Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Конспекты / Әжелер әлдиі 2011 год

Әжелер әлдиі 2011 год


  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

«Әже әлдиі» тақырыбында

өтілетін бағдарламаның сценарииі.


Өтетін орны: №9 орта мектеп (акт зал)

Өтетін мерзімі: 11 наурыз 2011 жыл



Мақсаты:


Муз номер. Наурыз би.


Жүргізуші: ----------------------------


Тақырыбы: Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Қызды оң жаққа шығару рәсімі


Мақсаты: Ұлттық салт дәстүрлерімізді білу, игілікті салт, озық дәстүрімізді жаңғырту мен кеңінен насихаттау қазақ қыздарына тән ізеттілік, әдептілік, өнерпаздық қасиеттерін дамыту көркемдік талғамын өсіруді түсіндіру.


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар, ата-аналар!

Біздің мектебімізге қош келдіңіздер.


Жүргізуші: Халқымыздың ұлттық мәдениетінің қайта өркендеуі-келешек ұрпағымызды халқымыздың салт-дәстүрін,әдет-ғұрыптарын ертеден сақталып келе жатқан мәдени бай мұраларының қадір қасиетін білуге тәрбиелеу.

Құрметті қонақтар, бүгінгі күн - ерекше күн.«Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат » атты кешімізге келіп отырған құрметті қонақтармен таныстырай.-------------------------------------------------------------------


Муз. номер. «Наурыз биі»


1.Жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп директоры Мамлеева Салима Бекентайқызына беріледі.


Ғалия Молдағалиқызы Кіріспе сөзді оқиды.

Кіріспе: Бұл үлкен той емес, отбасылық тәрбиелік салт-дәстүр. Мұндағы мақсатымыз ұлттық салт-дәстүрімізді білу, жаңғырту және болашақ ұрпаққа үлгі етіп қалдыра отырып кеңінен насихаттау. Қыздарымыз өз ұлтының қазақ екендігін дәріптеп, әр уақытта ұстамды, ізетті, ұқыпты, әдепті, жинақы, тәрбиелі болып өсуін қадағалау.

Қазақ халқының ұлттық тәрбиесінде қыз баланы тәрбиелеуге үлкен мән берген айналасындағы жақсы-жаман әдеттің бала тәрбиесіне ықпалын тигізетінің ескеріп «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол» деп бекер айтпаған. Қызды инабатты, тәрбиелі адаммен ауылдас болса, өз қызының да тәрбиелі болатынын меңзейді. Қыз бала отырған жерде бейпіл сөйлемеген. Қыз балаға қатты сөйлемей, биязы сөйлеуді, жүріс-тұрысының сыпайы болуын, үлкеннің алдын кесіп өтпеу, үлкен адамдар отырғанда жарысып сөйлемеуін, кішілерге қамқор болуын үйреткен. «Қызға қырық үйден тыю», қала берді қара күннен тыю»-деп атамыз қазақ бекер айтпаған. Қыз балаға жеке ата-ана емес, қауым болып тәрбие беріп отырған. Табиғаттан сұлулыққа жаны үйір халқымыз қыздарының сымға тартқан күмістей сымбатты, алма мойын, қиғаш қас, сүмбіл шаш, сұңғыла бойлы, сыңғырлаған дауыс, күлімкөз жайдары мінез, маржан тіс, қыпша бел, тал шыбықтай болуын қалаған. Осыған байланысты қыздар сендерге айтар біраз ақыл кеңесім бар. Ата-бабамыз қыздың өсуіне, оның мінез құлқына жете мән берген. Қыз бала 11-12 жасқа келгенде-ақ оның жеке бас күтіміне назар аударып, ұйықтайтын орнын, киім-кешегін таза ұстауға, шаш күтімін сыпайы сәнімен әсем жүруге үйрету үшін есейгендіктің белгісі ретінде құлағына сырға, шашына шашбау, кеудесіне алқа тағып айна, тарағын, бет орамалын, тіс тазалағыш, тіптен басқа да ұсақ заттарын жеке сақтап, ұқыпты ұстауға аса мән беріп отырған.


Жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді шашыменен,

Ай қабақ,қиғаш қара қасыменен

Қыз сұлу көрінеді толған айдай,

Он алты мен жиырма үш жасыменен


«Қызды оң жаққа шығару» рәсімін көріп тамашалаңыздар.


hello_html_m1fa632b1.png


Көрініс. Рая апай: Әжелер келіп қалған екенсіңдер, ата салтымызбен қызымды оң жаққа шығармайсыздар ма?


Әжелер қайырлы болсын деп столды айнала отырады.


hello_html_512cdc78.png

Бақытгүл апа: Төсек жанына барып, қыз төсегіне түсінік береді. Қыз төсегін «Қос ағаш» деп атайды. Қыз 12-ге келген оны аналары қызының төсегіне дәл жауырының астына келетіндей етіп қос арқан керіп ұйықтатқан, сондықтан қыздар бұраң бел, көркем, сұлу болған.

Муз. номер


Дариға апа – шымылдық көрсетеді. Қызы барлық назы бар деген ата-бабамыз. Сырттан келген адам қызыл шымылдықты көргенде бұл үйдің қызы бар екенін білген. Қызға оң босағадан орын беріп, көрпе төсегін көлегейдеп шымылдық ілген, ал ол он бүрмеден тұратын перде «көсеге» деп аталған. Қыз тұрмысқа шыққанда жасаумен бірге кесегесінде бірге ала кетеді. «Көсегең көгерсін» деген тілек-осы дәстүрге байланысты қалыптасқан.


(Рая апай) Анасы қызды ортаға алып келеді. Үлкен ауылдың келіні едіңіз сіз Нұржанат апай шашын өріп, шолпы тағып беріңіз.

Азиза қыздың шашын өріп тұрып «Бармақтай бақ, шаш етектен дәулет берсін. Сен енді үлкейдің, секірме, жүгірме ерсі болады, жайлап, баппен, сыпайы жүр. Жақсы жүрсең шолпын жақсы әндетеді, одыраңдап жүрсең берекесіз салдыр-салдыр етіп өзіңді бездіреді» деп ақыл айтады.

Осы жерде өзі ән айтады

Муз.номер.(Илегай әнін орындайды.)


Алқа тағу: (Анар апа) Рая құрбым мен қызыңа алқа алып келген едім деп, әкелген алқасын қызға тағып тұрып – Талабың оң болсын, мұратыңы жет-деген тілегін айтып Еркелігің еліктің лағындай

Көркемдігің көлдің көк құрағындай

Мөлдіретіп мойныңа алқа тақтым,

Анаң таққан қастерлі тұмарындай.


Сырға тағу:(Сақатай апай) – мен белбеу әкелдім деп қызға белбеу тағып тұрып «белбеуін жоғалтқан, арын жоғалтқанмен бірдей, боз белбеуіңді жоғалтпа, ғұмырлы, бақытты бол, қадыр дарып, бақ қонсын»-деп батасын береді.


Муз. номер (Сырғалым әні орынды)


Тақия кигізу: Гулшат апа-мен тақия әкеліп едім, өзің киіп өзің тоздыр, игілігіңе ки, мерейің үстем болсын-деп тақия кигізеді.

Қызды толық киіндіріп болған соң ортада қыздың жеңгесі жетектеп жүреді, әжелер қыз жайында жақсы мақалдар айтады. Қыз анасы құрметті әжелер қарап отырмай әндетіп отырыңыздар деген кезде арулар әні айтылады.

Муз. номер Қара жорға биі.

hello_html_m4824a688.png

Жүргізуші: Қыз баланың әр бір затының мән-мағынасы бар. «Қыз өссе елдің көркі-гүл өссе жердің көркі»-деген мақал тегін айтылмаған, әр отбасында өсіп келе жатқан қыз бала біздің халқымыздың, еліміздің гүлі болып есептелінеді, ал гүл күтімді қажет етеді, сондықтан қолда бар гүліміздің қадірін кетірмей, өнегелі, ізетті, инабатты, салт дәстүрімізді біліп қастерлейтіндей етіп тәрбиелейік. Игілікті салт-озық дәстүрімізді жаңарту мен кеңінен насихаттау ежелгі қазақ қыздарына тән әдептілік, ізінттілік. Қыз бала болашақ ана, келін, әйел оны бала жасынан тазалыққа, әр нәрсеге деген ұқыптылыққа, тәрбиелікке шыңдай түсуіміз қажет. Асыл қасиеттерді ту етіп көтеріп, жастардың көркемдік талабын өсіре түсу, ақылды да ажарлы, өнерлі де ісмер жас қыздарды тәрбиелеу мақсатында ұлтымыздың оң жаққа шығару рәсімін көрдіңіздер.


Жүргізуші: Көрейік тек жанарлардың жарқылын

Тыңдайықшы ағалардың ақылын

Айтылатын ақ тілек бар қауымға




Автор
Дата добавления 29.09.2016
Раздел Музыка
Подраздел Конспекты
Просмотров44
Номер материала ДБ-220007
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх