Инфоурок Другое Статьи"Желтоқсан ызғырығы" тақырыбындағы тәрбие сағаты

"Желтоқсан ызғырығы" тақырыбындағы тәрбие сағаты

Скачать материал

1457106158116.jpg

«№3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат»КММ

Тәрбиеші: Жапықова.Г.О.

«Желтоқсан ызғырығы»

Мақсаты

1.Білімділік:Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік  үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат Рысқұлбековтың өмірін, ерлігі жайында түсіндіріп, оның ақындығын насихаттау, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық:Ой - өрісін кеңейту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Өзіндік ой - пікірін толық жеткізе білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік:Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Коррекциялық:Көзге арналған жаттығу жасау, сергіту сәті.
Әдісі:
пікір талас

                    Тәрбиелік шараның барысы
І Ұйымдастыру кезеңі

1.Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не?

2.Жастар наразылығы неге біздің және Мәскеу тарапынан қолдау таппады? Неге жаныштауға тырысты?

3.Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды?

4. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер?

5. Қорытынды:
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.

Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егенмен ел болды. Бұл  күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының  туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.

 Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.

Осы бір тағылымы терең оқиғаның себептеріне үңіліп көрейік, жауап іздейік.

1.Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не?

1986ж 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.

2.Жастар наразылығы неге біздің және Мәскеу тарапынан қолдау таппады? Неге жаныштауға тырысты?

Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік-әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады.

3.Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды?

4. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер?

 Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.

Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт.

    Жел кірді көңіліме жиырма бірде

    Айдады ерікке қоймай несібе

    Желпілдеп, желдім неге несіне

    Түседі ау адасқаным енді есіме-, деп қатты тарыққан, қайсар рухты қазақ жігіті еді. Өкінішке орай 1988жылы 13 мамырда Семей түрмесінде ҚР 21 мамыр күні таңда өмірден өтті. Қанаты қайырылып, жарық күнімен мәңгі қоштасты. Есіл ер көзі тірісінде шындыққа жете алмай қапында жер жастанды.

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Қайғы езіп елдің еңсесін,

Жаңшыды‑ау жанды батпан мұң.

Енді қайтіп келмесін

Президенттің жарлығымен 1996жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық қаһарманы” атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен “Алтын жұлдыз” тапсырылды. Сабира ,  Ләззат,  Ерболға  “Ақтау жөніндегі анықтама”  қағаздары берілді. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды барынша, ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз:   Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа-Ахмет сынды ағаларымды көп еңбек етті.

5. Қорытынды:
Желтоқсан оқиғалары - Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Бұл оқиғалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына жаңа еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды. Сондықтан да оның жүгі ауыр, шығыны көп болды.
Желтоқсан оқиғалары арқылы Қазақстанның енді ғана қаз тұрып келе жатқан жас демократиясы мол тәжірибе жинақтады, тарихи сабақ алды. Бұл оқиғалар өзінен кейінгі кезеңде республикада жаңа бағыттың экономикалық реформалардың, әлеуметтік бетбұрыстардың соны қарқынмен өрістеуіне себепші болды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Желтоқсан ызғырығы" тақырыбындағы тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 836 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.10.2016 999
    • DOCX 45.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жунусханова Карлыгаш Кенесхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5520
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой