Инфоурок Всеобщая история Научные работыЖеңісті жақындатқан еңбек ардагерлері

Жеңісті жақындатқан еңбек ардагерлері

Скачать материал

 

Жеңісті жақындатқан еңбек ардагерлері

 

 

            Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына 70-жыл толғалы отыр. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке - бейбітшілік пен қайрымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған  жауынгер – солдаттар мен офицерлердің айбынын, жеңісті жақындатқан тылдағы жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі бітпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қала береді. 

        Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген.  Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметтен кенде емес.    

        Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас - көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады.

        Қазақ  қарты жасына лайық ауызы дуалы,   сөзі берекелі,   ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз

 

болып келеді.   Міне осындай теңеуге лайық қариялар         Тілепбаев Раушанбек Айтмаханұлы мен Қалқұлова Дайне Алпысбайқызы.

Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс - әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.

        Өмір жолдары ұрпаққа өнеге. Бұл кісілер 40 жылдан астам саналы ғұмырларында  жас ұрпақ тәрбиесіне арнады. Сол адал еңбектерінің айғағы- «Қазақ СССР халық ағартушы ісінің озық қызметкері».  Республика оқу министрінің бұйрығымен  «Аға мұғалім» атағы, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің озық қызметкері» атағына екеуіде ие болды. Республика  Білім және Ғылым министрлігінің, облыс  әкімінің, облыстық Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. «Еңбек ардагері» медаліне ие болды.

        Ұлы Жеңістің 60,65 жылдық мерекелік медальдарымен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                «Еңбек ардагерлерінің» өмір жолдары

        Бұрынғы өткен абзал ағалардың адамгершілігі , ақылдылығы, еңбексүйгіштігі кейінгі ұрпаққа үлгі болады.

             Ғасырлар тоғысындағы соңғы  жүз жылдың өзінде әлемде, елімізде және туған өлкемізде әрбір күні, әрбір сәті мың жылдыққа татырлық орасан зор оқиғалар орын алды. Әсіресе, осы орайда мың өліп, мың тірілген қазақ халқының талай тар жол, тайғақ кешуден өткені анық .Мұның бәрі де күні кешегі уақыттың  риасыз шындығы. Оның бәрін де даланаң иісі бұрқырап, бүгін де арамызда аман сау жүрген  қадірлі қарттарымыз тікелей бастан өткерді. Сондықтан да, олардың кешегі және казіргі кезең, ертеңгі болашақ жайлы, адамдық құндылықтар туралы өміршең ой-толғамдары, туған отанымыз, егемен еліміздің тәуелсіздік тұғырын берік бекіту, әлемдік өркениеттің алдыңғы қатарына қосу, ұлтымызды ұлағатты ету хақындағы жанашыр   аманат-лебіздері баршамыз үшін зор ғибрат. «Жеті атасын білмеген - жетесіз» дейтін қазақтың өткенді білуге деген ынтасы таным көкжиегін кеңітеді. Қос ардагердің өмір жолдары бізге өнеге.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Тілепбаев Раушанбек Айтмаханұлы

        1927жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында, (бұрынғы Еңбекші колхозы)Айтмахан мен Масатының отбасында дүниеге келген .Тілепбаев Раушанбек (Жәкенбек) Айтмаханұлы бауыры Ысқақ екеуі жастайынан ата-анасынан айырылып, жетім қалады. Әкесі көз жұмар алдында, ұлы Раушанбекті «осы бала менің атымды шығарады» деген екен. Әке үміті ақталды.

 Соғыс басталғанда 14-тен 15- ке қараған бала еді. Елдегі қартайған кемпір-шалдар мен қыз – келіншектер барлық ауыртпалықты көтерді. Бала Раушанбек те ауыртпалықты аз көрген жоқ. Қаршадай кезінен колхоздың жұмысына жегілді. Таңның атысынан күннің батысына дейін дамыл көрмеген кездері көп болды. Ағасы Ысқақ Айтмаханұлы 1942 жылы Ашхабадта әскери учелищесіне оқуға түсіп, лейтенант атағын алады. 1943 жылы Харкьковке майданға жіберіледі. Соғыс шебінде жарақат алып, госпительге түседі. Одан шығып қайтадан майданға аттанады.

        1943 жылы қазан айында майданда қаза табады,сол жылы қаралы қағаз келеді.

        Тілепбаев Раушанбек Айтмаханұлы ауылда орталау мектепті бітіргеннен кейін колхозда еңбек жолын бастаған. Ол өз еркімен соғысқа жіберуін бірнеше рет сұрайды. Бірақ

әскери бөлім рұқсат бермейді. Себебі бір әулетте жалғыз қалғандықтан соғысқа жіберілмеді.

1946 жылы Қарағанды қаласындағы шахтыға жұмысқа жіберілген. 1946-1949 жылдары Қарағанды қаласындағы шахтыда шахтершы болып жұмыс жасайды.

 

 

Талапты жас мамандық алу керектігін түсініп 1950 жылы Қызылорда медицина колледжіне түсіп, 1952 жылы бітіреді. 1952-1953 жылдары өзінің ауылында  аймақтық ауруханасын басқарды. Жоғары білім алу үшін 1953 жылы Қызылорда қаласындағы мемлекеттік педогогикалық институтының «химия-биология»  факультетіне қабылданып, 1957 жылы үздік бітірді. 1957-1964 жылдар аралығында Жаңақорған ауданында Жаңарық мектебінде оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды, ал 1964-1992 жылдар  аралығында Сырдария ауданы, «Н.Ілиясов»ауылындағы № 132 орта мектебінде  химия-биология пәнінің мұғалімі болып жемісті қызмет істеді. «Ауданның үздік пән мұғалімі», Ол 1973 жылы «Қазақ ССР халық ағартушы ісінің озық қызметкері», 1982 жылы Республика оқу министрінің бұйрығымен  «Аға мұғалім» атағына , 1988 жылы «Еңбек ардагері» медаліна ие болды.

          Республика  Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы мен  медальдарымен, облыс  әкімінің Құрмет грамотасы мен  медальдарымен ,облыстық Білім басқармасының Құрмет грамотасы мен  медальдарымен, Ұлы Жеңістің 60,65 жылдық мерекелік медальдарымен марапатталған.

          1992 жылы құрметті еңбек демалысына шықты.

Қазіргі таңда туған өлкесінде өнегелі жанұя басшысы, отбасында төрт бала тәрбиелеп өсіріп, барлығы да жоғары білімді қызметкерлер. Немерелерінің сүйікті атасы, құрметті ардагер-ұстаз.

«Ауылында дана қартың болса, жазылып қалған хатпен тең»,- деп кемеңгер халқымыз атап айтқандай, өз дәуірінің тірі шежіресі іспетті аяулы аналарымыз шын мәнінде баға жетпес қазынамыз.Олардың зайырлы жадында өткен кезеңдердің барша ақиқаты бүге-шігесіне дейін тайға таңба басқандай айқын хатталған.

 

                 

 

 

Қалқұлова Дайне Алпысбайқызы

1935жылы қасиетті Кентау топырағында Алпысбай мен Азизаның отбасында дүниеге келген. Отбасында әкесі, анасы, әжесі және інісі Тұрсынбай мамыражай өмір кешеді. Сол  кезде сұрапыл соғыс басталып, Әкесі Қалқұлов Алпысбайға  шақыру қағазы келеді.  Ұлы Отан соғысына аттанған жауынгер Қалқұлов Алпысбайдың майдан шебінде қайтыс болғаны туралы отбасына қаралы қара қағаз келеді. Қалқұловтар майдангер отбасы.

 Сол сұрапыл соғыс жылдарында елде тек қарт кісілер, әйелдер, бала-шаға қалған. Барлығы да қаймықпай елі мен жерінің игілігі үшін ерлік көрсетті.

 Алпысбайқызы  Дайне бала болсада еңбекке ерте араласып, жеңісті жақындатуға өз үлесін қосты.  

1943-1945 жылдары Кентау қаласында Дайне Алпысбайқызы  мектеп қабырғасында жүріп, сабақтан кейін мақта теруге өз үлесін қосты. 7 сыныптан кейін Түркістан

қаласындағы педагогикалық колледжге оқуға түсті. Оқуды бітіргеннен кейін сол Түркістан қаласында арнаулы ақыл-есі кем балалар мектебінде тәрбиеші болып жұмыс жасады.

     1953 жылы Қызылорда қаласындағы мемлекеттік педогогикалық инстуттың химия-биология  факультетіне түсіп,1957жылы үздік бітірді. 1957-1964 жылдар аралығында  Жаңақорған ауданы, Жаңарық мектебінде химия-биология пәнінің мұғалімі қызметін атқарды, ал 1964-1990 жылдар  аралығында Сырдария ауданы, «Н.Ілиясов» ауылындағы № 132 орта мектебінде 

 

химия-биология пәнінің мұғалімі болып жемісті қызмет істеді. «Ауданның үздік пән мұғалімі» атанып, көптеген шәкірттері шаруашылықтың түрлі салаларында абыройлы еңбек етуде.

Ол 1973 жылы «Қазақ ССР халық ағартушы ісінің озық қызметкері» атанып, 1982 жылы Республика оқу министрінің бұйрығымен  «Аға мұғалім» атағы, 1991 жылы «Еңбек ардагері»медаліна ие болды.

Республика  Білім және Ғылым министрлігінің, облыс  әкімінің,облыстық Білім басқармасының Құрмет грамотасы  мен Ұлы Жеңістің 60,65 жылдық мерекелік медальдарымен марапатталған.

1990 жылдан бері құрметті еңбек демалысында. Өнегелі отбасында төрт бала тәрбиелеп өсіріп,барлығы да жоғары білім алып, қызмет атқарып жүр.  Қалқұлова Дайне немерелерінің сүйікті әжесі,құрметті ардагер-ұстаз.

                                                                                                                               

         

 

 

 

 

 

 

 

           

         

         

 

 

 

М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж

Тарих пәнінің оқытушысы Қуанышбаева Анар Қуанышбайқызы

Қызылорда 10.02.2015

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тілепбаев Раушанбек атамыз бен Қалқұлова Дайне әжеміз  еңбек ете жүріп, алтын асықтай ұл мен қызды өмірге əкеліп, ұлтымыздың санының артуына зор үлес қосты. Ерлі-зайыпты қос ардагерлер бүгінде Н.Илиясов ауылында  бақытты өмір кешіп жатыр. Олардың жастарға берер ақыл- кеңесі де, тəлім-тəрбиесі де мол. Бүгінде құдай берген балаларынан немере сүйіп, ұрпағының қызығын көруде.

        Тарихты адамдар жасайды. Қос қарияның тіршілік үшін күресінен мен ерлік пен елдікті, еңбекқорлықты, адамгершілік пен имандылықты, туған жерге деген сүйіспеншілікті үлгі етіп алып отырмын. Алдыңғы буын бабаларымыздың дәстүріне кейінгі ұрпақтың адалдығы, солар бастаған істі одан әрі жалғастыруға осылардың барлығы табиғи сабақтастылық.
     Қорыта келгенде бәріміздің де өткеніміз, тереңнен нәр тартқан тамырымыз бар.Өткенді бағалай  отырып қана  келешегімізді болжай аламыз. Ортақ құндылықтарымызды  бірге іске асыра отырып, біз Отанымыздың тәуелсіздігімен тұрақты нығайту жолындағы ұлы істерді жалғастыраламыз.

Өткенді құрметтесек, келешегімізге жарқын жол ашқанымыз.

 

 

 

 

 

 

Жеңісті жақындатқан еңбек ардагерлері

 

 

                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

                                       Қызылорда қаласы 2015жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жеңісті жақындатқан еңбек ардагерлері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 986 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.06.2016 1562
    • DOCX 2.8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куанышбаева Анар Куанышбайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6362
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Разделение имущества при банкротстве: правовые аспекты и мировое соглашение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация образовательного процесса в современном вузе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе