Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Жеіс күніне арналған іс-шара
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Жеіс күніне арналған іс-шара

библиотека
материалов

Ару қыздар – алаулап от кешкендер

Әдеби-музыкалық композиция

Безендірілуі:

Сахнаның ортасында «Отан – ана шақырады» деген плакат ілініп тұрады. Плакаттың екі жағына суреттер ілінеді. Бірінде: гранатамен танкке қарсы бара жатқан солдат бейнеленген. Екінші суретте жанып жатқан өрт ішіндегі пилоткалы мейірбике – солдат қыз бейнеленген.

Үстел үстінде санитарлық сөмке, каска, атылған оқ және қалампыр гүлі жатады.

Кеш өту барысында мерекелік-байсалды әуен және «Священная война» өлеңінің аудиобаспасы (өлеңі В.Лебедев-Кумачтікі, әні: А.Александровтікі) керек болады.


Медет:

Ақ шашты ана!

Саптан шықпай нық басып келесің бе?

Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер...

Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,

Ару қыздар – алаулап от кешкендер.


Әйел атын атағанда ең бірінші, біздің аузымызға «мейірімділік» деген сөз түседі. Сонымен қатар «апа», «қарындас» деген де сөздер бар. Бәрінен жоғарысы «ана» сөзі. Әйел өмірге ұрпақ әкеледі, оларға өмір береді.  Сондықтан қазақ халқы да әйелді ер-азаматтың жан серігі, ұрпағын жалғастыратын ұлағат иесі, отауының көркі мен ұйытқысы, сұлулық символы санаған. Бірақ, ХХ ғасырдың ең ауыр да қорқынышты соғысында әйел жауынгер болды. Олар аурулардың жарасын таңды, көпірлерді бұзды, «тіл» әкелді. Жаратылысынан жаны нәзік, жолы жіңішке, жүректері сезім мен сырға толы осынау жандар халқымыздың басына түскен ауыр кезеңдерде нағыз қажыр-қайрат иелері екендерін айдай әлемге тағы бір рет таныта білді.

Қара жерді дөңбекшітіп, жазықсыз жанын жазылмас жарамен қан жылатқан, көп ұлтты кеңес халқының ер жүректілігі мен қаһармандығын әлем алдында әйгі еткен екінші дүниежүзілік соғыста мыңдаған әйел халқы  жауынгер атанды..


Сұңғат:

..Қазақ жеріне соғыс отының шарпуы тиген жоқ. Бірақ сол кездегі ұлан байтақ еліміздің шетіне жау тиіп жатқанда қазақстандықтар да тайлы тұяғы қалмай атқа қонғанын бәріміз де жақсы білеміз. Солардың 40 пайызы ерлермен тізе  қосып жауға қарсы шығуға бекем буып, өз беттерімен өтініш беріп, соғыс майданына бет алған қазақтың үріп ауызға салғандай жас қыздары болғанын естен шығармауға тиіспіз. Оларды соғыс өрті ерте есейтті. Кеше ғана қызылды-жасылды киініп, гүлдей құлпырған балауса бойжеткендер енді әскер киімін киініп, қару асынып тілі, діні бөлек жаумен шайқасқа шықты. Оқ пен отқа орана жүріп ерліктің небір ерен үлгілерін көрсетті.


Медет:

Екінші дүниежүзілік соғыста Шығыс халықтарының қыздарынан Батыр атағын алған екі-ақ қыз бар екен. Бұлар қазақтың Мәншүгі мен Әлиясы. Атағына бүкіл шығыс халқы ортақтасқан, қазақтың атын шығарған аяулы қыздарымыз. Қос батыр қыздың Отаны –Қазақстаннан соғысқа қатынасқан қыз келіншектердің барлығы дерлік майданға өз  еріктерімен сұранып аттанған. Осының өзі жайдан-жай емес. Ежелден батырлық пен ерлік рухы сіңген топырақта тәрбиеленген олардың басқаша болуы мүмкін емес еді. Он жылдықты жаңа бітірген өңкей жас қыздар ел басына түскен ауыр күндерде әскери мамандықтарды тез-ақ меңгеріп, аса қабілеттілік көрсетті.

Бұлар ананың ақ сүтін ақтаған халқымыздың адал перзенттері, еліміздің мақтанышы, көгімізде шолпан жұлдыздай жарқыраған әйел қауымының ар-намысы, биік мұнарасы.



Сұңғат:

Отан!... Жау!...   Олар қорқақтар сияқты түнде басқыншылықпен бейбіт халыққа шабуыл жасады. Бұл  1941 жылдың 22 маусымы еді...


(Д.Шостаковичтің № 6 симфониясының әуенімен)

Бағдат:

Кең дала-туған анамыз,

Қарындас, сүйген жарымыз...

Әйелге бәрін балаймыз

Ұнатса нені жанымыз.

Тарих-ана атанды,

Ана деп жүрміз Отанды...


Медет:

Иә, кешегі он сегіз бен жиырманың арасындағы әлі жігіт сүйіп те үлгірмеген, күні кеше қос тұлымы желбіреп, ертеңгі болашаққа аппақ арман, балауса үмітпен күлімдей қараған жас қыздар нәзік балтырын сыздатқан солдат етігін киіп, гүл құшуға ғана жаралғандай сүйрік саусақтары ауыр автоматты көтеріп, майдан өтіне бара жатты.

 

Махаббат:

Елге қатер төнді. Ел үстіне найзағай, қара бұлт қабағы түйілуде. Бейбіт халықтың денесі жаралы. Жараң қанша болса, кегің сонша өлшеусіз. Көп зұлымдық, көп қорлық ел ішіне тас шемендей қатып, ел жүрегін ыза кернеуде.

Сол бір сұрапыл соғыс басталған күннен бері талай жылдар өтсе де, халық жадындағы ауыр күндер ешқашан ұмытылмақ емес. Ерлер өздерінің атақтары үшін емес жер бетіндегі өмір үшін күресті...

 

Медет:

Жеңіс күніне жетер жол жеңіл болмады... Соғыстың әрбір күні – қан мен өлім, қайғы мен мұңға толы болды. Жеңістердің қуанышы, батырлардың жанқиярлық ерлігі...


Нұрдәулет:

Аттан! Деді,

Ол ертең аттанады.

Аттанады еңбектің ақ табаны:

Күрегінің орнына қару алып,

Жауынгердің рөлін атқарады.

Ол ертең аттанады.

Жарты Ай тұр шар аспанда-тозған таға,

Үскірік үрлей ме әлде қозғалта ма?!

Әжем жүр туған жердің топырағын,

Тұмар ғып тігіп жатыр бөз қалтаға...

(«1941 жыл.Ақпан» М.Мақатаев)


Гүлнат:

Фашистер Еуропаның барлығын дерлік жаулап бағындырып алды. Олардың қуатты зеңбірек, ұшақ және танктері  мыңдап саналатын. Басқыншылар жолдарында кездескен қарт пен әйелді, бойжеткен мен бейкүнә сәбиді аяусыз атты, дарға асты, қорлады. Фашистер өздерінің Кеңес еліне барар жолын осылай салды. Өздерінің жеңіске жететініне сенді... Бірақ, олар есептерінен оңбай жаңылды...


Сұңғат:

Соғыс жылдары майданның әртүрлі шебінде 800 мыңнан аса әйел адамзаты болған екен. Адамзат тарихында осыншама әйел адамының соғысқа қатысуы болмаған.

Сонымен 41-жылдары соғысқа аттанған аруларымыз қандай еді»?

Ленинград қаласын әуе шабуылынан қорғаған зенит зеңбірегі расчетінің командирі  Әкима Ақжолаева есіне алады.

(Сахнаға бірінен кейін бірі ақырындап 8 қыз бала шығады)


Гүлназ: (1)

Майданға жету, қалайда жаумен бетпе-бет келіп, кек алу–біздің бар ой-арманымыз осы болатын.  Әлі күнге жүрегімнің түкпірінде сақтап келген бір сырым бар. Ешкімге айтқан емеспін. Есіл-дертім ұшқыш болу еді. Біраз қиындықтардан кейін Хабаровск маңындағы самолет механиктерін дайындайтын курсты бітіріп, сонда қызмет еттім. Батысқа қанша сұрансам да жібермеді. Ауылға аз күнге демалысқа келіп, енді қайтар жолда бір қулық істегім келді. Құжаты жоқ адамды майданға алдыңғы шепке бірден жібереді дегенді естіп жүретінмін. Новосібір қаласына жақындағанда құжаттарымды құрттым да, қалаға келген соң, әскери комендатураға барып, құжаттарымның жоқ екенін айтып, енді майданға жіберулерін сұрадым. Сол бойымен  Ленинград қаласынан бір-ақ шықтым. Өтірік айтып, біреулерді алдағанымды осы кезге дейін бір адамға айтуға ұялам. Бірақ бәрі сол майданға жетсем деген адал ниеттен шыққан еді… (қатардағы өз орнына барып тұрады)


Медет:

Осы шындықтың өзі қазақ қыздарының нәзік жанды, ұяң, биязылығымен қатар патриоттық сезім, батыл жүректі жандар екенін дәлелдейтіндей.


Перизат:(2)

«Мен о баста дәрігер болуға талпындым. Бірақ ол мақсатымды соғыс орындатпады. Өз тілегіммен майданға келдім. Ал штабта қағаз жазып отырғанда не бітіремін. Небір жайсаң азаматтар жауды жайпап, өздері де қыршын кетіп жатқанда менің жаным солардан артық па еді! Соғыс сұрапылының бәріне төзгім келді. Бас сауғалауға арым бармайды… Тек кейде ауырып қаламын ба деп қорқамын. Мен өзімді-өзім мүлде өзгертіп, кейбір қатал командирлерге ұқсағым да келеді. Өзім басқаратын пулемет расчетында жақсы да, нашарлау да адамдар бар. Олардың бәріне бірдей мен жақсы көрінгім келмейді. Тәуір істерін жақтап, мақтап, нашарларын жөнге салсам- командирлік міндеттің орындалғаны ғой деп ойлаймын».

Сұңғат:

Бұл қазақ халқының қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың майданның алдыңғы шебінен тілшілерге берген алғашқы сұхбаты еді.


Еркебұлан:

Абайлады сонда Мәншүк жан-жағын,

Көрді өзінің жапа-жалғыз қалғанын.

Көзге жанар, көкірекке кек толып,

Қинады қимай серік-саңлағын.

 

Қара көзі жарқ етті тек танадай,

Төңкерілді ашылып бір қарамай.

Пулеметте ойнап тұрған он саусақ.

Қалды қатып бір серпуге жарамай.

(М.Хәкімжанова «Мәншүк» поэмасынан)


Медет:

1943 жылы қазан айының 7-сі күні Невель қаласының маңында орналасқан Изочка темір жол стансасын басып алу ұрысы болды. Осы ұрыста жанқиярлықпен соғысып, пулеметпен көптеген фашистердің көзін жойды. Бірақ өкініштісі сол шайқаста өзі де ерлікпен қаза тапты.  Шығыс халықтарының тарихында әйелдер арасында тұңғыш рет теңдесі жоқ ерлік көрсетіп, туған Отанын, халқымыздың ар-намысын қорғаған Мәншүк Мәметова есімі барлық уақытта да жастарға өшпес өнеге болмақ.

Мәншүк Мәметованы мәңгі есте қалдыруды көздеп, Невель қалалық Советі атқару комитетінІң бірінші мәжілісінде қаланың бұрынғы Приамурская көшесін пулеметші қазақ қызы Мәншүк Мәметованың, ал Торфяной переулогін Мәншүк есімімен атауға шешім қабылданды… Мәншүктің қарулас жолдастары 1943 жыл, 25 қазан.»

Біраздан кейін Мәншүк Мәметоваға Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді.


Қымбат (3): 

...Қазір мен жол үстіндемін, алдыңғы күні аттанғанбыз, бүгін, сірә, көздеген жерге жетіп қалармыз деп ойлаймын, бірақ бұл аса анық емес. Қайда бет алғанымды өзің де түсінесің ғой деп ойлаймын. Бірақ, сенен бұл жөнінде қынжылмауды өтінем, неге десең мектепте әлде де болса бірқатар уақыт оқуға қалдырса да, өзім сұранып аттандым. Өміріме өкінішім жоқ. Бірақ жүректі билеген бір қалтқы ой бар: жоқ, ол-өзім туралы емес-сенімен, сәбилермен, жеңешеммен, жалпы туыстарыммен кездесе алмағаным...

... Қазір алдыңғы шепте тұрмыз. Хатты терең окопта отырып жазудамыз. Айнала ну ағаш. Немістермен бетпе-бет кездесіп тұрамыз. Менің басымда каска, белімде граната, ал қолымда винтовка бар...


Сұңғат:

Иә, бұл  ержүрек  Әлияның туыстарына жазған хаты еді.  1944 жылы 14 қаңтарда Казачиха деревнясы үшін кескілескен ұрыста алған ауыр жара Әлияның өмірін қиып түсті. Бұл 1944 жылдың қаңтары еді. Сол бір кескілескен шайқаста тірі қалса, Әлия бес айдан соң 19 жасқа толар еді...Оның қысқа өмірінің екі жарым жылы қанды майданда, от кешумен өтті. Бірақ бұл – жалын боп лаулап, құйрықты жұлдыздай жарқырап өткен, кейінгі бүкіл іні-сіңлілеріне мәңгілік өнеге болып қалған өмір. Ол қаһармандық дастанын жазып үлгірді. Ару Әлия, қаһарман Әлия бізге «Отаным, елім» деп соққан аяулы жүрегін мирас етті...


Арайлым:

...Жан емес пе, махаббат пен бақыт үшін жаралған,

Гүл емес пе жаңа ғана тіршіліктен нәр алған!?

Күйер ме екен от-жалынға жапырағындай жас талдың

Әлияның жүрегінде өркен жайған бар арман?!

«Аққу поэмасы» Н.Исабаев


Медет:

Кеңес Одағының Батыры атағын алған ержүрек қыз Әлия соғыста таңғажайып ерлік жасады. Ол тамаша соғыс шебері, мерген, барлаушы, сапер, автоматшы, керек кезінде қол бастаған командир міндетін де атқарған. Әлия Молдағұлованың қысқа өмірінде жасаған ғаламат ерлігін қастерлеп жауынгер достары да оны «батырдың батыры» деп атап кеткен. Міне, ол мұндай қасиеттерді туған жерінің топырағынан, өскен ортасынан, қазақ деген халқынан, анасының ақ сүтімен бойына дарытқан деп мақтан тұтуға әбден халқымыз.


С.Бәйтерековтың Б.Тәжібавтың сөзіне жазылған «Әлия» әні.

Орындайтын Сұңғат Еркінұлы


Гүлнат:

Қазақ халқының екі көзінен үзіліп түскен қос тамшысындай Әлиясы мен Мәншүгі жарық жұлдыздай болып, аспан төсіне мәңгілікке қадалып жатты. Алайда төрт жылғы қанды топалаңда жарты Еуропада іздерін қалдырып, туған топырағына аман-есен оралған батыр апаларымыз да баршылық. Солардың арасында қазақ әйелдерінен шыққан тұңғыш әскери ұшқыш Доспанова Хиуаз.


Әйгерім (4):

Ең бірінші әскери тапсырманы Краснадонда алып, жаудың күші мен техникасын жоюға біз аспанға түнде көтерілдік. Айналаның бәрі тастай қараңғы. Құлақ түбінен уілдеген желдің ызыңы ғана естіледі. Ұшағымыз ауада қалқып келе жатқандай, анда-санда тербеліп қояды... Тек сонау төменде айқыш-ұшқыш атылған оқтардың, жерге түскен бомбалардың жарқылы көрініп қалады. Осылай айналаны бағдарлап ұшып келе жатқанымызда, кенет айналаның бәрі анық көрінді. Сөйтсек, жау әскерлері өз шептеріне өткен біздерді байқап қалып, жүздеген прожекторларын жаққан екен. Сол-ақ екен айналаның бәрі-астаң кестең болды да кетті. Командирімнің “таста, таста” деген бұйрығына қарамай нысананың дәл келуін күтіп, оңтайлы сәтті күтіп тістене түсудемін. Осылай әбден бағдарлап бомбаны тастап-тастап кеп жібердім. Төмендегінің бәрі астаң-кестең болып жатыр. Мен құшырлана қайта тастаймын. Сонымен бұл түні біздер берілген тапсырманы ойдағыдай орындап аэродромға қайттық.


Медет:

Ең алғашқы аспандағы айқасы осылай басталған Хиуаз апа Берлинге дейінгі ұзақ жолында 300-ден астам рет аспанға көтеріліп, екі рет жаралы болыпты. Жау үстінде жасындай сорғалап, гитлершілердің берекесін қашырған қазақтың ұшқыш қызы талай рет көзге түсіп “Жауынгерлік Қызыл Жұлдыз”, Отан соғысы ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.    Мәскеуде медицина институтында оқып жүрген кезінен майданға өз еркімен аттанып, Кеңес Одағынының Батыры  М.Раскова басқарған 46-гвардиялық түнгі барлаушы ұшқыштар полкінің құрамында Кеңес аэродромынан өзіне бекітілген ПО-2 самолетімен 300 рет ұшып шығып Кубань, Қырым, Украина, Белоруссия, Германия жерлеріндегі жау бекіністерін жайратқан, дұшпандарына қара түнек орнатқан. Соғыстан соңғы жылдары Хиуаз бейбіт өмірге оралғаннан кейін халқының қалаулысы болды. Түрлі жоғары мәртебелі жұмыстар атқарды. Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан Жоғары Кеңесінің жауапты хатшысы, Алматы қалалық комитетінің екінші хатшысы болды. Еліміз егемендік алғаннан кейін Хиуаз Доспанованың майдангерлік-жауынгерлік еңбегі әділ бағаланып Халық Қаһарманы атағы берілді. Батыр қыз Берлиндегі Жеңіс күндері туралы былай деп еске алады.


Альмира (6):

Әне –міне дегенше жеңісті асыға күтетін күнге де жеттік. Күннен-күнге соғыстың аяқталуын күттік. Жеңіс күнін қуанышпен қызу атап өттік. Пулемет лентасында, ұшақ бортында, наганда бірде- бір оқ қалған жоқ, жеңіс құрметіне аспанға атып, салют бердік. Үйге қайтар алдында Берлинге барып келуге келістік. Уақыт бар. Сөйтіп, 1945 жылдың 2 маусымы күні машинаға мініп, Берлинді аралап қайтуға аттандық. Рейхстагты аралап жүргенде бір топ неміс әйелерін кезіктірдім. Олар  маған таңырқана қарап:

-Оу, офицер азиейшин!- дейді. “Мынау азиялық офицер деулерінен мені сөз етіп тұрғанын сезіп, тәкаппар күймен түсінік бердім. Жай ғана азейшин емес, Қазақстанның офицері екенімді айттым. ... ”.


Думан:

Ырзамыз барлық ісіңе,

Періште... қара көздерім.

От пенен судың ішінен

Бізді алып шыққан өздерің.

Қызықтың бәрін құрбан ғып,

Біз үшін күйіп-жандыңдар.

Бізді ойлап жүріп, жылдардың

Өткенін білмей қалдыңдар.

(С.Жиенбаев “Қазақ әйелдері”)


Сұңғат:

Пулеметші, ефрейтор София Шияпованың естелігін тыңдап көрелік...


Гүлнат (6):

...Будапешт үшін сұрапыл ұрыс жүріп жатқан.Біз бекінген үйге қарай  бір ротадай неміс солдаттары келе жатты. Мен пулеметтен оқ жаудырдым. Бұл жағдайды күтпеген немістер сасқалақтап қалды. Осы кезде жауынгерлер келіп, селоны жаудан тазартты. Бұл ерлігім үшін мен «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталдым.

Айқасқа барам өліммен,

Қайтемін жалғыз бас қамын,

Бұрымымды төгілген,

Туған жер, саған тастадым.

Өзіңде қалсын бұрымым,

Хош боп тұр, байтақ қырларым,

Кесіліп қалған қызығым-

Айта алмай кеткен сырларым!

(Д.Қанатбаев «Бұрым»)


Медет:

 «Н» бөлімінің саяси басшының орынбасары, журналист Сұлтан Қожаниязовтың 1943 жылы дәрігер қазақ қызы Қайралапова туралы мақаласынан үзінді. (Өкінішке орай дәрігердің аты жазылмаған)


Меруерт (7): 

Анталаған ажал. Жаңбырша жауған оқ. Соғыс 1418 күнге созылды. Жүздеген жауынгер жарақат алды, мерт болды. Нәзік жанды әйелдер бораған оқтың астында жүгіріп жүріп жарасын таңды. Жарақат алғандарды арқалап тылға тапсырды. Кіп-кішкентай қазақ қызы қорқуды білмейтін не деген жүректі жан»-деп жауынгерлердің бәрі таңданды. Анталаған ажал екінші рет төнді. Жаудың күші бізден анағұрлым басым болды. Біз өте аз едік, небәрі 60-ақ жауынгер, 2 зенитшіміз. Пулеметшінің бірі оққа ұшты. Пулемет иесіз қалды. Қазақ қызы пулеиметті алды да, төніп келген жауға оқ жаудыра бастады. Құзғындар көп шығынға ұшырады. Қайтадан қаша бастады...


Сұңғат:

Қазақтың көрнекті ақыны Дихан Әбіловтың “Махаббат құдіреті” кітабында  “Автоматты алға кезеп, сұр пилотка, сұр гимнастерка киген, от ішінде, оқ астында немістерді жусатып салғаны үшін “Жауынгерлік ерлігі үшін” медаліне ұсынылған” деп сипаттайтын қазақтың қайсар қызы зеңбірек оқтаушы Алтын Уәлиева еді.


Толқын (8):

Нағашыларым соғыста қаза болды, Бір кіндіктен бауырым екеуіміз-ақ едік. әскери комиссариатқа келгенімде, жасымның кішілігін айтып соғысқа алмады. Сосын 17 дегі жасымды үлкейтіп жаздырып, соғысқа іліктім. Кемерово қаласында ұшқыштар даярлайтын оқу орнында, әйелдер полкының құрамында бір жыл арнайы әзірліктен өтіп, кіші маман болып шықтым. Кеңес Одағының батыры, жаудың 67 самолетін атып түсірген эскадрилья командирі А.Сироткиннің зеңбірек оқтаушысы міндетін атқардым. Дихан ағамен соғыста үш рет кездестім. 1943 жылы Витебск түбінде. Түскі тамақ кезінде бір топ қазақ сау етіп кіріп келді. Осында қазақтың қызы бар дегенді естіп, мені іздеп келген “Алға, жауға қарсы аттан!” майдандық газетінің тілшілері екен. Оларды Дихан бастап келіпті. “Тым жас екенсің. Мұнда қайдан адасып жүрсің?” болды Дихан ағаның алғашқы сауалы. Кейіннен Дихан аға соғыстан кейін де көмектесіп тұрды.


Махаббат (9):

...Көп ұзамай-ақ ұшақпен ұшып жүріп, жау жағының маңызды объектілерін суретке түсіруге тәп-тәуір машықтанып алды. Кәдімгі барлаушылардың қатарына қосылды. Жау тылына жиі-жиі шығып, белгілі объетілерін суретке түсіретін болды. Соның нәтижесінде дайын болған фотопленкалар тиісті орындарға жіберіліп, сол арқылы біздің әскерлердің алдағы іс-қимылдарының жоспары жасалып жататын. Әрине, мұндай барлау сапарларының бәрі сәтті бола бермейтін еді. Кезекті барлаудан қайтып келе жатқан ұшақты фашисттер байқап қалып, оқ жаудыра бастайды. Сөйтіп қоршаудан сытылып шыға бермек болғанда, жау жағы оқты қарша боратады. Бір кезде лаулап жана бастаған ұшақ қою түтін будақтатып зуылдай жөнеледі. Өмір мен өлім белдескен осы бір сындарлы сәтте Рахиланың көз алдына өзінің сүйікті Қарағандысы, аяулы анасы, дос-жарандары келе қалғандай. Төменде-орман. Аман қалған барлаушылар үш күн бойы немістерден бойтасалап, шаршап-шалдыға жүріп, ақырында орман арасындағы партизандар отрядына келіп қосылды. Солардың көмегі арқылы өз аэродромына аман-есен жетеді.


Медет:

Бұл көмірлі қарағандыдан түлеп ұшқан санаулы қазақ қыздарының бірі –барлаушы Рахила Ералинаның жауынгерлік өмірінің бір ғана ұмытылмас сәтінен көрініс...


Бағдат:

Ызалы қайрат кернеген,

Жалынды жігер тербеген,

Тербеген сайын өрлеген

Қарсыласып майданда

Қарулы қолын сермеген

Қайратты ана аттанды.

Жауға қарсы ашынып,

Жауға құрал асынып,

Жау үстінен асырып,-

Оқ жаудырып, дөп тастап,

Беттескенді қашырып,

Айбатты ана аттанды.

(Ж.Сыздықов “Ана аттанды”)


Махаббат:

...Қоршауда қалған жүз шақты жауынгерлерді шабуылға батылдықпен  көтеріп, жан-жақтан қусырған жау танкілерінің екеуін өртеген қазақ қызы Рахиланың ерлігіне  куә майдангер М.Левченко: «Оққа ұшқан командирлерінің орнын басып, суырылып алға шықан жап-жас лейтенант қазақ қызының өжеттігін тебірене еске алады. Танкіге қарсы қорғаныс шебін ұйымдастырып, алғашқы қақтығыста-ақ темір тажалдың біріне от құштырып, одан екіншісін өртеген қыз, сеніңіз, батыр деуге әбден лайық” деп батыр қыз туралы естелік айтады.Осындай батыр апа- әжелеріміздің қан майданда әке-аталарымызбен қатар жүріп Отан үшін отқа түсіп қаһарман ерлікпен Ұлы Жеңіске жетті.


Әлішер:

Жеңем деген ел сөзін!

Тұрды ажалдан жоғары

Өмір, адам жұлдызы,

Тұрды ажалдан жоғары

Жеңіс туы қырмызы,

Тұрды ажалдан жоғары

Отан, ұрпақ болашақ.

Тұрды ажалдан жоғары

Өмір нұры жарқырап.

(Ж.Саин)


Медет:

Соғыс аяқталды. Соғыстан аман қайтқан жауынгер қыздардың  өмірлері әрқалай өрбіді. Әрине, сұм соғыс салған жан жарасымен қатар әртүрлі жарақаттары бейбіт өмірге араласып кетуге көп кедергі болды.


(Қыздардың барлығы ортаға шығады)


Гүлназ (1) : Соғыс олардың көбін ең негізгі бақыт -ана болу бақытынан  айырды.

Перизат (2): “Мені майданнан оралған соң дәрігерлер оқу оқуыма тыйым салды.  Өйткені, сұм соғыстан алған жарақатым денсаулығыма  қауіпті еді”

Қымбат (3): “Мен “соғыс” деген сөзден жиіркенемін. Өйткені, соғыстан тірі қайтсам да, ол менің өмірге деген құштарлығымды өзімен алып кетті. Әлі күнге дейін соғыстың сұмдық көріністері көз алдымнан кетпейді...”

Әйгерім (4): “Мен соғыстан кейін де түсімде барлауға барып жүрдім. Бір күні автоматым іске келмей қалады, екінші күні фашистер бізді қоршауға ала бастайды. Ояна келе қорыққаннан дірілдеп жатқанымды байқаймын...”

Қыз бала(5): “Мен соғыстан келгенде 20 жасар бойжеткен болатынмын. Бірақ, өзімді құрбыларымның ортасында егде тартқан қартаң әйелдей сезінуші едім. Құрбыларым көңіл көтеріп, өмірге қуанып жатқанда мені өзгеше ой басатын да тұратын....”

Альмира (6): “Біз соғыстың от-жалынынан өттік, өліммен бетпе-бет кездестік, адамзат қасіретін, нелер сұмдықты көрдік, қорлық көріп, әбден әлсіреген кеңес адамдарының неміс тұтқынынан босағанын көрдік, соғыстың алғашқы айында құлдыққа түскен жігіт пен қыздардың үйлеріне қаусап қайтқанын көрдік, не көрмедік! Бұл ендігәрі қайталанбауы тиіс! ”

Гүлнат (7): “Мен майданға аттанатын күні дүкенге барып қант-кәмпитті толтырып алдым. Сосын жолдорбама ең әдемі көйлегімді, туфлиімді салдым. Өйткені, мен соғыстың тез бітетініне сенімді едім... ”

Толқын (8): “Мені анам майданға шығарып салып, егіліп, бір кішкене түйіншек беріп тұрып, “бұл түйіншектің орауын  ең ауыр, қиналған сәтіңде ашарсың” деп еді. Сондағы анамның маған бергені – туған жерімнің бір уыс топырағы екен.

Махаббат (9):  Мен келешек ұрпаққа ешқашан соғыс дегенді көрмесін деп тілеймін. Қыздарымыз қолына қару емес, әрқашанда гүл ұстасын.


(«Кестелі орамал» әні орындалады  Сөзі: А.Лекеровтікі,  Әні: М.Төлебаевтікі)


Думан:

Сарғая күткен ұлы күн

Шұғыласы бүгін жарқ етті,

Бағына талай миллионның

Баянды жеңіс күн жетті.

(«Арғая күткен күн...»Ж. Саин)


Медет:

СОҒЫС және АНА. Бұл екі сөздің мағынасы мүлдем қарама-қайшы. Уақыт алға жылжыған сайын кешегі өрім жас, бүгінгі самайларын ақ шала бастаған аналардың ел басына күн туған сын шақта қайыспай күрескен қажыр-қайратының мән-маңызы тереңдей түсуде. Қиын сәттің алдарына тартқан ауыртпалығын мойымай арқалағандарының әрқайсысы теңдесі жоқ ерлік. Отты жылдардағы жауынгер әйелдер, бүгінде қартаң тартқан әжелер. Олар отты күндердің тауқыметін ұрпақтары ешқашан көрмесін деп тілейді.


Сұңғат:

Ұлы Жеңіс – барша халықтың жеңісі. Сондықтан да кешегі жауынгер, бүгінгі ата-әжелеріміздің жеңіске жетер жолда тындырған ұлан-ғайыр істері біздің жадымызда мәңгі  сақталатын дастандай жалғаса береді.(Шараға қатысушылардың барлығы ортаға шығып, көрермендерге тағзым етеді)












Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 26.01.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров252
Номер материала ДВ-379075
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх