Инфоурок Директору, завучу СтатьиЖЕЛІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ МҰҒАЛІМДЕР КӨШБАСШЫЛЫҒЫ МЕН КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ

ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ МҰҒАЛІМДЕР КӨШБАСШЫЛЫҒЫ МЕН КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ

Скачать материал

ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ МҰҒАЛІМДЕР КӨШБАСШЫЛЫҒЫ МЕН КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ

 Желілік қоғамдастық - оқыту қоғамдастығында

жүріп жататын ақпарат алмасу үдерісі

мұғалімдердің тәжірибесі мен жұмысының

мазмұнын арттырып, оған тартылған

 адамдарды өзара тығыз байланыстырып, олардың

сырт көзге көрінбейтін, күнделікті

жұмысына түр береді”.

Энн Либерман

 

Мақсаты:

·         Желілік қауымдастықты құру арқылы ой бөлісу, тәжірие алмасу, білім мен біліктілікті дамыту,

·         Ортақ шешімге келу, ортақ жұмысты жоспарлау,

·         Мұғалімнің кісәби қызметіне көмек көрсету; педагогтердің ақпарат алмасуына жағдай жасау,

·         Мәселені бірлесе отырып талқылау, талдау, ақпарат бөлісу.

·         Үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату.

·         Желілік қоғамдастықтың әрбір мүшесіне қол жетімді деңгейдегі біртұтас ақпараттық педагогикалық ресурс калыптастыру.

Міндеттері:

·         Қоғамдастық мүшелерімен сенімді қарым-қатынас құру,

·         қауымдастық ішінде жағымды ахуалды қалыптастыру,

·         қауымдастықтың ережесін жасау,

·         қоғамдастықтың шеңберін кеңейтіп отыру.

Ережесі:

1.     Қоғамдастықтың әрбір мүшесі шынайы көзқараста болуға міндетті.

2.     Әрбір мүше сенімді қарым-қатынас жасауы керек.

3.     Әрбір адамның пікірін бағалап, сыйластықпен қабылдау керек.

4.     Тыңдау әдебін сақтау керек.

5.     Жағымды ахуалды бұзатын әрекеттер жасамауы тиіс.

6.     Көзбе-көз қарым-қатынастарда, желілік байланыс кезінде жоғары мәдениетті сақтауы тиіс.

Күтілетін нәтиже:

·         Бірлескен зерттеу топтары қалыптасады,

·         Кәсіби біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады.

·         Мектеп мұғалімдерінің профессионалдық деңгейін жоғарылату,

·         Кәсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шаралар жүзеге асады,

·         Басқа мектептермен жағымды іскерлік қарым-қатынас орнайды,

·         Бірлескен тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылады,

·         Мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады,

·         Еңбектенудің инновациалық әдістері мен формаларын зерттеу мен енгізу;

·         Озық педагогикалық тәжірибелердің мәліметтік орталығын құру, әріптестерді табу мүмкіншілігі.

        Энн Либермaн “Оқыту қоғaмдacтығындa жүріп жaтaтын aқпaрaт aлмacу үдеріcі мұғaлімдердің тәжірибеcі мен жұмыcының мaзмұнын aрттырып, оғaн тaртылғaн aдaмдaрды өзaрa тығыз бaйлaныcтырып, олaрдың cырт көзге көрінбейтін, күнделікті жұмыcынa түр береді”. Aдaмдaр тобы бірлеcу қaжеттілігін cезінген жaғдaйдa қоғaмдacтықтaр дaмиды.

 Мұғалімнің кәсіби дамуын қамтамасыз ету моделінің бірі – мектепте және мектептер арасында желілік қоғамдастық құру. Желілік қоғамдастық әр түрде құрылуы мүмкін. Ең бастысы- оның қызметі ашық сипатта, ерікті түрде ұйымдастырылады деп ойлаймын. Озық іс-тәжірибе алмасу үшін мүмкіндігі мол, кең сипаттағы құрылым. Желілік қоғамдастықтың тақырыбы мектептегі белгілі кәсіби проблемалардың негізінде анықталады. Ол педагогикалық проблемалар аясында құрылады. Мұғалімнің желілік қоғамдастықтағы қызметін ұсынылған бөлімдер бойынша бағалауға да болады. Олар: тіркелгені, ресурстық қорға үлесі, ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалану, қарым-қатынас мәдениеті деңгейі және тақырыпқа сай жұмыстану белсенділігі. Мұғалім бірінші кезекте өзін-өзі бағалайды, ол өз кезегінде мұғалімнің кәсіби өсу деңгейіне жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отыруға мүмкіндіктер береді.

        Мұғaлімдер үшін білімді пaйдaлaнумен қaтaр, өздеріне cол білімді құру мүмкіндігін, тaлқылaу бaрыcындa жиі  ортaқ шешімге келтірмейтін  мәcелелерді тaлқылaу мүмкіндігін, мектептен және aудaннaн тыc жерде жұмыc іcтеу мүмкіндігін бере aлaтын - бұл қоғaмдacтық. Жұмыс барысында менің байқағаным - қоғaмдacтықтa үлгілі шешімдерді шығaрылып қaнa қоймaй, керіcінше мұғaлімнің жұмыcын ынтaлaндырaтын идеялaр туындaйды.Қоғaмдacтық негізінде іcке cерпін беретін және қолдaу тaпқaн ортacындa тәуекелді шешім қaбылдaуғa ынтaлaндырaтын өзгерістер мен толықтырулар жacaлып жүзеге acуы мүмкін.  Қоғaмдacтық - мұғaлімдердің білімін, cонымен бірге зерттеулер мен өзгеріcтер кезінде aлынғaн білімді құрметтейтін қоғaмды қaмтaмacыз етеді.

   Деңгейлі курсты аяқтаған ұстаздардың мақсаты – бағдарламаның негізгі идеялары мен 7 модульді ықпалдастыра отырып, мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесіне өзгеріс енгізу. Бұл бағытта бірінші ілгері деңгейді бітірген мұғалімдер мектепішілік, аудандық түрлі тақырыптарда коучинг өткізіп, бірнеше мұғалімдерге тәлімгерлік жасап, білім беру саласына өзгеріс жасауға ықпал етуде. Өз жұмысы туралы рефлексия жасап, мониторинг жүргізу арқылы жұмыстарын қорытындылап отырады. Яғни өткізген тақырыптары бойынша әдістер мен тәсілдерді бірнеше мұғалім сабақтарында пайдаланды, ол сабақ туралы оқушының, ата-ананың пікірін де біледі. Мұғалімдер арасында өткізілген түрлі тақырыптардағы коучингтер бұған дейін өз жұмысын өзі жеке атқарып жүрген әріптестердің арасында ынтымақтастық орнатып, педагогикалық ұжымның ахуалын жақсартып келеді. Мектептегі 12 педагог қызметкер (20 пайыз) жаңа форматтағы сабақтар өткізіп, желілік қоғамдастықты дамыту бағытында көптеген жұмыстар жасап өздерінің кәсіби шеберліктерін арттыруда. Мектепаралық ынтамақтастықты арттыра отырып, жаңа идеялар мен тәжірибелерді шоғырландыру арқылы  кәсіби дағдыларды дамыту және бағдарламаның жүзеге асырылуына ықпал ету мақсатында және оқушылaр жоғaры жетіcтіктерге қол жеткізу үшін бірнеше серіктес мектеп aрacындa оқыту мен оқу үдеріcтерін жетілдіруге бaғыттaлғaн іc-әрекеттер жоcпaрын іcке acыру және оның мониторингін жүргізу мaқcaтындa мектебімізде «Даму» шығармашылық  тобы қурылды. Қазіргі кезде біздің мектепте 6 қоғамдастық жұмысын тек интернет желіcі aрқылы ғaнa емеc, ынтымaқтacтық жобaлaр aрқылы, яғни жеке кездеcу, өзара коучинг, cеминaрлaр өткізу aрқылы жүзеге асырамыз. Желілік қауымдастықта мұғалімдердің күнделікті қызметте кездесетін кәсіби мәселелер ағынымен бөлісуіне, талқылауына қолайлы орта құру –біздің негізгі бағытымыз. Алдымызға міндеттер қойдық: идеялармен бөлісу, проблемаларды анықтау, шешу, шынайы қарым-қатынас жасау, өзара сенімділік орнату, тәжірибе алмасу, кәсіби білімін жетілдіруге ықпал ету.

Құрылған желілік қоғамдастықтың жұмысын әрі қарай жандандыру үшін топ мүшелері болып, уадындық 7 мектептердің әріптестеріммен желілік қауымдастық құрылған. Ең алдымен  мектептердегі әріптестеріммен өзара түсіністік пен ынтымақтастықта құрылған кездесуімізде атқарып жатқан іс-шараларымыз, таныстырылымды қалай өткізу керектігі, жалпы мектептің басымдықтырды анықтап, олардың шешу жолдарын қарастыру  жайында ой бөлісіп, тәжірибе алмастық.   

Қатысушы мұғалімдерден іс-әрекет алды иньервью алынды. Әріптестеріміз осы іс–шарадан нені күтетінін, қандай мақсатпен келгенін айтып ойларымен бөлісіп, алдымызға қойған мақсат, міндеттеріміз әріптестеріміздің осы іс-шараға келген мақсаты мен осы аталған іс-шарадан нені күтетіні бір ойдан шықты. Қатысушы шалғай мектептер барлығы өз мектептерінде қоғамдастық құрып жұмыстар атқаруда. Ал біздің мектепке келген мақсаттары- орталық мектептермен тығыз байланыс жасап, қоғамдастық құру, бірлесіп ынтымақтастықта туындаған мәселелерді шешу және тәжірибе алмасы.

 Мұғалімдердің кәсіби дамуындағы педагогикалық қоғамдастық және көшбасшылықтың маңызы зор. Аз ғана уақытта, біз бағдарлама аясында жұмыстану барысында төмендегідей нәтижеге қол жеткіздік.
Біріншіден, бұрын мұғалімдер қауымы жоғарыдан нұсқау күтіп, соны орындау арқылы ғана жұмыстанып, жетістіктерге жетсе, қазір өз бетімен, шығармашылықпен жұмыстану арқылы жетістікке жетуде;
Екіншіден, бағдарламаны дамытуда, өз іс-тәжірибесін таратуда  мен желінің маңызын түсініп, өз іс-тәжірибелерін таратып, тәжірибе алмасуда;
Үшіншіден, жаңа форматтағы сабақтар өткізуде жеті модульді пайдаланып, кәсіби дамуда.
Өзгеріс-күрделі үдеріс екендігі белгілі. Дегенмен, біз, өз жұмысымыздың табысты нәтижесін көріп, бағдарламаның жан-жақты қолдау табатынына сенімдіміз.
 2014-2015 оқу жылындағы серіктес  мектептеріндегі атқарған жұмысының сараптамасы бойынша, жұмыс оқу жылы басында дайындалған жоспар бойынша жүргізілді.  Серіктес мектептері: Шолаққарғалы, Касымбек ОМ,Карғалы №4, Мыңбаев ОМ, Наурызбай батыр Құтпанбетұлы ОМ, Ш.Уалиханов ОМ, Қарсақбай ОМ. Осы аталған мектептерде төмендегідей іс –шаралар ұйымдастырылды:

1.Наурызбай батыр Құтпанбетұлы ОМ  «Оқушылардың фунционалдық сауаттылығын дамыту жолдары » тақырыбында аймақтық семинар  наурыз айында өтті. Семинар тақырыбына сай коучинг, шеберлік сыныптары өткізілді. Әкімшілік тарапынан колдау көрсетілді. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер жауапкершілікпен өз қызметтерін атқарды.

2.Мыңбаев ОМ «Нәтижеге бағыталған білім берудегі оқыту үрдісіндегі жаңа технологиялар» атты серіктес мектептер арасында семинар ұйымдастырды , жетекшісі Аккушкарова Г.М Семинар ұйымдастыру кезеніңде ол «Сабақта SWOT талдау жүргізуді үйрету» тақырыбында өткізген   коучинг жақсы деңгейде болды. Деңгейлік курстан өткен шеберлік сыныптарында оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерді қолданып, семинарға қатысушылармен өзара іс -тәжирибе алмасуға  жағдай жасалды. Әкімшілік тарапынан колдау көрсетілді. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер жауапкершілікпен өз қызметтерін атқарады

3.Шолаққарғалы мектебінде «АҚТ – ның мүмкіндіктерін сабақта колдану» атты семинар ұйымдастырылды.  3-ші деңгей бойынша сертификатталған деңгей бойынша сертификатталған информатика мұғалімі О.Шукирхан коучинг өткізді, деңгейлік курстан өткен мұғалімдер және  мұғалімдерінің тәлім алушы ұстаздары өз сабақтарын көрсетті. Әкімшілік тарапынан колдау көрсетілді. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер жауапкершілікпен өз қызметтерін атқарды 

4.Қарсақбай ОМ оқу ғимараты кіші болғандықтан  деңгейлік  курс өткен мұғалімдері  Касымбек ОМ – де бірлесіп «Сыни тұрғысынан ойлау стратегияларын сабақта колдану» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды . Осы іс-шараға Қасымбек ОМ, Шолаққарғалы, Мыңбаев ОМ-терінің мұғалімдері қатысты. Әкімшілік тарапынан колдау көрсетілді. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер жауапкершілікпен өз қызметтерін атқарды

1.      Ш.Уалиханов ОМ өткен оқу жылындағы жоспарланған іс – шараны өткізіп, дәлелдеме құжаттарын өткізбеді

2.     Карғалы №4 мектебінде өткен оқу жылында жетекшілік ететін мұғалімдер жұмыстарын жүйелі атқармады.

Қорыта келе 2014-2015 оқу жылында кездескен кемшіліктер: Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер жауапкершілікпен өз қызметтерін атқармауы атап айтсақ әр түрлі мәліметтерді және құжаттарды уақытысында өткізілмеуі (мониторинг, шеберлік сыныптар, коучингтардың т.б жоспарлары). Серіктес мектепттердің әр қайсысына  бөлінген көшбасшылық негізінде жұмыс атқаратын мұғалімдердің өз міндеттерін толық жүргізбеуі.

   Осы  ұлы Абайдң мына бір сөзімен аяқтағым келеді, «Өзгеріс керегіне сену керек, қиынды тек жігермен жеңу керек!».

 

 

Желілік қоғамдастық аясындағы  2015-2016 оқу жылындағы сертификатталған мұғалімдердің бірлескен жұмыс жоспары

Іс- шара

Өткізу  күні

Өткізу түрі

Жауаптылар

Мониторинг и Бағалау

1.

ЖМ мүшелерінің отырысы

Тамыз,

Мамыр

ЖМ жетекшілері  Харабай Е

Баймуратова З.М

Деңгейлік курстың  Бағдарламасын енгізу бойынша сертификатталған мұғалімдердің жұмыс жоспарын құру

2.

Үмбетәлі Кәрібаев ЖМ бойынша кәсіби желілік қоғамдастық құру және дамыту

Қыркүйек, жыл бойы

отырыс

ЖМ жетекшілері

Харабай Е

Баймуратова З.М  мүшелері

Желілік қоғамдастық қызметі туралы мұғалімдерді тарту/ қалыптастыру

3

 Үмбетәлі  Кәрібаев мекебі бойынша ақпараттық, әдістемелік, сараптамалық бөлімдеріне топ құрамдарын тағайындау

Қазан

отырыс

ЖМ жетекшісі: Харабай Е

Баймуратова З.М

Ақпараттық, әдістемелік, сараптамалық бөлімдеріне топ құрамдарын тағыйындау

4.

Бағдарламаның 3(базалық), 2(негіз гі), 1(ілгері) деңгейлері бой сертификатт мұғалімдерінің мәліметтер қорына түзету жасап, құру

қазан, қаңтар

15.10

Ақпараттық бөлім жетекшісі:

Ғазиз Г.Т

Орталықтандырылған мәліметтер қоры

 Мәлімет қорларын түзету

5.

  «Оқытуда оқушылар қызығушылығын арттыруда қолданылатын әдіс тәсілдер» бойынша аудандық оқыту семинарын өткізу

Қазан

семинар

ЖМ жетекшісі, әдістемелік бөлім жетекші, орта мектебінің сертификатталған мұғалімдері

Жаңа әдістерді енгізу және талқылау

6.

«Диалогтық оқыту стратегияларының гуманитарлық бағыттағы пәндерде қолдану»

қараша

Ашық сабақ

ЖМ жетекшісі, әдістемелік бөлім жетекшісі,  орта мектебінің сертификатталған мұғалімдері

Озық әдіс тәсілдермен тәжірибе алмасу

7.

Үмбетәлі Кәрібаев атындағы  ЖМ-нің Бағдарламаның 3 (базалық), 2(негізгі), 1(ілгері) деңгейлері бойынша оқыған мұғалімдерінің бірінші жарты жылдық,оқу жылының аяғы бойынша мәлімет жинау

Мамыр/желтоқсан   19.12, 20.05 

Мәлімет жинау

ЖМ ақпаратттық бөлімдері

Сертификатталған мұғалімдер бойынша статистикалық есеп

Мәліметтерді түзету

8.

«Бағалаудың тиімді жолдары»

Желтоқсан

10.12

Ашық сабақ

ЖМ жетекшісі, әдістемелік бөлім жетекшісі,   орта мектебінің сертификатталған мұғалімдері

Тізбектелген сабақтар топтамасын тарату, талдау, кеңестер

9.

 «Алматы облысы мұғалімдерінің кәсіби желілік қоғамдастығын ұйымдастыру» бойынша облыстық оқыту семинарына қатысу

Қаңтар 2016

қатысу

Баймуратова З.М

Жетекшілерге кеңес

Рефлексия

10.

«Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын сабақ үрдісінде қолдану ерекшеліктері»

22 қаңтар

Шеберлік сабақ

ЖМ жетекшісі, әдістемелік бөлім жетекші,  орта мектептерінің  сертификатталған мұғалімдері

Оқушылардың ойлау қабілеттерін сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары арқылы дамыту

11.

Тамыз конференциясының жұмыстарына қатысу

Тамыз  2016

қатысу

ЖМ жетекшісі:

Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау  Үздік зерттеулер жинағы

Педагогикалық шеберлік орталығына есеп

ФИО координатора Ведущей школы

тел:                 е-майл

Партнерская школа (полное наименование школы)

ФИО директора Партенрской школы

ФИО координатора Партнерской школы      

тел:                 е-майл

Баймуратова Зарема Маженовна

baymuratova.zarema@mail.ru

КГУ "Основная средняя школа села Шолаккаргалы"

Жадыкова Жазира Сапарбаевна

Бекенова Жанат Тулешбаевна

87714592417  zhanat.bekenova@mail.ru

СШ имени Касымбек с ДМЦ ГКУ

Ибраимова Бахыткул Кемаловна

Байболатова Раушан Нурахметовна

87055541079  rbaybolatova@mail.ru

СШ Қарғалы №4

Ибраимова Айман Жатыновна

Аккушкарова Гульмайра

87717597227  agm64@mail.ru

 СШ имени Қарсақбай

Агибаева Гульмира Молдахметовна

Шалабаева Балжан Сарсеновна

87786010652 shoshabaeva74@mail.ru

СШ имени Қутпанбетұлы Шапрашты с ДМЦ

Сулубекова Салтанат Бакбергеновна

Зиядинова Сауле Аудановна

87773146067 saule.izembaeva@mail.ru

КГУ «СШ имени Ш. Уалиханова с ДМЦ»

Салиева Бибигул Абдикахаровна

Омирбекова Айгуль Омирбековна

li_7171@mail.ru 87478720225

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ЖЕЛІЛІК ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ МҰҒАЛІМДЕР КӨШБАСШЫЛЫҒЫ МЕН КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 026 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.04.2016 8733
    • DOCX 33.7 кбайт
    • 61 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баймуратова Зарема Маженовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баймуратова Зарема Маженовна
    Баймуратова Зарема Маженовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 44612
    • Всего материалов: 23

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1106 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 283 человека

Курс профессиональной переподготовки

Управление процессом обслуживания гостей в организациях питания

Метрдотель

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы психологии детского спорта в деятельности тренера-преподавателя, спортивного психолога в учреждениях физкультурно-спортивной направленности

108/144 ч.

от 2500 руб. от 1250 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Управление техническими ресурсами и экономикой предприятия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе