Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Жеңіс күнін" тойлаймыз" тәрбиелік іс-шара

"Жеңіс күнін" тойлаймыз" тәрбиелік іс-шара

Скачать материал

                                       Жеңіс күнін тойлаймыз!

Мақсаты:Балаларға Ұлы Отан соғысының мазмұнын әңгімелеп,осы соғыста ерлік көрсеткен батырлардың ерліктерін,жыл сайын Жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып,жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың,бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып,балаларды Отанды қорғауға,Ұлы Отан соғысының  батырларының ерлік істеріне тағзым етуге,батыл да ержүрек болуға үйрету.Елін,жерін жаудан қорғай білуге,елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

1-жүргізуші:Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан   1миллионнанастам жауынгер қатысып,олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты.Қаншама жауынгер хабар-ошарсыз кетті.Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты.Генерал Панфиловбастаған 28дивизия жауынгерлердің есімдері Ұлы отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылған.

2-жүргізуші:      Оңайлықпен түскен жоқ жеңіс бізге

                         Соғыс елді түсірді-ау ауыр күйге.

                         Жұрт күйзелді,төгілді қанша көз жас,

                         Түнерді қайгы бұлты талай үйде.

 

1-жүргізуші:       Біріктіріп үміті мен тілеген,

                         Біріктіріп барлық күшін жүгерін

                         Ана үшін,бала үшін,жер үшін

                         Жасқанбастан тосты оққа жүрегін

Көрініс.Үнтаспадан.

-Қымбатты бауырлар,1941 жылы 22-ші маусымдафашистік Германия тұтқиылдан шабуыл жасады.Олар бізді бостандығымыздан айырыа,жерімізді таптамақ болды,бірақ олай болмақ емес.Біз жеңеміз,әділет әрқашанда жеңбек.Фашистерге өлім келсін! Ағылған халық,Отан үшін жауға аттанып бара жатқан жауынгерлер.Кәрі де,жас та,қыздар да,аналар да әскерге іліккен жастарды шығарып салуда.

Дауыстар: «Аман-есен елге оралыңдар!», «Балам уйге жеңіспен оралыңдар!», «Әке қош сау бол!»т.б.

1-жүргізуші:Мұндай жойқын апаттың көріп түрін,

                     Адамзат естімеген бұдан бұрын.

                     Талқандап фашистерді азат болған

                     Атаймыз жыл сайынғы Жеңіс күнін

 

2-жүргізуші:  Отан  үшін мерт болғанды танып, біл,

                      Оларды әсте ұмытпайды халық бұл

                      Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді

                      Батырлардың жүрегі от боп жанып тұр!-дей отырып Жеңіс күнінен арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.

Музыка.Балалар қолдарына гүл шоқтарын,шарларды алып шығады.

1-жүргізуші:Соғыс өрті өшіп,қайғы мұңнан айырылып,бейбітшілік орнағанына 67-жыл.

2-жүргізуші:Екі қолмен шоқ көсеп ойнағандар,

                      Кеудесін отқа төсеп лаулағандар.

                      Бір сәтке сол ерлерді еске алайық

                      Жеңіс тойын бүгінде тойлағандардеп сонау сұрапыл жолдпры Жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан жандарды 1минут үнсіздікпен еске алайық.

Үнсіздік.

Бағлан:Біздер үшін жанын қиған,

             Бас иеміз жандарға

             Атақ-даңқын жеткіземіз,

             Ертеңгі атар таңдарға.

Батыр:Ерліктерін мәңгі ұмытпай

             Есте сақтап жүреміз,

             Есімдерін көше,мектеп

             Атауынан білеміз

Мансур:Ер есімін алып жүрген

               Жас түлектер қаншама

               Батыр аға-апаларын

              Таныстырып баршаға

Баян:Жеңіс күні құтты болсын,

          Құтты болсын апалар

          Ұмытпайды ешқашанда

          Жауынгерді балалар

Ән: «Жеңіс күнін тойлаймыз»

Айша:Жауынгер біздің саңлақтар

           Жауды жеңген солдаттар

           Ардақта Отан-ел үшін

            Бақытты туған жер үшін.

Нұрәділ:Жау шатырын жықтырып

             Жауға тізе бүктіріп

             Жарқ етті елдің ерлері

             Жеңімпаз өскен ұдайы.

Жүргізуші: «Ешкім де ұмытылмайды,еш нәрсе де ұмытылмақ емес! ».Осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштеріне тастан қашалып жазылған.

Арайлым:    Мезгілсіз өлген ардагерлер

                   Ұлдар айбыны

                Желбіре тулар

                Толықсып тұрса

                Май гүлі

                Қуану керек!

                Қуану керек десек те....

                Ұмыту қиын қайғыны

«Көңілді би» Соғыс әндеріне папури.

Жүргізуші:Иә,бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ.Әди Шәріпов,Қасым Қайсенов,Жұмағали Саин,Талғат Бигелденов,Мұсабек Сеңгірбаев,Әлия Молдағұлова,Мәншүк Мәметова,Бауыржан Момышұлы сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен аталарымыз,әпкелеріміз бен апаларымыздың жасаған ерліктері мәңгі жадымызда қалады.Бейбіт күннің әрбір арайлап атқан таңы үшін біз майдангерлерге қарыздармыз.осы апа-аталарына ұқсауды армандайтын балаларымыз,қазір сіздерге өз өнерлерін көрсетеді.

Темірлан:Қайтпаған дауылдан

                 Кек алған жауынан

                 Халқымның қастерлі

                 Жайсаңы Бауыржан

                 Қазақтың қамы үшін

                 Жүрегі ауырған

                  Елінің намысын

                 Қорғаған Бауыржан

Асылым:Сонау жылы жер көкті

                  Соғыс бұлты торлаған

                 Сонда Мәншүк әпкеміз

                 Жауды елден қорғаған

                 Үстінде сұр шинелі

                 Дулығасы болаттан

                  Мәншүк әпке күн-түні

Жүргізуші: 1945жылы 30сәуірде сағат 6,30-да жеңіс туы тігілді.Ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев.Төрт жылға созылған қан төгіс аяқталды.

Көрініс.

Ортаға қолында қызыл туы бар Рақымжан Қошқарбаев шығады.

Рақымжан. «Отан үшін алға!», «Біздер жеңдік!» туды тігеді.

Салют,фанфары.

Үнтаспадан дауыс:4жылға созылған ауыр соғыстан кейін совет әскері фашистік Германияны құлатып,Ұлы Отан соғысында жеңіске жетті.

Жеңіс құтты болсын!

1-жүргізуші:Бір ғана Жеңіс деген сөзді естігенде сол кездегі адамдардың қуанышында шек болмады.Жан-жақтан айқайлаған дауыстар,көзіне жас алып жылағандар болды.Әрине бұл үлкен қуаныштың жасы еді.

2-жүргізуші:Ержүрек батыр ата-апаларымыз сыйлаған бақытты таңдар,бейбіт күндер үшін,ол кісілердің алдарында біздер әрқашан бас иеміз,ендігі жерде жыл сайын саны азайып бара жатқан батырларымыздың қалғандарына Алла тағала ұзақ ғұмыр берсін деп тілейміз.

Жангүл:Ағайын туған бар адам

              Адамдық үшін жаралған

              Бар елге қымбат туыстық

              Баянды болсын тыныштық

Данара:Нұр тұнсын қырымыз

              Құлпырсын гүліміз

              Жайқалсын бағымыз

              Жайнасын күніміз

Арслан:Ақ көгершін қалықтап

              Аспанда ашық самғаған

              Тыныштық болып елімде

               Қанаты оның талмасын.

Ән: «Ақ көгершін»

Бәрі:

Бейбіт күн жасасын әлемде,

Тыныштық болсын бар елде.

Аб. Арайлым:    Екі қолмен шоқ көсеп ойнағандар,

                      Кеудесін отқа төсеп лаулағандар.

                      Бір сәтке сол ерлерді еске алайық

                      Жеңіс тойын бүгінде тойлағандар

Асылым:   Біздер үшін жанын қиған,

                  Бас иеміз жандарға

                 Атақ-даңқын жеткіземіз,

                 Ертеңгі атар таңдарға.

Ай.Арайлым:  Ерліктерін мәңгі ұмытпай

                         Есте сақтап жүреміз,

                        Есімдерін көше,мектеп

                        Атауынан білеміз

Заңғар:        Ер есімін алып жүрген

                   Жас түлектер қаншама

                  Батыр аға-апаларын

Таныстырып баршаға

Данара:  Жеңіс күні құтты болсын,

               Құтты болсын апалар

               Ұмытпайды ешқашанда

               Жауынгерді балалар

Ералы: Жауынгер біздің саңлақтар

             Жауды жеңген солдаттар

            Ардақта Отан-ел үшін

            Бақытты туған жер үшін.

 

Әлішер:Жау шатырын жықтырып

             Жауға тізе бүктіріп

             Жарқ етті елдің ерлері

             Жеңімпаз өскен ұдайы.

Мерген:Қайтпаған дауылдан

                 Кек алған жауынан

                 Халқымның қастерлі

                 Жайсаңы Бауыржан

 Бақтияр: Қазақтың қамы үшін

                 Жүрегі ауырған

                  Елінің намысын

                 Қорғаған Бауыржан

Әлихан:Сонау жылы жер көкті

                  Соғыс бұлты торлаған

                 Сонда Мәншүк әпкеміз

                 Жауды елден қорғаған

Санжар :Ағайын туған бар адам    

              Адамдық үшін жаралған

              Бар елге қымбат туыстық

              Баянды болсын тыныштық

Айәділ:Нұр тұнсын қырымыз

              Құлпырсын гүліміз

              Жайқалсын бағымыз

              Жайнасын күніміз

 

Батыр:  Ақ көгершін қалықтап

              Аспанда ашық самғаған

              Тыныштық болып елімде

               Қанаты оның талмасын.

Наздана:Жеңіс келді ән болып,

             Келді ауылға сән болып.

             Жеңіс келді алақай,

             Тоя жейтін нан болып.

Галифа: Ынтымақ бар елде гүлдесін,

             Адамдар араз боп жүрмесін

            Қызықпен көз ашқан балалар,

            Қанқұйлы соғысты көрмесін.

Арслан:  Жау қолынан жұлып алып.

              Жеңісті атам әкелді.

              Оқ бораннан аман қалып,

              Атам көрді әкемді.

Бағлан:  Кек қайтарып фашистен,

            Соғыс бітті жеңіспен.

            Жеңдік жауды күресте,

            Жасалсын той мереке.

Бекұлан:  Сонау жылы жер көкті,

                Соғыс бұлты торлаған.

               Сонда Мәншүк апамыз,

               Жаудан елін қорғаған.

 

Ғазиз: Айтамыз біз өлең ғып,

         Айтамыз біз жыр етіп.

         Әлия апай ерлігі,

         Ұмытылмас мәңгілік.

Баян: Жеңіс келді далама,

         Жеңіс келді қалама.

         Жеңіс келді әке боп,

         Ендігі көп балаға.

Ернұр:Әлия,Мәншүк қайсар гүлі қазақтың,

         Ерлігіне таңданамын ғажап тым.

         Желбірейді бейбітшілік жалауы,

         Орындалып жас ұрпақтың қалауы.

 

Құрметті қонақтар, ата-аналар, келесі кездескенше сау саламат болайық!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жеңіс күнін" тойлаймыз" тәрбиелік іс-шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бухгалтер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 647 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.12.2015 1012
    • DOCX 20.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калиева Гульмира Куандыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калиева Гульмира Куандыковна
    Калиева Гульмира Куандыковна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 127176
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Осуществление и реализация комплексных мер в организациях дошкольного образования по профилактике и предупреждению детского дорожно-транспортного травматизма

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 10 регионов
  • Этот курс уже прошли 299 человек

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной адаптированной образовательной программы дошкольного образования для обучающихся с умственной отсталостью

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Эмоциональные нарушения дошкольного возраста. Технологии индивидуальной коррекционно-развивающей работы

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 80 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 526 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и карьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Эмоциональная связь между родителями и детьми

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции