Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕ БЕРУ. Баяндама.

ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕ БЕРУ. Баяндама.

Скачать материал

ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА ҰЛТТЫҚ  ҚҰНДЫЛЫҚТАР АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕ БЕРУ.

 

 «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының
арасында өз ұлты үшін қызмет
қылатын болғандықтан, тәрбиелі баланы
сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»
М. Жұмабаев

         Бүгінгі оқушы – Егеменді еліміздің болашағы  екенін ескерсек, осы балалардан  қоғамның  тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар шыға қояр ма екен деген ой көпшілігімізді әсіресе тәрбие негізі қаланатын мектептегі ұстаздар қауымын толғандырады. Себебі Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Өйткені әрбір халық ұрпағымен көктеп өркен жаяды. Әрбір мемлекет рухы таза , санасы биік білімді де, білікті ұрпағынан қуат алады, ол өзінің әрбір жаңа буын жас ұрпағы жетілген сайын дамудың жаңа биіктеріне көтеріледі. Ал  бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты   міндет – енселі еліміздің кірпіші боп қаланатын әрбір қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Адам бойында адамгершілік  құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: – Болашақ  ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы  дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса  алатын азамат өсіре аламыз, – деген болатын. Ол  үшін ең әуелі ұрпақтарымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін  жақсы білетін саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек.
Сондықтан қатардағы пендені нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің  маңызы зор.
Құндылық дегеніміз не? Құндылық – тәрбие мен  оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар.

 

 

 

 

  

         Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылдық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады. Құндылықтар – шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде  тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді. Ал жеке тұлға – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Нақтырақ айтсақ, ана тілі мен ұлттық салт-дәстүрін құрметтейтін, басқа тілде де жетік сөйлей білетін, дүниетанымы, ақыл-ой парасаттылығы қалыптасқан, еңбекқор, мақсат қоя алатын және сол мақсатқа жету жолдарын  таңдай білетін, жауапкершілігі мол, мінез-құлқы, айналадағы адамдарға, қарым-қатынас мәдениеті жоғары, Отанын сүйетін, күрделі жағдайларда нақты шешім қабылдай алатын, өзіне сын көзбен қарай білетін салауатты тұлға. Ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өмір сынынан өткен, бүгінге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер негізінде тәлім-тәрбие үлгілері қалыптасты.
Халық педагогикасы – қазақ халқының сан ғасырдан бері атадан балаға өлмес мирас, өмірлік мұра болып келе жатқан тәрбие жөніндегі, баланы бағып-қағып, өсіріп, өнегелі азамат етіп шығару жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Ол бір ұрпақтан екіншісіне ауысып, бірте-бірте қорланып, бай тәжірибемен кемелдене келе «Халық айтса, қалт айтпайтын» кемістіксіз, ақаусыз дәрежеге жеткен. Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мәдениетінің бастауы, түп төркіндері сонау есте жоқ, ескі замандардан жеткен салт-дәстүрлерімізде жатыр.    Балаңды өз тәрбиеңмен  тәрбиелеме, өз ұлтыңның  тәрбиесімен тәрбиеле,-деп  бабаларымыз айтқандай халық педагогикасы баланың тәрбиесі туып-өскен ортасына, ата-ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған.
Баланың қалай өсетіні: ары бар, адал да, жер бетіндегі жақсылық атаулы үшін күрескер болып шығатыны немесе керісінше өзімшіл, ұсақ, тіпті ашықтан -ашық зұлым адам болып шығатыны көп ретте мұғалімнің балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мазмұны мен әдістемесіне байланысты. Сонымен бірге балаға ұлттық тәлім-тәрбиені дер кезінде беру, меңгерту-мұғалімнің басты міндеті.
                                              

 

 

 

 «Сөз анасы – сәлем», «Көргенді бала алыстан сәлем береді» атты тәрбие сағаттарында баланы инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеуді мақсат ете отырып, сәлемдесудің маңыздылығын ұғындырдым. Өйткені бастауыш сынып оқушылары қарым-қатынас жасауының алғашқы әліппесі, қадамы амандасудан басталатынын білгені жөн.
«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» деген тәрбие сағатымда әрбір оқушының өз тегін біліп келулері арқылы олардың бойында туысқандық, бауырмалдық қасиетін дамытуға ықпал жасадым дей аламын. Сондай-ақ «Қонақ келсе-құт» атты тәрбие сағатында халқымыздың қонақжайлылығын насихаттай отырып, қонақ күтудің өзіндік жөн-жоралғысы мен дәстүрі, ерекшеліктері бар екендігін оқушыларға ұғындырдым. Оқушылар келген қонақпен амандасу, оған құрмет көрсету, қонақты күту, дәмді тамақ пісіру секілді кәделерін көрініс қою арқылы көрсете білді.
Оқушы санасына ұлттық құндылықтарды сіңірудің тағы бір жолы – халық ауыз әдебиетінде жатқандығы белгілі. Өйткені жасынан ертегі, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер мен батырлар жырларын, жыраулар шығармаларын оқып, жаттап, маңызды да, құнды тұнығына қанып өскен баланың бойында еліне, жеріне, халқына адамзатқа деген  сүйіспеншілігі арта отырып, ұлтжанды, намысқой, арлы азамат боп қалыптасады.
      Жөргегінен бала тәрбиесіне айрықша мән беріп, көңіл бөлген халқымыз осы ауыз әдебиеті үлгілері арқылы адамды аздырып – тоздыратын: өсек, өтірік, мақтаншақ, қыңыр, есер, бейбастақ секілді мінездерден сақтандырып келген.
Халық даналығы, батырлар жырлары ер – азаматтың ерлігін, ел – жұртын ардақтаған  адамгершілік қасиеттерін, елім деп еңіреген ердің өнегелі істерін арттағы ағайын-туысқа, ұрпаққа үлгі-өнеге етіп отырды.Бұл орайда «Мақал – сөздің мәйегі», «Ертегілер елінде», «Қайыспаған халқымның батырлары»,  «Жаңылтпаш айт, жаңылма» атты өткізген тәрбие сағаттарым оқушыларға  оң нәтижесін берді деген сенімдемін. Оқушыларым бұндай тәрбие сағаттарына  аса жауапкершілікпен, қызығушылықпен атсалыса қатысады. Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан.

   Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар. Ұлттық ойындарды дене шынықтыру сабақтарында, үй тапсырмаларын  тексергенде, сабақтың кейбір этаптарында қолданамын.  Ұлттық ойынды халық  педагогикасының  бір бөлігі деп тегін айтпаса керек. Себебі  ойын баланың күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай,оның ақыл-ойының толысуына, есейіп-өсуіне де пайдасын тигізеді. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, сондай-ақ күш-қуат молдығын, дененің шынығуын қажет етеді. Ойын- тынысы кең, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы, яғни ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Қазақтың ұлттық ойындары – ата-бабамыздың бізге жеткен, өткені мен бүгінгісін байланыстырған баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны күнделікті сабақ үрдісінде, тұрмыста да пайдаланудың заманымызға сай тұлға тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Халықтық педагогиканың құндылығы сол – халық қазынасының азығын ақылды да әдепті, жан-жақты жетілген, адамгершілігі мол азамат тәрбиелеуде таптырмас тәрбие құралы етіп пайдалана білсек қателеспейміз. Ендеше, бұл қасиеттер бесік тербеткен ана әлдиімен, ақ жаулықты әже ертегісімен бірге өскелең ұрпақ бойына ұстаз тәлімі арқылы да дарытылып, сіңірілуі керек. Жастайынан орнығып қалыптасқан тәрбие, орынсыз көріністерге баланы сын көзбен қарауға үйретеді.  Ұлттық құндылықтарымыздың туын биік ұстап, жас ұрпақты қасиетті халқымыздың тәлімгерлік үлгісімен тәрбиелеу- ең маңызды міндет.  Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Біз құрап жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы – адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр»,- деген. Олай болса, оқушының өз өмір жолын таңдай білу қабілетін дамытуда, ер баламен қыз баланың өмірлік ұстанымын, табиғи міндеттерін түсіндіруде, өз өміріне ойлы көзбен қарап, адам өмірі ең жоғары құндылық екенін санаға сіңіруде ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор деп білемін.

 

                                            

 

 

«№9 орта мектеп»  КММ

 

 

Баяндама

Педагогикалық кеңес

 

Тақырыбы: ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА ҰЛТТЫҚ  ҚҰНДЫЛЫҚТАР АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕ БЕРУ.

 

 

 

 

 

 

Бастауыш сынып мұғаламі: Қ.С.Тулубаева.

 

 

 

 

 

                                               Жітіқара қаласы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕ БЕРУ. Баяндама."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 960 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.10.2015 3480
    • DOCX 19.1 кбайт
    • 26 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тулубаева Карлыгаш Советкалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22823
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 485 человек

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1186 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 564 человека

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и самопрезентация в социальных сетях

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 111 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 358 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 174 человека