Инфоурок Классному руководителю КонспектыЖелбіре жеңіс жалауы сынып сағат

Желбіре жеңіс жалауы сынып сағат

Скачать материал

«Желбіре, Жеңіс Жалауы!»

(Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығы)

Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге, Республикамыздың саясатын қолдауға, әділдікке, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін сыйлауға және өз Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:  суреттер, портреттер, гүлдер, шарлар, слайд. т. б.

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және  қонақтар!
Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырғын соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған «Желбіре, Жеңіс Жалауы!» атты

тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!

Мұғалім: – Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңістің аяқталғанына 70 жыл. Мұны біз ешқашанда ұмытпаймыз.

Осы жарқын өмірді сыйлаған әке, аға, әпкелеріміздің ерлігі бізге мәңгі үлгі.

Бүгінгі өткелі жатқан «Желбіре, Жеңіс Жалауы!» атты ашық сынып сағатына

қош келдіңіздер! (Әнұран орындалады)

2-жүргізуші:Жеңіс жырын айтқан бүгін тіл көмей,

                       Абзал досым, мүгедекті жүр демей.

                       Ел дегенде еңіреп туған ерлері

                       Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.

Адамзаттың бейбіт дамуының, тұрмыс-тіршіліктің рахатына кенелуінің бақыты үшін миллиондар жанын пида етті, және барлығымыз Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандарды бір минут үнсіздікпен еске алайық.(1-минут үнсіздік)

1-жүргізуші:
70 бейбіт көктем таң атқалы.
70 шуақты күн таратты әнін.
70 көктемде содан бері,
Ашылды жеңіс күннің парақтары. (Соғыстың басталуы фильм)
2-жүргізуші: Осыдан 70 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.

Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың  қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың  қазақстандық-шекарашылар болды.

1-жүргізуші: Атақты Брест гарнизонының  өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге  қайтулары керек болған. 

Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күлталқан етті.    

 Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. 

 

 

 

 

1-оқушы: Олардың  қатарында 190 қазақстандық болған  және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл  Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап  жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери  комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше  ғана мектеп  партасында  отырған  бозбалалар  мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа  сұранды.  

1939 жылдың дерегі бойынша, біздің  республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 

1 миллион 200 мың  қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен  басқа да құрылымдар жасақталған. 

2-оқушы: Фашистермен болған шайқастарда  328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивиясы,   100-ші және 101-ші  ұлттық,   81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 

209-шы Зайсан, 219-шы минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші және

992-ші  авиациялық полктер ерекше көзге түсті. Майданға  14 100  жүк және жеңіл автокөлік, 1 500 шынжыр табанды трактор,110 400 жылқы, 16 200 арба жөнелтілді. 

3-оқушы: Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес  қосты. 

1941-1945 жылдары әскери  оқу орындарына 42 мыңнан  астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында  сол жылдары жұмыс істеген 27әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайында шығарған.     

Біздің жерлестеріміз  майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерліктері  үшін жүздеген  мың  қазақстандық  медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден  астам адам - Даңқ орденінің  толық иегері атанған.  Төрт қазақстандық  екі  мәрте    Кеңес Одағының  Батыры  атанды,  олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов  және Леонид Беда. 

4-оқушы: Кеңес  Одағы  Батырларының  қатарында  қазақтың екі қызы -  мерген  Әлия Молдағұлова мен   пулеметші Мәншүк Мәметова  бар. Рейхстагқа Жеңіс туын  тіккендердің   бірі -  қазақ  жігіті Рахымжан  Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың            қатарында да   қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі  - Қасым Қайсенов. Ал танымал  қолбасшы, әскери  жазушы,  Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін  қазақ жоқ шығар. 

(Бауыржан Момышұлы туралы фильм)

5-оқушы: Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батыры: 1941 жылы   Алматыда генерал И. В.Панфилов үш  жүз он алтыншы  - атқыштар дивизиясын   жасайды. Осы дивизияның 28 панфиловшы - батырлары Мәскеу қаласын  қорғауда өшпес ерлік  көрсетті. Волокаламск  жолын   қорғаған 

28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста Панфилов  үш жүз он алтыншы - атқыштар дивизиясының командирі, Кеңес   Одағының  Батыры Бауржан Момышұлы   болған.

(Әлия Молдағұлова туралы фильм)

6-оқушы: Әлия Молдағұлова Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі 9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген (1941). 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан  2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол станциясы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты.

7-оқушы:Мәншүк Мәметова 1922 жылы дүниеге келген. Оның шын аты Мәнсия. Ол Орал облысы, Орда ауданында туылған, 1943 жылдың 16-шы қазанында қайтыс болады. 1944 жылдың 1-ші наурызында ержүрек қызға Кеңес Одағының батыры атағы беріледі. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк Алматы Медициналық университетінде оқитын. 1942 жыл өз еркімен майданға аттанған ол 21-атқыштар дивизиясының құрамында атысты. Аға сержант, плуметші Мәншүк мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті.

Ол Новель қаласының түбіндегі шайқаста соңғы демі үзілгенше қолынан пулеметті тастамаған күйде қаза табады.

8-оқушы: Мәскеу  үшін  шайқаста  ерлік  көрсеткен  қазақ батыры:

Талғат Бегильдинов 1942 жылы  майданға  аттанады. Осы өзі бір көргеннен   қатты  ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 5 жүз сағат болады. 3 жүз бес рет әскери  шабуылға  шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады.   Фашистер өздеріне аяусыз өлім  оғын   сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын   иеленіп, соғыста ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан  аман-есен оралған   соң, әскери әуе академиясын аяқтайды.

(Рақымжан Қошқарбаев туралы фильм)

9-оқушы:1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды, Рейхстаг қабырғасына алғашқы  болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев.

1945 жылдың 30-сәуірінде, Рахымжан Қошқарбаев шайқасқан 150-ші атқыштар дивизиясы Рейхстагты шабуылдайды. Жаңбырдай жауған оқтан жасқанбаған лейтенант Рахымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатов, фашистер тірегінің кеңсесіне бәрінен бұрын жетіп, жеңіс туын Рейхстагтың бірінші қабатына тігеді. Осы ерлігі үшін 150-ші дивизия басшылығы қазақ жауынгеріне Кеңес Одағының батыры атағы беріледі.

10-оқушы: Мәлік Ғабдуллин 1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады.. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады, алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін Мәлікке

 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді.

Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда»  медалі мен де қоса марапатталды.

1-жүргізуші:Соғыстың тек майдан даласында ғана емес, тылда жүргені мәлім. Гитлерліктер КСРО-ның батыс аудандарын басып алғаннан кейін, Сібір мен Қазақстанның ел экономикасындағы маңызы күрт артқан. Жаудың қолына бермеу үшін соғыстың алғашқы айларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлығы тылға көшіріле бастады.     

2-жүргізуші:Қысқа мерзімнің ішінде Қазақстанның аумағына 142 кәсіпорын жайғастырылды, 532 506 адам көшірілді. Оған қоса, жаңа өнеркәсіптік  нысандардың  құрылыстары  жеделдетілді. Соғыстың алғашқы 1,5 жылында Қазақстанда 25 кен орны мен шахта, 11кен байыту фабрикалары, 19 жаңа көмір шахтасы, 3 разрез, 4 жаңа мұнай кеніші мен Гурьевтегі мұнай өңдеу зауыты іске қосылды. 

«Сарбаздар» әні орындалады.

1-жүргізуші:Темір жол құрылысы жалғасты.1942-1943 жылдары Мақат-Орск, Ақмола -Магнитогорск  желілерінің  құрылысы аяқталды. 

 Соғыс жылдары  Қазақстан  жалпыодақтың мыс  құймасының  30 пайызын,  марганец кенінің  60  пайызын, мыс кенінің 50 пайызын, металл  висмуттың 65 пайызын, полиметалл  кендерінің 70 пайызын, мырыш өнімінің 85 пайызын берді. Қорғаныс өнеркәсібіне қажетті мыстың  үштен бірі Қазақстанда өндірілді, сондықтан да соғыс жылдары әрбір 10 оқтың тоғызы Қазақстанда құйылды. 

2-жүргізуші: Республикада танк және ұшақ жасауға ақша  жинау қозғалысы жүрді. 1941  жылдың күзінде  Бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағы (ВЛКСМ) атындағы танк дивизиясын құруға қаржы жинала бастады да, бір жылға  жетер-жетпес уақыттың ішінде армия  қазақстандық комсомолдардан 45 жаңа танк алды. Кейінірек халық қаражатына тағы10 танк колоннасы, бірнеше авиациялық эскадрилия, торпедо  катерлер мен атаулы ұшақтар жасалды.

Соғыс жылдары Қазақстан халқы жауынгерлік техникалар жасауға 480,3 миллион рубль жинап берді. 

«Катюша» биі орындалады.

1-жүргізуші: Қазақстанның ауыл шаруашылығы да өз үлесін қосты.   

Атап айтқанда, еліміз 30,8 миллион пұт астық,14,4 миллион пұт картоп және көкөніс,15,8 миллион пұт ет, 3194 мың центнер сүт,17,6 мың

центнер жүн берді. Бұл соғысқа дейінгі бес жылдағы көрсеткіштен бірнеше есе көп. Республиканың барлық экономикасы әскери «рельске» қойылды: бейбіт мақсаттағы шығыстар барынша қысқартылды, көптеген кәсіпорындар

қорғаныс өнімдерін шығаруға кірісті. Ер азаматтардың бәрі армия қатарында болғандықтан, зауаттарда әйелдер, қариялар, жасөспірімдер еңбек етті. 

2-жүргізуші: Еңбек тәртібі қатайтылды, жұмыс уақыты ұзартылды. Алты апталық, 23 сағаттық жұмыс күні  бекітілді, демалыстар тоқтатылды. Бірақ ешкім қынжылған жоқ. Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек етті. 

«Атамекен» әні орындалады.

 1-жүргізуші: КСРО-ның батыс өңірлерінен көшірілген халықпен қоса, 1941 жылдың күзінде Қазақстанға Полвольжеден жүздеген мың немістер мен поляктар жер аударылды.1942-1944 жылдары 507 мың  балқар, қарашай, ингуш, шешен халқы, 110 мың түрік-месхетиндер, 180 мың  қырым татарлары    күшпен   жер аударылды. Оған қоса, күн сайын Қазақстанға жаралы жауынгерлер мен офицерлер тиелген пойыздар ағылып жатты.                       

Әскери госпитальдердің  көбісі Алматыда құрылды. 

2-жүргізуші:Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза тапқандардың саны туралы

мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді.

1-жүргізуші: Жекелеген  мәліметтер бойынша, адамзат тарихындағы бұл ең зұлмат соғыс 20 миллионнан астам  кеңес  азаматтарының өмірін қиды.

1710 қала және 70 мыңнан астам село-деревнялар, 31850 өнеркәсіптік кәсіпорын, 65 мың шақырым темір жол, 4100 теміржол станциясы, 36 мың  пошта-телеграф мекемесі, телефон станциясы және басқа да

байланыс бекеттері  жермен-жексен болған немесе жартылай қираған.

2-жүргізуші: 40 мыңдай аурухана немесе басқа да емдеу мекемелері, 74 мың мектеп, техникум, жоғары оқу орны, ғылыми-зерттеу институттары, 42 мың кітапхана және басқа да көптеген нысандар жойып  жіберілген, тоналған.   

1-жүргізуші: Бүгін  Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарында Даңқ  монументтеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне  гүл шоқтарын қою рәсімдері өтуде.

Бұл соғысты ешкім де ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауы керек.

«День Победы» әнін орындалады.

2-жүргізуші: 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің  70 жылдығы құрметіне, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне, қаһармандығы мен қайсарлығына терең құрмет көрсете отырып,  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне арналған бірыңғай мерекелік медаль туралы Жарлыққа қол қойды.

1-жүргізуші: «Қайғыны білмесін ана жаны,
                          Қазіргі адамда арман сол.
                          Әлемнің бар сәби балалары,
                          Оянсын ұйқысы қанған соң.»
2-жүргізуші: Қыран құсым көк аспанда самғасын,

                      Желбіресін көк байрағым сан ғасыр.

                      Жас ұландар биік ұста туыңды,

                      Жарқыратып туған елдің таңбасын.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Желбіре, Жеңіс Жалауы!» атты сынып сағатымыз аяқталды.

1-жүргізуші: Ардагерлерге мың тағзым!
2-жүргізуші: Жеңістің туы мәңгі желбіресін!
                       Жер үстінің шуағы тарқамасын!
Мұғалім: Жеңіс тойы мәңгі жасасын! Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман – сау болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Желбіре жеңіс жалауы сынып сағат"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по переработке нефти и газа

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 727 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.02.2016 1070
    • DOCX 25.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Халабаева Зульфия Рохатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Халабаева Зульфия Рохатовна
    Халабаева Зульфия Рохатовна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34060
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 407 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 778 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Мини-курс

Самосовершенствование: шаги к личному росту и эмоциональному благополучию

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 73 человека

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Этапы развития речи: от первых звуков до полноценной коммуникации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 165 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 140 человек