Желіммен жұмыс істеу әдістері

Предпросмотр материала:

Тақырыбы: Желіммен жұмыс істеу әдістері
Сабақтың мақсаты: 1. Желімдеу әдістерін үйрену. Қуыршақ үлгісіне ұлттық киім жапсыру жұмысын жасау. 
2. Балалардың еңбекке қабілеттілігігмен қоса іске икемділік, тәсіл қолдануын қалыптастыру. Көркемдікті, әсемдікті сезе білуге үйрету. 
3. Сабақта ұлттық киімді желімдеу арқылы баланың ұлттық психологиясын қалыптастыру. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ. 
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ- жауап, жекелеген жұмыстар. 
Көрнекіліктер: әдістемелік плакаттар, ұлттық киім – кешектер, ою – өрнек түрлері. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
ІІ. Өткенді қайталау. 
А) Қағаз туралы. 
1. Қағаздың пайда болу тарихы жөнінде не білесіңдер? 
2. Қағазды неден жасайды? 
3. Қағаздан не жасап шығарады? 
4. Сендер қағаздан не жасай аласыңдар? Қалай? 
5. Пайдаланылған қағаздан және қағаз қалдықтарынан қатырма қағаз дайындалатынын білесіңдер ме? 

Ә) Қағазбен жұмыс істеу ережесін еске түсіру. 
1. Қағазбен жұмыс істеген кезде, ең алдымен, оны өлшеп, белгілеуден бастаймыз. 
2. Содан соң белгі бойынша бүктейміз. 
3. Бүктеу сызығы бойынша қағазды қайшымен қиямыз. 
4. Сурет бойынша бұйымды құрастырып аламыз, қағазға жапсырмалаймыз. 

Б) Белгілеу және өлшеу тәсілдерінің қандай түрлері бар? 
1. Үлгі – қалып бойынша белгілеу. 
2. Сызғышпен белгілеу. 
3. Бүктеу сызығы бойынша белгілеу. 
4. Траферет бойынша белгілеу. 
5. Торкөз (клетка) бойынша белгілеу. 
6. «Өлшеп белгілегенде материалдарды үнемді пайдалан» дегенді қалай түсіну керек? 

ІІІ. Жаңа сабақ. 
Кіріспе бөлім. 
Ұлттық киім кию дәстүрі баяғы заманнан бері келе жатыр. Ұлтымыздың киім- кешектері ою- өрнектерімен, бояу нақыштарымен ерекше. Қазақ халқы жануарлар әлеміне ерекше көңіл бөлген. Сондықтан да болар, халқымыз әрбір жануардың дене бітіміне және жеке бөлшектеріне ұқсатып, асқан шеберлікпен ою- өрнектер ойлап тапқан. Оларды тұрмысымызда да орынды қолдана білген. Әсіресе ұлттық киім- кешегімізді безендіруде де кең қолданған. 
Қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесіңдер? 
Мыналар жатады: ерлер киімі: тон, шапан, тымақ, бөрік, тақия, ерлер желеткесі, комзолдары, шалбар, етіктері т.б. түрлері өте көп. Әйелдер киімі: көйлек, жаулық, бешпет, камзол, бас киімінің алуан түрлері, бөрік, тақия, сәукеле т.б. 
Ал, осы киімдерді әдемілеуде қандай ою – өрнектерді қолдануға болады? 
Мысалы: желет, камзол, шапан, тақияны әшекейлеу. 
Мүйіз тектес ою- өрнектер: мүйіз, қошқармүйіз, арқармүйіз, сыңармүйіз, сынықмүйіз, түйетабан, қосалқа, т.б. ою – өрнектер қолданылады. 
Негізгі бөлім. 
Қуыршақ үлгісін пайдаланып жапсыру тәсілдерін түсіндіру. 
Желім жағу реті – тәртібі: 
1. Сол қолымызбен қағаздың жоғарғы жағын ұстап тұрамыз. 
2. Оң қолмен оңтайлы қимылдап, қағаздың ортасынан шетіне қарай желім жағамыз. 
3. Қағаз парағының жоғарғы бөлігіне желім жаққанда оң қолмен оның жоғарғы шетіне қарй жағамыз. 
Қағаз бетінің бір жағын желімдеген кезде оның екінші жағын ескі газетпен немесе пайдаланылған қағазбен жауып қоямыз. 
Үстел бетіне желім жұғып қалмау үшін қағаз немесе қатырма қағаз жаямыз. 
ІV. Сарамандық жұмыс. 
1Әр оқушыға назар аудару, бағыт – бағдар беру, кемшіліктерін түзету. 
V. Бағалау. Сарамандық жұмыс барысында оқушылардың жұмыстарының орындалу сапасына қарай тиісті бағаларын қою. Қателерін өздеріне талдау. 
VІ.Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма. 

Краткое описание материала

Желіммен жұмыс істеу әдістері

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Есжанова Улдана Нурболатовна

учитель начальных классов

  • На сайте: 11 лет и 2 месяца
  • Всего просмотров: 16502
  • Подписчики: 1
  • Всего материалов: 6
  • 16502
    просмотров
  • 6
    материалов
  • 1
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Есжанова Улдана Нурболатовна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~100

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: