Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы16 желтоқсан тарбие сағаты 2сынып

16 желтоқсан тарбие сағаты 2сынып

Скачать материал

Тәуелсіздік таңы

Ашық тәрбие сағаты

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Тәуелсіздік таңы

Мақсаты:

v  Еліміздің тәуелсіздік  алу жолындағы

ата-бабаларымыздың  ерлігін  паш ету, оқушыларғажелтоқсан құрбандарымен, желтоқсан  оқиғасына қатысқан аға-апалардың  ерлігін  үлгі етіп  көрсету.

v  Оқушылардың  туған өлкемізге деген  сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.

v  Елін, жерін сүюге, Отанын  қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Интербелсенді  тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.

Кіріспе

-Қазақстан Республикасының  гимні. Хор.

(Боран, дауысы).

Мұғалім сөзі

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда ,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

- 16 желтоксан Тәуелсіздік   таңы атты, тәуелсіздік  күніне  арналған  ашық  тәрбие  сағатымызға  қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Асау аттай  өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан  төрімізге  төрледі.

Мұғалім сөзі

1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай  толқу  басталды. Жастар алаңға  жинала бастады. Алаңда  «Біз  қазақ, ежелден  еркіндік аңсаған»,  «Әрбір ұлтты  өз көсемі  басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар  айтылды.

Алматы гарнизонын  жауынгерлік  дайындыққа  келтіріп, көп  күшпен  алаңдағы  жастарды  қоршап алды.  Алматыға  әр  аймақтардан әскердің  арнайы бөлімдері  жіберілді. Өз елінің  тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға«Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.

 Көптеген  студент жастар түрмеге  қамалды, оқу  орнынан  шығарылды. Тәуелсіздік жолында  Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат  Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира  тағы  басқалары  сияқты  қазақ жастары  желтоқсан  оқиғасы кезінде  қайсарлықпен  ерлік  көрсетіп құрбан  болды.

1-оқушы

Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік  желтоқсанмен бітпейді.

Тәуелсіздік күресі енді басталды.

2-оқушы

Қатыгездік жұдырығы  түйіліп,

Қамшы үйірді жасқап, жекіп  бұйырып,

Желтоқсанда  шықты үлкен  алаңға

Ата-баба аруағына  сыйынып.

3-оқушы. 

«Нашақор»-деп, «ұлтшыл»-деп,

Қазаққа күйе жаққан күн,

Базары кетіп, бір түнде

Қайғыға  халық батқан күн.

4-оқушы.

Намыс үшін күрессең  мазақтар кім?

Құлға айналу азабы азаптардың.

Қаны төгілді желтоқсан  алаңында,

Бодандыққа көнбеген қазақтардың.

Көрініс

-Қайрат пен тергеуші

Тергеуші:

-Сен 13-желтоқсан күні, сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат

-Жолдастарымен бірге  Фурманов  көшесінде

Тергеуші

-Жоқ сен Сәтпаев пен Мир  көшесінің  қиылысында  Совецкийді  соққыға жықтың. Соның  нәтижесінде  ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.

Қайрат

-Мен оны көргенім жоқ

Тергеуші

-Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.

Қайрат

Күнәдан таза  басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай  жаным бар.

Алам десең  алыңдар,

Қайрат деген затым бар.

Қазақ деген  атым бар.

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар... (сүйреп әкетеді).

Хор. Желтоқсан желі өлеңі орындалады

__________________________________________________________

5-оқушы

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің  оты ұшқан күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын  кеткен күн.

Мұғалім сөзі

-Дүниені дүр сілкіндірген  1986 желтоқсан оқиғасының  қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы , бостандығы  егемендігі үшін күресті.

-Мың рет естігенше  бір рет көр демекші  назарымызды интнрбелсенді тақтаға бұрайық.

6-оқушы 

Өктем билік қаралады, даттады,

Бірақ Алла  ақиқатты жақтады.

Назарбаев  атамды жұрт  қалады.

Түсті амалсыз Колбин деген  атақты.

7-оқушы

Алаңға шығып, ойын  айтты жастарым,

Қиындық пен қатерге  тігіп  бастарын.

Содан барып, тоңды еріді кеңестің

Содан кейін еркіндікті  бастадым,

8-оқушы

Сол желтоқсан  оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.

9-оқушы

Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,

Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.

Отан үшін отқа  түссең күймейсің,

Ізбасары болмай елге жақпаймыз.

10-оқушы

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы»  атағы  беріліп, айрықша  ерекшелік белгісі мен «Алтын  жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа  желтоқсанға  қатысқан  жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы  берілді.

Желтоқсан құрбандарын еске  алайық (1-минут  үнсіздік)

Хор  Атамекен.

11-оқушы Үміт

Астана біздің  сәніміз,

Білім біздің  нәріміз

Азат елдің  тірегі

Болайықшы  бәріміз.

Нұр атаның жолдауы

Халықтың оны қолдауы

Бақыты үшін елінің,

Болмайды еш сөз дауы!

1.  1991 жылы 21 желтоқсанда  Президент Н.Ә.Назарбаев “1986ж. желтоқсан оқиғасы кезінде жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде”жарлық шығарды.

2. Осы жарлық негізінде 17 желтоқсан –“Демократиялық Жаңару Күні”деп жарияланды.

3. 1996 жылы 9 желтоқсан құрбаны Қ.Рысқұлбековке“Халық Қаһарманы”атағы берілді

12-оқушы

Бақтың құсы  әр адамға қонып бір,

О тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне  тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың  жүрегі боп соғып, тұр.

13-оқушы 

Желдей  еркін, түздей кең  қандай азат,

Мен  қазақпын деген де қандай ғажап.

Мақтан етсін  халықтар  халықтығын

Жетер сан жыл шеккені  азап.

14-оқушы

16-желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Жасай берсін ұлы күн,

Үміті боп  елінің.

15-оқушы 

Жарқырап атар таңы бар,

Жарқылдап  айтар әні бар.

Әні бар, теңіз  дәні бар,

Айналдым сенен Отаным!

16-оқушы

Жүрегі толы отпенен

Арманмен өсіп көктеген

Ертеңге  нұрлы беттеген

Айналдым сенен Отаным!

17-оқушы

Қуанбас ем күлмес ем,

Отан снеі сүймесем

Сенің арқаң гүлденсем

Анам да сен, үй де сен.

18-оқушы

О, Отаным сен маған,

Өмір бердің шуақты,

Білек бердің  талмаған

Жүрек бердің қуатты.

Сол қуатпен от қоссам,
Өзіңнің бір шоғың боп,

Керек етіп оқтасаң

Атылам бір оғың боп.

19-оқушы

Біздің қазақ мықты ғой,

Тәуелсіз ел атанған.

Желтоқсан деген көтеріліс

Жан аямау Отаннан.

Сескенді бүкіл өктемдік,

Жеңіске сол ғой  жеткендік.

Орыс боп кете жаздаған

Кеңестік  кезді  жек көрдік.

20-оқушы 

Елім барда еңсем биік менің де,

Өйткені мен  жүрмін  туған жерімде.

Тілім, дінім досым, барлық  бауырым

Бәрі менің жүрегімнің төрінде.

21-оқушы

Елім барда, мен де  бармын өмірде,

Жұлдызың боп  жарқырармын көгінде

Отан үшін, елім үшін от кешем,

Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.

22-оқушы

Елім бар да мен бақытты  ұланмын.

Елім сүйсе, сенімінен шығармын.

Елім менің көтермесе елдігін

Намысымның биігінен құлармын.

Мұғалім сөзі

Халқымыздың  егемендік жолында  құрбан болғандарын дәлелдеп желтоқсан қаһармандарын ақтау үшін  барынша  күрескен қайсар азаматтарымыз Мұхтар  Шаханов, Хасен Қожа Ахмет  сынды  ағаларымыз  көп  еңбек  етті.

Әділдікті  қолдаймыз    

Жазықсызды қорғаймыз

Құрбандарды  ақтауға

Жаратылған жандаймыз.

Ашылмаған  шындықтың,  

Іздеп жүрсіз жауабын,

Неше түрлі  сұмдықтың

Біліп обал  сауабын.

Қайратты жан екенсіз      

Ақтатқан батыр Қайратты

Желтоқсанда қазақ та,

Сіздей  ермен  ардақты.

Хор Атамекеним 2 г  сынып оқушылары

        Құрметті ата – аналар, ұстаздар мен оқушылар бүгінгі біздің «Тәуелсіздік тұғырым» атты ашық үлгілі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті . Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

  • Классному руководителю

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»

Сабақтың эпигрофы:

«Өзіңдікі - Елің де,

Өзіңдікі - Жерің де,

Өзіңді өзің еткен бақ -

Тәуелсіздік - төріңде!

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Отанын сүюге баулу, патриоттық тәрбие беру

Өлеңді мәнерлеп оқуға баулу, танымдық қабілеттерін дамыту

Сабақтың түрі: Әдеби - музыкалық бағдарлама.

Сабақтың әдіс тәсілі:

Сұрақ – жауап әдісі, өлеңдер оқу, ән айту.

Көрнекілігі:

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
... Күрделі кезеңнің күйбеңімен жүріп,
1986 жылғы желтоқсан оқиғасының
тарихи маңызын толық дәрежеде
бағалап үлгерген жоқпыз.
(“Ғасырлар тоғысында” кітабынан)

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.

Мұғалім: Баяндама

Құрметті Ұстаздар , ата – аналар мен оқушылар!

Сіздерді сан ғасыр бұрын бабаларымыз аңсап өткен қасиетті де, қастерлі Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

1986 жылғы Алматыдағы шерулер мен наразылық жиындар Шымкент, Талдықорған, Сарыөзек, Жамбыл, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Талғар, Өскемен, Семей, тағы да басқа калаларда болды. Желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасы жетілген жаңа ірі қайсар буынның келгенін әйгіледі, шын мәнінде қайта құрудың алғашқы сынағы болды. Қазақ Республикасының 70 жыл уақыт аясында Орталықтың әкімші саясатынан іште періш боп қатқан ашу ызасы тұңғыш рет осы буынның мінезі арқылы сыртқа шықты және бұл қайта құру кезеңінің ұранына сай бүкіл Кеңес одағындағы жаңа демократиялық қозғалыстың басы болды. Оқиға нәтижесінде 8500 адам заңсыз ұсталып, 1722 кісі ауыр және жеңіл жарақат алса, 778 адам комсомол қатарынан шығарылып, 271 адам өз жұмыс орындарынан қуылды Бозбала мен қыздарды 20 градустық аязда суық жерге жатқызып қорлады, әйелдерді бұрымынан сүйреп, өлімше етіп соққылады. Тұтқындарды қызып тұрған радиаторға байлап жазалады. Үсірік атқан суықта мұздай су шашты. Өзге ұлт өкілдерін қазақ жастарының ереуіліне қарсы қойды. Өмір-өзен, толқындары сол кезден бізді алыстатып, бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол сол үш күнде дүниені дүр сілкіндірген Қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет! Арада қаншама жылдар өтті. Қаралы күннің қасіреті алыстап, егемендік алаған еліміздің көкшіл жалауы желбіреп биіктей түсті. Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді.

Қайраттай қайратты жастың қанымен,

Ерболдай ердің ерлігімен,

Ләззаттай албырт арулардың үнімен,

Ұландарына ақ тілек айтқан бабалардың батасымен келді!

1991 жылы 16-шы желтоқсанда Қазақстан Республикасын тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп жариялады. 1991 жылдың 17- желтоқсанында Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «1986 жылы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, жазықсыз жазаланған жастарды ақтау туралы» жарлыққа қол қойды. Осы күннен бастап 17- желтоқсан «Демократиялық жаңару күні» ретінде күнтізбеге енді Міне содан бері биыл 19 жыл көлемінде өз алдына желбіреген көк Туы астында бейбіт өмір сүріп жатқан елміз. Қазіргі күні көптеген мемлекеттерде елшіліктеріміз құрылған . Сондай – ақ дүние жүзіндегі әр түрлі халықаралық қоғамдастықтарға, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданып, экономика, саясат , спорт, мәдени қарым – қатынастарда еліміздің өз орны, ықпалы бар екенін байқатып келеміз.

Еуропа мен Солтүстік Америкадағы, Орталық Азия мен Кавказдағы 56 елді біріктіріп отырған Еуропа Қауіпсіздігі және Ынтымақтастығы Ұйымы 2010 жылдың желтоқсан айының 1-2 жұлдызында Астана қаласында бас қосты. Екі күндік саммитке 38 елдің президенттері мен үкімет басшылары, 7 елдің вице – премьерлері, 14 мемлекеттің сыртқы істер министлері және 60- тан астам халықаралық ұйымдардың жетекшілері мен ЕҚЫҰ-ның серіктес мемлекеттерінің өкілдері келді. Қазір төрткүл дүние Астанаға көз тігіп отыр.

Азаттықты , бостандықты аңсаған қазақ жастарын қазірде іні- қарындастары жоғары бағалап , ерліктерін санасына сақтап, жадына жаттап өсуде.

Жалындаған жастық шақтарын еліміздің ұлттық намысына ту ғып байлап берген аға- әпкелеріміздің рухына бас иіп бір сәт еске алайық! Рахмет!

Хор: « Желтоқсан желі»

Өлеңі А.Асылбеков Әні Ә.Тінәлиев

Компьютермен презентация көрсету

1-жүргізуші :

Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп , найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз! Досымызды сақтай білген елміз, дәм- тұзды ақтай білген елміз!

Әр халықтың тарихында өзінің ұлттық ар-намысын, құқықтары мен мүддесін қорғап қалуға, өзіндік бет-бейнесін, егемен ел болуға лайық екендігін көрсетуге ұмтылатын сын сағаттар болады. Егер ұлт уақыт талабына үн қата алмаса, онда оның болашағы бұлыңғыр болмақ. Ал егер, халық басына түскен мұндай сынақтан сүрінбей өтсе, басқа халықтардың тарихы көрсеткендей, бұл сәт, бұл оқиға осы халықтың тағдырында тарихи оқиға болып қалады. Ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемендік күні мерекесіне арналған

« Тәуелсіздік тұғырым» атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

2-жүргізуші:.

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 19 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.

Тәуелсіздіктің таңы атып, мәңгілікке нұрын шаша берсін! Еліміздің мәртебесі биік болсын!

1-жүргізуші!
Қазақстанның дербестігі мен тәуелсіздігіне деген халықтың жұмылған ерік-жігерін алғаш рет нақ осы көтеріліс білдіргеніне қарамастан, негізінен бұрынғысынша, яғни кеңестік замандағы күйінде қалып отыр. Желтоқсандықтар уақыт талабына лайықты үн қата білді. Осы уақытқа дейін біз оның қасіретін ғана сөз етіп келдік, ендігі жерде оның шынайы мәні, яғни осы оқиғадағы отансүйгіштік пен қаћармандық туралы айтатын кез келді.

Желтоқсанның күні қандай ызғарлы

Жүректерде жазылмайтын сыз қалды

От боп жанған қазағымның жастары,

Жалынымен ерітіпті мұздарды

2- жүргізуші

Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта қоймас. Десек те 1986-ның қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
«Түбін білмеген-тексіз» дейтұғын қазақтың ғажап сөзі осындайда шықса керек. Себебі тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар арманынан туындап жатқан жоқ па?

Сол мұздарда жанды алау өшпейтін,

Еркіндікті қашанда ел көксейтін

Қаныменен тарихтарда жазылып,

Қайраттардың аты қалды сөнбейтін.
1 - жүргізуші:

Осыдан 24-жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды.
Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рұсқұлбеков, Е.Сапатаев,

Л. Асанова және т.б. апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Қазіргі бұл күн қазақ халқы үшін үлы күн әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Бұл 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. Енді міне осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

2- жүргізуші:

Бұл алаңда бір ұрпақтың қаны бар

Ей болашақ

Сен бұл жерді танып ал,

Үміт жіпке қолын созған өркеннің

ерте үзілген өмірі бар, жаны бар

Айтам деген

Айтылмаған әні бар

Біліп жүргін

Тағзым еткін соларға

Кінәсізді кінәлауға болама!?

1- жүргізуші

Жалын жүрек жанып тұрған мұздарда

Қарсы келіп қаһарлы қыс ызғарға,

Түн түнеріп тұңғиыққа батқанда

Намыс туын көтеріпті қыздар да.

1 оқушы Сәуле

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді, ту болмады дегенге?!

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар болмаған – деп, - Әнұран?!

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға.

Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ен – таңба?!

2 оқушы: Ербол

Көк аспандай кең пейілді көк түрік,

Бабалардан сіңген бізге тектілік.

Тәуелсіз ел – ту көтерді қазағым,

Көк тәңірді құдіретім деп біліп.

Өз Отаным, өз ошағым, өз бағым,

Қалаймын мен өзге елдерден озғанын.

Қолға ұстап азаттықтың көк туын

Егемен боп жұлдызға қол созғамын.

Жең ұшынан жалғасатын жемқорлық,

Тайсалмастан соққы беріп, сен қорға.

Жеңеміз біз жауынгердей қарулы,

Сыбайластар жүре алмайды ортаңда

3- оқушы Нұрбол

Жақсылыққа бұрып ойдың арнасын,

Игі ісіміз таба берсін жалғасын.

Сертіңді бер сенімменен зиялым,

Тонатпауға еліміздің олжасын.

Тәуелсіздік – ақиқатқа таразы,

Тәуелсіздік – жемқорлыққа наразы.

Тәуелсіздік – жақсылықтың жарғысы,

Жаңартатын қоғамдағы сананы.

Игілікке айналуда қанша ісім,

Тәуелсіздік - әділдіктің қамшысы.

Ластанбаса екен деймін қашанда,

Көлге құяр гауһар судың тамшысы.

4- оқушы Асанәлі
Желтоқсанда.
Алматыда, Ақ қарда
Алма бақтар ақ қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жатқан.
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
Кім көріпті о заманда,бұл заман,
Найзағайды көк аязға құлаған.
Кеуделерде-үрей бәрі ұялады,
Болсайшы аман, мына ғалам, дін аман.
Бұрын көктің көкірегін тілгілеп,
Найзағайлар от билігін тұр билеп,
Ақ боранда құтырады ит деуші еді,
Алматының иттері ұлып, үрді кеп.
5- оқушы Ұлжалғас

Желтоқсанда шындақ жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.
Уақытымның талабында дөп келсе де ұраның.
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.
"Нашақор" деп, "маскүнем" деп айыпталдың, ұланым!
6- оқушы
Жанымыз жомарт қазақпыз.
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.
Қосайық басты, бауырлар,
Жанайық жансақ маздап біз.
Желтоқсан-сен еркіндіктің ұраны,
Желтоқсан-сен азаттықтың жыр-әні.
Ұмытпайды сені мәңгі ұланың,
Желтоқсан-болашағы елімнің.
Өгей қозы біз болдық елімізге,
Келімсектер шықты ғой төбемізге...
Күңірену, айқайдан құлақ тұнды,
Көзге жас ап аналар жылап тұрды.
7 оқушы

Бұл тарих шындықтарды електейді,
Десең дағы керексіз, керек мейлі.
"Желтоқсан" деген сөзді естігенде
Көз алдыңда сол күндер елестейді.
Көлдей жасын көп төккен қазақ үшін,
Ұмыта алман, Желтоқсан, азап үшін.
Қанымен қыршынының тарихта енген
Шындықты айтар күніміз келді бүгін.
Естен кетпес аяусыз ұрғандары,
Қазаққа неше айла құрғандары.
Қайрат сында елімнің ұл-қыздары
Желтоқсанның кезіндегі құрбандары.
8- оқушы

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,

Намысыңды жықпай өттің нәубет дүлей маусымнан

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің ,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы

9- оқушы Нағашбек

«Өзіңдікі - Елің де,

Өзіңдікі - Жерің де,

Өзіңді өзің еткен бақ -

Тәуелсіздік - төріңде!

1- Диана

Құлан да болған бұл жерде,

Бұлан да болған бұл жерде

Құлан мен бұлан болмастай,

Лаң да болған бұл жерде

2

Ауыл да болған бұл жерде

Қауым да болған бұл жерде

Ауыл мен қауым қалмастай

Дауыл да болған бұл жерде

3

Базарлар болған бұл жерде

Мазарлар болған бұл жерде

Халықтың көрген түсіндей

Хазарлар болған бұл жерде!

4

Ғұндар да көшкен бұл жерде

Құмдар да көшкен бұл жерде

Қуанышпенен сыйыспай

Мұңдар да көшкен бұл жерде

5

Тоғайың көшкен бұл жерден

Ноғайың көшкен бұл жерден

Ноғайдың орнын сипалап

Ағайын көшкен бұл жерден

6

Шаңдағың көшкен бұл жерден

Қаңбағың көшкен бұл жерден

Қаңбақты қуып шаңдатып

Қалмағың көшкен бұл жерден

7

Күмбез де болған бұл жерде

Мың кез де болған бұл жерде

Күмбезді мың көз өртеген

Бір кездер болған бұл жерде

8

Азабың қалған бұл жерде,

Әз әнің қалған бұл жерде

Азабын қосып әз әнге,

Қазағың қалған бұл жерде

9 Нұрбақыт

Мен де қазақпын жаралған сүйек еттен,

Менде ар бар, менде ой бар жан тебіренткен .

Халқымның қарапайым бір ұлымын,

Жанымды арым үшін құрбан еткен.

2- жүргізуші

Бар үмітін көкейінде сақтаған,

Елімменен қуанамын, мақтанам

Қиындықпен жеткен талай жеңіске,

Тәуелсіздік шежіресін ақтарам, - деп келесі кезекті Тәуелсіздік жылдар шежіресіне береміз.

  1. оқушы Диана

1991 жылғы желтоқсанның бірінде Қазақстанның Елбасшысын – Президентін сайлау болды.

Оның қорытындысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев президент болып сайланды. Тұңғыш Президентті Тәуелсіз қазақстанның күрделі де түбегейлі істері күтіп тұрды.

2- оқушы

1991 жылы қазан айының бас кезінде Қазақстан Республикасында тағы да бір үлкен оқиға болды. Қазақ халқының батыр ұлы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шегіп, жерге аман есен оралды.

3- оқушы 1991 жылы 10 желтоқсан - Советтік Социалистік Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы болып өзгерген күн.

4- оқушы

1991 жылы 16 желтоқсан - «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдаған күн

5-оқушы

1991 жылы 20 желтоқсан. Он бір Тәуелсіз мемлекеттердің басшылары ТМД құру туралы келісім шартқа қол қойды.

6 –оқушы

1992 жылы 2 наурыз – Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болған күн. Міне, осы бір қасиетті күннен бастап , біздің елімізді әлем тани бастады.

7- оқушы ( Гүлсамал, Рысбек, Нағашбек рәміздермен)

Әр елдің елдігін белгілейтін ұлттық белгілері бар.

Сол сияқты «Қазақстан – Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты, шекарасы, теңгесімен, діні, тілімен басқа елдермен терезесі тең, керегесі кең ел.»

1992 жыл 4 маусым - Еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы заң қабылданған күн.

8- оқушы

Елдің елдігі,

Ердің ерлігі - әнұран

Сезім биігі,

Төзім иығы - әнұран.

Әннің асылы,

Ұранның басымы - әнұран

9- оқушы

Зеңгір аспан көгілдір,

Алтын күні төрінде

Тамылжытып төгіп нұр

Шаттық сыйлар көңілге.

Көк аспандай көгілдір

Қазақстан байрағы

Тұрса күндей төгіп нұр

Жандарымыз жайдары

Көк байрақтың бетінде,

Қыран бүркіт қанатты

Сол қырандай еркіндеп

Бала өседі талапты

10- оқушы

1996 жылы 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы қабылданған күн.

11 – оқушы

1997 жылы 11 қазан - Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Елбасы «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында : « Елімізді2030 жылы айналдыратын күш бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар», - деп біздерге мол сенім білдірді. Бұл сенімді ақтау - біздердің басты міндетіміз.

1. Хор : «Отаным»

2. Үсетай Диананың орындауынды «Әлия»

3. Жақыпбек Гүлсамалдың орындауында Ж.Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» өлеңі
Мен-қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен-қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.

Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен

Құрсағыма сыйдырдым даланы кең,

Пәк сәбимін бесікте уілдеген

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

Мен - жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда

Шарықтасам, қыран боп шыңға, шықтым
Ұлы аманат етейін еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін жер кіндікте.
Аңсаймын мен сенемін туады ертең.
"Қазақ болу" зор бақыт дер күн тіпті.

4. Көрініс:

2- жүргізуші

Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері С.Савицкийдің өліміне кінәлі деген айып тағылды. Сөйтіп, Семейдегі № 21 камераға қамайды. (Күй ойнайды)
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!...
Қайрат: (Қайратты тергеуге әкеледі.)
Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұштырдың,
Балағаттайсың маған, бір түйінін түсіндім.
Жазықты емеспін, қайталай берем несіне
Оқып көр міне өлеңге түнде түсірдім.
Тергеуші:
Түкірдім мен жырларыңа
Ит, не деген өткір едің,
Ине сұқтым тырнағыңа,
Өлердей ғып, тепкіледім.
Алдап-арбау тәсілімен,
Мойындата алмадым
Қайрат: Мойындата алмайсың.
Тергеуші:
Байқа, 87-бұл бүлігі көп
Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп,
Тіліңді безеп, өлең айт, маған десең
Савицкиді өлтірдің алаңда сен.
Қайрат
Бітер екен осы бір "Кеңес"қашан
Өлтіргем жоқ, көргем жоқ мен ешқашан
Сенбесеңіз құдай менен достар куә.
Тергеуші

Жылап бүркіт болмас 10 мың қорға
Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма?
Бәрі бір іске аспады амалдарың
Қарағайдай қаңқылдаған қадамдарың
Жарық дүниеге сені енді қайтармаймыз.
Паспортыңды атуға даярлаймыз.
Қайрат:

Жалалы боп, катты батты жаныма,
Жазалаушы кагаз алдым колыма.
Жiгiттер-ай, айтып-айтпай не керек,
Жазган екен мандайыма, сорыма.
Акетай-ау, пайгамбардай жасын бар,
Туа бермес сiз секiлдi асылдар.
Картайганда журегiндi жаралап,
Кесiр болды-ау, бiз секiлдi масылдар.
Айналайын, агалар мен женгелер,
Бул омiрде сiздерге кiм тен келер.
Сумiрейiп сот алдында отырган,
Бауырынды ендi кiмдер ескерер.
Оздерiне аман-саулык тiлеймiн,
Оздерiнмен бiрге болсын тiлегiм.
Оздерiне тiл ката алмай, достарым,
Кайгы-мунлы омiрiмдi бастадым.
Айналайын, карындасым, карагым,
Колда кiсен, мен айдауга барамын.
Кайгы шегiп, азап тарткан аганды,
Айтшы жаным, кандай жанга баладын?..
Айналайын, iнiшегiм, кулыным,
Сенi ойласан узiледi жулыным.
Сенiн ерке ак жузiндi коре алмай,
Кетiп барам мен айдауга, кулыным.
Кош болындар, агайын-туыс барiн де,
Кош болындар, жасыныз да, карiн де.
Карангылык баста турмас кашанда,
Бостандыкта кездесемiз алi де...
Күнәдан таза басым бар,
21-де жасым бар.
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар.

2 жүргізуші Ал ол жерде "Қайрат өзін-өзі өлтірді" деп ресми жорамал хабар таратады.
Негізінде Қайраттың өліміне К.Власенко кінәлі. Ол алдында №21камераға бір күн бұрын әкелінген. К.Власенкомен (бұдан бұрын алты адамды өлтірген) бір камераға отырғызудың өзі де дәлел. Қайрат І988 жылы 21-мамырда өлтірілді. Сөйтіп, жарық күнмен қоштасты.

Елім, елім, елім деп,
Ар-намысын сақтаған.
Бұйырғанда өлімге
Кірпігін де қақпаған.
Батыр бабаң Бауыржан
Қолдады ма, қарағым,
Желтоқсанның шыдадың
Толғағына, қарағым.
Арман, арман, арман көп.
Айтылар теңеу қалған жоқ
Қысқа ғұмыр сүрсең де,
Таң қалдырған қарағым!
Қазағыңды Қайрат деп,
Тамсандырған қарағым!
Мамық болсын қара жер,
Жатқан жерің жарық боп.
Бақұл бол, бақұл, әй, көкем,
Тәубе, тәубе, тәубе етем!

5. Кәрібай Ұлжалғастың орындауында «Ана туралы жыр»

6. Қазақ биі «Қара жорға»
7. Ән: «Қазақ жігіттері»

8. Ән: Елібай Сауленің орындауында « Қазақ қыздары»

9. Үсетай Диананың орындауында «Атамекен» әнін қабыл алыңыздар

10. Хор «Отаным Қазақстан»

  1. жүргізуші

Тәуелсіздік - азаттықтың ақ таңы

Қазағымның ең бақытты шақтары

Жас өреннің еркіндікті аңсаған

Желтоқсанда мұзға жаққан оттары

Тәуелсіздік - бабалардың арманы

Даналардың жасампаздық жолдары

Қазақстан қасиетті мекен боп

Мәңгілікке бейбітшілік орнады

Тәуелсіздік – бодан болмау басқаға

Бұл үлкен сын үлкенге де , жасқа да

Тәуелсіздік - әлем білген еліміз

Тәуелсіздік – асқақтаған Астана

Еліміздің болашағы жастарда

Ғылым іздеп , қол созыңдар асқарға!

Тұра берсін мәңгілікке желбіреп ,

Қазағымның көк жалауы аспанда

Құрметті ата – аналар, ұстаздар мен оқушылар бүгінгі біздің «Тәуелсіздік тұғырым» атты ашық үлгілі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті . Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

http://infourok.ru/uploads/b/b-5-5.gif

  • Начальные классы

«Елімнің тағдырына үлесім». 

Қазақстан, Қазақстан алтын күн, Жанымызды жарылқайтын жарқын күн. Аталдың сен барлық әлем тілінде, Атыменен қазақ деген халқыңның. Қазақстан елім менің берекем, Татулыққа тұтқа болған жыр мекен. Жер жаҺанға шашу болып шашылсын, Арайланған Тәуелсіздік мерекем. «Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз.Бұл сөз біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата- бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып еткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Біздің ата шежіреміз ғасырлар бойы Ресей тарихының құрамды бөлігі болып келді, солай хатталды да. Жаңа Тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық. Әрине тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктерін оқулықтардан оқып білудеміз. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірлерін қиып, қанды шайқастарда қаза болды. Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат, айтулы кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті. Исатай, Махамбеттер патшалық Ресейдің озбыр саясатына қасқайып қарсы тұра білді. Сан зұлматты өткерген еліміз ұлт-азаттық көтеріліске келгенде де тосылып қарап қалған жоқ. Бұл күрестер азаттық үшін өткен сан күрестің соңы емес еді. Елін,жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қарсы қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш, биік рухқа әр кез таңданамын. Аталарымыздың сол қасиеті елге- мұра, ұрпаққа-ұран болып келе жатыр. Ұлт –азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғалары, соғыстың қатал сынағынан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында, біздің барлығымыз өмір сүру бақытына ие болдық. Желтоқсан оқиғасы біздің жадымызда. Біз оны көрмегенмен, үлкендер мен апайларымыздың айтулары, теледидардағы деректі фильмдерден жақсы білеміз. Алматының алаңында өткен желтоқсан қырғынының жазықсыз жаласына ұшыраған «қасқалдақтай қаны, бозторғайдай жаны» бар жанкешті жаужүрек жас Қайраттай ағаларымыз болды. Қайрат, Ләззат сияқты аға-апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктерімен, олардың аттарын атамай кетпеуге болмайды. Желтоқсанның ызғарына тоңып, тас қараңғы тас қамалда, Қайрат ағамыздың жазған өлеңдерін оқығаныңызда өлеңдері «Мен қазақпын» деген әрбір жастың, әрбір адамның, жанына күш-қуат беріп патриоттық сезімін оятары анық. Желтоқсанда да өрімдей аға-апаларымыз жас өмірлерімен қоштасқан. Жыл сайын желтоқсанның 16- да сыныбымызда әрдайым тәуелсіздікке байланысты түрлі тақырыптарда тәрбие сағатын өткізіп тұрамыз. Табаным тиіп Алматы қаласына бара қалсам, желтоқсандағы еліміздің тәуелсіздігі үшін ерлік жасаған, аға-апаларымызға гүл шоқтарын қоймай кетпеймін. Сондықтан да ата, аға-апаларымыздың ерліктерін ардақтап, лайықты құрмет көрсету- біздің перзенттік парызымыз деп білемін. Мектеп оқушысы болсамда Қазақстанның болашағы үшін, оның одан әрі дамып, көркейіп, гүлденіп 50 елдің қатарына қосылуына, менде өз үлесімді қосқым келеді. Қандай да бір жақсылық болмасын, қиындықпен келетінін білемін. Дегенменде қиындықтарға мойымай, әрдайым қарсы тұрып жеңе білу керек. Халықта мақал бар: «Өскен ел тарихын таспен жазады, өшкен ел тарихын жаспен жазады» Біздің халық тарихын ғасырлар бойы жаспен жазып келеді. Тәуелсіздік жолы- азаматтық жолы. Тәуелсіздік келді, енді бәрі болады, бәрі орнына өзінен- өзі толады деп, жігеріңді құм етуге болмайды. Абай ата айтқандай, мал табу жолына түсу керек. Тәуелсіздік жолы- азамат жолы. Егемен елдің азаматы- арлы, зейінді, пейілді, патриот жан. Тәуелсіздік жолы- үміт жолы. Біз бостандық алған елден күтеріміз аз емес. Біз тәуелсіздіктен ең алдымен жарқын болашақ күтеміз, кейінгі ұрпақтан ата- баба аңсаған игі мақсатының орындалуын күтеміз. Самұрық құс көлбей қағып қанатты, Қонды келіп Бәйтерекке дарақты. Шаңқылынан бүкіл дүние оянып, Елімізде Тәуелсіздік таңы атты. Біз тәуелсіздіктен аға ұрпаққа әлеуметтік қорған болуын күтеміз. Басқаша айтқанда, біздің ата- бабамыз аңсаған заман тәуелсіздікпен байланысты. Жаңа ХХІ ғасырға бет алған сәтте нарықты экономиканың құдіретін де көруіміз керек. Біз осындай қоғам жасайтын болсақ қана тәуелсіздік баянды болады. Біз қазақ, ғасырлар бойы жоқ іздеген халықпыз. Біздің жоғалтқанымыз ең асылымыз- тәуелсіздік еді. Біз тәуелсіздікті іздеп соқпақпен де, сүрлеумен де, жүрдік кейде жолға түскендей болдық, бірақ тығырыққа тіреле бердік. Осыдан 20 жыл бұрын түскен жолымыз даңғыл болды. Ол тәуелсіздік даңғылы. Тәуелсіздік сапары тәуекелді керек етеді, жол көлігі керек, жол серігі керек, жол азығы керек, алыс жолға тәуекел етер жүрек керек, тірек керек жол бастайтын көсем керек. Біз тәуекел қайығына міндік, тәуелсіздік даңғылына түстік, 20 жылда басқа халықтар ғасырлар бойы өткен жылдан өттік. Біздің тәуелсіз ел болғанымызға -20 жыл. Тәуелсіздік- тәу етер жалғыз кие. Дүниедегі тәуелсіздікті, бостандықты, теңдікті аңсамайтын адам да, халықта жоқ. Біздің егемендігіміз бен тәуелсіздігіміз- тек бір ұрпақтың ғана еңбегі емес, барша ұрпақтардың еңбегі. Басты мұрат- қолымызға қиындықпен түскен тәуелсіздік туына мейлінше бекем болу. Тектілердің тұяғы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасында халқымыз- тыныштықта, Отанымыз еркіндікте. Аз ғана жылда аспанның астын жайнатып, Астана- шаһарын тұрғызды. Елдің бірлігі артып, берекесі кірді. Іргеміз тыныш. Түндеріміз- бейбіт. Күндеріміз нұрлы. Мектеп оқушысының қолынан не келеді деп ойлауларыңыз да мүмкін. Теледидарда Елбасы Нұрсұлтан атамыз айтқандай, елдің болашағының көркейіп, гүлденіп одан әрі дамып, өркендеуі біздің қолымызда. Яғни болашақтың жастары мына біздер, бүгінгі бүлдіршіндер мен жас ұрпақтар. Елімізді әлемге танытып, Елбасымыздың жолдауындағы жұмыстарды атқару үшін, алдымен жақсы білім алып, тәлімді тәрбиелі болуымыз қажет. Әрбір адам өз алдына мақсат қояды. Менің де өзімнің алдыма қойған үлкен мақсаттарым бар. Мектептен жақсы білім алып одан әрі білімімді жалғастырып, елім үшін еңбек ету. Қазақта «бақыт» деген ұғым бар. Мен бақыт дегенді былай түсінемін. Ол- сенің тәуелсіз Отаның, Ұлы тұғырың. Бақыттың кіндігі- Отан. Елімнің көркейіп, гүлденуіне өз үлесімді қосып тәуелсіз елім үшін, отаным үшін, елімнің тыныштығы мен сәбилердің күлкісі үшін, бар өмірімді күш- қуатымды жұмсап жұмыс жасасам. Еліме пайдамды тигізіп, халқым үшін еңбек етсем менде одан артық бақыт болмас еді. Аға- апаларымыздың қиындықпен өздерінің жас өмірлерін қиып алып берген тәуелсіздіктің туын, біздер әрдайым биік ұстауымыз керек, әрдайым биік ұстаймыз да дегім келеді. Менің елім, менің жерім, жыр етемін тамсанам, Елміз біз де ғасыр бойы тәуелсіздік аңсаған. Көк байрақтың астындағы шуақтанған арайлы, Қуанышын мол бақытын сыйлайтындай таң саған. Бізге өз тәуелсіздігіміз қымбат. Неге дейсіз ғой ? Ол бізге қымбат- ата- бабаның рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат- сөнген мемлекетіміздің отын маздатып жандырғаны үшін ! Ол бізге қымбат- елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін! Ол бізге қымбат- ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз- қаз тұрғызып «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін! Ол бізге қымбат- «Отан» деп жүрегімізді қақтырғаны үшін! «Елім» деп елеңдетіп, «жерім» деп желпінтіп, барша алпыс екі тамырымызды игізіп, ата жұртын сүйдіргені үшін! Жиырма жыл! Тәуелсіздік елімде, Бақыт құсы самғап ұшты көгімде. Қазақ деген ғажап халық қашаннан, Көк бөрінің ұрпағымыз тегінде. Тәуелсіздік ақ батасы атамның, Күлімдейді менің Байтақ Отаным. Жан жылытар сәбидің шат күлкісі, Қашаннан қалған сынығымын мұраның. Тәуелсіз қазақ елінің Ақордадай «Астана» атты рухани тұғыры бар. Ол бірлігімізді, тірлігімізді әлемге айшықты айғақтап тұр. Астана- тәуелсіздіктің тақ- тұғыры. Қазақ елінің дербес ел болуына орай байтақ та бағалы елден бата алған Нұрсұлтан Әбішұлындай Елбасының ел билігін ұстауы, біз сияқты ұрпақтарының бағы деп білемін. Тәуелсіздік тұғырын тарихи ерлікке жалғастырған Елбасымыздың парасаттылығы, ойшылдығы деп түсінемін. Елорда бірліктің, ерліктің арқасында қарыштап дамудың айқын дәлелін көрсетті, әрі бүкіл әлем назарын өзіне аударды. Сондықтан тұғырлы тәуелсіздік елдің тұғыры биік,бірлігі бекем, ерлігі ерен болуына тамшыдай болса да өз мүмкіндігімше үлес қосу үшін, білімді терең меңгеруге ұмтылудамын. Санам- сақ, халқымның- жақ боларына сенемін. Өйткені, мен тұғырлы тәуелсіз елдің тұяғымын. Халқымыз «тайында тасқа байла» деген. Тағдырдың тас қамалын бұзуға, білімді, өнерлі болуға күш- жігерімді жұмсаймын. Бүгінгі таңда осындай бақытты, барша әлемге үлгі бола алатын елде тәрбие, білім алып жатқаныма өте ризамын. Тек әрдайым еліміз аман, аспанымыз ашық, көк байрағымыз биікте желбіреп, жас ұрпақ өз елінің патриоты болып, әрқашан Қазақстанды мақтан тұтсын деймін. Аспаныңда жарқырайды арай күн, Бұлтыңа да қызығумен қараймын. Болғаннан соң тәуелсіз, ел түлегі, Мен өзімді бақытты қыз санаймын. Менің елім- Қазақстан! Осынау құдіретті сөзді біздің елдің әрбір азаматы асқақ сезіммен, ерекше мақтанышпен айта алары хақ.

Мен тәуелсіз елдің ұрпағымын

Сабақтың мақсаты:

·Оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу.

·Оқушыларға азаттығымыздың қалай келгендігін түсіндіре отырып, өз елін, жерін сүюге, қадірлей білуге баулу;

· Оқушы бойында патриоттық сезімнің қалыптасуына ықпал жасау.

Сабақтың түрі: тарихи-танымдық тәрбие сағаты.

Оқыту әдісі: әңгімелесу, пікір алысу.

Көрнекілігі: слайдтар, дербес компьютер.

Пәнаралық байланыс: тарих пәні, әдебиет.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Әнұран орындау.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Туымызды бізге ешкім бермеді.

Ел тізгінін қолына алу жолында,

Қыршын кетті талай қазақ ерлері.

Ой ашар:

1.Балалар біз қандай елміз? (Тәуелсіз)

2.Қай жылы тәуелсіздік алдық? (1991 жылы 16 желтоқсанда)

3.Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіздер?

4.Егемен елдің ерекшелігі неде? (Шекарасы, Елбасы, ұлттық рәміздері, Ата заңы, өзіндік экономикасы, шаруашылығы, әлеуметтік жағдайы, салт-дәстүрі болады)

5.Қазақ елінің іргетасы қай жылдардан қаланды деп ойлайсыздар, ол кездерде қазақ елін кім басқарды?

-Иә, балалар, XV ғасырдың ІІ жартысында Жәнібек, Керей хандарымыз қазақ елін құрып, біздің ата-бабаларымызды бір тудың астына біріктіріп, ел шекарасын белгіледі. Қазақ елі құрылды. Кейіннен бірнеше хандар елімізді басқарды. Алдарыңызда қазақ елінің алғашқы сол кездегі картасы. Осы қазақ елін құрған хандарымыздың ерен еңбегі бүгінгі таңда еленіп, ҚР Тұңғыш Президенті мұражайының алдындағы саябаққа биіктігі 12 метрлік

ескерткіш орнатылды. Жобаның авторы астаналық жас мүсінші – Ринат Әбенов. Ескерткіштің ашылу салтанатында Н.Ә.Назарбаев: «Елордада тұрғызылған Керей мен Жәнібек хандардың еңселі ескерткіші – мызғымас мемлекеттігімізге арналған мәңгілік белгі» деген болатын. Сонымен бірге, Есілдің сол жағалауындағы екі көшеге Жәнібек пен Керей хандардың аты берілді.

Дегенмен, 1991 жылы егемендік, тәуелсіздік алдық деп қайталап отырмыз. Сіздер үшін бұл түсініксіз жайт болып отыр. Иә, осы аралықта сан ғасырлық тарих, үлкен шежіре жатыр. Ендеше, осы тәуелсіздік қалай келді? Қайдан келді? Жәнібек пен Керейдің құрған елі қайда барып қосылған? Осы сауалдарға қысқаша ғана жауап алу үшін сөз кезегін оқушыларға береміз.

Ой қозғау.

1.«Тарихы мол сан тарау» (тарихқа щолу)

Егемендік – ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.

«Егемендік» деген өздер естілер,

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

Тәуелсіздік алғаннан соң елдің биік рухын бейнелейтін «Тәуелсіздік монументі» Алматыдағы республика алаңына орнатылды. Ескерткіштің жобасын жасаған сәулетші – Тимур Сүлейменов. Сонымен, біз тәуелсіз елміз, азат елміз, егемен елміз. Ал, тәуелсіз елдің өзіндік ерекшелігі, байлығы болады. Бізде не бар екенін топтастырып көрейік.

1)Біздің басқару жүйеміз қандай? Біздің Тұңғыш Президентіміз туралы кім не біледі?

2)Еліміздің ұлттық рәміздеріне тоқталайық.

Ту – елдіктің белгісі. Авторы – Ш.Ниязбеков. 1992 жылы Ту бекітілді. Көгілдір түсті, жиегінде оюмен безендірілген, ортасында күн және қыран бейнеленген.

3)Елтаңба – бейнесі. Авторлары – Ш.Ниязбеков, Ж.Мәлібеков.

4)Әнұран-Отанымыздың салтанатты үні, өр үні, өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуенінде туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Кеудені мерейлі қуанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғатады. Мәні мен әнін еліміздің ұланы жанында сақтап өседі. Әнұранымыз 1992 жылы қабылданып, қоғам арнасына қарай 2006 жылы қайта жаңартылды. Сөзін жазған Н.Ә.Назарбаев пен Ж.Нәжімеденов, әнін жазған Ш.Қалдаяқов.

5)1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған қазіргі Ата заңымыз қабылданды.

6)«Менің елім – Қазақстан»

-Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

-Қазақстан көп ұлтты мемлекет. 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Халқының саны – 16 млн. 9600. Негізгі ұлт өкілі – қазақ. Жалпы халықтың 63%-ын қазақтар құрайды. 6 ұлыс тұрады, қалғандары өзге ұлт өкілдері.

7) «Түркі халықтарының ішіндегі ең бай, бейнелі тіл –қазақ тілі. Қазақтар

өзінің шешендігімен де, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты» деп орыс

жазушысы С.Е.Малов суреттеген екен. Тіл туралы не білеміз?

Қазақ тілі – 1990 жылдан бастап мемлекеттік мәртебеге ие болды. 2001 жылы наурызда Тіл туралы Заң қабылданды.

8)Діні – ислам. Ислам дінінің негізін салушы – Мұхаммед Пайғамбар. Ислам дінінің негізі Сауд Арабиясында қаланды. Қазіргі таңда Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мұфта Әбсаттар қажы Дербісәлі.

9)Валютамыз – теңге. «Валюта» баға дегенді білдіреді. Әр елдің өз бағасы бар. АҚШ-та доллар болса, Ресейде – рубль, Францияда – франк, Алжирде – динар, Қытайда – юань. Ал бізде – теңге. Теңге – тәуелсіздік жемісі. Теңге – ел мен елді таныстырады. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді.

10) 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. 1992-1998 жылдар аралығында Қарулы Күштер қайта құрылып, 1999 жылы түбегейлі тұрақтандырылды. Бүгінгі таңда бас қолбасшысы – Президентіміз Н.Ә.Назарбаев.

11) 1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді, 1998 жылы «Астана» деген ат берілді. Стамбулда өткен түркі тілдес халықтар Саммитінде Астана 2012 жылғы Түркі әлемінің астанасы деп жарияланды. Елордамызда Астананы әлемге паш ететін монументтер көрініс тапты. Соның бірі – «Қазақ елі» монументі, биіктігі — 91 м. Ұшар басындағы салмағы 2,5 тонна алтын жалатылған самұрық құс орнатылған. 1900 шаршы метр кеңістікке

созылған мәрмәр тастан жасалған. Бас сәулетші – Саматбек Бөкебай. Ал, «Бәйтерек» монументінің биіктігі-97 м. Шарының диаметрі – 22 м. «Аялы алақан» композициясы 2 кг. алтыннан, 6 кг. күмістен құйылған. Ол әлемнің 7 кереметінің бірі – Эйфель мұнарасы нысаны қатарына қосылған. Міне, осындай біздің сүйікті астанамызда кеше ғана әлемді аузына қаратқан Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің Саммиті болып өтті. Саммит сөзі – «Шың» дегенді білдіреді. Дәлірек айтсақ, елдердің басшыларының бас қосуы деген түсінікті береді. Саммитте 13 бөлімнен Астана декларациясы (жарғы) қабылданды. 56 елден келген елбасылары мен өкілдері бірауыздан ЕҚЫҰ шеңберіндегі өткір мәселелерді бір ізге түсіріп, бейбіт түрде шешу мәселелерін бекітті.

Ой сергіту.

Бізге қонаққа келген жыр мүшайрасының жүлдегерін шақырамыз.

Ой толғау. «Мен елімнің ұланымын»

Сонымен, тәуелсіз елміз. Тәуелсіздігімізге 23 жыл толды. Бұл-үлкен мәртебе. Үкімет Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына жалпыұлттық дайындық жоспарын жасады. Біз осы тәуесіз елдің ұланымыз, болашағымыз. Елімізді, жерімізді сүйеміз. Ендеше, елімізге арнаған жүрекжарды өлеңдерің мен шығармаларыңды оқи қойыңдар.

Ой қорыту.

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдеріне сүйене отырып, өз ой-пікірлерін әңгімелейді.

Тәуелсізбін, егеменмін, азатпын,

Туды міне, ел аңсаған азат күн!

Елдің туын биік ұстар әрқашан,

Болашағы сендерсіңдер қазақтың!

Ән: «Елім менің».

Сабақ тақырыбы: Ұстаз – ұлағатты тұлға !

Сабақ мақсаты : 
Оқушыларға ұстаз еңбегін , ұстаздық тәлім – тәрбие бағыттарын құрметтеуге, сыйлауға, бағалауға тәрбиелеу. Оқушының өзіндік қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін дамыту . 
Сабақ түрі : құттықтау, сахналау, түрлі сұрақтар – мен жауаптар , қызықты сәттер 
Көрнекілігі: шар, гүлдер, Ұстаз туралы ұлағатты сөздер, «Біздің Ұстазға шәкірттерінен алғыс хат » құттықтау газеті 

Сабақ барысы
І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды сабаққа дайындау,
І жүргізуші : (есіктен кіреді ),- ау, достар, мынау деген керемет гүл, әдемі сөздер, толған айнала толған әсемдік ?
Тілекші: - Гүлсезім , бүгін біз үшін үлкен мереке ұстаздар мерекесі емес пе? Олай болса класс атынан аяулы ұстаздарды құттықтайық!!!!!
І жүргізуші: Ұстаз деген- жарық күні ғаламның
Ұстаз деген – анасы ол адамның
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін
Сен де одан адам болып жаралдың!!!
- Достар, түсінбедім , мына жүрек не мағына береді, ойлана -ойлана таба алмадым?
- Жемісгүл : - Ол – жүрек аяулы Ұстаз жүрегі 
- Қандай тамаша! Ал, кішкене жүрекшелер ше? 
- Назерке : - Ол біздің, шәкірттердің жүрегі
- Ұстаз жүрегін шәкірт жүрегі неге айнала қоршап тұр?
- Айнұр: - себебі, ұстаз жүрегі мейірімге, сүйіспеншілікке ,махаббатқа толы. Бар жылуын шәкірттеріне беріп , әрқаша қамқор болып жүреді. 
І жүргізуші : Ұстазыңды түсінгенің тереңнен, 
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлес,
Ол да бірге қуанышқа кенелген .
- Ардақты , Ұстаздар сіздердің құрметтеріңізге «Ұстазым» әні орындайтындар : Мыңжасаров Меңдікерей, Құрманбаева Айбану ( осы жерде ұстаздар биге шақырылады)
І жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып .
Ұстаз деген ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иелік мәңгілік!!! 
«Ұстаз еңбегі» бөлімі 
(Сахнаға бір ұстаз шығады жанында «нан» және « бор » деген сөздер жазылған жасырын. Бірінші нан сөзіне толық мағұлмат береді. Бірақ шын мәніндебор туралы мағұлмат беріп тұр. ) 
Гүласыл: - Апай, сіз бізге бор туралы мағұлмат берген болатынсың , сізге ол сұрақты қойғанымыз , сіз күнделікті бормен жазып бізге бар білгеніңді үйретесіз, сізге сол еңбегіңіз үшін рахмет,!
І жүргізуші: - Ұстаз болған баршаға,
Ардақты жандар қаншама.
Шәкірттің күнде қуантсын,
Шаршама Ұстаз ,шаршама!!!
«Гүл жинау » бөлімі 
( гүлдерді жинап алу үшін артында жасырылған сұрақтарға жауап беру керек ) 
- Ұстаздар , жиналған гүлдер сіздердің құрметтеріңізге, қабыл алыңыздар !!!
«Кітап –білім бұлағы » бөлімі
(оқулық ішінде жасырылған қызықты оқиғаға өз пікіріңіз ) 
І жүргізуші : - Сол арқылы сен де өмірірді жалғадың ,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның .
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңінің орындалған арманың!!
«Әншілер тобынан жиналған ата –аналар жиналысы»
1. Роза Рымбаева 
2. Мақпал Жүнісова 
3. Айкерім Қалаубаева 
4. Сейфуллин Жолбарыстың інісі 
- Роза Қуанышқызы , сіздің балаңыз мүлдем сабаққа келмейді. Сейфуллиннің баласының айтуы бойынша балаңыз шет елде оқып жатырған көрінеді, сол рас па? Егер балаңыз Қазақстанға келмеймін , шет елде қаламын десе сіздің әрекетіңіз?
- Мақпал ханым, сіздің кішкене қызыңыз сабақты мүлде оқымайды, тым ерке ?
- Айкерім , сіздің балаңыз мектеп формасын сақтамайды. Алдында айтып жіберген болатынбыз «Мерседес бенс үсті ақ ,асты қара деп,ал сіздің балаңыз Джип үсті көк ,асты ақ киіп жүр » соны қалай түсінеміз ? Сонда сіз мектеп ережесіне бағынбайсыз ба ?
( Әншілер жауабы тыңдалады )
- Ал , ата – аналар ,қазір сіздер бізге бір жақсы ән айтып берсеңіздер ? 
(ән айтылады ) Ұстаздар ән айтады. 

І жүргізуші: Білімнің айдынында жүзіп өткен 
Ұстаз сенсің білімнің нәрін сепкен 
Сен арқылы бастау алып дана ,ғалым
Сен арқылы әлемді танып білген .
Құлпырған еліміздің ұл –қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар 

«Қазақ хандары»

сынып оқушылары арасында өткізілген зияткерлік ойын
Мектепте өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқушыны тәрбиелеу мен оқытудың бір формасы деуге болады. Сыныптан тыс жұмыстар балаларды біріктіріп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға мол мүмкіндік береді және оқушының өзіне деген сенімін арттырады, оқушы мен мұғалім арасында берік қарым – қатынас орнап, мұғалімнің оқушыны танып – білуіне мол мүмкіндік туғызады.

Мақсаты: ойын барысында оқушылар Қазақ хандығының құрылғанына 550 - жыл толуына орай Қазақстан тарихы пәнінен түрлі тапсырмалар мен сұрақтарға жауап бере отырып, қазақ хандығының құрылу тарихымен танысады, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке деген ұмтылысы, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар, мәдениет төңірегіндегі сауалдарға жауап бере алады, оқушының ойлау қабілетін дамытып, тарих пәніне деген қызығушылығын арттырады;
Түрі: «Ел тарихын білесің бе?» атты зияткерлік ойыны Ойын барысында оқушылар сыныптар бойынша топтастырып, 6 - оқушыдан үш топқа бөлінеді. Әр топтан бір - бір капитан сайланады. Әрбір орындалған тапсырма 5 - 10 балдық жүйемен бағаланады.
Көрнекіліктер: сынып бөлмесін пәнге сай безендіру, тарих пәні бойынша түрлі тапсырмалар, қазақ хандарының суреттері, музыкамен көркемдеу;

І кезең «Миға арналған жаттығу» Командаларға 7 - сұрақ қойылады, көп ұпай алған команда ойынды бірінші бастауға мүмкіндік алады. Бұл кезеңде оқушының ойын жинақтау мақсатында төменгі сыныптарда өткен материалдар қамтылады:
1. Қожа Ахмет Йасауидің «Даналық кітабы» қай тілде жазылған? /араб/
2. Грек тарихшысы Геродот сақтарды қалай атаған?/массагеттер/
3. Қаңлы тайпаларының астанасы болған қала? /Битянь/
4. Сақ қоғамы неше топтан тұрады? /3 топтан, абыздар жауынгерлер, малшылар мен егіншілер/
5. «Теле» сөзінің мағынасы нені білдіреді? /Түрік/
6. «Ұлы Жібек жолы» қайдан басталады?/Қытайдағы Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан/
7. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған данышпан, ұлы ойшыл, ғалым кім еді?

ІІ кезең «Ел тарихының білгірлері» бұл кезеңде әр топқа ел тәуелсіздігіне байланысты үш сұрақ қойылады:
І топ:
1. Қазақстан қашан өз тәуелсіздігін жариялады? /1991 жыл, 16 - желтоқсан/
2. Қазақстан республикасының рәміздері қабылданған жыл? /1992 жыл/
3. Астананың тұсаукесері қай жылы өтті? /1998 жыл, 10маусым /
ІІ топ:
1.«Тәуелсіздік монументінің» ұшар басындағы бейнелер? / алтын адам және жолбарыс/
2. Бүкілхалықтық Президент сайлауы қай жылы өтті? /1991 жылы, 1 желтоқсан/
3. Қазақ елінің тұңғыш астанасы болған қала? /Орынбор/
ІІІ топ:
1. Тұңғыш қазақ даласынан ғарышқа аттанған кім, қай жылы?/Т. Әубәкіров, 1991 жыл 2 - қазан//
2. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін түсірілген, қазақ тарихынан мағлұмат беретін фильм? /Көшпенділер/
3. Қазақстан Республикасының Ата Заңы неше бөлім, неше баптан тұрады?/9 бөлім, 98 бап /
ІІІ кезең: «Дархан даламның батыр бабалары» бұл кезеңде қазақ даласында әр кезеңде өмір сүрген қазақ батырлары туралы білгендерін ортаға салады? Әр топқа екі сұрақтан қойылады:
І топ:
1. Жаугершілік заманында 50 - жылдан астам уақыт қазақ қолын бастаған батыр?/Бөгенбай батыр/
2. Абылай хан бұл батырды тапқырлығы, алғырлығы үшін ерекше бағалаған, бұл қай батыр? /Баян батыр/
ІІ топ:
1. Тәуке ханның «Жеті Жарғысын» жасауға қатысқан қазақ батыры кім??/Бөгенбай батыр/
2. 7 - жасынан жетім қалған қазақтың дарабоз батыры кім? /Қабанбай батыр/
ІІІ топ:
1. Ұлы Жүздің шапырашты руынан шыққан батыр кім? /Наурызбай батыр/
2. Қазақ халқының азаттығы туралы жырлаған батыр кім? /М. Өтемісұлы/

ІV кезең: «Капитандар сайысы» бұл кезеңде әр топтың капитандарына бір мезетте 20 - сұрақ қойылады, осылайша ең көп ұпай жинаған капитан жеңімпаз атанады:
1. Қазақстан Республикасы жерінен көлемінен нешінші орында? /9 орын/
2. Қазақстандағы облыстар саны қанша?/14/
3. Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері не?/шекара, ақша, әскер/
4. Атырау қаласының бұрынғы аты? /Гурьев/
5. Алғашқы адамдардың тіршілік етуіне қолайлы болған Қазақстанның қай аймағы? /Оңтүстік Қазақстан/
6. Жер - ұйықты іздеген адам кім? /Асан - Қайғы/
7. «Сарыарқа», «Кішкентай» күйлерінің авторы кім? /Құрманғазы/
8. Хан тұқымынан шыққан атақты күйші кім? /Дәулеткерей/
9. Қазақ хандығы құрылған жылдар? /1465 - 1466 жылдар/
10. Қазақ хандығының іргесін қалаған хандар?/Жәнібек пен Керей/
11. Қазақ хандығының аумағын кеңейткен, үш жүздің басын біріктірген, ұлы мемлекет қайраткері кім? /Абылай хан/
12. Қазақтың төбе биі кім? /Төле би/
13. Елші ретінде Жоңғар хандығына барып Абылайды босатып әкелген қазақ биі кім? /Қазыбек би/
14. Кіші жүздің атақты биі кім?/Әйтеке би/
15. 1680 - 1715 жылдары ел билігін қолына алған қазақ ханы кім? /Тәуке хан/
16. «Қазақтардың қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманы» қай ханның тұсында болды? /Тәуке хан/
17. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына мейілінше әсер еткен қазақтың атақты жырауы кім? /Бұқар жырау/
18. Түркі халықтарының ортақ ұлы ойшылы, жырау, қобызшы кім? /Қорқыт ата/
19. Қазақтардың нанымы бойынша отбасы мен балалардың қорғаушысы кім? /Ұмай ана/
20. Қазақ халқы жорыққа шыққанда алып шығатын аспап түрі? /Дауылпаз/

Әрі қарай 4 - кезеңнің қорытындысы бойынша нәтижелер шығарылып, жеңімпаздар анықталады, марапатталады.

«Бірлігіміз жарасқан»

Мақсаты: Көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, глобус, интерактивті тақта, шаңырақ бейнесі

1-жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!

2-жүргізуші: 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Бірлігіміз жарасқан!» атты сазды бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

1-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!

1,2-жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

2-жүргізуші: Әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегілер, аңыздар, салт-дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Әртүрлі халықтар, әртүрлі ертегі айтады. Әр түрлі бесік жырын жырлайды.Дегенмен, бақыт, әділдік, бейбітшілік жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктіреді.

1-жүргізуші: Еліміздің барлық жерінде қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, татарлар, украиндар, шешендер, дұнғандар және басқа көптеген ұлттардың адамдары тату-тәтті өмір сүріп еңбек етеді. Бұл халықтар түріне, нәсіліне қарамастан теңдей білім алып, Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде өздерінің отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп, беделін үстем етіп келеді.

2-жүргізуші: Әр ұлт бір бірімен түр әлпет, ұлттық киім, салт дәстүр және басқа да құндылықтарымен ерекшеленеді. Олай болса түрлі ұлттардың киім үлгісіне назар аударыңыздар!

Подиум. Әр ұлттың киім үлгісімен сән көрсетілімі             

Шығыстың шайыры Ерболат

Француздық сениор Жәнібек

Орыс қызы Рыс

Кореядан келген Бұрышжан мен Ақжарқын

Испандық Айбек пен Аружан

Арабия өкілі Күнтуар

Жапон қызы Шұғыла

Үнді қызы Сымбат

Украйналық Меруерт

Нағыз қазақ Маулетті хошеметпен қарсы алыңыздар!

Қазақ халқының ұлттық киіміне тоқтала кетсек: Сәукеле, кимешек, үкілі тақия, бөрік, тымақ, көйлек, камзол, шапан, тон, мәсі, әшекей бұйым т.б

1-жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында  бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай.Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.

2-жүргізуші: Кең байтақ елімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Нурбахыт Аскерұлы. Ендеше, ағай, көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.

/мерекелік лебіз/

1-жүргізуші: Қазіргі таңда дүние жүзінде 6,5 мил­лиардтан астам халық болса, олар белгілі бір жүйемен ұлтқа, тайпа-тайпаға бөлінген. Әр ұлт өкілдері өз ұлтының тағдыры туралы ойлайтыны мәлім. Ұлт дейтін ұғымның ішінде ұлтты қалыптастыратын белгілі бір шарттары бар. Оған жататындар: бірі – тіл, екіншісі – дін, сол ұлттың тарихы, дәстүрі, ата-мекені. Осы аталғандардың бірі кем болса, ұлт ұлттығынан айырылатын көрінеді.

Біз мұсылман елі болғандықтан тазалық, имандылық жолында жүруіміз қажет. Бірлікте өмір сүрген жақсы. Бір-бірімізді дос көрмесек, ұлтымыздың ұпайы кемиді. Сондықтан ауызбіршілік керек. Тату-тәтті өмір салтын пайғамбарымыз өз амалымен, өмірімен өнеге етіп кетті. Осыны жастарға жеткізе білу – басты міндет. Сонда ғана жастарды азғындықтан аман сақтап қаламыз. Алла сыйлаған мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ұлтымызды ұлықтап, ұрпағымызды өз тамырынан ажыратпай, салт-дәстүрімізді, тарихымызды, мәдени мұраларды жас ұрпақтың зердесіне құйып, ұлтжанды ұрпақ өсірейік!

Кәріс халқының биі. Ақжарқын, Шұғыла, Бұрышжан

2-жүргізуші: Алла әмірімен түскен Құран Кәрімнің хұжрат сүресінде: «Бір-біріңді танып ажырата білулерің үшін, сендерді әртүрлі ұлтқа, тайпа-тайпаға бөлдік», – деп жазылған.

1-жүргізуші: Адамдар пендешілікпен: «Біз бәріміз бір тілде сөйлейміз. Аспанмен таласқан кірпіштен мұнара қала саламыз», – деп, өздерінің құштарлығына қарай әрекет жасаған. Бұған Алла тағала қарсылық білдіріп, оларды жердің түкпір-түкпіріне бөліп жібереді. Сөйтіп, ұлт-ұлтқа, ру-руға, тайпа-тайпаға бөлініп, әр ұлттың өзіне тән тілін берген. Әлемде әр ұлт өз тілінде сөйлесіп, мәдениетін, дәстүрін дамытқан. Әр ұлттың озық ойлы білімпаз ғалымдары мен данышпандары өз заманында ұлт пен тілге мән беріп, оның дамуын бірінші орынға қойған. Демек, әр ұлттың дамуы, тілінің қанаттануы, салт-сана, дәстүрлері мен діндердің өркендеп дамуына жол ашылған.

Орыс халқының биі. Рыс пен Меруерт

2-жүргізуші: Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдері

"Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" дегендей, әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдері әртүрлі.

Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді. Жаңа Зеландияға сапар шеккен жандар маори халқының "хонги" сәлемдесу рәсіміне куә болады. Бұл сәлемдесудің сан ғасырлық тарихы бар. Бір-бірін көрген жандар сәлемдескен кезде мұрындарын тигізіп амандасады. Мұрынмен үйкелесу арқылы олар "ха" рәсімін жүргізеді. "Ха" рәсімі – Тәңірге құлшылық ету.

Тибет. Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім 9-ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі Ландарманың тілі қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.

Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі. Жастар өзара бастарын изеп амандасады. Ал татамиде тізерлеп отырып, жерге қарай иілу керек.

Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады. Сәлемдесу биі "адаму" деп аталады, яғни "секіру биі". Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды.

Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі "коутоу" деп аталады. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. Әйел азаматтардың сәлемдесу рәсімі "ваньфу" деп аталады. Олар қолдарын біріктіріп, оны денесінің бойымен төмен қарай сырғытады. "Коутоу" дәстүрі аңызға айналған Хуан-ди патшаның билік еткен тұсында бастау алған еді. Сол заманда бұл дәстүр патшалармен амандасқан кезде және неке қию, үйлену сияқты салттарда қолданылған.

Тай елінің амандасу рәсімі "вай" деп аталады. Бір-бірлерін көрген жандар алақандарын біріктіріп, бастарына қояды. Содан кейін иіліп, "савадди" деп айтады. Ежелден келе жатқан "вай" сәлемдесу дәстүрі әлі күнге дейін күллі Таиланд елі бойынша өз мәртебесін жоғалтпаған.

Филиппин елінде сәлемдесу рәсімі жас ерекшеліктеріне байланысты әр қилы. Мысалы, жас жігіт үлкен кісіні көрген кезде ол басын изеп, оң қолымен үлкен кісінің оң қолын ұстайды. Кейін саусағының ұшын оның маңдайына тигізеді де, "мано по" деп айтады. "Мано" - қол, "по" - құрмет деген мағына береді.

2-жүргізуші: Мұсылман дініндегі түркі халықтары үшін ортақ сәлемдесу формасы: "Ассалаумағалейкум! (Сізге тыныштықтық, амандық  тілеймін!), оған жауап ретіндегі Уағалайкүміссәлем! (Өзіңізге де соны тілеймін). Бұл мұсылман дінінің басты ұстанымы – бейбітшілік пен тыныштықты қалауынан туындағанын және оның осы дінді ұстанатын халық арасында тараған мәдени кодқа айналғандығын көрсетеді. Бірақ осы амандасу формуласының өзі әр халықта әр түрлі қолданылады.

Башқұрт: Хэйерле кен! Хэйерле иртэ! Хэйерле кис!

Татар: Исэнмесез! Хэерлэ кич! Хэерлэ иртэ!

Гагауз: Gun aydin!

Қырғыз: Salaammatszbe!

Түрік: Merhaba! Gun aydin!

Өзбек: Salaam aleikhem!

 Жалпы түркі тілдерінде ортақ, бірақ фонетикалық ерекшеліктері бар сәлемдесу коммуникемдері: Ассаламағалейкум! Сәлем! Қайырлы күн! Қайырлы таң! Қайырлы кеш!

 «Сөз атасы – сәлем» дейтін халқымыздың сәлемдесу сөздерін қолданудың, жұмсаудың өзіндік қалыптасқан жүйесі бар. Жалпы, қазақ сөйлеу этикетіне тән сәлемдесу коммуникемдері де өзге түркі халықтарындағы секілді қарым-қатынас типтеріне қарай ажыратылды:

Испан биі. Айбек пен Аружан

1-жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

                        Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

                       Татулығын жырға қосам ұлттардың,

                       Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

2-жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

                        Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

                        Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

                        Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Үнді биі. Сымбат пен Шұғыла

Отан - отбасынан басталады

Тәрбие сағатының мақсаты:
1) Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау;
2) Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға
деген қызығушылығын арттыру;
3) Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының әдістері: Топтастыру, Эйлор дөңгелегі, Екі жақты күнделік, РАФТ стратегиясы

Тәрбие сағатының көрнекілігі: нақыл сөздер мен сұрақтар жазылған бетшелер, жүрекшелер, т. б.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Оқушыларды отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Отан – отбасынан басталады» аталатын тәрбиелік шараға қош келдіңіздер!
Құрметті қонақтар, оқушылар!
Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Ол өзі бір шағын мемлекет. Ол мемлекеттің аты «Бақытты жанұя» деп аталады. Сол мемлекетке саяхат жолында біз көптеген сатылардан өтіп, нәтижесінде барлығымыз бірігіп біз аңсаған «Бақытты жанұяның» моделін жасап шығарамыз. Ендеше, барлығымыз да белсенді түрде қатысайық!
Ал ол үшін, әрине, бірнеше сатыдан өтеміз. Алдымен «отбасы деген не?» деген сауалға жауап іздеп көрейік.

Адамзат бесігін тербеткен ұя

Үлгі – өнеге бастауы

Жағымды қасиеттерге баулиды

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Ата - ананың үйдегі қарым - қатынасы, киім киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі балаға үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан - мейір алады». «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Бала тәрбиесі - бесіктен. Ертеде бір кісі балалы болып, баласы 6 айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6 айлық болса, онда сен тәрбиені бастауға 6 ай кешігіпсің» деген екен.
Сондықтан да әрбір ата - ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек.

Ал бала да өзін ойландыратын мәселені ата - анамен ақылдасып шешу керек, артық қылықтың ата - анаға әсер ететінін, ата - ананың баласына жамандық тілемейтінін ұмытпау керек.
І. Ендеше, осы аталған қасиеттер біздің осы жерде отырған отбасы мүшелерінен табылар ма екен? Сонымен «Бақытты жанұяға» жетудің алғашқы сатысында ата - аналар ситуациялық сұрақтарға жауап береді. Ал бұл кезде балалар да жазбаша сұрақтарға жауап береді:
Ситуациялық сұрақтар қоры:
1. «Ура, мама, мен бес алдым!»- деп бірінші сыныптың оқушысы өзінің қуанышын жасыра алмай үйге жүгіре басып кірді. Бірақ жылдар өте келе мұндай қуанышты сөздер сирей бастайды. Неліктен?
2. Мектепте озат, үлгілі оқушы үй шаруашылығымен айналысқаннан гөрі бос отырғанды жақсы көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қалай қызықтыруға болады? Сіздің пікіріңіз?
3. Қызы мектептен келіп анасына: «Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді»- десе, анасы: «Сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма»- депті. Сіз қалай жауап берер едіңіз?
4. Балаңыз үйге мектептен уақытынан кеш келді. Қалай қарсы аласыз?
5. Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтіндіңіз. Ол: «Ән тыңдап отырмын» - деп барудан бас тартты. Сіздің әрекетіңіз?
6. Балаңызға үй шаруасымен айналысуды тапсырдыңыз. Бірақ ол оқитын сабағы көп екенін айтып жасағысы келмеді. Сіздің әрекетіңіз?
7. Сіз шаршап, өзіңізді нашар сезініп тұрсыз. Сіздің балаңызға достары қонаққа келетінін естідіңіз. Сол сәттегі әрекетіңіз?
8. Сіз балаңыздың кез келген ортада көп өтірік айтатынын байқадыңыз. Қандай әрекет қыласыз?
9. Сіздің балаңыз соңғы кезде мұғалімдер туралы жағымсыз пікірді көп айтады. Сіз бұл жағдайда не істер едіңіз?
10. Балаңыздың досы сізге ұнамайды. Сіз бұл достыққа өзіңіздің тарапыңыздан әсер етесіз бе?
11. Сіз балаңыздың күнде сабаққа барғысы келмей, көңіл - күйі төмендеп жүргенін байқадыңыз. Онда тәрбиенің қай түрін пайдаланасыз?
12. Жоғарғы сыныпта оқитын ұлыңыздың темекіге әуестеніп жүргенін білдіңіз. Оны дұрыс жолға қалай саласыз?
13. Бала мектептен қатты ашуланып келді. Себебін сұрадыңыз, бала сынып жетекшісіне ренжіп келгенін айтып шағымданды. Сіздің әрекетіңіз?
14. 9 - сыныпта оқитын кенже ұлыңыз немесе қызыңыз сыныптасының туған күніне сұранды. Бірақ сіз ондай мерекелерді мектеп оқушысына үйде тойлауға болмайтынын естіп жүрсіз. Қайтесіз? Рұқсат бересіз бе, әлде?

Оқушыларға берілген сұрақтар қорытындысы психологқа тапсырылады.

ІІ. Екінші қадам:
*Ұлттық ойын ойнату

ІІІ. Үшінші қадам:
А) Ата - аналарға «Екі жақты күнделік» әдісі бойынша тапсырма беріледі.

Оқиға Сіздің пікіріңіз
Менің баламның бастауыш сыныпта оқу үлгерімі өте жақсы еді. Мұғалімдер мақтайтын. Мен баламды бетінен қақпадым. Оның алып келген 5 - тік бағаларына үнемі ақша беріп отырдым. Елден ерекше киіндірдім. Себебі ол менің жалғыз ұлым еді. Өсе келе ол мектепте соңғы сабақтан қашып кететін болды. Күнде ақша сұрайды. Бір күні сынып жетекшісі келіп, баламның мектептегі өрескел қылықтарын айтты. Әкесі қатал еді, ұрды, ұрысты. Бірақ соңғы кезде балам маған өкпелі сияқты. Бұрынғыдай еркелемейді, ашылып сөйлеспейді. Мен түсінбедім. Маған қандай ақыл айтасыздар?

Ә) Эйлор дөңгелегін әке, ана, балаға қатысты мақал - мәтелдермен толықтыру.

ІҮ. Сонымен құрметті қонақтар!
Тәрбиелік шарамыздың басында айтып өткеніміздей «Бақытты жанұяның» моделін жасайтын сәт те келіп жеткен секілді. Біз бұл істі бүгін бізге қонаққа келіп отырған ата - аналар мен балаларға тапсырайық. Сонымен, бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызар едіңіздер?

Бақытты жанұяның моделі

Ү. Жүректен жүрекке.
Жүрекшеге тілек жазып, ата - аналар балаларына, балалар ата - аналарына, ұстаздарына береді.

ҮІ. Қосымша айтарымыз, бала тәрбиесінде ата - ананың ғана емес, ұстаздардың да рөлі зор. Ендеше, құрметті ата-аналар! Сіздерден сұрайтынымыз балаларыңыздың ұстаздарымен, мектеппен үнемі, жиі байланыс жасауларыңызды сұраймыз. Сонда ғана сіздің балаңыз тәрбиелі де тәртіпті болып өседі.
Сонымен мен бүгінгі тәрбиелік шарамызды А. С. Макаренконың «Балаға берілген дұрыс тәрбие - бұл бақытты қарттық, ал нашар тәрбие - біздің болашақтағы сорымыз, біздің көз жасымыз» деген ұлағатты сөзімен аяқтағым келеді.

Адам болам десеңіз

Адам болам десеңіз туралы қазақша ашық сабақ Сабақтың тақырыбы : Адам болам десеңіз . Сабақтың мақсаты : Білімділігі : Сөйлем ішінен заттың сынын білдіретін сөздерді тауып , оған сұрақ қоя білуге үйрету. Дамытушылығы : А . Құнанбаевтың өлеңінің бес асыл қасиетпен жаман қасиеттерге түсінік бере отырып , оқушыға өлеңнің идеясын ашқызу . Тәрбиелігі : Жаман әдеттен аулақ болуға , бойларына жақсы қасиеттер жинай білуге үйрету . Сабақтың көрнекілігі :Көктем көрінісі бейнеленген сурет , ақын А.Құнанбаевтың портреті . Сабақтың типі : Сабақтың түрі : аралас Сабақтың әдісі : түсіндіру , сұрақ жауап , ойын , сын тұрғысында ойлау . Сабақтың барысы : ұйымдастыру. Қызығушылықты ояту Балалар бүгін көңіл күйлерін қандай? Оқушылар бүгін аптаның қай күні ? Жылдың қай мезгілі ? Ауа райы қандай? Сендерге көктем мезгілі ұнайма ? Көктем мезгілі сендерге немен ұнайды ? Олай болса , балалар , сендермен « Көңілді көктем » ойынын ойнаймыз . Қиындылар арқылы « Көңілді көктем » табиғатын құрастыру. 1 . Адамға байланысты қандай сұрақтар қойылады? 2 . Затқа , жануарларға қандай сұрақтар қойылады ? 3 . Қандай сөздерге Не істеді? Не қылды ? Қайтты? сұрақтары қойылады ( заттың қимылын , іс─әрекетін білдіретін сөздерге ) 4. Заттың сынын білдіретін сөздерге мысал келтір . 5 .Заттың сынын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? Кітаппен жұмыс : 126─жаттығу . Өлеңді мәнерлеп оқыту , қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою . Сергіту сәті : ( cын есімді білдіретін сөздерді табу ) Жел бетке еседі Ағаштар тербеледі . Кіп─кішкене ағаштар Үп─үлкен боп өседі . 128─жаттығу : ( тақтамен жұмыс ) Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып , сұрққа жауап жазу .Қай сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызу . Марат қай пәтерде тұрады ? Марат шеткі подьезде тұрады . Қанат қай подьезде тұрады ? Қанат ортаңғы подьезде тұрады . А . Құнанбаевтың суретін көрсету . Балалар мына аталарың кім ? Абай аталарың туралы және оның қандай өлең , әңгімелерін білесіңдер ? ( қыс , жазғытұрым ) А . Құнанбаев ( Ибраһим ) 1845 ж Семей қаласында дүниеге келген . Әкесі Құнанбай , шешесі Ұлжан . Ол жастайынан өте зерек , білімді болған . Ол парсы , шағатай , орыс тілдерін жақсы меңгерген . Отыздан асқан соң өлең жаза бастаған . Оның « Қыс » , «Жаз» , «Жазғытұрым» деген өлеңдері бар . Сонымен қатар Абай өзінің шығармаларында жастарды білімге , оқуға , еңбекке , мәдениетке шақырған . Ол 1904 ж 59 жасында қайтыс болған . Бүгінгі сабақта біз « Адам болам десеңіз » деген өлеңімен танысамыз .(өлеңге түсінік беру Жаман қасиеттер : Өсек─біреуді жамандау . Еріншек─жалқаулық . Мақтаншақ─мақтану . Бекер мал шашпақ ─бір затты тастай салу , шашу . Өтірік─ алдау , өтірік айту . Жақсы қасиеттер : Талап─адам өз алдына мақсат қойып , болашаққа талпыну . Еңбек─еңбексіз дүние жоқ , айналадағы заттың бәрі еңбекпен келеді . Терең ─ой білім , ғылымға талпыну , ұмтылу . Қанағат ─ысырапты болмау , бір нәрсеге қанағаттану . Рақым ─мейірімді , үлкенге құрметшіл , кішіге қамқоршы болу . Өлеңді оқушыларға тізбектетіп оқыту . Ой толғаныс . Топтастыру стратегиясын қолдану . талап өсек еңбек еріншек өтірік терең ой жақсы Жаман қасиет қасиет рақым қанағат мақтаншақ бекер мал шашпақ Балалар , жаман қасиеттер туралы қандай мақал ─ мәтелдер білесіңдер ? Өтірік сөз өрге баспас . Өтіріктің құйрығы бір ─ ақ тұтам . Жалқау жатып бұйырады . Осы сыныпымызда бойында жаман қасиеті бар оқушылар бар ма ? Сабақты бекіту : Оқушыларға эссе жазғызу ( жақсы ; жаман қасиеттер туралы өз ойын жазады . ) Оқушылар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма ? Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер ? Үйге тапсырма беру : үйге 127 жаттығу , 141 бет Сабақ қорытындысы : Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау . Осымен ана тілі сабағымызды аяқтаймыз .

Әке шешем және мен

Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Әкем, шешем және мен!»
Түрі: Сайыс
Сыныбы: 1
Тақырыбы: «Әке, шешем және мен!» отбасылар сайысы

Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата - анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру.
Өтілетін орны: Спорт залы
Көрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, секіртпелер, ысқырық, уақыт өлшеуіш.

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар! Бүгінгі «Әке, шешем және мен» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

2 - жүргізуші: «Әке, шешем және мен» отбасылар сайысы – еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебімізде 1, 2, 3, 4 оқушылары мен белсенді ата - аналарымыздың арасында өткізгелі отырмыз. 4отбасы қатысады, соның біреуі ғана жеңімпаз болады.

Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
«ТОЛАҒАЙҒА»қатысатын
Отбасыларын шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
1 - топ: Әйтішевтер отбасы
2 - топ: Ботахановалар отбасы
3 - топ: Мақановтар отбасы
4 - топ: Төлеуқоңыровтар отбасы
Әр топ өз ұрандарын таныстырады.

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Психолог - Мурсалимова. Т
2. Өзін - өзі тану мұғалімі - Зиятова. М
3. Бастауыш сынып мұғалімі - Ерболова. Ә
Спорттық сайысымыз балдық жүйемен бағаланады.

1 - жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана шаңырақтың негізгі ірге тасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасаң зор.
2 - жүргізуші: Спорт - денсаулық кепілі десек, «Әке, шешем және мен» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Бүгінгі сайыстың бағдарламасы 9 кезеңнен тұрады

1 - кезең: «Кедергілер арасымен жүгіру»
Шарты: ортада құрылған фишкалардың арасымен өтіп жүгіріп барып келуі керек. Ойын кезінде фишкаларды құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт.
Әділқазылар алқасы 1кезең бойынша бағаларын беріңіздер.

2 - кезең: «Егін егу, егін жинау»
Шарты: Картопты егеді, жинайды
Әділқазылар алқасы 1кезең бойынша бағаларын беріңіздер.

3 – кезең: Қапшықпен секіру
Әділқазылар алқасы 1кезең бойынша бағаларын беріңіздер.

5 - кезең: Скакалкамен секіру»
Әділқазылар алқасы 1кезең бойынша бағаларын беріңіздер.

6 - кезең: «Ракеткамен шарикті апару»
Шарты: Шарикті түсірмеу керек
Әділқазылар алқасы 6 кезең бойынша бағаларын беріңіздер.

7 - кезең: «Кім жылдам.»
Шарты: Допты аяқтың ортасына қысып жүгіру»
Әділқазылар алқасы 7 кезең бойынша бағаларын беріңіздер.

8 - кезең: «Арқан тарту»
Шарты: Әр отбасы бір - бірімен күштерін сынасады
Әділқазылар алқасы 8 кезең бойынша бағаларын беріңіздер.

9 - кезең «Қара жорға»биі
Әділқазылар алқасы 1кезең бойынша бағаларын беріңіздер.

Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады, - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі..
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет
«Толағай» әні

Мақсаты:

Оқушыларды отаншылыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне,

өз еліне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыру,

дұрыс бағыт- бағдар беру , өз елінің тарихын сыйлауға

үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

  • Қанатты сөздер жазылған плакаттар
  • Желтоқсан құрбандарының суреттері

Тәрбие сағатының түрі:

Салтанатты линейка

Тәрбие сағатының барысы:

- Тәрбие сағатының ашылуы;

- Желтоқсан, Тәуелсіздік туралы өлең оқу;

- « Атамекен» әнін орындау

Қазақстан Респуликасының әнұранын орындау

«Қазақстан менің елім»

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі сал-

танатты линейка Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналады.

1986 жылы желтоқсанда Қазақстанның жастары тәуелсіздік үшін күресіп, көтеріліске шықты. Көп жастар сол көтерілісте қаза тапты. Қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді, бірақ ешқашан

мойымады, күресе білді. Азаттың таңы туатынына кәміл сенді.

1991 жылы еліміз егемендік алғаннан бастап осы 16 желтоқсан

тәуелсіздік күні деп есептелді. Міне 23 жыл бойы біз тәуелсіздігімізді атап келеміз.

Дауылға желтоқсанның желі айналды,

Ашуға мінді Алатау кәрі, айбарлы

Күтпеген іс ақыры не болды деп

Күллі әлем Алматыға қарай қалды

Кезі емес жаугершілік аттан – аттан

Алаңның шеруі емес салтанатты

Қытымыр қыстың басы сол бір айда

Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.

1-оқушы:

ҮШ БАҚЫТЫМ

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

2-оқушы:

ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚҰРДАСЫМ!...

Тарих –кесіп кіндігін,

Халық – ашқан түндігін:

ТӘУЕЛСІЗДІК-

Құрдасым,

Біз – төліміз бір күннің....

3-оқушы:

ЖАН ДАЛА – ЖӘННАТ ДАЛА

Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қате болар

Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

Гүл дала – Қазақстаным.

Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,

Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.

Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан

Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.

Ән дала – Қазақстаным.

4-оқушы:

Отан

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің –тірегім,

Құшағында гүл атам.

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

5-оқушы:

Отан- сенің, ата-анаң,

Отан- досың, бауырың.

Отан- өлкең, астанаң,

Отан- аудан, ауылың.

6-оқушы:

Отан- тарих, Отан- тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан- өлең, Отан- жыр,

КөСабақтың тақырыбы: Әдептілік-әдемілік.

Сабақтың мақсаты: Әдептілік туралы білім беру,білімдерін жетілдіру .

Ой-өрістерін дамыту,сөздік қорын байыту.Әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.

2.Әңгімелеу.

Әр адамның әдептілігі оның сөзінен,көзінен,өзінен байқалады.Халық әдебі

«Сіз» деген сөзден басталады.Әдептілікті көрсететін сөздерге теңеу,балау

сөздер жатады.Мысалы:жаным,күнім,айым,алтыным,ботам,құлыным,

апатайым,көке,әпке,апа,аташым,ағатайым т.б.Көрген жақсылық үшін

«рахмет» айту да әдептілік .Кіші адамның үлкен адамға тіл алғыштығы-

әдептілік.

3.Мақал-мәтелдер айту,мағынасын ашу.

1.Әдепті бала-арлы бала,

Әдепсіз бала-сорлы бала.

2.Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергені.

3.Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

4.Әдепті бала өсірсең,ауылдың абыройы.

5.Әдепсіз бала ауыздықсыз атпен тең.

4. « Ізетті бала» өлеңін оқу.

Ерлан қандай елгезек,

Берді ағайға жол кезек

-Ағай,ғапу етіңіз !

Алға қарай өтіңіз!

-Оқасы жоқ ұланым,

Ізетіңмен ұнадың !Деп ағай да ,Ерланды

Жақсы көріп нұрланды.

5.Бекіту.-Әдепті бала деп қандай баланы айтамыз?

-Әдепсіз деп ше?

6.Ән « Мен әдепті баламын»

7.Қорытындылау

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын – халық мұрасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы,

оның атадан балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып

отырғандығы туралы мағұлмат беру

Дамытушылық - Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде

көрсетіп, қызығушылықтарын арттыру

Тәрбиелік - Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл

қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай

түсуге тәрбиелеу

Қолданылған көрнекіліктер:Ұлттық ойын түрлері салынған сурет, ұлттық ойынға байланысты буклет, музыкалық аспап

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

1. Оқушылардың сабаққа назарын аудару

Кіріспе сөз:

-Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай –

қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды

мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары.

- Дұрыс айтасың,бүгінде ойынды адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына

сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан – жай емес. Бұрын ел қорғаушы

батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы

шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлт ойындары

осылайша атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған. Ойын

тек адамның дене күш – қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа дәлдікке т. б.

тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл – ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп

пайдасын тигізеді.

-Манашыұлы Тұяқпай жырында: «Балалар ойнайды, ойнап жүріп ол бала кеудеге

ақыл ойлайды» - деп түйіндейді.

Бұдан көретініміз ойын тек көңіл көтеру мен ермек үшін жасалмаған, қайта

халықтың жазу өнері әлі дамымаған, оқу орны болмаған кезде өз ұрпатарын өмірге

әзірлеу мүмкіншіліктерін пайдаланатын іс – әрекет қызметін атқарған.

-Ал, балалар қандай ұлттық ойын түрлерін білесіңдер?

Балалар: көкпар, күрес, теңге алу, жамбы ату, аударыспақ

-Дұрыс айтасыңдар. Бұл ойындарда қандай мінез – құлықта болуды қажет етеді деп

ойлайсыңдар?

Балалар: -өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, табандылықты, тапқырлықты

-Олай болса балалар келесі кезекті ойын ережесімен таныстыруға берейік

-Азамат, қандай ойын түрімен таныстырасың?

-Гүлназ,қандай ойын түрімен таныстырасың?-Алтынбек, өзін өткізетін ойын ережесімен таныстыра қой.

-Ұлпан,қандай ұлттық ойынмен таныстырасың?

-Аяулым,балаларды қандай ойын ойнауға шақырасың?

Ерхан:

-Қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері бар. Бұл ойындар бос уақытты

көңілді өткізуге, денсаулықты шыңдай түсуге, халқымыздың әдет – ғұрпын, салт –

санасын біліп өсуге, тілді дамытуға көп жәрдемдеседі.

-Осындай ойын түрлерінің бірі – жұмбақ айту. Бұл ойын – қол бос кездің бәрінде

айта беруге болады. Жұмбақ айту ой – өрісті кеңейтуге, сауатты молайтуға үлес

қосады. Оның шешуін табуда бала ізденеді, сұрайды, ойланады.

-Кәне, олай болса біз де осы ойынды ойнап көрейік.

Жылға дер ем ақпайды

Жылан дер ем шақпайды (Арқан)

Алты аяқты, төрт көзді

Екі ауызды, бір сөзді

Ынтымақты ел кезді ( Ат мінген адам)

Көліксіз өмір сүрмейді

Ғұмыры жаяу жүрмейді (Ер тоқым)

-10-ға толған батырмыз

Ұзарады ойымыз

Толысады ойымыз

Кел,кәнекей,келіңдер

Жалғасады ойынымыз- дей отырып ойын ережесімен таныстыруды

жалғастырайық

-Азамат,қандай ойын түрімен таныстырасың?

-Айдын балаларды қандай ойынға шақырасың?

-Нариман,қандай ойын түрімен таныстырасың?

-Меруерт ,қандай ұлттық ойынмен таныстырасың?

-Елдос ,балаларды қандай ойын ойнауға шақырасың?

-Бүгін ,міне, ойын ережесімен танысып, сол ойындарды ойнай отырып,Біздер шымыр,жүйрік те

Ойынменен шынықтық

Еп қана емес бірлік те

Керек екен соны ұқтық-деп айтымыз келеді,

Қорытынды сөз: Сонымен ұлт ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен

бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан

оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойын адамның

алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, өміріне ұштаса

береді. Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес. Ойын

дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол баланың рухани сезімі

жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған ортаны тану арқлы түсінік алады. Ойын

дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен

қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір

тынысы

Сабақтың тақырыбы: Жылқы – малдың патшасы.

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға жылқы малы туралы түсінік беру, оның адамға пайдасы, одан алынатын өнімдер мен оның кадір - касиеті жайлы әңгімелеу.Жылқы малының әбзелдері туралы,олардың жасалыну жолдары туралы түсіндіру. Ата кәсіпті сүюге, еңбекшілдікке,төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Саяхат сабақ.

Сабақ әдісі: топтық, жеке

Көрнекілігі: слайдтар, интернеттен алынған суреттер.

Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе: -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Жыл мезгілі көктем. Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?(Көктем мезгілінде құстар ұшып келеді,мал өріске шығып,айнала жасыл желекке

айналады,мал төлдейді.)Көктем мезгілі несімен қызықты?( Көктем келгенде қазақтың ұлы

мейрамы наурыз мерекесін тойлаймыз,ол мерекеде көптеген ойындар ойнатылады.)

- Балалар сол ойындардың ішінен қандай ойындар ұнайды?( Аударыспақ, қыз қуу,көкпар.)

-Ал ,қанекей осы ойындарды ойнау қандай малмен байланысты?( жылқы малымен) Ендеше балалар, жылқы малы туралы бүгінгі сабағымызда толығымен танысамыз.Олай болса жылқы малына мініп бізде саяхатқа аттанайық.Мына жайлаудың өрісі кең,жанында жайылып жүрген жылқылары да бар екен.Бұл кімнің үйі екен?- балалар.Бәріміз кіріп көрейік. Бұл бізде Абай атамыздың ордасы,ішінде Абай атамыз отыр екен.

Абай Құнанбаев «Жазғытұры» өлеңінен үзінді оқылады.

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Абай атамыздың өлеңінен көктем мезгілі туралы білдік,Абай атамызға кедергі болмай, әрі қарай жолға шығайық.Балалар,жол қысқарсын,олай болса сіздермен бірге сұраққа жауап берейік, білесіздер ме,жылқы малының пайдасы бар ма?( Ол қасиетті жануар. Оны көлік ретінде пайдаланамыз, мінеміз. Сүті, еті, терісі

пайдалы. Сүтінен қымыз жасайды. Ол сусынның емдік қасиеті бар.Жылқы бағатын адамды жылкышы дейді. Балалар сіздер білесіздер ме?- Жылқы малының тері жылан уын қайтаруға таптырмас ем. Жылан шаққан адамға жылқының терін ішкізсе у- дың күшін қайтарады.)- Ал балалар мына қырдан асып түссек Жаяу Мұсаның жайлауына аялдаймыз. Олай болса, балалар, Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әнін тыңдайық.

Ән тыңдап сергіп қалдық па?- балалар.Олай болса жолға жиналайық. Балалар,жылқы малынан алынатын өнімдерді атаңдар?(Қымыз,қазы- қарта,жал-жая.Ол өнімдердің емдік қасиеті бар) Ал , балалар көк шалғын, жасыл желекке оранған ақ боз үйге кірмесек болмас, бас сұғып, амандасып кетейік. Бұл үйде он саусағынан өнері тамған атақты ершінің шеберханасы екен, онда қандай бұйымдар бар екен ,көрейік. Ал, балалар шеберханада ат әбзелдері жасалады,танысып көрейік. Ертоқым жасайтын адамды қазақта –ерші деп атайды.

-Ноқта – атты бұлтарыссыз, тырп еткізбей, толық және түпкілікті бағындыратын жүгенге қарағанда құрылысы қарапайым жабдық түрі.

- Жүген – ауыздық, екі сулық, екі шаужай, тізгін, шылбыр, екі жақтау, кеңсірік, екі сағалдырық, желкелік, милық деп аталатын жабдықтардан тұрады.

- Жүген – атты басқаруға, асауды үйретуге, адамның ырқына көндіріуге арналған әбзел. Адамзат жылқыны алғаш қолға үйрету кезеңінде шыққан ер-тұрман жабдықтарының ең алғашқысы деп айтуға болады.

- Терлік – тоқымның астына салу үшін қойдың жабағы жүнінен жасалады. Шеттерін былғары болмаса матамен көмкереді. Терлік өз атына сай тер сіңіру және аттың арқасына ердің қапталы батпау үшін қажет.

- Өмілдірік – ер-тұрманның ең бір күрделі және маңызды жабдығы.Тауға шыққанда тоқым ат арқасынан кейін сырғымау, ерттеген жерінен қозғалмау үшін істелген жабдық-құрал.

- Тоқым – аттың арқасына, ер батпас үшін салынатын нәрсе. Киізден сырылып, айнала жиегін шұға, барқыт сияқты маталармен көмкеріп жасайды.

- Құйысқан – өмілдірік сияқты ер-тұрманның көне замандардан келе жатқан жабдығы. Салт атты адам еңіске жүргенде, таудан түскенде ер аттың мойнына кетпес үшін тағылатын тұрман.

- Үзеңгі – атқа міну үшін қолданылатын және аяқтың талмауы үшін жасалған жабдық.

- Үзеңгілік – үзеңгі бау өткізуге арналған екі қапталдағы тесік. Үзеңгілік екі қапталдың астыңғы шетін ала тесіледі.Ал, балалар, шеберге сәттілік тілеп,сапарымызды әрі қарай жалғайық.Мынау ауылда той болып жатқанға ұқсайды, не деген той , үлкен жыйынға келдік, бізді тосып тұрған жеңгемізге қарап саяхатымыз сәтті болатын секілді.

Бұл асқа арналып торы дөнен мен жирен бесті сойылыпты ,көкпар ойыны мен қыз қууға қатысуға келген қонақтар жылқының жорғасын,жүйрігін ,бәйгеден оза шабатын арғымақ тұлпарларын қосқан деп – ағаш үй

ішіндегі көпшілік дуылдасып жатыр. Олай болса ,балалар, жылқыны жасына ,атына,түсіне қарай бөлуге

болады. 1.Жылқыны жасына қарай:құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті деп

бөледі. 2.Жылқыны түсіне қарай карай: торы, көк, жирен, күрең деп атайды.

3.Жүйрік аттарды қарай : сәйгүлік, саңлақ, тұлпар, арғымақ деп атайды.

4.Жылқының жүйрігі, жорғасы, аңшылық, желігіші, жүктартқышы болады.

Сергіту сәті: Балалар тойды қыздыратын аттың үстінде ойналатын ойындар емеспе? Мына жерде көкпар тартып , бүркіт салып жатса ,біз қыз қуу ойынын ойнайық.(Оқушылармен қыз қуу ойыны ойнатылады) .

Сабақты қорытындылау:

1-тапсырма . «Жарнама».

Қазы, қарта, жал, жая,

Сүр ет, шұжық балдай, ә?!

Қақтыратын таңдайды

Бал қымызы қандайды!

1. Жылқы малынан алынатын емдік сусын – қымыз.Ол өкпе ауруына қарсы таптырмас ем.

2. Жылқының еті асқазан, ішек ауруларын жазуға көмектеседі. Оқушылар жылқыдан алынатын өнімдерді жарнамалайды.

2. Топтық жұмыс.Оқушыларды 3 топқа бөлу.

1 топқа:

Жылқы малының пайдасы?

2 топқа:

Жылқы малынан алынатын өнімдер және оның пайдасы?

3 топқа:

Жылқы малын жасына, түсіне қарай жіктеңдер? Оқушылар жауаптары

тыңдалады.

Ендеше ,балалар ,«Бата менен – ел көгерер, жаңбыр менен – жер көгерер»

демекші батаға кезек берейік.

Мал өсірсең –жылқы өсір

Өнімі оның көл көсір,

Мінсең көлік, ішсең ас,

Емдік қасиеті арылмас.

Мінекей, балалар жылқы малы туралы оқып таныстық. Қазақ халқының көнеден келе жатқан әбзелдеріне талғаммен қарап, ықылас қойып, қадірлегеніміз жөн. Ат әбзелін жасай білетін ісмерлік, ұсталық шеберлігі

бар ұрпақтар өсе берсін!

Тақырыбы: «Сынып үздігі»

Мақсаты: Оқушылардың әр пән бойынша алған білімдерін тексере отырып, білім – білік дағдыларын байқау, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту. Ана тілін сүюге, аталы сөзді түсінуге үйрету. Елін, жерін қастерлеп, қорғауға тәрбиелеу.

Мұғалім: Жер үстінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменнен аспанға жол салынар.

Қазір сіздер осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсететін «Сынып үздігі» атты интеллектуалды ойынымызды тамашалайсыздар.

Ал, келіңдер, келіңдер,

Біріңе – бірің еріңдер,

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер

(Ойынға қатысушы оқушыларды ортаға шақырамыз)

Қатысушы оқушылар:

1- топ оқушылары

2 - топ оқушылары

Осы аралықта алған білім дәрежемізді өлең – жыр, жұмбақ, мақал – мәтелмен өрнектеп барымызды ортаға салайық. Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.

«Сынып үздігі» атты интеллектуалды ойынымыз 5 бөлімнен тұрады.

1. «Бәйге»

2. «Тіл өнер»

3. «қызықты бестік»

4. «Тапқырлық»

5. «Жорға»

Сайысқа қатысатын оқушыларға іске сәт!

1 – бөлім: «Бәйге». Бұл бөлімде 20 сұрақ қойылады. Сол сұраққа ең

бірінші қол көтерген оқушы жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 балл

1. Адамдардың қатынас құралы? (тіл)2. Ең кіші бір таңбалы сан? (1)

3. Сұйық зат? (Су)

4. Қазақтың үш биін ата? (Әитеке, қазбек, Төле)

5. Бір жылда неше күн бар? (365-366)

6. Сөйлеудің қандай түрлері бар? (ауызекі, жазбаша)

7. Ғарышқа ең алғаш ұшқан кім? (Юрий Алексеевич Гагарин)

8. Қар қай мезгілде түседі? (Қыста)

9. Қазақстан Республикасының президенті? (Н. Назарбаев)

10. Біздің туда не бейнеленген? (қыран, ою, күн)

11. Жер бетінің өсімдік өсетін қабаты? (Топырақ)

12. Қой маңырайды, сиыр. (Мөңірейді)

13. Тасымалданбайтын сөздерді ата? (от, тау, су, ай ою)

14. Жемістер қай мезгілде піседі? (Күзде)

15. Қазақстан Республикасының астанасы? (Астана)

16. Екі өркешті жануар? (Түйе)

17. Адамға қажетті бес нәрсені ата? (ауа, жарық, жылу, тамақ, су)

18. Жаяу жүргінші бағдаршамның қай түсі жанғанда жүреді? (Жасыл)

19. Табиғат құбылыстарына нелер жатады? (боран, жаңбар, аяз)

20. Қағаз неден жасалады? (ағаштан)

Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.

2 – бөлім: «Тіл өнер»

Бұл турда оқушыларға 14 сұрақ қойылып, дұрыс жауапты екі тiлде

яғни, қазақ, орыс, ағылшын тiлiндегi аудармаларын айтады. Дұрыс

жауапқа 10 ұпайдан қосылады.

1. Қолымды 4 алма,

Табақта 1 алма,

Барлығын қосқанда

Болады неше алма? Жауабы: бес – пять - five

2. Әкеңнің анасы саған кім болады? Жауабы: әже – бабушка -

grandmother

3. Сылдыр сұйық, су емес,

Iшсең шөлiң қанады.

Ақ болса да, қар емес.

Шешуiн кiм табады ? Жауабы: сүт – молоко - milk

4. Аң патшасы? Жауабы: арыстан – лев – lion

5. Жылы киім тон

“Т” алып тастап

Не деп айтқан жөн? Жауабы: он – десять –

6. Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. Жауабы: кiтап – книга – book

7. Білімнен мол сый – асы,

Балғындардың ұясы. Жауабы: мектеп – школа – sсhool

8. Мектептің жүрегі кім? Мұғалім- учитель-тиче9. Алуан түрлі із салғанмен,

Өзінен де пайдалысы – өзегі. Жауабы: қарындаш – карандаш – реncil

10. Тіл ұшында уы бар

Ол не екенін біліп ал. Жауабы: жылан – змея – snake

11. Тәтті жеміс? Жауабы: алма – яблоко - apple

12. Он асықтың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы, сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады? Жауабы: жеті – семь - seven

13. Бұл кім?

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған? Жауабы: ана – мама – моther

14. Алманың түсі? Жауабы: қызыл– красный – red

Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.

3 – бөлім: «Қызықты бестік»

Әр пән бойынша сұрақтардың дұрыс жауабын атау керек?

30

Дүниетану

10

математика

30

Қазақ тілі

30

Әдебиеттік оқу

20

Әдебиеттік оқу

10

Бейнелеу өнері

20

Дүниетану

10

Дүниетану

1. Математика 10.

Барлығы 63 сәбізді 9 қоянға нешеден бөліп беруге болады? (7)

2. қазақ тілі 30

Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2)

3. Әдебиеттік оқу 30.

Қандай батырларды білесің?

4.Дүниетану 20.

Біздің облысымыз қалай аталады?

5. Бейнелеу өнері 10

Табиғатты бейнелеу қалай аталады? Пейзаж

6. Дүниетану 10

Мамандық түрлерін ата.

7. Дүниетану 30.

Көкжиек тұстарын ата

8. Әдебиеттік оқу.

ҚР Мемлекеттік әнұраның авторларын ата. ( Жұмекен Нәжімеденов, Н.

Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов)Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.

4- сынақ«Сөз шебері» Әр ойыншы қалауы бойынша бір өлеңді

мәнерлеп жатқа айтады

Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.

5 – бөлім: «Жорға»

Бұл турда ұпайы көп қалған екi оқушыға жеке-жеке 1 минутта 10 сұрақ

қойылып, дұрыс жауапқа 10 баллдан ұпай жинайды.

1 – оқушы

1. Қыс айларын ата? ()

2. білім ордасын ( мектеп)

3. сөзге шебер адамды кім Дейді? шешен

4. Суда еритін заттар? (Қант пен тұз)

5. Тау сөзіндегі у дыбысы қандай дыбысқа жатады? (Дауыссыз)

6. Сөйлем нені білдіреді?

7. Қазақстан Ресубликасының мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)

8. Мұз бен қар судың қандай күйіне жатады? (Қатты күйі)

9. күй орындаушы кім? ( күйші)

10. 16 желтоқсан қандай күн? (Тәуелсіздік)

11. Ұя салмайтын құс? Көкек

12. Сиырдың пірі –Зеңгібаба

13. Көру мүшесі

14.Жылқыға жұранақ жалғанса, кім болады? Жылқышы

15.Саусаққа тағатын бұйым? Сақина

2 – оқушы:

1. Сұраулы сөйлемнен кейін не қойылады? (сұрақ)

2. Домбыра сөзінде неше буын бар? (3 буын, дом – бы – ра)

3. Балаларға білім беретін кім?

4. Суда ерімейтін заттар? (Құм мен саз)

5. Ту сөзіндегі у дыбысы қандай дыбысқа жатады? (Дауыссыз)

6. 7 ондық, 8 бірлік нешеге тең? (78)

7. Топырақтың ең басты қасиеті? (Құнарлылығы)

8. Кіта.. . көп нүктенің орнында қандай әріп қойылады? (п)

9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)

10. 1 қыркүйек қандай күн? (білім)

11. Суретші ата кім?

12. Қой атасы

13. оқушы айнасы

14.Қазақстанда қанша облыс бар?

15. Зиянды әдеттер

Мұғалім: «Сынып үздігін» марапаттау

Бастауышта оқиды,

Ойға білім тоқиды

Бұлар бізден жалындар

Ертеңгі ірі ғалымдар

Алдыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар

Қиындыққа мойымай

Аман – есен болыңдар.

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты аяла да бағала.

Мақсаты : а) оқушыларды жердің қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық жасай білуге , жанашырлық сезімге баулу, табиғат жөніндегі ой – өрістерін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, тілін дамыту. Табиғат ажарын сақтап, оған қамқор болып қамқорлық жасайтын қорықтар туралы танымдарын арттыру. Табиғатты сүйе білуге оны қорғауға, ұйымшылдыққа, аялауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, мақал – мәтелдер .

Сабақтың барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі. Құрметті қонақтар, ұстаздар! Сіздерді жылдың тамаша мезгілінің келуі қарсаңындағы 4 – сыныптың оқушыларының ұйымдастыруымен болатын «Табиғатты аяла да бағала» атты тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер.

Табиғаттың сұлулығында шек жоқ. Адам табиғатты барынша аялап, қамқорлық көрсетуі керек. Адамның табиғатқа сарқылмас байлық деп қарауы табиғи ортадағы тепе – теңдіктің бұзылуына жол береді. Мұның келеңсіз әсері соңғы он жылдықта күшейіп, енді адамзат экологиялық мәселелрді шешуді белсенді түрде қолға алды. Түрліше табиғат қорғау ұйымдары құрылып, қоғамдық акциялар ұйымдастырылуда , қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар шығарылуда. Табиғатымыз – адамға баға жетпес байлық. Бүгінгі сабағымызда табиғат анамызды қамқорлау қажеттігі туралы әңгімелейміз.

Ұлпан: Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімі мен шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана.

Оқушылар топқа бөлінеді.

1 – топ: «Отан»

Ұраны: «Отан оттан да ыстық»

2 – топ: «Сулы жер – нулы жер»

Ұраны : «Су – табиғат айнасы»

1 – топ . «Отан»

Азамат:

Туған жер – алтын бесік , асыл анам,

Ауаңмен , ақ сүтіңмен асыраған.

Мендағы ұлың едім өзің тектес

Алысқа нәсібі шашыраған.

Гүлназ :

Жаралған Жер – ана зыр айналып ғаламды.

Арқасына қондырып , аялаған адамды

Адам жердің етене сүйініші, тынысы

Әсте ана баласын жаман болсын дерме екен,

Сол секілді адамды аялайды Жер мекен.

Ерхан: Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп – өнер мекені.

Айдын:

Адамдар, жер сенің аяулы бесігің,

Осы жер үстінде аштың сен тіршіліктің есігін.

Онымен кіндіктес жаның да, қаның да,

Жер жаһан аялап тұр алақанында.

Ұлпан: Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміңе ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі.

Ұлжан:

Табиғат әсемдіктің төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Жан – жануар табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай бар тынысын.

«Отан» туралы әнді топ мүшелері айтады.

2 – топ. «Сулы жер – нулы жер»

Ерхан: Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су. Балалар, сендер су туралы қандай мақал – мәтелдер немесе тыйым сөздер білесіңдер? (Топ мүшелері су туралы өздері білетін мақал – мәтелдердің немесе тыйым сөздерін айтады). «Сулы жер – нулы жер», «Су – табиғаттың айнасы», «Су біткен жерде өмір де бітеді», «Судың да сұрауы бар» т.с.с.

Алтынбек:

Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емеспе?!

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол – ақиқат,

Күміс су қара жердің сәні емес пе?!

Ұлпан: Соңғы жылдары өлкеміздегі көптеген өзен, көл суларын қалай болса солай пайдаланудың салдарынан олардың қоры азайып, ластану өріс алуда. Бір кездегі үлкен әрі тұнық Сырдың қазіргі кездегі халыққа айтар өкпесі де бар.

Ақкүміс: Жайық өзені 2428 шақырымға созылады. Оның бойы табиғи байлықтың көзі болып табылады. Жайықтың қойнауы мен суларында 450 – ден астам жануарлар, 50 – ге жуық балық түрлері, 345 құс түрлері және 1200 ден астам өсімдік түрлері өседі. Өзеннің өн бойында 383 – тен астам су тартатын қондырғыштар бар. Олар Жайық суының деңгейін төмен түсіруде.

Ерхан: Табиғатта «қастерлі нүктелер»өте көп. Соның бірі – Каспий теңізінің экологиясы.

Елдос: Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің экологиясының бұзылуына «Теңіз газ» кешені үлкен әсерін тигізіп отыр. Тасқын су кейін қайтқанда өзімен бірге мұнай қалдықтарын теңізге алыпкетеді. Ол Каспий суының экологиясына әсер етіп отыр. Каспийдің бекіре, шоқыр , қортпа, балығының денелерінен аурулар табылды. Теңіз суының құрамы бұзылды.

Ұлпан: Табиғатқа қамқорлық жасау әрбір азаматтың абыройлы міндеті әрі парасатты парызы.

Азамат: Арал теңізі өзінің үлкендігі жөнінен дүние жүзінде төртінші, ал ТМД елдерінде екінші орын алады. Оның жалпы ауданы – 64,5 мың шаршы км. Ондағы судың көлемі 1000 текше метрден асады. Арал теңізінің суының тартылуы сол аймақтың халық шаруашылығына және табиғатына үлкен зиянкелтіруде. Ертеректе Аралдан жылына 500 мың центнердей бағалы балық ауланғаны белгілі. Аралдың айдынды арнасынтолықтырып, толқынын тулатып жататын Әмудария мен Сырдария өзендерінің қазіргі күні де күйзеліске соқтырып отыр.

Аяулым:

О, табиғат, тіршілікке бесік болған мекенім,

Құшағынан нәр алып, мұратыма жетемін.

Алақанмен аялаймын ұл қызымдай үйдегі,

Азаматтық борышым – қорғаушың болып өсемін.

Өсімдіктер әлеміне саяхат.

Міне, қызық!

Өзінің биіктігі мен мықтылығы жағынан талай ағашыңнан асып түсетін бір шөп бар. Оның сабағынан қармақтың сабын, шаңғының таяғын жасайды. Бұл өсімдіктің аты – бамбук. Дүниедегі ең биік шөп –осы. Жас бамбук күніне жарты метрдей өседі. Бірақ мұндай қарқын онша көп уаөытша созылмайды, бар –жоғы 40 күн ғана, әйтпесе ол көкпен таласып бұлтқа да жеткен болар еді. Ол ауа райы ыстық Шығыс пен Кавказдада бар.

Дүние жүзіндегі ең биік ағаш – алып Эвкалипт. Ол ағаш Австралияда өседі. Биіктігі 100-110 метрге жетеді. Баяғыда бір кедей адам осы ағаштың әбден қурап, омырылып қалған біреуінің түбірінен ойып, отбасына үй жасайды, түбірдің ішіндегі қуыстың кең болғандығы сондай, тіпті ат қорасын да соның ішіне салыпты дейді.

Үндістан мен Индонезияда тағы да басқа тропиктік елдерде нан ағаш өседі. Әрине оның бұтақтарында тоқаш та, бөлке нан да салбырап тұрмайды, алайда пішіні домалақ, әрқайсысының салмағы 30 кг-дай ап –ауыр жемістері болады. Жергілікті тұрғындар бұл ағаштың жұмсақ етін күлге көміп, күлше пісіреді, оның дәмі нағыз нанға ұқсайды.

Шұжық ағашының ұзындығы жарты метрдей, әр жемісі сыртқы түрі жағынан кәдімгі шұжыққа ұқсас, бірақ амал қанша, ол жемістер жеуге жарамайды.

«Кім шапшаң?» ойыны.

Жұмбақтар шешу.

1. Мәңгілік жасыл ағаш (шырша).

2. Көктемде ақ гүлге оранады,

Күзде қолға доп болып оралады (алма).

3. Қандай өсімдіктерді жыртқыш өсімдіктер дейді?(шыбынжұт, шыншылдық)

4. Өсімдік бір жерден екінші жерге қалай таралады (жел, су, жануарлар арқылы)

5. Майды қандай өсімдіктен алуға болады (күнбағыс, зығыр, мақта)

6. Дауылға нық күшті,

Ағаштың мықтысы (қарағай)

Ой –толғау кезеңі. Қазақтың ұлттық ойыны «Орамал тастамақ».

Мен қазір орамалды қай топқа тастасам, сол топтың оқушылары сұраққа жауап береді.

Егер сен ақын болсаң ... ... ....

Егер сен қоршаған ортаны қорғау министрі болсаң ... ... ...

Егер сен сазгер болсаң ... ... ...

Егер сен суретші болсаң ... ... ...

Егер сен әнші болсаң .... .... ....

Қорытынды:

Иә, балалар, табиғат туралы әсем сөздер айтылды. Адам да табиғат перзенті. Сондықтан да туған еліміздің, жеріміздің табиғатын, байлықтарын қорғау, баршамыздың міндетіміз.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 38- бабы «Қазақстан Республикасының азаматы табиғатты қорғауға және оның байлығын сақтауға міндетті» деп жазылған. Әйгілі Қорқыт атамыз: «Қара тауларың құламасын, саялы ағаш сынбасын» деген. Бұл айналаңдағы табиғат байлықтарын аялай біл дегені. Табиғат сенің саялы бесігің, аяла,қамқорлыққа ал, қорғаныш бол, тазалығын сақта!

Тақырыбы:Дені саудың –тәні сау

Мұғалім: Адамның денсаулығы –қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының

мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау, адамның көіңіл-күйі көтеріңкі

болып еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз дені саудың-жаны сау деп

орынды айтқан. Отанымыздың келешегі,көркеюі. Балалар сіздердің қолдарыңызда.

Сондықтан сендердің таңдауларың –салауаты өмір салтын сақтау. Біздің өмірімізді

жарық қылатын ,жан жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өірдегі басты байлық не

деп ойлайсындар?

Оқушылар : Денсаулық

Мұғалім : Бүгін біз сендермен ұшқыш кілемге отырып, бірнеше патшалықтарға

саяхат жасаймыз. Саяхатқа шықпас бұрын, бүгін біздің сабағымызға қонақ келіп

отыр. Сол қонағымызды қарсы алайық.

Жер ана: -Сәлеметсіңдер ме балалар

Оқушылар: - Сәлеметсіз бе, Жер ана

Жер ана: -Күніміз ашық болсын

Жеріміз кең болсын

Ауамыз таза болсын

Суымыз тұнық болсын

Гүліміз жақсы өссін

- Балалар, сендер саяхатқа шыққалы жатыр деп жақсы хабар естідім

Сәт сапар тілеймін.

Мұғалім: Ал балалар кәне бәріміз ұшқыш кілемге отырып, бірінші патшалыққа

барайық.

Ол бізде- “Тазалық патшалығы”

- Өмірде, тұрмыста тазалықты сақтау адамның денсаулығына өте қажетті

жағдай. Әр түрлі жұқпалы аурулар адамға микробтар арқылы таралатыны

және одан микробтар кір-қоқысты жерлерде өсіп-өніп, шаң-тозаңмен бірге

көтерілетіні баршамызға белгілі . Сондықтан тазалық талапқа сай болуға

тырысуы керек.

- Шығып тазалық жайлы тақпақтарымызды айтайық.

Ұлжан: Жақсы бала құлақ сап Жақсы бала ол анық ,

Айтқаныңды ұғады. Істемейді шалалық.

Төсегінен тұра сап, Тап-таза боп жуынып,

Таза ауаға шығады. Алады өзі таранып.

Айдын:

Еріншектік салақтық Еріншек таза жүре алмас

Салақтықтан-надандық Кір қолын да жуа алмас

Бірінен-бірі туады Қарекет жоқ, ғылым жоқ

Жоғалар сқйтіп адамдық Өз бойынан ұялмасӘйгерім:

Мен айтайын тақпақ Атқаратын қомақты

Алғың оны жаттап Ауыз қуыс ісі бар

Тісіңді жу, тазарт Ұсататын тамақты

Маржандай болсын аппақ Отыз екі тісі бар

Ақкүміс:

Тіс болмаса Кішкене де ыңғайлы

Асты қалай шайнарсың Тіс щёткасын пайдалан

Тісті күнде екі рет Тазалауға болмайды

Тазартуды ойларсың Щёткасымен басқа адамның

Әдет қыл бұл ісіңді

Тазалап жүр тісіңді

Аружан:

Аяқ қол көмекші Соңында қол жу

Күт оны ерекше Жояды кір су

Қол жиі ластанар Аяқ қолды кірлетпей

Сондықтан істің әр Тырнағыңды алып жүр

Мұғалім: Жұмбақ шешу

1. Иілсен иіліп 4. Отыз екі мықты

Шүйілсен шүйіліп шықты Қаз қатар болып

Қарайды кісіге Он алтысы асты

Ұқыпты ісіңе Он алтысы үсті

Бұл не? ( Тіс)

( Айна)

2. Ертемен күнде сен 5. Шомылған баланы

Қолың сүйкесең Аймалап аладыКетіп кір, ласық Сүртеді қолын да

Тап-таза болсың Сүртеді жонын да

Бұл не? Бұл не?

( Сабын) ( Сүлгі)

3. Күндіз шешінеді 6. Көпіремін,

Түнде киінеді Лепіремін

( Киім ілгіш) Кірің болса кетіремін

( Сабын)

7. Суда жүзер кеме емес

Кемеден ол кем емес

Істегенін жөн істер

Жүрген жерін тегістер

( Үтік )

Ойын: Дәрумендер

Қолыңдағы жемістің АВСДЕ дәруменге тиісті екенін табу.

Мұғалім: Өте жақсы Дәрумендер патшалығынан көп нәрсе үйрендік деп ойлаймын.

Ендеше ұшқыш кілемге отырып, келесі патшалыққа барайық. “Дұрыс тамақтану”

патшалығы .

- Ас адамның арқауы

Деген сөз бар ежелден

Бойдан сіңіп тарауы

Үшін керек ереже

Тамақты ішсең күнде сен

Белгілі бір мезгілде

Таңертең, түс, түстен соң

Жатар алды кезінде.

Тамақтанудың ережелері:

1. Артық тамақ жемеу

2. Жеңіл тамақ ішпеу

3. Тағамдарды толық және дұрыс шайнау

4. Майлы тамақтан тартыну

5. Өте тұщы және ащы тамақтан бас тарту

6. Ас ішерде асықпа

7. Ыстық тамақтан соң іле-шала суық тамақ ішкен зиян

8. Тәулігіне 4-5 рет тамақтану

9. Тамақ және піскен, жаңа дайындалған болу керек

10. Дастарқанаға тамақ ішкін келгенде ғана отыру керек

- Мақал - мәтел айту

Мұғалім: - Бүгінгі біздің сынып сағатымыз денсаулық туралы болады. Балалар өз

білімдерін ортаға салады. Балалар күн мен гүлден жаралған, ыстық сезім,шуақ содан

таралған. Тіршіліктің иесі Жер-ананы тыңдайық.

Жер ана: Балалар, адамның денсаулығынан асқан байлық жоқ.Сондықтан

денсаулықтарыңды сақтандар.

Мұғалім:Уау Жер – Ана! Дені сау ұрпақтын қалыптасуына тағы не керек?

Жер – ана: Денсаулығын мықты болу үшін тұрақты да мәнді өз күшінің болуы

немесе яғни бойды тік ұстау, дене жаттығуларын орындау, ақыл – ойды дұрыс

қалыптастыру, жерің мен табиғатынды қорғау керек. Ал мына 7 өсиетті естен

шығармаңдар.

- Ерте тұру

- Орта тазалығын сақтау

- Өзіңді таза ұстау

- Арттық тамақ ішпеу

- Жер ананы аялау

- Денені шынықтыру- Сергек жүру.

Салауатты өмір салтын ұстаныздар!

Қорытындылау:

Сабақтың тақырыбы: Өз құқығыңды білесің бе?

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Конститутциялық,азаматтық, әкімшілік, отбасылық,

еңбек, қылмыстық құқық негіздерінен қазіргі заман адамына ең

қажеттерін іріктеп ала білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды жаңа тақырыпты талқылауға, өз

бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін, ойлау қабілетінің

белсенділігін арттыру.

Дамытушылық: Заң сыйлағыш тұлғаны қалыптыстыру.

Сабақтың түрі: Тренинг – сабағы

Сабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, сынып ұжымын сабаққа бейімдеу.

Кіріспе сөз

Мұғалім: Қазіргі таңдағы еліміз тәуелсіздігін алып, оңы мен солын танып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылданған Конституциясы ел дамуының тұс бағдары болды десек қателеспейміз.

Мемлект дегеніміз белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты бар жалпы халықтық ірі ұйым десек, сол қазақ ұлтының төл конституциясының қабылданғанына 15 жыл толып отыр. Енді аздап тарихқа көз жүгіртсек қыпшақ халқындағы (Х-Х1 ғғ.) «Кодекс Куманикус» яғни кумандар заңдары, XVI ғ. «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты заңдар жинағы бұл қазіргі тәуелсіз қазақ елі Конституциясының бастамасы болып табылады. Ал ХХ ғ. өзінде КСРО құрамында болып тұрған кезде 1936 жылы 28 ұаңтарда және қазіргі қолданыста жүрген 1995 жылы 30 тамызда жүрген Ата заңымыздағы биліктің үш тармағының заң шығарушы (парламент), атқарушы (үкімет) және сот

қызметтері бір арнаға тоғыстырылып, саяси институттардың жұмысы әбден жетілдірілді және ең бастысы бұл Конституция адам және азамат құқықтарының қорғалуы жан – жақты қарастырылған орнықты құжат болып

отыр. Дүниежүзілік адамзат тарихының өткен кезінде көз бойлатып үңілсек, алғашқы адам құқықтары жайлы құжат 1644 жылы Англияда император Вильгельм Оранскийдің қаулысы «Адам құқықтар туралы билль» (қаулы,заң)қабылданды. Ал қазіргі заманғы адам құқықтары жайлы құжат яғни, «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ – ның шешімімен қабылданды. Адам және азаматтардың құқықтары, ерік бостандықтары терең қарастырылған құжат, бұл – өзіміз жиі айта беретін 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясы. Бұл кезге 200 жылдан астам уақыт өтсе де сол Конституция әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Соның жарқын дәлелі әрбір американдық азамат қайда жүрседе ел Конституциясы жазылған кітапшаны өз жандарынан тастамайды екен. Егер қндай да бір уақытта өз құқығы бұзылғандай жағдай болған жағдайда дереу өз заңды міндеттерін талдауға кіріседі екен. Яғни, олардың заңы бойынша Конституция алдында Президент те, қарапайым адамда бірдей құндылыққа, бірдей жауапкершілікке ие. Қабылданғанына 15 жыл толған қазақ елінің Ата Заңы бүгінге дейін жалғасып келе жатқан гуманистік (адамгершілік) принциптерге негізделген демократиялық қоғамды құрудағы өзінің адал дәстүрлерін алдағы уақытта әрмен қарай жалғастыра бермек.

«Құқық дегеніміз не?»

Оқушылар спикермен бірге 2 топқа бөлінеді. Топтың әр жауабынан кейін мұғалім өзінің толық жауабын оқу керек.

Сұрақ Жауап

1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не?

- Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара

2. Құқықтың қандай түрлері бар? - Жеке (азаматтық)

- Саяси- Экономикалық

- Әлеуметтік

- Мәдени т.б.

3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады?

- Туылғаннан беріледі

4. Оларды орындау үшін не қажет? - Міндеттерін орындау

5. Адамның негізгі құқығы? - Өз құқықтарын пайдалану құқығы

6. Құқық қашан және қайда пайда болды?

- Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады

7.Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық – деген не?

- Бостандық – бұл таңдау

8. Бостандықты не шектейді? Бостандық және өз қалауымен орындамалық – бұлар бірдей ме?

- Бостандықты шектеу әр адамның саналығында

№ 6. Жұмбақ

Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек,

Ондайлар отаныма өте керек.

Тәуке хан жазған екен заң жинағын,

Тапсаңдар болғандарың асқан зерек.

Жеті жарғы

Мерекең құтты болсын ұстаздарым,

Оқушы, келім – кетті бар достарым.

Тәуелсіздік заңының қаблданған,

Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық.

1991 жыл

Еліме білім керек, ғылым керек,

Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып.

Білесіңбе Нұрекеннің төл еңбегін,

Жазған екен болашаққа көзін тігіп.

Қазақстан – 2030

Жақсы ел шығарып заң игілікті,

Депутат заң шығарып билік қыпты.

Парламент палатасы нешеу екен,

Таба алсаң бұл жауапты игі екен.

Екі

Қорытынды

- «Бақытты өмір» - дегенді қалай түсінесіз?

- Бақытты өмір сұру үшін не істеу керек?

Сабақтың тақырыбы: Байлықтың атасы – еңбек.

Сабақтың мақсаты: жас ұрпаққа адам еңбегінің өмір сүру үшін қажеттілігін,бағалы байлық екенін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері: 1. Оқушыларға елбасының жолдауын түсіндіре отырып, денсаулықты сақтауға, білім алуға, еңбек етуге үйрету. Дербестікке, ұйымшылдыққа үйрету.2. Күнделікті күн реттелімін орындауға баулу, білім алуға, еңбек етуге тәрбиелеу.Салауатты өмір салтын сақтап өмір сүруге дағдыландыру.3. Сана – сезімін, жан – жақты ойлау қабілеттерін, мәдениеттілікті дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, мақал – мәтелдер.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, сахналау, талдау – жинақтау.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, еңбек.

Сабақтың барысы.

Алғашқы ұйымдастыру болімі.

Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру, топқа бөліп, топтардың аттарымен таныстыру.

1 – топ – дәрігерлер.

2 – топ – мұғалімдер.

3 – топ – кәсіпкерлер.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

«Қазақстан - 2030» бағдарламасы.

Міне, Қазақстанды Орта Азия барысына айналысу үшін жасалған Елбасымыздың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы бұл күнде ұшса құс қанаты талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті.

Бұл құжат – еліміздің болшақтағы айнасы, құнды бағдарлама, келешекке деген үмітті нығайтады.

Елбасының жолдауы – егеменділіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апарар алтын сүрлеу.

Бұл көкірегіне, болашққа деген іңкәр сезім оятар жүйелі жолдау, бағалы байлық. XXI ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы сендерсіңдер! Біздің мемлекетіміз өседі және өсіп орнығып нығаяды, онымен бірге балаларымыз да өсіп жетіледі. Балалар Отанымыздың болашағы, ал біздің болашақ азаматтарымыздың денсаулығы мықты, сапалы білімді, еңбекқор болып өсуге тиісті – деп айтылған. Сонда ғана біз өркениетті елдердің қатарына қосыламыз, Қазақстан Орта Азия барысына айналады.

Балалар, сендер 2030 – шы жылы неше жаста боласыңдар?

Бүгінгі сабағымызда «Байлықтың атасы - еңбек» деген тақырыпты өрбітпекпіз.

Сендер, балалар болашаққа бүгін де үлестеріңді қосып, еңбек өткелі отырсыздар. Сол еңбектеріңіз осы уақытқа дейін пәндер бойынша алған білімдерін ән – күймен, мақал – мәтелмен, ұшқыр ойларың арқылы өрнектеп ортаға салыңдар. Еңбек дегеніміздің

өзі – күнделікті өмірден алынады. Үйде ата – ана, мектепте мұғалім: - Балам, не істесең де адал істе, ісіңді тындырымды, ұятқа қалмайтындай атқар – дейді.

Қаншалықты қиын, қызықсыз болғанымен істі аяғына жеткізіп бітіру керек. Бұл – еңбек тәртібі.

Сызбамен жұмыс.

Еңбек етсең – наның көп, айналаң толған ән болады екен. «Еңбекпен ел көгерер» деп бекер айтпаған.

Еңбек

Дайындық Проблемаңды шешу

Денсаулық Табыс табу

Білім Мамандық Бағытталу

Байлық деген не?

Байлықтың қалған дүниенің қызығы бар. Ең үлкен күш – денсаулық, білім, еңбектің арқасында жетіледі.

байлық

білім ақша

денсаулық саябақ

мал машина

үй еңбек

Көрініс: «Әке мен бала» (талдау).

Тақпақ: еңбек туралы.

Көрініс: «Байлық» (талдау). «Өсиет».

Тақпақ: мақал – мәтелдер айту (еңбек туралы), сайысу.

Әңгіме: «Жақсылардың жақсысы».

Тақпақтар: кәсіптер иесі, мамандық таңдау.(мұғалім,дәрігер, кәсіпкер,т.б.туралы)

Топтармен жұмыс:

Дәрігерлер тобы.

Еңбек ету үшін – ең бірінші денсаулық керек.

Денсаулық болмаса еңбек етіп, табыс табу қиынға түседі. Сол себепті – денсаулығымызды күту, сақтану қажет. Дәрігер арқылы еңбекке жарақтылықты біледі. Дәрігер мамандығы өзінің білген ем – домы арқылы халыққа көмек көрсетеді. Денсаулықты сақтау үшін спортпен, дене – қимыл жаттығулармен айналысқан жөн.

Сонда еңбегің жанады.

Мүғалімдер тобы.

Еңбек ету үшін – денсаулық пен бірге білім және мамандық қажет. Білім арқылы еңбектің қыр – сырын ұғасың. Мұғалім және ұстаз ғалымдар халыққа білім – білігі арқылы көмегін көрсеткен. Шахтер де, ұшқыш та, дәрігер де, ақын да бәрі, бәрі ұстаздан тәлім алған. Сонда білім мен маман иесі арқылы еңбегің жанады.

Кәсіпкерлер тобы.

Кәсіпкер – бір кәсіппен айналысатын адам. Жеке меншік өзінің бір кәсібі болады. Сол арқылы еңбек етіп, табыс табады және өзінің ортасына, қоғамға пайда келтіреді. Айналасындағы халыққа жұмыс тауып беріп, оларды үйретеді,жалақы төлейді.

Кәсіпкер – өз мамандығы арқылы жеке бір іс – шаруаны іске асырады.

Сергіту сәті.

Сабақты қорытындылау.

Еңбек етпеген ішіп жемейді,

Еңбек етпесең - елге өкпелеме,

Егін екпесең - жерге өкпелеме.

Сабақтың тақырыбы: «Зиянды заттардың зардабы»

Мақсаты:

а) білімділігі: Оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас

организмге зиянды, әр –түрлі жөтел, асқазан тері аурулары осы никотин мен алкогольдің әсерінен

екенін түсіндіру.

ә) тәрбиілігі: Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен

ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.

б) дамытушылығы: Қоғамдық ілгерлі дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың сапасы мен

өмірлік уландыратын ауыр кеселдің бірі – маскүнемдік, араққұмарлық екенін ұғындыру.

Дайындық барысы: Оқушыларға тақырыпқа сай материалдарды оқып, жинастыру «темекінің»,

«нашақорлықтың», «ішімдіктің» адам өміріне зиянды әсері тақырыптарына сурет салу,

жұмыстарын тапсыру.

Әдісі: Ой-бөліс.

Көрнекілігі: Қажетті әдебиеттер, буклет, оқушылардың өз шығармашылығынан салынған

суреттері.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе сөз.

Адам өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «Тар

жол, тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға шыншыл да, ең

қымбатты – ол оның мәнді де, сәнді өмірі. Ал, осы өмірінің мәнді де, сәнді өтуіне оның басты

байлығы денсаулығы тікелей әсер етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Халық денсаулығы атты мемлекеттік

бағдарламада халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі. Бағдарламаның басты

мұраты – халық. Халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту.

Шығыстың әйгілі данышпаны Әл-Фараби «Жас жеткеншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің

болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.

Расында да, ел болашағы жастар. Ал жастарымыз нашар, маскүнем, ауру болса, ел тағдыры не

болмақ?

Мұғалім: Арақ ішкен адамда алкоголь зардабы 21 күнге дейін созылады екен.Этиль спирті сырада

5-7%6 шарапта 15-20%, ликер мен коньякта 40-50%-ға дейін, арақ пен вискиде 60-70% бар екен. Ал

этил аса зиянды химиялық қоспа.

Осы тақырыпты аша түсу үшін мектептің әлеуметтік педагогы Жақсыкелді Қаденұлын ойбөліске

шақырамыз.

Жақсыкелді Қаденұлының ұстанымы: «Маскүнем барын сатып ішеді, болмаса арын сатып

ішеді».

- Темекі, есірткі, алкогольдің зардаптары туралы нақты мысалы келтіріңіз?

- Арақ ішу үлгерім мен тәртіптің бұзылуының кепілі. Бір зерттеуші түскі тамақ кезінде

балаларына жүз грамм жүзім шарабын беріп, сонда балалары көңілденіп, көп сөйлеп, тез

қимылдаған, біраз уақыттан кейін керісінше олар шаршап, ұйқы басып, жазулары бұзылып, есептен

көп қате жіберген. Бала кезінде адам ағзасын алкоголь тез уландырып, аз уақыт ішінде маскүнемге

айналдырған.

- Рахмет

- Нашақор адамның өмірі қысқа болады. Нашақорлардың ең төменгі жасы 9-да екен. Жастар

арасында наша пайдалану туралы мектеп оқушыларын сөзге тартып көрелік. Ол үшін мектептің 10

сынып оқушыларының бірі Гүлназды ортаға шақырамыз.

Гүлназдың ұстанымы: «Кітап, журнал, газет оқимын, ән айтып, би билеймін, уақытты бос

өткізбеймін».

- Гүлназ, өзіңнің қаладағы дос-жарандарыңмен, құрдастарынмен бір кеште отырсың

делік. Саған жан досың нашаны шегіп көруге ұсыныс жасады.Сіздің әрекетіңіз қалай болмақ?

- Жоқ мен ондай әрекеттерден бойымды аулақ ұстаймын.

- Темекі түтіні адам ағзасына зиян. Оны мынандай мысалдармен дәлелдеуге болады.

Дүниежүзінде шылым шегуден жыл сайын 2,5 млн адам қайтыс болады. Шылым шегетін адам

жылына отбасы қаржысына мыңдаған теңге шығын келтіреді. Шылым шегетіндердің жүрегі

тәулігіне 20-25 мың рет артық соғады. Шылым шекпейтін оқушыларда 100м жүгінгеннен кейін

тамырдың соғуы 120-130 болса, шегетіндерде 180 болады. Шылым шегетіндер жүрек ауруынан 12-

13 есе, асқазан жарасымен 10 есе жиі ауырады. Олардың 80%-ы өкпе ауруына шалдығады.

- Байырғы Қытай императорларға маскүнемдікке басұрғандарды өлім жазасына кескен екен.

- Ежелгі римде 30-ға толмағандарға арақ ішуге мүлдем тыйым салынған екен.

- Ресейде І Петр тұсында арақ ішкен адамдардың мойына 17 фунт келетін медаль тағып

қойған. Адам үнемі шылым тартуға әуес болады. Осы тақырып турасында ой бөліскелі келген Жексенбай

ағамызды ортаға шақырамыз.

Ұстанымы: «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен».

Сұрақ: - Неше жасыңыздан бастап темекі шектіңіз, болашақта темекіні қоя аласыз ба?

Жауап: Мен жас кезімде қызығушылықпен темекіге әуестенгеніме 35 жыл болды. Темекіден

пайда көрмедім. Зиянын, зардабын тартып келемін. Сондықтан балаларға айтатыным бұл кеселден

аулақ болыңыздар.

Мұғалім: Сіздер ішімдіктің, шылым шегудің, нашақорлықтың адамның жеке басыңа

денсаулығына зияны бар екенін барлығыңызда білесіздер. Олай болса мына көрініске назар

аударайық.(көрініс).

Осы орайда айта керерлік жайт шылым шеккеннен кейін 2-3 минутта никотин қан арқылы миға

жетіп, мидың ішкі жасаушаларына енеді де, біраз уақыттан кейін мидын белсенділігін

төмендетеді.Себебі никотин мидағы қан тамырларын тарылтады да, миға қоректенген заттар мен

оттегінін келуін азайтады. Әсіресе шылым шегуден жасөспірімдердің жүйке-жүйесін тез

бұзады.Никотин өсімдіктен алынатын у. Таза күйінде никотин түссіз, жағымсыз, иісі және дәмі бар

майлы сұйықтық. Суда, спиртте, эфирде тез ериді, адамға бір тамшы никотин берсе саспай қатадыекен. Егер адам күніне бір қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесі 1 литр шамасында смола

жинайды екен.

ІІІ бөлім. Ой-бөліс.

Қазіргі кезде шетел сериалдарын қарап отырсақ, үстелдің үстінде тамаққа қоса шарапта тұрады.

Сондай-ақ адамда жылыну үшін де арақ ішіп жатады. Сонда алкоголь тамаққа тәбетті ашып,

асқазан қорытуына өз септігін тигізе ме, әлде жылуына да септігі бар ма?

Ауаның қалыпты құрамын, өкпедегі қан айналымы бұзу үшін бір дана темекі жетіп жатыр. Бүкіл

дүниежүзінде 1 млрд адам темекі тартады. Темекі зардабынан күнінен 10 мың немесе жылына 3,5

млн адам қайтыс болады. Қазақстан Республикасында 3,2 млн, яғни 33% адам темекі тартады.

Соңғы 3-4 жылда темекі тартқандар саны 7,8% төмендеген.

Ішімдік адам өмірін 10-15 жылға қысқартады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда ресми тіркелген нашақорлардың саны – 40505, тіркелгені қаншама.

Олардың 1927 кәмелетке толмағандар болса, 4420 әйелдер.

ІV бөлім Қорытынды.

Жылына елімізде 10 тоннадан астам есірткі заттар тәркіленеді, оны өздеріңізде көгілдір экраннан

көріп жүрсіздер.

Ішімдікке, темекі тартуға, нашақорлыққа әуестенушілер осы зиянды заттардың адам өміріне,

қаншалықты қауіп төңдіретінін біле ме? Аты жаман індетке апаратын тура жол осы маскүнемдік,

нашақорлық екенін түсінген болар деп ойлаймын. Құрметті қонақтар қорытынды пікірлеріңізді

тыңдайық.

Міне, балалар әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүру үшін денсаулықтың әсері ұшан теңіз екен.

Тәлім тәрбие жолында қажет болса үзіп берер шәірттеріме тілерім толқынға салған арақ, темекі,

нашақорлықтан жас жандарыңызды аулық ұстаңыздар. Салауатты өмір салтын жандарыңызға жан

серік етіңіздер.

Уақытыңызды бос әуреге жұмсап, өмірдің қызығын көріп өз еншіңізді алудан...

«Кеш қалмаңыз».

Сабақтың тақырыбы: " ТЕМЕКІНІҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНДЫҒЫ".

Сабақтың мақсаты:

Оқытып үйрету: оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда,

алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым

қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: маскүнемдіктің, нашақорлықтың зардаптары. Маскүнем

ата-аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып

өмірге келетінін жете түсіндіру.

Дамыта оқыту: темекінің зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша

нақты фактілер мен түрлі түсті диафильмдер арқылы көз жеткізу.

Сабақтың көрнекілігі: Жасөспірімдерге арналған ереже.

Сабақтың түрі: лекция.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

ІІ. Мұғалім түсіндірмесі.

- Қазіргі кезде елімізде темекі шегу және оған қарсы күрес жүргізу негізгі

мәселенің біріне айналды. Темекіге әуесқойлық, әсіресе, жасөспірімдердің

арасында қатты етек алып отыр. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық

қазақстандықтарға жолдаған " Қазақстан -2030" бағдарламасында халықтың

салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп

атап көрсетті. Олар:

1 - бағыт. "Темекі шегуді тоқтату";

2 - бағыт. "Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес";

3-бағыт. "Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес".

Зиянды әдеттерге, алкаголь ішімдіктеріне үйір болу, нашақорлық, темекі тарту

жатады.

Әділін айтсақ, бұлардың қайсысы болса да қайғылы жағдайға соқтыратын

құмарлық кесел. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ алаңғасар,

халқымызға пайдасыз болып өмірге келеді. Ішімдік, нашақорлық, темекі адам

организміне өте қауіпті. Бірақ біз бүгінгі шағын уақытымызда бүл мәселелерді

бірден қамти алмаймыз.

Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы басталды?

Жауап. Темекі тарту ХV ғасырда 1496 жылы басталды. Алғаш темекі дәрі

ретінде Испанияда бастады.

Темекі тарту туралы кітап көп дегенімен, темекі туралы ең алғашқы кітапты

айтсаңыз.

-Темекі тарту әдеті жайлы ең алғашқы кітапты Эрпандесу де Овьеда жазды. Ол

Америка тұрғындарының адамгершілігі мен әдет ғұрыптары деп аталады. Онда

қысқаша былай делінген. "Расанолла" аралында тұратын халықтың тым зиянды

әдет-ғұрыптары, олар қасиеті жағынан меңдіуанаға ұқсас шөпті жандырғанда

шыққан түтінді танаулары арқылы ішіне тартып мас болады. Онысы "тобоко" деп

аталады.Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде.

-Адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің темекі тартуының себептері

мыналарға байланысты:

а) топқа еліктеу, яғни, темекі тартпайтын жас қыз немесе бала топқа

қосылу үшін солардың ыңғайына көніп, жаман өдетін бойына сіңіргісі келеді;

б) жеке ұнатқан адамына еліктеу бұл жерде темекі тартпайтын жас қыз

немесе бала ұнатқан адамының жаман қасиеттерін бағаламауынан темекі тартуды

өзі де бастауы мүмкін;

в) ересек болуға тырысу;

г) өмірдегінін бәрін байқап көруге тырысу;

д) ата-аналардың дұрыс тәрбие бермеуі мектеп жасындағы

жасөспірімдердің көпшілігі темекінің зиянын білмегендігінен тартады.

Темекіден болатын ауруларды атап көрсетіңіздер.

- Стенокардия - темекі тартудың көп тараған қасіреттерінің бірі. Темекі

тартудан болатын стенокардия ауруына шалдыкқандардың кеудесі қысылып

әлсірейді. Бұл ауруға шалдыққандардың өмір қысқарады. Мұндай ауруға

шалдықкан адамның өмірі қысқа болады.

- Эндартерит - темекі тартудан болатын ауру. Төменгі қан тамырларының

біресе кеңейіп, біресе тартылуы осыған байланысты. Бұл ауру кезінде адамның

жаны қатты қиналып, адам жүріп келе жатып еріксіз тоқтап, отыруға мәжбүр

болады. Сәл тоқтап отырса ауруы басылады. 50-70 м жүрген соң қайта ауырады.

Мүндай ауруға шалдықкан адамдардың қан тамырларынын кеңею қабілеті

жетіспейді.

- Құрғак гонгрена - темекі тартудан болатын аурудың жалғасы. Бұл ауру

кезінде жүрек бір калыпты қан айналымын қамтамасыз ете алмайды. Аяқтың

башпайлары суланып, көгере бастайды, осыдан аяқ жансызданады, оны кесуге

тура келеді.

- Ісік аурулары никотин уының тамырларға қатты әсер етуінен болады.

Темекі түтінінің шамадан тыс әсер етуінен асқазан, ащы ішек ісік ауруына әсер

етеді. Темекі тартушылар арасында өкпе рагы, көмей рагы өте жиі кездеседі.

Жылына темекі тартушылықтың салдарынан болатын түрлі аурулардан жер

шарында 5 миллион адам қайтыс болады екен. Оның 600мыңы балалар мен

жасөспірімдер. Шынына келсек, темекі жаппай жою қаруына айналып келеді.

Оның келтірген нұқсаны ядролық, химиялық және биологиялық қаруларды бірге

алғандағы келген зардаптан асып түседі. Кейінгі жылдары темекі тартушылардың

қатары қыз-келіншектермен толыға түсіпті. Бүгінде Қазақстандағы қыз-

келіншектердің 9,8 пайызы нағыз темекі тартқыштар саналса, 12 жастан асқан

балаларымыздың 7,5 пайызы темекіге әуестік дертіне ұшыраған. Қыз-

келіңшектердің арасындағы темекі тартушылық 18-25 жас аралығындағылар

арасында өршіп тұрған жайы бар

ІІІ. Қорытынды.

Темекілік індеттің таралуы жаҺандық проблема болып табылады. Оның адам

денсаулығы үшін салдары маңызды және барынша кеңейтілген халықаралықықпалдастықты, барлық елдердің тиімді, орынды әрі жан-жақты жауапты

әрекеттерін талап етеді.Бұл ретте Алматы қаласы әкімдігі қабылдаған «Алматы-

темекі түтінінен азат қала» бағдарламасын айрықша атап өтуге болады. 2005жылы

қабылданған бағдарлама жүзеге асырылғалы бері бірқатар іс-шаралар жүзеге

асырылды. Соның ең бастысы қоғамдық орындарда, тамақтандыру, мәдениет

мекемелерінде, мемлекеттік мекемелердің төңірегінде, аялдамаларда шылым

шегуге тосқауыл қойылып айыппұл тағайындалды. Темекі қорабының

сыртындағы жазулар мазмұны өзгертіліп, темекі бұйымдарын жарнамалауға

тыйым салынды. Бағдарлама қолға алынған 5жыл үшін бұл аз шаруа емес. Дей

тұрғанмен, темекіге қарсы күрес мұнымен тоқталған емес. Жыл бойы қала

тұрғындары, студент- жастар мен оқушыларға темекінің, есірткі мен ішімдіктің

зияны туралы әңгіме, семинар-тренингтер өткізіліп, ақыл – кеңес жазылған

парақшара таратылады.Сонымен, темекі шегудің зияны туралы жан-жақты, әсерлі

әңгімелеп беру қазіргі жасөспірімдерде оған деген тұрақты теріс көзқарас, қабыл

алмау сияқты әсерлеп туғызуы мүмкін. Қазіргі жасөспірімген ол жеткіліксіз.

Сондықтан да ата-аналар, оқытушылар, дәрігерлер бірлесе отырып «әдемі

өмірдің» сәніне айналған, денсаулыққа, қоғамдық моральға орын қалдырмай

отырған темекі шегумен бітіспес күреске шығуы керек.

терген көкке ел даңқын... – Дей келе «Атамекен» әнін тыңдаңыздар.

Тәрбие сағатының мақсаты:

  • Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктермен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту;
  • Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту;
  • Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,Отанымыздың  байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері,Қазақстан Республикасының рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті,слайд, нақыл сөздер,Қазақстан туралы әндер.

Тәрбие сағатының барысы:

Слайд № 1 Қош келдіңіздер!

Слайд № 2

Құрметті ұстаздар,ата-аналар!

«Тәуелсіздік – қасиетті ұлы ұғым!» атты тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Слайд № 3

Қазақстан Республикасының әнұраны

Слайд № 4

Мұғалім сөзі:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.

Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар» деген кінә тағылды.Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды.

Мұғалім:

- Балалар, «тәуелсіздік» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Слайд № 5

- «Тәуелсіздік» ұғымының берілген сөздермен қандай байланысы бар?

Слайд «Желтоқсан құрбандары» № 6,7,8

Тәуелсіздік жолында көптеген қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.Солардың ішінде:

Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова болды.

Слайд № 9

- Әрине, тәуелсіздік құрбандары біздің мәңгі есімізде!

«Желтоқсан» оқиғасынан үзінді. Бейне көрініс

Көріністі талдау: «Өгей дүние,өгей жұрт» сөздерінің мағынасын ашу.

Слайд «Тәуелсіз Қазақстан» № 10

- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды?

1- оқушы: Сымбат

16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі  туралы заң қабылданды.
Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.

Мұғалім сөзі. - Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық  тарихы бар Қазақстан тәуелсіздік алды. 

Слайд № 11

2- оқушы:   Әнел

Атыңнан айналайын егемен ел,              

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!

3- оқушы: Дана  

Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті,бостандықты иеленгендер.

4- оқушы: Жібек  

 Ел болдық егеменді, теңдік алып,
 Бар әлем қазақ елін болды танып
 Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
 Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.

Слайд № 12

Самат. «Төрт ана»

Махамбет. «Бостандық таңы атты»

Слайд № 13

Хор. «Отаным - Қазақстан»   

Слайд № 14

Қазақстан Республикасының президенті - Н.Ә Назарбаев.

5- оқушы: Нұрсұлтан        

Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?    
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.

6- оқушы: Сабина        

Отаным – Қазақстан туған жерім,
Мұнай мен газ болады асыл кенім
Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,
Артамыз елбасына үлкен сенім.

7 - оқушы: Ерзат        

Жаралдық молшылықтан толы ағыстан
Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
Көркейген елім менің – Қазақстан!

Слайд № 15

Би «Әке толғауы» Тлеубекова Малика

Слайд № 16 «Бәйтерек»

9 - оқушы: Амина      

Халқымның мақтанышы - алып тұлға.        
Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,

Ұқсайды менің асқақ арманыма.

Слайд № 17 «Астана»

8- оқушы: Малика        

Көз қуанып күн сайын көркеміне
Көңіліміз сенеді ертеңіне    

Қазақстан – алып ел, төрі Астана,
Қазақстаным ғана лайық ел төріне.

Мұғалім:

- Отан туралы мақал-мәтел білеміз бе?

Слайд № 18 «Мақал-мәтел» жалғасын тап

1.Туған жердей жер болмас, .......... (Туған елдей ел болмас.)

2.Отанды сүю – ........... (отбасынан басталады.)

3.Отансыз адам – ......... (Ормансыз бұлбұл.)

4. Отан – .............. (оттан да ыстық.)

5. Отан үшін еңбек етсең, ............. ( халқыңның сүйген ұлы боласың.)

Слайд № 19

Мұғалім:  

- Бүгінгі күні әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері.Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.

Слайд № 20 «Ту» суреті

10 - оқушы: Дильназ    

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның сол жағында ою - өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықтың  белгісі.

11- оқушы: Жанбатыр    

Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін, егеменмін, азатпын
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
Алатаудай көкке өрлеген азатпын

12 - оқушы: Сәния    

Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай
Нық көтеріп тұрамыз
Жалауды біз құлатпай.

13 - оқушы: Диана      

 Бұлт баспасын күнімді                        
 Тарылмасын өрісім.
 Биік ұстау Туымды-
 Қасиетті борышым.

Слайд № 21 «Елтаңба» суреті

15 - оқушы: Ұлжан      

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған.Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан  нұр шашып тұрғанын бейнелейді.Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен,еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі.Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екенін көрсетеді.

16 - оқушы: Ахбота            

Бабам тұлпар жаратты    

Құлынын да танып ақ
Тұлпар барда қанатты
Шайқалмасын шаңырақ.

17 - оқушы: Жанболат        

Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде
Нұр төгеді Елтаңба
Ақ Орданың төрінде.

Слайд № 22 «Ән ұран»

18 - оқушы: Әсел        

Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар? Болмаған,- деп - Әнұран?!

19 - оқушы: Махамбет        

Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран   мемлекеттік салтанатты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың  мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.

Слайд № 23

Ән «Еркем – ай» Домбырада ойнайтын: Меткенова Дана

20 - оқушы: Рахат        

Көк аспанда нұрлы күн
Күлімдейді далама
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға.

21 - оқушы: Дильназ Р.        

Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,
Бейбітшілік пен бостандық жыр әнім
Самғап жүрсек бостандықта, биікте
Шарықтайды кең көлемде бұл әнім.

Слайд № 24

Флешмоб: «Қазақстан»

Мұғалім сөзі:

-Иә төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде Тәуелсіздік таңы атты. Ендеше Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.

Құттықтау сөз беріледі: 1. Мектеп директоры

2. Тәрбие ісінің меңгерушісі

3. Ата-аналар

Слайд № 25 Назарларыңызға рахмет!

http://infourok.ru/uploads/b/b-5-5.gif

Биология

«АНАЛАР – АСЫЛ ЖАНДАР»

(тәрбие сағаты)

Мақсаты: аналар қауымымен сырласа отырып, олардың тәрбиесіне көңіл бөлу, эстетикалық тәрбие беру, оларға салт – дәстүрді үйрету, олармен пікірлесе отырып, өздерін мазалап жүрген сұрақтары болса, соған жауап табу, еркін өз ойларын ашып айтуға баулу.

Дамытушылық: оқушылардың бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, қамқор болуға, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ана туралы нақыл сөздер, мақал - мәтел жазылған плакаттар суреттер, гүлдер, шарлар, сыйлықтар.

Шараның жүру барысы:
Жүргізуші: Аяулы аналар! Апайлар мен қызғалдақ қыздар, көктем мерекелеріңіз құтты болсын, Көктемнің шуақты күндеріндей, сан алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнап өсе беріңіздер. Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын. Халқымыз ежелден ақ құрметтеп «Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы» деп тектен - тек айтпаса керек. Ақ сүтін беріп, түн ұйқысын төрт бөліп жақсы ісімізді асырып, жамандығымызды жасырған, ана қарызын өтеу барлығымыздың парызымыз.
Біз үшін бір сәт тыным таба алмаған,
Су кешіп, отқа күйіп алаулаған,
Өсірген, ақ сүт беріп қарызыңды,
Өтермін қалай ғана аяулы анам.

Құрметті қонақтар, бүгінгі мектепке дейінгі шағын орталықтың сіздерге арналған «Аналар - асыл жандар» атты мерекелік ертеңгілігін тамашалаңыздар.
Құшақ жая қарсы аламыз әсем шаттық көңілмен,
Қош келдіңіз, төрімізден орын алған көрермен.
Көп алдында бүлдіршіндер ән сап, өнер көрсетер
Тыңдаңыздар тамашалап жаңа жолын өнерден - дей келіп.
«Құттықтаймын мама» әні – хормен

Жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

                     Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

                     «Қыз өссе – елдің көркі» деген сөзді

                     Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?! – демекші, қазақ халқы қыз баланы ертеден сыйлап, қызды гүлге теңеп, «Қыз өссе – елдің көркі» дегендей, қыз баланың әр отбасына ерекше сән беріп отыратыны белгілі. Өзіне тән табиғи ерекшелігімен бірге оларға тәрбие беретін ортаның да айтарлықтай әсерінің бар екені рас. Ал, оларға дұрыс тәрбие беріп, өмір атты кең арналы тіршілікке жол сілтеу – бірінші ата – ана міндеттері дейтін болсақ, екінші кезек – қанатын қатайтып, болашаққа жол сілтеп, қарлығаштай ұшыратын  мектеп ұясының ықпалы. Қыз баланың алғашқы қалыптасуы, оның көпшілік ортасында өзін – өзі ұстай білуінен, достарымен тіл табысып, сондай – ақ мектеп табалдырығын аттап, алғаш рет көптің ортасынан түсуінен байқалып жатады. Мектеп – білім берумен қатар тағылымды тәлім – тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Қыз баланы құрметтеп, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болуды, ер тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізуді, киімнің сәндісін, алтынды бұйымдардың жақсысын қыздарына тарту етуді дәстүрге айналдырды.

1 – бөлім: Сұрақ – жауап.

Жүргізуші: Жас ару – жас ғұмырдың талғамысың,

                     Қуантқан әрбір үйді арманысың.

                     Дәл қазір алдымызда сыналарда

                     Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын, - дей келе сұрақ  - жауап бөліміне шақырамын. Мен қойған сұрақтарға жауап беріп көріңіздер.

1. Халық арасына бойжеткен қыз ажарына қарай алтыға бөлінген. Соларды атап өтсеңіз? «Әдемі қыз, көрікті қыз, әсем қыз, ажарлы қыз, шырайлы қыз, ару қыз)

2.Қазақ халқында халықтың құрметіне бөлінген, ақылына көркі сай ару қыздарды атаңыз? «Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Күләш Бәйсейтова, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова)

3. Қыз балаларға арналған атауларды атаңыз? (қыз, бойжеткен, келіншек, әйел, жар, ана, апа, әже, қарындас, сіңлі)

4. Қазақ қыздарының әшекей бұйымдарын атаңыз? (шолпы, шашбау, сырға, білезік, жүзік, шашқап, шоқ, шаштеңге, үкі, күміс түйме, балдақты сақина, қобдиша, талмоншақ, қолазы, маңдайша, т.б.)

5. Қыздың бойына тән қылықтарын атап көрсетіңіз? (нәзіктік, сұлулық, сыпайылық, әдемілік, рухани байлық, сүйіспеншілік, кішіпейілділік, инабаттылық)

6. Анасы қыз баланы жастайынан қандай міндеттерге үйретеді? (үйді таза ұстауға, ас пісіру, шәй құю, кесте тігу, т.б)

7. Қазақ қызының ұлттық киімін атаңыз? (көйлек, сәукеле, тақия, желетке, ішік, белдік, етік, кеудеше, т.б.)

2 – бөлім: Мақал – мәтел.

Жүргізуші: Сәулетті ана болғанда даналық ұрпақ болады. Олар бүгінгі мектеп қабырғасында оқып жүрген қыздар. Болашақтың тамыры, қоғамның негізі, тарихтың көзі – жайнаған осы жауқазындар. Қыз – өмірдің қызғалдағы, қыздар – болашақ ана, бақыт – байлық ошағы, адамзаттың ойы өркендеп, тәлім – тәрбие алатын қасиеттің ұясы. Ал әйел – сол қасиетті ұяның алтын тірегі, отбасының ұйтқысы. Халық аузында қыздар туралы мақал – мәтелдер аз емес. Сол мақал – мәтелдерді атаңыздар.

1. Ақылды қыз білімге жүгірер, ақылсыз қыз сөзге ілігер.

2. Қыздың қырық жаны бар.

3. Жақсы қыз – жағадағы құндыз.

4. Қыздың қабағында құт бар.

5. Қыздың қабағы күлімдесе – құт келеді.

6. Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.

7. Қыздың көзі қызылда.

8. Қыздың жолы жіңішке.

9. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.

Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»

3 – бөлім: Өнер көрсету.

Жүргізуші: Қыз баланың тәрбиесі қашанда аса мәнді. Қыз бүгін әке – шешесінің қонағы болса, ертең бір шаңырақтың ошағының сәні. Болашақ ұрпақтың өз қатарынан озары да қыз бен қыз тәрбиесіне байланысты. Қазақ қызына тән міндеттрден кім қандайын меңгеретін жөнінде және қандай міндетті атқара алатындарыңызды айтыңыздар. Ол міндеттер: айран ұйту, алаша тоқу, ас пісіру, іс тігу, нан басу, сиыр сауу, ұршық үйіру, кепе кесу, т.б. (Әр қыздың жауабы мен іс нәтижесі көрсетіледі.)

Келесі тыңдайтындарыңыз оқушылардың орындауында сымбатты әрі сұлу қыздарымызға арналған ақын өлеңдерінен үзінді. Қабыл алыңыздар!

«Қыздарға» М. Шаханов.

Тән сұлулығы деген бар, жан сұлулығы деген бар,

Тән сұлулығы – сыртқы көз арбар көрініс.

Жан сұлулығы – бұл әйелдің ішкі дүниесі,

Сезім шынайлылығы, мінез байлығы,

Пейілі кеңдігі, ар алдында адалдығы.

Тән сұлулығы – теңіз бетіндегі көпіршігі мол толқын.

Жан сұлулығы – бұл тереңдегі ағын.

Осы екі қасиет бір адамның басында ұштаса,

Ғұмыр бойы айналайын нұрға бөлеп өтер еді.

Бет пішіні келіскен, сөзі сыпайы,

Өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы қыз – Ару.

Сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін,

Болмашыға пісіп, күлмейтін, келбетті қыз – Сұлу.

Істесе үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын

Өзі бірден көзге түсе қоймайтын қыз – Көрікті.

Баппен біліп тұратын қыз – Әдемі.

Дене бітісі жинақы, сөзі салмақты қыз – Ажарлы.

4 – бөлім: Салт – дәстүр.

Жүргізуші: Әрбір қыз бала бой жетіп, әке – шешенің аясында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір елге келін боп түсіп келіншек аттанады. Қыздарын тұрмыс құруға әзірлеуге қай халық болсын зор мән берген. Мұны қызының барған жердегі өмірі жақсы болуының, бақытты болуының кепілі деп білген. Халқымыз әйел – ана, қыз дүниеге тіршілік әкелуші, барша тіршіліктің бастауы, көркемдік пен жылылық көзі, шуақ пен мейірім әлемі, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, оған көңілінің төрінен орын беріп ардақтап аялаған.

Әдет – ғұрып, салт – дәстүрі қазақтың,

Жарасымды, үйлесімді, ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап, жаңартудан қашпайық. (Сұрақтарға жауап)

Олай болса, қазір сіздерге көнеден қалған салт – дәстүр, әдет – ғұрып, рәсім, көне сөздерді таратамын, ал сіздер сол сөздердің мағыналарын ашып көріңіздер.

1. Бастаңғы (салт) – жастар «бастаңғы» деп аталатын тамақ істеп бас қосады. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы ауырмасын, бастаңғы жаса дейді. Оның мәні – жастардың сол үйде ойын – сауық жасап бас қосуы.

2. Ұрын бару – күйеудің қалыңдығына ұрын бару «жол ашары» - орамал – шаршы, тиын – тебен, сақина – жүзікпен өтеле береді. «Жол ашарға» жіберген жібек орамал қыз жеңгесін күйеуді арнайы шақыруға міндеттейді.

3. Жеңгетай – қазақ ұғымында жеғге атаулы қыз бен жігіт сырының қолсандығы. Жігіт жеңгесі де, қыз жеңгесі де бірінің өтініші мен бірінің тілегін жағызбалатып жеткізуші.

4. Бауырына салу (ғұрып) – баласы жоқ адамдар біреудің баласын асырап алуы, яғни бауырына салуы ежелден бар қағида.

5. Кәде – қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмайды деген сөз бар. Салт бойынша құда түскеннен кейін, күйеу тарапынан ырым – жырым, жол – жораның орындалуы талап етіледі. Сол жораның ең мықтысы – киіт.

6. Көрімдік – жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға, т.б. үйге келушілердің әлгілерді  алғаш көрген сәтінде көрімдік сұрау дәстүрі.

5 – бөлім. Пікірталас

Жүргізуші: «Ақылды қыз білімге жүгірер, ақылсыз қыз сөзге ілігер» осы тақырыпта өздеріңіздің ой – пікірлеріңізді айтып, осы сөзбен нені ұғынамыз, бұл сөзді естігенде, сіз не жайында ойланасыз? Мысалы, (пирсинг, кіндік жалаңаштау, темекі шегу, т.б.) сүйкімсіз қылықты қыздар жайлы, оларды қалай тоқтатса деп ойлайсыздар? (қыздар қауымы өз пікірлерін ортаға салады.)

Жүргізуші. «Қыз қылығымен» дейді ата қазақ. Қыздарымыздың ақылды, үлгілі, мейірімді, инабатты болуы алдымен ата – анасынан, екіншіден, білім ордасынан басталады. «Болмасаң да ұқсап бақ» деп, ұлы Абай айтқандай, қыз балалар осындай қасиеттерді меңгеруге талпынуы керек. Арамызда ару да әсем, сұлу да көрікті, әдемі де ажарлы қыздар көп болсын! Сондықтан да қыздарды аялай білейік!

Қыз, бозбала, бойжеткен, келін, ана,

Бәрі де кезінде дара тұлға.

Ұрпағымыздың ойласаң болашағын

Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла!, - дей отыра бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Дидактикалық ойын
Менің қолымнан не көріп тұрсыңдар. Әрине шар. Бұл шардың ішінде бізге сұрақтар
берілген екен. Қане шарды жарып ішіндегі сұрақтарға жауап беріп көрелік.
1) Кім бізді өмірге әкеліп, бағып қағып әлпештеп өсірген?
2) Біз қатты қуанғанда, қуанышымызды кімге жеткіземіз?
3) Біз қатты ренжігенде, жылағанда өзіміздің жағдайымызды кімге айтамыз?
4) Бар тәттісін, бар жақсысын бізге жеткізіп бізге кигізетін кім?

Олай болса «Ақ мамам» әні хормен

«Қыз – ұлт болашағы»

(дөңгелек үстел)

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері : ақпараттық – қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай: әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық, т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу; коммуникативтік – оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиеттерін дамыта оқыту; проблеманы шешу – қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.

 Көрнекілігі: «Қыз - елдің көркі» газеті, суреттер көрмесі, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер. Проектор.
Барысы. Топ жетекшісі: Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға көптеген керемет суреттемелер берген. Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз –елдің көркі, гүл - жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар», т.б.
1-жүргізуші:
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
2-жүргізуші:
Қыз бала – бойжеткен, келін, ана,
Бәрі де дер кезінде дара тұлға.
Ұрпағыңның ойласаң болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла!
1-жүргізуші: Біз қыз баланың бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерпаздық пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниетті, ақкөңіл қасиеттерді.
2-жүргізуші: Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл - жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін көрсетеді.
1-жүргізуші: Осы істердің барлығын қыз балаға ерте жастан үйретіп отырған. Олай болса, қыздардың өнерін тамашалайық. (Слайд). Ас әзірлеу, шай құю, тоқыма тоқу, ою-өрнек, төсек жинау. Ән: «Қазақ қызы».
2-жүргізуші: Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген екен, соған тоқталайық.
1-оқушы: Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие. Ата-ананың міндеті – жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе, қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда, қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған.
2-оқушы: Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда, біздің қазақ қызының бойында ізеттілік, ар-ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе-көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, т.б. жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.
3-оқушы: Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі – жалы, қыздың көркі - шашы» деп, қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты», т.б.
Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге бөлген: Әдемі қыз - баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын; Көрікті қыз - істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын; Шырайлы қыз - көз жанары өткір, бет-әлпеті балбұл жанған, тәні шымыр; Сұлу қыз - сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін, болмашыға пісіп-күймейтін, келбетті; Ару қыз - бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы; Ажарлы қыз - дене бітімі жинақы, тығыршықтай, сөзі салмақты, ісі тиянақты; Әсем қыз - жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік. (Көрініс)
Ата: Қыздар, «Қазақта қызға қырық үйден тыйым» деген сөз бар.
Түске дейін ұйықтауға тыйым,
Бұраңдап қылымсуға тыйым!
Тамақты обырлана асауға тыйым,
Ұрлық-қорлыққа тыйым.
Салт-дәстүрден аттауға тыйым,
Ұрыс-керіске тыйым. Қыздар осы тыйым сөздерді әр уақытта естен шығармаңдар!
Әже: Әй, қыздарым, қазақ халқы бойжеткен қыздың киім киісіне де ерекше көңіл бөлген. Мысалы: «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ» деп қыз балаларға қынама қамзол, дүрия бешпет, кәмшат бөрік, қос етек көйлек кигізген. Халқымыз қыз баланың көркіне оның ақыл-ойы мен мінез-құлқы сай болуын қалаған. «Қызым үйде, қылығы түзде», «Қыз ақылы шешеден», т.б. мақал-мәтелдер соған арналған.
1-жүргізуші: Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы-құрдастарының, дос-жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан: ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деген екен.
2-жүргізуші: Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу - қазіргі отбасына үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт-дәстүрлер.
Топ жетекшісі: Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт-дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз.

«Наурыз –берекелі, Наурыз-мерекелі»

мерекелік шара

Тәрбие сағат мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Кіріспе: Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!

1 – жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

2 – жүргізуші: Бүгін ұлыстың ұлы күні.

1 – жүргізуші: Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн! 2 – жүргізуші: Күлімдеген көктемнің шуақты шақтарымен бірге жер бусанып, «арқаның қысы аттан түсетін» кез.

1 – жүргізуші: Наурыз – табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып, жаңартатын кез.

2 – жүргізуші: Ендеше көктемнің шуағын ала келген Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Ән: «Наурыз»

1 – жүргізуші: Алдымен «Наурыз» сөзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ «Жаңа күн» деген мағына береді. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл – наурыз айының 22 жұлдызына сәйкес келеді.

2 – жүргізуші: Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып келе жатқан, дәстүрлі осы Наурыз тойы, бүгін міне, тағы да есігімізді ашып отыр.

1 – жүргізуші: Ал енді қыздарымыздың орындауында би: «Ата толғау» Мұғалімнің құттықтау сөзі.

2 – жүргізуші : «Самалық» әні, дәстүрін көрсету. Самалық, самалық, Қан тауының көк құсы Ұйқыдан көзін ашты ма? Самалық, самалық, Самарқанның көк тасы Жібіді ме, көрдің бе? Самалық, самалық, Жаңа келген жақсылықты Көрдік пе, көрмедік пе? Самалық, самалық, Ескі жыл шығып, жаңа жыл кірді. Самалық, самалық, Сүт көп, көмір аз, Жаңа жыл жарылқа, Ескі жыл есірке,- деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, «қабақ сынды, қайғы кетті» деп ырым жасаған.

1 – жүргізуші: Құрметті халайық! Біздің өткен барыс жылына еш өкпеміз жоқ. Солай ма? Көпшілік: Иә, өкпеміз жоқ.

2 – жүргізуші: Ендеше ең алдымен «өткенге салауат, болашаққа – аманат» дегендей барыс жылын шығарып салайық. /барыс жылы келеді/

1 – жүргізуші: Оу, мына жұрттың өзіне дән риза, қадамың құтты болды. Саған рахмет барыс жылы! Ал, өзіңнің мына жұртыңа не айтарың бар? Барыс жылы: - Мен де халқыма дән ризамын! Ел іргесі бүлінбей, бейбіт тыныштық сақталды. Лайым солай болғай. Өзімнің орнымды басар Қоян жылына да тілерім сол. Әрдайым бақыт, бейбіт өмір болсын. Бөбектеріміздің жүзінен күлкі арылмасын. Аманшылықта жолығысайық! Көріскенше күн жақсы, халайық!

2 – жүргізуші: Барыс жылының құрметіне «Баласы ауырған ана» тамашасын қабыл алыңыздар. Ән: «Сенің анаң алтын»

1 – жүргізуші: Ал, енді Жаңа жыл – Қоян жылын ортаға шақырайық. /Сахнаға жүгіріп Қоян шығады/

2 – жүргізуші: - Қош келдің, жаңа Қоян жылы. Төрлет, Наурыз, елімнің бақ-береке, ырыс мейрамы!

1 – жүргізуші: Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!

2 – жүргізуші : Ұлыс бақытты болсын, Төрт түлік ақты болсын! ● Ән: «Ағажан» ● Сыған қызы билеп шығады

1 – жүргізуші: Сұрайықшы мына кісі карта аша ма екен? Не дейді карта? Сыған қызы: /картасын жайып жіберіп/ Жол ашық. Жайлы жыл болатын түрі бар. Еңбек еткен адамға жағатын жыл. Табыс көп түседі.

2 – жүргізуші: Ал енді «Аязды күндер» тамашасын қабыл алыңыздар.

1 – жүргізуші: Құрметті дос-жараңдар! Қадірменді аға-апалар!

2 – жүргізуші: Қымбатты іні-қарындастар!

1 – жүргізуші: Қазір халқымыздың ғұрпы бойынша өткен күндердегі реніш, сырқат бәрі ескі жылда, басқан ізде, жанған отта қалсын!

2 – жүргізуші : Жаңа жылда көңілдегі көркем ой, асыл арман, ақ тілектеріміз қабыл болсын деген ниетпен әр столдан бір кісіден ортаға шығып, мектеп басшысы бастап, мектепті аластаймыз.

1 – жүргізуші: Әркім өз көңіліндегі тілегімен бірге Алас, алас Алас, алас Әр бәледен қалас Ескі жыл кетті, Жаңа жыл жетті. Айдан аман Жылдан есен болайық!

2 – жүргізуші: Аластау рәсімін бастаймыз. /аластау/ - Жаңа күн, Наурызымыз келдің бе? - Көктем боп Наурызымыз келдің бе? - Бүрлеген қайынды көрдің бе? - Күлкісін сәбидің көрдің бе? - Құс қанатын сабылтып келдің бе? - Ел жұртыңды сағындырып келдің бе? ● Ән: «Айналайын»

1 – жүргізуші: Осымен мерекелік концертіміз мәресіне жетті.

Тәртіпке бас иген құл болмас

Тақырыбы: «Тәртіпке бас иген құл болмас»
Мақсаты: Заңды әркім білуге міндетті екендігін, сонымен қатар өз құқығын қорғай білуге, өз санасында құқықтық саланы қалыптастыруға тәрбиелеу. Оқушының саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Өз іс-әрекетіне жауап беретіндей ой-өрісін кеңейту. Оларға құқықтық тәрбие бере отырып, рухани мықтылыққа, саналы ойлауға, адамгершілікке баулу.
Көрнекілігі: Видеоролик, плакат, маркер
Өту барысы: 
І. Рефлекция.
ІІ. Сергіту сәті. 
ІІІ.Таныстыру. Әр топ 4 оқушыдан өз топтарын құрады, өз атымен ұранымен таныстырады.
ІV.Ассоциация «Тәртіп»
V. «Тікелей сұрақтар» - әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты 15 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.
YI.Адасқан әріптерді орналастыр.
YII.Ой жалғау кезеңі.Сөздің жалғасын тап.
YIII. «Ой елегінен өткіз»
IX.Шытырманды шешу./Ситуациялар/
X.Қорытынды.
І. Рефлексия. «Улыбка» әуені орындалып тұрады. 
Оқушылар дөңгелектеп тұрып, барлығы келесі шумақты хормен айтады: 
Мейірімді жүрекпен, 
Ақпейілді тілекпен, 
Амандасып алайық, 
Бір жадырап қалайық!
ІІ. Сергіту сәті. 
Құрметті оқушылар, бүгін мен сіздерге «Тәртіпке бас иген құл болмайды» атты тәрбиелік шара өткізгелі отырмын. Енді балалар, сендердің де құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді. Шарамызды бастамас бұрын жақсы көңіл-күймен сергіту мақсатында бәріміз ортаға шығып «Атом молекула» ойынын ойнайық. Жақсы, рахмет! Көңіл-күйімізді нешеге бағалаймыз. 
Орташа болса 3, жақсы болса 4, өте жақсы болса 5 баллмен бағалаймыз. Өте жақсы!
ІІІ.Таныстыру. Әр топ 4 оқушыдан өз топтарын құрады, өз атымен ұранымен таныстырады.
І топ «Заңгерлер»
ІІ топ «Ақиқат»
ІV. «Тікелей сұрақтар» - әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты 15 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.
І топ сұрақтары.
1. «Конституция» сөзінің аудармасы қалай? (Латынның «constitutio»-құрылым, өкілім)
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден –бір бастауы. (халық)
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
4. Егемендік алғаннан кейін Қ. Р –да Конституция қанша рет қабылданды? (2 рет, 1993, 1995 ж)
5. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган (Парламент)
6. Қ. Р. азаматтары еңбек етуге міндетті ме? (Міндетті емес)
7. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (5 тараудан)
8. Қ. Р өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)
9. Қазақстан Республикасында қабылданған қандай заңдарды білесіңдер?
10. Қ. Р –ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл, 16 желтоқсан)
11. «Демократия грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? (халық билігі)
12. Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды? (1948, 10 желтоқсан)
13. Қ.Р-ның басқару нысаны қандай? (Президенттік республика)
14. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге кімнің құқығы бар? (Президент пен Парламенттің)
15. Қ.Р «Мемлекеттік нышандары туралы» заң қай жылы қабылданды? (1992 ж, 4 маусым)
ІІ топ сұрақтары:
1. «Құқық» дегеніміз не? (мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)
2. Қ.Р-ның Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 баптан)
3. Қ.Р-да билікті иемденіп кетуге кімнің құқы бар? (ешкімнің құқығы жоқ)
4. Қ.Р-да ресми түрде қолданылатын тіл (орыс тілі)
5. Қ.Р-да «Баланың құқықтары туралы» Заң қай жылы күшіне енді? (2002 ж, 8 тамыз)
6. Қ.Р-ның теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993 ж 12 қараша)
7. Қ.Р әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет? (унитарлы мемлекет)
8. Қ.Р қазіргі Конституциясы қай елдің Конституциясына ұқсас? (Францияның)
9. «Жеті жарғыда» бір құнның мөлшері қанша? (мың қой)
10. Дүние жүзіндегі тұңғыш Конституция қай елде пайда болды? (АҚШ-та 1787 жылы)
11.Қ.Р-ғы «Баланың құқығы» туралы заң қанша баптан, қанша тараудан тұрады. (10 тарау, 53 бап)
12. 1998 жыл қандай жыл болып аталып өтті? (Халық бірлігі мен тарих жылы)
13. 17 - желтоқсан қандай күн? (Демократиялық жаңару күні)
14. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
15. Балалар құқықтарының Конвенциясы қашан қабылданды. (1989 ж)
Y.Ой жалғау кезеңі.Сөздің жалғасын тап.
1. Заңның құрығы-..................../бәрінен ұзын/
2. Өш алғаннан гөрі ................../кешірген жөн/
3. Тура биде............/туған жоқ/
4. Ақырын жүріп............./анық бас/
5. Асыл тастан, ................/өнер жастан/
6. Ұрлық түбі ................/қорлық/
7. Жазасын тартпайтын ................. /жамандық болмайды/
8. Әдепті бала-................../арлы бала/
Әдепсіз бала- ............../сорлы бала/
9. Тәрбие ......../отбасынан басталады/
10. Әділ істің......-/арты игі/
YI. «Ой елегінен өткіз» Ойлан артығы бар ма?Тапсаң сызып таста.
1. Оқушы неге құқылы?
Білім алуға, емделуге, демалуға, ұрлық жасауға, қоршаған ортаны ластауға, өз сыныптастарына кедергі жасауға.
2. Оқушы неге міндетті?
Білім алуға, ата-анасын тыңдауға, басылымдарға жазылуға, оқулықтарын таза ұстауға, мектеп тәртібін сақтауға, үй тұрғызуға.
YII.Шытырманды шешу./Ситуациялар/
Бұл бөлімде әр түрлі оқиғалар айтылады. Осы болған оқиғаның ішіндегі қылмыс түрін табу және ол кімге қарсы бағытталған?
1. Әскери авиация оқу орнының студенті 5-курста оқып жүрген кезде АҚШ-тан келген танысына оқуы жайында, яғни авиация құпиялары туралы әңгімеледі. (Мемлекет қауіпсіздігіне қарсы бағытталған)
2. Сауле деген адам басқа жердегі туысқанының үйінде ақша алып кетіп, өз пәтерін жөндеуге жұмсады.
(Алаяқтық, жеке адамға қарсы бағытталған) 
3. Әскери азамат, өзіне әлімжеттік жасалған соң, қолына қару алып, басқа жаққа кетіп қалған. 
(Әскери қылмыс, өз міндетін орындаудан бас тарту)
4. Жолда МАИ қызметкерлері тұр. Жүргізушілерді тоқтатып, 200 т ақша ұстап отырған. 
(Қызмет бабын пайдалану арқылы жемқорлықпен айналысу)
5. Автобусқа ауыр сөмкесімен қарт адам отырды. Жанында отырған жас жігіт сөмкеден әмиянды алып, келесі аялдамадан түсіп қалды. 
(Ұрлық, жеке адамға қарсы)
6. Жексенбі күні жастар демалуға тауға барды. Сауық-сайран жасайды. Сөндірілген темекінің тұқылынан үлкен өрт болып, тау өртенеді. 
(Қоғамның қауіпсіздігіне қарсы)
Қорытынды. 
-Балалар, бүгінгі «Тәртіпке бас иген құл болмайды» тақырыбында тәрбие сағатымызда заң, құқық тақырыптарында алған білімдерімізді жинақтап, ортаға салдық.
Бұл білім бізге келешекте, өмірде де қажет болады, себебі біз ҚР құқықтық мемлекетпіз.
Міне, бүгінгі сайысымызда айтылғандарды саралай келе, еліміздің өркениетті ел ретінде болашақта қарқынды дамуы, қымбатты оқушылар, болашақ жастар сендердің өз қолдарыңда.
Жандарыңа сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп, үйлестіріп мемлекетті алдыңғы уақытта дамытатын сіздер мен біздер. Ендеше М. Әуезов атамыз айтқандай «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, құрметті өрен атаның емес, адамның баласы болу керектігін осы бастан ой-зерделеріңе салыңдар.
Ендеше, балалар, «Жеңіс бар жерде жеңіліс бар»-демекші, сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Сара Алпысқызы

Мақсаты: Қазақстанның бірінші ханымы, « Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс - шаралары, еліміздегі адамгершілік - рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіре отырып, "Өзін - өзі тану" әлемінің басты мақсаты – ұл - қыздарымызды жеке өзімен және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу. Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: түрлі түсті қағаздар, карточкалар, қарындаштар.
Әдіс тәсілі: топтық жұмыс, сауалнама, сұрақтар.
Мұғалімнің өзін - өзі таныстыруы.

Мұғалім:
- Бүгінгі сабақтың өзгешелігі, мектеп акт залында, қонақтармен ата - аналарымызбен бірге өткізгелі отырмыз. Бұл сабақтың негізгі өткізілу мақсаты: Сара Алпысқызы Назарбаеваның мерей тойына байланысты болмақ.
Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қазіргі кезде өскелең ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттардың бірі - қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағы үшін жан - жақты дамыған жеке тұлғаны калыптастыру.
Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек»қорының президенті Сара Алпысқызы «Өзін - өзі тану» рухани - адамгершілік білім жобасы республикамыздың білім беру мекемелерінде, бала бақшаларында эксперименттік пән ретінде жүргізіліп келеді.
Баланы мәдениеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке баулу - ата - ананың да, қоғамның да, мектептің де ең басты міндеті.
Адам бойына кішіпейілділік, сыпайылық, мейірімділік, рақымшылдық, жанашырлық, тілектестік, сыйластық сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білуге, тыңдай білуге, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуға үйрету де «Өзін - өзі тану» пәнінің үлесіне тимек.
Ендеше, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз Сара Алпысқызы Назарбаеваға арналмақ. «Даналық шыңы - махаббат» десек балаға деген ұлы сезім Сара Алпысқызының өмірлік ұстанымы. Олай болса осы абзал жанның өмір дерегіне қысқаша тоқталайық.
1. Сара Алпысқызы қай жылы, қай қалада дүниеге келді?
2. «Бөбек» республикалық қоры және «SOS Қазақстан балалар ауылдары» қоры қашан құрылды?
3. Сара Алпысқызы қандай кітаптардың авторы?
4. Сара Алпысқызы еңбектері үшін қандай марапаттауға ие болды?
1 - ОҚУШЫ
Сара Алпысқызы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды обылысы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын қарапайым құрылыс жұмысшысы болып бастаған. Жоғары білімді экономист. Сара Алпысқызының елбасымыз Н. Ә. Назарбаевпен отасқанына 50 жыл толды. 3 - қызы бар, немере, шөбере сүйген ардақты, бақытты ана.
2 - ОҚУШЫ
1992 жылдан бастап Сара Алпысқызы балаларға рухани - адамгершілік білім беру және тәрбиелеуге байланысты мәселелерді шешуге нақты көмек көрсететін «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалашы және президент.
1994 жылдан бастап «SOS - Қазақстан балалар аурулары» қорының президенті. 1999 жылғы наурыз айынан «Демография қайырымдылық қоры» кеңесінің төрайымы.
3 - оқушы
Сара Алпысқызы - қоғамның, адамның рухани адамгершілік дамуы бойынша бирнеше кітаптардың авторы, бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама құрды
4 - оқушы.
Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, тәрбиелеуге мән береді. Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде Республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып «Үміт» жас өскіндер үйлері ашылуда.
5 - оқушы

Сара Алпысқызы көптеген кітаптардың авторы. Атап айтсақ:
1. Порфирий Корнеевич Ивановтың «Детька» жүйесін пайдаланушы қатысушылардың денсаулығын, адамгершілік тәрбиесін нығайту және дамытудың мәселелері 1999 ж
2. «Өзіңе жол» Порфирий Корнеевич Ивановтың ілімі сау тұлғаны тәрбиелеудің әдісі ретінде 1999ж.
3. «өмір этикасы» 2001 ж.
4. «Сүйіспеншілікпен» 2001 ж.
6 - оқушы Сара Алпысқызы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы еңбектері үшін:
«1 - Дәрежелі Достық орденімен 2001 ж.»
«Алтын жүрек» Халықаралық сыйақысының лауреаты 2006 ж.
«Ш. Айматов атындағы «Алтын медаль» 2003 ж.
«БҰҰ – ЮНИСЕФ балалар қорының естелік медалі» 2007 ж.
«Ихсан Дограмачи атындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйақысы».
«Жетім балалардың мәселелерін шешуде ерекше еңбегі үшін - sos - Киндердорф»халықаралық қорының алтын медалі 1999 ж.
«Балам дейтін ана болмаса, Анам дейтін бала қайдан табылар» бар баланың анасы болып, әр баланың болашағына ізгі жол сала білген, әлемнің анасы атанған өз анамыз Сара Алпысқызының өмірі мен еңбегінен үлгі ала отырып, болашақта еңбек сүйгіш, мейірімді, адал, Отанымыздың туын биік ұстар, ұлт болашағын көркейтер еліміздің патриот азаматтары болуларыңызға тілекшіміз.
Мұғалім:
«Бала жанын ғажайып пен жақсылыққа толтырсаңыз болады, оның өзі - ақ тәрбиелі болып шығады»- деп ұлыларымыз айтқандай бала тәрбиесінде нәтижелі іске қол жеткізудің жолын тапқан «Бөбек» Республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті С. А. Назарбаеваның бала бойындағы мейірімділік пен қайырымдылық, ізгілік пен рухани құндылықтарды арттыру және адамға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін білім берудегі жаңа «Өзін - өзі тану» пәні әр баланың жүрегінің төрінен орын алғаны сөзсіз. Әр баланың жүрегіне жол таба білген мейірімді жан.

Ана туралы жыр
Сөзін жазған: Ғ. Қайырбеков
Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың қанатын самғаған,
Балалық құштарым өзіңе арнаған.
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап, өсірген жемісін,
Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де мен саған сәбимиін
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.
Етуге борышың, анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,
Сыйлар ем ай, күнін, қолыма түспеді.

Топтық тапсырма. Шағын эссе жазу. Берілген уақыт 5 - 7 минут.
1. Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
2. Анам үшін мақтанам.
3. Анам менің ардақты.
4. Анам асыл қазынам.
Ситуациялық сұрақтардың жауаптары:
1. Балаңызды өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
(Мүмкіндігінше, оның қабілетін одан әрі дамытуына жағдай жасаған дұрыс. Мүмкін, ол бойында жасарын дарындылық қабілет болар. Көптеген биограф - зерттеушілердің айтуынша, мыңдаған Архимед, Моцарт, Рафаэльдердің көбі өмірлерін ешбір атақсыз, қарапайым диқан, қолөнерші, аспаз ретінде өткізген көрінеді).
2. Сізге мектептегі мұғалімдерден « Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды.. Тағы көрші ата – аналардан да « біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
(Баланы тәртіпке келтіруден бұрын, оның агрессивті болуының себебін тереңнен іздеңіз. Басқаларды ренжітетін бала өзі ренжіген бала.
Отбасыңыздағы біреу осыған кінәлі емес пе? Ойланыңыз. Мүмкін, жағдайды талдап, себебін тереңнен табуға болатын шығар?).
3. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
(Балаңыздың мұндай жөнсіздіктеріне жол бермеңіз, әйтпесе, одан кейін де өрши түседі).
4. Балаңыз күнде 1 - сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
(Қаталдау болуға қорықпаңыз. Сонда ғана ол өз орнын табады).

Осы аналарымызға арнап Тұрған Ақнұрдың орындауында «Аналарға қатал қарау - зұлымдық» атты өлеңін тамашалайық.

Мұғалім: Балалардың аналарына деген көз қарасы қандай екенін білу үшін. «Ашығын айтсам» деген жаттығуды орындайық. Аяқталмаған сөйлемдерді аяқтаймыз.
1. Ашығын айтсам, кейде анам маған ұрыса береді, себебі.............
2. Ашығын айтсам, мен кейде ата - анамды тыңдамаймын, себебі..........
3. Ашығын айтсам, мен анамның орнында болсам.................
4. Ашығын айтсам, мен анама көп өтірік айтамын...............
5. Ашығын айтсам, анамды тек қуантсам деймін..............
6. Ашығын айтсам, кейде анамды ренжітіп алсам....................
7. Ашығын айтсам, анамның мұңайғанын көрсем........
8. Ашығын айтсам, анам ауырып қалса...................................
9. Ашығын айтсам, анама ұзақ уақыт үйде болмаса.....................
10. Ашығын айтсам, анам бір нәрсе бүлдірсем, мені қатты жазалайды.......
Сергіту сәті. « Ыстық орындық» деп аталады.
Мұғалім:
Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
– Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтайын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай абақтыға жапса, одан шыққан соң аузыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса сол адамға не істейсіңдер? Осы сұрақ жөнінде өз ойларыңды ортаға салсаңыздар.
Тұңғыш баласы: Оның басын балтамен шабар едім,- депті.
Екінші баласы: Оны мен мылтықпен атып тастар едім, – дейді.
Ал үшінші баласы: Оның кеңсірігін бұзар едім.
Ал кенже баласы былай депті:
• Жоқ, ана мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі, ал мен болсам, ол адамды аялап өлгенше алақаныма салып бағар едім, – депті.
• Ол мені жаратушы, жарық дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқымнан шыққаннан кейін таза жатсын деп ағаш бесікке бөледіңіз, – депті.
Жүректен жүрекке. Ән: «Ай дидарлы анашым»

Қортынды: Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Өмірде анаға деген сағыныш, оның ыстық мейірімге толы жылы құшағын аңсамайтын адам бола қоймас. Күннің шуақты сәулесіндей ыстық ана жүрегі, одан туындайтын ананың махаббаты әр перзент үшін. Сондықтан баршамыз ана атына кір келтірмей, оларды ардақ тұтып құрметтеуіміз қажет.
Әркімнің ақ жаулықты анасы бар,
Бәрің де ана алдында баласыңдар.
Анасы ақ жаулықты төрде отырса,
Ұяда береке бер, жарасым бар.
Құрметті қонақтар, ата - аналар оқушылар осымен бүгінгі «Алтын жүрек анамыз» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Сау болыңыздар!

Кітап білім кілті.

Мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білеуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу.

         Оқушының білімділік танымын өмірімен байланыстыра отырып арттыру.

         Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

         Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.

Әнұран

1-жүргізуші:                Армысыздар, ата-аналар, ұстаздар!

                                      Кітап- шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.

                                      Кітап- адал пейіл, асыл дос.

                                      Кітап- мұхит, сол мұхиттан не терең?

                                      Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!

2- жүргізуші:               Кітапты оқи отырып, адамның ішкі рухани жан дүниесі артады.

Айналадағы өмірмен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы-құрдастарыңмен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге құштарландыратын осы –кітап.

         Кітап- қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап-білім бұлағы» деп бекер айтылмаған екен.

         Енді біз кітап туралы қандай нақыл сөз, мақал-мәтел, өлеңдер білеміз, соны ортаға салайық.

1-оқушы.

Адамның досы кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған дүние-мүлік

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

2-оқушы

Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы әліппеден.

Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,

Оқысақ кітап сырын ашып терең.

3-оқушы

Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жайып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын  ой-өрісін,

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

4-оқушы

Кітаптар бейне жапырақ

Жырлайтын сырын өмірдің

Оқисың кейде жаттап

Көтеріп күйін көңілдің

5-оқушы

Айдын шалқар кейде бір

Кітапты тұнған көл дерсің

Ауадай қажет бейне бір

Таппасаң нәрін шөлдерсіңъ

6-оқушы

Білім алар көп адам

Жақсы нәрсе жоқ одан

Қызыға кеп оқимын

Кітапты көрсем жаңадан

7-оқушы

Ұсынған қойынан

Білімнің үлесін

Шықпайды ойыңнан

Досың ғой білесің

Бұл не?

Бұл –кітап.

Кітап.

Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп

Бетімді менің ашады, әңімеге басады

Жолдарымда сызады, шырқымды да бұзады

Онымен іс бітпейді, беттерімді бүктейді

Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды

Налымаймын неге мен, бұл секілді пендеге.

1-жүргізуші:

1. Әңгіме неге «кітаптар мұңыә деп аталған?

2. Кітаптарды өздерің қалай ұстайсыңдар?

3. Оқушылырға кітаптың тигізер пайдасы қандай?

4. Кітаптарды кімдер және қалай жасайды?

5. Кітаптардың оқушыларға ренжігендері дұрыс па?

6. Кітап қайда басылып шығады?

7. Кітапты баспадан шығару үшін  не қажет?

-Сендер сол жайлы не білесіңдер, балалар?

1-жүргізуші

         Балалар, кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстау-бәріміздің міндетіміз.

Бізде кітаптары қапталған, өте таза, ұқыпты ұстайтын оқушылар да арамызда бар.

Олар жауапкершілікті түсінген оқушылар.

2-жүргізуші

Ойланайық, балалар,

Кітап-асыл досымыз.

Дос болайық бәріміз

Сабақтың тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»
Мақсаты:
1.Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы,достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру;
2.Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру,олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне,өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына,һз ойын,пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу;
3.Оқушыларды досытққа адал болуға,имандылыққа,сыйластыққа тәрбиелеу;
Көрнекі құралдары: жапырақтар, үнтаспа, мультфильм.
Мұғалімнің сөзі:
Достық туралы тәрбие сағаты

Түрі:Тренинг элементтері аралас танымдық сағат
Көрнекілігі:интереактивті тақта, нақыл сөздер,сызбалар.
Әдісі:Сын тұрғысынан ойлау страегиясы,сұрақ-жауап.
Барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
Үлкенге де «сіз»,кішіге де «сіз».
Баршаңызға құрметпен,
Бас иеміз біз.
ІІ.Негізгі бөлім
-Кім достық туралы мақал біледі?
/Оқушыларды тыңдау/
Мұғалім:-Олай болса бүгінгі ашық сынып сағатымыз «Дос болайық бәріміз »деп аталады.
-Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
1-оқушы:
Достық-ізгі ниетті адамдардыңбір-біріне тек жақсылық жасауға серттесіп,ниет қосып іс-әрекетке ортақтасуы.Достық ізгі қасиет.
2-оқушы:
Достықтың нәрі оның қадіріне жете білу.Достық киелі ұғым.
3-оқушы:

Жаны таза,жүзі жылы,жөні түзу,ақылды,парасатты болу-нағыз достықтың белгісі.
4-оқушы:
Достықтың сенімі адамдардың бір-бірін қажетсінуі мен шынайы құрмет тұтуы.
5-оқушы:
Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа.
6-оқушы:
Достасу,серік табу адамның бақытына бақыт қосады.
Мұғалім:
-Дұрыс айтасыңдар,балалар.Достық-аспандағы жарық жұлдыз,теңіздегі гауһар тас.Жұлдызды да,гауһар тасты да ешкім кірлете алмайды.Достық адамды асқақтатады.
Нағыз достық адамға шабыт беріп отырады.Олар бір-бірініің қуанышында да.сәтсіздігінде де ортақтасып отырады.
Жалған достықтың-ғұмыры қысқа болады.Олар бір-біріне шынайы болмайды.Бір-бірінің кемшіліктерін түземейді.
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бірде замандастары шешеннен:
-Достық нешеу?-деп сұрапты.
Әйтімбет:
-Достықтың 2түрі болады. Бірі-адал достық,екіншісі-амал достық,-дейді.
-Дұрыс –ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?
Шешен:
- Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа-деп жауап беріпті.
Осыны қалай түсінесіңдер?
/Оқушыларды тыңдау/
Мұғалім:
-Ал енді достықты бір нәрсеге теңеп көрейікші.Теңеген затымыздың суретін лайық.Сосын сол бойынша түсіндірейік.

 Мысалы:
    Достық-адамдар арасындағы байланыс.

1 оқ: «Дос болайық бәріміз» өлеңін оқиды.
Мұғалім:
-Дос деген кім?
Шарты: Бір сөйлеммен айту.
    Сыр бөлісетін адам.

    Мені өте жақсы түсінетін адам.
    Сенімді адам.
Мұғалім:
-Дос қандай болу керек? /Топтастыру/
/Оқушыларды тыңдау/

Ән:Достық.Орындайтын: ....-сынып оқушылары.
Көрініс: «Екі дос»
1. Екі жауынгер қалай дос болыпты?

ІІІ.Қорытынды.
1.«Алақан» тренигі.
2. Ітоп:5жолды өлең құрау. 
ІІтоп:  РАФТжазу
3.Жағдаяттар шешу.
*Саған досың өкпелі.Неге екенін білмейсің.2күн болды сені көрсе қашқақтайды.Сен не істейсің?
*Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды Қандай шешім қабылдар едің?
*Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр.Сенің әлің жетпейді. Не істейсің?
*Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды.Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не айтар едің?
*Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді.Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?
*Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сувеиріңді ұнатып қалды.Қайта-қайта оны қызықтаумен болжы.Қимас досың сұраса берер ме едің?
Хор: «Біздің сынып»
Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.
Мұғалім сөзі:
Қорыта келгенде,менің сендерге айтарым:
Достықты қадірлей біліңдер
Досыңның кемшілігін кешіре біл.
100сом ақшаң болғанша 100досың болсын дегенді ұмытпа

Әдептілік – тәрбиенің діңгегі

Әдептілік – тәрбиенің діңгегі
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, өз халқының салт - дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: құпияхат, алма ағашы, АКТ
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық. Қане, балалар бәріміз бір - бірімізге сәттілік тілеп, әр оқушы өзінің атының бірінші әрпінен басталатын бойындағы жақсы қасиеттерімізді айтайық.
Енді балалар, топқа бөліну үшін мына фигураларды таңдайық.
Жарайсыңдар балалар, енді орналасып болсақ тақтаға назар аударайық.
Жоспары:
1. «Әдептілік жемісі»
2. «Бөшкеден шыққан басқатырғылар»
3. «Сиқырлы сөздер»
4. Есте сақтау минуты
5. Сөзжұмбақ
Мұғалім: Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек. Оның ең бастысы - оқушылар үшін әдептілік. Біз сыныпқа кіргенде әдептіліктің бірінші ережесін байқаған болатынбыз. Ол қандай ереже?
- Біз бір - бірімізбен амандастық.
- Амандасу – әр халықтың мәдениетінің алғашқы беташары.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан,- деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, досыңа қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң, өсе келе ата - анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.
Ендеше мына тақтада «Әдептілік жемісі»ілінген, алмаларда сұрақтар жасырылған, соған жауап берейік.
I бөлім Бой сергіту
1. Досқа қалай болу керек?
2. Әдептілікті бізге кім үйретеді?
3. Әдептілік туралы мақал айт?
4. Өзіңе көрсетілген ізетке, жасалған ілтипатқа, сыйға не айту керек?
5. Үзіліс кезінде дәлізде қалай жүру керек?
6. Көпшілік орындарда, көшеде, автобуста өз - өзіңді қалай ұстау керек?
7. Әдепті бала қандай болу керек?
8. Қоштасар сәтте қандай ниет білдіресің?
9. Әдепсіз бала қандай болады?
II бөлім «Бөшкеден шыққан басқатырғылар»
Топ мүшелері қапшықтан нөмірлері бар шарларды алып шығады. Мұғалім әр балаға жалғастыр ойынын түсіндіреді. Өз ішінде талқылаған соң топ басшылары жауап береді.
1. Үлкендердің алдынан – (кесіп өтуге болмайды.)
2. Кішкене баланы - (жылатуға болмайды)
3. Құстарды – (атуға болмайды.)
4. Қыз баланы – (сыйлау керек.)
5. Сабақтан - (кешігуге болмайды.)
6. Досқа – (көмектесу керек)
III бөлім «Сиқырлы сөздер»
Мұғалім: Кез келген жағдайда әуелі бойыңа ашу шақырмай, сабырлы болған жөн. Қатты ашуды тарататын сиқырлы сөздер болады екен. Олардың қандай сөздер екенін берілген сиқырлы конверттерден білеміз. Конвертте сиқырлы сөздер жазылған. Мысалы кешіріңіз, рахмет т. б. Сол сөздерге өмірден көрініс келтіру.
IV Есте сақтау минуты
Мына әріптерден адам бойындағы жақсы жаман қасиеттерге байланысты сөздерді тауып жаз.
Лдаа, қлаас, зөміішл, кеттен, ітітпәрт, зіспітртә, ытпықұ, зсыпықұ
Жауаптары:
Адал, салақ, өзімшіл, тентек, тәртіпті, тәртіпсіз, ұқыпты, ұқыпсыз
V Сөзжұмбақ
Мына өлең шумақтарынан «Ф» әрпін сызып тастап оқысаң Ермек Өтетілеуовтің «Әдептілік әлемі» өлеңінің шумақтарын оқи аласыңдар.
Әдептілік әлемі
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ - табақты.
Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын,
Салдыр - салақ болмағын
Әдет қыл бұл ісіңді -
Тазалап жүр тісіңді.
Жарайсыңдар балалар енді сабағымызды қорытындылай келе «әдептілік» ережесін құрайық
Әдептілік ережесі:
1. Сәлемдесу
2. Үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу
3. Үлкенге жол беру, автобуста орын беру
4. Табиғатты аялау, қамқор болу
Қорытындылау
Мұғалім: Қипақтайды қит етсе, анаң, әкең
Қайтсем ғана осыны адам етем
Басқалардың осындай балалары
Тап осындай жаңғалақ болар ма екен?- деп М. Әлімбаев ағамыз айтқандай, ата - анамызды ренжітпей әдепті бала болайық. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар.

«Әдептілік адам көркі»

Мақсаты:әдептілік,имандылық туралы ұғымдарын  кеңейту,әдептілік сақтауға,үлкендерге құрмет,кішіге ізет көрсетуге,өзара сыйластыққа,жақсыдан үйренуге,балаларды жаманнан жиренуге тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар:үлестірмелер,ойындар,плакттар.

әдісі:талдау,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

Кіріспе:Жирен жаман әдеттен,үйрен жақсы әдеттен-дейді халық.әдепті болу үшін иманды,кішіпейіл,кпшіл болу қажет.Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен,көзінен,өзінен байқалады.Иман жүзді,әдепті адам күндей күлімдеп,жарық дүниедей жадырап сөйлейді.халық әдебі «Сіз»-деген сөзден басталады...»

«Сіз»-деген әдеп,

«Біз»-деген көмек.

«Әдептілік әліпесі»-авторы Е.Өтетілеуов.

      Қарсы ал ерте күн көзін,

      Төсегінді жина өзің.

      Асықпай іш тамағыңды,

      Жалама аяқ-табағыңды.

      Пышақты ұста оң қолымен.

      Шанышқыны сол қолымен.

      Нанды үгітпе,қадірле,

      Қабығымен бәрін же.

      Саусағыңды сормағын,

             Әдет қыл бұл ісіңді,

            Тазалап жүр тісіңді.

Балалар,адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді білдіндер?

Мен қандай боламын?-(әр бала өз бойындағы қасиеттерді айтып,өзіне мінездеме беру)

Ойын:Қандай әдепті,әдемі сөздерді білеміз?

Ойын:Жалғасын тап (әдептілік туралы мақалдардың жалғасын тапқызу)

     1.Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

        Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

        2.Әдепті бала –арлы бала,

           Әдепсіз бала-сорлы бала.

       3.Әдептілік адам көркі.

Біз қандай да бір көңілімізге ұнаған жақсы нәрсені әдемі дейміз.Әдептілік туралы айтқан сөздердің барлығы жақсы қасиеттер.Ендеше әдептілік те әдемілік екен.Егер сен бала кезеңнен тәртіпті,әдепті бала болып өссең есейе келе ата-анаңнын,отаныңның мақтанышы боласың.Сенің табыстарың ата-анаң үшін шексіз бақыт.Ата-ана алдында шыншыл болып,өзіңнен үлкеннің ақыл-кеңесін тындау керек.Ұлы Абай атамыз:

         Әсемпаз болма әрнеге,

         Өнерпаз болсан арқалан.

         Сенде бір кірпіш дүниеге,

         Кетігін тап та бар қалан-дегендей,сендерді ғажайып болашаққа шақырған.

Ал,енді қандай нәрсені «жаман»-деп түсінесіңдер?

                                  Диограмма

«Әдепті бала»

Өнерлі

Ұқыпты

Іскер

Ақылды

Адамгершілігі жоғары

Әдепті

Ақкөңіл

Үлгілі

 «Әдепсіз бала»

Ұқыпсыз

Дөрекі

Әдепіз

Лас

Өтірікші

Жауапсыз

Бұзық

Мейрімсіз

-Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін жақсысын,

Саған тандап әперді

Не деп барып жеу керек?(рахмет)

-Байқаусызда біреуді қағып кетсең,

Не ағат сөз айтсан не деу керек?(кешіріңіз).

  Сонымен балалар жақсы қасиеттер туралы тағы да ойларымызды тұжырымдайық.Балалар мен сендерге әзіл-қызықты өлең оқып берейік сабағымызды қорыта келе:

        Күйші болуға болады,

        Биші болуға болады.

         Ерке болуға болады

         Серке болуға болады.

         Пысық болуға болады,

         Кішік болуға болады.

         Әкім болуға болады,   

         Ақын болуға болады.

         Маман болуға болады,

         Жаман болуға болады,

         Айтпақшы,

         Жаман болуға болмайды!

        Ондай адам оңбайды!           

Тақырыбы: «Бала құқығы-асыл қазына»

Мақсаты: а) Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру.
ә) Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен
міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен
шешуге үйрету.
б) Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы,
құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке,
елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ата Заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: құқықтық сауаттандыру
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Кіріспе

Мұғалімнің Заң туралы кіріспе сөзі

ІІІ. Негізгі бөлім
Тренинг «қол соғыңыздар, егер …» ойыны
«Бала құқығы туралы халықаралық конвенция»
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы
Заң сөздікшесі
Балаларды қорғауға арналған халықаралық күндер
«Әрекет-қабілеттілік пирамидасы»
«Өз құқығыңды біл!». Баланың құқықтары мен міндеттері
«Менің құқығым» тренинг
«Ой жалғау»
«Кім тапқыр?»
Тренинг «Ассоциация»

ІV. Қорытынды
Ата Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.
«Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты» деген еді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Ендеше сабағымыөдың соңынды сендерге мынадай үндеу тастағым келеді.

Үндеу
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол.
Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.
Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.

Әнұран орындалады. (сынып ұжымы)
Конституция- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олой болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылығы 8 тамызда № 345 Заңы
10 тарау, 53 баптан тұрады.
1 тарау. Жалпы ережелер
2 тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат
3 тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері
4 тарау. Бала және отбасы
5 тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары
6 тарау. Мүгедек баланың құқықтары
7 тарау. Бала және қоғам
8тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау
9 тарау. Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері
10 тарау. Қорытынды ережелер

«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»
— Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
— Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
— Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
— Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
— Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.
— Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.
— Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
— Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.
— Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Сөздікпен жұмыс.

 Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер берілген.
1-маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20-қараша Балалардың дүниежүзілік күні
10-желтоқсан Адам құқығы күні
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады.
1959 жылы Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды.
1979 жылы Балалардың халықаралық жылы өтті
20-қараша 1989 жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды
28-қазан 1993 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды
8-маусым 1995 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті.
«Әрекет-қабілеттілік пирамидасы».
40 жас- Президент
30 жас -Сенат депутаты
25 жас – Полиция, сот
20 жас- Маслихат депутаты
18 жас- Сайлау, үйлену құқығы
17 жас- Өсиет жазу құқығы
16 жас- Төлқұжат, еңбек ету құқығы, қылмыстың барлық түрлері бойынша жауапқа
тартылу
15 жас- Жұмыс істеу (рұқсатпен)
14 жас- Қылмыстық ісі үшін жауапқа тартылу, еңбекақыға иелік ету
10 жас- Асырап алуға, қорғаныш болуға келісім беру, ата-аналардың бірімен тұруын
таңдау құқығы
6-7 жас-Тұрмыстық келісім шааралар, мектепке оқуға баруға
0 жас- Туу, құқық қабілеттілікке ие болу

«Менің құқығым»
(Әрбір бала-орындарынан тұрып бір-бір құқықтан айтады)
Сұрақ: Сен өз құқығың туралы не айтар едің?
Сұрақ: Бала құқығының қандай түрлері таныс?
Сұрақ: Күнделікті өздерің қолданып жүрген құқықтарыңды ата?
Мұғалім: Әрбір адамзат құқықтырын пайдаланып қана қоймай өз міндеттерін де білуі, орындауы керек.
Ал Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері мыналар:
Заңдарға бағыну
Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу.
Мемлекет рәміздерін құрметтеу
Салықты төлеу
Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау
Табиғатты және табиғат байлықтарын сақтау
Ата-аналардың балаларына қамқорлық ету міндеттерін орындауы
Орта мектеп білімін алу
Қазақстан Республикасын қорғау
Ал азаматтар өз міндеттерін дұрыс орындамаса, ол құқық бұзушылық болып табылады.
-Балалар, құқық бұзушылық деген қылмыс екен. Ал біздің өз арамызда қылмыс жасау жағдайлары болған жоқ, бірақ тәртіп бұзушылықтың өзі қылмысқа апарып соғары белгілі. Қандай бала тәртіп бұзады? Әрине, тәртіпсіз бала. Ал тәртіпсіз бала деп қандай баланы айтар едіңдер.
/Оқушылар жауаптары тыңдалады/

Менің  болашақ  мамандығым

 Тақырыбы: «Менің болашақ мамандығым ….»     

Мақсаты:  1. Оқушыларды болашақ мамандығын дұрыс таңдауға үйрету;

                    2. Мамандықты құрметтеуге, сүюге үйрету;

                    3. Мамандыққа байланысты ұғымдармен таныстырып, 

                         қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,компьютер,  сурет салынған плакат,   

                      сынып газеті, шарлар, бейнеклип.

Әдісі:   ақпараттандырылған, сөйлеу.

1- жүргізуші: Қайырлы  күн!

                        Қайырлы  күн  құрметті  қонақтар, ұлағатты  ұстаздар және  білім

                        ордасының  шәкірттері!

2 -жүргізуші: Иә,ұл  жиналған  қауым  бүгінгі  ....  сыныбы  көрсеткелі  отырған  тәрбие   сағатының   көрермендері.

1-жүргізуші: Ендеше   сыныбымыз  ұсынып  отырған  «Менің  болашақ  мамандығым» атты  ашық  тәрбие  сағатымызды  ашық деп жариялаймыз.

2 –жүргізуші: «Ақыл жастан, асыл тастан» деген сөзді айтқанда халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткен болар. Содан бері неше ұрпақ ауысса да халықтың жастарға деген сенімі өзгерген жоқ. Жастар әркез қоғамның қозғаушы күші ретінде танылған.

1-      жүргізуші: Бір кездері Мағжан бабамыз:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін,- деп бекерден бекер айтпаған болар. Сондықтан да біз жастар өзіміздің

қоғам, халық алдындағы борышымызды, міндетімізді сезіне білуіміз қажет.

2-      жүргізуші: Әрине, тізбелей берсек жастар жайлы келтірер мысалдар жеткілікті, бірақ бұл сөз

тек құр сөз қалуы мүмкін. Сондықтан да өзіміздің болашақ үшін жасайтын игі істерімізді

ойлануымыз керек. Қазіргі күні еліміздің болашағы да біздің жастардың қолында. Енді осы

жастарымыз болашақта қандай маман иесі болғылары келеді? Ортаға салайық.

1- жүргізуші:

                         Мектеп  анам  бүгінде  

                           Мектеп — алтын босағам

                           Мектеп берген біліммен

                           Марқаяды жас ұлан

2-жүргізуші: Әрине, қай мамандық иесі болмасын, ең бірінші әрбір

адам өз болашағын мектеп табалдырығынан бастайды. Кешегі күнде  бүлдіршін

болған,  бүгін міне ержетіп, мектеп бітіріп, болашақтағы мамандықтарын таңдап,

жоғары оқу орындарына түсіп жатқан апа-ағаларымыз көп емес пе?

1-жүргізуші:   Мектеп, мектеп төңірекеп

                          Жүруші едім кеше мен

                          Сұраушы едім, жылаушы едім

                          Әпкем кітап бермесе

 2 -жүргізуші:   Бүгін міне ержеттім

                           Мамандығымды таңдадым

                           Қол жеткізген биікке

                           Мектебімнің арқасы

1- жүргізуші:   Армандар,

                           Сол арманда зор мән бар

                           Жақсылықты ақ жүрекпен қолдаңдар

                           Асқақ арман — үлкен өмір бастауы

                           Болашаққа бақыт үнін жолдаңдар!

    Айбар , сонау бастауыш сыныптарға көз жіберсек, бір-бірімізді қуалап ойнап жүрген, қуанышты сәттерді жүзі жайдарлы бүлдіршіндерді көресің. «Уақыт — өзен», дегендей  қазір міне ержетіп, қыз бен жігіт болып мамандық таңдайтын уақыт та таяп қалды.

2-жүргізуші:  Онда, ендігі кезекте армандары биік, әрбіреуі өз алдына мақсат қоя білетін, болашақ маман  иегерлерін ортаға шақырайық.

1-жүргізуші: Ұстаз, Ұстаз!

                        Сен көрсеттің білім жолын іздеген,

                        Жүріп кеттім мен де алға

                        Сіз көрсеткен ізбенен

                        Ұстаз! Ұстаз!

                        Ардақты да қасиетті бұл есім

                        Үнемі сен жүрегімнің түкпірінде жүресің

                        Осы есімге үлкен менен кішіңіз

                        Мәңгілікке басыңызды иесіз.

2-жүргізуші        Ақ халатты киемін

                             Аппақ болып жүремін

                             Аппақ болып жүргенді

                             Өзім жақсы көремін

                              «Дәрігермін мен», — деймін

                               Кәрі әжемді емдеймін

                               «Көп — көп ішіп дәріні

                                Кәрілікті жең»,- деймін  деп ел денсаулығына алаңдаулы біздің ....... мен........... халықтың айнасы дәрігер болғылары келеді екен. Соларды қарсы алайық.

1- жүргізші: Ел деп соққан жүрегі

                      Ұлы Отанның түлегі

                      Милиция қорғаным

                      Мен милиционер боламын.

Өскенде ел қорғаны болатын бұл оқушы болашағын халық тыныштығына арнап отыр. ..............., бұл қай оқушы дейсің, бұл біздің .............. ғой.

2-жүргізуші:  Біз әншіміз, бишіміз

                        Бала емеспіз жалыққан

                        Біз талапты күйшіміз

                        Өнерпазбыз халықтан

Ал келесіоқушлардың таланты биік,  болашақ сахна төрінен көрінетін өнерпаз оқушылар. Әсем дауысымен ән шырқайтын ..........., мың бұралған бишілеріміз ............, ............. және .....................

                1-жүрізуші:

                       Біз- заңгерміз, заңгерміз,

                       Әділдікті қолдаймыз

                       Халықпенен біргеміз

                       Адам құқын қорғаймыз.

Иә, ..............  ұлттық рәміздерінсіз, заңынсыз ел болмайды дегендей, Қазақстанның әрбір азаматының құқығын әділетті шымдап  жүрген шыншыл  заңгерлеріміз де аз емес. Солардың жолын қуғысы келіп жүрген ұлдарымыздың бірі — .................

2-жүргізуші:

................., осы сен хат тасушыдан хабарлама алып көрдің бе? Келесі оқушымыздың мамандығы өте қызық. Ол өзінің болашағын былайша елестетеді.

                Сөмкеде хат қалмайды тасылмаған

                Қалса да құпиясы ашылмаған

                Сондықтан осы міндет асыл маған

                Хат тасушы бала мен боламын.

          Сонымен хат тасушы-................. ортаға шақырайық.

Ән: «Сәлем» Орындайтын: ..........................................

1-жүргізуші: Ал, ................ мен ............ елде болып жатқан жағдайларды халыққа хабарлап айтушы тілші болғысы келеді екен.

2- жүргізуші: Өреннің зор талабы,

                        Өмірден жол табады

                        Мақсатына лайық

                       Мамандығын алады

1-жүргізуші: Әр адамды шыңдаған

                       Мамандық бар мыңдаған

                       Бейім болып бәріне

                       Біреуі қалар ұнаған

Енді осы мамандық иелеріне сұрақ қойсақ.

2-жүргізуші:

Дәрігерге қояр сұрағымыз.Яғни ............. пен …...............:

1.      Осы мамандықты неліктен таңдадыңыз?

2.      Мамандығынызөзіңізге ұнайма?

1-жүргізуші:

Енді Тілшіге қояр сұрағымыз:

1.      Журналист болу қызық шығар

2.      Мамандықты таңдау себебіңіз?

3.      Жұмысыңыз қазіргі заман талабына сай техникамен жабдықталған ба?

1-жүргізуші:

Заңгер мырза:

1.      Заңгер мамандығын неліктен таңдадыныз?

2.      Жұмыс барысында қандай қиындықтар кездесіп отырады?

2-жүргізуші:

Мұғалімге қояр сұрағымыз.

1.      Таңдаған мамандығыңыз өзіңізге ұнайма?

2.      Шәкірттеріңізден алғыс алған сәттеріңіз болды ма?

3.      Өзіңізді бақытты ұстазбын деп айта аласыз ба?

Хор: «Ұстазым»

Жасыл шырша мерекесі

Жүргізуші: Армысыздар, жиналған халқым менің,
Жаңғырып көкке өрлесін даңқың сенің
Бүгінгі жаңа жылда көкке өрлетпек,
өрендер ұлы өнердің алтын кенін.
Кел, жаңа жыл!
Төрлет ғасыр шыңына
Қуант елді, төкші нұрлы шұғыла,
Қолтаңбаңды қалдыр мәңгі кестелеп,
Мен қосайын сені бүгін жырыма.
Келдік, міне, қуанышқа жиылып,
Жаңа күнге тұрғандаймыз сыйынып
Жаңа жылдың шыршасы тұр сіздерге
Бұтақтары тағзым етіп иіліп
Армысыздар, Жаңа жылдық мерекелік кешімізге жиналған ардақты ұстаздар және оқушылар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Санаулы уақыттан соң сіздермен бірге Жаңа 2015 жылдың табалдырығын аттағалы тұрмыз. Бұл ой елегімен өткенге көз жүгіртіп, алдағы айшықты күндерді арман етер сәт. Олай болса баршаңызды үлкен үміт артқан, асыға, аңсай күткен Жаңа жылдарыңызбен тағы да құттықтаймын!
Той тойлауда қазағымның халқы шын,
Бүгін шаттық ақ кептері қалқысын,
Жаңа жылым келер енді келбетті,
Алар әлі ел – жұртымның алғысын.
Құрметті жиналған қауым! Бүгінгі әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына арналған Жаңа жылдық мерекемізді ертеңгілігімізді ашу үшін сөз кезегі мектебіміздің білікті басшысы ................. береміз.

Өтсін солай жаңа өмірдің күндер,
Шарпымасын жүректерді мұң лебі,
Жарқылдасын жаңа жылдың оттары,
Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.

Келесі құттықтау сөз кезегін «Ел ағасыз, Тон жағасыз болмайды» дегендей ауылымыздың әкімі .................... ұсынамыз.
2014 жыл біздің елімізге, халқымызға қуаныштар мен ірі - ірі тарихи оқиғаларды сыйға тартты. Оның барін біз, әрине, көзімізбен көріп, құлағымызбен естідік. Қуандық, шаттандық. «Рахмет саған 2014 жыл»

Бүгінгі мерекеде көмейден ән ұштырмақпыз,
Өткелі тұрған жыл мен жаңа жылды табыстырмақпыз
Тұрыңыздар жақсы сөзін көңілге түйіп, міне,
Сонымен алдарыңызда жылқы жылы мен қой жылына сахнадан орын берелік

(ескі жыл өздерін таныстырып, барша қауымды құттықтап, сөз сөйлейді.)
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip - ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/

Ортамызға негізгі қонақтарымызды шақырайық! Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.

Ардақ тұтар құрметтеп ел сені
Ортаға шық Аяз Ата, Қарша қызым кел бері,
Баршаңызды қызықтырған, қуантып,
Қандай жақсы Аяз Ата, Қаршы қыздың келгені.

Бойынан шалқып тасқан, тарап ағын,
Бәріңде ұлысың, дара бәрің,
Жаңа жыл сіздерге тек құт әкелсін
Құрметті тыңдап отырған қонақтарым.

Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз таласа,
Жаңа жылда жайнаймыз
Бұлбұл құстай сайраймыз

Енді оқушыларымыздың Аяз атаға арнаған тақпақтарын тыңдайық

Ұлу жылы, жылан жылы көңілдерінде
Көп жылылық түйгендері бар,
Енді сіздер тамашалайтын билері бар.
Би «Айгөлек» Бекзат пен Динара

Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Жаңа жылда шақырады бар өмір,
Бақыт болып, жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл! – дей келе ............. орындауындағы «Домбырасыз ән қайда?» әнін қабыл алыңыздар.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Жаңа жылдық құттықтау лебізін және қорытындылау сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі .............. беріледі.
Әуеннің толқынымен араласып,
Асқақтап әсерлі үн асып - тасып,
Әсем ән әркімді де аң - таң етер.
Дүрсілін жүректердің кетер басып.

Ән: «Кел жаңа жыл» .........
Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып,
Әнімізді отырмыз саған шашып
Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен
Талай ұлыс, талай ел, талай халық

Жаңа жыл ауылдардың жарылқасын,
Қиналып әр отбасы тарылмасын.
Аяз Ата келген күні қуанғандай
Балалардан қуаныш арылмасын!
Жаңа жыл отбасыларыңызға жылдың жақсылығын әкелсін! Баршаңызға бақ – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа – бақыт пен шаттық тілейміз. Келесіде көріскенше күн нұрлы болсын!

Тәрбие сағаттың тақырыбы:  Желтоқсан жаңғыры,тәуелсіздік

Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы  бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен өмірден өткендіктерін  жете ұғындыру  оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Міндеті: Тәуелсіздік күнінің мәнін аша отырып,”Желтоқсан” қозғалысының саяси  орнын анықтау, оқушыларды  өз елін, жерін, отанын сүюуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреті, шарлар.

Жүру барысы:

Кіріспе сөз: Құрметті ұстаздар,оқушылар !Біз  бүгін дүниені дүр сілкіндірген,  тәуелсіздік   туын  ең алғаш  көтерген  әйгілі  1986 жылдың желтоқсанына  арналналған   «Тәуелсіздік  бастауы  - Желтоқсан»  атты тәрбие сағатына  қош  келдіңіздер!

Екі жарым ғасыр бойы бодандықтың бұғауынан босай алмаған қазақ халқы бұл күнге жету үшін талай қиындықтарды бастан өткерді. Бүгінгі сабақ Желтоқсан оқиғасының 27 жылдығына Қазақстан тәуелсіздігінің 22 жылдығына арналады.
27 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
Желтоқсан құрбандарының өмірбаяны мен таныс болыңыздар.

Қайрат Рысқұлбеков
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков 1966 жылы 13- наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, «Бiрлiк» ауылында дүниге келген. Қайрат Шу қаласына таяу жердегi Новотроицк (қазiргi Төле би)  селосындағы шопан балаларына арналған мектеп-интернатта оқыған. 1983 жылы Киров атындағы орта мектептi бiтiрiп, ауылында жұмысшы болып iстейдi. Ал, 1984 – 1986 жылдары әскерге барып, азаматтық борышын өтеп қайтады. 1986 жылы №33635 әскери бөлiмшесiнiң кепiлдiгiмен Алматы сәулет-құрылыс институтына оқуға түседi. Желтоқсан көтерiлiсiне қатысқаны үшiн Совицкийді өлбірдің деп жазықсыз жала жабылып, өлiм жазасына кесiледi. 1996 жылы Қайрат Рысқұлбековке елiмiздiң ең жоғары наградасы – «Халық Қаһарманы» атағы берiлдi.
Ләззат Асанова

Асанова Ләззат Алтынайқызы (27.07.70, Алматы облысы Жаркент  ауданы Айдаралы ауылында дүниеге келді.. —25.12.86  қайтыс болды , Алматы) — Желтоқсан көтерілісінің (1986) құрбаны. 1985 ж. Алматыда П.Чайковский атынд. муз. уч-щеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты. 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы

 қаласында болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф.Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық уч-ще жатақханасынан табылған да, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған. Осыған қарамастан мәйітті Алматы облысы Панфилов ауданындағы Ақжазық кентіне Ішкі істер министрлігі мен Мемл. қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған.Ләззатқа екі мәрте1996 жылы және  2004 жылы «Халық қаһарманы »атағы берілді.

 Ербол Сыпатаев Сыпатаев Ербол Мұқажанұлы (10.03.1964 ж. Алматы облысы Панфилов ауданының еңбекші ауылы -  23.12.1986 ж. Алматы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1981-1982 жылдары кеңшарда жүргізуші болып істеді. 1982-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болды. 1985 жылы Алматыдағы энергетика институтына оқуға түсті. 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. 18 желтоқсан күні ауыр жараланып ауруханаға түсіп, сонда қайтыс болды. Мәйітін ауылына Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Қазақстан тәуелсіздік алған соң ғана Сыпатаев жөніндегі шындық айтыла бастады. Ол туралы баспасөз беттерінде, Желтоқсан көтерілісіне байланысты жарық көрген жинақтар мен кітаптарда жазылды.

 Сабира Есімбекқызы Мұқанбетжанова

Сабира Есімбекқызы Мұқанбетжанова «Ел атын ер шығарады» деген. Қыз бала болса да ерге лайық қайрат көрсетіп, он алты жасында қыршын кеткен Сәбира Мұхамеджанованың есімі ел жадында.

Мұғалім:Құрметті  оқушылар!   Дүниені дүр сілкіндірген,

16 – желтоқсан. Бұл ерлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді. Радиодан төтенше хабардың белгісі берілді. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Дінмұхамед Ахметұлы  Қонаевтың зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Генадий Васильевич  Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды.

 Асығыс өткен пленум шешімі дүйім Қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті.

Тақырыбы: ЖИТС –ғасыр дерті.
Сабақтың мақсаты:
Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын - алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке,
инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: газет - журнал деректері, пікірталас, мақал - мәтелдер.
Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Түгелдеу.
Кіріспе сөз:
Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір - түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде - бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын - алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн. 
Сондықтан осы ауру туралы ..... сынып оқушылары сіздерге мәлімдеп береді.
СПИД вирусының қай жылы кім ашқаны туралы.
СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ - 1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан - жақты тексеріп жариялады.
..................: СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді?
Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды. Осының әсерінен клетка жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып, өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің - күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД - ті тарата береді.
...................: СПИД құрбаны (монолог).
- Уа, жаратылыс! Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі! Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай, арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт!
Өзімнен өзім сыр таптым,
Өле алмай жүрген сырқатпын.
Шіріген картоп сияқты,
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Шарабым да тұр ішпеген.
Ұйықтайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.
(Тіршіліктен теперіш көрген жас жігіт егіліп жылап тұр.)
- Мен жағдайы әжептәуір отбасында дүниеге келдім. Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ. Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім. ір сөзбен айтқанда, өте ерке болып өстім. әке - шешем бар дегенімді жасады. анда - санда әкем мен тентек болған кезде, айқайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай, жалғыз балада нең бар?»- деп ара түсетін.
(Сонау балалық шағы есіне түскен жігіт жүзін қимастық сағыныш басып біраз үнсіз қалды.)
Әлпештеп алды анам алдымнан шығы,
Қасымнан кетпес қиғаш қадам шығып.
Ата - ана перуана боп перзенті үшін,
Күн кешер көрсетпе деп жаманшылық.
Ардақтап ата - анаңды сол секілді,
Қынжылтпай қызмет көрсет адамшылық.
Түседі еске кей кез бала кезім,
Бала кезім... кетуші ем дала кезіп.
Ақ қайынға шайқалған қараушы едім,
Қараушы еді мөлдіреген қара көзім.
- Иә, ата - анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті. Жетінші сыныпқа жеткенше екі - үш мектепке ауысып үлгердім. Неге дейсіз ғой. Тәртіпсіздігім үшін. Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді. Олардың да мен секілді ұлы бар екен. Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей, екеуміздің жұбымыз жазылмайтын болды. Оның менен айырмашылығы наша «деген» пәленің дәмін ерте татқан екен. Енді мен де шеге бастадым. Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егерде білген болсам тіріде жолаймын ба?!
Тамырын умен суарып,
Денсаулық деген егістің,
Шірітіп апсың біразын,
Ғаламат қымбат жемістің.
Инемен таза денеңді,
Тесуге неге келісті?
Көк түтінмен уланып,
Ащы суды неге іштің?
Төсекке асыл азамат,
Ауру аеңдеп құлайсың.
Дәрігерлерді мазалап,
Не үшін енді жылайсың?
(Денесін сырқат сыздатқан жас жігіт жасаураған жанарын төмен салып, сөйлеп кетті.)
- Содан арада екі - үш жыл өтті. Бұл кезде мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім. Өзім секілді достарым да көбейді. Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды. Не құдіреті барын, сол инені көрсем аузымнан суым шығып, есім кететінБұл кезде әкем автомобиль апатынан қайтыс болды. Жалғыз анамның жиған - тергені есірткінің айырбасына кетті. Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім. Бірде қатты салқын тиіп ауруғанаға түстім. Дәрігерлер менің СПИД - пен ауыратынымды анықтапты. Төрт - бес жыл білмей жүріппін.
Таусылмақ дәм. Бітпек өмір - өзенім.
Менің - дағы жетті кетер кезеңім.
Оны көптен тарқамаған қайғы мен
Жүрегімнің мұң көзінен сеземін.
«Өлермін» - деп күңіренем, күйзелем,
Мені есірткі найзасымен түйреген.
Өз әлімше арман - көлде жүзе алмай,
Қанатымнан жараланған күйде мен.
- Соңғы кезде өмір - тірлік, табиғат, жаратылыс туралы көп ойланатын болдым. О, жаратылыс! Жарық дүние! Кеш мені! Шынында да адам өмірі ғажап екен ғой. Бір - ақ өмір! Осы бір - ақ рет берілген өмірінде қартайғанша жүріп, о дүниеге аттансаң арманың бар ма? Бұған кім кінәлі? Балалық па, шалалық па, әлде еркелік пе? Қазір ғой ішім жидіп күйіп кетеді, өкініштің улы запыраны бүкіл денемді қалтыратады. Бәрі кеш енді.
О, Жаратқан!
Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан! Сендер естисіңдер ме, мына менің зарымды? Айтыңдаршы, құтқаратын күш бар ма, мына мендей бейбақты.
(Мұңлы ащы әуен ойналады.)
Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,
Құрбанымын СПИД деген кеселдің.
Ақтамай - ақ кетіп барам арманың,
«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.
Кім кінәлі, аялаған анам ба?
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?
Тек қана өзім кінәлімін сол үшін
Улы дерттің құрбаны мен болам да.
Жас жеткіншек!
Өздеріңе өлер кезде айтып кету борышым,
Ауырсаңдар бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
Құтқаратын күш жоқ, онда әлсіз тірі өліксің,
Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!
Азалы да ащы әуен қайта ойнады. Жан төзгісіз азапқа түскен жас бейбақ аласұра дөңбекшіп, жерге құлайды. Бұл оның ақтық сөзі еді.
.................: ВИЧ, қазақша АИТВ - адамдағы иммунитет тапшылығы вирусы, жұқтырғандар және СПИД – пен ауыратындар саны өте жылдам көбеюде. Тіпті бұл дерт балалар өміріне де балта шабуда.
...............: Олардың арасында ауру жұқтырғандарды былай қойғанда СПИД - тен қайтыс болған ата - аналардың жетім қалған 15 жасқа дейінгі ұл - қыздарының саны 9 млн - ға жеткен.

.........: Еліміздегі ВИЧ жұқтырған азаматтардың саны 900 - ге жетті. Оның ішінде СПИД - пен ауыратындар саны - 25. тек Алматыда ВИЧ жұқтырғандар саны - 38.
.........: СПИД ауруын тудыратын вирус - ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ананың құрсағында жатқан кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін қан арқылы, емізгенде жұғады.

Денсаулығыңды ойласаң (лото)
Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте заманнан бері айтылып, ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу - маржандай асыл да, даналы сөздері бар. Осынау ғибратты сөздер адамзат баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан - жақты қамтыған. Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ. Азабын арқалатып діңкесіне тиген жаман әдеттен құтыла алмай, амалсыз көніп, медет, көмек тілеп алдына келген науқасқа дәрігердің тауып айтқан бір жылы сөзі тамаша қуат береді.
Иә, мақал - мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті емші де.
Карточкалар үлестіріледі. (мақал - мәтелдердің екінші бір бөлігі жазылған).
Қорытынды: ТЕСТ
1. СПИД жұқпалы ма?
а) Иә
ә) Жоқ
2. СПИД вирусын не дейміз?
а) Кох талшығы
ә) Айде
б) А вирусы
3. Қай жылы СПИД вирусы ашылды?
а) 1983
ә) 1985
б) 1956
в) 1988
4. Ауру белгілері бірден біліне ме?
а) иә
б) жоқ
5. СПИД қандай жолдармен таратылады?
а) жыныстық жолдар арқылы
ә) қан арқылы
б) тағам арқылы
в) насекомдар арқылы
г) кір қол арқылы.
6. Қай континетте адамдар СПИД - пен ауырғанын білмеген?
а) Африка
ә) Азия
б) Америка
г) Австралия
7. Қазақстанда СПИД - пен ауыратын адамдар кімдер?
а) жастар
ә) балалар
в) үлкен адамдар
8. СПИД - ті қандай жағдайда дұқтыруы мүмкін.
а) норкомания
ә) әңгіме кезінде
в) темекі шегу
г) жезөкшелік
9. Дүниежүзілік СПИД - пен күрес күні?
а) 1 қазан
ә) 1 желтоқсан
б) 1 қаңтар
10 Қай ел СПИД - пен ауырған адамдарды басқа аралға апарып тастайды, оларға жағдай жасайды?
а) Жапония
ә) Канада
б) Қытай
в) Куба

Қорытынды:
СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема ол тек медициналық қана емес, әлеуметтік проблема. Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының 4 басылымында барша жастарды салауатты өмір салтына шақырды.

Тақырыбы: «Ел ертеңін ойлаған елбасы»
Мақсаты: 1.қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев

Тұманбай Молдағалиев «Есіл ер»
1-оқушы:
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың, 
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері, 
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
2-оқушы:
Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр, 
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр, 
Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа, 
Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.
3-оқушы:
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен, 
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз, 
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
4-оқушы:
Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге, 
Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде.
Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға, 
Саған сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің бетінде...
Ән: «Жан аға»
5-оқушы:
Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.

Бірінші қатарда солдан оңға қарай інісі- Сатыпалды, апасы Әнипа. Екінші қатарда Нұрсұлтан Назарбаев, анасы- Әлжан, әкесі-Әбіш. Үшінші қатарда ағасы - Болат Назарбаев, нағашы апасы.
6-оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
7-оқушы:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
8-оқушы:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
9-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
10-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
11-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
12-оқушы:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
13-оқушы: Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр
14-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды, 
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
(Әнұран айтылады)
Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)

СУИЦИД
Жобаның мақсаты -   1 Жастар арасындағы суицидттын алдын алу;
                                     2 Жастар арасында суицидттын көрсеткішін азайту
                                     3 Жастардың бойында өзіне деген сенімінкөшбасшылық қасиетін арттыру;

Жоба міндеттері:
- осы жобаның мақсатына жетуіміз ушін ең алдымен мамандармен байланысуым қажет(психолог, полиция бөлімшесі, дәрігерлер);
- веб- сайт құру;
-  мектептердің басшыларынан келісімсөз алып жобаны таныстыру;
-  мектептерде 5-11 сыныптар аралығында дөңгелек үстел өткізу;
- тоқсанғы ата - аналар жиналысында брошюралар тарату;
-  СУИЦИДке байланысты бейне-ролик түсіру;
Күтетін нәтиже - СУИЦИДты тамырымен жоймағанмен аз да болса көрсеткішін азайту

Жыл сайын 10 – 20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жуығы жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда көрші мемлекеттер Ресей мен Қытай және Қазақстанды айтуға болады.
Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан елдегі азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрын деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған.
Әлемде жыл сайын бір миллиондай адам өзін - өзі өлтіреді. Бір миллион адамның 8 мыңы Қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әрбір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді. Бір өкініштісі, суицид жасаушы еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері.
Өз - өзіне қол жұмсаудың тәсілдері:
1. Дәрі - дәрмекпен улану
2. Химиялық затпен улану
3. Өз тамырын кесу, асылып өлу
Суицид жағдайына бейім тұлғаның мінез-құлықтық ерекшеліктері:
Өзін өлтіру туралы табанды немесе қайталанған ойлар;
Жабығулы көңіл күй, асқа тәбеттің және өмірлік белсенділігінің жиі жоғалуы, ұйқысының қашуы;
Көп жағдайда есірткі немесе спирттік ішімдікке тәуелді болуы;
Оқшаулануы, өзін ешкімге керегі жоқ сезінуі;
Үмітсіздік, дәрменсіздік сезімі. Осы уақытта өзіне - өзі қол жұмсау тілегі алғашқы, күшті сезімі болуы мүмкін.
Еш үмітсіз сезімнен және өзін өлтіру туралы ойының әсерінен басқа адамдармен қарым - қатынас жасай білмеуі;

Жеткіншектің өзіне - өзі қол жұмсауының себептері:
Депрессиялық көңіл күй. Жеткіншектің жанының жараланғыштығы, психикалық ауруларға шалдығуы да әсерін тигізеді.
Отбасындағы шиленіскен қарым - қатынастар әсерін тигізеді;
Оқудағы қиындықтар (мұғаліммен ортақ тіл табыса алмауы да әсерін тигізеді);
Ол әдетте сәтсіздіктің белгісі, басқа адамдармен қарым - қатынасындағы сәтсіздіктер, жақын адамынан айырылу;
Қоғамдық орындардағы эмоционалдық, психикалық көңіл күйге назар аудармай, ауыр дөрекі сөздермен кемсіту, ар - ождан, намысқа тию;
Дене бітімінде физиологиялық кемшіліктер (адамның өзіне - өзі қанағаттанбауы).

Жасөспірімдердің өз - өзіне қол жұмсауы жөніндегі мәселе бойынша ата - аналарға кеңес беру

1. Отбасы арасындағы ұрыс - керіске балаларды араластырмау
2. Өз балаларыңызға өмірге деген талпынысын, мақсатын құруға көмектесу
3. Қиыншылықтарды жеңуге көмектесу
4. Жасөспірімдердің талпынысына, өмірді бастауына қолғабыс тигізу
5. Ешқандай жағдайда, қол күшін пайдаланып жаза қолданбаңыз
6. Өз балаларыңызды жақсы көріп, көбірек көңіл бөліңіз.
7. Баланың құқығы мен міндетін дұрыс құрастырыңыз: үйде, мектепте, көшеде. Бұл жерде тек қатыгездік емес, түсіністік керек.
8. Егер балаңыз тату, түсіністікте өмір сүрсін десеңіз, оның кемшіліктерін бетіне айта бермеңіз, кіналамаңыз.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары туралы

          Бұл тек адамдарға ғана тән әрекет. Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады, сонымен қатар психикалық аурулармен, көңіл күй бұзылыстарымен, әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді.

 Статистика:

       Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталғаны: тұтастай алғанда көп жағдайларда жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы, парықсыздық, арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімнен, өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады. Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалған болар еді...

 Жыл мезгілі

          Өзіне-өзі қол жұмсау көбінесе көктемде, яғни адамның бас қайғысы табиғаттың гүлденуімен сәйкеспеген мезгілде, болады. Қыстың күңгір бояуы қандай да бір шамада ішкі жан дүниесінің күйзелісімен үйлесімін табады, ал керісінше көктемнің шуақты күндеріне сәйкес келмей қарама-қайшылық туындайды.

           Суицидтік әрекетті болдырмау

·        психологиялық  қозу күшін бәсеңдету;

·        суицидтік әрекетке итермелеген себепке психологиялық байлану дәрежесін азайту;

·        әрекетті алмастыру механизмдерін қалыптастыру;

·        өмір мен өлім туралы нақты, шынайы қатынас қалыптастыру

 Түзету

         Стресті бағындыра білудің әлеуметтік білік және дағдыларына үйрету. Жасөспірімдерге отбасы, мектеп, достары және т.с.с. қатыстыра отырып, әлеуметтік қолдау көрсету. Мәселелерді шешуге көмектесетін әлеуметтік-психологиялық тренингтер, өзін бағалауын көтеретін, өз тұлғасына шынайы қатынас, эмпатияны дамытатын топтық психокоррекциялық сабақтар ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар өзін ұстай білу дағдыларын дамытуға арналған тренингтерге негізделген табысқа жету мотивациясын жетілдіретін психологиялық коррекция шаралары да нәтиже беруге тиіс.

 Сенім телефоны 54-76-03, тәулік бойы, тегін, анонимдік түрде жұмыс істейді.

 Суицидтік қауіп кезінде психиатрлар немесе клиникалық психологтардың көмегіне жүгінбей кетуге болмайды. Жедел психиатриялық көмек телефоны 54-76-23. Бұл мамандар өздерінің білімі, білігі және психотерапиялық ықпалы арқасында адамның құпиялы сезімдерін,  қажеттіліктерін және күтілетін тілектерін түсіне білетін керемет қабілеттерге ие.

 Кейде суицидке бейім адамдарға көмектің жалғыз таңдамалы жолы ретінде егер жағдай тым қиын болса психиатриялық ауруханаға емделуге жатқызу болып табылады. Кешіктіру қауіпті болуы мүмкін; ауруханаға жатқызу ауру адамға да, оның отбасына да жеңілдік беруі мүмкін.

Сабақтың тақырыбы: «Сәлем – ізгі тілек, ақ ниет»

Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларды ізеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу.
- Оқушылардың сыйластық қарым - қатынас дағдыларын дамыу.
- Оқушыларды үлкендермен амандасуға, бір - бірімен сәлемдесуге, бір - біріне ізет, сый - құрмет көрсете білуге үйрету
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, жүрекшелер, шарлар, көңіл - күй топтамасы
Сабақтың әдістері: баяндау, топтау, жағдаяттарды талдау, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің сөзі. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің хадис шарифтерінде: «Бір - біріңмен сәлемдесіп жүріңдер, сонда ғана араларыңда мейірім - махаббат оянады», «өзіңе кезіккен жасы үлкендерге сәлем беріп, амандас. Оны тану - танымауың шарт емес. Ол достықты арттырады әрі адамдығыңды анықтайды», «Сәлем – Алланың жердегі есімдерінің бірі» дейді. Екі топқа бөлу
II. 1) Ой қозғау сұрақтары.(1 - топқа )
1. Өзің қалай амандасасың?
2. Кішіге бірінші болып амандасасың ба?
3. Ұстаз болсаң ең алдымен неден бастар едің?
4. Досың сәлем бермей қалса өкпелейсің бе?
5. Өзіңе бірінші сәлем беруді қалайсың ба?
6. Мұғалімдерге қалай амандасасың?
7. Жылы шыраймен амандасуға қалайсың?
8. Тыржиып, естір - естімес міңгірлеп, ернін жыбырлата салып амандасу туралы не ойлайсың?
2 - топқа
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы - дейді
1. Ұстаз алдында шәкірт қалай болуы керек?
2. Атамыз оқыған кезде оқушылар қандай болған?
3. Қазіргі оқушылар ата - анасын, ұстаздарын сыйлай ма?
4. Сізді оқушылардың қандай мәселесі алаңдатады?
5. Ар, намыс, ұят ұғымдары туралы не айтасыз?
III. Назар аударайық Оқушылар Абайдың «отыз тоғызыншы сөзінен» алынған үзіндіні үнтаспадан тыңдап өз әсерлерін айту.
IV. Дода
Оқушылар мен Мұғалімдер арасындағы қарым - қатынас қандай?
Сұрақты қою арқылы оқушылардың ойын тыңдау.
V. Жағдаяаттарды талдау
- Оқушы сыныпқа кіре берген мұғалімді көріп, оған былай деді:»Сіздің қатты шаршағаныңыз көрініп тұр»
Мұны мұғалім қалай қабылдау керек?
- Мұғалімнің жасаған ескертуіне оқушы былай деді: “Бұл пән болашақта маған ешқандай қатысы жоқ” мұғалім қалай жауап беруі қажет?
- Оқушы мұғалімге былай деді “Мен тағы да дәптерімді әкелуді ұмытып кеттім” Мұны мұғалім қалай қабылдауы керек?
VI. Қортынды жасау
«Сәлем түзелмей,
Әлем түзелмейді» деген нақыл сөзбен түйінді ой айту.
«Сөздің саласын табу қиын емес, Анасын табу қиын» деген екен жыр алыбы Жамбыл атамыз. Олай болса, сөз анасы да осы – сәлемдесу болса керек.
Қамшының сабындай қысқа ғұмырда «сіз - біздеріңіз» бұзылмай, сәлемдеріңіз түзу болсын.

«Мен және менің құқығым»

Мақсаты:
1) адамзаттың басты құндылықтарын айыра білу;
2) дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, заң, құқық, міндет, борыш сияқты сөздердің мағынасын ашу;
3) оқушыларды жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Барысы.
1. Кіріспе.
Қысқаша шолу. «Бүгін сабақта»
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.
ҚР Конституциясы.
Өмір, денсаулық, бостандық.
2. «Қызықты сұрақтар» ойыны (сұрақтарға жауап береді)
а) Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?
ә) Партада кіммен отырдың?
б) Білім туралы мақал айт.
в) 1- қыркүйекті неге Білім күні деп атаймыз?
г) Қыркүйек айы қай мезгілге жатады?
3. «Бәріміз бірге!» ойыны (қойылған сұрақтарға барлық оқушы хормен жауап береді)
а) Біздің мемлекет – ҚР.
ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
б) Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба.
в) Елорда – Астана.
г) ҚР кім басқарады? – Президент.
Мұғалім:
Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет. Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретіп, патриоттық тәрбие береді.
Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді:отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті:мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.
Көрініс: « Сыныптағы оқиға»
«Біз неге құқылымыз?» сұрақ-жауап ойыны.
1. Құқық деген не?
- Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы.
2. Құқық немен қорғалады?
- Заңмен қорғалады.
3. Адам құқығының қорғалуы қай елде бастау алған? 1789жылы. Францияда.
4. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?(БҰҰ. )
5. БҰҰ-ның мақсаты не?
- Әлемде бейбітшілікті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау.
6. Қазақстан БҰұ-на қашан мүше болды?
- 1992жылы. 2-наурыз.
7. БҰҰ адам құқығына байланысты қандай халықаралық шарттар қабылдады?
- Бала құқығы туралы конвенция.
8. Бала болып кімдер саналады?
- 18 жасқа толмағандар бала болып саналады.
9. Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?
- 1995жылы Нью-Йорк қаласында 156 мемлекет болып қол қойды.
10. Деклараци деген не?
- Үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның аса маңызды мәселесі.
11. Құқық туралы заңдарды қандай орган шығарады?
- Парламент шығарады.
12. Адам құқығы қандай жағдайда бұзылады?
- Соғысып жатқан елдерде.
13. Адам құқығы жат елдерде жүрсе қалай қорғалады?
- «Әр адамның құқығы қайда жүрсе де заңмен қорғалады» деп Декларацияның 6-бабында айтылған.
«Қызықты сұрақтар»
а) Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?
ә) Партада кіммен отырдың?
б) Білім туралы мақал айт.
в) 1- қыркүйекті неге Білім күні деп атаймыз?
г) Қыркүйек айы қай мезгілге жатады?
«Бәріміз бірге!»
а) Біздің мемлекет – ҚР.
ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
б) Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба.
в) Елорда – Астана.
г) ҚР кім басқарады? – Президент.
Пікірталас.
- Адамға не қымбат? – Өмір
15 бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
16 бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
29 бап. 1. ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға құқылы.
ІІІ. Қорытынды
Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармау керек. Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы». Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».

«Темекіні тартпаған денсаулықты сақтаған»

Сабақтың тақырыбы: "Темекінің адам ағзасына зияны".

 Сабақтың мақсаты:

1.  Оқытып үйрету: оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда, алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру.

2 Тәрбиелік мақсаты: маскүнемдіктің, нашақорлықтың зардаптары. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін жете түсіндіру.

3. Дамыта оқыту: темекінің зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілер мен түрлі түсті диафильмдер арқылы көз жеткізу.

Сабақтың көрнекілігі: 1. Жасөспірімдерге арналған ереже.

2.    Темекіден болатын аурулар.

3.    "Темекінің адам ағзасына зияны" тақырыпта түсірілген диапозитивтер.

4.    Темекі тартуға қарсы ұйымдастырылған сурет көрмесі.

5.    Ұлы адамдар сөзінен цитаттар.

6.    Тақырыптарға байланысты суреттер.

7.    1974 жылы Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекі тартумен күрестің тұтас жүйесін жасаған, соның шарттары.

Сабақтың түрі: пікірталас

  І-жүргізуші. Кіріспе.

Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған " Қазақстан -2030" бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:

1   - бағыт. "Темекі шегуді тоқтату";

2   - бағыт. "Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес";

3   -бағыт. "Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес".
Бағдарламада былай делінген:

"Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді". Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жүргізудің алкоголь мен темекіге салық салудан бастап, бірнеше сабағын ұсынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуіміз керек".

Сұрақ. Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы басталды?

Жауап. Темекі тарту ХҮ ғасырда 1496 жылы басталды. Алғаш темекі дәрі ретінде Испанияда бастады.

Сұрақ. Темекі тарту туралы кітап көп дегенімен, темекі туралы ең алғашқы кітапты айтсаңыз.

-Темекі тарту әдеті жайлы ең алғашқы кітапты Эрпандесу де Овьеда жазды. Ол Америка тұрғындарының адамгершілігі мен әдет ғұрыптары деп аталады. Онда қысқаша былай делінген. "Расанолла" аралында тұратын халықтың тым зиянды әдет-ғұрыптары, олар қасиеті жағынан меңдіуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танаулары арқылы ішіне тартып мас болады. Онысы "тобоко" деп аталады.

Жүргізуші.  Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде.

-Адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің темекі тартуының себептері мыналарға байланысты:

а)  топқа еліктеу, яғни, темекі тартпайтын жас қыз немесе бала топқа қосылу үшін солардың ыңғайына көніп, жаман өдетін бойына сіңіргісі келеді;

б)  жеке ұнатқан адамына еліктеу бұл жерде темекі тартпайтын жас қыз немесе бала ұнатқан адамының жаман қасиеттерін бағаламауынан темекі тартуды өзі де бастауы мүмкін;

в)   ересек болуға тырысу;

г)   өмірдегінін бәрін байқап көруге тырысу;

д)  ата-аналардың дұрыс тәрбие бермеуі мектеп жасындағы жасөспірімдердің көпшілігі темекінің зиянын білмегендігінен тартады.

Көрініс (Бала столда сабақ оқып отырады, әкесі келеді).

Әкесі: Ә-ә-ә, балам қалай сабақ оқып отырсың ба?

Дұр-ы-ы-ы-с Қалай сабағың жақсы ма?

Бала: Жақсы ғой папа, бірақ сені мұгалім мектепке келсін деді.

Әкесі: Немене? Тағы бір нәрсе бүлдірдің бе? Кәне әкелші күнделігіңді (күнделікті алып оқиды) балаңыздың тәртібі нашар, мектепке келіп кетіңіз. Сынып жетекшісі

- Әй, сенде бір жағымсыз иіс бар ғой, темекінің иісі шығады ғой.

Бала: Жо-қ папа, өзіңнен шығып тұрған шығар. Өзің тартқан шығарсың.

Әкесі: Көп сөзді қой, кәне тұр былай, (қалтасын ақтарып темекі, сіріңке шығарады).

Міне кере-е-е-мет. Сен енді темекі тарта бастағансың ба?

Бала: Жо-о-оқ папа, мамам салып қойған шығар.

Әкесі: Мен саған салғанды, тартқанды көрсетейін (белбеумен ұра бастайды).

Бала: Ұрмашы папа, ұрмашы ой-ой!

Мамасы: жүгіріп келеді. Әй-әй не болып қалды (баласын арашалап қорғап қушақтай бастайды).

Әкесі: Андағы ақмақтан сұра, не істеп жүргенін, енді темекі тартуды бастаған.

Шешесі: Балам-ау не дейді. Қашан тарттың, кім үйретіп жүр?

Бала: Көршінің баласы тартып жүр ғой, сол жақсы деген соң, сендер жұмысқа кеткенде тартып көргем.

Шешесі: Ә-ә-ә күнім сол, тартып көрген екен ғой (басынан сипайды).

Бала: Мама, алғаш аузым мен танауымды ашытты, түтінін будақтата шығардым.

Шешесі: Күнім сол, будақтата шығарады.

Бала: сөйтіп тағы сордым, сол кезде басым айналып кетті, түрімді көрейін деп айнаға қарай бергенімде, аяғым тәлтіректей бөлме іші шыр көбелек айналып кетті.

Шешесі: Әбден қиналған екен ғой шырағым.

Бала: Аяғымды әбден басып айнаға қарасам өзімді өзім танымай қалдым. Мама, көзім қасқырдың көзіндей алайып кетіпті.

Әкесі (балаға тағы ұмтылып): Сонда неге өле қалмаган екенсің.

Шешесі: Қой, қой деймін (Баласын қорғайды).

   Бала: Мама, сосын әрең дегенде диванға отырдым. Жүрегім айнып, құсқым келеді, тұла бойым әлсіреп, демім бітіп, тұншығып кеттім.

   Әкесі: Енді неғып тартып жүрсің.

Бала: Мама сосын диванға құлап ұйықтап қалыппын.

Әкесі: көрдің бе, мұның  істеп жүргенін (тағы да ұра бастайды, енді неғып тартасың).

Бала (шешесіне қарап): Мама папам да тартады, тартса не болады. Қазір менің бұрынғыдай құсқым келмейді, басым айналмайды, көршінің баласы екеуміз күнде тартып жүрміз. Қазір мен одан да жақсы тартамын.

Әкесі: Ойбай-ой мектебіне, сыныбына, жетекішсіне не дейміз.

Шешесі: Тартпайды дей сал.

Жүргізуші: өздеріңіз көріп отырған сахналық көрінісінен темекі тартудың басты себептері, еліктеу, ересек болуға тырысу, өмірдегінің бәрін байқап көруге тырысу, әке-шешенің дұрыс тәрбие бермеуі, ең бастысы жаңағы Ерболдың темекінің зиянын білмеуінен екеніне көзіміз жетті. Ендеше, осыған байланысты мынандай сұрақ түсті.

Ербол темекіні алғаш тартқанда өте ауыр жағдайда болды, бұл ненің өсері? Бұл сұрақ дәрігерге арналыпты.

Дәрігер. - Ерболдың алғашқы күйі темекі тартудың бірінші фазасы деп аталады. Ербол алғаш тартқанда темекінің улы заты никотинімен уланады. Никотиннің темекіде болатын түсі сары сұйық зат. Суға және майға тез ериді, теріге тез сіңеді. Оны ауыл шаруашылығында зиянды жәндіктерді өлтіруге пайдаланады. Никотин нерв жүйесінің жансызданып қалуына әсер етеді. Никотин адамға өте қауіпті. Онымен уланғанда көз қарауытып, тамыр қысымы күшейеді, құсады, бұл кезең темекі тартудың бірінші фазасы.

Сұрақ . Әкесі келген кезде Ербол сіз айтқандай емес, ешнәрсе болмағандай айтады, ал соның алдында ғана темекі тартқан, тіпті қазір менің бұрынғыдай басым ауырмайды, құсқым келмейді деді ғой, осының себебі туралы не айтар едіңіз.

Дәрігер. Ол кезең темекі тартудың екінші фазасы. Ерболдың организмі никотинге біршама дағдыланды, біртіндеп оған деген құштарлықты арттырады, тартқысы келіп тұратыны содан.

Жауап. Баланың бойында темекіге деген жиіркенішті ояту керек. Темекі тартатындар ересек, дербес, қажырлы адамдар емес, керісінше олардың ерік жігері мен өзін-өзі ұстауы толық жетілмеген адамдар екенін білу. Олардың көбі темекінің зиянын біледі, бірақ оны қоюға ерік жігері жетіспейді. Темекі тарту адам баласының үлкен кемшілігі.

Жүргізуші. Енді темекі тартудың спортқа қандай әсері бар екен, бұл сүраққа спорт маманы жауап береді.

Спорт маманы. - Темекі тартатын жас спортта үлкен табысқа жете алмайды. Никотин бойдағы қажыр-қайрат пен бұлшық еттің ширақтығын, қозғалыс сәйкестігін, шапшандықты, төзімділікті төмендетеді. Сондықтан темекі тарту жүзумен, бокспен, жүгірушіге, конькимен, шаңғымен шұғылданушыларға зиянын тигізеді.

Қорытынды. - Міне, балалар біздің темекінің зиянын білуімізге арналған уақытымыз таяу қалды, өздерінде байқап отырған боларсындар, темекі тартуға әуестенген мектеп жасындағы балалардың оқу үлгерімі төмен, алаңғасар болады. Темекідегі улы зат никотин нерв жүйесінін реттілігін бұзады. Сондықтан да темекіге әуестенген мектеп жасындағы балалар сабаққа көңіл бөлмейді. Улы газ баланың жұмыс, қабілетін төмендетеді. Темекіні тастап кету адамның өзіне байланысты.

Бұл қазақ халқы үшін үлкен қасірет болып отыр. Сондықтан қазір Егемендік алып, өз алдымызға шаңырақ тігіп, дамыған елдер Испан, Американ, Ағылшын елдерінің қатарына жетуіміз үшін темекімен үздіксіз күрес жүргізуіміз керек.

- Біз, 10 сынып оқушылары, осы конференциядан алған әсерімізді жинақтап келіп былай деп міндеттеме қабылдадық.

1. сынып оқушылары жасөспірімге темекінің зиянын үнемі түсіндіріп отырамыз.

2. Темекі тарту біздің ата-салтымызда болмаған, ал оны қазіргі кездегі шегушілер біздің халқымызға зияндық жасап отырғанын насихаттаймыз.

Тәрбие сағатының тақырыбы:  Отбасы – ұлағат ұясы

Мақсаты: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз

отбасындағы ата – ана тәрбиесі, өнегесі және ата – ана баланың

ұстазы екенін түсіндіру. Оқушылардың ата – ананы, үлкенді

сыйлау туралы ой – өрісін дамыту. Ата – ана мен бала

арасындағы ынтымақтастықты нығайту, татулыққа, бірлікке

шақыру.

Көрнекілік: слайд, нақыл сөздер, даналық сөздер.

Кіріспе сөз

Мұғалім:

Онда әкем – анам тұрады,

Ата – әже бауырым.

Бәрі бірге қосылып,

Бір ұғымды құрады.

Отбасы

Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта, бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.

Халық «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға бейім болатыны баршамызға аян.

Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.

Ұлы ғалым, философ Әбунасыр әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Бұдан шығатын қорытынды: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ой, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек.

1 –жүргізуші

Анаң – күнің жүрегің

Әкең – өмір тірегің

Әжең – асыл ардағың

Атаң – дана қорғаның

Ағаң – қамқор асқарың

Інің – мөлдір аспаның – дегендей «Отбасы – ұлағат ұясы» тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

2 – жүргізуші

Отбасы шағын мемлекет. Ол тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.

Ән: «Жанұя»

Орындайтын: ......................

1 – жүргізуші

Әке мен ана шаңырақтың тірегі. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2030 бағдарламасындағы негізгі бағыттарының бірі отбасы болып саналады. Отбасы адам баласының өсіп – өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі.

2 – жүргізуші

Әке – асқар тау, ана – бұлақ, бала – жағасында өскен құрақ; Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі деген, олай болса осы тақырыптағы мақал – мәтелдерге кезек берейік.

— Бала тәрбиесі бесіктен

— Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік

— Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

— Құс балапан үшін тұзаққа түседі, адам баласы үшін азапқа түседі

— Ата – бәйтерек, бала – жапырақ

— Жақсы әке жаман балаға қырық жыл ризық

1 – жүргізуші

Мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен сабырлылық сияқты асыл қасиеттерді бойына жинаған ардақты әкелер мен аяулы аналар өмірдегі жақсылық атаулы сіздердің есімдеріңізбен байланысты. Сіздер әр шаңырақтың шаттығы мен шуағысыздар.

Ана мен әке

Оқитын автор, ....................

2 – жүргізуші

Бала, бала, бала деп

Түнде шошып, оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аяғынан тік тұрғызатын да ана, олай болса экранға назар аударайық.

1 – жүргізуші

Үйдегі алтын қазық кім? — депті қарт.
— Ата, үйдегі алтын қазық бала, — депті жігіт.
— Жоқ балам үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға – үлгі, әке тәрбиесі ұлға – үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі — көзінде, ықыласы – көңілінде, ақылы сөзінде, — депті қарт.

Би: Қаражорға

Бишілер ....................................................

2 – жүргізуші

Жігітке:
– Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? – депті қарт.
– Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін – мейірімді әке, — депті жігіт.
– Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін – сол ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды. Ана – үйдегі – бақ, әке отырған – тақ. Ана ақылды болса, үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы, — депті қарт.

1 – жүргізуші

Бала үшін әкенің орны бөлек. Әке деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы – осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы.Әке отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы.Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы.

Көмегімен біздерді мәпелеген,
Ардақты жан өмірде әке деген.
Бақыттымын өмірде әкем барда,
Сол бастаушым – биікке жетелеген.
Асқар тауым аман жүр, аяулы әкем,
Жақсы өнеге бердіңіз мақтан етем.
Кіп-кішкентай жүрегім сендіреді,
Мен өзіңді, әкетай, бақытты етем!

Ән «Әке»

Орындайтын:..........................................

Мұғалім:

Ана – жарық сыйлаған жан екенсің
Әке – шуақ шашатын таң екенсің
Ана – өмір, әке – бақыт, ана – жүрек
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің

Тренинг «Менің отбасым» (отбасын гүл ретінде қағаз бетіне суреттеу) және отбасына арналған тілектер айтылады.

Денсаулық – зор  байлық
Мақсаты:
денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру. Жас ұрпаққа “ Қазақстан – 2030” бағдарламасының  басты  міндеттерінің  бірі – салауатты өмір салтын  қалыптастыру туралы  насихаттау, адам  денсаулығының  қымбаттылығын,  өмір  сүру  үшін қажеттілігін,  бағалы байлық  екендігін  түсіндіру;
Сабақтың  түрі:  әңгімелесу
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру,  венндиагрмма т.б.
Сабақтың көрнекілігі:  Мультимедиа, көріністер , жұмбақтар                    

Сабақтың барысы:
Гүл ұстаған балалар шеңберге отырады, бір-біріне жылы лебіздер айтып, денсаулық тілеп,гүл ұсынады. « Тілек шоғы» болады.
Егер қараңғы үйге келіп, шам жақсақ, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүл ішінде бір ақ гүл өсіп тұрса,көзіміз соған түседі.  Күн планетасы жер бетіне сәулесін шашып, жылытады, жарық қылады .   рас  па ?
Дәл осы күн сияқты, ақ гүл, жарық шам сияқты мына сөйлем ішінде бір тамаша сәулесін шашып, маңайын нұрландырып тұрған сөз бар ма ?
–       Ал енді мысалдарға көңіл аударайық:

 Байлық--- ақша

------------ машина

------------ денсаулық

Ең үлкен байлығымыз – денсаулық.

Адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?

1. Екі бала қатар тұрса да, бірін-бірі көрмейді (көз)

2. Өзі кірді ашады, суға салса қашады (сабын)

3. Аузы бүрмелі қызыл қалта, ішінде 32 малта (тіс(

4. Аузы жоқ, көзі жоқ.

Тілі жоқ, сөзі жоқ.

Бірақта тісі бар.

Басыңмен ісі бар.

Бұл не? (тарақ)

б) Көрініс «Кір қоймас»

- Ата-ананың сабын туралы әңгімесі.

 Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде болады.С ондықтан 3топқа бөлініп отырайық. 
1-топ «Шымыр» 
2-топ «Денсаулық»
3-топ «Сымбат»
Бүгінгі сайысымызға қатысушы топтарымыз дайын болса сайысымызды бастайық.
Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады. Сайысты бастамас бұрын сарапшылармен танысып алайық.
1-бөлім «Таныстыру» 
Әр топ өздерін таныстырып ұрандарын айтады.
«Шымыр» тобының ұраны: «Шынықсаң шымыр боларсың»
«Денсаулық» тобының ұраны: «Денсаулық – ел байлығы»
«Сымбат» тобының ұраны: «Сымбатты болу өз қолыңда»
2-бөлім. Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер айтып жарысу.
1-оқушы: Сұрап алған аурудың емі табылмас.
2-оқушы: Көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса аузыңды тый.
3-оқушы: Бірінші байлық – денсаулық
Екінші байлық– ақ жаулық 
Үшінші байлық-он саулық
4-оқушы: Тазалық – саулық негізі
Саулық – байлық негізі.
5- оқушы: Жан ауырса — тән азады,
Қайғы басса — жан азады.
6- оқушы: Жалқаулық — жаман ауру.
3-бөлім. Карточкамен жұмыс
1 — карточка.
«Денсаулық» себетіне өзіңе пайдалы, дәрумендері мол жеміс — жидек, көкөністердің суретін жина, түсіндір.
2 — карточка.
Қандай ұлттық ойындарды білесің, ойынның бір түріне тоқтал.
3-карточка.
Денсаулыққа пайдалы күн тәртібін жаса.
4-бөлім. «Жарнама»
(1-топ айранды жарнамалайды)
1-оқушы.Айран сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор, себебі оның құрамындағы сүт-табиғи өнім. «Спрайт» сатып ішкенше, осы айранды сатып алып ішуіміз керек. Өзі арзан, өзі дәмді. 
(2-ші топ құртты жарнамалайды)
2-оқушы. Құрт сиырдың сүтінен жасалады. Оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. «Орбит» сатып алғанща, осы құртты сатып алған тиімді.
(3 — топ сабынды жарнамалайды)
3-оқушы. Бұл — «Тазалық» деген сабын. Бұл сабын денедегі әртүрлі микроптарды жояды. Бетті, қолды шаңнан тазартады. 
5-бөлім. «Салауатты өмір салты» 
Мұғалім: Балалар, бұл бөлімнің мақсаты сендердің салауаттану пәнінен алған білім-білік дағдыларыңды сұрақтар арқылы байқау болып табылады.
Сұрақтар:
«Шымыр»тобына:
Құрт ауруынан сақтанудың жолдары қандай? 
Жауап:
Одан сақтанудың жолдары:
— біреудің аузындағы сағызын шайнамау.
— әр адамның жеке орамалы. Сабыны, тіс щеткасы болуы керек.
— үнемі тазалықты сақтауымыз керек және т.б.
«Денсаулық» тобына»:
Темекі тартудың адамға зияны қандай?
Жауап:
Темекі адам денсаулығына зиянды болып табылады. Оның құрамында никотин бар. Біз темекі тартсақ, барлық ағзамызды бұзамыз. Темекіден жүрек, өкпе, тамақ аурулары пайда болады. Темекі ауаны, қоршаған ортаны ластайды.
«Сымбат»тобына: 
Нашақорлықтан сақтанудың жолдары қандай?
Жауап:
Нашақорлық – адам өміріне өте зиянды нәрсе. Одан әрқашан аулақ жүруіміз керек. Ол адамның миын улап, әр түрлі жаман қылықтар жасауға итермелейді.
Мұғалім: Осымен сайысымыз аяқталды, әділ-қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша М.Дулатов атамыздың денсаулық жайында айтқан ақыл-кеңестерін қайталайық.
1-оқушы: Құлаққа ұрма, құлаққа айғайлама, шыңғырма. Қалам, қарындаш, ине сияқты үшкір нәрселермен құлағыңның ішін шұқыма.
2-оқушы: Құлағыңның ішін, сыртын таза ұста. Сабынды сумен құлағыңды абайлап жу. Жуынған соң құлағыңның суланған жерін сүртіп, құрғат.
3-оқушы: Құлағыңның ішіне бір нәрсе кіре қалса, өзің еш нәрсе істеме. Тездетіп дәрігерге көрін.
4-оқушы: Мұрныңды әрдайым таза ұста, жүргенде, жүгіргенде, сөйлегенде, ұйықтағанда мұрныңмен дұрыстап дем ала алмайтын болсаң, дәрігерге көрін.
5-оқушы: Үйдің ішінде еденге қақырма.
6-оқушы: Демалғанда аузың үнемі жабулы болсын. Щаңды, я, ауасы бұзылған орында шамаң келгенше демалмаған жөн. Жүрген жеріңді шаңдатпай жүр, әсіресе үй ішінде щаң көтеруші болма.
7-оқушы: Тұла — бойыңды, мойыныңды, көкірегіңді, арқаңды, күнде салқын сумен жуып тұр. Денеңді таза ұста, жұмасына бір рет жылы суға шомылып тұр.
8-оқушы: Өзіңді, тамағыңды таза ұста, ішкен-жеген сайын және де ертеңді — кеш аузыңды тазалап шайқа. Таза ауада көбірек жүр, қимылда (ойна, жүгір).
Бәрі: Мұның бәрі дененің саулығы үшін керек.
Тыңдайық-ойланайық.
Ұлықпан Хәкімнің өсиетіне назар аударайық. Денсаулықтың жақсы болуы дегеніміз — ұзақ өмір сүру. Біздің бәріміздің де ұзақ өмір сүргіміз келеді.
Жетеліге жеті өсиет — аңыз. Ұлықпан Хәкім ерекше дарынды, зерек данышпан адам болған. Қандай кесел болмасын емдеп жазады екен. Күндердің күнінде сол Ұлықпан Хәкім қатты науқастанып, төсек тартып жатып қалады. Шәкірттері жиналып, емдеуге кіріседі.
Ұлықпан оларға:
— Қымбатты шәкірттерім, мені емдеп босқа әуре бо емдеп босқа әуре болмаңдар! Мен көз жұмғаннан соң қайғырмаңдар. Сендерге қалдарар жеті өсиетім бар. Сол өсиетке бой ұсыныңдар, өзгелерге де тарата жүріңдер,- депті.
Балалар, осы 7 өсиетті орындау міндеттерің, сонда сендер еліміздің ішкі, сыртқы жауларынан қорғайтын дені сау, саналы, толыққанды адам болып өсесіңдер.
Ұлықпан Хәкімнің 7 өсиеті:
Біріншісі – ерте тұру.
Екіншісі – орта тазалығын сақтау.
Үшіншісі – дене шынықтыру.
Төртіншісі – дене тазалығы.
Бесіншісі – сергектік.
Алтыншысы – артық тамақ ішпеу.
Жетіншісі – көп ұйықтамау.
Қысқы Азиада ойындарына тоқталып кету (слайд).
Қорытынды: 
— Оқушылар, осы сабағымызды қорытындылай келе, сендердің ойларыңды тыңдай отырып, « Денсаулық – зор байлық » екенін түсініп, оны бағалай біледі деп ойлаймын. Спортпен айналысып, тазалықты сақтап, жаман әдеттен аулақ болып, бір – бірімізге жақсы көңіл – күй, күлкі сыйлап, шаттық сыйлап жүре берейік. Жақсы, шынайы күлкі адамның өмірін ұзартады дейді. Сондықтан…
Денің сау, ғұмыр жасың болар ұзақ,
Ауруға төрт нәрсемен құрсақ тұзақ.
Жылы сөз, жеңіл тамақ, жақсы әуен,
Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ.
— Ал, ендеше, оқушылар, орнымыздан тұрып, шеңдер құрайық.
«Жүректен — жүрекке» шеңбері:
Отанды біз сүйеміз,
Денсаулық сақтай білеміз.
Кішкетай ғана жүрегімізден,
Бақыт, шаттық тілегіміз.

«Тілім менің — қасиетім, ардағым»

Мақсаты:

Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін, тіл ұлттың мұрасы екенін түсіне білуге, оны құрметтеуге, мақтан етуге, қорғауға баулу. Ана тілінің құдіреті туралы түсінігін кеңейту және дамыту.

Көрнекілік: Ұлы адамдардың қанатты сөзі.

Барысы:

1-оқушы: Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты. Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып, қатар жасап келе жатқан қоғамдық құбылыс.

2-оқушы: Халықтың тәуелсіздігінің белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздігін, ұлттық мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Қазақстан тәуелсіз ел болсын десек, ең алдымен ана тілімізді сақтап, оның дамуына күш салуымыз керек.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасында «Тіл туралы» Заң күшіне енгеннен кейін ана тілінсіз іс өрге баспақ емес. Болашақты баянды етер қаруымыз – қазақ тілі. Ана тілімізді құрметтей білейік.

Топтық сайыс: сайысқа үш топ қатысады.

І. Әділ –қазылар алқасын сайлау.

ІІ. Сайыс жоспары:

1.Таныстыру (топ атымен, ұранымен таныстырады).

2.Асыл мұра

3.Сөздерден сөз жазу.

4.Төле бидің жұмбағы (өздері жұмбақ құрастырады).

5.Мақал-мәтел сөз мәйегі.( мақал-мәтел сайысы)

6.Өлең жазып үйренейік

7.Айтар тілек, ұсыныс.

ІІІ. Ойын барысы.

1.Жарысқа қатысушы топтарды таныстыру.

Жүргізуші: Ал, кәнеки, сайысты бастайық.

1-сайыс: «Асыл мұра» (әр топ даналар сөзінің мағынасын ашу).

Жүргізуші: Өте ертеде бір қадірлі қария дүниеден көз жұмарында ұлын шақырып алып:

-Балам мен көп ұзамай дүние саламын, әкем қазына қалдырмады деп қамықпа. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле, — дейді қария. Қария баласына қандай мұра қалдырды? (қалдырған мұрасы – тіл).

(әр топтың ойлануына уақыт беріледі).

2-сайыс: «Сөздерден сөз жазу».

ҚАЗАҚСТАН, БЕЙБІТШІЛІК, ТӘУЕЛСІЗДІК

3-сайыс: «Төле бидің жұмбағы»

Жүргізуші: Уа, халқым сөз қадірін білсең сөз танығыш жастарға 10 түрлі жұмбағым бар. Ол мынау 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10. Ол қандай жұмбақ? (үй тапсырмасы)

4–сайыс: «Мақал-мәтел сөз мәйегі»

Әрбір топ оқушылары кезекпен кезек мақал-мәтелдер айтып жарысады.

3-оқушы: Ана тілім — ұраным,

Ана тілім – құралым,

Ана тілім болмаса,

Мықты болмас тұрағым.

4-оқушы: «Ана тілі — әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениеті, ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры, онсыз адам – мәңгүрт».

5-оқушы: Ұлттық тіл әр халықтың өзіндік ой-санасы мен парасатын, бүкіл болмыс тіршілігі мен сезім түйсігін, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін күре тамыры. Онсыз халық – аты бар, заты жоқ тобыр.

6-оқушы: Ана тілің біліп қой,

Бостандығың, теңдігің,

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

7-оқушы: Ана тілің – арың бұл

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

5 –сайыс: Өлең жазып үйренейік.

-------------------------------------------қарады,

-------------------------------------------тарады.

-------------------------------------------теңеймін,

-------------------------------------------бөлеймін.

-------------------------------------------билейді.

-------------------------------------------тимейді.

8-оқушы: Ей, туған тіл, ей әсем тіл,

Ата-анамның бал тілі.

Көп нәрсе ұқтым дүниеден,

Туған тілім арқылы.

Анам алғаш осы тілде,

Бесік жырын жырлаған.

Ұзақ түндер апам айтқан,

Ертегілер тыңдағам.

10-оқушы: Ей, туған тіл!

Ертелі-кеш қуатыңмен өзіңнің

Қаршадайдан шаттығымды,

Қайғымды да, сезінем.

Ей, туған тіл!

Туған тілде айттым мың рет,

Ата-анамды, мен пақырда

Жарылқа деп, құдірет.

6-сайыс: «Айтар тілек, ұсыныс»

Әр топ «Мемлекеттік тілге деген ұсыныстары мен тілектерін» газет бетіне жариялаулары қажет.Жұмыстарын қорғау

ІY. Әділ-қазылар алқасының қорытынды сөзі .

Жүргізуші: Тіл байлығы — әр елдің мақтанышы, ол атадан балаға мирас болып қалған, баға жетпес мұра. Олай болса, ана тілімізді құрметтеп, қадірлейік. Тіл болашағы біздің қолымызда!

«Қарттарым – асыл қазынам»

Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, «Қарттар – тарих, қазына, ел қазығы» тақырыбындағы кітап көрмесі, нақыл сөздер.

Барысы:

І.Кіріспе сөз:

А) Келген қонақтарды қарсы алу.

ІІ. Негізгі бөлім:

Ә) Қарттарымыз қазына екендігін түсіндіру;

Б) Қарттар күніне арналған ақын жазушылардың өлең шумақтары;

В) Аталарымыздың оқушыларға берер ақыл кеңестері, оқушылардың сұрақтары;

С) Концерттік бағдарлама.

ІІІ. Қорытынды.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар,ақ жаулықты аналар мен асқар таудай әкелер!

«Қарттарым – асыл қазынам» атты бүгінгі мерекемізді ашуға рұқсат етіңіздер.

Қарттарым жүректерің неткен дархан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

Тербедің көктем бағын самал болып

Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,- деп асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып аман-есен жүре беріңіздер.

Шақырады ойнасақ гүл даламыз,

Туған жерден нәр алып нұрланамыз.

Аманкелді мектебінде оқып жатқан

Жеткіншектер өнерлі біз боламыз.(Мектеп оқушыларының құттықтауы)

Сұрақ-жауап.

1.     Қариялар – ақылды дариялар.Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме?

2.     Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз?

3.     Қазақстанның болашағы – жастардың қолында дейді, сондықтан біз сияқты жастарға берер ақыл кеңестеріңіз?

4.     Сіздердің жастық уақыттарыңыз бен қазіргі таңдағы жастардың қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыздар?

5.     Алдағы уақытта Қазақстанның болашағы қандай деп айтар едіңіз?

6.     Қарт, ақсақал, ата сөздерінің айырмашылығы неде?(Қарияларымыз оқушылардың сауалдарына жауап береді)

 Шәкірттердің тыңдап жауап-сұрағын,

Жас санаға құйып білім шуағын.

Хат танытып жол сілтеген өмірге

Барша жанға құрметті адам мұғалім.(Ұстаздар қауымы сөз алады)

 60 жас – адам жасы асқаралы,

Алыс емес қарттықтың басталары.

Аман боп туыстармен қарсы алыңыз

70,80,90-дай басқаларын.

Ауыл шежіресі - өткен тарихымыздың сан алуан қырынан елес беріп, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге боларлық.Ауылымыздағы мақтан тұтар аталар мен әжелеріміз мақтанышымыз – сіздерсіздер! (аталарымызға сөз беріледі)

 Ақылгөйім, асқар тауым ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса құлама.

Ер жетсем де еркелігім қалмайды

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана.

Тербетіп ақ бесікте аяладың,

Бойдағы ізгілікті аямадың.

Анашым өзіңсің ғой сүйенерім,

Анашым өзіңсің ғой сая бағым.(Сөз кезегі ақ жаулықты аналарымызға беріледі.)

Өмір оты ерте өшірілмесе, адам баласының қартаюы табиғи заңдылық. Қарттардың тілегі – ел амандығы, жұрт тыныштығы. Уайымы сырлассыйлас қатарының сирегі. Олар бүгінгісін ғана ойламайды, өткен өмір жолын зерделеп, алдын болжауға тырысады.Қарттар – кісіліктің төресі.

«Бала өсіргің келсе, дана жүректі қатты ұста, үйрет білім, ізетті»,- деп Әбу Насыр әл-Фараби айтпақшы, аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді баларларға халықтың асыл қазынасы саналатын қарттарымыз жас ұрпақтарға үйретіп, айтып отырайық.

Мейірімі мол ананың

Жүрегі жылы қолы кең.

Кең пейілді атаның

Жүзі жылы жолы кең.

Аталар – асқар таудай қорғанымыз,

Аналар – саясы мол орманымыз.

Қызығын ұрпағыңның көре берші

Жортқанда бола берсін жолдарыңыз.

 Құрметті қонақтар, сіздердің уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет.

Ұстазым, менің ұстазым!

Мақсаты: ұстаз еңбегінің жемісі, білім өмір шырағы, оқу – инемен құдық қазғандай деген ұғымдардың мағынасын оқушыларға түсіндіру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» Абай.
«Өнер – білім бәрі де оқуменен табылған»
Ы.Алтынсарин.
«Барлық істің басшысы – білім мен ұғым»
Ж.Баласағұни.
«Адамның адамшылығы….. жақсы
ұстаздан басталады»
http://zhospar.kz/wp-includes/js/tinymce/plugins/wordpress/img/trans.gif
Мұғалім. – Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар бүгін біздің мектепте үлкен мереке. Сынып оқушылары мектеп ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтағалы отыр. Бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар Сіздерге бүкіл әлем баласы бас иеді.
1 оқушы: Ұстазым, асыл ардағым
Сіңірген бақыт бұлағын
Ұстаздар айтқан ақылын
Жүректен ұғып тұрамын
2 – жүргізуші: Ұстаз... Ұстаздың мен үшін де, сен үшін де, бәріміз үшін де орны бөлек.Осынау өмірдегі жандардың бәрі де ұстаз алдынан түлеп ұшты.
Әлемге, еліне пайдалы, танымал тұлғаларды тәрбиелеу ұлы ұстазға байланысты деп білемін.Ұстаз адамзат баласының бойына білім атты «шаһарды» қалайды.Сондықтан, «Ұстазды атаңнан да әзіз тұт» деген мақалға жүгінген дұрыс.Ұстаздың еңбегі - ізгіліктің інжуіндей қымбат еңбек.
«Қыран құс түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» деген нақылдың өзі ұстаз – адам тағдырын шешуші тәлімгер дегенді білдіреді.

3 оқушы: Ұлт ұстазы
Кім ұғады оқушының тілегін,
Кім ұғады оқушының жүрегін.
Ұғатын кім, үйден аттап шыққан соң,
Ұғатын ол – ұстаздар деп білемін.
Оқушыға мейірі мол анадай,
Ол қуанса, қуанады баладай.
Түсе қалса, қабағы мен қасы егер,
Жұбатады жылы сөйлеп аялай.
Үйретеді жалықпастан өнеге,
Отырығызып білім атты кемеге.
Теңіздейін тереңіне бойлатып,
«Маржан» терсе, көтереді төбеге.
Өрелі боп өссе ұлы-қыз бағына,
Асып – тасып мерейленіп тағы да
-Міне, менің шәкірттерім осындай,-
деп, өткенін еске сағына.
Жақсы шәкірт – жақсы ұстаздың жалғасы,
Өзендердей ортаймайтын арнасы.
Ұлт ұстазы, ұлағатты келіскен,
Ар-білімін ұрпағыңа арнашы!
Хор: «Біз бақытты балдырғандар» Сөзі М.Әлімбаевтікі, әні Ө.Байділдаевтікі
Мұғалім. – Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.
Ол өзінің барлық жігерін, білімін, бойындағы барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына, халыққа беріп отырады.
4 оқушы:
«Ұстаз деген….»
Мұғалім мен ұстазда бар айырма,
Ұстаз деген – жақсы әндегі қайырма.
Мұғалім, ол – бар болғаны ма мамандық,
Жеткенінше жеті өнерлі шайырға.
Ұстаз деген – ұлағаттың шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры.
Ұстаз деген – шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын, шалдықпайтын, тәйірі.
Ұстаз деген – ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің әр шақтарын қиғандар.
Қимағандар — ұстаз емес, мұғалім,
Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә, мың.
Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,
Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын…..
Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс, айласы.
Ұстаз болу бақыт, әрі абырой
Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.
Қыздардың орындауында би «Қазақ вальсі».
Мұғалім.- Оқушы – мұғалімнің өзін көретін айнасы. Мұғалімін жақсы көрген шәкірт ешуақытта ұятқа қалдырмайды, тек балалардың сүйіктісе бола біл. Бұл онша қиын да емес, өкінішке орай, барлық ұстаз осы дәрежеге көтетле алмай қалуы мүмкін.
5 оқушы: «Ұстаз ағай»
Ұстаз апай неге көп,
Кілең жұмсақ жүректі.
Ұстаз ағай неге жоқ,
Ыбырай ата – тілекті.
Ұстаз аға көбейсе,
Ұлдар ұқсап бақпай ма?
Тұлғалардай кешегі
Намыс отын жақпай ма?
Ұстаз ағай мектептің,
Тірегіне айналса.
Ұстаз апай мектептің,
Жүрегіне айналса.
Ұл – болмай ма ұлықты,
Қыз – болмай ма қылықты.
Біздің ұстаз ағалар,
-Қалай мұны ұмытты?!.
Мұғалім. – Ұстаз жолы – қиын да қызық, ауыр да абыройлы жол.
Ән «Сәби болғым келеді» сөзі М.Мақатаевтікі, әні Т.Рахимовтікі
Көрініс: «Баласы мен атасы»
Баласы – Ата, маған мектепте,
Ұрыспай ма мұғалім?
Мен білетін ертекке,
Дұрыс, дей ме, шырағым!
– Ата, мені мұғалім,
Сіздей жақсы көре ме?
Орындалып сұрағым,
Көтере ме төбеге?
Еркелегім келсе егер,
Көтерем бе қолымды?
Еркелікке, көнсе егер
Күнде етем бе сонымды?
-Ата, Сізсіз мектепке,
Тіпті барғым келмейді.
Ертіп баршы мектепке,
Сонда ешкім жеңбейді.
Атасы:
Айналайын, ақылдым,
Өмірімнің жалғасы.
Қартаюға жақынмын,
Арманымды жалғашы.
Сен ақылды баласың,
Мектебіңе барасың.
Ұрыспайды мұғалім,
Ол да сенің анашың.
Тәртібің мен білімің,
Қатар өсіп дамысын.
Жеңбесі жоқ білімнің,
Қосылса оған намысың.
Еркелікті қалдыр да,
Үйде отырған атаңа.
Ақылыңды алдырма,
Адал бол, ақ батама.
Атасының баласы
Жаман бала болмайды.
Қабыл болып батасы
Алла өзі қолдайды!
Ұлдар тобының орындауында «Жорға» биі.
Мұғалім. Бала тәрбиесі үлкен өнер. Әр балаға әр түрлі тәсіл керек. Біреуіне ақыл айтсаң да жетіп жатыр. Енді біреуіне ақыл жүрмейді, мінез-құлқына қарай басқа амалын табу керек. Бала жүрегі – кішкентай ғана күйсандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек.
6 оқушы:
Өмірімнің жалғасы түлектерде,
Жас ұрпақтың өмірін мәпелеген,
Бір саналар ана менен әкеменен
Мен ұстазбын, бірімін, миллиондардың,
Болашаққа, ұрпаққа жетелеген.
7 оқушы:
Диханмын мен жерге емес, жүректерге,
Ұлан – асыр өлшеусіз тілектерге.
Дән орнына азамат жан өсірем,
Өмірімнің жалғасы – түлектерде.
8 оқушы:
Ізденетін үнемі сан саладан,
Жүгім ауыр, демеймін арқалаған.
Ел мақтаны азамат өссе болды,
Осы менің тілегім бар қалаған.
Мұғалім. Ұстаз мамандық әлеміндегі ең ғажайып мамандық. Көзі жаудырап алдында отырған шәкірттер ертеңгі ел басқаратын, ғылымның тылсым сырын ашатын, қоңыр даланың ғарышқа самғайтын немесе ақылдың нұрымен суарып кітап жазатын еліңнің ертеңгі қожалары емес пе!
9 оқушы:
Ұстаздар Хан бол, мейілің, қарабол
Дарын бол, мейілің, дара бол.
Өтетін бәрі алдынан,
Ұстаздар бейне сара жол.
10 оқушы:
Арттырған шәкірт талғамын,
Ұстаздар – үміт ардағым.
Өзіңнен үміт нәрін ап
Қырандай алға самғадым.
Сөйлесе тілі балдайын
Ұстазым, гүлдей жайнадым
Көркейіп өсіп келеміз
Жапырақ жайған талдаймын.
Сонымен біз бүгінгі ашық сабағымыз жабық деп жариялаймыз! Қош, сау болыңыздар құрметті қауым!

"Алтын күз"

Тақырыбы:        «Алтын күз».

 Мақсаты:           1. Күз ғажайыптары туралы қосымша мәлімет беру

                              2. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.

                              3. Оқушылапрды табиғатты аялап қорғауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:       Плакаттар, шарлар, қағаз бас киім, киім үлгілері, күз кереметтері.

Жоспары:          І - бөлім. «Мерекелі, берекелң күз келді»

                             ІІ - бөлім. «Алтын күз -аруы»

                            ІІІ – «Өнер таппай баптанба»

Барысы:       

1-Бастаушы.    Кездескен соң күзімен,

                           Бұтағынан үзілген.

                           Ай жапырақ сары алтын

                           Қуандырып біздерді.

2-Бастаушы:      Кел жемісті Алтын күз,

                            Кілемденсін халқымыз.

   Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі біздің  күз мерекесіне арналған мерекелік кешімізді бастауға рұхсат етіңіздер.

                             Ән хормен.Би билеу.

1-бастаушы: Алдық әнім-сыйыңды,

                      Көбейді – құт береке,

                      Астық толы қоймамыз,

                       Құтты болсын мереке.

  Мереке сайысымызды бастамас бұрын, әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

            1.Сайыс мәнерлеп оқу, Күз туралы оқушылар өз шығармаларын оқиды.

 2-Бастаушы: Біздің балалардың өнері әл алда. Тіпті олар жұмбақта шеше біледі.

            2.Сайыс жұмбақ сайысы.

 1-Бастаушы: Ендігі кезекті әнге берсек. Ақыл- бастан, өнер – жастан. Қане, тұрмаңдар би билеңдер, жырлаңдар. әр сынып өз өнерлерін көрсетеді.

  2- Бастауыш: келесі сайысымыз күз туралы көрініс қою. әр сынып өз көрністерін ортада қояды.

 1-Бастауыш:  келесі бөліміміз «Алтын күз аруы» Ендеше аруларымызды ортаға шықырсақ. (ортаға арулар шығады)

 Бөлімнің бағдарламасы: 1-бөлім: «Менің құрбым» (танысу)

                                           2-бөлім: «Өнерім бар осындай»

                                           3-бөлім: «Сән үлгісі»

                                           4-бөлім: «Жемісті құмыра»

                              Осы кезде вальстік музыка ойнап тұрады.

   2-бастауыш: Бүгінгі кештің ханшасы кім болатынын анықтау үшін ханшалардың өнерлерін әділ қазылар алқасымен бірге бағаласақ.

  1-Бастауыш: Біз ханшалардың өнерлерін тамашаладық. Әділ – қазылар алқасына сөз кезегін берсек. Күз аруы мен күз еркесінің кім болғанын тыңдайық!

                 3-Бөлім: «Өнер таппай баптанба»

  1-Бастауыш: Алдын ала берілген тапсырма бойынша әр сынып арасындағы ең үздік шғармаларын оқысын. (шығармалар оқылады)

  1-оқушы:     Күз – қоңыржай,

                       Күн – қогңыржай....

                       Қызғылтым жапырақ,

                       Қоламта шоғындай...

 1-Бастауыш: Күз кереметтері (әр сыныптан 2 оқушы шығып қорғайды)

 1-Бастауыш:  Қызды қырман ел ісі,

                        Қызды қырман жер үсті.

                        Елдің тойлап жатқаны

                        Еңбегінің жемісі!

2-бастауыш: Астық жеміс жиылды,

                       Қоймамызға құйылды.

                       Ардақты күз мың алғыс,

                       Алдық өнім сыйыңды,

                     Көбейді құт береке,

                     Астық толы қоймамыз,

                      Құтты болсын мереке!

 2-бастауыш: Жел гулегім,

                       Солды гүл тегіс,

                       Көш тартып тізіліп

                       Қоштасты бізбен құс.

1-Бастауыш:    Осымен бүгінгі кешімізде аяқталды құрметті жиналған қауым. Барлықтарыңызға алтын күзге арналған шағын мерекелік кешіміздің құрметті қонағы болғандарыңызға алғыс жариялаймыз!

"Біз - табиғат қорғаны" (топсеруен )
Мақсаты: Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау, ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Таза ауамен демалу.

І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Балалар, бүгін табиғатқа серуенге шығамыз. Серуенге шықпас бұрын мынадай сұрақтарға жауап беріңіз.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Әр мезгілдегі табиғаттың көрінісін ата.
- Кімге қай мезгіл ұнайды? Несімен ұнайды?
- Қазақ халқының салт - дәстүрлерін сақтап, жақсы жерге қоныс тебейік.
- Балалар, ауылымыздың шағын бағына барамыз.
- Ауылымыз туралы не білесіңдер?(ауыл туралы әңгімелеу)
- Айналамызды қоршап, жайқалып өсіп тұрған ағаштар. Ауылымыздың бөгеті мен бұлағы бар.
- Балалар, бөгетімізде балықтар бар ма?
- Балық аулайтындарын бар ма?
- Оларда біздің байлығымыз.
- Ауылымыздың атап өтетін тағы қандай байлығы бар?
- Атап өтер байлығымыздың бірі егіншілік. Яғни біздің нанымыз.
- Ал ол егінді кімдер егеді?
- Ауылдас ағаларымыз.
- Балалар, ағаларымыздың еңбектері Қазақстан, Отан, туған жер, ауыл үшін өте пайдалы. Олар бізге нан береді.
- Ал кім нан туралы өлең, мақал біледі?
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.

- «Ас атасы - нан», «Еңбектің атасы нан», «Алтын, күміс тас екен, арпа бидай ас екен»
- Туған жерімізде өсетін қандай өсімдіктерді білесіңдер?
- Алабота, жусан, түймедақ, ақселеу.
- Табиғаттың бір үзігі - өсімдіктердің де адам үшін атқарар шаруасы көп екен. Олар адамға дәрі - дәрмек, ем болып, өмірлерін қауіп - қатерден қорғауға өз үлестерін қосатының білеміз.
- Қандай жануарлар тіршілік етеді?
- Түлкі, қоян, қасқыр, дала тышқандары, т. б.
- Балалар, біз сол біздің жерімізде тіршілік ететін жан - жануарларға құстарға, өсімдіктерге қамқоршы болуымыз керек. Олай болса бәріміз әрбір тірі жанға қамқоршы боламыз.

ІІ. Таза ауамен демалып, түрлі ойындар ойнау. («Ақ селеу, көк селеу», «Мені құтқар», «Кім жылдам» т. б.)

ІІІ. Қорытынды.
Қорыта келгенде адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой деймін. Табиғат байлықтарын қорғай білу азаматтық борыш. Оны аялап, сүйе білейік.
Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім - кітапта, әр пәнді жақсы оқуда.
Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: Сөндірілмей тасталған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір ағаштың өсуі үшін қаншама жыл керек екенін өздерің білесіңдер. Кейбір тентек балалар гүлдерді жұлады, құстардың ұясын бұзады, жазықсыз жәндіктерді өлтіреді. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстай білейік. Табиғатты алайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды.

Тәрбие сағатының жүру барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі. Қайырлы, Күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен, терезені ашып, Табиғат – Анаға көз салып қарайсыңдар. Дәл бүгінгі күні табиғат ана бізді несімен қуантты, бізге не айтады? Олай болса мен сендерді Табиғат - Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Бүгінгі саяхатымыздың тақырыбы: Табиғатты Аяла деп аталады. Алдымен саяхатымызды бастамас бұрын сабағымызды табиғатпен амандасудан бастайық. Олай болса барлығымыз орындарымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге оқиық.
Қайырлы Күн, күнім, далам, орманым
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім,
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер,
Қайырлы Күн бар тіршілік иесі
Өте жақсы. Барлығымыз орындарымызға отырайық. Балалар жалпы табиғат дегеніміз не? Оларға нелер жатады?

II. Саяхатымыздың бірінші аялдамасы: «Тіршілік атаулының бар арманы - ауа»- деп аталады. Ендеше ауа туралы не білеміз? Қане, ортаға салайық.
1. Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі – ауа.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ.
2. Адам бар – жоғы 1 - 2 минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда «Ауадай қажет» деген сөз бар.
3. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім жауап бере алмайды. Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Сол ауадан дем алған қаншама адам ауруға ұшырады.
4. Табиғат – дем ал деп ауаны сыйлайды, Өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама!
5. Болмасын ауа ешкімнің арман мұңы,
Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы.
Ойлашы кімге керек боламыз біз,
Жұтудан таза ауаны қалған күні.
Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес. Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз. Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?

II. Саяхатымыздың екінші аялдамасы. «Тіршілік көзі - су» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен.
6. Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз.
7. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер, теңіздер бар. Осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр.
8. Соның салдарынан Арал Теңізінің суы азайып ол тартылып қалды. Арал аймағының жағдайы осындай болды.
9. Ал, Каспий теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Міне, бұл адамның қолымен жасалған қатыгездік.
10. Ойлау керек Арал жайын, ел жайын,
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.
Өзімізді асыраушы табиғаттай ананы
Азаматтық ары менен аялауға тұр дайын.
Мұғалім: Сонымен су қара жердің сәні, табиғаттың жаны делік. Ал табиғатты әдемілікке бөліп тұрған не?
Ол өсімдіктер

III. Саяхатымыздың үшінші аялдамасы: «Табиғат байлығы - өсімдіктер» деп аталады. Олар туралы не айта аламыз?
11. Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын деген көрнекті сөз соның айғағы.
12. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлері азайып, бара жатқандықтан олардың 300 ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді.
13. Менің ойымша, әрбір азамат оларды қорғаудың маңызын саналы түрде ұғынбаса, біздің керемет жасыл бағымызды ешқандай тыйым салу құтқармайды.
15. Көзін ашып бақ өсір бұлағыңа,
Айналсын құтты қоныс тұрағыңа.
Жайқалсын өлкемізде саялы бақ,
Бөленіп күннің нұрлы шуағына.
Мұғалім: Расындада өлкемізді саялы баққа айналдыру әр қайсымыздың қолымыздан келеді. Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не, балалар?
Олар құстар.

IV. Саяхатымыздың келесі аялдамасы: « Орман сәні - Құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтасыңдар?
16. Табиғаттың әні де, сәні де, қалықтай ұшқан құстар. Олардың әсем әні бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар – біздің қанатты достарымыз. Олар - табиғат сақшылары.
17. Сондықтан ата – бабамыз құстарды қадірлеп құрметтеген. Олар батыр ұлдарын Сұңқарға, ал қыздарын аққуға теңеген.
18. Қазақстанда құстардың 480 түрі бар. Соның ішінде азайып кеткен құстар қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды.
Мұғалім: Балалар, біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат ана адамзат баласына бар қажеттінің барлығын беріпті. Ол бізге дем алсын деп ауа берді, ішсін, бар қажетіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман – тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен аңдарын берді, қысқасы біздің өмірімізге қажеттінің бәрін табиғат - анадан алады екенбіз. Ол қандай мейірімді болса, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр.

V. Тренинг: «Мейірімділікті табиғаттан үйрен.»
Әр бала шаттық шеңберіне тұрып, қасындағы досына оның жақсы қасиеттерін білдіретін сөздерді айтады.
VI. Шығармашылық жұмыс. Егер табиғатқа тіл бітсе...
Табиғат тақырыбына жазған шығармаларын оқу.
VII. Қазақстан экологиясы тақырыбына арналған бейнебаян тамашалау. Тәрбие сағатын қорытындылау

http://infourok.ru/uploads/b/b-5-5.gif

  • Биология

«АНАЛАР – АСЫЛ ЖАНДАР»

(тәрбие сағаты)

Мақсаты: аналар қауымымен сырласа отырып, олардың тәрбиесіне көңіл бөлу, эстетикалық тәрбие беру, оларға салт – дәстүрді үйрету, олармен пікірлесе отырып, өздерін мазалап жүрген сұрақтары болса, соған жауап табу, еркін өз ойларын ашып айтуға баулу.

Дамытушылық: оқушылардың бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, қамқор болуға, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ана туралы нақыл сөздер, мақал - мәтел жазылған плакаттар суреттер, гүлдер, шарлар, сыйлықтар.

Шараның жүру барысы:
Жүргізуші:
Аяулы аналар! Апайлар мен қызғалдақ қыздар, көктем мерекелеріңіз құтты болсын, Көктемнің шуақты күндеріндей, сан алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнап өсе беріңіздер. Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын. Халқымыз ежелден ақ құрметтеп «Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы» деп тектен - тек айтпаса керек. Ақ сүтін беріп, түн ұйқысын төрт бөліп жақсы ісімізді асырып, жамандығымызды жасырған, ана қарызын өтеу барлығымыздың парызымыз.

Қипақтайды қит етсе, анаң, әкең
Қайтсем ғана осыны адам етем
Басқалардың осындай балалары
Тап осындай жаңғалақ болар ма екен?- деп М. Әлімбаев ағамыз айтқандай, ата - анамызды ренжітпей әдепті бала болайық. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар.

«Әдептілік адам көркі»

Мақсаты:әдептілік,имандылық туралы ұғымдарын  кеңейту,әдептілік сақтауға,үлкендерге құрмет,кішіге ізет көрсетуге,өзара сыйластыққа,жақсыдан үйренуге,балаларды жаманнан жиренуге тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар:үлестірмелер,ойындар,плакттар.

әдісі:талдау,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

Кіріспе:Жирен жаман әдеттен,үйрен жақсы әдеттен-дейді халық.әдепті болу үшін иманды,кішіпейіл,кпшіл болу қажет.Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен,көзінен,өзінен байқалады.Иман жүзді,әдепті адам күндей күлімдеп,жарық дүниедей жадырап сөйлейді.халық әдебі «Сіз»-деген сөзден басталады...»

«Сіз»-деген әдеп,

«Біз»-деген көмек.

«Әдептілік әліпесі»-авторы Е.Өтетілеуов.

      Қарсы ал ерте күн көзін,

      Төсегінді жина өзің.

      Асықпай іш тамағыңды,

      Жалама аяқ-табағыңды.

      Пышақты ұста оң қолымен.

      Шанышқыны сол қолымен.

      Нанды үгітпе,қадірле,

      Қабығымен бәрін же.

      Саусағыңды сормағын,

             Әдет қыл бұл ісіңді,

            Тазалап жүр тісіңді.

Балалар,адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді білдіндер?

Мен қандай боламын?-(әр бала өз бойындағы қасиеттерді айтып,өзіне мінездеме беру)

Ойын:Қандай әдепті,әдемі сөздерді білеміз?

Ойын:Жалғасын тап (әдептілік туралы мақалдардың жалғасын тапқызу)

     1.Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

        Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

        2.Әдепті бала –арлы бала,

           Әдепсіз бала-сорлы бала.

       3.Әдептілік адам көркі.

Біз қандай да бір көңілімізге ұнаған жақсы нәрсені әдемі дейміз.Әдептілік туралы айтқан сөздердің барлығы жақсы қасиеттер.Ендеше әдептілік те әдемілік екен.Егер сен бала кезеңнен тәртіпті,әдепті бала болып өссең есейе келе ата-анаңнын,отаныңның мақтанышы боласың.Сенің табыстарың ата-анаң үшін шексіз бақыт.Ата-ана алдында шыншыл болып,өзіңнен үлкеннің ақыл-кеңесін тындау керек.Ұлы Абай атамыз:

         Әсемпаз болма әрнеге,

         Өнерпаз болсан арқалан.

         Сенде бір кірпіш дүниеге,

         Кетігін тап та бар қалан-дегендей,сендерді ғажайып болашаққа шақырған.

Ал,енді қандай нәрсені «жаман»-деп түсінесіңдер?

                                  Диограмма

«Әдепті бала»

Өнерлі

Ұқыпты

Іскер

Ақылды

Адамгершілігі жоғары

Әдепті

Ақкөңіл

Үлгілі

 «Әдепсіз бала»

Ұқыпсыз

Дөрекі

Әдепіз

Лас

Өтірікші

Жауапсыз

Бұзық

Мейрімсіз

-Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін жақсысын,

Саған тандап әперді

Не деп барып жеу керек?(рахмет)

-Байқаусызда біреуді қағып кетсең,

Не ағат сөз айтсан не деу керек?(кешіріңіз).

  Сонымен балалар жақсы қасиеттер туралы тағы да ойларымызды тұжырымдайық.Балалар мен сендерге әзіл-қызықты өлең оқып берейік сабағымызды қорыта келе:

        Күйші болуға болады,

        Биші болуға болады.

         Ерке болуға болады

         Серке болуға болады.

         Пысық болуға болады,

         Кішік болуға болады.

         Әкім болуға болады,   

         Ақын болуға болады.

         Маман болуға болады,

         Жаман болуға болады,

         Айтпақшы,

         Жаман болуға болмайды!

        Ондай адам оңбайды!           

Тақырыбы: «Бала құқығы-асыл қазына»

Мақсаты: а) Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру.
ә) Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен
міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен
шешуге үйрету.
б) Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы,
құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке,
елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ата Заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: құқықтық сауаттандыру
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Кіріспе

Мұғалімнің Заң туралы кіріспе сөзі

ІІІ. Негізгі бөлім
Тренинг «қол соғыңыздар, егер …» ойыны
«Бала құқығы туралы халықаралық конвенция»
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы
Заң сөздікшесі
Балаларды қорғауға арналған халықаралық күндер
«Әрекет-қабілеттілік пирамидасы»
«Өз құқығыңды біл!». Баланың құқықтары мен міндеттері
«Менің құқығым» тренинг
«Ой жалғау»
«Кім тапқыр?»
Тренинг «Ассоциация»

ІV. Қорытынды
Ата Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.
«Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты» деген еді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Ендеше сабағымыөдың соңынды сендерге мынадай үндеу тастағым келеді.

Үндеу
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол.
Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.
Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.

Әнұран орындалады. (сынып ұжымы)
Конституция- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олой болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылығы 8 тамызда № 345 Заңы
10 тарау, 53 баптан тұрады.
1 тарау. Жалпы ережелер
2 тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат
3 тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері
4 тарау. Бала және отбасы
5 тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары
6 тарау. Мүгедек баланың құқықтары
7 тарау. Бала және қоғам
8тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау
9 тарау. Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері
10 тарау. Қорытынды ережелер

«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»
— Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
— Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
— Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
— Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
— Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.
— Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.
— Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
— Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.
— Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Сөздікпен жұмыс.

 Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер берілген.
1-маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20-қараша Балалардың дүниежүзілік күні
10-желтоқсан Адам құқығы күні
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады.
1959 жылы Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды.
1979 жылы Балалардың халықаралық жылы өтті
20-қараша 1989 жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды
28-қазан 1993 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды
8-маусым 1995 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті.
«Әрекет-қабілеттілік пирамидасы».
40 жас- Президент
30 жас -Сенат депутаты
25 жас – Полиция, сот
20 жас- Маслихат депутаты
18 жас- Сайлау, үйлену құқығы
17 жас- Өсиет жазу құқығы
16 жас- Төлқұжат, еңбек ету құқығы, қылмыстың барлық түрлері бойынша жауапқа
тартылу
15 жас- Жұмыс істеу (рұқсатпен)
14 жас- Қылмыстық ісі үшін жауапқа тартылу, еңбекақыға иелік ету
10 жас- Асырап алуға, қорғаныш болуға келісім беру, ата-аналардың бірімен тұруын
таңдау құқығы
6-7 жас-Тұрмыстық келісім шааралар, мектепке оқуға баруға
0 жас- Туу, құқық қабілеттілікке ие болу

«Менің құқығым»
(Әрбір бала-орындарынан тұрып бір-бір құқықтан айтады)
Сұрақ: Сен өз құқығың туралы не айтар едің?
Сұрақ: Бала құқығының қандай түрлері таныс?
Сұрақ: Күнделікті өздерің қолданып жүрген құқықтарыңды ата?
Мұғалім: Әрбір адамзат құқықтырын пайдаланып қана қоймай өз міндеттерін де білуі, орындауы керек.
Ал Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері мыналар:
Заңдарға бағыну
Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу.
Мемлекет рәміздерін құрметтеу
Салықты төлеу
Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау
Табиғатты және табиғат байлықтарын сақтау
Ата-аналардың балаларына қамқорлық ету міндеттерін орындауы
Орта мектеп білімін алу
Қазақстан Республикасын қорғау
Ал азаматтар өз міндеттерін дұрыс орындамаса, ол құқық бұзушылық болып табылады.
-Балалар, құқық бұзушылық деген қылмыс екен. Ал біздің өз арамызда қылмыс жасау жағдайлары болған жоқ, бірақ тәртіп бұзушылықтың өзі қылмысқа апарып соғары белгілі. Қандай бала тәртіп бұзады? Әрине, тәртіпсіз бала. Ал тәртіпсіз бала деп қандай баланы айтар едіңдер.
/Оқушылар жауаптары тыңдалады/

Менің  болашақ  мамандығым

 Тақырыбы: «Менің болашақ мамандығым ….»     

Мақсаты:  1. Оқушыларды болашақ мамандығын дұрыс таңдауға үйрету;

                    2. Мамандықты құрметтеуге, сүюге үйрету;

                    3. Мамандыққа байланысты ұғымдармен таныстырып, 

                         қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,компьютер,  сурет салынған плакат,   

                      сынып газеті, шарлар, бейнеклип.

Әдісі:   ақпараттандырылған, сөйлеу.

1- жүргізуші: Қайырлы  күн!

                        Қайырлы  күн  құрметті  қонақтар, ұлағатты  ұстаздар және  білім

                        ордасының  шәкірттері!

2 -жүргізуші: Иә,ұл  жиналған  қауым  бүгінгі  ....  сыныбы  көрсеткелі  отырған  тәрбие   сағатының   көрермендері.

1-жүргізуші: Ендеше   сыныбымыз  ұсынып  отырған  «Менің  болашақ  мамандығым» атты  ашық  тәрбие  сағатымызды  ашық деп жариялаймыз.

2 –жүргізуші: «Ақыл жастан, асыл тастан» деген сөзді айтқанда халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткен болар. Содан бері неше ұрпақ ауысса да халықтың жастарға деген сенімі өзгерген жоқ. Жастар әркез қоғамның қозғаушы күші ретінде танылған.

1-      жүргізуші: Бір кездері Мағжан бабамыз:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін,- деп бекерден бекер айтпаған болар. Сондықтан да біз жастар өзіміздің

қоғам, халық алдындағы борышымызды, міндетімізді сезіне білуіміз қажет.

2-      жүргізуші: Әрине, тізбелей берсек жастар жайлы келтірер мысалдар жеткілікті, бірақ бұл сөз

тек құр сөз қалуы мүмкін. Сондықтан да өзіміздің болашақ үшін жасайтын игі істерімізді

ойлануымыз керек. Қазіргі күні еліміздің болашағы да біздің жастардың қолында. Енді осы

жастарымыз болашақта қандай маман иесі болғылары келеді? Ортаға салайық.

1- жүргізуші:

                         Мектеп  анам  бүгінде  

                           Мектеп — алтын босағам

                           Мектеп берген біліммен

                           Марқаяды жас ұлан

2-жүргізуші: Әрине, қай мамандық иесі болмасын, ең бірінші әрбір

адам өз болашағын мектеп табалдырығынан бастайды. Кешегі күнде  бүлдіршін

болған,  бүгін міне ержетіп, мектеп бітіріп, болашақтағы мамандықтарын таңдап,

жоғары оқу орындарына түсіп жатқан апа-ағаларымыз көп емес пе?

1-жүргізуші:   Мектеп, мектеп төңірекеп

                          Жүруші едім кеше мен

                          Сұраушы едім, жылаушы едім

                          Әпкем кітап бермесе

 2 -жүргізуші:   Бүгін міне ержеттім

                           Мамандығымды таңдадым

                           Қол жеткізген биікке

                           Мектебімнің арқасы

1- жүргізуші:   Армандар,

                           Сол арманда зор мән бар

                           Жақсылықты ақ жүрекпен қолдаңдар

                           Асқақ арман — үлкен өмір бастауы

                           Болашаққа бақыт үнін жолдаңдар!

    Айбар , сонау бастауыш сыныптарға көз жіберсек, бір-бірімізді қуалап ойнап жүрген, қуанышты сәттерді жүзі жайдарлы бүлдіршіндерді көресің. «Уақыт — өзен», дегендей  қазір міне ержетіп, қыз бен жігіт болып мамандық таңдайтын уақыт та таяп қалды.

2-жүргізуші:  Онда, ендігі кезекте армандары биік, әрбіреуі өз алдына мақсат қоя білетін, болашақ маман  иегерлерін ортаға шақырайық.

1-жүргізуші: Ұстаз, Ұстаз!

                        Сен көрсеттің білім жолын іздеген,

                        Жүріп кеттім мен де алға

                        Сіз көрсеткен ізбенен

                        Ұстаз! Ұстаз!

                        Ардақты да қасиетті бұл есім

                        Үнемі сен жүрегімнің түкпірінде жүресің

                        Осы есімге үлкен менен кішіңіз

                        Мәңгілікке басыңызды иесіз.

2-жүргізуші        Ақ халатты киемін

                             Аппақ болып жүремін

                             Аппақ болып жүргенді

                             Өзім жақсы көремін

                              «Дәрігермін мен», — деймін

                               Кәрі әжемді емдеймін

                               «Көп — көп ішіп дәріні

                                Кәрілікті жең»,- деймін  деп ел денсаулығына алаңдаулы біздің ....... мен........... халықтың айнасы дәрігер болғылары келеді екен. Соларды қарсы алайық.

1- жүргізші: Ел деп соққан жүрегі

                      Ұлы Отанның түлегі

                      Милиция қорғаным

                      Мен милиционер боламын.

Өскенде ел қорғаны болатын бұл оқушы болашағын халық тыныштығына арнап отыр. ..............., бұл қай оқушы дейсің, бұл біздің .............. ғой.

2-жүргізуші:  Біз әншіміз, бишіміз

                        Бала емеспіз жалыққан

                        Біз талапты күйшіміз

                        Өнерпазбыз халықтан

Ал келесіоқушлардың таланты биік,  болашақ сахна төрінен көрінетін өнерпаз оқушылар. Әсем дауысымен ән шырқайтын ..........., мың бұралған бишілеріміз ............, ............. және .....................

                1-жүрізуші:

                       Біз- заңгерміз, заңгерміз,

                       Әділдікті қолдаймыз

                       Халықпенен біргеміз

                       Адам құқын қорғаймыз.

Иә, ..............  ұлттық рәміздерінсіз, заңынсыз ел болмайды дегендей, Қазақстанның әрбір азаматының құқығын әділетті шымдап  жүрген шыншыл  заңгерлеріміз де аз емес. Солардың жолын қуғысы келіп жүрген ұлдарымыздың бірі — .................

2-жүргізуші:

................., осы сен хат тасушыдан хабарлама алып көрдің бе? Келесі оқушымыздың мамандығы өте қызық. Ол өзінің болашағын былайша елестетеді.

                Сөмкеде хат қалмайды тасылмаған

                Қалса да құпиясы ашылмаған

                Сондықтан осы міндет асыл маған

                Хат тасушы бала мен боламын.

          Сонымен хат тасушы-................. ортаға шақырайық.

Ән: «Сәлем» Орындайтын: ..........................................

1-жүргізуші: Ал, ................ мен ............ елде болып жатқан жағдайларды халыққа хабарлап айтушы тілші болғысы келеді екен.

2- жүргізуші: Өреннің зор талабы,

                        Өмірден жол табады

                        Мақсатына лайық

                       Мамандығын алады

1-жүргізуші: Әр адамды шыңдаған

                       Мамандық бар мыңдаған

                       Бейім болып бәріне

                       Біреуі қалар ұнаған

Енді осы мамандық иелеріне сұрақ қойсақ.

2-жүргізуші:

Дәрігерге қояр сұрағымыз.Яғни ............. пен …...............:

  1. 1.      Осы мамандықты неліктен таңдадыңыз?
  2. 2.      Мамандығынызөзіңізге ұнайма?

1-жүргізуші:

Енді Тілшіге қояр сұрағымыз:

  1. 1.      Журналист болу қызық шығар
  2. 2.      Мамандықты таңдау себебіңіз?
  3. 3.      Жұмысыңыз қазіргі заман талабына сай техникамен жабдықталған ба?

1-жүргізуші:

Заңгер мырза:

  1. 1.      Заңгер мамандығын неліктен таңдадыныз?
  2. 2.      Жұмыс барысында қандай қиындықтар кездесіп отырады?

2-жүргізуші:

Мұғалімге қояр сұрағымыз.

  1. 1.      Таңдаған мамандығыңыз өзіңізге ұнайма?
  2. 2.      Шәкірттеріңізден алғыс алған сәттеріңіз болды ма?
  3. 3.      Өзіңізді бақытты ұстазбын деп айта аласыз ба?

Хор: «Ұстазым»

Жасыл шырша мерекесі

Жүргізуші: Армысыздар, жиналған халқым менің,
Жаңғырып көкке өрлесін даңқың сенің
Бүгінгі жаңа жылда көкке өрлетпек,
өрендер ұлы өнердің алтын кенін.
Кел, жаңа жыл!
Төрлет ғасыр шыңына
Қуант елді, төкші нұрлы шұғыла,
Қолтаңбаңды қалдыр мәңгі кестелеп,
Мен қосайын сені бүгін жырыма.
Келдік, міне, қуанышқа жиылып,
Жаңа күнге тұрғандаймыз сыйынып
Жаңа жылдың шыршасы тұр сіздерге
Бұтақтары тағзым етіп иіліп
Армысыздар, Жаңа жылдық мерекелік кешімізге жиналған ардақты ұстаздар және оқушылар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Санаулы уақыттан соң сіздермен бірге Жаңа 2015 жылдың табалдырығын аттағалы тұрмыз. Бұл ой елегімен өткенге көз жүгіртіп, алдағы айшықты күндерді арман етер сәт. Олай болса баршаңызды үлкен үміт артқан, асыға, аңсай күткен Жаңа жылдарыңызбен тағы да құттықтаймын!
Той тойлауда қазағымның халқы шын,
Бүгін шаттық ақ кептері қалқысын,
Жаңа жылым келер енді келбетті,
Алар әлі ел – жұртымның алғысын.
Құрметті жиналған қауым! Бүгінгі әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына арналған Жаңа жылдық мерекемізді ертеңгілігімізді ашу үшін сөз кезегі мектебіміздің білікті басшысы ................. береміз.

Өтсін солай жаңа өмірдің күндер,
Шарпымасын жүректерді мұң лебі,
Жарқылдасын жаңа жылдың оттары,
Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.

Келесі құттықтау сөз кезегін «Ел ағасыз, Тон жағасыз болмайды» дегендей ауылымыздың әкімі .................... ұсынамыз.
2014 жыл біздің елімізге, халқымызға қуаныштар мен ірі - ірі тарихи оқиғаларды сыйға тартты. Оның барін біз, әрине, көзімізбен көріп, құлағымызбен естідік. Қуандық, шаттандық. «Рахмет саған 2014 жыл»

Бүгінгі мерекеде көмейден ән ұштырмақпыз,
Өткелі тұрған жыл мен жаңа жылды табыстырмақпыз
Тұрыңыздар жақсы сөзін көңілге түйіп, міне,
Сонымен алдарыңызда жылқы жылы мен қой жылына сахнадан орын берелік

(ескі жыл өздерін таныстырып, барша қауымды құттықтап, сөз сөйлейді.)
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip - ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/

Ортамызға негізгі қонақтарымызды шақырайық! Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.

Ардақ тұтар құрметтеп ел сені
Ортаға шық Аяз Ата, Қарша қызым кел бері,
Баршаңызды қызықтырған, қуантып,
Қандай жақсы Аяз Ата, Қаршы қыздың келгені.

Бойынан шалқып тасқан, тарап ағын,
Бәріңде ұлысың, дара бәрің,
Жаңа жыл сіздерге тек құт әкелсін
Құрметті тыңдап отырған қонақтарым.

Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз таласа,
Жаңа жылда жайнаймыз
Бұлбұл құстай сайраймыз

Енді оқушыларымыздың Аяз атаға арнаған тақпақтарын тыңдайық

Ұлу жылы, жылан жылы көңілдерінде
Көп жылылық түйгендері бар,
Енді сіздер тамашалайтын билері бар.
Би «Айгөлек» Бекзат пен Динара

Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Жаңа жылда шақырады бар өмір,
Бақыт болып, жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл! – дей келе ............. орындауындағы «Домбырасыз ән қайда?» әнін қабыл алыңыздар.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Жаңа жылдық құттықтау лебізін және қорытындылау сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі .............. беріледі.
Әуеннің толқынымен араласып,
Асқақтап әсерлі үн асып - тасып,
Әсем ән әркімді де аң - таң етер.
Дүрсілін жүректердің кетер басып.

Ән: «Кел жаңа жыл» .........
Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып,
Әнімізді отырмыз саған шашып
Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен
Талай ұлыс, талай ел, талай халық

Жаңа жыл ауылдардың жарылқасын,
Қиналып әр отбасы тарылмасын.
Аяз Ата келген күні қуанғандай
Балалардан қуаныш арылмасын!
Жаңа жыл отбасыларыңызға жылдың жақсылығын әкелсін! Баршаңызға бақ – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа – бақыт пен шаттық тілейміз. Келесіде көріскенше күн нұрлы болсын!

Тәрбие сағаттың тақырыбы:  Желтоқсан жаңғыры,тәуелсіздік

Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы  бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен өмірден өткендіктерін  жете ұғындыру  оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Міндеті: Тәуелсіздік күнінің мәнін аша отырып,”Желтоқсан” қозғалысының саяси  орнын анықтау, оқушыларды  өз елін, жерін, отанын сүюуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреті, шарлар.

Жүру барысы:

Кіріспе сөз: Құрметті ұстаздар,оқушылар !Біз  бүгін дүниені дүр сілкіндірген,  тәуелсіздік   туын  ең алғаш  көтерген  әйгілі  1986 жылдың желтоқсанына  арналналған   «Тәуелсіздік  бастауы  - Желтоқсан»  атты тәрбие сағатына  қош  келдіңіздер!

Екі жарым ғасыр бойы бодандықтың бұғауынан босай алмаған қазақ халқы бұл күнге жету үшін талай қиындықтарды бастан өткерді. Бүгінгі сабақ Желтоқсан оқиғасының 27 жылдығына Қазақстан тәуелсіздігінің 22 жылдығына арналады.
27 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
Желтоқсан құрбандарының өмірбаяны мен таныс болыңыздар.

Қайрат Рысқұлбеков
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков 1966 жылы 13- наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, «Бiрлiк» ауылында дүниге келген. Қайрат Шу қаласына таяу жердегi Новотроицк (қазiргi Төле би)  селосындағы шопан балаларына арналған мектеп-интернатта оқыған. 1983 жылы Киров атындағы орта мектептi бiтiрiп, ауылында жұмысшы болып iстейдi. Ал, 1984 – 1986 жылдары әскерге барып, азаматтық борышын өтеп қайтады. 1986 жылы №33635 әскери бөлiмшесiнiң кепiлдiгiмен Алматы сәулет-құрылыс институтына оқуға түседi. Желтоқсан көтерiлiсiне қатысқаны үшiн Совицкийді өлбірдің деп жазықсыз жала жабылып, өлiм жазасына кесiледi. 1996 жылы Қайрат Рысқұлбековке елiмiздiң ең жоғары наградасы – «Халық Қаһарманы» атағы берiлдi.
Ләззат Асанова

Асанова Ләззат Алтынайқызы (27.07.70, Алматы облысы Жаркент  ауданы Айдаралы ауылында дүниеге келді.. —25.12.86  қайтыс болды , Алматы) — Желтоқсан көтерілісінің (1986) құрбаны. 1985 ж. Алматыда П.Чайковский атынд. муз. уч-щеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты. 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы

 қаласында болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф.Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық уч-ще жатақханасынан табылған да, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған. Осыған қарамастан мәйітті Алматы облысы Панфилов ауданындағы Ақжазық кентіне Ішкі істер министрлігі мен Мемл. қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған.Ләззатқа екі мәрте1996 жылы және  2004 жылы «Халық қаһарманы »атағы берілді.

 Ербол Сыпатаев Сыпатаев Ербол Мұқажанұлы (10.03.1964 ж. Алматы облысы Панфилов ауданының еңбекші ауылы -  23.12.1986 ж. Алматы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1981-1982 жылдары кеңшарда жүргізуші болып істеді. 1982-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болды. 1985 жылы Алматыдағы энергетика институтына оқуға түсті. 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. 18 желтоқсан күні ауыр жараланып ауруханаға түсіп, сонда қайтыс болды. Мәйітін ауылына Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Қазақстан тәуелсіздік алған соң ғана Сыпатаев жөніндегі шындық айтыла бастады. Ол туралы баспасөз беттерінде, Желтоқсан көтерілісіне байланысты жарық көрген жинақтар мен кітаптарда жазылды.

 Сабира Есімбекқызы Мұқанбетжанова

Сабира Есімбекқызы Мұқанбетжанова «Ел атын ер шығарады» деген. Қыз бала болса да ерге лайық қайрат көрсетіп, он алты жасында қыршын кеткен Сәбира Мұхамеджанованың есімі ел жадында.

Мұғалім:Құрметті  оқушылар!   Дүниені дүр сілкіндірген,

16 – желтоқсан. Бұл ерлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді. Радиодан төтенше хабардың белгісі берілді. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Дінмұхамед Ахметұлы  Қонаевтың зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Генадий Васильевич  Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды.

 Асығыс өткен пленум шешімі дүйім Қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті.

Тақырыбы: ЖИТС –ғасыр дерті.
Сабақтың мақсаты:
Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын - алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке,
инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: газет - журнал деректері, пікірталас, мақал - мәтелдер.
Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Түгелдеу.
Кіріспе сөз:
Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір - түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде - бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын - алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн. 
Сондықтан осы ауру туралы ..... сынып оқушылары сіздерге мәлімдеп береді.
СПИД вирусының қай жылы кім ашқаны туралы.
СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ - 1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан - жақты тексеріп жариялады.
..................: СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді?
Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды. Осының әсерінен клетка жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып, өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің - күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД - ті тарата береді.
...................: СПИД құрбаны (монолог).
- Уа, жаратылыс! Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі! Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай, арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт!
Өзімнен өзім сыр таптым,
Өле алмай жүрген сырқатпын.
Шіріген картоп сияқты,
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Шарабым да тұр ішпеген.
Ұйықтайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.
(Тіршіліктен теперіш көрген жас жігіт егіліп жылап тұр.)
- Мен жағдайы әжептәуір отбасында дүниеге келдім. Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ. Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім. ір сөзбен айтқанда, өте ерке болып өстім. әке - шешем бар дегенімді жасады. анда - санда әкем мен тентек болған кезде, айқайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай, жалғыз балада нең бар?»- деп ара түсетін.
(Сонау балалық шағы есіне түскен жігіт жүзін қимастық сағыныш басып біраз үнсіз қалды.)
Әлпештеп алды анам алдымнан шығы,
Қасымнан кетпес қиғаш қадам шығып.
Ата - ана перуана боп перзенті үшін,
Күн кешер көрсетпе деп жаманшылық.
Ардақтап ата - анаңды сол секілді,
Қынжылтпай қызмет көрсет адамшылық.
Түседі еске кей кез бала кезім,
Бала кезім... кетуші ем дала кезіп.
Ақ қайынға шайқалған қараушы едім,
Қараушы еді мөлдіреген қара көзім.
- Иә, ата - анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті. Жетінші сыныпқа жеткенше екі - үш мектепке ауысып үлгердім. Неге дейсіз ғой. Тәртіпсіздігім үшін. Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді. Олардың да мен секілді ұлы бар екен. Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей, екеуміздің жұбымыз жазылмайтын болды. Оның менен айырмашылығы наша «деген» пәленің дәмін ерте татқан екен. Енді мен де шеге бастадым. Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егерде білген болсам тіріде жолаймын ба?!
Тамырын умен суарып,
Денсаулық деген егістің,
Шірітіп апсың біразын,
Ғаламат қымбат жемістің.
Инемен таза денеңді,
Тесуге неге келісті?
Көк түтінмен уланып,
Ащы суды неге іштің?
Төсекке асыл азамат,
Ауру аеңдеп құлайсың.
Дәрігерлерді мазалап,
Не үшін енді жылайсың?
(Денесін сырқат сыздатқан жас жігіт жасаураған жанарын төмен салып, сөйлеп кетті.)
- Содан арада екі - үш жыл өтті. Бұл кезде мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім. Өзім секілді достарым да көбейді. Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды. Не құдіреті барын, сол инені көрсем аузымнан суым шығып, есім кететінБұл кезде әкем автомобиль апатынан қайтыс болды. Жалғыз анамның жиған - тергені есірткінің айырбасына кетті. Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім. Бірде қатты салқын тиіп ауруғанаға түстім. Дәрігерлер менің СПИД - пен ауыратынымды анықтапты. Төрт - бес жыл білмей жүріппін.
Таусылмақ дәм. Бітпек өмір - өзенім.
Менің - дағы жетті кетер кезеңім.
Оны көптен тарқамаған қайғы мен
Жүрегімнің мұң көзінен сеземін.
«Өлермін» - деп күңіренем, күйзелем,
Мені есірткі найзасымен түйреген.
Өз әлімше арман - көлде жүзе алмай,
Қанатымнан жараланған күйде мен.
- Соңғы кезде өмір - тірлік, табиғат, жаратылыс туралы көп ойланатын болдым. О, жаратылыс! Жарық дүние! Кеш мені! Шынында да адам өмірі ғажап екен ғой. Бір - ақ өмір! Осы бір - ақ рет берілген өмірінде қартайғанша жүріп, о дүниеге аттансаң арманың бар ма? Бұған кім кінәлі? Балалық па, шалалық па, әлде еркелік пе? Қазір ғой ішім жидіп күйіп кетеді, өкініштің улы запыраны бүкіл денемді қалтыратады. Бәрі кеш енді.
О, Жаратқан!
Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан! Сендер естисіңдер ме, мына менің зарымды? Айтыңдаршы, құтқаратын күш бар ма, мына мендей бейбақты.
(Мұңлы ащы әуен ойналады.)
Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,
Құрбанымын СПИД деген кеселдің.
Ақтамай - ақ кетіп барам арманың,
«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.
Кім кінәлі, аялаған анам ба?
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?
Тек қана өзім кінәлімін сол үшін
Улы дерттің құрбаны мен болам да.
Жас жеткіншек!
Өздеріңе өлер кезде айтып кету борышым,
Ауырсаңдар бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
Құтқаратын күш жоқ, онда әлсіз тірі өліксің,
Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!
Азалы да ащы әуен қайта ойнады. Жан төзгісіз азапқа түскен жас бейбақ аласұра дөңбекшіп, жерге құлайды. Бұл оның ақтық сөзі еді.
.................: ВИЧ, қазақша АИТВ - адамдағы иммунитет тапшылығы вирусы, жұқтырғандар және СПИД – пен ауыратындар саны өте жылдам көбеюде. Тіпті бұл дерт балалар өміріне де балта шабуда.
...............: Олардың арасында ауру жұқтырғандарды былай қойғанда СПИД - тен қайтыс болған ата - аналардың жетім қалған 15 жасқа дейінгі ұл - қыздарының саны 9 млн - ға жеткен.

.........: Еліміздегі ВИЧ жұқтырған азаматтардың саны 900 - ге жетті. Оның ішінде СПИД - пен ауыратындар саны - 25. тек Алматыда ВИЧ жұқтырғандар саны - 38.
.........: СПИД ауруын тудыратын вирус - ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ананың құрсағында жатқан кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін қан арқылы, емізгенде жұғады.

Денсаулығыңды ойласаң (лото)
Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте заманнан бері айтылып, ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу - маржандай асыл да, даналы сөздері бар. Осынау ғибратты сөздер адамзат баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан - жақты қамтыған. Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ. Азабын арқалатып діңкесіне тиген жаман әдеттен құтыла алмай, амалсыз көніп, медет, көмек тілеп алдына келген науқасқа дәрігердің тауып айтқан бір жылы сөзі тамаша қуат береді.
Иә, мақал - мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті емші де.
Карточкалар үлестіріледі. (мақал - мәтелдердің екінші бір бөлігі жазылған).
Қорытынды: ТЕСТ
1. СПИД жұқпалы ма?
а) Иә
ә) Жоқ
2. СПИД вирусын не дейміз?
а) Кох талшығы
ә) Айде
б) А вирусы
3. Қай жылы СПИД вирусы ашылды?
а) 1983
ә) 1985
б) 1956
в) 1988
4. Ауру белгілері бірден біліне ме?
а) иә
б) жоқ
5. СПИД қандай жолдармен таратылады?
а) жыныстық жолдар арқылы
ә) қан арқылы
б) тағам арқылы
в) насекомдар арқылы
г) кір қол арқылы.
6. Қай континетте адамдар СПИД - пен ауырғанын білмеген?
а) Африка
ә) Азия
б) Америка
г) Австралия
7. Қазақстанда СПИД - пен ауыратын адамдар кімдер?
а) жастар
ә) балалар
в) үлкен адамдар
8. СПИД - ті қандай жағдайда дұқтыруы мүмкін.
а) норкомания
ә) әңгіме кезінде
в) темекі шегу
г) жезөкшелік
9. Дүниежүзілік СПИД - пен күрес күні?
а) 1 қазан
ә) 1 желтоқсан
б) 1 қаңтар
10 Қай ел СПИД - пен ауырған адамдарды басқа аралға апарып тастайды, оларға жағдай жасайды?
а) Жапония
ә) Канада
б) Қытай
в) Куба

Қорытынды:
СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема ол тек медициналық қана емес, әлеуметтік проблема. Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының 4 басылымында барша жастарды салауатты өмір салтына шақырды.

Тақырыбы: «Ел ертеңін ойлаған елбасы»
Мақсаты: 1.қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев

Тұманбай Молдағалиев «Есіл ер»
1-оқушы:
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың, 
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері, 
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
2-оқушы:
Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр, 
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр, 
Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа, 
Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.
3-оқушы:
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен, 
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз, 
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
4-оқушы:
Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге, 
Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде.
Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға, 
Саған сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің бетінде...
Ән: «Жан аға»
5-оқушы:
Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.

Бірінші қатарда солдан оңға қарай інісі- Сатыпалды, апасы Әнипа. Екінші қатарда Нұрсұлтан Назарбаев, анасы- Әлжан, әкесі-Әбіш. Үшінші қатарда ағасы - Болат Назарбаев, нағашы апасы.
6-оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
7-оқушы:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
8-оқушы:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
9-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
10-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
11-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
12-оқушы:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
13-оқушы: Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр
14-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды, 
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
(Әнұран айтылады)
Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)

СУИЦИД
Жобаның мақсаты -   1 Жастар арасындағы суицидттын алдын алу;
                                     2 Жастар арасында суицидттын көрсеткішін азайту
                                     3 Жастардың бойында өзіне деген сенімінкөшбасшылық қасиетін арттыру;

Жоба міндеттері:
- осы жобаның мақсатына жетуіміз ушін ең алдымен мамандармен байланысуым қажет(психолог, полиция бөлімшесі, дәрігерлер);
- веб- сайт құру;
-  мектептердің басшыларынан келісімсөз алып жобаны таныстыру;
-  мектептерде 5-11 сыныптар аралығында дөңгелек үстел өткізу;
- тоқсанғы ата - аналар жиналысында брошюралар тарату;
-  СУИЦИДке байланысты бейне-ролик түсіру;
Күтетін нәтиже - СУИЦИДты тамырымен жоймағанмен аз да болса көрсеткішін азайту

Жыл сайын 10 – 20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жуығы жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда көрші мемлекеттер Ресей мен Қытай және Қазақстанды айтуға болады.
Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан елдегі азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрын деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған.
Әлемде жыл сайын бір миллиондай адам өзін - өзі өлтіреді. Бір миллион адамның 8 мыңы Қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әрбір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді. Бір өкініштісі, суицид жасаушы еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері.
Өз - өзіне қол жұмсаудың тәсілдері:
1. Дәрі - дәрмекпен улану
2. Химиялық затпен улану
3. Өз тамырын кесу, асылып өлу
Суицид жағдайына бейім тұлғаның мінез-құлықтық ерекшеліктері:
Өзін өлтіру туралы табанды немесе қайталанған ойлар;
Жабығулы көңіл күй, асқа тәбеттің және өмірлік белсенділігінің жиі жоғалуы, ұйқысының қашуы;
Көп жағдайда есірткі немесе спирттік ішімдікке тәуелді болуы;
Оқшаулануы, өзін ешкімге керегі жоқ сезінуі;
Үмітсіздік, дәрменсіздік сезімі. Осы уақытта өзіне - өзі қол жұмсау тілегі алғашқы, күшті сезімі болуы мүмкін.
Еш үмітсіз сезімнен және өзін өлтіру туралы ойының әсерінен басқа адамдармен қарым - қатынас жасай білмеуі;

Жеткіншектің өзіне - өзі қол жұмсауының себептері:
Депрессиялық көңіл күй. Жеткіншектің жанының жараланғыштығы, психикалық ауруларға шалдығуы да әсерін тигізеді.
Отбасындағы шиленіскен қарым - қатынастар әсерін тигізеді;
Оқудағы қиындықтар (мұғаліммен ортақ тіл табыса алмауы да әсерін тигізеді);
Ол әдетте сәтсіздіктің белгісі, басқа адамдармен қарым - қатынасындағы сәтсіздіктер, жақын адамынан айырылу;
Қоғамдық орындардағы эмоционалдық, психикалық көңіл күйге назар аудармай, ауыр дөрекі сөздермен кемсіту, ар - ождан, намысқа тию;
Дене бітімінде физиологиялық кемшіліктер (адамның өзіне - өзі қанағаттанбауы).

Жасөспірімдердің өз - өзіне қол жұмсауы жөніндегі мәселе бойынша ата - аналарға кеңес беру

1. Отбасы арасындағы ұрыс - керіске балаларды араластырмау
2. Өз балаларыңызға өмірге деген талпынысын, мақсатын құруға көмектесу
3. Қиыншылықтарды жеңуге көмектесу
4. Жасөспірімдердің талпынысына, өмірді бастауына қолғабыс тигізу
5. Ешқандай жағдайда, қол күшін пайдаланып жаза қолданбаңыз
6. Өз балаларыңызды жақсы көріп, көбірек көңіл бөліңіз.
7. Баланың құқығы мен міндетін дұрыс құрастырыңыз: үйде, мектепте, көшеде. Бұл жерде тек қатыгездік емес, түсіністік керек.
8. Егер балаңыз тату, түсіністікте өмір сүрсін десеңіз, оның кемшіліктерін бетіне айта бермеңіз, кіналамаңыз.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары туралы

          Бұл тек адамдарға ғана тән әрекет. Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады, сонымен қатар психикалық аурулармен, көңіл күй бұзылыстарымен, әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді.

 Статистика:

       Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталғаны: тұтастай алғанда көп жағдайларда жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы, парықсыздық, арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімнен, өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады. Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалған болар еді...

 Жыл мезгілі

          Өзіне-өзі қол жұмсау көбінесе көктемде, яғни адамның бас қайғысы табиғаттың гүлденуімен сәйкеспеген мезгілде, болады. Қыстың күңгір бояуы қандай да бір шамада ішкі жан дүниесінің күйзелісімен үйлесімін табады, ал керісінше көктемнің шуақты күндеріне сәйкес келмей қарама-қайшылық туындайды.

           Суицидтік әрекетті болдырмау

·        психологиялық  қозу күшін бәсеңдету;

·        суицидтік әрекетке итермелеген себепке психологиялық байлану дәрежесін азайту;

·        әрекетті алмастыру механизмдерін қалыптастыру;

·        өмір мен өлім туралы нақты, шынайы қатынас қалыптастыру

 Түзету

         Стресті бағындыра білудің әлеуметтік білік және дағдыларына үйрету. Жасөспірімдерге отбасы, мектеп, достары және т.с.с. қатыстыра отырып, әлеуметтік қолдау көрсету. Мәселелерді шешуге көмектесетін әлеуметтік-психологиялық тренингтер, өзін бағалауын көтеретін, өз тұлғасына шынайы қатынас, эмпатияны дамытатын топтық психокоррекциялық сабақтар ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар өзін ұстай білу дағдыларын дамытуға арналған тренингтерге негізделген табысқа жету мотивациясын жетілдіретін психологиялық коррекция шаралары да нәтиже беруге тиіс.

 Сенім телефоны 54-76-03, тәулік бойы, тегін, анонимдік түрде жұмыс істейді.

 Суицидтік қауіп кезінде психиатрлар немесе клиникалық психологтардың көмегіне жүгінбей кетуге болмайды. Жедел психиатриялық көмек телефоны 54-76-23. Бұл мамандар өздерінің білімі, білігі және психотерапиялық ықпалы арқасында адамның құпиялы сезімдерін,  қажеттіліктерін және күтілетін тілектерін түсіне білетін керемет қабілеттерге ие.

 Кейде суицидке бейім адамдарға көмектің жалғыз таңдамалы жолы ретінде егер жағдай тым қиын болса психиатриялық ауруханаға емделуге жатқызу болып табылады. Кешіктіру қауіпті болуы мүмкін; ауруханаға жатқызу ауру адамға да, оның отбасына да жеңілдік беруі мүмкін.

Сабақтың тақырыбы: «Сәлем – ізгі тілек, ақ ниет»

Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларды ізеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу.
- Оқушылардың сыйластық қарым - қатынас дағдыларын дамыу.
- Оқушыларды үлкендермен амандасуға, бір - бірімен сәлемдесуге, бір - біріне ізет, сый - құрмет көрсете білуге үйрету
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, жүрекшелер, шарлар, көңіл - күй топтамасы
Сабақтың әдістері: баяндау, топтау, жағдаяттарды талдау, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің сөзі
. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің хадис шарифтерінде: «Бір - біріңмен сәлемдесіп жүріңдер, сонда ғана араларыңда мейірім - махаббат оянады», «өзіңе кезіккен жасы үлкендерге сәлем беріп, амандас. Оны тану - танымауың шарт емес. Ол достықты арттырады әрі адамдығыңды анықтайды», «Сәлем – Алланың жердегі есімдерінің бірі» дейді. Екі топқа бөлу
II. 1) Ой қозғау сұрақтары.(1 - топқа )
1. Өзің қалай амандасасың?
2. Кішіге бірінші болып амандасасың ба?
3. Ұстаз болсаң ең алдымен неден бастар едің?
4. Досың сәлем бермей қалса өкпелейсің бе?
5. Өзіңе бірінші сәлем беруді қалайсың ба?
6. Мұғалімдерге қалай амандасасың?
7. Жылы шыраймен амандасуға қалайсың?
8. Тыржиып, естір - естімес міңгірлеп, ернін жыбырлата салып амандасу туралы не ойлайсың?
2 - топқа
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы - дейді
1. Ұстаз алдында шәкірт қалай болуы керек?
2. Атамыз оқыған кезде оқушылар қандай болған?
3. Қазіргі оқушылар ата - анасын, ұстаздарын сыйлай ма?
4. Сізді оқушылардың қандай мәселесі алаңдатады?
5. Ар, намыс, ұят ұғымдары туралы не айтасыз?
III. Назар аударайық Оқушылар Абайдың «отыз тоғызыншы сөзінен» алынған үзіндіні үнтаспадан тыңдап өз әсерлерін айту.
IV. Дода
Оқушылар мен Мұғалімдер арасындағы қарым - қатынас қандай?
Сұрақты қою арқылы оқушылардың ойын тыңдау.
V. Жағдаяаттарды талдау
- Оқушы сыныпқа кіре берген мұғалімді көріп, оған былай деді:»Сіздің қатты шаршағаныңыз көрініп тұр»
Мұны мұғалім қалай қабылдау керек?
- Мұғалімнің жасаған ескертуіне оқушы былай деді: “Бұл пән болашақта маған ешқандай қатысы жоқ” мұғалім қалай жауап беруі қажет?
- Оқушы мұғалімге былай деді “Мен тағы да дәптерімді әкелуді ұмытып кеттім” Мұны мұғалім қалай қабылдауы керек?
VI. Қортынды жасау
«Сәлем түзелмей,
Әлем түзелмейді» деген нақыл сөзбен түйінді ой айту.
«Сөздің саласын табу қиын емес, Анасын табу қиын» деген екен жыр алыбы Жамбыл атамыз. Олай болса, сөз анасы да осы – сәлемдесу болса керек.
Қамшының сабындай қысқа ғұмырда «сіз - біздеріңіз» бұзылмай, сәлемдеріңіз түзу болсын.

«Мен және менің құқығым»

Мақсаты:
1) адамзаттың басты құндылықтарын айыра білу;
2) дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, заң, құқық, міндет, борыш сияқты сөздердің мағынасын ашу;
3) оқушыларды жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Барысы.
1. Кіріспе.
Қысқаша шолу. «Бүгін сабақта»
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.
ҚР Конституциясы.
Өмір, денсаулық, бостандық.
2. «Қызықты сұрақтар» ойыны (сұрақтарға жауап береді)
а) Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?
ә) Партада кіммен отырдың?
б) Білім туралы мақал айт.
в) 1- қыркүйекті неге Білім күні деп атаймыз?
г) Қыркүйек айы қай мезгілге жатады?
3. «Бәріміз бірге!» ойыны (қойылған сұрақтарға барлық оқушы хормен жауап береді)
а) Біздің мемлекет – ҚР.
ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
б) Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба.
в) Елорда – Астана.
г) ҚР кім басқарады? – Президент.
Мұғалім:
Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет. Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретіп, патриоттық тәрбие береді.
Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді:отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті:мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.
Көрініс: « Сыныптағы оқиға»
«Біз неге құқылымыз?» сұрақ-жауап ойыны.
1. Құқық деген не?
- Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы.
2. Құқық немен қорғалады?
- Заңмен қорғалады.
3. Адам құқығының қорғалуы қай елде бастау алған? 1789жылы. Францияда.
4. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?(БҰҰ. )
5. БҰҰ-ның мақсаты не?
- Әлемде бейбітшілікті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау.
6. Қазақстан БҰұ-на қашан мүше болды?
- 1992жылы. 2-наурыз.
7. БҰҰ адам құқығына байланысты қандай халықаралық шарттар қабылдады?
- Бала құқығы туралы конвенция.
8. Бала болып кімдер саналады?
- 18 жасқа толмағандар бала болып саналады.
9. Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?
- 1995жылы Нью-Йорк қаласында 156 мемлекет болып қол қойды.
10. Деклараци деген не?
- Үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның аса маңызды мәселесі.
11. Құқық туралы заңдарды қандай орган шығарады?
- Парламент шығарады.
12. Адам құқығы қандай жағдайда бұзылады?
- Соғысып жатқан елдерде.
13. Адам құқығы жат елдерде жүрсе қалай қорғалады?
- «Әр адамның құқығы қайда жүрсе де заңмен қорғалады» деп Декларацияның 6-бабында айтылған.
«Қызықты сұрақтар»
а) Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?
ә) Партада кіммен отырдың?
б) Білім туралы мақал айт.
в) 1- қыркүйекті неге Білім күні деп атаймыз?
г) Қыркүйек айы қай мезгілге жатады?
«Бәріміз бірге!»
а) Біздің мемлекет – ҚР.
ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
б) Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба.
в) Елорда – Астана.
г) ҚР кім басқарады? – Президент.
Пікірталас.
- Адамға не қымбат? – Өмір
15 бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
16 бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
29 бап. 1. ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға құқылы.
ІІІ. Қорытынды
Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармау керек. Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы». Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».

«Темекіні тартпаған денсаулықты сақтаған»

Сабақтың тақырыбы: "Темекінің адам ағзасына зияны".

 Сабақтың мақсаты:

1.  Оқытып үйрету: оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда, алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру.

2 Тәрбиелік мақсаты: маскүнемдіктің, нашақорлықтың зардаптары. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін жете түсіндіру.

3. Дамыта оқыту: темекінің зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілер мен түрлі түсті диафильмдер арқылы көз жеткізу.

Сабақтың көрнекілігі: 1. Жасөспірімдерге арналған ереже.

2.    Темекіден болатын аурулар.

3.    "Темекінің адам ағзасына зияны" тақырыпта түсірілген диапозитивтер.

4.    Темекі тартуға қарсы ұйымдастырылған сурет көрмесі.

5.    Ұлы адамдар сөзінен цитаттар.

6.    Тақырыптарға байланысты суреттер.

7.    1974 жылы Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекі тартумен күрестің тұтас жүйесін жасаған, соның шарттары.

Сабақтың түрі: пікірталас

  І-жүргізуші. Кіріспе.

Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған " Қазақстан -2030" бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:

1   - бағыт. "Темекі шегуді тоқтату";

2   - бағыт. "Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес";

3   -бағыт. "Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес".
Бағдарламада былай делінген:

"Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді". Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жүргізудің алкоголь мен темекіге салық салудан бастап, бірнеше сабағын ұсынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуіміз керек".

Сұрақ. Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы басталды?

Жауап. Темекі тарту ХҮ ғасырда 1496 жылы басталды. Алғаш темекі дәрі ретінде Испанияда бастады.

Сұрақ. Темекі тарту туралы кітап көп дегенімен, темекі туралы ең алғашқы кітапты айтсаңыз.

-Темекі тарту әдеті жайлы ең алғашқы кітапты Эрпандесу де Овьеда жазды. Ол Америка тұрғындарының адамгершілігі мен әдет ғұрыптары деп аталады. Онда қысқаша былай делінген. "Расанолла" аралында тұратын халықтың тым зиянды әдет-ғұрыптары, олар қасиеті жағынан меңдіуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танаулары арқылы ішіне тартып мас болады. Онысы "тобоко" деп аталады.

Жүргізуші.  Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде.

-Адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің темекі тартуының себептері мыналарға байланысты:

а)  топқа еліктеу, яғни, темекі тартпайтын жас қыз немесе бала топқа қосылу үшін солардың ыңғайына көніп, жаман өдетін бойына сіңіргісі келеді;

б)  жеке ұнатқан адамына еліктеу бұл жерде темекі тартпайтын жас қыз немесе бала ұнатқан адамының жаман қасиеттерін бағаламауынан темекі тартуды өзі де бастауы мүмкін;

в)   ересек болуға тырысу;

г)   өмірдегінін бәрін байқап көруге тырысу;

д)  ата-аналардың дұрыс тәрбие бермеуі мектеп жасындағы жасөспірімдердің көпшілігі темекінің зиянын білмегендігінен тартады.

Көрініс (Бала столда сабақ оқып отырады, әкесі келеді).

Әкесі: Ә-ә-ә, балам қалай сабақ оқып отырсың ба?

Дұр-ы-ы-ы-с Қалай сабағың жақсы ма?

Бала: Жақсы ғой папа, бірақ сені мұгалім мектепке келсін деді.

Әкесі: Немене? Тағы бір нәрсе бүлдірдің бе? Кәне әкелші күнделігіңді (күнделікті алып оқиды) балаңыздың тәртібі нашар, мектепке келіп кетіңіз. Сынып жетекшісі

- Әй, сенде бір жағымсыз иіс бар ғой, темекінің иісі шығады ғой.

Бала: Жо-қ папа, өзіңнен шығып тұрған шығар. Өзің тартқан шығарсың.

Әкесі: Көп сөзді қой, кәне тұр былай, (қалтасын ақтарып темекі, сіріңке шығарады).

Міне кере-е-е-мет. Сен енді темекі тарта бастағансың ба?

Бала: Жо-о-оқ папа, мамам салып қойған шығар.

Әкесі: Мен саған салғанды, тартқанды көрсетейін (белбеумен ұра бастайды).

Бала: Ұрмашы папа, ұрмашы ой-ой!

Мамасы: жүгіріп келеді. Әй-әй не болып қалды (баласын арашалап қорғап қушақтай бастайды).

Әкесі: Андағы ақмақтан сұра, не істеп жүргенін, енді темекі тартуды бастаған.

Шешесі: Балам-ау не дейді. Қашан тарттың, кім үйретіп жүр?

Бала: Көршінің баласы тартып жүр ғой, сол жақсы деген соң, сендер жұмысқа кеткенде тартып көргем.

Шешесі: Ә-ә-ә күнім сол, тартып көрген екен ғой (басынан сипайды).

Бала: Мама, алғаш аузым мен танауымды ашытты, түтінін будақтата шығардым.

Шешесі: Күнім сол, будақтата шығарады.

Бала: сөйтіп тағы сордым, сол кезде басым айналып кетті, түрімді көрейін деп айнаға қарай бергенімде, аяғым тәлтіректей бөлме іші шыр көбелек айналып кетті.

Шешесі: Әбден қиналған екен ғой шырағым.

Бала: Аяғымды әбден басып айнаға қарасам өзімді өзім танымай қалдым. Мама, көзім қасқырдың көзіндей алайып кетіпті.

Әкесі (балаға тағы ұмтылып): Сонда неге өле қалмаган екенсің.

Шешесі: Қой, қой деймін (Баласын қорғайды).

   Бала: Мама, сосын әрең дегенде диванға отырдым. Жүрегім айнып, құсқым келеді, тұла бойым әлсіреп, демім бітіп, тұншығып кеттім.

   Әкесі: Енді неғып тартып жүрсің.

Бала: Мама сосын диванға құлап ұйықтап қалыппын.

Әкесі: көрдің бе, мұның  істеп жүргенін (тағы да ұра бастайды, енді неғып тартасың).

Бала (шешесіне қарап): Мама папам да тартады, тартса не болады. Қазір менің бұрынғыдай құсқым келмейді, басым айналмайды, көршінің баласы екеуміз күнде тартып жүрміз. Қазір мен одан да жақсы тартамын.

Әкесі: Ойбай-ой мектебіне, сыныбына, жетекішсіне не дейміз.

Шешесі: Тартпайды дей сал.

Жүргізуші: өздеріңіз көріп отырған сахналық көрінісінен темекі тартудың басты себептері, еліктеу, ересек болуға тырысу, өмірдегінің бәрін байқап көруге тырысу, әке-шешенің дұрыс тәрбие бермеуі, ең бастысы жаңағы Ерболдың темекінің зиянын білмеуінен екеніне көзіміз жетті. Ендеше, осыған байланысты мынандай сұрақ түсті.

Ербол темекіні алғаш тартқанда өте ауыр жағдайда болды, бұл ненің өсері? Бұл сұрақ дәрігерге арналыпты.

Дәрігер. - Ерболдың алғашқы күйі темекі тартудың бірінші фазасы деп аталады. Ербол алғаш тартқанда темекінің улы заты никотинімен уланады. Никотиннің темекіде болатын түсі сары сұйық зат. Суға және майға тез ериді, теріге тез сіңеді. Оны ауыл шаруашылығында зиянды жәндіктерді өлтіруге пайдаланады. Никотин нерв жүйесінің жансызданып қалуына әсер етеді. Никотин адамға өте қауіпті. Онымен уланғанда көз қарауытып, тамыр қысымы күшейеді, құсады, бұл кезең темекі тартудың бірінші фазасы.

Сұрақ . Әкесі келген кезде Ербол сіз айтқандай емес, ешнәрсе болмағандай айтады, ал соның алдында ғана темекі тартқан, тіпті қазір менің бұрынғыдай басым ауырмайды, құсқым келмейді деді ғой, осының себебі туралы не айтар едіңіз.

Дәрігер. Ол кезең темекі тартудың екінші фазасы. Ерболдың организмі никотинге біршама дағдыланды, біртіндеп оған деген құштарлықты арттырады, тартқысы келіп тұратыны содан.

Жауап. Баланың бойында темекіге деген жиіркенішті ояту керек. Темекі тартатындар ересек, дербес, қажырлы адамдар емес, керісінше олардың ерік жігері мен өзін-өзі ұстауы толық жетілмеген адамдар екенін білу. Олардың көбі темекінің зиянын біледі, бірақ оны қоюға ерік жігері жетіспейді. Темекі тарту адам баласының үлкен кемшілігі.

Жүргізуші. Енді темекі тартудың спортқа қандай әсері бар екен, бұл сүраққа спорт маманы жауап береді.

Спорт маманы. - Темекі тартатын жас спортта үлкен табысқа жете алмайды. Никотин бойдағы қажыр-қайрат пен бұлшық еттің ширақтығын, қозғалыс сәйкестігін, шапшандықты, төзімділікті төмендетеді. Сондықтан темекі тарту жүзумен, бокспен, жүгірушіге, конькимен, шаңғымен шұғылданушыларға зиянын тигізеді.

Қорытынды. - Міне, балалар біздің темекінің зиянын білуімізге арналған уақытымыз таяу қалды, өздерінде байқап отырған боларсындар, темекі тартуға әуестенген мектеп жасындағы балалардың оқу үлгерімі төмен, алаңғасар болады. Темекідегі улы зат никотин нерв жүйесінін реттілігін бұзады. Сондықтан да темекіге әуестенген мектеп жасындағы балалар сабаққа көңіл бөлмейді. Улы газ баланың жұмыс, қабілетін төмендетеді. Темекіні тастап кету адамның өзіне байланысты.

Бұл қазақ халқы үшін үлкен қасірет болып отыр. Сондықтан қазір Егемендік алып, өз алдымызға шаңырақ тігіп, дамыған елдер Испан, Американ, Ағылшын елдерінің қатарына жетуіміз үшін темекімен үздіксіз күрес жүргізуіміз керек.

- Біз, 10 сынып оқушылары, осы конференциядан алған әсерімізді жинақтап келіп былай деп міндеттеме қабылдадық.

1. сынып оқушылары жасөспірімге темекінің зиянын үнемі түсіндіріп отырамыз.

2. Темекі тарту біздің ата-салтымызда болмаған, ал оны қазіргі кездегі шегушілер біздің халқымызға зияндық жасап отырғанын насихаттаймыз.

Тәрбие сағатының тақырыбы:  Отбасы – ұлағат ұясы

Мақсаты: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз

отбасындағы ата – ана тәрбиесі, өнегесі және ата – ана баланың

ұстазы екенін түсіндіру. Оқушылардың ата – ананы, үлкенді

сыйлау туралы ой – өрісін дамыту. Ата – ана мен бала

арасындағы ынтымақтастықты нығайту, татулыққа, бірлікке

шақыру.

Көрнекілік: слайд, нақыл сөздер, даналық сөздер.

Кіріспе сөз

Мұғалім:

Онда әкем – анам тұрады,

Ата – әже бауырым.

Бәрі бірге қосылып,

Бір ұғымды құрады.

Отбасы

Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта, бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.

Халық «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға бейім болатыны баршамызға аян.

Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.

Ұлы ғалым, философ Әбунасыр әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Бұдан шығатын қорытынды: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ой, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек.

1 –жүргізуші

Анаң – күнің жүрегің

Әкең – өмір тірегің

Әжең – асыл ардағың

Атаң – дана қорғаның

Ағаң – қамқор асқарың

Інің – мөлдір аспаның – дегендей «Отбасы – ұлағат ұясы» тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

2 – жүргізуші

Отбасы шағын мемлекет. Ол тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.

Ән: «Жанұя»

Орындайтын: ......................

1 – жүргізуші

Әке мен ана шаңырақтың тірегі. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2030 бағдарламасындағы негізгі бағыттарының бірі отбасы болып саналады. Отбасы адам баласының өсіп – өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі.

2 – жүргізуші

Әке – асқар тау, ана – бұлақ, бала – жағасында өскен құрақ; Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі деген, олай болса осы тақырыптағы мақал – мәтелдерге кезек берейік.

Бала тәрбиесі бесіктен

Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік

Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

Құс балапан үшін тұзаққа түседі, адам баласы үшін азапқа түседі

Ата – бәйтерек, бала – жапырақ

Жақсы әке жаман балаға қырық жыл ризық

1 – жүргізуші

Мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен сабырлылық сияқты асыл қасиеттерді бойына жинаған ардақты әкелер мен аяулы аналар өмірдегі жақсылық атаулы сіздердің есімдеріңізбен байланысты. Сіздер әр шаңырақтың шаттығы мен шуағысыздар.

Ана мен әке

Оқитын автор, ....................

2 – жүргізуші

Бала, бала, бала деп

Түнде шошып, оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аяғынан тік тұрғызатын да ана, олай болса экранға назар аударайық.

1 – жүргізуші

Үйдегі алтын қазық кім? — депті қарт.
— Ата, үйдегі алтын қазық бала, — депті жігіт.
— Жоқ балам үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға – үлгі, әке тәрбиесі ұлға – үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі — көзінде, ықыласы – көңілінде, ақылы сөзінде, — депті қарт.

Би: Қаражорға

Бишілер ....................................................

2 – жүргізуші

Жігітке:
– Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? – депті қарт.
– Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін – мейірімді әке, — депті жігіт.
– Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін – сол ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды. Ана – үйдегі – бақ, әке отырған – тақ. Ана ақылды болса, үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы, — депті қарт.

1 – жүргізуші

Бала үшін әкенің орны бөлек. Әке деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы – осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы.Әке отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы.Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы.

Көмегімен біздерді мәпелеген,
Ардақты жан өмірде әке деген.
Бақыттымын өмірде әкем барда,
Сол бастаушым – биікке жетелеген.
Асқар тауым аман жүр, аяулы әкем,
Жақсы өнеге бердіңіз мақтан етем.
Кіп-кішкентай жүрегім сендіреді,
Мен өзіңді, әкетай, бақытты етем!

Ән «Әке»

Орындайтын:..........................................

Мұғалім:

Ана – жарық сыйлаған жан екенсің
Әке – шуақ шашатын таң екенсің
Ана – өмір, әке – бақыт, ана – жүрек
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің

Тренинг «Менің отбасым» (отбасын гүл ретінде қағаз бетіне суреттеу) және отбасына арналған тілектер айтылады.

Денсаулық – зор  байлық
Мақсаты:
денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру. Жас ұрпаққа “ Қазақстан – 2030” бағдарламасының  басты  міндеттерінің  бірі – салауатты өмір салтын  қалыптастыру туралы  насихаттау, адам  денсаулығының  қымбаттылығын,  өмір  сүру  үшін қажеттілігін,  бағалы байлық  екендігін  түсіндіру;
Сабақтың  түрі:  әңгімелесу
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру,  венндиагрмма т.б.
Сабақтың көрнекілігі:  Мультимедиа, көріністер , жұмбақтар                    

Сабақтың барысы:
Гүл ұстаған балалар шеңберге отырады, бір-біріне жылы лебіздер айтып, денсаулық тілеп,гүл ұсынады. « Тілек шоғы» болады.
Егер қараңғы үйге келіп, шам жақсақ, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүл ішінде бір ақ гүл өсіп тұрса,көзіміз соған түседі.  Күн планетасы жер бетіне сәулесін шашып, жылытады, жарық қылады .   рас  па ?
Дәл осы күн сияқты, ақ гүл, жарық шам сияқты мына сөйлем ішінде бір тамаша сәулесін шашып, маңайын нұрландырып тұрған сөз бар ма ?
–       Ал енді мысалдарға көңіл аударайық:

 Байлық--- ақша

------------ машина

------------ денсаулық

Ең үлкен байлығымыз – денсаулық.

Адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?

1. Екі бала қатар тұрса да, бірін-бірі көрмейді (көз)

2. Өзі кірді ашады, суға салса қашады (сабын)

3. Аузы бүрмелі қызыл қалта, ішінде 32 малта (тіс(

4. Аузы жоқ, көзі жоқ.

Тілі жоқ, сөзі жоқ.

Бірақта тісі бар.

Басыңмен ісі бар.

Бұл не? (тарақ)

б) Көрініс «Кір қоймас»

- Ата-ананың сабын туралы әңгімесі.

 Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде болады.С ондықтан 3топқа бөлініп отырайық. 
1-топ «Шымыр» 
2-топ «Денсаулық»
3-топ «Сымбат»
Бүгінгі сайысымызға қатысушы топтарымыз дайын болса сайысымызды бастайық.
Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады. Сайысты бастамас бұрын сарапшылармен танысып алайық.
1-бөлім «Таныстыру» 
Әр топ өздерін таныстырып ұрандарын айтады.
«Шымыр» тобының ұраны: «Шынықсаң шымыр боларсың»
«Денсаулық» тобының ұраны: «Денсаулық – ел байлығы»
«Сымбат» тобының ұраны: «Сымбатты болу өз қолыңда»
2-бөлім. Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер айтып жарысу.
1-оқушы: Сұрап алған аурудың емі табылмас.
2-оқушы: Көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса аузыңды тый.
3-оқушы: Бірінші байлық – денсаулық
Екінші байлық– ақ жаулық 
Үшінші байлық-он саулық
4-оқушы: Тазалық – саулық негізі
Саулық – байлық негізі.
5- оқушы: Жан ауырса — тән азады,
Қайғы басса — жан азады.
6- оқушы: Жалқаулық — жаман ауру.
3-бөлім. Карточкамен жұмыс
1 — карточка.
«Денсаулық» себетіне өзіңе пайдалы, дәрумендері мол жеміс — жидек, көкөністердің суретін жина, түсіндір.
2 — карточка.
Қандай ұлттық ойындарды білесің, ойынның бір түріне тоқтал.
3-карточка.
Денсаулыққа пайдалы күн тәртібін жаса.
4-бөлім. «Жарнама»
(1-топ айранды жарнамалайды)
1-оқушы.Айран сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор, себебі оның құрамындағы сүт-табиғи өнім. «Спрайт» сатып ішкенше, осы айранды сатып алып ішуіміз керек. Өзі арзан, өзі дәмді. 
(2-ші топ құртты жарнамалайды)
2-оқушы. Құрт сиырдың сүтінен жасалады. Оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. «Орбит» сатып алғанща, осы құртты сатып алған тиімді.
(3 — топ сабынды жарнамалайды)
3-оқушы. Бұл — «Тазалық» деген сабын. Бұл сабын денедегі әртүрлі микроптарды жояды. Бетті, қолды шаңнан тазартады. 
5-бөлім. «Салауатты өмір салты» 
Мұғалім: Балалар, бұл бөлімнің мақсаты сендердің салауаттану пәнінен алған білім-білік дағдыларыңды сұрақтар арқылы байқау болып табылады.
Сұрақтар:
«Шымыр»тобына:
Құрт ауруынан сақтанудың жолдары қандай? 
Жауап:
Одан сақтанудың жолдары:
— біреудің аузындағы сағызын шайнамау.
— әр адамның жеке орамалы. Сабыны, тіс щеткасы болуы керек.
— үнемі тазалықты сақтауымыз керек және т.б.
«Денсаулық» тобына»:
Темекі тартудың адамға зияны қандай?
Жауап:
Темекі адам денсаулығына зиянды болып табылады. Оның құрамында никотин бар. Біз темекі тартсақ, барлық ағзамызды бұзамыз. Темекіден жүрек, өкпе, тамақ аурулары пайда болады. Темекі ауаны, қоршаған ортаны ластайды.
«Сымбат»тобына: 
Нашақорлықтан сақтанудың жолдары қандай?
Жауап:
Нашақорлық – адам өміріне өте зиянды нәрсе. Одан әрқашан аулақ жүруіміз керек. Ол адамның миын улап, әр түрлі жаман қылықтар жасауға итермелейді.
Мұғалім: Осымен сайысымыз аяқталды, әділ-қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша М.Дулатов атамыздың денсаулық жайында айтқан ақыл-кеңестерін қайталайық.
1-оқушы: Құлаққа ұрма, құлаққа айғайлама, шыңғырма. Қалам, қарындаш, ине сияқты үшкір нәрселермен құлағыңның ішін шұқыма.
2-оқушы: Құлағыңның ішін, сыртын таза ұста. Сабынды сумен құлағыңды абайлап жу. Жуынған соң құлағыңның суланған жерін сүртіп, құрғат.
3-оқушы: Құлағыңның ішіне бір нәрсе кіре қалса, өзің еш нәрсе істеме. Тездетіп дәрігерге көрін.
4-оқушы: Мұрныңды әрдайым таза ұста, жүргенде, жүгіргенде, сөйлегенде, ұйықтағанда мұрныңмен дұрыстап дем ала алмайтын болсаң, дәрігерге көрін.
5-оқушы: Үйдің ішінде еденге қақырма.
6-оқушы: Демалғанда аузың үнемі жабулы болсын. Щаңды, я, ауасы бұзылған орында шамаң келгенше демалмаған жөн. Жүрген жеріңді шаңдатпай жүр, әсіресе үй ішінде щаң көтеруші болма.
7-оқушы: Тұла — бойыңды, мойыныңды, көкірегіңді, арқаңды, күнде салқын сумен жуып тұр. Денеңді таза ұста, жұмасына бір рет жылы суға шомылып тұр.
8-оқушы: Өзіңді, тамағыңды таза ұста, ішкен-жеген сайын және де ертеңді — кеш аузыңды тазалап шайқа. Таза ауада көбірек жүр, қимылда (ойна, жүгір).
Бәрі: Мұның бәрі дененің саулығы үшін керек.
Тыңдайық-ойланайық.
Ұлықпан Хәкімнің өсиетіне назар аударайық. Денсаулықтың жақсы болуы дегеніміз — ұзақ өмір сүру. Біздің бәріміздің де ұзақ өмір сүргіміз келеді.
Жетеліге жеті өсиет — аңыз. Ұлықпан Хәкім ерекше дарынды, зерек данышпан адам болған. Қандай кесел болмасын емдеп жазады екен. Күндердің күнінде сол Ұлықпан Хәкім қатты науқастанып, төсек тартып жатып қалады. Шәкірттері жиналып, емдеуге кіріседі.
Ұлықпан оларға:
— Қымбатты шәкірттерім, мені емдеп босқа әуре бо емдеп босқа әуре болмаңдар! Мен көз жұмғаннан соң қайғырмаңдар. Сендерге қалдарар жеті өсиетім бар. Сол өсиетке бой ұсыныңдар, өзгелерге де тарата жүріңдер,- депті.
Балалар, осы 7 өсиетті орындау міндеттерің, сонда сендер еліміздің ішкі, сыртқы жауларынан қорғайтын дені сау, саналы, толыққанды адам болып өсесіңдер.
Ұлықпан Хәкімнің 7 өсиеті:
Біріншісі – ерте тұру.
Екіншісі – орта тазалығын сақтау.
Үшіншісі – дене шынықтыру.
Төртіншісі – дене тазалығы.
Бесіншісі – сергектік.
Алтыншысы – артық тамақ ішпеу.
Жетіншісі – көп ұйықтамау.
Қысқы Азиада ойындарына тоқталып кету (слайд).
Қорытынды: 
— Оқушылар, осы сабағымызды қорытындылай келе, сендердің ойларыңды тыңдай отырып, « Денсаулық – зор байлық » екенін түсініп, оны бағалай біледі деп ойлаймын. Спортпен айналысып, тазалықты сақтап, жаман әдеттен аулақ болып, бір – бірімізге жақсы көңіл – күй, күлкі сыйлап, шаттық сыйлап жүре берейік. Жақсы, шынайы күлкі адамның өмірін ұзартады дейді. Сондықтан…
Денің сау, ғұмыр жасың болар ұзақ,
Ауруға төрт нәрсемен құрсақ тұзақ.
Жылы сөз, жеңіл тамақ, жақсы әуен,
Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ.
— Ал, ендеше, оқушылар, орнымыздан тұрып, шеңдер құрайық.
«Жүректен — жүрекке» шеңбері:
Отанды біз сүйеміз,
Денсаулық сақтай білеміз.
Кішкетай ғана жүрегімізден,
Бақыт, шаттық тілегіміз.

«Тілім менің — қасиетім, ардағым»

Мақсаты:

Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін, тіл ұлттың мұрасы екенін түсіне білуге, оны құрметтеуге, мақтан етуге, қорғауға баулу. Ана тілінің құдіреті туралы түсінігін кеңейту және дамыту.

Көрнекілік: Ұлы адамдардың қанатты сөзі.

Барысы:

1-оқушы: Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты. Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып, қатар жасап келе жатқан қоғамдық құбылыс.

2-оқушы: Халықтың тәуелсіздігінің белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздігін, ұлттық мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Қазақстан тәуелсіз ел болсын десек, ең алдымен ана тілімізді сақтап, оның дамуына күш салуымыз керек.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасында «Тіл туралы» Заң күшіне енгеннен кейін ана тілінсіз іс өрге баспақ емес. Болашақты баянды етер қаруымыз – қазақ тілі. Ана тілімізді құрметтей білейік.

Топтық сайыс: сайысқа үш топ қатысады.

І. Әділ –қазылар алқасын сайлау.

ІІ. Сайыс жоспары:

1.Таныстыру (топ атымен, ұранымен таныстырады).

2.Асыл мұра

3.Сөздерден сөз жазу.

4.Төле бидің жұмбағы (өздері жұмбақ құрастырады).

5.Мақал-мәтел сөз мәйегі.( мақал-мәтел сайысы)

6.Өлең жазып үйренейік

7.Айтар тілек, ұсыныс.

ІІІ. Ойын барысы.

1.Жарысқа қатысушы топтарды таныстыру.

Жүргізуші: Ал, кәнеки, сайысты бастайық.

1-сайыс: «Асыл мұра» (әр топ даналар сөзінің мағынасын ашу).

Жүргізуші: Өте ертеде бір қадірлі қария дүниеден көз жұмарында ұлын шақырып алып:

-Балам мен көп ұзамай дүние саламын, әкем қазына қалдырмады деп қамықпа. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле, — дейді қария. Қария баласына қандай мұра қалдырды? (қалдырған мұрасы – тіл).

(әр топтың ойлануына уақыт беріледі).

2-сайыс: «Сөздерден сөз жазу».

ҚАЗАҚСТАН, БЕЙБІТШІЛІК, ТӘУЕЛСІЗДІК

3-сайыс: «Төле бидің жұмбағы»

Жүргізуші: Уа, халқым сөз қадірін білсең сөз танығыш жастарға 10 түрлі жұмбағым бар. Ол мынау 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10. Ол қандай жұмбақ? (үй тапсырмасы)

4–сайыс: «Мақал-мәтел сөз мәйегі»

Әрбір топ оқушылары кезекпен кезек мақал-мәтелдер айтып жарысады.

3-оқушы: Ана тілім — ұраным,

Ана тілім – құралым,

Ана тілім болмаса,

Мықты болмас тұрағым.

4-оқушы: «Ана тілі — әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениеті, ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры, онсыз адам – мәңгүрт».

5-оқушы: Ұлттық тіл әр халықтың өзіндік ой-санасы мен парасатын, бүкіл болмыс тіршілігі мен сезім түйсігін, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін күре тамыры. Онсыз халық – аты бар, заты жоқ тобыр.

6-оқушы: Ана тілің біліп қой,

Бостандығың, теңдігің,

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

7-оқушы: Ана тілің – арың бұл

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

5 –сайыс: Өлең жазып үйренейік.

-------------------------------------------қарады,

-------------------------------------------тарады.

-------------------------------------------теңеймін,

-------------------------------------------бөлеймін.

-------------------------------------------билейді.

-------------------------------------------тимейді.

8-оқушы: Ей, туған тіл, ей әсем тіл,

Ата-анамның бал тілі.

Көп нәрсе ұқтым дүниеден,

Туған тілім арқылы.

Анам алғаш осы тілде,

Бесік жырын жырлаған.

Ұзақ түндер апам айтқан,

Ертегілер тыңдағам.

10-оқушы: Ей, туған тіл!

Ертелі-кеш қуатыңмен өзіңнің

Қаршадайдан шаттығымды,

Қайғымды да, сезінем.

Ей, туған тіл!

Туған тілде айттым мың рет,

Ата-анамды, мен пақырда

Жарылқа деп, құдірет.

6-сайыс: «Айтар тілек, ұсыныс»

Әр топ «Мемлекеттік тілге деген ұсыныстары мен тілектерін» газет бетіне жариялаулары қажет.Жұмыстарын қорғау

ІY. Әділ-қазылар алқасының қорытынды сөзі .

Жүргізуші: Тіл байлығы — әр елдің мақтанышы, ол атадан балаға мирас болып қалған, баға жетпес мұра. Олай болса, ана тілімізді құрметтеп, қадірлейік. Тіл болашағы біздің қолымызда!

«Қарттарым – асыл қазынам»

Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, «Қарттар – тарих, қазына, ел қазығы» тақырыбындағы кітап көрмесі, нақыл сөздер.

Барысы:

І.Кіріспе сөз:

А) Келген қонақтарды қарсы алу.

ІІ. Негізгі бөлім:

Ә) Қарттарымыз қазына екендігін түсіндіру;

Б) Қарттар күніне арналған ақын жазушылардың өлең шумақтары;

В) Аталарымыздың оқушыларға берер ақыл кеңестері, оқушылардың сұрақтары;

С) Концерттік бағдарлама.

ІІІ. Қорытынды.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар,ақ жаулықты аналар мен асқар таудай әкелер!

«Қарттарым – асыл қазынам» атты бүгінгі мерекемізді ашуға рұқсат етіңіздер.

Қарттарым жүректерің неткен дархан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

Тербедің көктем бағын самал болып

Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,- деп асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып аман-есен жүре беріңіздер.

Шақырады ойнасақ гүл даламыз,

Туған жерден нәр алып нұрланамыз.

Аманкелді мектебінде оқып жатқан

Жеткіншектер өнерлі біз боламыз.(Мектеп оқушыларының құттықтауы)

Сұрақ-жауап.

1.     Қариялар – ақылды дариялар.Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазір таңдағы жастар өз дәрежесінде құрметтеп жүр ме?

2.     Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз?

3.     Қазақстанның болашағы – жастардың қолында дейді, сондықтан біз сияқты жастарға берер ақыл кеңестеріңіз?

4.     Сіздердің жастық уақыттарыңыз бен қазіргі таңдағы жастардың қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыздар?

5.     Алдағы уақытта Қазақстанның болашағы қандай деп айтар едіңіз?

6.     Қарт, ақсақал, ата сөздерінің айырмашылығы неде?(Қарияларымыз оқушылардың сауалдарына жауап береді)

 Шәкірттердің тыңдап жауап-сұрағын,

Жас санаға құйып білім шуағын.

Хат танытып жол сілтеген өмірге

Барша жанға құрметті адам мұғалім.(Ұстаздар қауымы сөз алады)

 60 жас – адам жасы асқаралы,

Алыс емес қарттықтың басталары.

Аман боп туыстармен қарсы алыңыз

70,80,90-дай басқаларын.

Ауыл шежіресі - өткен тарихымыздың сан алуан қырынан елес беріп, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге боларлық.Ауылымыздағы мақтан тұтар аталар мен әжелеріміз мақтанышымыз – сіздерсіздер! (аталарымызға сөз беріледі)

 Ақылгөйім, асқар тауым ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса құлама.

Ер жетсем де еркелігім қалмайды

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана.

Тербетіп ақ бесікте аяладың,

Бойдағы ізгілікті аямадың.

Анашым өзіңсің ғой сүйенерім,

Анашым өзіңсің ғой сая бағым.(Сөз кезегі ақ жаулықты аналарымызға беріледі.)

Өмір оты ерте өшірілмесе, адам баласының қартаюы табиғи заңдылық. Қарттардың тілегі – ел амандығы, жұрт тыныштығы. Уайымы сырлассыйлас қатарының сирегі. Олар бүгінгісін ғана ойламайды, өткен өмір жолын зерделеп, алдын болжауға тырысады.Қарттар – кісіліктің төресі.

«Бала өсіргің келсе, дана жүректі қатты ұста, үйрет білім, ізетті»,- деп Әбу Насыр әл-Фараби айтпақшы, аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді баларларға халықтың асыл қазынасы саналатын қарттарымыз жас ұрпақтарға үйретіп, айтып отырайық.

Мейірімі мол ананың

Жүрегі жылы қолы кең.

Кең пейілді атаның

Жүзі жылы жолы кең.

Аталар – асқар таудай қорғанымыз,

Аналар – саясы мол орманымыз.

Қызығын ұрпағыңның көре берші

Жортқанда бола берсін жолдарыңыз.

 Құрметті қонақтар, сіздердің уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет.

Ұстазым, менің ұстазым!

Мақсаты: ұстаз еңбегінің жемісі, білім өмір шырағы, оқу – инемен құдық қазғандай деген ұғымдардың мағынасын оқушыларға түсіндіру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» Абай.
«Өнер – білім бәрі де оқуменен табылған»
Ы.Алтынсарин.
«Барлық істің басшысы – білім мен ұғым»
Ж.Баласағұни.
«Адамның адамшылығы….. жақсы
ұстаздан басталады»
http://zhospar.kz/wp-includes/js/tinymce/plugins/wordpress/img/trans.gif
Мұғалім. – Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар бүгін біздің мектепте үлкен мереке. Сынып оқушылары мектеп ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтағалы отыр. Бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар Сіздерге бүкіл әлем баласы бас иеді.
1 оқушы: Ұстазым, асыл ардағым
Сіңірген бақыт бұлағын
Ұстаздар айтқан ақылын
Жүректен ұғып тұрамын
2 – жүргізуші: Ұстаз... Ұстаздың мен үшін де, сен үшін де, бәріміз үшін де орны бөлек.Осынау өмірдегі жандардың бәрі де ұстаз алдынан түлеп ұшты.
Әлемге, еліне пайдалы, танымал тұлғаларды тәрбиелеу ұлы ұстазға байланысты деп білемін.Ұстаз адамзат баласының бойына білім атты «шаһарды» қалайды.Сондықтан, «Ұстазды атаңнан да әзіз тұт» деген мақалға жүгінген дұрыс.Ұстаздың еңбегі - ізгіліктің інжуіндей қымбат еңбек.
«Қыран құс түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» деген нақылдың өзі ұстаз – адам тағдырын шешуші тәлімгер дегенді білдіреді.

3 оқушы: Ұлт ұстазы
Кім ұғады оқушының тілегін,
Кім ұғады оқушының жүрегін.
Ұғатын кім, үйден аттап шыққан соң,
Ұғатын ол – ұстаздар деп білемін.
Оқушыға мейірі мол анадай,
Ол қуанса, қуанады баладай.
Түсе қалса, қабағы мен қасы егер,
Жұбатады жылы сөйлеп аялай.
Үйретеді жалықпастан өнеге,
Отырығызып білім атты кемеге.
Теңіздейін тереңіне бойлатып,
«Маржан» терсе, көтереді төбеге.
Өрелі боп өссе ұлы-қыз бағына,
Асып – тасып мерейленіп тағы да
-Міне, менің шәкірттерім осындай,-
деп, өткенін еске сағына.
Жақсы шәкірт – жақсы ұстаздың жалғасы,
Өзендердей ортаймайтын арнасы.
Ұлт ұстазы, ұлағатты келіскен,
Ар-білімін ұрпағыңа арнашы!
Хор: «Біз бақытты балдырғандар» Сөзі М.Әлімбаевтікі, әні Ө.Байділдаевтікі
Мұғалім. – Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.
Ол өзінің барлық жігерін, білімін, бойындағы барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына, халыққа беріп отырады.
4 оқушы:
«Ұстаз деген….»
Мұғалім мен ұстазда бар айырма,
Ұстаз деген – жақсы әндегі қайырма.
Мұғалім, ол – бар болғаны ма мамандық,
Жеткенінше жеті өнерлі шайырға.
Ұстаз деген – ұлағаттың шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры.
Ұстаз деген – шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын, шалдықпайтын, тәйірі.
Ұстаз деген – ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің әр шақтарын қиғандар.
Қимағандар — ұстаз емес, мұғалім,
Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә, мың.
Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,
Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын…..
Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс, айласы.
Ұстаз болу бақыт, әрі абырой
Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.
Қыздардың орындауында би «Қазақ вальсі».
Мұғалім.- Оқушы – мұғалімнің өзін көретін айнасы. Мұғалімін жақсы көрген шәкірт ешуақытта ұятқа қалдырмайды, тек балалардың сүйіктісе бола біл. Бұл онша қиын да емес, өкінішке орай, барлық ұстаз осы дәрежеге көтетле алмай қалуы мүмкін.
5 оқушы: «Ұстаз ағай»
Ұстаз апай неге көп,
Кілең жұмсақ жүректі.
Ұстаз ағай неге жоқ,
Ыбырай ата – тілекті.
Ұстаз аға көбейсе,
Ұлдар ұқсап бақпай ма?
Тұлғалардай кешегі
Намыс отын жақпай ма?
Ұстаз ағай мектептің,
Тірегіне айналса.
Ұстаз апай мектептің,
Жүрегіне айналса.
Ұл – болмай ма ұлықты,
Қыз – болмай ма қылықты.
Біздің ұстаз ағалар,
-Қалай мұны ұмытты?!.
Мұғалім. – Ұстаз жолы – қиын да қызық, ауыр да абыройлы жол.
Ән «Сәби болғым келеді» сөзі М.Мақатаевтікі, әні Т.Рахимовтікі
Көрініс: «Баласы мен атасы»
Баласы – Ата, маған мектепте,
Ұрыспай ма мұғалім?
Мен білетін ертекке,
Дұрыс, дей ме, шырағым!
– Ата, мені мұғалім,
Сіздей жақсы көре ме?
Орындалып сұрағым,
Көтере ме төбеге?
Еркелегім келсе егер,
Көтерем бе қолымды?
Еркелікке, көнсе егер
Күнде етем бе сонымды?
-Ата, Сізсіз мектепке,
Тіпті барғым келмейді.
Ертіп баршы мектепке,
Сонда ешкім жеңбейді.
Атасы:
Айналайын, ақылдым,
Өмірімнің жалғасы.
Қартаюға жақынмын,
Арманымды жалғашы.
Сен ақылды баласың,
Мектебіңе барасың.
Ұрыспайды мұғалім,
Ол да сенің анашың.
Тәртібің мен білімің,
Қатар өсіп дамысын.
Жеңбесі жоқ білімнің,
Қосылса оған намысың.
Еркелікті қалдыр да,
Үйде отырған атаңа.
Ақылыңды алдырма,
Адал бол, ақ батама.
Атасының баласы
Жаман бала болмайды.
Қабыл болып батасы
Алла өзі қолдайды!
Ұлдар тобының орындауында «Жорға» биі.
Мұғалім. Бала тәрбиесі үлкен өнер. Әр балаға әр түрлі тәсіл керек. Біреуіне ақыл айтсаң да жетіп жатыр. Енді біреуіне ақыл жүрмейді, мінез-құлқына қарай басқа амалын табу керек. Бала жүрегі – кішкентай ғана күйсандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек.
6 оқушы:
Өмірімнің жалғасы түлектерде,
Жас ұрпақтың өмірін мәпелеген,
Бір саналар ана менен әкеменен
Мен ұстазбын, бірімін, миллиондардың,
Болашаққа, ұрпаққа жетелеген.
7 оқушы:
Диханмын мен жерге емес, жүректерге,
Ұлан – асыр өлшеусіз тілектерге.
Дән орнына азамат жан өсірем,
Өмірімнің жалғасы – түлектерде.
8 оқушы:
Ізденетін үнемі сан саладан,
Жүгім ауыр, демеймін арқалаған.
Ел мақтаны азамат өссе болды,
Осы менің тілегім бар қалаған.
Мұғалім. Ұстаз мамандық әлеміндегі ең ғажайып мамандық. Көзі жаудырап алдында отырған шәкірттер ертеңгі ел басқаратын, ғылымның тылсым сырын ашатын, қоңыр даланың ғарышқа самғайтын немесе ақылдың нұрымен суарып кітап жазатын еліңнің ертеңгі қожалары емес пе!
9 оқушы:
Ұстаздар Хан бол, мейілің, қарабол
Дарын бол, мейілің, дара бол.
Өтетін бәрі алдынан,
Ұстаздар бейне сара жол.
10 оқушы:
Арттырған шәкірт талғамын,
Ұстаздар – үміт ардағым.
Өзіңнен үміт нәрін ап
Қырандай алға самғадым.
Сөйлесе тілі балдайын
Ұстазым, гүлдей жайнадым
Көркейіп өсіп келеміз
Жапырақ жайған талдаймын.
Сонымен біз бүгінгі ашық сабағымыз жабық деп жариялаймыз! Қош, сау болыңыздар құрметті қауым!

"Алтын күз"

Тақырыбы:        «Алтын күз».

 Мақсаты:           1. Күз ғажайыптары туралы қосымша мәлімет беру

                              2. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.

                              3. Оқушылапрды табиғатты аялап қорғауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:       Плакаттар, шарлар, қағаз бас киім, киім үлгілері, күз кереметтері.

Жоспары:          І - бөлім. «Мерекелі, берекелң күз келді»

                             ІІ - бөлім. «Алтын күз -аруы»

                            ІІІ – «Өнер таппай баптанба»

Барысы:       

1-Бастаушы.    Кездескен соң күзімен,

                           Бұтағынан үзілген.

                           Ай жапырақ сары алтын

                           Қуандырып біздерді.

2-Бастаушы:      Кел жемісті Алтын күз,

                            Кілемденсін халқымыз.

   Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі біздің  күз мерекесіне арналған мерекелік кешімізді бастауға рұхсат етіңіздер.

                             Ән хормен.Би билеу.

1-бастаушы: Алдық әнім-сыйыңды,

                      Көбейді – құт береке,

                      Астық толы қоймамыз,

                       Құтты болсын мереке.

  Мереке сайысымызды бастамас бұрын, әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

            1.Сайыс мәнерлеп оқу, Күз туралы оқушылар өз шығармаларын оқиды.

 2-Бастаушы: Біздің балалардың өнері әл алда. Тіпті олар жұмбақта шеше біледі.

            2.Сайыс жұмбақ сайысы.

 1-Бастаушы: Ендігі кезекті әнге берсек. Ақыл- бастан, өнер – жастан. Қане, тұрмаңдар би билеңдер, жырлаңдар. әр сынып өз өнерлерін көрсетеді.

  2- Бастауыш: келесі сайысымыз күз туралы көрініс қою. әр сынып өз көрністерін ортада қояды.

 1-Бастауыш:  келесі бөліміміз «Алтын күз аруы» Ендеше аруларымызды ортаға шықырсақ. (ортаға арулар шығады)

 Бөлімнің бағдарламасы: 1-бөлім: «Менің құрбым» (танысу)

                                           2-бөлім: «Өнерім бар осындай»

                                           3-бөлім: «Сән үлгісі»

                                           4-бөлім: «Жемісті құмыра»

                              Осы кезде вальстік музыка ойнап тұрады.

   2-бастауыш: Бүгінгі кештің ханшасы кім болатынын анықтау үшін ханшалардың өнерлерін әділ қазылар алқасымен бірге бағаласақ.

  1-Бастауыш: Біз ханшалардың өнерлерін тамашаладық. Әділ – қазылар алқасына сөз кезегін берсек. Күз аруы мен күз еркесінің кім болғанын тыңдайық!

                 3-Бөлім«Өнер таппай баптанба»

  1-Бастауыш: Алдын ала берілген тапсырма бойынша әр сынып арасындағы ең үздік шғармаларын оқысын. (шығармалар оқылады)

  1-оқушы:     Күз – қоңыржай,

                       Күн – қогңыржай....

                       Қызғылтым жапырақ,

                       Қоламта шоғындай...

 1-Бастауыш: Күз кереметтері (әр сыныптан 2 оқушы шығып қорғайды)

 1-Бастауыш:  Қызды қырман ел ісі,

                        Қызды қырман жер үсті.

                        Елдің тойлап жатқаны

                        Еңбегінің жемісі!

2-бастауыш: Астық жеміс жиылды,

                       Қоймамызға құйылды.

                       Ардақты күз мың алғыс,

                       Алдық өнім сыйыңды,

                     Көбейді құт береке,

                     Астық толы қоймамыз,

                      Құтты болсын мереке!

 2-бастауыш: Жел гулегім,

                       Солды гүл тегіс,

                       Көш тартып тізіліп

                       Қоштасты бізбен құс.

1-Бастауыш:    Осымен бүгінгі кешімізде аяқталды құрметті жиналған қауым. Барлықтарыңызға алтын күзге арналған шағын мерекелік кешіміздің құрметті қонағы болғандарыңызға алғыс жариялаймыз!

"Біз - табиғат қорғаны" (топсеруен )
Мақсаты
: Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау, ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Таза ауамен демалу.

І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Балалар, бүгін табиғатқа серуенге шығамыз. Серуенге шықпас бұрын мынадай сұрақтарға жауап беріңіз.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Әр мезгілдегі табиғаттың көрінісін ата.
- Кімге қай мезгіл ұнайды? Несімен ұнайды?
- Қазақ халқының салт - дәстүрлерін сақтап, жақсы жерге қоныс тебейік.
- Балалар, ауылымыздың шағын бағына барамыз.
- Ауылымыз туралы не білесіңдер?(ауыл туралы әңгімелеу)
- Айналамызды қоршап, жайқалып өсіп тұрған ағаштар. Ауылымыздың бөгеті мен бұлағы бар.
- Балалар, бөгетімізде балықтар бар ма?
- Балық аулайтындарын бар ма?
- Оларда біздің байлығымыз.
- Ауылымыздың атап өтетін тағы қандай байлығы бар?
- Атап өтер байлығымыздың бірі егіншілік. Яғни біздің нанымыз.
- Ал ол егінді кімдер егеді?
- Ауылдас ағаларымыз.
- Балалар, ағаларымыздың еңбектері Қазақстан, Отан, туған жер, ауыл үшін өте пайдалы. Олар бізге нан береді.
- Ал кім нан туралы өлең, мақал біледі?
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.

- «Ас атасы - нан», «Еңбектің атасы нан», «Алтын, күміс тас екен, арпа бидай ас екен»
- Туған жерімізде өсетін қандай өсімдіктерді білесіңдер?
- Алабота, жусан, түймедақ, ақселеу.
- Табиғаттың бір үзігі - өсімдіктердің де адам үшін атқарар шаруасы көп екен. Олар адамға дәрі - дәрмек, ем болып, өмірлерін қауіп - қатерден қорғауға өз үлестерін қосатының білеміз.
- Қандай жануарлар тіршілік етеді?
- Түлкі, қоян, қасқыр, дала тышқандары, т. б.
- Балалар, біз сол біздің жерімізде тіршілік ететін жан - жануарларға құстарға, өсімдіктерге қамқоршы болуымыз керек. Олай болса бәріміз әрбір тірі жанға қамқоршы боламыз.

ІІ. Таза ауамен демалып, түрлі ойындар ойнау. («Ақ селеу, көк селеу», «Мені құтқар», «Кім жылдам» т. б.)

ІІІ. Қорытынды.
Қорыта келгенде адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой деймін. Табиғат байлықтарын қорғай білу азаматтық борыш. Оны аялап, сүйе білейік.
Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім - кітапта, әр пәнді жақсы оқуда.
Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: Сөндірілмей тасталған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір ағаштың өсуі үшін қаншама жыл керек екенін өздерің білесіңдер. Кейбір тентек балалар гүлдерді жұлады, құстардың ұясын бұзады, жазықсыз жәндіктерді өлтіреді. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстай білейік. Табиғатты алайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды.

Тәрбие сағатының жүру барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі. Қайырлы, Күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен, терезені ашып, Табиғат – Анаға көз салып қарайсыңдар. Дәл бүгінгі күні табиғат ана бізді несімен қуантты, бізге не айтады? Олай болса мен сендерді Табиғат - Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Бүгінгі саяхатымыздың тақырыбы: Табиғатты Аяла деп аталады. Алдымен саяхатымызды бастамас бұрын сабағымызды табиғатпен амандасудан бастайық. Олай болса барлығымыз орындарымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге оқиық.
Қайырлы Күн, күнім, далам, орманым
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім,
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер,
Қайырлы Күн бар тіршілік иесі
Өте жақсы. Барлығымыз орындарымызға отырайық. Балалар жалпы табиғат дегеніміз не? Оларға нелер жатады?

II. Саяхатымыздың бірінші аялдамасы: «Тіршілік атаулының бар арманы - ауа»- деп аталады. Ендеше ауа туралы не білеміз? Қане, ортаға салайық.
1. Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі – ауа.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ.
2. Адам бар – жоғы 1 - 2 минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда «Ауадай қажет» деген сөз бар.
3. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім жауап бере алмайды. Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Сол ауадан дем алған қаншама адам ауруға ұшырады.
4. Табиғат – дем ал деп ауаны сыйлайды, Өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама!
5. Болмасын ауа ешкімнің арман мұңы,
Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы.
Ойлашы кімге керек боламыз біз,
Жұтудан таза ауаны қалған күні.
Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес. Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз. Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?

II. Саяхатымыздың екінші аялдамасы. «Тіршілік көзі - су» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен.
6. Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз.
7. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер, теңіздер бар. Осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр.
8. Соның салдарынан Арал Теңізінің суы азайып ол тартылып қалды. Арал аймағының жағдайы осындай болды.
9. Ал, Каспий теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Міне, бұл адамның қолымен жасалған қатыгездік.
10. Ойлау керек Арал жайын, ел жайын,
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.
Өзімізді асыраушы табиғаттай ананы
Азаматтық ары менен аялауға тұр дайын.
Мұғалім: Сонымен су қара жердің сәні, табиғаттың жаны делік. Ал табиғатты әдемілікке бөліп тұрған не?
Ол өсімдіктер

III. Саяхатымыздың үшінші аялдамасы: «Табиғат байлығы - өсімдіктер» деп аталады. Олар туралы не айта аламыз?
11. Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын деген көрнекті сөз соның айғағы.
12. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлері азайып, бара жатқандықтан олардың 300 ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді.
13. Менің ойымша, әрбір азамат оларды қорғаудың маңызын саналы түрде ұғынбаса, біздің керемет жасыл бағымызды ешқандай тыйым салу құтқармайды.
15. Көзін ашып бақ өсір бұлағыңа,
Айналсын құтты қоныс тұрағыңа.
Жайқалсын өлкемізде саялы бақ,
Бөленіп күннің нұрлы шуағына.
Мұғалім: Расындада өлкемізді саялы баққа айналдыру әр қайсымыздың қолымыздан келеді. Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не, балалар?
Олар құстар.

IV. Саяхатымыздың келесі аялдамасы: « Орман сәні - Құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтасыңдар?
16. Табиғаттың әні де, сәні де, қалықтай ұшқан құстар. Олардың әсем әні бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар – біздің қанатты достарымыз. Олар - табиғат сақшылары.
17. Сондықтан ата – бабамыз құстарды қадірлеп құрметтеген. Олар батыр ұлдарын Сұңқарға, ал қыздарын аққуға теңеген.
18. Қазақстанда құстардың 480 түрі бар. Соның ішінде азайып кеткен құстар қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды.
Мұғалім: Балалар, біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат ана адамзат баласына бар қажеттінің барлығын беріпті. Ол бізге дем алсын деп ауа берді, ішсін, бар қажетіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман – тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен аңдарын берді, қысқасы біздің өмірімізге қажеттінің бәрін табиғат - анадан алады екенбіз. Ол қандай мейірімді болса, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр.

V. Тренинг: «Мейірімділікті табиғаттан үйрен.»
Әр бала шаттық шеңберіне тұрып, қасындағы досына оның жақсы қасиеттерін білдіретін сөздерді айтады.
VI. Шығармашылық жұмыс. Егер табиғатқа тіл бітсе...
Табиғат тақырыбына жазған шығармаларын оқу.
VII. Қазақстан экологиясы тақырыбына арналған бейнебаян тамашалау. Тәрбие сағатын қорытындылау

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "16 желтоқсан тарбие сағаты 2сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Теолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 053 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2016 17242
    • DOCX 503 кбайт
    • 278 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурболатова Акасыл Ануарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28040
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 948 человек из 82 регионов

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 16 регионов

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология взаимоотношений, прощения и самопонимания

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 26 регионов