Инфоурок Другое Другие методич. материалыӘжелер сөзі, ақылдың көзі әжелермен кездесу кеші тәрбиелік іс-шара

Әжелер сөзі, ақылдың көзі әжелермен кездесу кеші тәрбиелік іс-шара

Скачать материал

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК

 

 

 

«Әжелер сөзі – ақылдың көзі» атты қалалық

тәрбиелік іс-шараның әзірленімі

 

 

 

     Дайындаған:

     «Қазақ қызы»

  клубының жетекшісі

Ж.Х.Хусаинова

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК

 

 

 

«Әжелер сөзі – ақылдың көзі» атты қалалық

тәрбиелік іс-шараның әзірленімі

 

 

 

     Дайындаған:

     «Қазақ қызы»

  клубының жетекшісі

Ж.Х.Хусаинова

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016

 

 

 

Тақырыбы:  «Әжелер сөзі-ақылдың көзі»

Түрі: тәрбиелік-танымдық сұхбат кеші

Көрнекілігі: -мультимедиялық құрылғы, кештің барысына байланысты әр түрлі слайдтар

 Мақсаты: қазақ салтындағы қыздарға қойылатын қырық жерден тиымдарды айта отырып,қыздарды қазақ қызы деген атқа лайық болуға, ақ жаулықты аналарымыздың пікірлерін тыңдату арқылы қазақ қызы осылай болу керек деген ой қалдыру, «Ана қадірі» атты бейне сюжетті көрсете отырып, болашақ аналар ретінде отбасының береке-бірлігін сақтауға,мәдениетті, көркі ақылына сай қазақ қыздарын  тәрбиелеу.

Жоспар:

І.Кеш қонақтарымен таныстыру

ІІ.Әжелердің өнерін тамашалау

ІІІ.Қазақтың салт-дәстүрі жөнінде мақал-мәтелдер айтқызу

ІV.Қазақ қыздарына қойылатын 10 түрлі талаппен таныстыру

V. Көрермендерге сұрақ-жауап

VІ. Жағдаятты талдау «Ана қадірі» атты  видео сюжетті көрсету

VІІ. Қорытынды

VІІІ.Қонақ әжелерді дастарханға шақыру,алғыс айту

 

1-жүргізуші:

Әдемі:  - Қайырлы күн құрметті қонақтар, ақ жаулықты әжелер, ұстаздар және «Қазақ қызы» үйірмесінің қатысушылары!

2-жүргізуші:

Балнұр: - Бүгінгі «Қазақ қызы» үйірмесінің  ұйымдастыруымен өткізіліп отырған «Әжелер сөзі-ақылдың көзі» атты әжелер мен қыздардың кездесу кешіне қош келдіңіздер!

Әдемі: - Кешімізге келген ақ жаулықты әжелерімізбен таныстырып өтейік:

1.«Айша Бибі» Қалалық Қазақ Мәдени Орталығы Қоғамдық Бірлестігінің  ұжымы. Төрайымы Айман Ибраевна.

2.Зейнеткер-ұстаз өзінің еңбек жылдарын ұрпақ тәрбиелеуге арнаған Ғайникамал Жағыпарқызы

3. Зейнеткер-ұстаз өзінің еңбек жылдарын ұрпақ тәрбиелеуге арнаған Аханова Бақыт.

4. Зейнеткер апамыз Шағиза Қалкеновна

Әдемі:

-Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.

Қыз өссе – елдің көркі деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам, -

деп өлең-жырға қосып, табиғаттағы аңға, құсқа балап «Кер маралдай керілген», «Тотыдайын таранған, сұңқардайын сыланған» дәріптеген. Қыздарды: табиғат сұлулығына теңеп, Айсұлу, Күнсұлу, Жұлдыз десе,нәзік гүлге балап, Гүлжан, Саягүл, Раушан деп атаған.  Аспандағы аққуға ән қосамын деп Аққу, Марал, Еңлік, Құралай, Тоты, Бұлбұл  дүниедегі қымбат заттарға, асыл тастарға балап, Алтын, Меруерт, Гауһар деп атаған.

Балнұр:  - Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы. Қазақ халқы мінезі жақсы, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт екен» деп тегін айтпаған. Халық аузындағы «қыздың жиған жүгіндей», «қыздың төккен кестесіндей» деген тіркестер қыз баланың нәзіктігін, шеберлігін, ұқыптылығын аңғартады.

    Ендеше қымбатты кештің қонақтары сөз кезегін «Айша Бибі» Қалалық Қазақ Мәдени Орталығы Қоғамдық Бірлестігінің  ұжымына берейік

Муз.номер: «Айша Бибі» бірлестігінің орындауында

Әдемі: - Халық қыз бала тәрбиесін 4 ұғым: адал мен арам, обал мен сауап төңірегінде топтастырады. Ұлт дәстүріндегі бір ерекшелік- тәлімдік ақыл-кеңесті жас ұрпақ санасына астарлап, тұспалдап жеткізу. Мысалы, «Келінім, саған айтам, қызым, сен тыңда», «Қыздың қырық жаны бар» деген мақал-мәтелдерде тәрбиелік талап- тілектерді жанамалап жеткізген.

             «Бет пішіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы қыз – ару.

Жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік қыз - әсем.

            Сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін, болмашыға күйіп – піспейтін,

келбетті қыз – сұлу.

            Істесе үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, өзі бірден көзге түсе қоймайтын қыз – көрікті.

            Баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы – жаманның жөнін біліп тұратын қыз - әдемі.

            Дене бітісі жинақы сөзі салмақты, қыз – ажарлы.

            Балнұр: - Қыз бала тәрбиесіне қатысты халқымыздың мақал-мәтелдерінің орны ерекше, тәрбиелік мәні зор.

      Әдемі: - Ендеше қымбатты қыздар сендерді сынап көрейік! Мен айтатын мақалды аяқтаңдар.

-           Ата даңқымен қыз өсер, Мата даңқымен бөз өтер.

-           Қыздың жолы жіңішке.

-           Қыз өссе – елдің көркі, ұл өссе – жердің көркі.

-           Ер бала ата-анаға таяу, Қыз бала үйге жаққан бояу.

-           Ұлға отыз үйден тыю, Қызға қырық үйден тыю.

-           Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол.

Балнұр: - Қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз «Қызға қырық үйден тыйым, қала берді қара күңнен тыйым» деп білген. «Әйелді сүйіктіге айналдыратын –ар мен ұят» деп санаған халқымыз қазақ қыздарына мынадай 10 түрлі талап қойған:

1.         Әдептілік;

2.         Ар-ұждан пәк болу;

3.         Кеңпейіл, кешірімді болу;

4.         Мейір-шапағатты болу;

5.         Ақыл-парасатты болу;

6.         Сабыр-салмақты болу;

7.         Адал, ақ жарқын болу;

8.         Моральді, мұратты болу;

9.         Өжет, батыр болу;

10.       Ұят, намысты болу.

            Әдемі: - Қыз – бүгін әке-шешесінің қонағы болса, ертең бір шаңырақтың ошағының сәні. Болашақ ұрпақтың өз қатарынан озары да, қыз бен қыз тәрбиесіне байланысты. Салиқалы ана болғанда саналы ұрпақ болады. Олар бүгін колледж қабырғасында оқып жүрген қыздар. Болашақтың тамыры, қоғамның негізі, тарихтың көзі –жанұя. Ал сол қасиетті ұяның алтын тірегі, отбасының ұйытқысы, жайнаған осы жауқазындар. Қыз - өмірдің қызғалдағы, қыздар – болашақ ана. «Болмасаң да ұқсап бақ» -деп Абай атамыз айтқандай, қыз балалар жағымды қасиеттерді меңгерсе, арамызда ару да әсем, сұлу да көрікті, әдемі де ажарлы қыздар көп болса, біздің өміріміз мәнді, қызықты да шуақты болар еді.

Муз.номер: Ақанова Махаббаттың орындауында

Балнұр: Қазіргі қыздар қарап отырып, көптеген ата-аналарға қарап отырып, жағаңды ұстайтын оқиғалар әрине өмірде кездесіп жатады.

            Қыздарының белі бесіктен шықпай жатып, ашық-шашық киіндіріп сән қудырып, мектеп табалдырығын аттағаннан-ақ сәнқой болып шыға келеді.

            Осылай өсірген қыздарымыз, ертеңгі күні қандай ана болмақ? Дегенмен, көптеген қыздар өздеріне сән етіп, осы кіндік тұсын ашып жүруді сәнге айналдырған. Сонымен қатар арақ ішіп, темекі тартуы-бұл үлкен қасірет. Қазақ қыздарының ішкі жан дүниесінің сұлулығына, мәдениеттілігіне әдептілігіне өзге жұрттар таңдай қағып қарап өздеріне үлгі етер күн қашан туады екен?

Балнұр:- Сонымен қатар, бүгінгі таңда заман өзгерді ме, әлде адам өзгерді ме?

            Мәдениеттің бәрі киімнен басталады десек, айтарымызды сәнге бұрсақ. Заманның сұранысы деп бір кездері шетелден сан түрлі сәнді киімдер жетсе, ішінде ұлтты аздыруға әрісі ұрпақсыз қалдыруға киім үлгілері бірге келеді. Белді жоқ  шалбар, қысқа юбка, бір қарыс кофта.

-Бұл дегенің біреулерге байлықтың астында қалуға мүмкіндік берген шығар, ал бізге ше

Әдемі: - Ағамыздың алдында мазақ, жұрттың алдында күлкі, ана мен әкені жерге қаратқаннан басқа қайраны болмады.

- Жалаңаш денемен біз кімді таңғалдырмақпыз?

-Ашық жеңсіз жейделер мен қысқа юбкалар қыздардың абыройын қалай сақтамақ?

Қазіргі қыздар, бұрымды шашын жұлынды шашқа айналдырған.

Қиылған қара қастары, көріксіз күйге енген. Қаракөздеріміз қысқа юбка, денеге жабысыңқы киімді жігіттерге ұнап, әдемі көріну үшін киеді. Бүгінгі таңда заман өзгеріп, өркениетке қадам бассақ та ұлттық қасиетімізді жоғалтпаған қыздар көп.

Музыкалық номер: «Аппақ гүлдер» Қарлығаш Абухасова және бишілер тобы

Балнұр:  - Осы орайда біздің оқу ордамыздың қабырғасында көптеген қазақ қызының бойында болуы қажет қасиеттерді насихаттайтын көптеген іс-шаралар өткізіледі. Соның бірі «Колледж аруы» байқауы. Бұл байқауда қыздар өз бойыңдағы қазақилықты көрсетіп, сонымен қатар тағам жасау өнерін, өз бойыңдағы таланттарын көрсетіп, салт-дәстүрімізді қаншалықты білетіндігі жайында сұрақ-жауап алынып,сынға түседі.

Слайд (сайыстан фотолар көрсету)

Адема: - «Колледж аруы-2015» байқауында «Қазақ қызы» клубының мүшесі Мұқанова Балнұр 1 орынды иеленді.

Әдемі:  - Сонымен қатар, «Қызды қырық үйден тию», «Отбасы ұйытқысы», «Қыз болашақ ана» атты іс-шаралар өткізілді.

Слайд:(сұрақтар жазылған)

Әдемі: -Ал дәл қазір, ортада отырған қыздарымыздың салт-дәстүр жайлы білімін сынға алу үшін, оларға сұрақ қойсақ.            Сонымен 1-ші сұрақ (кезекпен 2жүргізуші оқиды)

1.Қуанышты хабар  жеткізуші  адам не  айтып  келеді? (Сүйінші - сүйінші)

2.Жаңа  туған  балаға,  жас  келінге,  ботаға  тағы  басқа  алғаш  көрген  сәтте  халықтың  ежелгі  және  лайықты  дәстүрі. (Көрімдік)

3.Алыс  сапарға  саяхатқа,  сауда  жолына  шыққан  адамдар  жерлестеріне, көрші - көлемдеріне,  сыйлас  адамдарына,  жас  балаларға  ірілі - ұсақты сыйлықтар  әкеледі  ол не  деп  аталады?  (Базарлық)

4.Екі  адам  жанжалдасқанда  немесе  төбелескенде  оның  жанындағы адамдар  не  деп  басу айтуға тиіс. (Араша)

5.Бала  туған,  келін  түсірген  т.б.  сол  сияқты  қуанышқа  не  деп айту ата салтымыз. (Құтты  болсын  айту)

6.Жас  адам  жолға  шыққанда  жасалатын  дәстүрлі  бас  қосу. (Тоқымқағар)

7. Қуаныш  айғағы  ретінде  жасалатын  өте  сұлу да  салтанатты  дәстүр. (Шашу)

8.Дүниеге  келген  жас  нәрестеге  оның  құлағына  ат  қалай  қойылады? (Азан шақырып)

9. Ер  бала  3, 5  және  7  жасқа  толғанда  өткізілетін   рәсім. ( сүндетке отырғызу )

10. Құда  түсудің  ресми  бөлігі  аяқталғаннан  кейін  жігіт  жағы  қыздың  жағына  не  төлейді? (Қалыңмалын)

11.Жас нәрестені  бесікке  салу  салты  не  деп  аталады? (Шілдехана)

12. Аналар  үйде  қалған  балалары  мен  жақындарына  мереке –тойларда  болған  жерлерінен  не алып келеді? (Сарқыт)

13.Қазақтың  ұлттық  тағамдарын  ата. (Бауырсақ, қазы – қарта, бешбармақ, айран т.б.)

14.Мұсылмандардың  мерекесі. (Құрбан айт)

15.Тұсаукесер  дегеніміз не? (Жас баланың жүре бастағанда жаласлатын салт)

16.Ұзатылған  қыздың  жақындарымен  қоштасау әні. (Сыңсу)

17.Қазақтың  ұлттық  ойындарын  ата. (Көкпар, қыз қуу, алтыбақан т.б.)

18.Қазақтың  жаңа  жылы. (Наурыз мерекесі)

Музыкалық номер:  Ақанова Махаббат скрипкада

Балнұр: - Шынымен де аналарымыз біз сияқты болашақ аналарға қаншама тәрбие берсе де, өмірде қазақ қызының бойынан лайықты қасиет табылмай, өкінтіп, әттегең-ай деп жүрген қазақ қызы, яғни аналарымыз өмірде кездеседі.Соған байланысты, бір отбасының басынан өткен қынжылтатын оқиғаны тамашалап, ой пікірімізді ортаға салайық.

 

Видео «Ана қадірі» (мультимедиялық құрылғымен көрсетіледі)

Әдемі:- қымбатты көрермен ,

  1. Бейнесюжетті көргеннен соң, қандай ой қалыптасты?
  2. Осындағы бір отбасының ұйытқысы бола алмай өзінің жолдасының анасын, өз анасынан алалағаны дұрыс па?
  3. Бұл жерде келін боп отырған қыз сыйластық тәрбиесін өз анасына ғана көрсетіп, жолдасының анасына не себептен әділетсіздікпен қарады деп ойлайсың?
  4. Бұндай жағдайға апарған кімнің қатесі?
  5. Болашақта біз сияқты қазақ қыздарының өзге отбасына барғанда, береке-бірлікті сақтамай тәрбиесіздік көрсеткені дұрыс па?
  6.  Дұрыс емес жағдайда, осы жағдайдың алдын-алу үшін не істеу керек?

Балнұр: - Шынымен де, қымбатты қыздар біз осындай өмірде кездесіп жататын әдепсіздіктерге жол бермей қызға қойылатын 40 тыйымды орындайтын болсақ, нағыз қазақ қызына тән қасиетті көрсетер едік.

Слайд:  (40 тиым)

Әдемі: - «Отан отбасынан басталады» деген аталы сөз бар, егер әрбір отбасында осындай тәлім-тәрбие мен өнеге насихатталатын болса, елімізде де береке-бірлік  тыныштық орнар еді.

Слайд: (аналар туралы)

Музыкалық номер: «Асыл ана» Каримов Ислам

Әдемі: - Ендеше қымбатты қыздар, асыл аналарымызды қадірлеп қастерлей білейік.

Балнұр: - Ал,дәл қазір ойымызда жүрген, көңілімізді алаңдатып жүрген сауалдарды бізге қонаққа келіп отырған аналармен ой-талас түрінде ортаға салсақ...Қысылмай, өз пікірлеріңізді айтып, белсенді қатысуларыңызды сұраймыз! (кезекпен)

      1-сауал. -ХХІ ғасырдағы қазақ қызын бұрынғы қазақы тәрбиемен тәрбиелеуге қалай қарайсыз, сіздің түсінігіңізде ХХІ ғасырдағы қазақ қызы қандай болуы керек?

            2-сауал. -Бүгінгі қазақ жастары махаббат бостандығына қалай қарайды, соның ішінде қазақ қызының өзі бірінші болып жігітке сөз айтуы дұрыс па?

            3-сауал. -Бүгінгі қазақ қызы қалай киінуі керек деп ойлайсыз?

Әдемі: - Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға көптеген керемет суреттемелер берген.Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз –елдің көркі, гүл жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» т.б.

Балнұр: - Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,

Көрінер туған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Әдемі:

- Қыз бала –бойжеткен, келін, ана,

Бәрі де дер кезінде дара тұлға.

Ұрпағыңның ойласаң болашағын,

Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла.

Балнұр:

- Біз қыз баланың бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді.

Музыкалық номер: Талтусова Балауса «Асыл әжем»

Әдемі:- Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін көрсетеді.

Балнұр: -Осы істердің барлығын қыз балаға ерте жастан үйретіп отырған. Олай болса қыздардың өнерін тамашалайық.

(Слайд)

Ас әзірлеу, шай құю, тоқыма тоқу, ою-өрнек, төсек жинау.

Әдемі:- Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген екен, соған тоқталайық.

Балнұр: -Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі –тәрбие. Ата-ананың міндеті –жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған.

Әдемі:- Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой.

Cұрақ:- Қымбатты аналар! Сіздер осы мәселе жайында не айтар едіңіздер?

Балнұр: - Ал қазір отбасында қыз бала тәрбиесі қандай? Қазіргі кезде жастар тез қосылып, тез ажырасып жатады.Бұндай оқиғаларды болдырмау үшін қыздардың құлағына қай кезден айта бастау керек деп ойлайсыздар?

Сұрақ аналарға (микрофон беріледі)

Әдемі:- Ия, кейбір отбасында бұл тәрбие өз мәнін жоғалтқан. Қазіргі қыздардың бойынан қазақ ұлтына жат қылықтар көптеп кездеседі. Мысалға айтатын болсақ: темекі тарту, жеңіл жүрістері, көпшілік ортада өзін - өзі ұстау этикасын білмеу. Міне осындай жан түршігерлік қылықтардың біздің қазақтың қыздарының бойынан табылуы өте өкінішті – ақ.

Балнұр:- Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы – құрдастарының, дос – жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен, қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата – ананың қызынан қапы қалма» деген екен.

Әдемі:- Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу қазіргі отбасындағы үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт – дәстүрлер.Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт – дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз.

Музыкалық номер: Құмарова Диляра «Асыл әже»

Балнұр:-Ата-аналар атынан бүгінгі күнде ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немере, шөбере сүйіп, бақыттың құшағында жүрген  аяулы әже және де өзінің педогогикалық қызметімен қатар, басшы, әйелдер кеңесінің төрайымы қызметін атқарған, өздеріңіз өнерін тамашалап жүрген 1 нег ФО-2 тобының студенті Каримов Исламның әжесіне сөз кезегін ұсынамыз.

Әдемі:- Елбасымыздың : «Әйел-бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей-еліміз толық түзелмейді» деген сөздерін әркім  есінде сақтауы  керек деп ойлаймын. Өз басым қазақ қыздарының ішкі жан дүниесінің сұлулығына, мәдениеттілігіне, әдептілігіне өзге жұрттар таңдай қағып қараса екен деп армандаймын. Қаракөздеріміз бұрымды шашымен, инабатты мінезімен, ақылдығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан ерекшелене білсе екен деймін.

Балнұр:- Бүгінгі кеш арқылы біз сіздерге нағыз қазақ қызының бойында болуы керек қасиетті көрсете білдік деп ойлаймыз. Әрдайым бойларыңызда қазақылықтың көрінісі шығып тұрады деген ойдамыз. Ешқашан қазақ қызы деген атқа кір келтірмейік! Бүгінгі кештен алған тәлім-тәрбие алдағы уақытта өмірлік жолдарыңызда көмек етеді. Ақ жаулықты аналарымыздың бүгінгі айтқан өнегесін жерде қалдырмайық!

Әдемі: -Қорытынды сөз кезегін, директордың әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бахтиярова Бақытгүл Жанұзаққызына береміз.

Музыкалық номер: «Асыл ана» Каримов Ислам

Балнұр: -Гүл өссе жердің көркі

Қыз өссе елдің көркі

дегендей қазақ қызы деген атқа лайық

Ата-анаға сөз келтірмейтін,

ұлттық дәстүрімізді құрметтеген, инабатты, ибалы, білімді болып өсейік!Қазір қонаққа келген әжелеріміз бен аналарымызға арнап,барлығымыз

 Кенжебеков Амандыққа  қосылып  «Ана туралы» жырды орындайық! (мультимедиялық тақтадан өлең жолдары көрсетіледі)

Бірге: Көріскенше күн жақсы, аман сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

        Клуб  жетекшісі:                                  Ж.Х.Хусайнова

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әжелер сөзі, ақылдың көзі әжелермен кездесу кеші тәрбиелік іс-шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Контент-менеджер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 309 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.05.2016 12593
    • DOCX 26.1 мбайт
    • 515 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хусайнова Жанар Халимуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хусайнова Жанар Халимуллаевна
    Хусайнова Жанар Халимуллаевна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23865
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек