Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / "Желтоқсан –тәуелсіздігіміздің ұлы рухы" тақырыбындағы тәрбиелік іс- шараның әзірлемесі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

"Желтоқсан –тәуелсіздігіміздің ұлы рухы" тақырыбындағы тәрбиелік іс- шараның әзірлемесі

библиотека
материалов

М.С.Нугмарова

Семей қаласы, Айнабұлақ ауылы

"Айнабұлақ ЖНББМ" КММ


Кештің тақырыбы «Желтоқсан –тәуелсіздігіміздің ұлы рухы»

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және Тәуелсіздіктің қадір –қасиетін түсіндіру;

Тәрбиелік: Отан-Ананы құрметтеуге, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету

Дамытушылық: Оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқыту, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту

Көрнекілік: Желтоқсан қаһармандарының суреттері / Қайрат, Ләззат, Сабира ,Ербол/, тақырып желісі бойынша слайдтар, көріністер,видео көріністер, нақыл сөздер


Түрі:кеш


Кештің жүру барысы:

Жүргізуші: Ассалаумағалейкум, халқым менің,

Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы. Бүгін Тәуелсіздік алғанымызға -23 жыл толған күн. Сонымен қатар, халқымыздың тарихында ерекше орны бар қасіреті мен ар-намысына , сонымен бірге мақтанышына айналған – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы айтпақпыз. Бұл оқиға халық жүрегінде мәңгі сақталады

-Құрметті халайық, ортамызда сол бір күндердің куәгері іспетті ардақты ұстазымыз Гүлзия Әділханқызы бар екен. Ортаға шақырайық. Және тарих пәнінің мұғалімі Марал Сайранбекқызы Желтоқсан оқиғасына орай Гүлзия мұғаліммен сұхбат жүргізеді.Ортаға келіңіздер /сұхбат жүреді/


-Желтоқсан оқиғасында қаза болған ұл-қыздарымызды орындарыңыздан тұрып, еске алуды сұраймыз./1 минут үнсіздік/

Жүргізуші: Жүректен жарып шыққан мына өлең жолдарын 9- сынып оқушысы Қайырлы Жанерке Қайрат аға Рысқұлбековтың аруағына арнайды

  • Жанерке өзіңді ортаға шақырамыз /Жанерке өз өлеңін оқиды/


Жүргізуші: Әр дәуірдің еркіне сай

Нарқы өзгерген алтынның

Айналайын, алтын әнім,

Жас өркені халқымның

Желтоқсанда шындық жырын

Шырқаймын деп шарқ ұрдың

Желтоқсанда егеменді

Ел болсақ деп талпындың

-Назарларыңызға «Желтоқсан желі» әнін ұсынамыз Сөзі: Асылбеков А. әнін жазған Тінәлиев Орындайтын 5-9 сынып оқушылары

-Көп рахмет, балалар


-Құрметті халайық, енді сіздердің назарларыңызға Желтоқсан оқиғасының қатысушысы, қазақтың намысты ұлы, «Халық Қақарманы» Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың өмірінен көріністер ұсынбақпыз.

1-көрініс «Қайраттың дүниеге келуі»

Көріністе Қайрат ағамыздың аяулы анасы, ардақты әкесі бейнесін сомдайтындар:

5- сынып оқушысы Қалмұратов Елдос және 9-сынып оқушысы Қайырлы Жанерке


2-көрініс «Қайраттың балалық шағы»

Көріністе әділеттілік жолында қара қылды қақ жарған мінезімен ауылдастары арасында зор беделге ие болған Қайраттың рөлін сомдаушы 9- сынып оқушысы Манабаев Асылан, қадірлі ағамыздың бауырының рөлінде – 7- сынып оқушысы Қасымжанов Әкежан және анасының рөлінде 9-сынып оқушысы Қайырлы Жанерке

Қайрат аға шыншыл болған, тәрбиелі, өнегелі болғанын осы көріністен анық аңғарамыз.

3-көрініс «Қайраттың студенттік шағы» деп аталады.

Көріністе қаһарман ағамыз бен курстасы Жанар алаңда болып жатқан оқиғаға алаңдаушылық білдіреді

Көрініс (Сахнаға екі студент шығады бірі жігіт, бірі қыз .Қолдарында конспект дәптерлері бар.)

2- жүргізуші: 1986 жыл 16 желтоқсан. Қайрат Рысқұлбеков өз курстасы Жанармен кездеседі.


Жанар. Қайрат , сен естідің бе ? Кеше Қонаев ағамыз орнынан алыныпты дейді.

Қайрат. Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің?

Жанар. Кеше куратор ағайдан естідім . Бүгін Брежнев алаңына көп адам жиналысып жатыр

дейді.

Қайрат. Неге? Неліктен?

Жанар. Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді. Халық наразылық білдіріп жатқан

көрінеді . Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті.

Қайрат. Қой ,біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр кеттік! Тез

барайлық.

жүргізуші. Сол бір суығы ерте түскен қыс кездерінде, тоқырау тажалының ызғарында

аяусыз тапталған ар - намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі де

шыңылдап тұрғандай.

-Ортаға Қызғалдақ, Елдос және Назеркені шақырамыз. «Желтоқсандағы табиғат» атты әдеби монтаж


Қызғалдақ Желтоқсан .Алматыда ақ қарада

Алма бақтар ақ қырауға батқанда,

Күнірене күн күркіреп тау жақтан ,

Жайдың оты жалаң қақты шатқалда .


Назерке Аппақ қала , аппақ ғалам

О,тоба !

Найзағайлар қар жалап тұр жотады.

Бұлтты иітіп боздайды боз шынарлар

Бұйдаланған ұқсас жетім ботаға.


Елдос

Кім көріпті озаман да ,бұ заман ,

Найзағайды көк аязға құлаған

Кеуделерді үрей –бөрі ұлыды.

Болсайшы аман , мына ғалам, дін аман!


-Құрметті қауым! Назарларыңызға 4-көріністі ұсынамыз. Бұл көріністі біз «Брежнев алаңындағы бейбіт шеру» деп атадық.

Көрініске мектебіміздің 5-9 сынып оқушылары белсене қатысады және әскер адам рөлінде- Жандос Еркінұлы, сот рөлінде – 9 сынып оқушысы Аметов Ахат Көрініс.

(Сахна ашылады)

Алаңда жастар бейбіт ,жайбарақат.Қолдарында «Каждому народу – своего вождя »,

«Қазақ ежелден еркіндік аңсаған» деген транспоранттары бар . «Қазақстан жаса» деген дауыстар естіледі.

Дауыс. Қонаевты шақырыңдар! Ақиқаттын айтып , түсіндірсін барлық жайды !

Дауыс. Қазақстаннан адам табылмады ма?Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені несі?

Дауыс. Талап-тілегімізді айтамыз. Шықсын ортаға басшылар. Колбин долой!

Колбин долой!



Сот Жастар! Уа, жастар! Мен - заң адамымын, мына әрекеттерің заңға қайшы! Тарқаңдар!

Жатақханаларыңа қайтыңдар! Ұят болады! Мен сендерге күш

қолданам! Үйге қайтыңдар!

Әскери адам. Первая рота! Слушай мою команду! Производится операция

Құйын”. Немедленно розогнать экстремистов и хулиганов!


(Осы кезде залға сырттан қаруланған әскери адамдар баса-көктеп кіріп, алаңдағы жастарды ұрып-соға бастайды. Шеруді құғындау басталады. Жарықты өшіру.Фонариктермен жарық түсіру


Перде жабылады.

/Проектордан Видео көрсетіледі «Желтоқсан оқиғасының белгісіз суреттері»/


жүргізуші. Демонстрация шыққан жастарға “ұлтшыл”, “бұзақылар”, “ішкіштер”,

нашақорлардеген жала жабылды.

Демонстрацияны басу үшін 70 мың солдат апарылды. Олар қазақ

жастарын ұрып-соғып, қорлап аюандық жолмен азаптады, бірнеше адамға

ату жазасын кесіп, қаншамасын темір торға тықты.

Барлығы 99 адам сотталды. Қазақ кеңес совет республикасы жоғарғы соты –

11 адамды,

Алматы қалалық соты-59 адамды жазаға тартып, 2 адам ату

жазасына келісілді. 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан

айырылды.


-Егер тәуелсіздік шежіресін сүйетін ұрпақ болса, біз оған тек қуанамыз. Назарларыңызға «Желтоқсан ызғары» атты композицияны ұсынамыз.

/Ақ көйлек, Ақ орамал тағып балалар шығып, тізерлеп отырады. «Желтоқсан желі» әнінің музыкасы естіледі./




-Назарларыңызға келесі 5-көріністі ұсынамыз.

-Көріністі «Қамаудағы Қайрат» деп атауды жөн көрдік.

Темір тордың ішінде ҚАЙРАТ өлең жазып отыр.

Қаймана қазақ қамы үшін,

Қарусыз шықтық алаңға.

Алыстан әскер алдырып,

Қырып салды-ау табанда

Сөйлесем дауысым жетпейтін,

Кез болдық мынау заманға

Шовинизм еді ғой,

Басты себеп жанжалға.

жүргізуші Осы кезде камераға кезекші келеді.

Кезекші –Заключенный Рыскулбеков на допрос! (Қайратты алдына салып,

тергеу бөлмесіне әкеледі).


Тергеуші. Айыпты Рысқұлбеков. Халық жасақшысы СаВИЦКИЙді өлтірген сен бе?


Қайрат Рысқұлбеков. Жоқ, мен емес.

Тергеуші. Сен өлтіргенсің. Мойныңа ал.


Қайрат Рысқұлбеков Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар!

Тергеуші: Алып кетіңдер. Бәрібір құтылмайсың, декабрист несчастный!

Бұзақы.


Видеоролик көрсетіледі /КЛИП/

6- Көрініс. Сот залы.


Прокурор: - Орындарыңыздан тұрыңыздар! Сот келе жатыр.


Прокурор: - Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков.Сен желтоқсанның 17 - 18 күні алаң -

ға бардың ба?


Қайрат Рысқұлбеков - Иә, бардым . 17 желтоқсан күні.


Прокурор: - Не мақсатпен ?


Қайрат Рысқұлбеков Ол жерге барған себебім, біріншіден:ел айтқан, естіген сөздерді өз

көзіммен көру үшін бардым.Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас

қыздарын ұрып - соғып жатыр деген соң ол жерде қаракөз қарындас-

тарыма қолымнан келгенше бар көмегімді бергенім рас. Ол үшін өкін-

беймін, керісінше, мақтан тұтамын.


Сот: Сен 9 машинаны өртепсің, соны мойындайсың ба ?


Қайрат Рысқұлбеков. Жоқ, ондай жалғандықты мойындамаймын.


Хатшы Сот кеңесуге кетеді. ( Сәл уақыттан соң) Сот келе жатыр. Тұрыңдар!


Сот: Қазақ Кеңес Совет Республикасының жоғарғы соты үкім етеді.

Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков Совицкийдің өліміне

байланысты және 9 автомашинаны өртеп, 152 автомашинаны зақым-

дап, 326 милиционер мен 196 әскерді жаралап, ауруханаға түсуіне

қатысты деп тауып, ату жазасына үкім шығарды.


Қайрат Рысқұлбеков Жоқ, бұл әділдік емес


Апасы: Бұл үкім дұрыс емес.Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.

Хатшы: Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.


Сот: Қайрат Рысқұлов, ақтық сөзің бар ма ?


Қайрат; Бар.

Күнәдан таза басым бар

Қазақ деген атым бар

21-де жасым бар

Қасқамдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар

ҚАЙРАТ деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар

Мен не етермін, не етермін

Мен келмеске кетермін

Көрмеген қош бол таңдарым,

Көре алмай мен өтермін

Хош аман бол артымда,

Ағайын-туыс, азамат,

Артымда қалған ата-анам,

Ел жұртым саған аманат!


Қайраттың Шырақтарым кешіріңдер! Ол әлі жас қой! Кешіріңдер, балаларым!

анасы Сендердіңде балаларың бар шығар? Мен-анамын, ақ жаулығымды

сыйлаңдаршы? Оның атынан кешірім сұраймын. Кешіріңдер!


ҚАЙРАТ Көтер ана, көтер ана басыңды.

Өтті, кетті жауынды күн жасынды

Қазақпыз ғой мың өліп, мың тірілген,

Мына иттерге көрсетпе көз жасыңды!

Кешір ана, жан едің ғой тамаша,

Арым үшін түстім, рас араша

Қалай ғана дәтім шыдап тура алам

Ұл-қызыңды қанішерлер таласа,

Арым үшін түстім, рас, араша

Араша!


жүргізуші. 1988 жылы 21-мамырда Семей қаласындағы түрменің 21- камерасында Қайрат 21 жасында «өз-өзін өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза тапты.

Араға жылдар салып тарих қайнауына кіріп бара жатқан желтоқсан оқиғасындағы халқымызға жағылған қара күйе «ұлтшыл», «нашақор»деген атақтар халқымыздың біртуар қалаулы ұлы Мұхтар Шахановтың басшылығымен қайта қаралып, 1991жылғы 12- желтоқсанда оқиғаға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылған азаматтарды ақтау туралы және 17желтоқсанда «ҚР-ның демократиялық жаңару күні деп жариялау туралы» Республика Призидентінің жарлығы шықты.

Ләззат Асанова ,САбира Мухаметжанова , Қайрат Рысқұлбеков, Елбол Сыпатаев, Түгелбай Ташенов, Қайыргелді Күзембаев, Жамбыл Тайжумаев секілді Өрімдей жастар жалған жаланың құрбаны болды.Бірақ олардың есімі ел есінен өтпейді.Желтоқсан құрбандарына әр уақыттабас иіп тағзым етеміз.

Құрметті жиналған қауым .Сіздерді тағы да тәуелсіздігіміздің торқалы тойымен құттықтай отырып мемлекетімізге жарқын болашақ, барлығыңызға саулық тілейміз .

Айымыз оңыздан тусын деген ниетпен бүгінгі «Желтоқсан –тәуелсіздігіміздің ұлы рухы» атты кешіміз аяқталды

-Тәуелсіздік бізге жайдан жай келмегенін көрдік, ол боздақтарымыздың көз жасымен, қанымен келген қасиетті күн екен. Ендеше ерекше бір шабытпен 5-9 сынып оқушыларымен бірігіп, «Көк тудың желбіреген»і әнін орындайық.
























































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 22.10.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров77
Номер материала ДБ-280778
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх