Тақырыбы:
«Жеңіске
рух берген әндер»
Мақсаты:
а) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
б) Патриоттық әндерді орындау шеберлігін
арттыру.
Көрнекіліктері: Жеңіске арналған плакаттар, тақырып жазылған бильборд.
Бабалар мұра еткен елдігіне,
Тамсандық ағалардың ерлігіне.
Қан төгіп, жан қиып жатқан Ұлы Жеңіс,
Бүгінде 69 жасқа толды міне.
Әлемге той деп бүгін жар саламыз,
Қонақтарды құрметпен қарсы аламыз.
Төрлетіңдер достарым төрлетіңдер,
Жеңіс күні біз бүгін ән саламыз.
Армысыздар, құрметті көрермен қауым, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! 9 сәуір – 9 мамыр аралығында Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мерекесі және Ұлы Жеңістің 69 жылдығын атап өтуге арналған «Патриот» айлығы барысында оздырылғалы отырған «Жеңіске рух берген әндер» атты патриоттық ән байқауын ашуға рұқсат етіңіздер!
Сіздерді
9 мамыр Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз. Жанұяларыңызға қуаныш, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз.
Келесі құттықтау сөзді мектеп директоры және аудандық маслихат депутаты Тоқтаным Төлешқызына береміз.
Ардақты
елім, кең елім,
Құтты
болсын мерекең.
Ырыс көктеп жеріңде,
Арта берсін берекең.
Енді әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Есенова Еркінгүл Хайдарқызы – биология пәні мұғалімі
2. Кенжегереева Зафуха Әбутәліқызы – технология пәні мұғалімі
3. Лаура Ғаппарқызы – би үйірмесінің жетекшісі
Байқауға әннің орындалу шеберлігі ескеріледі
және ұпайы бірден хабарланады.
Жоғарғы ұпайы -10
Төменгі ұпай – 5
Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орын
белгіленеді.
Көп
сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,
Ән
шырқап, би-билеуден қашпайық біз.
Ал енді сіздер рұқсат етсеңіздер,
Сонымен кешімізді бастаймыз біз.
Таңданайық өнерге тамсанайық,
Биші қыздар
ортада қарсы алайық.
Шабыттансын, көңілі көтерілсін
Өнерліні
мадақтап жар салайық.
Би: «Шашу». Гүлзар бишілер тобының орындауында. Қол соғып,, қошеметтеп, қарсы алыңыздар.
Отаным менің кең байтақ Қазақстан
Аман өткен
талай дүлей азаптан.
Бар әлемді
өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін қазақтан?!
«Жаса Қазағым» орындайтын 5 сынып оқушылары Тулегенов Есболсын, Берікқалиев Бекзат.
Жырлайды сені
жел жұпар шашқанда,
Жырлайды көктем гүлдерін ашқанда.
Тұрасың сен мәңгі жас болып жүректе,
Жүресің сен мәңгі ән болып аспанда.
Трио орындауында ән «Егемен Қазақстан» .
Бойда
қызу қаны ойнаған жігерлі,
Қаһарманы заманымның бұл енді.
Отан даңқын мүддесі үшін қажеттік,
Сарбаздар ол – елдігімнің тірегі.
Ән: «Атамекен»
орындайтын 7 сынып оқушысы Қобланқызы Әдемі.
Көк
байрағым желбірейді елімде,
Қалықтасын қыран құсы көгімде.
Ашық
аспан бейбітшілік бейнесі,
Әуелесін
Қазақстан жерінде
Ән. «Туған жерім» орындайтын 6 сынып оқушылары Гиззатова Аида және Айболатова Аида.
Қыр
қызы орындады, берген
антты,
Халқына
адал болу ердің салты.
Елі үшін
қасық қанын аямаған,
Жүректе
мәңгі өшпейді Мәншүк аты
«Атамекен» әнін 8 сынып оқушысы Тайланова Әйгерімнің орындауында қабыл алыңыздар.
Саған
жырдан - сый арнағам,
Қиял
құсын қуған жерім,
Туған
жерін сүйе алмаған,
Сүйе
алар ма туған елін!
9а сынып оқушысы Акишев Абайдың орындауында «Жаса Қазақстан» әні.
Халқым
менің! Саған қарап жұбанам,
Тарих беті қатар-қатар бұралаң.
Талай зардап қайғы мұңның- соңынан,
Егеменді алғаныма қуанам.
6а сынып оқушысы Беркімбаев Беріктің орындауында
«Туған жер» әні
Туғанда
дүние есігін ашады өлең,
Өлеңменен жер қойнына кірер денең
Өмірдегі
қызығың бәрі өлеңмен
Ойлансаңшы бос қақпай елең-елең.
Ән: «Туған өлке» орындайтын 9ә сынып оқушысы Шатекова Анель.
Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан
соңғы сәби күлкісімен,
Қара
күндер қайғысын ұмыттырды.
Батыр болған бабалар
Ел бастаған даналар
Байтақ
жерге жау тигізбес,
Сарбаздар қазақтың сарбаздары
Осымен байқауымыз тәмамдалды. Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.
Жеңімпаздарымыздың бағасын шығарып марапаттау дайын болғанша кезекті әнге берсек.
Көптен күткен көк байрақ желбіреді,
Күннің көзі көктемдей елжіреді.
Мұнан ыстық жалын от бар ма сірә,
Отан әнмен жүрегім тербеледі.
Аудандық
балдәурен байқауының лауреаты 6а сынып оқушысы Мухамедиярова Милананың орындауында «Қазақстан – қыран далам» әнін қарсы алыңыздар.
Ән: «Көк тудың желбірегені» орындайтын
аудандық ІІ Қадыр Мырза Әлінің оқуында ән аталымы бойынша ІІІ орын
иегері Айталиев Бекболат.
Ән: «Нұр Аға» орындайтын 9а сынып оқушысы Оспан Мәдина.
Ұлы Жеңістің 69 жылдығына арналған «Жеңіске рух берген әндер» атты патриоттық әндер байқауы аяқталды.
Көріскенше күн жақсы, еліміз тыныш болсын!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.