Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Желтоқсан -Тәуелсіздік бастауы" сабақ жоспары

"Желтоқсан -Тәуелсіздік бастауы" сабақ жоспары


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

«Желтоқсан –

Тәуелсіздік бастауы»


Мақсаты:

*желтоқсан оқиғасы жайлы, желтоқсан құрбандары туралы мағлұмат беріп, білімін арттыру;

* оқушылардың сөздік қорын байыту, сөйлеу мәдениетін дамыту;

* адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: «Желтоқсан құрбандары» деген атпен газет, плакаттар.

Барысы:

Кіріспе. Тәлімгер сөзі:

Құрметті оқушылар, ұстаздар алда келе жатқан Тәуелсіздік күніміз қайырлы, құтты болсын. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне ел аузында жүрген, тарихта аты қалған ағаларымыз бен апайларымыз қатысқан. 1986 жылы алаңға жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысты. Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріппен жазылып қалған тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан-Тәуелсіздік бастауы» ашық сабағымызға қош келдіңіз.

Гимн орындалады.

4 сынып оқушысы: Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,

Алма бақтар ақ қырауға батқанда,

Күңірене күн күркіреп тау жақтан,

Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.

Оқушы: Желтоқсанда шындық жырын,

Шырқаймын деп шарқ ұрдың.

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындық,

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқының,

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның.

1-жүргізуші: Қазір бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі.

Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

2-жүргізуші(: Иә, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді. Тәңертеңгілік сағат 10.00-да бар жоғы 18 минут ішінде 26жыл елді үздіксіз басқарып келген Дінмұхаммет Ахметұлы Қонаев түсіріліп, орнына Генадий Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ республика басшылығына тағайындалды

Көрініс:

Оқушы1: Сен естідің бе? Кеше Дінмұхамед ағамызды орнынан алып тастапты дейді.

Оқушы2: Қойшы, рас айтасыңба?

Оқушы1: Кеше куратор айтты. Бүгін Брежнев алаңына көп адам жиналады.

Оқушы2: Неге, неліктен?

Оқушы1: Қонаевтың орнына Ресейден бір басқа кісіні қойыпты. Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді. Барайық па

Оқушы2: Жүр, барсақ барайық.

Сахнаға жастар транспоранттарымен шығады.

«Желтоқсан желі»ән.

Тәлімгер: Иә, бұл оқиға тарихта «Бұрқасын-86» деген атпен мәңгі қалды. Бұл жойқын шабуыл қаншама қазақ қыздары мен жігіттерін арамыздан алып кетті.

Оқушы 1: Сүймейтұғын болдық қой сүймей ғұмыр,

Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.

Колбин деген кім екен, қайдан келген?

Уа, сыртымыздан қашаңғы билейді бұл.

Оқушы 2: Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,

Бізге оны ешкім аяп бермеді.

Тәуелсіздік-Қайрат, Ләззат, Ерболдың,

Тас көшеде тас-талқаны боп өлгені.

1-жүргізуші: Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың жастарына солдаттар мен миллиция қызметкерлері қарсы қойылды. Қыз-жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Қайрат, Ербол, Сабира, Ляззат сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан жастарымыздың өмірін үзді.

2-жүргізуші: Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген жігіт-Қайрат. «Жел кірді көлеңкеме жиырма бірде,

Айдады ерікке коймай сол несібе.

Желпілдеп, желідім екен несіне?

Түседі адасқаным енді есіме»-

деп қатты қайсар рухты қазақ жігіті.

1-жүргізуші:Ал енді сол Желтоқсан оқиғасында құрбан болған ағаларымыз бен апаларымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық. (1 минут үнсіздік)

2-жүргізуші:
1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп, 17-сі күні жастар Брежнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады. Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, су атқыш машинамен, итпен және т.б. үйлеріне таратады. Ертеңіне 18-желтоқсан Қайраттың үйі.



Көрініс:

Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге 
милиционер жігіт кіреді.

Милиция: Қайрат Рысқұлбеков деген азамат осында тұрама. Міне прокурор санкциясы. Тез жинал, кеттік.

Жеңгесі: Ойбай-ау, бұларың не? Жұдырықтай баланың жазығы не? Әке-шешесіне не бетімді айтамын.

Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз, Анық-қанығын тексерген соң, қайтарып жібереміз.

1-жүргізуші:: Маңдайына жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін үзбеген жігіттің көңілі-кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екенін сезе бастаған тәріздіміз.

Көрініс

Тергеуші: - Айыпкер Қайрат Рысқұлбековты алып келіңдер!
(Әскери адам Қайратты алып келеді.)
Тергеуші: - Айыпкер Рысқұлбеков, Савицкийді өлтіргеніңді мойында, мойындасаң жазаң жеңілдейді.
Қайрат: - «Жоқ» жоқ» мен өлтірген жоқпын! Мен жаламен кетіп барамын!

Тергеуші: Мен саған өтірік айтқанды көрсетемін. Рыскулбеков, сен , «Савицкийді өлтірдім» деп мойныңа алсаң, әкеңе тиіспейміз. Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой. Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай айтамын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрмегем.


Тергеуші: Әкетіңдер, құртындар.

 

Қайрат: Тоқта. Айтар сөзім бар.

Күнәдән таза басым бар.

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар.

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты-құрбандық»,

Атам десең атыңдар.

Қайратты кісендеп алып кетті.


4 – оқушы: Қасқалдақ ұшып көліне, 
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен, 
Қарғалар билік алған күн.
5- оқушы: Нашақор деп, ұлтшыл деп, 
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде, 
Қайғыға халық батқан күн.
7 – оқушы: Қариялар итке таланып, 
Ер басын күрек шапқан күн, 
Аппақ қар қанға боялып, 
Қып – қызыл мұз боп жатқан күн.
8 – оқушы: Озбырлық күшпен тұншығып, 
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық, 
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.




Көрініс:

Қайраттың анасы. Сахнаға Қайраттың інісі Талғат жүгіріп келіп, қолында хаты бар.

Талғат: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді.

Анасы: Рас па? Құлынымның хаты ма? әкелші, өзін көрмесемде, хатын оқып сағынышымды басайын.

Осы кезде түрмеде отырған Қайратты көрсетіп, хат оқытылады.

Қайраттың хаты:

Амансыңдар ма анам, туған-туыстарым. Мен нақақтан абақтыда отырғаныма сіздер сеніңіздер. Жасақшыны ұрып, өлтірді дегенге сене көрмеңіз. Менің де, сол күні алаңға шыққан жастардың да еш кінәсі жоқ. Алаңға барғанымыз - азаттық іздеп барғанымыз. Бұл ұлтжандылықтың белгісі. Қазақтың бостандық күні алыс емес. Аман болыңдар.

Анасы: Ұлым менің, сен әлі жассың ғой. Анам ерлігінің ең зор сынағы – жеңіліске ұшырағанда рухты түсірмеу, мойымау.

1-жүргізуші: 1988жылы 21 мамыр күні таңда Семей түрмесінде Қайрат Рысқұлбеков өмірден өтті. Қанаты қайырылып, жарық күнмен мәңгі қоштасты.

2-жүргізуші: Міне биыл сол азаттық таңының атқанына 27 жыл толып отыр, тәуелсіздік алғанымызға 22 жыл толды.


1-жүргізуші:  Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат - ел деп алғыс, сауапты.

Әр отбасы, әр бір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік күні үшін жауапты.
























































Желтоқсан желі

Желтоқсан бірде,
Ел тосқан түрде,
Келетін мүлде жайдарлы.
Сол жылы бірақ,
Әдеттен жырақ
Көрінді шын ақ айбарлы.
Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.
Жоғалтып нуын,
Жоғалтып қуын;
Арал да суын тауысты.
Қаңырап мекен,
Аңырап бөкен,
Өріске бөтен ауысты.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.
Шайқалды күйім,
Шайқалды миым -
Бомбалар жиі жарылды.
Малым да кеміп,
Әлім де кеміп,
Қинады берік жанымды.
Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.
Бабалар өлер,
Балалар келер,
Аналар берер тіршілік.
Гүлденер дала,
Түрленер қала,

Бұтаққа жаңа бүр шығып.
Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды

ҚАСҚАЛДАҚ

с. Е. Раушановтікі
ә. І. Амановтікі

Қара бауыр қасқалдақ, қайда ұштың пыр-пырлап?
Сазың қалды сәбидің еңбегіндей былқылдап.
Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,
Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт.

Ұя қалса иесіз - айдын үшін сол қайғы,
Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды.

Өз босағаң - бұл жердің тауы, қыры, белесі,
Босағасын басқаға тастай ма екен, о, несі.
Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,
Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт.

Ұя қалса иесіз - айдын үшін сол қайғы,
Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды.





Общая информация

Номер материала: ДВ-297491


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Похожие материалы

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Актуальные проблемы обучения детей с нарушением слуха в образовательных организациях общего и среднего профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты инклюзивного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-дефектолога: специальная педагогика и психология»
Курс повышения квалификации «Применение современных педагогических технологий в образовательном процессе в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»