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз
1 - жүргізуші:
Жеңгелері мен қыздарымыздың таныстыруына кезек береміз.
(әр жұп өздерін таныстырып өтеді)
1) ---------
2)---------
3)---------

2 - жүргізуші:
Шырақтатып шырқатып, тамсандырған талайды,
Әуелеген әсем ән көк аспанға тарайды.
Өнерпаз ұрпақ мерейі биіктерге жетелеп,
Қазағымның көгіне бақ боп мәңгі жанғай - ды.

2 - жүргізуші:
Абай атамыздың сөзімен айтқанда
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Тәтті ән мен әсем күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй» - деп кезекті өнерлі Жеңгелеріміз бен қыздарымызға береміз.
1 - жүргізуші:
Яғни келесі бөлім «Өз – өнері»
1)------
2)-------
3)-------

1 - жүргізуші:
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын.
2 - жүргізуші:
Жаңғырғаны сананың,
Ұмытады мұны кім?
Ата – салтын бабаның
Алып келді осы күн


1 - жүргізуші:
Ата дәстүр – асыл қазынам
Енді біз асыл Жеңгелеріміз бен қыздарымыздың қаншалықты ата дәстүрін білетіндігін тексермекпіз.
Әр топ оздері дайындаган бір дәстүрімізді тамашалайды.


1 - жүргізуші:
Ал халайық, ықыласпен демейік,
Әділдікпен бағаларын берейік, - деп аруларымызбен жеңгелері сұраққа жауап тапқанша қазылар алқасынан алдыңғы екі бөлімнің бағасын сұраймыз. 1 - ші бөлім «Таныстыру»
1 - ші жұпқа
2 - ші жұпқа
3 - ші жұпқа

2 - жүргізуші:
2 - ші бөлім «Өз - өнері»
1 - ші жұпқа
2 - ші жұпқа
3 - ші жұпқа

1 - жүргізуші:
Ал енді жұптарымыз дайын болса жауаптарын тыңдап көрейік
1 - ші жұп
2 - ші жұп
3 - ші жұп

«Ас - адамның арқауы»
2 - жүргізуші:
Я шынымен да, олай болса келесі кезекті «Жеңешем әзірлеген дастархан» бөліміне кезек берейік
1 - жүргізуші:
Әр жеңге өзі әзірлеген ас түрімен таныстырып өтсе
1 - жүргізуші:
Жағдаяттан қалай шығасыз.

  1. Сіздің ұлыңыз қыз балаға дөрекі қылық көрсетті.(Сіздің көзіңізше) Сіздің іс-әрекетіңіз.

  2. Қызыңыз өте жақсы оқитын.Бірде қызыңыз «екі » алып, мұғалімнің ескертпесі күнделікке жазылып келді.Сіздің пікіріңіз.

  3. Сіздің қызыңыз мені ұрды деп ,бір қыз бала өтірік айтып келді.Сіздің қолданар шараңыз.

  4. Сіздің қызыңыз «математика пәні ұнамайды деді».Сіз қандай шара жасар едіңіз.

  5. Сенің дос қызыңның туған күні ,оған баруға уәде де беріп қойдың.Анаң аяқ –асты ауырып қалды...

. Сен осы тоқсанды жақсы қорытынды мен аяқтасаң, қымбат телефон алып беремін деп

уәделесі анаң , Сен осы тоқсанда жақсы қорытынды көрсеттің ,ал бірақ анаң уәдесінде

тұрмады...
2 - жүргізуші:
«Ата көрген оқ жонар
Ана көрген тон пішер.» деп аталарымыз айтып кеткендей
1 - жүргізуші:
Он саусағы майысқан шеберлерде көп бізде
2 - жүргізуші:
Олай болса кезекті «Үй тапсырмасына» береміз әр жұп өз тапсырмаларын түсіндіріп айта кетсе
1 - жүргізуші:
Әділ қазылар алқасы талқылап бағаларын бергенше біз кезекті әсем күйге берейік
2 - жүргізуші:
Жарайды, ендеше ортаға «Балбырауын» күйімен сыныбымыздың бір топ өнерлі қыздарын шақырамыз. (Дана, Айдана, Мадина)
1 - жүргізуші:
Енді әділ қазы алқаларынан алдыңғы 3 бөлімнің бағасын сұрайық
3 - ші бөлім «Ата дәстүр – асыл қазынам»
1 - ші жұпқа
2 - ші жұпқа
3 - ші жұпқа

2 - жүргізуші:
4 - ші бөлім «жеңешем әзірлеген дастархан»
1 - ші жұпқа
2 - ші жұпқа
3 - ші жұпқа

1 - жүргізуші:
5 - ші бөлім «үй тапсырмасы»
1 - ші жұпқа
2 - ші жұпқа
3 - ші жұпқа

2 - жүргізуші:
Ал келіңдер, келіңдер
Бір - біріңе еріңдер.
Білімдеріңді тексеріп,
Бір таласып көріңдер,- жеңгелеріміз бен аруларымыз мақал - мәтелдердің жалғасын тапсын
1 - жүргізуші:
Олай болса «Аталар айтқан асыл сөз» бөліміне кезек берейік. Бұл бөлімнің шарты мақал - мәтелдерді бірінше боп жалғастыру керек және әр дұрыс жауапқа бес балдан
1 - жұпқа:
Жақсы олай болса бастайық
1. Бір жақсы қыз
(Екі жаман ұлға татиды)
2. Шешеге қарап қыз өсер
(Әкеге қарап ұл өсер)
3. Әке тұрып ұл сөйлесе
Ер жеткені болар
(Шеше тұрып қыз сөйлесе
Бой жеткені болар)

4. Ананың сүті – бал
(Баланың тілі – бал)


2
- жұпқа:
1
. Ұлға отыз үйден тыю
(Қызға қырық үйден тыю)
2. Өз балаң өзектен тепсеңде кетпейді
(Кісі баласы кісендесең де тұрмайды)
3. Астың сәнін тұз келтірер
(Ауылдың сәнін қыз келтірер)

  1. Ақ шашты ана:
    «Жастығын – балам» дейді.
    (Ақылды бала:
    «Ай күнім – анам» дейді)


3 - жұпқа:
1. Әйел – үйдің ажары
(Бала – үйдің базары)
2. Келінім саған айтам
(Қызым, сен тыңда)
3. Бірінші байлық – денсаулық
(Екінші байлық – ақжаулық)
4. Ат болатын құлынның
Бауыры жазық келер,
(Адам болатын баланың
Маңдайы жазық келер)

1 - жүргізуші:
Әділ қазы алқаларынан 6 - шы бөлім «Аталар айтқан асыл сөз» бөлімінің бағасын сұрасақ
1 - ші жұпқа
2 - ші жұпқа
3 - ші жұпқа

2 - жүргізуші:
Енді әділ қазы алқалары сайысымыздың қорытындысын шығарғанша, біз тағы да бір жақсы әуен тыңдайық:

2 - жүргізуші:
Ұстазым - екінші анам, аялаған
Біздерден бар білімін аямаған
Күнде құшақ жаяды алдан – деп біз аяулы ұстаздарымызды құттықтап мына бір әсем әуенді өздеріңізге ұсынамыз(топ оқушы)(ұстазым әнімен)
1 - жүргізуші:
Сыныптың жастарына көз тимесін
Бұл жұптарға ешқашан сөз тимесін
Рабиға мен Қырмызы, Айданалар ән шырқаса
Дана мен Әсел дөңгеленіп би билесе
Мадина, Марина, Маликалар сіздерден қалыспайды
Инабат пен Қарлығаш ән шырқайды
Білімменен таңдатып Аяжан, Әминамыз
Өнерін көрсетуге жалықпайды

1 - жүргізуші:
Ендгі сөзді әділ қазылар алқасына берсек
2 - жүргізуші:
Ардақты аналар, жеңгелер, қымбатты ұстаздар алдағы келе жатқан Аналар мерекесі баршаңызға құтты болсын!
1 - жүргізуші:
Жеңгелер – әрқашан үлкен тірек,
Бұл өмірде бірлескен біздің тілек
Шын көңілден құттықтаймыз мерекемен
«Алғысқа бөлене бер» деп тілейді біздің жүрек.

Мұғалім:
Міне, аналарымыз бен жеңгелерімізден тәрбие алған аруларымыз ибалы, инабатты, әдепті, бір сөзбен айтқанда тәрбиелі болып өсетіні анық. «Гүлден ұрық шашылса, гүл тарайды әлемге»деп Сәбит Мұқанов айтқандай аналар, жеңгелер гүл болып шешек атса, арулармыз гүл болып әлемге шашылары анық.



Өткізген тәрбие орынбасары : Байгенжина Динара Егеубаевна 2015-2016 о.ж.



















1. Жеңгесінің қызға еркелетіп қойған аты _________________________

2. Қайынсіңлісің мінезі қандай? (тұйық, ақжарқын, байсалды)

3. Қайынсіңлісің досы кім? ________________

4. Қыздың алдына қойған мақсаты (оқуға түсу, жұмыс жасау, үйде отыру)

5. Сыныптастарымен , достарымен, мұғаліммен ренжіскенде қандай күйде болады? (ұрсысады, жылайды, қырсықтанады, тез ұмытады)

6. Жақсы көретін әнінің аты _____________________________

7. Ақын, өнер адамдарынан кімге еліктейді? _______________________________________

8. Кіндік шешесі кім? Мінез-құлқында кіндік шешесіне ұқсастығы бар ма? ___________________

9. Мүшел жасқа қашан толды?

10. Соңғы сән үлгісіне еліктей ме, барды таза, үйлесімді кие ме? _____________________________

11. Білім алып жүрген мектебі туралы ой (жақсы , өте жақсы, қанағаттанарлық)

12. Сүйіп оқитын пәні _________________________

13. Жұлдызнамасы __________________________

14. Хоббиі __________________________________________________________




1. Жеңгесінің қызға еркелетіп қойған аты _________________________

2. Қайынсіңлісің мінезі қандай? (тұйық, ақжарқын, байсалды)

3. Қайынсіңлісің досы кім? ________________

4. Қыздың алдына қойған мақсаты (оқуға түсу, жұмыс жасау, үйде отыру)

5. Сыныптастарымен , достарымен, мұғаліммен ренжіскенде қандай күйде болады? (ұрсысады, жылайды, қырсықтанады, тез ұмытады)

6. Жақсы көретін әнінің аты _____________________________

7. Ақын, өнер адамдарынан кімге еліктейді? _______________________________________

8. Кіндік шешесі кім? Мінез-құлқында кіндік шешесіне ұқсастығы бар ма? ___________________

9. Мүшел жасқа қашан толды?

10. Соңғы сән үлгісіне еліктей ме, барды таза, үйлесімді кие ме? _____________________________

11. Білім алып жүрген мектебі туралы ой (жақсы , өте жақсы, қанағаттанарлық)

12. Сүйіп оқитын пәні _________________________

13. Жұлдызнамасы __________________________

14. Хоббиі __________________________________________________________






Текеметке ою салу





Дастарханға эскиз жасау





Құрақ көрпе құрау


Бөлімдер

1 топ

2 топ


3 топ

4 топ

5 топ

6 топ

1

Таныстыру (жеңгесі қайынсіңлісін, қайынсіңлісі жеңгесін таныстырады)







2

Өнерлерінің өрісі кең (топтың өнерін тамашалау)







3

Халқын сүйген -салтын сүйер (қыз бен жеңгесі қазақтың салт-дәстүрінен көрініс көрсету)







4

Сырымыз бір жеңгелер (сұрақ-жауап)







5

Ептілік сайысы. Шеберлікпен аты шыққан өлкеге. Әр топқа: текеметке ою салу, дастарханға эскиз жасау, құрақ көрпе құрау)







6

Мен жеңгемнің өнерін мақтан тұтам (жеңгесінің қолынан шыққан қолөнер бұйымдарының өрмесі және "Таңдайдан дәмі кетпес тәтті" астың атты жеңгесі пісірген дәмді тағам дастарханына қатысу)







7

Ата мұраң -асыл қазынаң (ұлттық салт-дәстүрінен сұрақтар)







8

Зерделі болса жеңешем (ситуациялық сұрақтар)







9

Адам көркі- шүберек. (сән үлгісі )







Бөлімдер

1 топ

2 топ


3 топ

4 топ

5 топ

6 топ

1

Таныстыру (жеңгесі қайынсіңлісін, қайынсіңлісі жеңгесін таныстырады)







2

Өнерлерінің өрісі кең (топтың өнерін тамашалау)







3

Халқын сүйген -салтын сүйер (қыз бен жеңгесі қазақтың салт-дәстүрінен көрініс көрсету)







4

Сырымыз бір жеңгелер (сұрақ-жауап)







5

Ептілік сайысы. Шеберлікпен аты шыққан өлкеге. Әр топқа: текеметке ою салу, дастарханға эскиз жасау, құрақ көрпе құрау)







6

Мен жеңгемнің өнерін мақтан тұтам (жеңгесінің қолынан шыққан қолөнер бұйымдарының өрмесі және "Таңдайдан дәмі кетпес тәтті" астың атты жеңгесі пісірген дәмді тағам дастарханына қатысу)







7

Ата мұраң -асыл қазынаң (ұлттық салт-дәстүрінен сұрақтар)







8

Зерделі болса жеңешем (ситуациялық сұрақтар)







9

Адам көркі- шүберек. (сән үлгісі )








Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров223
Номер материала ДВ-469578
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх