Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / "1-желтоқсан Президент күні" (ашық тәрбие сағаты 8-сынып)

"1-желтоқсан Президент күні" (ашық тәрбие сағаты 8-сынып)

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

hello_html_m7115b08b.gifhello_html_6a226c68.gif«Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Бекітемін:

Мектеп директоры:

Г.Х.Бозанбаева

--------------------------







16-желтоқсан –Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатының тақырыбы:





(пікірталас)











8-сынып жетекшісі: Г.Б.Конысбекова







Тексерілді:

ДТЖО Л.Т.Карипбаева


2014-2015 оқу жылы


Тақырыбы : «Мен Қазақстан азаматымын!»

Мақсаты : : 1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға таныстыру. Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып, оның не себепті қанды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің Рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Кітап көрмесі. Түрлі қанатты сөздер: «Желтоқсан жаңғырығы-Тәуелсіздік», «Желтоқсан желі ызғарлы», «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні», «Тәуелсіздік» монументінің, Желтоқсан құрбандарының суреттері.

Түрі : Пікірталас

Өтілу орыны: Кітапхана

Күні : 13.12.14

Уақыты :1105

Жоспары:

Кіріспе

І . Ұйымдастыру кезеңі . «Қызығушылықты ояту»

Мұғалім сөзі

Негізгі бөлім «Мағынаны ашу»

І. Желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру

ІІ. Сұрақ -жауап

ІІІ. Қатысушылар өз ойларын ортаға салады .

І V. Қорытынды : Рефлекция «Екі жұлдыз, бір тілек»

Қатысушылар бүгінгі пікірталастан алған әсерлері туралы кері байланыс жасайды. Даналық ағашына іледі.












Құрметті ұстаздар, қадірлі ата-аналар, оқушылар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Мен Қазақстан азаматымын!» атты пікірталасты ашық деп жариялаймыз. Қазақстан әнұраны орындалсын!

Жүргізуші:

Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 22 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтілді.

Жұпар:1986 жылғы Қазақстандағы он алтыншы желтоқсан оқиғасы қайта кіру дәуіріндегі Демократияның ең алғашқы көрінісі еді. Бұрын-соңды Қазақстанда болып көрмеген Колбинді Қазақстанның бірінші басшысы етіп 18 минут ішінде сайлады. Оған бүкіл қазақ жастары қарсы болды. Кешегі Кеңес одағы кезінде Қазақстанда бірінші хатшы болған 20 адам болса, оның үшеуі-ақ қазақ еді. Сондықтан қазақ жастары ұлттық құқықты көкседі. Олар: «Мейлі бірінші хатшы қазақ болмай-ақ қойсын, келіселік, бірақ ол Қазақстанның толғақты мәселелерін білетін, осында туып өскен адам болсын»,-деп, Демиденко мен Морозовты ұсынды. Бірақ олардың ұсынысы қабылданбады. Нәтижеде 16-желтоқсандағы қанды оқиға болды. 8500 адам заңсыз ұсталды, 1722 кісі жеңіл және ауыр жарақат алды.

Жасболат: Бозбала мен қыздарды 20 градустық аязда суық жерге жатқызып қорлады, қыздарды бұрымынан сүйреп, өлімші етіп соққылады. Үскірік атқан суықта мұздай су шашты. Өзге ұлт өкілдерін қазақ жастарының ерелуіліне қарсы қойды.

Желтоқсанның күні қандай ызғарлы,

Жүректерде жазылмайтын сыз қалды.

От боп жанған қазағымның жастары,

Жалынымен ерітіпті мұздарды.


Сол мұздарда жанды алау өшпейтін,

Еркіндікті қашанда ел көксейтін.

Қаныменен тарихтарда жазылып,

Қайраттардың аты қалды сөнбейтін.


Айгерім: 1986 жыл 16-желтоқсан. Ақ қар. Көк мұз. Қысқы жасын. Ағаш біткен сілкініп, балаң талдар солқылдап, жас шыбықтар майысып құлап қалды.

Желтоқсанда,

Алматыда,

Алма бақтар ақ қырауға батқанда

Жайдың оты жалаң қақты шатқалда!

Аппақ қала, Аппақ ғалам, О, тоба!

Найзағайлар қар жалап тұр жотада,

Бұлтты иітіп боздайды боз шынарлар,

Бұйдаланған ұқсап жетім ботаға.

Кім көріпті о заман да, бұл заман,

Найзағайды көк аязға құлаған.

Кеуделерде үрей-бөрі ұлиды,

«Болсайшы аман, мына ғалам дін аман!»

Бибигуль:

Құдіретті жаратылыстың күңіренісі...

Желтоқсанның 16.17.18.Сұмдық оқиғалар,

«Ашыды жан!

Тасыды қан!

Араша!

Ит қосатын құлдың ұлы деймісің

Айбыны асқан алты алаштың баласы!»

Бұл алаңда бір ұрпақтың қаны бар,

Ей болашақ!

Сен бұл жерді танып ал,

Үміт-жіпке қолын созған өркеннің

Ерте үзілген өмірі бар, жаны бар.

Айтам деген,

Айтылмаған әні бар.

Біліп жүргін,

Тағзым еткен соларға,

Кінәсізді кінәлауға бола ма!?

Бәрінің де көңілдері пәк еді,

Адал еді, сенгіш еді қоғамға.

Кілең жастар,

Кілең өрімталдарым,

Қапысызда қатігезді қармадың!

Әділеттік аспанына қол созып.

Сол күндері алаулады арманың

Сол күндері халық арын арладың!

Ернұр:

Таңғажайып атың да дәл табылды,

Табылды да талай жұртқа танылды.

Қазақ елі көкке жетті көк туың,

Сен-тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.

Ертеңіңе бұрғаныңды бетіңді,

Ұлы ерлікке буған белің бекінді.

Тәуелсіздік хабаршысы желтоқсан,

Тарихыңның жаңа беті секілді.

Назерке:

Тәуелсіздік! Балалардың ұраны,

Бейуақытта, бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік! Түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.

Жұпар:

Жас арудың жанарында-желтоқсан,

Қанды ғасыр табаныңда-желтоқсан,

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында-желтоқсан.

Жауыздықты жақтағанды да-желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да-желтоқсан,

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Аббақтыға тастаған да-желтоқсан.

Диана:

Намысымның шырағы да-желтоқсан.

Сұрқай өмір сынағы да-желтоқсан,

Жігіттіктің өмірі де-желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да-желтоқсан

Жалын жүрек жанып тұрды мұздарда,

Қарсы келіп қаhарлы қыс ызғарға,

Түн түнеріп тұңғиыққа батқанда,

Намыс туын көтеріпті қыздар да.

Аскар: 1986 жылы 17-желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылығын білдіріп шеруге шықты. Олар «Қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.

Құрман:Иә, бұл күнге жету ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап ұрпақтан ұрпаққа табыс етті. Бірақ қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады. Оныңайғағы 25 жыл бұрынғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын. Оның айғағы- дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге қазақ деген атты паш еткен Желтоқсан оқиғасы.

Аскар:Сәбираның өмір жолымен танысу

Сәбира Мұхамеджанқызы 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнында студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанрв алаңына қарайөлең айтып, шеру тартты. Өскемен жиналысында Сәбираныайыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Сөйтіп, албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен құлап қаза тапты.

Айгерім:Ләззаттың өмір жолы

Ләззат Асанова Алматы облысы, Пнафилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық училищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Ләззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры үзілді. Ләзатты жерлеулің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның екі білегінде салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қорлығынан қаза тапқан. Ләззат әпкемізді мәңгі есімізде қалдырамыз. Аруағына бас иеміз.

Назерке :Ерболдың өмір жолы

Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы Панфилов ауданының Ленин атындағы совхозының екінші бөлімшесінде туыпөскен. Ол Энергетика институтының ІІ курс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. 1986 жылдың 18-желтоқсанында кешкі сағат 20.00-де ауруханаға бас сүйегі мен тығынан ауыр жарақаттанған Ерболды әкелді. Ол есін жимастанқайтыс болды. Біздер Ербол ағамыздың жастық жіәгері мен ерлігін міңгі есімізде сақтап, аруағына бас иеміз.

Мерей :Қайраттың өмір жолы

Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Бірлік аулында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматыдағы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұстады.

Жасболат: Арада қанша жылдар өтті. Қаралы күннің қасіреті алыстап, егемендік алған еліміздің қөқшіл жалауы желбіреп, биіктей түсті. Ия, Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді! Қайраттай қайратты жастардың қанымен, Ләззаттай албырт арулардың үнімен, боздаған жоқтаған қасіретті ананың зарымен, ұландарына ақ тілек айтқан бабалардың батасымен келді! Желтоқсанда опат болған боздақтарымыз тірі болғанда, отыз бес пен қырықтың арасындағы қылшылдаған азамат болар еді. Біз бүгін сіздердің рухтарыңызға бас иеміз асыл аға-әпкелер!

Мерей: Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық қаһарманы” атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен “Алтын жұлдыз” тапсырылды. Сабира, Ләззат, Ерболға “Ақтау жөніндегі анықтама” қағаздары берілді. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз: Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа-Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті.

Бибигул: Ел тәуелсіздігінің 22 жылдығы құтты болсын! Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Міне содан бері 23 жыл! Елімізде тек бейбітшілік,ынтымақтастық болсын.

Ән «Жаса Қазақстан»












































1-оқушы: нашақор деп, ұлтшыл деп

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн

Әділдік пен шындықты

Өтірік жала жапқан күн

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қырандарқуылып көгінен

Қарғалар билік алған күн

2-оқушы: Шектеліп ана тіліміз

Оқылмай өлең-жырымыз

Жабылып жатса мектептер

Жадырар қалай күніміз?

Тарылып жатса даламыз

Қайтіп біз тыныс аламыз?

Қақымыз да жоқайтуға,

Әділет қайдан табамыз?

3-оқушы: Бұрқ еттіқазақбаласы

Кеудеде өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы

Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз

Қосайық басты бауырлар

Жанайық жансақ маздап біз

4-оқушы: желкеге тиді сілтеген күрек қамшылар

Соққыға мұндай, қасапқа қандай жан шыдар?

Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап

Ауылда жатқан маған тиді тамшылар

5-оқушы: жас арудың жанарында- Желтоқсан

Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан

Қаралыөмірқайстырған халқымның

Қара тұман қабағында- Желтоқсан

Жауыздықты жасаған да –Желтоқсан

Жаңа ғұмыр бастаған да- Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып

Абақтыға тастаған да-Желтоқсан























































































«Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Бекітемін:

Мектеп директоры:

Г.Х.Бозанбаева

--------------------------







1-желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағатының тақырыбы:





(дөңгелек үстел)











7-8-сынып жетекшісі: А.Ж.Садуова

Г.Б.Конысбекова






Тексерілді:

ДТЖО Л.Т.Карипбаева


2014-2015 оқу жылы


Тақырыбы : «Жарқырап, жайнай берші , Тәуелсіз елім!»

Мақсаты : Елбасының өмірін , өнегелі ісін келешек ұрпаққа дәріптеу . Қазақ халқының қолы жеткен жетістіктерін және еліміздің тарихы туралы түсінік беру . Білімдерін кеңейте отырып, Отанды сүюге , өркендетуге білімді , алғыр адам керек екендігін түсіндіру .

Түрі : Дөңгелек үстел .

Өтілу орыны: Кітапхана

Күні : 29.11.14

Уақыты :1105

Ресурстар: «1-желтоқсан президент күні» баннер, шарлар,стикер,

«Даналық ағашы»

Жоспары:

Кіріспе

І . Ұйымдастыру кезеңі . «Қызығушылықты ояту»

Мұғалім сөзі

Негізгі бөлім «Мағынаны ашу»

І. Елбасының өмір жолы

ІІ. Сұрақ -жауап

ІІІ. Қатысушылар өз ойларын ортаға салады .

І V. Қорытынды : Рефлекция «Екі жұлдыз, бір тілек»

Қатысушылар бүгінгі дөңгелек үстелден алған әсерлері туралы кері байланыс жасайды. Даналық ағашына іледі.











Кіріспе

Еліміз 1-желтоқсан күні «Президент күні » атты жаңа мейрамды атап өткелі отыр. Бұл мейрам еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған елі –Қазақстанның игілігі үшін, елдің еңсесі түспей, аброй- беделі арту үшін, әрбір азаматтың тіршілігі жақсарып, уайым-қайғысыз тіршілік кешуі үшін тынымсыз істеп келе жатқан еңбегінің, әлем қауымдастығының алдындағы зор абройының заңды нәтижесі деп білген жөн. Нұрсұлтан Назарбаев барша әлемге ашық , әрдайым заман тынысын жіті сезінетін заманауи ,сол заманның талабына сай дер шағында қадам жасайтын бастамашыл, елге төнген қандай да бір қатерді алыстан болжап, алдын-ала білетін көреген, демократияшыл тұлға .

Мемлекеттік әнұран орындалады.

1-желтоқсан Қазақстанда тұңғыш Президент күні болып жарияланды. Бұл күн кездейсоқ таңдалмады. 1991 жылы осы күні қазіргі Қазақстанның тарихында бүкілхалықтық президенттік сайлау болып өтті.

Біздің президентіміз- Н.Ә.Назарбаев Мемлекеттік басқару ісі-машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел-ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алған соң халықының басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасымыздың бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнмен қараған елдер де көп болды. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып, жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған,

Бұл даланы алғаш көріп қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

1-оқушы : Н.Ә.Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы, Қаскелең ауданындағы, Шамалған ауданында туған. Балалық шағы таршылық жағыдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына , бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Н.Назарбаев ерте есейді.Орта мектепті бітіре салысымен кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып, металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

2-оқушы: Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Н.Назарбаев Үкімет басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991жылы 1-желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Республикамыздың президенті етіп сайлады.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылы мемлекет» деп жариялады.

3-оқушы: 1992 жыл 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.

Шаңырақ-Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсындеген мағынаны, ал уықтар-үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді , алтын қанатты қос пырақ арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын , қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.

1993 жылы 15 қарашада ҚР Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.1995 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата заңы » қабылданды.

Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,

Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.

Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,

Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.

Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,

Жақсарсын деп халәміз адам құқұын қорғайды.

Дейді заңы мен мемлекет үлкенге де, балаға:

«Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!»

Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,

Бізде 30 тамыз – Ата Заң күні бұл.

4-оқушы:

Астана – Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынға астанамыз Алматыдан республиканың басшы орындары Президент кеңесі, Қазақстан Республикасының Ұкіметі және Парлпмент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерде жүзеге асырылды.

5-оқушы:

1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,

Жаңарып қалам, жасарып далам.

Басыңнан серпі бодандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек , айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

6-оқушы:

Ауыр күнді артымызға тастауы-

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім,ұлтым қайта көгерген

Елбасымыз Нұрағамның бастауы.

Туды ұстап, тура жолға түсірген,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім»деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

7-оқушы:

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар бәріміз.

«Ұлтым, елім»деп қайғырған ұлы жан

Сіз біздің піріміз де ,әніміз.

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын,

Президентім ,елбасы аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым,өр халқым!

Барлығы:

«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінгімізді ертеңімізге жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

Ән: Жаса Қазақстан






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

1.Сыныптан тыс жұмыс оқушының сабақта алған білімдері мен дағдылары негізінде ұйымдастырылады.


Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты:
- оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту.
- өзіндік қабілеттерін дамыту
- қоғамдық қарым - қатынасты қалыптастыру.

Міндеті:
- алған білімдерін әрі қарай жетілдіру
- өз білімін тереңдету қабілетін шыңдау
- оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру
- оқушылардың өзара қарым - қатынасын қалыптастыру
- еңбектенуге, ізденуге ықпал ету.

Общая информация

Номер материала: 283287
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>