Инфоурок Другое Другие методич. материалы1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы – ел тірегі»

1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы – ел тірегі»

Скачать материал

1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы – ел тірегі» атты кештің сценариі

Өтетін мерзімі: 27.11.2015 Сағ 15. 00

Өтетін орны:Абай қорық-мұражайы, Күмбезді зал.

Жауапты: Уахметова Бұлбұлназ Мұратқызы

Шақырылған адамдар саны – 65

Зиялы қауым – 16

Студенттер - 49

Жүргізуші:

Әнұран орындалады

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан –Нұрсұлтан

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасыны құрметтейтін ерекше

Армысыздар, ақ пейілді көпшілік.

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,

Қазақ елін мойындауда дос таңдап.

Елбасының еңбегімен нұрлана

Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,

Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.

Мерекеңіз құтты болсын көпшілік.

Қайырлы күн құрметті қонақтар, әріптестер, жиылған қауым! 1Желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы – ел тірегі» атты әдеби-танымдық кешімізге қош келдіңіздер.

          2012 жылы Ел Парламенті қабылдаған заңға сәйкес бірінші желтоқсан - Тұңғыш Президент күні ретінде жаңа мемлекеттік мейрам болып бекітілді. Биыл бұл мерекені еліміз төртінші рет атап өтпек.

         Ежелден қазақ халқының ең асыл мұраты - егеменді ел болу.Елім деп еңіреген ақындарымыз «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлап өткен еді. Егеменді ел болу –Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, зор оқиға, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Ғасырлар бойы бостандықты аңсаған қазақ халқы үшін айтып жеткізілмейтін мол бақыт, асыл арманның жүзеге асуы еді. Осының бәрі еліміздің Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендігі мен салиқалы саясатының арқасы.

Жүргізуші:Мерекелік кешіміздің алғашқы құттықтау сөзі Абай қорық-мұражайының директоры Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлына беріледі.

 Ән: Қалалық мәдениет сарайының әншісі Шарипов Жанболаттың орындауында Абай әндерінен попури.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанда мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтамақтастығын жарастырып отырған дана адам. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Біздің Елбасымыз білімділігімен ,парасатты саясатымен, тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа бейбіт жолмен жетуге шақырған көшбасшы.

Елбасымыз биыл 2015 жылдың сәуір айының 8 күні арнайы Семей қаласына келген сапарында, 75 жылдық тарихы бар, қасиетті де, киелі қара шаңырақ Абай мұражайына келіп, мұражай экспозициясымен танысты.

Келесі кезек «Елбасы және Абай мұражайы» тақырыбындағы баяндамаға беріледі. Баяндамашы Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының жоғарғы дәрежелі маманы, филология ғылымдарының магистрі Елекенова Раушан Алиханқызы.

Жүргізуші:№47 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының орындауында Елбасына арнау өлеңдері.

Жүргізуші: Әлем тарихына көз салсақ, бүгіндегі тәуелсіз елдердің өздері бүгінгі жетістіктеріне сан ғасырлық уақытта жетті. Ал біздің еліміздің небәрі 24 жыл ішінде бүгінгі жетістікке жетуіне орасан зор еңбек сіңіріп, тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізін қалаған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Ғасыр мен ғасыр, қоғамдық формациялар ауысып жатқан, аумалы-төкпелі кезеңде мемлекет басына келген Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында бүкіл бір елдің, бір ұлттың тағдыры тұрды. Осы тар жол, тайғақ кешкен жылдардан еліміздің берекесін бұзбай, адастырмай алып шықты. Елбасы тәуелсіз елдің бұқаралық санасын өзгертуде, ұлттық дәстүрлерді қайта жаңғыртуда, тарихи сананы қалыптастыруда көп істер атқарды.

Қазақ биі «Айналайын» мектепке дейінгі шағын орталықтың тәрбиенушілерінің орындауында қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Елбасымыздың биылғы Жолдауы да елдің еңсесін көтерген, елдік идеяларға толы бірегей тарихи құжат болды. Елбасы 2013жылы «Қазақстан-2050» стратегиясын – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты тұрғысында жарияласа, 2014жылы «Нұрлы жол-болашақтың бастауы» атты жаңа экономикалық саясатын жария етті. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі-бірлік, берекесі-деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»Жолдауында айтып кетті. Елбасымыз Астана қаласында 2015жылы 6мамырда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын белгілеп берген болатын. «100нақты қадам»-бұл жаһандық және ішкі сын қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. «100нақты қадам» елімізге «2050 стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады.

Ән: М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің студенті Аразалинов Мағжанның орындауында «Көк тудың желбірегені»

Сан ұлттың басын қосып Қазақстан

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан.

Елбасы алдын ала болжай біліп

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына! дей отырып,

 Бүгінгі кешке белсене ат салысқан жастарды марапаттау үшін директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрамбаева Мейрамгүл Сейітжапарқызына беріледі.

Алғыс хат иелері:

1.Раушан Алиханқызы

2. Индира Еркінқызы

3.Алмагүл Сәттібекқызы

4.Анварбекова Еркежан

5.Асхатқызы Айдана

6.Қыдырханова Айзере

7.Құмарбек Мерейлім

8.Серікқали Мадина

9.Мұратжан Аяла

10.Аразалинов Мағжан

Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып,

Жасай берсін, Елдігіміз Мәңгілік! - деп бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Келіп кешімізге қатысқандарыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз. Келесі кездескенше қош - сау болыңыздар.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы – ел тірегі»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 761 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2016 1122
    • DOCX 20.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Серикболова Сандугаш Серикболкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11734
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой