Инфоурок Начальные классы КонспектыЖелтоқсан ызғары

Желтоқсан ызғары

Скачать материал

Тақырыбы:Желтоқсан ызғары»

Мақсаты: Оқушыларға желтоқсан жұлдыздарының ерлігі туралы, отан үшін жанын аямаған еліміздің ұл-қыздарының ерлігін дәріптеу.

Формасы: Тақырыптық кеш

Көрнекілігі:газет,суреттер, нақыл сөздер,аудиторияны көрініске сай безендіру.

Өту барысы

Жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, студенттер. Бүгін дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген 86- ның желтоқсанына арналған «Ар намысым, қасіретім- желтоқсан» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын!

         Желтоқсан бастауы ғасырлар қойнауынан келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі ретінде қабылданған үрдіс.Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді. Аңсаған тәуелсіздік үшін болған күрестің соңғы нүктесі желтоқсан оқиғасында қойылды.1986 жылғы желтоқсан оқиғасы тәуелсіздіктің бастауы болды.Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озьырлық күні, өктемдік үні еді. Ендеше сол желтоқсанның ызғырығындағы мыңдаған боздақтардың рухын еске алып, бір сәт үнсіздік жариялаймыз.

 

                                              Желтоқсан айы естесің,

      Дауыл боп бұрқап ескенсің.

                                             Азаттық күйі қашаннан,

Көкейін елдің тескенсің.

                                             Тарылып жатса даламыз

Қайтіп біз тыныс аламыз

                                             Қақымыз жоқ айтуға

                                             Әділет қайдан табамыз

                                             Бұрқ етті қазақ баласы

                                             Кеудеде өршіп наласы

                                             Алаңға қарай ағылды

  Таусылып барлық шарасы.

 

Радиодан тетенше хабардың белгісі беріледі.

         1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д.Қонаевты  зәйнеткерлікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші Хатшысы міндетінен босатты.Оның орнына Ресейден  келген Г.Б Колбин сайланды. Төтенше пленум 18 минутта аяқталды.

         Асығыс өткен пленум шешімі дүйім қазақ халқымен санаспаушылық болып табылады. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті.

Көрініс.Сахнаға екі студент шығады.1-кыз,1- ұл.

Айгүл:Мақсат, сен естідің бе? Кеше Дінмұхамед ағамыз орнынан алыныпты дейді.

Мақсат:Қойшы, рас айтасың ба?Кімнен естідің?

Айгүл: Кеше куратор айтты. Бүгін Брежнев алаңына көп адам жиналыпты.

Мақсат: Неге?

Айгүл:Қонаевтің орнына Рнснйден бір орыс келіпті дейді.Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді.Куратор ол жаққа бармаңдар деп ескертті.

Мақсат: Қой, біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр кеттік! Тез барайық!

Жүргізуші:Иә,аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз-жігіттер «контрреволюционерлер» емес еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай сай әскерлер қарсы алды.Бейбіт шеруге шыққан, жастардың бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт-шыт болып ұшып жатты.Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын «Құйын86» деген оперативті жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар алаңсыз еді.

Көрініс. Алаңда жастар. Қолдарында «Каждому народу- своего вождя», «Ленин идеясы жасасын», «Қазақ ежелден еркіндік аңсаған» деген жазулары бар плакаттар. Оларға Мақсат пен Айгүл де қосылады.

Дауыс. Қонаевты шақырыңдар!Барлық жайды айтып, түсіндірсін.

Дауыс. Қазақстаннан адам табылмады ма?Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені несі.

Дауыс. Шықсын ортаға басшылар! Осы кезде жастар «Менің Қазақстаным әнін айтады.»

Әскери адам:Первая рота!Слушайте мою команду! Производится операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремистов! Первая рота за мной!

     Осы кезде залға қаруланған әскери адамдар баса көктеп кіріп, алаңдағы жастарды ұрып-соға бастайды.Бет аузы қан, ұзын шашы жайылып бетін жапқан жас қазақ қызын екі әскери солдат сүйреп келеді. Бұл Ләззат еді. Ол халыққа қарап, ышқына сөйлейді.

Ләззат: Әй, туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай. Қосылыңдар біздің қатарға.

     Осы кезде қарулы милиционер қыздың көк желкесінен ұрып қалады. Қыз сылқ етіп есінен танып түседі.

Жүргізуші: Міне, өмірден тағы бір қыршын жас осылай кеткен екен. Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін - өзі өлтірді деген өтірік жала жабылады. Тексере келе Ләззаттың да алаңда болғаны анықталады.

Бір студент Ләззаттың анасының ролін сомдайды

Л.Асанованың анасының жоқтауы.

 Мынау неткен зар заман

Жүректіге тар заман

Сені өлтірген дұшпанға

Зауал келсін алладан

Асыл едің мыс болдың

Қарағым көрген түс болдың

Ізі жатыр өзі жоқ

Қайдасың қайда қарағым!

Ел көзінше жыламай

Көздің жасын бұламай

Анашыңның жасырып

Өксігенін білдің бе?

Тар құрсақты кеңіткен

Тай құлындай тебісен

Бауырыңның сені іздеп,

Боздағанын білдің бе?

Өзіңдей қыздың қазақта

Бір туарын білдің бе?

Қарағым менің қор болды-ау,

Заманың сенің сор болды-ау

Желтоқсанның дүмпуі

Сан анаға сор болды-ау

Оу, көздің жасын бұлайын,

Жүректі жеді- ау уайым

Жасқа ғұмыр бере гөр

Жарылқағыш құдайым.

Жүргізуші:Сөйлесең даусың жетпейтін

                    Кез болдық мынау заманға

                    Шовинизм еді ғой

                    Басты себеп жан-жалға – деп  жасқанбай жырлаған желтоқсанның аққан жұлдызы Қайрат Рысқұлбеков  ең жоғарғы жаза- ату жазасына іліккендердің бірі еді.

Көрініс: Үй іші қалаша жиналған:Дастарқан басында Қайрат, Нағашысы; Жеңгесі отырады.

Нағашысы: Қайрат-ау тамақ алсаңшы! Студент болам деп бір шек ьолып қалыпсың ғой.

Қайрат:Жә, бұйырғанын жеп отырмын ғой, нағашы.

Нағашысы:Астан алыңқыра! Қайрат, өзіңнің ептеп өлең жазатының ьар еді ғой. Жаңа жылға арналған,мына арналған өлеңдерің бар шығар, жиен-ау. Айта отыр, көңілдене түсейік!

Қайрат:иә, нағашы бар ғой бар!

Осы кезде есік қағылып, 3-4 милиция үйге кіріп келеді.

Милиция: Біз органнан келдік.Қайрат Рысқұлбековты тұтқындауға келдік.Прокурордың санкциясы бар. Міне! Қайратқа тез жинал, бізбен кетесің дейді.

Жеңгесі: Ойбай-ау, бұларың не! Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді? Әке шешесіне не бетімізді айтамыз?

Милиция: Жеңеше ;сабыр етіңіз!Бұл жігіт төбелеске қатысыпты.Анығын тексерген соң, қайтарып жібереміз.

Түрме іші.Қолында қағазы бар Қайрат отыр.

Қайрат: УҺ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой.Қайран бостандық.

Құттыбек: Енді біз бостандыққа сірә шыға алмаймыз, Қайрат.

Қайрат: Құттыбек, ертең бәрібір шығамыз, бүгін бізді ұрып-соққандар әлі-ақ жауап береді заң алдында, ар алдында, алла алдында.

Кезекші:Заключенный Рысқұлбеков!На допрос! (Қайратты тергеу бөлмесіне әкеледі.)

Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков! Сен Мир және Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат: Егер ол көшеге бармасам, оларды қайдан көремін?

Тергеуші:Савицкийді сен өлтірдің бе?

Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын.

Тергеуші: Сенің ұрып-соғып жатқаныңды біреулер көріпті.

Қайрат: Олай болса сол адаммен кездестіріңдер. Бұл өтірік жала.

Тергеуші:Ах, ты декабрист несастный!Я тебе покажу өтірікті!Жала дейді еще!(Ұрып соғады. Есінен танған Қайраттың бетіне су шашады )

Тергеуші: Әй, Рысқұлбеков! Сен Савицкийді өлтірдім деп мойыныңа ала сал. Сонда сенің жазаң жеңілденеді.Егер сен Савицкийді

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Желтоқсан ызғары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Оқушыларға желтоқсан жұлдыздарының ерлігі туралы, отан үшін жанын аямаған еліміздің ұл-қыздарының ерлігін дәріптеу.

Желтоқсан бастауы ғасырлар қойнауынан келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі ретінде қабылданған үрдіс.

Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн екенін ұғындыру.Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 155 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2015 231
    • DOCX 41 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мусагалиева Жанаргул Шмитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мусагалиева Жанаргул Шмитовна
    Мусагалиева Жанаргул Шмитовна
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 79822
    • Всего материалов: 55

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 058 человек

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 719 человек

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе