Инфоурок Другое Рабочие программы«Желтоқсан – азаттықтың ақ таңы» атты Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына орай ұйымдастырылған тәрбие сағатының сценарийі:

«Желтоқсан – азаттықтың ақ таңы» атты Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына орай ұйымдастырылған тәрбие сағатының сценарийі:

Скачать материал

«Желтоқсан – азаттықтың ақ таңы» атты Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына орай ұйымдастырылған тәрбие сағатының сценарийі:

Мақсаты: еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен, бойында ұлттық рухы, Отанға деген патриоттық сезімі қалыптасқан жастардың өмірін болашақ ұрпаққа үлгі ету, тарихымызды таныту.

Көрнекілігі: лозунгілер, слайд көрсетілімдері, интерактивті тақта, дербес компьютер, колонка.

Барысы:

І жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен еліміздің Тәуелсіздігіне 24 жыл толуына орай ұйымдастырылған тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер!

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.

ІІ жүргізуші:

Нашақор деп, ұлтшыл деп

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн.

І жүргізуші:

Қақаған қыстың ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН – да бастан тепкен күн.

ІІ жүргізуші:

Қариялар итке таланып

Ер басын күрек шапқан күн.

Аппақ қар қанға боялып,

Қып – қызыл мұз боп жатқан күн.

І жүргізуші:

Озбырлық күшпен тұншығып

Үміттің оты өшкен күн

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын кеткен күн



ІІ жүргізуші:

Қайғы езіп елдің еңсесін

Жаншыды –ау жанын батпан мұң.

Енді қайтіп келмесін

Сол бір қарғыс атқан күн


Соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 1986 – ның желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпайды, кімнің көңіліне жара салмайды.!

Атты бүгін - азаттықтың ақ таңы,

24 жыл Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқаны.

Елі текті, киелі, қасиетті елімнің,

Құтты болсын еркіндігі, ата – баба арманы.

І жүргізуші:

Қазір бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әдәлетсіз көтерілістің бірі.


ІІ жүргізуші:

Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағалырымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.

І жүргізуші:

Жас арудың жанарында - Желтоқсан,

Қанды ғасыр табаныныда – Желтоқсан,

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

Жауыздықты жасқағанда – Желтоқсан

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан

Намысымның шырағы да Желтоқсан

Сұрқай өмірі сынағы да – Желтоқсан

Жігіттердің ұраны да – Желтоқсан.

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

ІІ жүргізуші:

Иә, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді. Таңаертеңгілік сағат 1000- да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнынан Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз – ақ ұсынылған еді.

І жүргізуші:

Осыдан 29 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға (көрініс қойылады)1- көрініс. Бауыржан,Ертай, Қайрат


ІІ жүргізуші:

«Шеру ұйымдастыруға қатысы бар» деген жалған айыппен қаншама зиялы азаматтар жазаланды, жұмыстан қуылды. Бірақ ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ.


І жүргізуші:

1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп, 17 – сінде жастар Брезнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады. Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш машинамен, итпен таратады. Ертеңіне 18 желтоқсан Қайраттың үйі.

(2 – көрініс) («Амалым қанша» Бекжан Тұрыс)

  1. Қарлығаш – Зиялы

(3 – көрініс) – Сот залынан


ІІ жүргізуші:

Иә, бұл мереке – ұлық мереке, шын мәніндегі ұлы мереке.Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреген ақындарымыз «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлайтын еді. Арғы замандарды айтпағанның өзінде тек кейінгі екі ғасырдың ішінде халқымыздың өз бостандығы жолында екі жүзден астам ұлт – азаттық көтерілстерге шыққаны – осының дәлелі. Мұнан 24 жыл бұрын қазақ жерінде атқан тәуелсіздік таңы – Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан даланың мына дархан төсін қанымен, терімен суарған ата – бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі дейміз.


І жүргізуші:

Осыдан 24 жыл бұрын біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық, дүниеде Қазақстан Республикасы деген жаңа мемлекет пайда болды. Ылайым, бетімізден жарылқасын деп тіледік. Сол тілегімізді берді.


ІІ жүргізуші:

Оқушылардың дайындаған әдеби – музыкалық монтажына кезек береміз.

(«жасыл жайлау» әні Хор)

Жабылуы:

І жүргізуші:

Тәуелсіздік күні – Қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні.



ІІ жүргізуші:

Жер бетінде әрқашан достық пен келісім орнап, еліміздің болашағы жарқын болсын.


І жүргізуші:

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында біз барша Қазақстан халқын қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған осы айрықша мерекемен тағы да құттықтаймыз.


ІІ жүргізуші:

Енді қорытынды мерекелік құттықтау сөз кезегі – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Қалдыбай Бағила апайға беріледі.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Желтоқсан – азаттықтың ақ таңы» атты Желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына орай ұйымдастырылған тәрбие сағатының сценарийі:"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 398 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.03.2016 856
    • DOCX 17.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мырзамуратова Бахыт Шайхсламовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12351
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 303 человека из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Мини-курс

Цифровые компетенции и навыки: работа с презентациями

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 174 человека из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 40 человек

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе