Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Логопедия / Другие методич. материалы / Жеке логопед сабақтарындағы дыбысты дұрыс қою «Р» дыбысын қою және машықтандыру.

Жеке логопед сабақтарындағы дыбысты дұрыс қою «Р» дыбысын қою және машықтандыру.



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Логопедия

Поделитесь материалом с коллегами:

Жеке логопед сабақтарындағы дыбысты дұрыс қою

«Р» дыбысын қою және машықтандыру.


Логопед: Багимбекова Айнур Уахитовна


Сабақтың мақсаты:

Р дыбысын қою. Сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға үйрету.

Фонематикалық қабылдауын дамыту, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.


Сабақтың көрнекілігі: «Р» дыбысының артикуляциясы, артикуляциялық жаттығулар, суреттер, карандаш, айна, зонд, араның суреті, сюжетті суреттер, зымыранның суреті,қол моторикасын дамытуға арналған қүрал жабдықтар. түрлі суреттер, тапсырмалар.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

  • Психологиялық дайындық

ІІ. Дайындық кезең

  • Р дыбысының артикуяциясы

ІІІ. Негізгі бөлім.

  1. Массаж

  2. Артикулияциялық жаттығулар

  3. Дем алуға арналған жаттығулары

  4. Сергіту сәті

  5. Буындарда қайталайық

  6. Сиқырлы сан

ІV Сабақты қорытындылау


р/с

Мазмұны

Сабақта қолданатын сөздер мен тәсілдер

1

2

3

І

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу

Күн жарығын алақанға салайық,

Жүрегіме басып ұстап қалайық.

Сондай жарық, мейірімді көңілмен,

Сабағымызды бастайық.

Қай әріп екенін айтыңдар.


Райханда өлең жаттады
Раушан да өлең жаттады
Қай әріптен басталады
Екеуінің аттары «Р»

ІІ


Алдымен ”Р” дыбысының артикуляциясына назар аударамыз.

- ерін аздап дөңгелентіп тұрады.

- жоғарғы төменгі тістер арасы алшақ келеді

- тілдің ұшы қатты таңдайға көтеріледі

- тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді.

- тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады.

- жумсақ таңдай көтеріңкі жұтқыншақтың артқы қабырғасына

жабысып, ауаның мұрын қуысына өту жағын жауып тұрады.

- дауыс шымылдықтары қатайып, бір-біріне жақындап, діріл

арқылы дыбыс шығады.

- ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып

тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді.


1

Арнайы массажға арналған зондттарды қолданамыз.

Тіл икемдігін келтіреміз

2

«Күрекше»- жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, төменгі ерінге салып, 10-15 секунд ұстап тұру керек.

«Ине»- ауыз кең ащық. Тілді жіңішкертіп,ауыздан шығарып,10-15 секунд ұстап тұру керек.

«Төбешік»- ауыз кең ашық. Тілдің екі бүйірі жоғары азу тістерге тиіп тұр. Тілдің ұшы алдыңғы, төменгі тістерге тірелген. Осы қалыпта 10-15 секунд ұстап тұру керек.

«Кесе» – ауыз кең ашық, жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп, 10-15 секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеуі керек.

«Сағат»- тілді ауыз қуысынан шығарып, оңға, солға қимылдату керек.

«Ат шауып келеді»- ауызды кең ашып, тілді таңдайға жабыстырып, баяу, жылдам қағу керек.Тіл асты желбезегін созу. 10-15 рет қайталау қажет.

«Саңырауқұлақ»- ауызды кең ашып, тіл ұшын таңдайға жапыстырып ұстап тұру керек.

«Алтыбақан»-тілді жінішкертіп ұстап, кезекпен мұрынға, иекке қарай созу. Бірақ ауызды ашып ұстап тұру керек.10-15 қайталау керек.

«Тәтті тосап» - жалпақ тілімен жоғары ерінді жалап, ауыз қуысынына тереңірек кіргізіп ұстау. 10-15 рет қайталау керек.

«Сылақшы»- ауыз кең ашық, тілдің ұшымен қатты таңдайды сылау. Бағытын өзгерте отырып, 10-15 рет қайталау керек.

Жатыр еді сұр күшік,

Өте берді бір мысық.

Күшік оған: «ЫРР»-деді

Мысық тұрып: «бырр»-деді

3

  • Мұрын арқылы терең дем алып оны ауыз арқылы шығарамыз.

  • «иекті қатыру» - астынғы ернімізді үстінгі ернімізге қойып, бір демде иекке үрлеу.

  • «алақанды жылыту»- шынтағымызды бүгеміз қолымыздың ара қашықтығы 10-15 см алдымызда , аузымыздан жылы дем шығарып алақанымызға үрлейміз.

  • Мұрын ұшына мақта қойып, оны үрлеу.

  • Оқушыға тандаған әр түстегі вертушканы үрлету.

4

Үнтаспадан бір ән қойылады, оны тындай отырып сурет салу.

Балаларға арналған ән

5

Екі дыбысты бірге айт. Р дыбысын созып айт.

Логопед: р,а,о,у дыбыстарын бөліп айттады.

Буындарды қайтала, рдыбысын созып айт.

-Айтылған кезекпен буындарды қайтала.









-Р дыбысын анық айт, созып айт.









-Кім бірінші тауға шығады?

-А Ра-ра-ра ру-ру-ру

Р- ро-ро-ро ры-ры-ры

- О рұ-рұ-рұ





Ра-ро-ру ар-ор-ур

Ру-ру-рұ ор-ур-ыр

Ро-ру-ры ыр-ұр-ыр

Ры-ру-рұ ұр-ур-ор

Ра-ра-ра-ро

Ру-ро-ру-ро

Ра-ра-ра-рас Ар-ар-ар-қар

Ро-ро-ро-ром Ор-ор-ор-тор

Ру-ра-ру-рух Ұр-ұр-ұр-құр

Ры-ры-ры-рыс Ыр-ыр-ыр-отыр

РА-РО-РУ-АР-ОР-ҰР

6

Сиқырлы сандық ішінен бір санды аламыз да, жабық жатқан сюжеттік суретті қолымызға алып сонша рет қайталау.

Мысалы: Радио -5 рет

ІV


Біз бүгін сабақта қандай тапсырмалар орындадық?

  • Р дыбысы қандай сөздерде кездеседі?

  • Қар сөзінде р дыбысы қай кезде естіліп тұр?



Сабақты аяқтау. Жақсы, сабақ аяқталды, сау,бол!





hello_html_6e2c6d1c.png





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 03.03.2016
Раздел Логопедия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров324
Номер материала ДВ-501570
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх