Инфоурок Классному руководителю ТестыЖелтоқсан оқиғасына байланысты тәрбие сағаты (9 сынып)

Желтоқсан оқиғасына байланысты тәрбие сағаты (9 сынып)

Скачать материал

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ар – намысым, қасіретім, қуанышым – желтоқсан!

Өткізілген мерзімі: 2014ж желтоқсан

Қатысқан оқушылар саны:

Мақсаты:

Білімділік – оқушыларға 1986жылғы желтоқсан оқиғасының болу себептерін және Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру.

Тәрбиелік – Отан –Ананы құрметтеуге, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің Тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.

Дамытушылық – оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, декциясы мен интонациясын дамыту.

Көрнекілік – желтоқсан қаһармандарының суреттері,( Қайрат, Ләззат, Сәбира, Ербол), интерактивті тақта, слайдтар, нақыл сөздер.

1-жүргізуші: Эльмира:

Ассалаумағалейкум, халқым менің,

Ардақты дәстүріңді, салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі-еңбек жемісінің бәрін жегің.

2-жүргізуші: Диас:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар және аналар, және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпғы.

1-жүргізуші: Эльмира:

Халқымыздың тарихында ерекше орны бар, қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған – бұл 1986жылғы желтоқсан оқиғасы туралы айтпақпыз.

Әр дәуірдің еркіне сай,

Нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын, алтын әнім.

Жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын

Шырқаймын деп шарқ ұрдың

Желтоқсанда егеиенді

Ел болсақ деп талпындың.

2-жүргізуші: Диас:

17 желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылығын білдіріп, шеруге шықты. Олар «Қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.

1-жүргізуші: Эльмира:

Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің құқын талап етіп шыққан жастарға «бұзақылар», «Ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.

Жанар:

Нашақор деп, ұлтшыл деп

Қазаққа күйе жаққан күн,

Базары кетіп бір күнде,

Қайғыға халық батқан күн.

Әділдік пен шындықты

Өтірік жала жапқан күн.

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн.

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қырандар кетіп көгінен

Қарғалар билік алған күн.

Нұрсұлтан:

Шектеліп ана тіліміз,

Оқылмай өлең-жырымыз.

Жабылып жатса мектептер,

Жадырар қалай күніміз?

Тарылып жатса даламыз

Қайтіп біз тыныс аламыз?

Қақымыз да жоқ айтуға,

Әділет қайдан табамыз?

Альбина:

Бұрқ етті қазақ баласы,

Кеудеге өршіп наласы.

Алаңға қарай ағылды.

Таусылып барлық шарасы

Жанымыз жомарт қазақпыз,

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз

Қосайық басты, бауырлар

Жанайық жансақ маздап біз.

Сәркен:

Желкеге тиді сілтеген күрек, қамшылар

Соққыға мұндай, қасапқа қандай жан шыдар?!

Жастарға шашқан сол судан мұз шашырап,

Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар.

Әсел:

Қақап күннің ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан кешкен күн

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрек шапқан күн.

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.

Ғанибек:

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның

Қара тұман қабағында – Желтоқсан .

Жауыздықты жасаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – желтоқсан.

Желтоқсан желі

Диас:Иә,бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті,жанын берді,бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.

Эльмира:Оның айғағы-дүниені дүр сілкіндіріп,әлемге қазақ деген атты паш еткен Желтоқсан оқиғасы.

Абылай:

Желтоқсан-тарихында әйгілі күн,

Ерттеп мініп ар-ождан сәйгүлігін

Ерлерім елдік үшін атой салып,

Еншілерін қайтарған бәйгелі күн.

Пәкизат:

Желтоқсан-тағдырларға азалы күн.

Қайраған намыстарын мазалы мұң.

Қыршысынан қиылғанбоздақтары

Қалар мәңгі есінде Қазағымның


Ақтілек:

Желтоқсан-қайсар ерлік ,қуатты күн,

Жігер оты маздаған тұрақты ұғым

Тәуелсіздік билігі қолға қонған,

Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.

Дәулет:

Желтоқсан-жадымызда жаралы күн,

Жастарым жапа шеккен жаралы мұң.

Еркіндік,егемендік,елдігімді

Емірене аңсады саналы ұғым.

Адина:

Тарихым жатыр тасымда

Тіл қатып келер ғасырға

Азаттық деген ұғымның

Желтоқсан тұрар басында!

Эльмира:

Күңдік кешпей,мұз кешпей,

Ат артында мінгеспей,

Мұңдық болып мұңаймай,

Тәкаппар нағыз Құдайдай.

Қасқайып қарап тұратын,

Ағасы өлсе іні боп

Жауына қарсы шығатын,

Арыстандай алысып,

Жолбарыстай жұлысқан

Қыздары көп қазақтың.

Қарашаш:

Сәбира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп,бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап,Өскемен қаласының көңілі ашық,көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып шеру тартты.Өскемен жиналысында Сәбираны тәртіпсіз деп айыптап жазалаған.Сөйтіп,албырт жас жатахананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қаза тапты.

Диас:

Желтоқсанның қазаққа

Ызғары көп тастаған

Намыстан өлген ұлтымның

Қыздары көп,қарағым


Өр намыс иесі,жас қыз Ләззат Асанова жайлы айта өтсек.

Альбина:

Ләззат Асанова Алматы облысысының Панфилов ауданындағы Ақжазық ауылында дүниеге келген.Алматының Чайковский атындағы музыкалық училищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Ләззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры кенеттен үзілді. Ләзатты жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қорлығынан қаза тапқан. Ләззат әпкемізді мәңгі есімізде қалдырамыз. Аруағына бас иеміз.

Эльмира:

Алаңсыз бейбіт демонстрация күшпен басылып, қанмен тоқтатылды, жас өмірлерді қиып кетті.

Тәртіп қорғау санаға екті нені,

Өз халқына ойпырмай кектіме еді?

Азаматты сойылмен қанға бояп

Шаштан сүйреп, қыздарды тепкіледі.

Қанды желтоқсан оқиғасының алғашқы құрбаны болған Ербол Сыпатаевқада тоқтала кетейік.

Нұрсұлтан:

Ербол Сыпатаев Алматы облысының Панфилов ауданының Ленин ауданындағы совхоздың екінші бөлімшесінде туып өскен. Ол энергетика институтының ІІкурс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. 1986жылдың 18-желтоқсанында кешкі сағат 8-де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақат танған Ерболды алып келді.

Ол есін жинамастан қайтыс болды. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізде сақтап, аруағына бас иеміз.

2-жүргізуші: Диас:

Тарихта «Құйын» операциясы деген атпен мәңгі қалатын жойқын шабуыл, демонстрацияны қуып тарату операциясы жоспардағыдай аяқталды. Қанға бөккен қала көшелері мен алаңдар қаңырап бос қалды. Қаазқтың әр үйіне үрей кірді, әр қазаққа «ұлтшыл», «нашақор» деген айып тағылды. Алаңға жиналған қазақтың, әрбір жас өркеннің артына шам алып түскен қуғындай, қудалау басталды. Оның ішінде ату жазасынан п жиырма жылдан бір жылға дейін бас бостандығынан айырған жазаларды ұлттық қаһармандарымыз арқалап кете барды. Соның бірі Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков еді.

Нұрзат:

Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Бірлік ауылында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны Савицкийді өлтірді деген жала жауып «Аса қауіпті қылмескерлер изоляторында» ұстады.

Көрініс: «Қайраттың тұтқындалуы»

Эльмира:

Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі, бірақ, бұл түн ерекше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастардыұрып соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатыгездікті көрген, оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.

Миллиционер: Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар! Савицкийді өлтірген сен бе?

Қайрат: жоқ, мен емес!

Миллиционер: сен өлтірген, мойныңа ал! Алып кетіңдер! Бәрібір құтыла алмайсыңдар!

(ҚАЙРАТТЫ АЛЫП КЕТЕДІ)

Диас:

Қайрат ақынның түрмеде жазған өлеңдері:

Түрме жыры

Тор темір жамбасыма тоқылдайсың,

Өзіммен бірге туған жақындайсың.

Телміріп темір торға қаматқанша

Сұм ажал бұл жалғаннан неге алмайсың?!

Алдағы жақсы екен ғой салған әнім.

Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін.

Қайдағы пәлеқорлар жала жауып

Жазықсыз қылмыскер болып кетті сәнім.

Тас төбе, төрт қабырға, темір есік

Ас берер ортасында жалғыз тесік.

Күніне ұстатады үш тілім нан

Өлмейтін саған ішер осы нәсіп.


Көрініс: Қайратты тергеу сәті

1-жүргізуші: тұрыңдар! Сот келді!

Тергеуші: Сот процесін бастаймыз!

1-куәгерді шақырамыз. Сізге сұрақ: сіз алаңда Рысқұлбековтың Савицкийді өлтіргеніне куә бола аласыз ба?

Куәгер: боламын, өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз менде қолымда таяғымен түскен суреті бар. Ол – ұлтшыл Қайрат, оңбаған!

Тергеуші: 2-куәгерді шақырамыз! Сіз Рысқұлбековтың Савицкийді өлтіргенін бейнетампаға түсіргеніңіз распа?

Куәгер: рас, рас, ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды, менің қолымда түсірген бейнетаспа бар.

Енді Қайрат Рысқұлбековке сөз беремін.

Қайрат: мен ұлтшыл да, кінәлі де емеспін.

Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып, Қайрат Рысқұлбекоты айыпты деп табамын!

Қайрат: жоқ, о халқым!

Өткен заманымызда бас кесер өлім алдында өлім жазасына кесілгендердің соңғы тілегін орындайды. Менің де соңғы ақтық сөзім бар!

Жазалы болып қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма.

Жігіттер ай , айтып айтпай не керек,

Жазған екен маңдайыма, сорыма.

Біріншіден , мен анамды сағындым,

Екіншіден,бұл құдайға не қылдым?!

Бостандықта еркін жүрге жан едім,

Енді міне абақтыға жабылдым.

Әкетай-ау Пайғамбардай жасың бар,

Туа бермес сіз сияқты асылдар.

Қартайған жүрегіңізді жаралап,

Кесір болды ай біз секілді масылдар,

Айналайын , қарындасым, қарағым,

Қолда кісен , мен айдауға барамын,

Қайғы шегіп, езап тартқан ағаңды,

Айтшы жаным, қандай жанға баладың?

Айналайын , інішегім құлыным,





Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Желтоқсан оқиғасына байланысты тәрбие сағаты (9 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 510 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.03.2016 1432
    • DOCX 21.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Самаргалиева Гулбагида Адебиетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21062
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 404 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе