Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Презентации / 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне сынып сағаты

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне сынып сағаты

В ПОМОЩЬ УЧИТЕЛЮ ОТ ПРОЕКТА "ИНФОУРОК":
СКАЧАТЬ ВСЕ ВИДЕОУРОКИ СО СКИДКОЙ 86%

Видеоуроки от проекта "Инфоурок" за Вас изложат любую тему Вашим ученикам, избавив от необходимости искать оптимальные пути для объяснения новых тем или закрепления пройденных. Видеоуроки озвучены профессиональным мужским голосом. При этом во всех видеоуроках используется принцип "без учителя в кадре", поэтому видеоуроки не будут ассоциироваться у учеников с другим учителем, и благодарить за качественную и понятную подачу нового материала они будут только Вас!

МАТЕМАТИКА — 603 видео
НАЧАЛЬНАЯ ШКОЛА — 577 видео
ОБЖ И КЛ. РУКОВОДСТВО — 172 видео
ИНФОРМАТИКА — 201 видео
РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТ. — 456 видео
ФИЗИКА — 259 видео
ИСТОРИЯ — 434 видео
ХИМИЯ — 164 видео
БИОЛОГИЯ — 305 видео
ГЕОГРАФИЯ — 242 видео

Десятки тысяч учителей уже успели воспользоваться видеоуроками проекта "Инфоурок". Мы делаем все возможное, чтобы выпускать действительно лучшие видеоуроки по общеобразовательным предметам для учителей. Традиционно наши видеоуроки ценят за качество, уникальность и полезность для учителей.

Сразу все видеоуроки по Вашему предмету - СКАЧАТЬ

  • Классному руководителю

Название документа 1-желто?сан - ?аза?стан Республикасыны? Т???ыш Президент.pptx

Сабақтың тақырыбы: «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Презид...
Жауаптары: 1990 жыл 25 қазан-Қазақстан Жоғары Кеңесі егемендік туралы деклара...
Блум таксономиясы. ҚР президенті туралы не білесің? izden.kz Кестені толтыр К...
Жауаптары: izden.kz Кестені толтыр Кім? Н. Ә Назарбаев Қашан? 1940жылы Қайда?...
Президент тұлғасына психологиялық суреттеме Еңселі,келбетті, кең маңдайлы,тік...
Шығармашыл тұлға -Елбасы «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы м...
Қазақстанның ХХІ ғасырдағы жеткен жетістіктері 2010 жылы 1-2 желтоқсан – Аста...
VII қысқы Азия(Азиада) ойындары Астана мен Алматы қалаларында 2011жылы қ...
«Қазақстан–2050» стратегиясы – Жасампаздықтың жаңа межесі 2013 жылдың 24 сәуі...
ЭКСПО 2017 ЭКСПО 2017 — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін...
Тәуелсіз елдің болашағы дарынды ұрпақта Сіздер өздеріңізді: Дарынды Шығармашы...
1 из 11

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Сабақтың тақырыбы: «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Презид
Описание слайда:

Сабақтың тақырыбы: «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» izden.kz

№ слайда 2 Жауаптары: 1990 жыл 25 қазан-Қазақстан Жоғары Кеңесі егемендік туралы деклара
Описание слайда:

Жауаптары: 1990 жыл 25 қазан-Қазақстан Жоғары Кеңесі егемендік туралы декларация қабылдады. 1991 жыл 1 желтоқсан- бүкілхалықтық тұңғыш президент сайлауы болды. 1991 жыл 10 желтоқсан-тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы деп аталды. 1991 жыл 16 желтоқсан- Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. 1992 жыл 4 маусым- Қазақстан Республикасы рәміздерін қабылдады. 1993 жыл 28 қаңтар- Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1993 жыл 15 қараша-Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді.  1995 жыл 30 тамыз- Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. 1997 жыл 11 қазан — Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына «Қазақстан — 2030» Жолдауын қабылдады.  izden.kz

№ слайда 3 Блум таксономиясы. ҚР президенті туралы не білесің? izden.kz Кестені толтыр К
Описание слайда:

Блум таксономиясы. ҚР президенті туралы не білесің? izden.kz Кестені толтыр Кім? Қашан? Қайда? Қалай? Қандай?

№ слайда 4 Жауаптары: izden.kz Кестені толтыр Кім? Н. Ә Назарбаев Қашан? 1940жылы Қайда?
Описание слайда:

Жауаптары: izden.kz Кестені толтыр Кім? Н. Ә Назарбаев Қашан? 1940жылы Қайда?Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген Қалай?Еңбекқорлығымен, Отансүйгіштігімен, халқына деген өрен сүйіспеншілігімен еңбек етіп келе жатыр Қандай? Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласында металлург болып бастаған. 1969-1989 ж.ж. аралығында лауазымды жұмыстарды атқарған. 1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР-нің тұңғыш президенті. 1991 жылы 1 желтоқсан ҚР-ның президенті. Біздің тұңғыш президентіміз, көшбасшымыз.

№ слайда 5 Президент тұлғасына психологиялық суреттеме Еңселі,келбетті, кең маңдайлы,тік
Описание слайда:

Президент тұлғасына психологиялық суреттеме Еңселі,келбетті, кең маңдайлы,тік мінезді, дегеніне жететін,көрнекті,басшы тұлға izden.kz Н.Ә.Назарбаев ҚР-ның президенті

№ слайда 6 Шығармашыл тұлға -Елбасы «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы м
Описание слайда:

Шығармашыл тұлға -Елбасы «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», дәуір,1992ж. “Тарих толқынында” Алматы: Атамұра,1999ж. «Қазақстан халқының азаматтық таңдауы - тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар». Қазақстан, 1999ж. «Жүз жылға татитын он жыл».Атамұра,2001ж. «Сындарлы он жыл». Атамұра, 2003ж. «Ғасырлар тоғысында».Атамұра, 2003ж. «Қазақстан жолы». Астана, 2007ж. «Тәуелсіздік белестері».Жібек Жолы, 2012ж. izden.kz

№ слайда 7 Қазақстанның ХХІ ғасырдағы жеткен жетістіктері 2010 жылы 1-2 желтоқсан – Аста
Описание слайда:

Қазақстанның ХХІ ғасырдағы жеткен жетістіктері 2010 жылы 1-2 желтоқсан – Астанда Еуропадағы қауіпсіздік пен  ынтымақтастық ұйымының саммиті Қазақстан Еуропаның төріндегі 56 мемлекеттің атынан төбе би болып төрелік айтты izden.kz

№ слайда 8 VII қысқы Азия(Азиада) ойындары Астана мен Алматы қалаларында 2011жылы қ
Описание слайда:

VII қысқы Азия(Азиада) ойындары Астана мен Алматы қалаларында 2011жылы қаңтар-ақпан айларында өтті. Азия ойындарына 26 елдің спортшылары қатысты. izden.kz 1 орын Алтын Күміс Қола барлығы Қазақстан 32 21 17 70

№ слайда 9 «Қазақстан–2050» стратегиясы – Жасампаздықтың жаңа межесі 2013 жылдың 24 сәуі
Описание слайда:

«Қазақстан–2050» стратегиясы – Жасампаздықтың жаңа межесі 2013 жылдың 24 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: «бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. маңызды мақсат-міндеттерді айқындады: Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту. Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу. Ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету. Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру.  Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру. Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру. Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру. izden.kz

№ слайда 10 ЭКСПО 2017 ЭКСПО 2017 — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін
Описание слайда:

ЭКСПО 2017 ЭКСПО 2017 — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейінҚазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. izden.kz

№ слайда 11 Тәуелсіз елдің болашағы дарынды ұрпақта Сіздер өздеріңізді: Дарынды Шығармашы
Описание слайда:

Тәуелсіз елдің болашағы дарынды ұрпақта Сіздер өздеріңізді: Дарынды Шығармашыл Білімді Жан-жақты Дара тұлға екендеріңізді көрсеттіңіздер. Жарайсыңдар! “Атамекен”әні izden.kz

Название документа Т?рбие са?аты Президент к?н_.doc

Поделитесь материалом с коллегами:


Тақырыбы: «Гүлдене бер көркейе бер, менің Қазақстаным»
Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Көрнекілігі:слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» 1 желтоқсан-Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты.
Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді

Қ.Аманжолов:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

-оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, 
қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.


Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет, 
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым, 
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген, 
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?

1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді, 
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз, 
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды, 
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір, 
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
Ермек Өтетілеуұлы.

Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, 
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін, 
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім, 
Таниды сені бар әлем бүгін.
Ән: “Астана – бас қала”

2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды, 
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
(Әнұран айтылады)
«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп, 
Жас Отанның өмірін де түсініп, 
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, 
Бір керемет жасады-ау кісілік!

Елбасымыз саған мәңгі разымыз, 
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, 
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, 
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай, 
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!


Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім, 
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар, 
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар, 
Атадан қалған сара жолым бар.

Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)
Ән: «Жаса Қазақстан!»































Келісемін Бекітемін:

ДТІЖО Мектеп директоры

М.К.Кунанбаев Д.С.Корабаева









Сынып сағаты

«Гүлдене бер көркейе бер, менің Қазақстаным»



Өткізген: Айдайбай И.









2015-2016 оқу жылы

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 27.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Презентации
Просмотров638
Номер материала ДВ-199810
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх