352536
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокКлассному руководителюКонспектыЖелбіре,жеңіс туы тәрбие сағаты

Желбіре,жеңіс туы тәрбие сағаты

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Тәрбие сағаты: Желбіре,жеңіс туы!

Мақаты:

1. Оқушыларды,Отанын,елін,туған жерін сүюге баулу,өз еліміздің батыр қыздары мен ұлдарының ерліктерін айту;

2. Адалдыққа, адамгершілікке батырлыққа тәрбиелеу.

3. 1941-1945жылдардағы Ұлы Отан соғысы туралы түсіндіріп, бейбітшілікті сақтап нығайтуға,мінезділікке, ұлтшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:Интербелсенді тақта,қанатты сөздер: Отан туралы,портреттер,фоталар.

Барысы: 1.Ұйымдастыру

2.Актуалдандыру

3.Кіріспе сөз

Құрметті қонақтар,оқушылар,ұстаздар!Өздеріңізге белгілі 1941 жылғы 22 маусым күні таңғы сағат 4- те бейбіт елімізге тұтқиылдан фашистік Германия шабуыл жасап соғыс басталып кетті.Қасиетті жерімізді,бейбіт елімізді қатыгез жаудан қорғап қалу үшін біздің аталарымыз,әжелеріміз 1418 күн жаумен шайқасып Ұлы жеңіске жетті.Жеңіс бізге келген жоқ.50 млн адам өмірін қиды.ҰОС жылдарында Кеңес армиясының қатарында Қзақстанның 1 млн 200 мыңға жуық ұл-қыздары ерлікпен шайқасты.Қазақстан майданға –қару,металл,көмір, азық-түлік,киім-кешек жіберіп тұрды.Жауға қарсы атылған әр 10 оқтың 9-ы Қазақстан қорғасынынан жасалды.29 мың астам шығыс қазазақстандық Ұ.О.С –ның ерліктері үшін ордендер мен медальдармен наградталды.

Жыл артынан жыл өтіп,осыдан 70 жыл бұрын күллі әлем асыға күткен жеңіс жалауы рейхстагта желбіреді.Барша адамзат жүрегі жарылардай шаттанды.Қаһарман Совет Әскері,біздің халқымыз адам айтқысыз зардаптар шегіп,қисапсыз құрбандықтарға төзіп,Жеңіске жетті.Бүгінгі біздің болашағымыз,бақытымыз үшін қан төккен әскерлер мен аналардың даңқы еш уақытта өшпейді.

1-Көрініс

Қараңғылық...Қыз бен жігіт сөйлесіп отыр.Қолдарында гүл.Қыз жігіттің костюмін желбегей жамылған.Таң алды.Нәзік музыка үні естіліп тұрады.

Тыныштық!

Қыз:( орнынан тұрып) Не деген тыныштық!

Жігіт: Иә,тіпті шегірткелер ән салып жатқандай емес пе?

Қыз:Шынындада дала ән салып тұрғандай ғой өзі.

Екеуі қолтықтасып сахнадан шығып кетеді,сол кезде гүрілдеген самолет үні,танкінің дыбысы естіліп,қыз жүгіріп шығады,үрейі ұша айқайлайды,шуылдаған жарқ-жұрқ еткен прожекторлар, атылған оқтар үні естіледі.

1-жүргізуші:

Шығыста таң шапағы жаң а біліне бастаған кез. Ел қаперсіз ұйқыда. Ояу жүрген тек шекарашылар. Кенет, батыстан қызылды-жасылды оттар жарқылдап, шекараға шапқан самолеттер ұшып келеді. Бұл 1941 жылдың 22 маусымы.

2-жүргізуші:

Фашистік Германия қарақшылықпен Совет одағының шекарасын бұзып, басып кірді. Ұлы Отан соғысы басталып кетті.

(Священная война- әні)

1-жүргізуші:

Неміс фашистері күшті Армия жасақтап, басқа халықтарды құлға айналдыру үшін майдан ашты. Фашистер күзге дейін-ақ Совет одағын талқандаймыз деп даурықты. Фашистерге қарсы бүкіл Совет одағы көтерілді.

2-көрініс

Әскери комиссариат алды. Ағылған халық, бәрі Отан үшін жауға қарсы күреске жіберуін сұрауды. Кәрі де, жас та, қыздары да. Аналар мен қарттар, балалар шығарып салуда.

2-жүргізуші:

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Совет елі жан-тәнімен Отанын қорғады. Әрбі село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды, қанішер неміс басқыншыларымен Совет азаматтары аянбай шайқасты.

1-жүргізуші: Отаным еркелеймін өзге кімге,

Өзіңмен нені болса көрем бірге.

Қалайша қабырғама батпас менің,

Басыңа қатер бұлты төнген күнде.

2-жүргізуші:

Өшпес ерлікпен шайқасқан батыр қалалар есімі мәңгі сақталады. Соның бірі - Брест қаласы. Батыр қала берілмеді. Оны жауынгерлер артық қаны қалғанша қорғады.

1-оқушы: Ығысқан жауы түрінен,

Бауыржан батыр қол бастап.

Москваның түбінен,

Ерліктер жасап ол асқақ.

2-оқушы: Туған жер, өскен орта, байтақ дала,

Махаббат ыстық жүрек қомарлана.

Сүйеді Төлегендей ер баласын,

Баулыған батырлыққа Отан-Ана!

3-оқушы: Баласын алып Алтай құшағына,

Сүйеді, жүрегіне қысады да.

Сырласып таң атқанша бірге болып,

Таң атса, тау қалады, ол ұшады да.

4-оқушы: Көп қой батыр ағалар,

Халық сүйіп бағалар.

Көп қой батыр ағалар,

Жаттап алар балалар.

Болашақты бізге мирас етем деп,

Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар.

5-оқушы: Гвардеец жүрегі,

Мақсат сертті нық ұқты.

Селт етердей кім еді,

Ұмытылды алға Ізғұтты.

Шайқаста ер атанбай,

Қашан қазақ мызғыпты.

Сүйді Отаның осылай,

Айтықұлы Ізғұтты!

6-оқушы: Өр кеуде, отты жүрек, батыр Мәлік,

Зор даңқың дүниені кетті жарып.

Майданда, ризамыз, ойнадың сен,

Бейне бір найзағайдай жарқыл қағып.

7-оқушы: Шаттансаң қыз туды деп, қазақ шаттан,

Әлия Ұлы Отанға болған мақтан.

Казачиха қасында тұлғасы тұр,

Дегендей ерлікке аттан, жеңіске аттан.

8-оқушы: Ай өтпек, жылдар өтпек, ғасыр өтпек,

Жеңіске майдан бітіп...... жас ержетпек.

Ерлігі ер жүрегін тебірентіп,

Ұрпаққа үлгі болып Мәншүк кетпек.

СОЛДАТ ХАТТАРЫНАН үзінділерлер оқу

Мәншүкің апасы Әминаға хатынан үзінді:

Қымбатты мама! Көптен күткен хат пен посылканы тура алғы шепке жүргелі тұрған сәтте алдым. Бұл 1943 жылдың 10 қыркүйегі еді. Өзіме бір-ақ алма тисе де қатты қуандым. Кішкене сыйлықты мен сияқты күткен жауынгерлер мен командирлер талап кетті. Үлкен рахмет! Жолымыз сәтті болды. Ал, әзір шетте пулеметіммен фашистерді мықтап аңдудамын. Түнде мүлдем ұйықтамаймыз, ал күндіз тынығамыз. Міне, қалт еткен сәтті пайдаланып жауап жазып отырмын. Қымбатты әпкетай! Бүгін күндіз сәл тынығайын деп жатыр едім бірден ұйықтап кетіппін. Сізді түсімде көрдім. Жалпы қазіргі өміріміз көңілді: фашистермен қару тілінде келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жеңіспен оралған соң айтатын нәрсе көп-ақ. Қолыңызды қатты қысып, құшып сүйемін. Қызыңыз Мәншүк. Майдандас жолдастарым сәлем айтып жатыр!

Әлияның ағасы Бейсенбайға жазған хаттарынан үзінді:

Ізғұттының «Совет жауынгерлеріне» - хатынан

Мешітбай: «Ініме хат» үзінді.

2-оқушы бірге тұрып ( Әлия мен Мәншүк болып)

Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз,

Қатар жүріп, қырдан гүлдер тереміз.

Біздер өлдік, өлмесін деп басқалар.

Бізді қайта туды Отан, ел егіз.

Бірақ ерте тым, ертерек жандық біз,

Жанарлардан мөлдір жас тамдық біз.

Қолымыздан осы болды келгені,

Біздей ерте солмау үшін барлық ұл мен қыз.

1-жүргізуші: Өр тұлғалы, келбетті,

Қошқарбаев Рақымжан.

Сын сағатта ерлепті,

Ел сүйсінген батыр жан.

Арпалысып ел күнде,

Аңсап талай жыл күткен.

Жеңіс күні Берлинде,

Рейхстагта ту тіккен!

2-жүргізуші: Соғыс жалмап аға, іні, бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Бірақ біздер өздеріңнін арқанда,

Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.

Жалғызынан айырылып аналар,

Әкесінен айырыпты баланы.

Бірақ біздер өздеріңнін арқанда,

Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.



Қамықпаған қиындықтың түгінен,

Өздеріңе жинап қырдың гүлінен,

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен.

3-көрініс:

Ауыл дыбырласып, еңбек еткен кәрі-жас, аналар, алыстан сүйіншілеген дауыстар естіледі. Сол кезде бір қыз бен әскери киінген жігіт қарама- қарсы кездесіп, бір-біріне ұзақ қарап тұрады. Қыздың қолында домбыра мен гүл. Жігіт домбыраны қыздың қолынан алып маңдайына басады да, ақырын шертіп М.Мақатаевтін «Дариға қыз» әнінің бір шумағын айтады.

Жігіт:

Жеңдік қой жауды, арман не құрбым.

Күркіреп күндей өтті ғой соғыс,

Келетін қайтып, өлеңімді айтып,

Қайда екен, қайда, дариға сол қыз?

Күркіреп күндей өтті ғой соғыс,

Қайда екен, қайда, дариға сол қыз.?

Общая информация

Номер материала: ДВ-367604

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация работы с одаренными детьми в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Использование игр в развитии и обучении»
Курс «Сопровождение детского отдыха. Школа вожатых»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты инклюзивного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по подготовке учащихся старших классов к сдаче экзаменов»
Курс повышения квалификации «Основы педагогического дизайна»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс профессиональной переподготовки «Методическое сопровождение педагогического процесса в условиях реализации ФГОС»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.