Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / 1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын

1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

"Жас Ұлан" оқушылар ұйымының

"1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күніне" орай өткізілетін

салтанатты жиынның бағдарламасы.

Өтетін орны: Мектептің спорт залы.

Өтетін уақыты: 01.12.15.

Жабдықталуы: "Кемеңгер Елбасы" (ұран сөздер жазылған плакаттар).

Қосымша құралдар: аппаратура, микрофон, компьютер.

Жиын барысы:

-Сыныптар сапқа тұрады.

"Жас Ұлан" ұйымының Ұланбасы:

Жас Ұлан! Түзел! Тік тұр!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына қарап сап түзе!

Ән: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.

Ұланбасы: Салтанатты жиынға мектептің "Жас Ұлан" бірлестігінің Туы кіргізілсін!

Жиынға "Жас Ұлан" ұйымының Ту ұстаушылар колоннасы кіреді.

-Топ басшылары мәлімдеме беруге дайындал!

Топ басшылары мәлімдеме тапсырылсын!

Топ басшылары өз қатарларына бұрылып жарлық береді.

-Топтар, түзеліңдер! Тік тұрыңдар!

-Ортаға түзел! Топ басшылары кіші адыммен Ұланбасына келіп мәлімдеме тапсырады.

-Топтың аты: топ мүшелері бір кісідей жауап береді.

- топтың ұраны:

-Топтың әні:

-Топ басшысы: Мәлімдеме тапсырылды.

- "Жас Ұлан" ұйымының төрайымы мәлімдеме қабылданды!

-Еркін тұр! Әр топтың басшысы орындарына барып, еркін тұр! жарлығын береді.

-Мектептегі "Жас Ұлан" ұйымының Ұланбасы мәлімдеме тапсырады.

-Жолдас мектеп директоры "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер бірлестігіне қабылдауға арналған салтанатты жиынға дайын. Мәлімдеме беріп тұрған мектеп тәлімгері: Әсем Қасымжанқызы. Жиынды бастауға рұқсат етіңіз.

Тәлімгер: Салтанатты сап жиынының ашылу рәсіміне байланысты құттықтау сөз мектебіміздің директоры Нуркасымова Сауле Сембайқызына беріледі.

(Мектеп директорының құттықтау сөзі).

-Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар!

"Кемеңгер Елбасы" атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

Баяндама: «Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы».

Баяндамашы: Б.М.Қайрақбаева.

Мектебіміздегі 1- сыныптың 17 оқушысы, 5- сыныптың 15 оқушысы "Жас Ұлан" республикалық балалар ұйымының мүшесіне қабылданады.

Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.

Елбасымыздың қолдауымен құрылған Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау рәсіміне дайындал!

Ұланбасы: "Жас Ұлан" ұйымына қабылданатын оқушылар бір қадам алға!

Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.

( «Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)

Анттың мәтіні:

Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

Ұланбасы: Жас Қырандықтарға галстук пен төсбелгі тағу рәсімі___________________________________ беріледі.

Музыка ойналады. (Төсбелгілер тағылады).

Жас Қыран- елдің ертеңі,

Жас Қыран- егемендік ертеңі.

Жас Қыран- асулар мен шыңдар.

Жас Қыран- дарындылар мекені.

"Жас Ұлан" қатарына қосылған оқушыларға құттықтау ән.

Әдеби монтаж:

  1. оқушы:

Анадан туар алыптар,

Ана тіл деген қалып бар!

Уызбен құйған мәйегін,

Мырзамен Әлжан аналар!

  1. оқушы:

Иманның шамын жандырсақ.

Елменен түлеп, жаңғырсақ.

Атынан Әлжан ананың,

Медресе, мешіт салдырсақ!

3-оқушы:

Сенің атың Нұрсұлтан

Туған елің Қазақстан

Мен сізден үлгі алам

Қазақстаныммен мақтанам!

  1. оқушы:

Қазақта тұңғыш Елбасы,

Пана боп Алла, қолдашы!

Тілменен Дінді сақтаған,

Бар қазақ сіздей болсашы!

  1. оқушы:

Күн көзінен көрінген,

Жарық сәуле өрілген.

Ел басшысы Нұрсұлтан.

Халқына шын берілген.

Нағыз батыр- ер жүрек.

Бейбіт күнге зор тірек.

  1. «Нұр»- ойнап жаратылған келбетіне,

Тыныштық тілегені жер бетіне.

Елтаңба, Ту көтерді Әнұранмен,

Қазақтың Астанасы нақ төріне.

  1. оқушы:

Достықпен дүниені табындырдың,

«Киелі» кең далаңа ел қондырдың.

Нұрсұлтан жасай бергін- бейбіт жолы,

Әлемге қазақ елін таныстырдың.

  1. Оқушы:

Халқымның көшбасшысы

Тәуелсіз қазақ елім,

Бақ қонған ғажап елім.

Нұрсұлтан Назарбаев

Артамыз сізге сенім.

  1. Оқушы.

Президент ең алғашқы,

Қырандай самғап ұшты.

Халқымнң көшбасшысы

Келер күн құшақ ашты.

  1. Оқушы:

Жұртымның көшін бастап,

Елімнің үмітін ақтап,

Ұлтымның көшбасшысы

Бірлікті берік сақтап.

  1. Оқушы:

Асамыз асулардан

Құламай тасулардан

Әлемнің алды болу

Ол үшін асыл арман.

  1. Оқушы:

Үлгі боп келешекке

Балаға, ересекке

Президент даңқымызды

Көтерер келешекте

Биік боп көздегені

Бірлік боп іздегені

Халқымның көшбасшысы

Жастарға ол сенеді.

12-оқушы:

Уәдені біз сақтаймыз.

Біз жастар құр жатпаймыз

Үмітін елбасының

Шынында біз ақтаймыз.

13-оқушы:

Ауыр күнді артымызға тастауы-

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

14-оқушы:

Туды ұстап тура тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады- ау кісілік!

15-оқушы:

Тіліммен Дінім, Ұятым, Арым, Берекем!

Еліммен Жерім, Арманым, Мұңым, Мерекем!

Алатау Тұлға, Оранған нұрға бақ дарып,

Тәңірден тағлым бұйырған дара Ер екен!

Елбасым, Елбасым!

Айбарым, Ардағым!

Елбасым, Елбасым!

16- оқушы:

Достықпен дүниені табындырдың,

«Киелі» кең далаңа ел қондырдың.

Нұрсұлтан жасай бергін- бейбіт жолы,

Әлемге қазақ елін таныстырдың.

17-оқушы:

Қазақ болса- қазақ үшін қас көрмеу,

Арман- мақсат- дұшпанға енді бас бермеу!

Туымызды қалай биік көтерсек,

Президентті солай қажет қастерлеу!

Біздің мақсат- күрес ұлы ел үшін,

Біздің мақсат- күрес жер үшін,

О, қазағым!

Құтты болсын Елбасы!

О, Президент! Құтты болсын жеңісің!



Орындайтындар:

Тәуелсіз Қазақстанды алға қарай жетелейтін

Өмірі ұзақ болсын Нұрағаның

Күннен күнге дамып келеді Қазақстан

Жасай бер, Елбасы, жасай бер, Қазақстан!

- дей келе бүгінгі "Кемеңгер Елбасы" атты мерекелік жиынымызды өз мәресіне жетті.

Мектеп туы шығарылады.









































«Жанай орта мектеп- бақша»КММ.

2015- 2016 оқу жылы.









"Жас Ұлан" оқушылар ұйымының

"1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күніне" орай өткізілетін

салтанатты жиынның бағдарламасы.



Мектеп тәлімгері: Ә.Қ.Бекжанова.




Автор
Дата добавления 29.01.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров318
Номер материала ДВ-391075
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх