Инфоурок / Биология / Научные работы / "Желілілер типіне жалпы сипаттама" 7 сынып биология

"Желілілер типіне жалпы сипаттама" 7 сынып биология

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Бекітемін:____________ Күні: 26.01.2016 7 «В» Сабақ. 38


Сабақтың тақырыбы:  «Желілілер типіне жалпы сипаттама. Қандауырша – бассүйексіздердің өкілі. Қандауыршаның тіршілік ортасы және құрылысының ерекшеліктері. Табиғаттағы рөлі және практикалық маңызы.»

Мақсаты: 
а) оқушыларға желілілер типіне қысқаша сипаттама бере отырып, бассүйексіздер тип тармағының өкілі қандауыршаның құрылысы, мекен ортасы және табиғаттағы рөлімен таныстыру;
б) оқушыларды шапшаңдыққа,өз бетімен білім алуға,ұжымда жұмыс істеуге баулу;
в) табиғатты аялауға, жинақылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:  Жаңа білімді меңгерту сабағы
Әдіс-тәсілдер:  тірек – сызбамен жұмыс,түсіндірмелі көрнекілік, топтастыру, биологиялық диктант
Көрнекіліктер:  сызбанұсқа, электронды оқулық, карточкалар, суреттер, слайдтар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру (Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық көңіл-күйді қалыпқа келтіру)

Сабақтың ұраны: 

Білімді зейін қойған,
Зерделі ұғар
Зерде мен зейіні бар,
Шыңға шығар.
Сабақтың мақсатымен таныстыру. Нені білу керек екеніне назар аударту.

2. Жаңа білім алуға даярлау:
1. Жануарлар қалай жіктеледі?
2. Омыртқасыздарға қандай жануарлар жатады?
3. Омыртқалы жануарларға қандай жануарлар жатады?
4. Енді біз адам, үйдегі жан-жануарларымыз, құстар мен балықтар, бақалар мен жыландар қай типке жататынын қандай ерекшеліктері бар т.б қызықты мәліметтермен танысамыз.

Бұл атап өткен тіршілік иелерінің барлығы – желілілер типінің өкілдері.
Бүгін желілілер типі, оның тип тармақтары және бассүйексіздер тип тармағының өкілі қандауыршамен танысамыз (ланцетник).

3. Жаңа сабақты түсіндіру
Желілер типі – жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғарғы топ. Арқа жағындағы ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі болғандықтан, олар желілер деп аталған.
Желілер
Ең кішілерінің дене тұрқы 0,5 мм, ал үлкені 33м-ге жетеді. Желілер дене қуысы бар, үш қабатты, екі жақты симетриялы жоғары сатыдағы жануарлар. Желілерге тән белгілер: ұрығының дамуы кезінде арқа жағында серпімді, әрі тығыз жемісі болады. Желі – төменгі сатыдағы жануарларда оның орнына омыртқа жотасы пайда болады. Қанайналым жүйесі
 – тұйық. 
Желілердің тип тармағы
Бассүйексіздер Қабықтылар Омыртқалылар
Қандауырша – омыртқасы жоқ желілі жануар. Онда желі, жүйке түтігі және желбезек саңылаулары өмір бойы сақталады. Қандауыршаның дене тұрқы 5-8 см. Денесі екі бүйірінен қысыңқы. Құйрық жүзбеқанатының пішіні медицина құралы – қандауырға ұқсас болғандықтан, қандауырша деп аталған. Қандауыршаның терісі жұқа. Оның сыртқы қабаты – эпидермис. Ол грекше «эпи»
 – сырты, «дерма» – тері, яғни сыртқы тері қабаты деген ұғымды білдіреді. Терінің ішкі қабаты нағыз тері деп аталады. Қандауыршаның өзіне тән ерекшелік – терісінің сыртында жұқа сірқабықтың болуы. Қандауыршада қаңқаның қызметін әрі тығыз, әрі серпімді желі атқарады. 

Асқорыту жүйесі ауыз алды қуысынан басталады. Ауыз көлемді жұтқыншақпен байланысқан. Жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары орналасқан. Қандауыршаның жұтқыншағы асқорыту және тынысалу қызметін атқарады. Жұтқыншақ тікелей қысқа ішекке жалғасады да, артқы тесікпен аяқталады. Қандауыршады жүрек болмайды, оның қызметін арқа және құрсақ қантамырлары атқарады. Қаны – түссіз. Қанайналым жүйесі – тұйық. Қандауырша жұтқыншағының маңында зәр шығару түтікшелері орналасқан. Олардың бір ұшы дене қуысына, екінші ұшы жұтқыншақ маңындағы қуысқа ашылады. Қажетсіз қалдықтар сумен бірге арнайы тесік арқылы сыртқа шығарылады.

Орталық жүйке жүйкесінің қызметін жүйке түтігі атқарады. Қандауыршаның жүйке түтігінің әр жерінде сезімтал жасушалар шоғырланып орналасқан. Олар жарықты ғана ғана сезеді. Сезімтал жасушалар терісінде де бар. Басқа сезім мүшелері дамымаған.

Қандауырша – дара жынысты жануар. Көптеген ұсақ жыныс бездері жұтқыншақ маңында орналасқан. Көптеген ұсақ жыныс бездері жұтқыншақ маңында орналасқан. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын көрнекті орыс ғалымы А.О.Ковалевский зерттеді. Ол қандауыршаның басқа омыртқалы жануарлармен туыстық жақын екенін дәлелдеп берді.
Қандауыршалар Атлант, Тынық мұхиттарының жылы теңіздерінде 10-30 м тереңдікте тіршілік етеді.
4. Жаңа сабақты бекіту.

Суреттермен жұмыс


1. Дене қуысының болуы 1. Денесі үш қабаттан тұрады
2. Желісі бар 2. Денесі екі жақты симметриялы 
3. Қанайналымы – тұйық жүйелі 3. Жүйке түтігі бар
4. Желбезек саңылаулары бар 4. Сырттай ұрықтанады

5. Үй тапсырмасын сұрау.

Бунақденелілер оның ішінде бит, бүрге, тарақан, азиялық шегіртке жайлы не білеміз?

Менен сұрақ, сенен жауап
1. Желілілерге қандай жануарлар жатады?
2. Желілілер қандай тип тармақтарына жіктеледі?
3. Қандауыршаның дене тұрқы қанша?
4. Қандауыршаның терісінің сыртқы және ішкі қабаттары қалай аталады?
5. Қандауыршаны зерттеп, желілілер типіне жатқызған орыс ғалымы?
6. Қандауыршаның мекен ету ортасы?
7. Құрылысындағы ерекшеліктерді ата?
Биологиялық диктант
1. Желі —-----------------— қызметін атқарады.
2. Жүйке түтігі желінің —------------------— жағында орналасады.
3. Орталық жүйке қызметін —----------------------— атқарады. 
4. Барлық желілілерге —--------— болуы ортақ белгі.
5. Тері бөлімдері сырты —----------------, іші —-----------— , —---------------— пішін береді.
6. Желілілер типінің —----------------------------------------------------------------— тип тармақтары бар.
7. Гессе көзшелері —------------------------------— бойымен орналасқан.
8. —---------------------— тип тармағында желі тек дернәсіл шағында болады.
9. —------------------------— тип тармағында желі даму барысында —------------------— айналады.
10. Қандауыршаның құрылысында —--------------------— құрттарға ұқсас белгілер бар.

6. Үйге тапсырма беру. Өз бетімен іздену.
Дөңгелекауыздылар класы, өкілдері жайлы ақпарат жинау.
Миноганың құрылысын біліп келу.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-087097

Похожие материалы